Ең үздік ғылыми жоба «Жалпақтабандылықты анықтау және алдын алу шаралары»

Орындаған: Кикпай Бекзат

Кіріспе

Кейбір адамдар жалпақтабандылыққа үлкен мән беріп қарасы, кейбір адамдар табандарына мүлдем мән бермейді. Жалпақтабандылықта адамның дене қызуы көтерілмейді, алғашқы сатыларында ешбір жерлері де ауырмайды. Сондықтан уайымдауға бола ма???

Жауап біреу – әрине уайымдауымыз керек. Түрлі ауруларларымыз осы жалпақтабандылықтан болуы мүмкін. Себебі адамның табанында әртүрлі энергетикалық нүктелер орналасқан. Сондықтан жалпақтабандылыққа мән беріп, емделуге тырысуымыз керек.
Жобаның тақырыбы: «Жалпақтабандылықты анықтау және алдын алу шаралары»

 Жобаның мақсаты:

*Жалпақтабандылық деген не, қандай белгілері бар  екендігін, жалпақтабандылықты қалпына келтіру және емдеу жолдарымен оқып танысу;
*Туыстарымыздың арасында зерттеу жүргізу арқылы жалпақтабандылықты анықтау және қалпына келтірудің негізгі әдістерін үйрену;

Жобаның міндеттері:

o    Тақырып бойынша әдебиеттер оқу;

o    Туысқандарымыздың арасында жалпақтабандылық бар немесе жоқ екендігін анықтау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу;

o    Зерттеу нәтижесінен қорытынды жасау;

o    Жалпақтабандылықты қалпына келтіру мен емдеу әдістерімен танысу;

Зерттеу жұмысының қорытындысын шығару. Туысқандардың,оқушылардың арасында үгіт-насихат    жұмысын жүргізу.

Ғылыми жаңалығы:

  Мен осы жұмысым арқылы  оқушыларға, жұртшылыққа  түсіндіру жұмыстарын жүргізбекшімін. Тиімді іс атқарсақ,  жалпақтабандылыққа аса қатты мән беру керектігін  әрбір  азамат білуге тиіс деп есептеймін.

Өзектілігі: Табанымыздың, аяғымыздың саулығы –біздің барлық дене  мүшеміздің саулығы. Табанымыз сау болса,адамның жүрісі де дұрыс болады. Жүрісі дұрыс болған адамның қан тамырлары мен бұлшық еттері де сау болады. Қан тамырлары мен бұлшық еттерінің жұмысы дұрыс болса, адамның ішкі құрылысы да дұрыс жұмыс жасайды.

Зерттеу тәсілдері: – сауалнама; – бақылау;;сұхбаттасу; қосымша әдебиеттермен жұмыс;

I. Жалпақтабандылық деген не?

1.1″Майтабан» ауруы аяқ астынан пайда болмайды. ол бала кезден басталып,сатылап дамиды. Егер 2-3 жасар бала болса, онда емдеуге көп мүмкіншілік бар.

Негізі сау адамның табаны ойық болып тұруы керек. Ойық денедегі бүкіл күшті реттеуші десек те болады. Спортпен айналыспайтын, бірқалыпта отыра беретін артық салмағы бар адамдардың бүкіл күші табанға түседі. Ал табанды барша салмақпен төбесінен басқаннан соң ол жалпая түседі. Міне, осылайша жалпақтабандылық пайда болады.

Тағы бір себебі:   балаларға арналған қытайлық арзанқол аяқкиім­дер­ді тұтыну, – дейді дәрігерлер. Бұл қауіпті ауру саналмағанымен, балалар арасында жалпақтабанның шамадан тыс көбеюі алаңдатарлық жағдай. Себебі, жалпақ­табанның салдарынан әскер қатарынан шеттетіліп, азаматтық борышын өтей алмай жүрген азаматтар көп. Тепсе темір үзетін жас жігіттердің жалпақ табан болуының себебі әртүрлі. Мамандардың айтуынша, жалпақтабан кейбіреулерде туа бітсе, енді біреулерде жүре пайда болады екен.
– Бүгінде кішкентай балалар арасында жалпақтабандылық көбейіп бара жат­қандығы бізді алаңдатады.

   1.2 Жалпақтабандылықтың түрлері

Жалпақ табан 3 кезеңге бөлінеді.

Бірінші деңгейлі жалпақ табан 3 ай,

екінші деңгейлі жалпақ табан 6 ай ішінде емделеді.

