Тақырыбы: «Ақыртас- терең тарихымыздың куәгері»

Секция: Тарих

 МАЗМҰНЫ

Кіріспе ………………………………………………………………………………………………….3

І Ақыртас –таңғажайып тас қала…………………………………………………………….5

ІІ Ақыртас- терең тарихымыздың куәгері……………………………………………….9

Қорытынды………………………………………………………………………………………….14

Ақыртас- терең тарихымыздың куәгері

                                             АННОТАЦИЯ

Ата-бабаларымыздың көне дәуірдегі мәдениетінің озық үлгісі болған Ақыртас сарайы туралы ақпараттармен таныстым.Аңызға толы Ақыртастың ашылмаған қырларын зерттеуге,зерттеген ғалымдардың жұмыстарына ерекше мән бере отырып іздендім. Әлемдік мәдениетте тарихын тасқа жасырған құпия құрылыстың ғаламдық кереметтердің қатарынан ойып орын аларына  жұмыс барысында сенімім арта түсті. Мұндай ғажайып керемет құрылыстар әлем тарихында санаулы ғана екендігін зерттедім.

Таудың қызыл түсті тастарын әдемілеп ойып отырып, салмағы тонналап тартатын бітеу тас блоктар жасап шығару – адамзат баласының есте жоқ ескі замандағы өркениетінің баға жетпес құндылығы.Ақыртас кешені -ата-бабаларымыздың сәулет өнеріндегі қайталанбас ғажайып қолтаңбасының бірегейі. Мәдениеті де, тарихы да, өркениеті де ежелден өркендеген бабаларымыздың куәгер көзі ретінде бүгінгі күні өз құндылығын сақтап тұрғандығы жұмысымның басты мазмұны болды.

Зерттеу тақырыбының мақсаттары мен міндеттері:

ақиқат пен аңызға толы Ақыртасты зерттеген ғалымдардың , зерттеуші археолгтардың зертеу жұмыстарының аңызға емес тарихы терең дәлелдерге аса көңіл бөліп зерттеуді мақсат еттім.

Зерттеу тақырыбының ғылыми болжамы:

  • Ақыртас сәулет кешені туралы тарихи дәлелдер мен аңыздар ерекшеліктері таразыланды.
  • Шетелдік ғалымдар мен отандық зерттеушілердің айтқан пікірлерінің астарлы түйіндері бағамдалады.
  • Ақыртас ғажайыбы мен құпия сырларын шешу үшін археологиялық зерттеу жұмыстарында табылған ескерткіштер анықталады.

Зерттеудің нәтижелері мен қорытындылар:

Зерттеу нәтижесінде мынадай тұжырымдарды  қорғауға ұсынуға болады:

-Өңіріміздегі әлемдік мәдениеттің тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің бірі, бұл – Ақыртас құрылыс кешені.

– Ақыртас кешені -ата-бабаларымыздың сәулет өнеріндегі қайталанбас ғажайып қолтаңбасының мәні зор.

Кезеңдері:

Ғылыми –зерттеу жұмысы екі тарауға бөлініп қарастырылады.

Зерттеу әдісі:

Ғылымыи-зертттеу жұмысында Ақыртастың ашық аспан аясындағы мұражайын анықтау ақиқат пен аңыздарға сүйене отырып археологиялық қазба жұмыстарының қорытындыларын талдау.Хронологиялық ,сараптау тағы басқа да әдістерді басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми-практикалық мәні:

Жұмыстың нәтижелерін орта,арнайы,жоғары мектептерде Қазақстан тарихы,өлкетану пәндерін оқытуда арнайы курыстар мен семинарларға, экскурсиялық жобаларға пайдалануға болады.

КІРІСПЕ

  Тақырыптың өзектілігі:

     Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған өлкетану ісін дамыту жастар өз Отанын сүюді өскен өлкелерінен бастаулары қажет екендіге нақты айтылған.Осы жоба аясында «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізімін жасақтады. Аталған тізімге Жамбыл облысынан 8 нысан енгізілді. Олар:

1) Мерке-Жайсан түркі ғұрыптық кешені;

2) Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ.);

3) «Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғғ.);

4) «Тектұрмас» кешені (ХІV ғ.);

5) «Қарахан» кесенесі (ХІІ ғ.);

6) «Айша бибі» кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.);

7) «Бабажы Хатун» кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.);

8) «Байзақ батыр Мәмбетұлы» кесенесі.