Ал үшінші, төртінші деңгейлі жалпақтабан кезінде ота жасатады. Отадан соң біраз уақыт күтініп жүру керек.
Жалпақ табанның бірінші кезеңі
Адамның табаны ауырады. Сондай-ақ, кешкісін табан шаршап, ісінеді.
Бүкіл аяқтың тізе буындарына дейін ауырып, сырқырайды.
Жалпақ табанның үшінші-төртінші кезеңі
Бел ауырады, аяқ киіммен жүру қиындайды;

Аяқ өсіп кеткен секілді болады. Яғни, бір өлшем үлкен аяқ киім алуға мәжбүр болады;

Алайда аталған белгілер жалпақ табанға емес, басқа да ауруларға сәйкес келуі мүмкін. Сондықтан үй жағдайында емес, дәрігерге көрініп ертерек емделген дұрыс;

Үй жағдайында жалпақтабандылықты анықтау

2.1  Үй жағдайында жалпақтабандылықты анықтауға болады. Ол үшін кез келген крем және бір парақ қағаз алып, табанды креммен майлап, қағазды басу керек. 1 минуттай түзу тұрсаңыз, қағазда із қалады. Із арқылы жалпақтабандылықтың белгісін анықтай аласыз. Қалыпты жағдайда табанның ішкі жағында табанның үлкен бөлігін алатын ойық болады. Егер ол ойық болмаса немесе ол өте жіңішке болса, онда ол жалпақ табанды білдіреді.

Мен де өз жанұяның мүшелері мен туысқандарымыздың арасында жалпақтабандылық ауруының бар немесе жоқ екендігін тексергім келді. Жоғарыдағы нұсқулық бойынша барлық жанұя мүшелері мен бірнеше туысқандарымызды тексеріп көрдік.

Қажетті құралдар: сұйық май немесе бояу, ақ парақ қағаз және қарындаш.

Дәрігерден кеңес алу мақсатында травматолог дәрігер Жұмақанов  Дәурен достықұлымен әңгімелесіп, туыстарымыздың табан іздерін көрсеттім.

2.2 Зерттеу нәтижесі
Жалпақтабандылық бар немесе жоқ
Ортопед дәрігерден кеңес алу;

Түрлі жаттығулар жасау;

 Ата- аналарына аяқ киімді дұрыс таңдауға кеңес беру;

III. Жалпақтабандылықтың алдын алу.

Бұл ауруды емдеудің негізгі мақсаттары: табандағы ауырсынуларды жою, аяқтың бұлшық еттері мен сіңірлерін күшейту және табанның қызметін қалпына келтіру. Майтабанды емдеудің негізгі екі әдісі бар: хирургиялық жолмен (операция) және кері тартпа жолмен.

Балалардағы майтабандылықтың алдын алу үшін келесі жаттығулар кешені қолданылады:

1.     Еден үстінде оқтау немесе кішігірім допты домалатып сырғанату;

2.     Еденнің үстіне жұмсақ қағаз төселеді, соны табанмен қысып умаждау керек.

3.     Еденнің үстіне шашылып тасталған заттарды табанымен алып, бір орыннан екінші орынға тасымалдау;

4.     Табанымен сыртқа және ішке қарай шеңберлі қозғалыстар жасау.

5.     Профилактиканың тағы бір тиімді әдісі – арнайы әзірлеген супинатор ұлтарақтар. Мұндай ұлтарақтар табанды қалпына келтіреді. Жұқа супинатор ұлтарақты туфлиге салады. Бұл шаршаған аяқтардың жұмысын біршама және жалпақ табанның алғашқы белгілерін жоюға көмектеседі

Ескерту: Аталған жаттығулардың барлығы жалаңаяқ орындалады және әрқайсысын кемінде 8-12 реттен қайталау керек.

Тағы бір ескерту. Барлық жаттығуларды бір уақытта орындау міндетті емес. Алғашында бес-алты жаттығудан бастап, 10-15 күннен кейін біртіндеп тағы да жаттығулар қоса берсе болады

3.2 Балаға аяқ киімді қалай таңдау керек.

Баланың табан күмбездері дұрыс қалыптасуы үшін, аяқ киімнің сапасы өте маңызды. Адамның табан сүйегі мен бұлшық еті жетілуіне аса мән берген жөн. Ол үшін мынандай ережелерді есте ұстаған дұрыс:

-балаға басқалардан қалған аяқ киімді кигізбеген жөн;

-Аяқ киім тар болмауы тиіс;

– Аяқ киімнің ұштары тым сүйір болмасын;

-Саусақ ұштары мен аяқ киім ұшының арасы кем дегенде 1 сантиметрдей қашық болуы керек;

– Сірісі қатты, өкшені нық ұстайтын, астындағы ақасы (каблук) жарты сантиметрден кем немесе көп болмауы керек, сонымен қатар, ішкі бетінде серпімді жұмсақ ұлтарағы болуы керек.