Өңіріміздегі әлемдік мәдениетің тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің бірі, бұл – Ақыртас құрылыс кешені. Ата-бабаларымыздың көне дәуірдегі мәдениетінің озық үлгісі болған Ақыртас сарайы — Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде, Ақшолақ темір жол станциясынан 6 шақырым оңтүстікке қарай Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан. Әлемдік мәдениетте тарихын тасқа жасырған құпия құрылыстың ғаламдық кереметтердің қатарынан ойып орын алары заңдылық. Мұндай ғажайып керемет құрылыстар әлем тарихында санаулы ғана. Таудың қызыл түсті тастарын әдемілеп ойып отырып, салмағы тонналап тартатын бітеу тас блоктар жасап шығару – адамзат баласының есте жоқ ескі замандағы өркениетінің баға жетпес құндылығы. Міне, осындай ұлы өнер мәдениетінде ерен ерлігімен тарихтың тархан беттерінде қалған ұлттардың бірі — ол біздің Қазақ халқы еді. Ежелгі дәуірдің асыл мұрасына айналып, көз тартар көркемдігімен талайдың таңдайын таң қақтырған Ақыртас кешені -ата-бабаларымыздың сәулет өнеріндегі қайталанбас ғажайып қолтаңбасының бірегейі. Мәдениеті де, тарихы да, өркениеті де ежелден өркендеген бабаларымыздың куәгер көзі ретінде бүгінгі күні өз құндылығын сақтап тұр. Талай ғасырлар мен шапқыншылықтардың куәсі болған бұл кешеннің кереметтілігіне қызыққан талай ғалым кезінде өз зерттеулерін де жүргізіп, сансыз пікірлер қалдырды. Алғашқы осы Ақыртыс қаласы туралы жазып қалдырған адам, XIII ғасырдың басында осы өңірге келген қытай саяхатшысы Чан-Чунь екен. Ол өзінің саяхат күнделігінде: «Жол бойында тастан тұрғызылған қалаға тап болдық. Қызыл түсті тастан қаланыпты. Ежелгі әскери қоныс мекенінің белгілері байқалады» деп қызыға жазған екен. Осыны негізге алып Ақыртас құрылысын зерттеген әлем ғалымдарының да сүйенері осы қытай дерек көзі. Чан-Чуньнің алғашқы жазбасынан кейін бұл алып құрылыс туралы ешқандай дерек көзі айтпайды. Себебі, сол Чан-Чунның кезінде-ақ бұл ғажайып құрылыс тоқтап қалған еді. Неге соғылмады, не үшін аяқталмады ол жағы құпия күйінде қалып қойды. Тек, Ресей империясы оңтүстік қазақ жерін жаулап алғаннан кейін ғана орыс ғалымдарының қызуғышылығымен толық зерттеле бастады.  Ең алғаш көңіл аударған адам орыс суретшісі М.С. Знаменский болатын. Ол 1864 жылы осы қаланың орнына келіп, Ақыртастың тас қабырғаларының сызбасын жасап қызықты суреттер салу арқылы өз ойын қағазға түсіреді. Бұдан кейін де бұл ақыртас туралы қаншама ғалым, зерттеушілер өз ойларын айтып, әртүрлі болжамдар жасайды. Солардың бірі П.И.Лерх: «Ақыртас салынып бітпеген 

Будда ғибадатханасы» десе, академик В.В.Бартольд болса: «несториан ғибадатханасы деген» болжам айтады. Ал, археолог Т.К.Басеновтың жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі екен. Осы ғимаратты 1940 жылдан 30 жыл бойы тікелей өзінің бақылауында ұстап, терең зерттеген ғалым, академик Пацевич былай дейді: «Мұндай құрылыстың керемет есептерге сүйеніп жасалынуы мен блоктарға пайдаланған материалдар бұдан бұрын болған емес. Бабаларымыздың тарихи мақтанышы ғажап ескерткіші Ақыртастың әлем ғажаптарының қатарынан орын алуына құны да құпиясы да, құдіреті де жетеді» Осы себепті дебіз өз ғылыми жұмсымызға Ақыртастың аңыздағы мәліметтеріне емес зерттеушілер мен археолгтар мен тарихшылардың жазба деректеріне сүйене отырып зерттеуді мақсат еттік.Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттерді белгіледік.

Аңызға толы сәулет ескерткішінің неліктен «Ақыртас» деп аталу себебін анықтау.

Жұмбақ мекен Ақыртастың құрлыс кешендері мен сәулет өнеріне мән беріп терең зерттеу.

Ең алғаш зертеулер мен тарихи деректерге сүйене отырып қорытынды жасау.

Ақыртас түрік өркениетінде мәдениетте,тарихта  алатын орны мен ерекшелгін түсіндіру.

Зерттеу нысанына:Тараздан шығысқа қарай 40 шақырым жүргенде Ақшолақ ауылындағы «Ақыртас» таңғажайып тас қаласына экскурсияға барып ақпарат жинау.

Ғылыми жаңалығы:– Мысырдың әйгілі пирамидаларын салу үшін 100 метрден аса биіктікке ірі тас үйінділерін бөрене арқылы сүйреген. Ол үшін құрылыстың іргесіне құм-топырақ үйген. Осы тәсілдерді Ақыртас құрылысына да сәтті пайдаланған. Қалай дейсіз ғой? Ғимараттың ірге тасының астынан қазып алынған мыңдаған текше метр топырақты қайда жіберді деп ойлайсыз? Сырт қабырғаларына жапсырып, ауыр тас блоктарды бөрене арқылы сырғытқан.

«Ақыртас» сарай кешенінің тарихи орны да сол деңгейде деп, батыл айта аламыз.

               І Ақыртас –таңғажайып тас қала

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында: «Біз халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Қазақ-станның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап қалатын символдық қалқанымыз, ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы және бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі», – деген болатын.Осыған орай, Мәдениет және спорт министрлігі 2017 жылдан «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында ауқымды шараларды жүзеге асырып келеді. Жамбыл облысы өңірінің тарихи-мәдени мұраларын қорғау, туризмін дамыту мақсатында өңірдегі нысандарды тиімді пай-далануымыз керек. Әсіресе, осы облыстағы ЮНЕСКО-ның тізіміне енген Ақыртас

Ақыртас — Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан сарай кешені. VIII-IX ғасырларда салынған. Ақыртас соңғы 130 жыл бойы зерттеліп келеді. Тараз қаласының шығысында 40 км жерде, Ақшолақ теміржол стансысынан 6 км оңтүстікте орналасқан. Қазіргі кезде онда археологиялық жұмыстар жүргізілуде.

Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп аталған. Ол алыстан көрініп тұруы үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен салынған. Қазіргі кезде қабырғаларының сақталған сілемдері 160,146 және 140 м шамасында. Қабырғаларының қалыңдығы 40х70х70 (80) см. Ірі тас блоктардан қаланған. Қорғанның 4 қақпасы бар, біреуі солтүстікте, үшеуі оңтүстікте. Тұрғын үйлер ішкі ауланың төңірегіне топтастырыла салынған қызмет көрсететін және шаруаға қажетті бөлмелер кешенінен тұрады. Ауланың түпкі жағында (оңтүстік есік жақтағы Ақыртас иесінің жатын және қонақ үйі орналасқан. Солтүстік есік жақтағы үйлер қызмет ететін адамдар мен күзетшілерге, бір бөлегі ат қораға арналған. Су қоймасы бар орталық аула, қорған әскерлерінің алаңы, жарлықтар жарияланатын арнаулы орын немесе діни рәсімдер, атқарылатын орын болған. П. И. Лерх Ақыртас салынып бітпеген будда ғибадатханасы десе, академик В. В. Бартольд несториан ғибадатханасы деген болжам айтады. Археолог Т.К.Басеновтың жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі. 1996 жылғы зерттеулер барысында Қазақстан және Франция ғалымдары Ақыртас 8-11 ғ.-ға жататын Керуен сарайдың орны болуы мүмкін деген тұжырымға келді. Өйткені, құрылыс жобасы Ирак пен Сириядағы орта ғасырлық құрылыстарға ұқсас. Ақыртас 8 ғасырдың 2-жартысында, яғни 751 ж. қарлұқтар мен араб әскерлері Атлах маңында Қытай әскерлерін талқандап, екі мемлекет арасында бейбіт қатынас орнаған кезде салына бастауы мүмкін. Бірақ, құрылыс белгісіз себептермен тоқтап қалған. Араб деректеріндегі (Ибн Хордадбех, Ибн Кудам) Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Касрибас осы Ақыртас болуы мүмкін деген тұжырымдарын айтуда.