-ортопедиялық кебістерді майтабандылыққа бейім балалардан басқаларға киюге тиым салынған;

Американдықтар: «Мен арзан өнім алатын соншалықты бай емеспін», – дейді екен. Осы орайда айтарымыз, Қытайдың арзан шәркейін кигенше, таза былғарыдан тігілген отандық өнімді бағалауды үйренсек болмас па еді?

Қорытынды

Жалпақ табанның бірінші белгілері көбінесе бала кезде білінеді, алайда көпшілік ата-аналар балаларының денсаулығына назар аудара бермейді.

Осы мәселені зерттеу барысында мен мынадай қорытындыға келдім, жалпақтабандылық өте көп таралған ауру және жалпақ табанды емдегеннен, оның алдын алған әлдеқайда тиімді. Өкінішке орай, үлкен адамдардың жалпақ табаннан толық сауығуына көп күш-жігерді қажет етеді. Ақыр соңында, сізге жалпақ табан қаупі төніп тұрса да, аяқтың шаршағанын басу ешкімге бөгет болмайды. Бұл тек пайдалы, әрі жағымды. Жалпақ табандылық тірек-қимыл жүйесінің түрлі ауруларының асқынуына себеп болады (артрит, сколиоз, остеохондроз, радикулит, омыртқа жотасы).

Жұмыс барысында мен ғылыми әдебиеттерді оқыдым,дәрігермен әңгімелестім,  аурудың алдын алу әдістерімен таныстым, жалпақ табандылықтың алдын алу әдістерін біле отырып, мен өз сыныптастарыма кеңес бере аламын. Сынып сағаттарында оқушыларды өз тақырыбыммен таныстырамын деп жоспарладым. Жұмысты аталған тақырыпта жалғастырамын, яғни зерттелген туысқандарымның  жалпақ табандылықтың пайда болу себебін анықтаймын.

Ұсыныс :

Ауруды емдеу емес, оның бетін қайтару жеңіл екені бәрімізге мәлім, сондықтан мен ойлаймын:

1.     «Жалпақтабандылық. Қандай қауіпі бар?» атты сынып сағаттары арқылы оқушылардың арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу. Зерттеу әдістері және алдын алу шаралары туралы жаднамалар әзірлеп, тарату.

2.     Баланың табан күмбездері дұрыс қалыптасу үшін, аяқ киімінің сапасы өте маңызды екенін айту.

3.     Медициналық тексеру барысында оқушылардың табанына назар аудару, себебі дәрігерлер медициналық тексерісте он жылда менің табаныма көңіл аудармады.

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

«Жалпақтабандылықты анықтау және алдын алу шаралары»

БАҒЫТЫ: валеология және биология

ОРЫНДАҒАН: Кикпай Бекзат Нұрлыбекұлы  

4 «Б» сынып оқушысы

«Алтай  қаласының №9 орта мектебі» КММ

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ : Қалиева Мереке Болатхановна

«Алтай  қаласының № 9орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Алтай  қаласы

Жоспар:

КІРІСПЕ

Аннотация

Тақырыптың өзектілігі

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. 1.1 Жалпақтабандылық деген не?;

            1.2 Жалпақтабандылықтың түрлері;   

II .         2. 1Үй жағдайында жалпақтабандылықты анықтау;

            2.2 Зерттеу нәтижесі;

III.        3.1Жалпақтабандылықтың алдын алу;

            3.2 Балаға аяқ киімді қалай таңдау керек;

You May Also Like

Блокты шоғырланған сораптық станцияның тиімділігі, ғылыми жоба

БЛОКТЫ ШОҒЫРЛАНҒАН СОРАПТЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІ Қабат қысымын ұстап тұру кезінде  қабатқа  су …

Төрт-түлікті бағу – Ата кәсіп, ғылыми жоба

«ТӨРТ ТҮЛІКТІ БАҒУ-АТА КӘСІП» (ғылыми жоба) Бағыты: Төрт түлік малдың қадір-қасиетін ашу…

Ашамайға мінгізу, ғылыми жоба

Мазмұны Кіріспе…………………………………………………………………………………….. Негізгі бөлім Ашамайға мінгізу – қазақы ғұрыптардың бірі………………………….. Ашамайға мінгізу…

Разработка технологии функциональных продуктов на основе полизлаковых культур и национальных продуктов для детей школьного возраст, научный проект

Тема:  Разработка технологии функциональных продуктов на основе полизлаковых культур и национальных продуктов…