Шынында да осындай алып құрылысты кімдер салды және қай ғасырда соғылғын? Тіптен тарихта ешқандай деректің қалмағаны қалай? Сол замандардағы жихангездер мен тарихшылардың жазбаларының ешбірінде де аталмауы да түсініксіз ғой. Осы оймен біраз тарихи кітаптардың бетін ақтардық. Деректер шынында да там-тұмдап кездеседі, тіптен жоқтың қасы десек те болады. Бірақ, олай болмады, Ақыртастың тағы бір тарихы ашылды, тағы бір дерек көзі табылды. Ол — Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқианнан өзіме шейін» атты шежірелік кітабы.

Аталған кітапта Ақыртасты кімдер соққаны, қалай тұрғызғаны және қашан соғылғаны жөнінде біршама нақты деректер келтіреді. Онда былай деп нақты жазады: «Көркембек тас шебері болған. Оған туысқандары қатты намыстанған. Әулиеата маңынан ел билеушілерге табиғи тұрған тастан үш сарай қашап шығарған. Сарайды мен өзім көзіммен көрдім. Сарай тастан қаланбаған, бітеу тастан қашалған. Көркембек тұрғызған тас сарай үш дерде, үшеуі де мың жылдық десем артық болмас. Бірақ, соңғы үш жүз жылда сондай ғимаратты пайдаланбай босқа қалдырғандықтан, енді ешкі ойнаққа айналған. Тас төбелер тесілген, заман өткендіктен, жел-құздан тастары жарылып мүжілген. Аман жақсы тұрғаны – бітеу белтіреулер (98 бет). Ең болмаса атамыз Көркембек пен оның достысы Қуандық Шағанның аты бір жерде жазылып қалар ма еді» деп өкінішін білдіре келе, бұл алып құрылысты бабаларымыздың салғызғаны туралы анық жазады.Тағы да осы ойын жалғастыра отырып: «Хижраның 693 жылы Қазақ даласында болмаған қатты жұт болыпты» дей келе, осыдан кейін бұл қалада ешкімнің тұрақтамай мүлдем бос қалғанын ескертеді. Сонда, хижраға 693+622 жаңаша жыл санауды қоссақ, шамамен 1315 жылдар шығады. Осыдан кейін қаланы ешкім пайдаланбағаны сезіледі. Және осы сарайдың салынғанына мың жылдай болғанын да келтіреді. Сонда деймін-ау, бұл жазба 1776 жылдары жазылып отырғанын ескерсек, Ақыртас сарайы кешенінің шамамен VIII-IX ғасырларда тұрғызылғаны және оның құрылысының қазіргі тарихшылардың зерттеулерімен дәл ме дәл келуі де ғажап емес пе?! Міне, осындай әрбір дерек көзі біз үшін өте маңызды. Яғни, Ақыртастың авторы Қуандық Шаған мен Көркембек.

Аталарымыздың сол замандарда қазіргідей дамыған техникасы жоқ кезде осындай адам айтса нанғысыз ірі кешенді тұрғызуы керемет-ақ!Енді осы Көркембек пен Қуандық Шаған аталарымыз соққан Ақыртастың құпиясына келейік. Бұл тарихи кешен – күрделі құпияға толы алып нысан. Тіптен мұның құрылысына қарап еріксіз таң қалмасқа амалың жоқ. Ата-бабаларымыздың өркениеттің даму барысында мәдениетімізге қосқан үлкен үлесі болған Ақыртас сарайы — тұла бойы тұтас жұмбақ күйінде аумағы 2,5 гектар жерді алып жатыр. Оның 70-ке жуық бөлмелері бар болған. 15 колонна галереясы мен ортада жарты гектар ашық алаңы бар, сырт қабырғаларының ені 5 метр болып, ірге тасы 2 метр тереңдікке қазып орнатылған ірі тас блоктармен қаланған. Салмағы бірнеше тонналық тастарды, сыналап қалай сындырғаны әлі күнге дейін белгісіз. Әрбір 20 см аралықта шеңбері 2,5-3,0 см болатын, тереңдігі 5-8 см үңгілеумен қатты тау ағашынан сына жасап сонымен жарып сындырғанға ұқсайды.

Қорғанның 4 қақпасы бар, біреуі солтүстікте, үшеуі оңтүстікте. Тұрғын үйлер ішкі ауланың төңірегіне топтастырыла салынған қызмет көрсететін және шаруаға қажетті бөлмелер кешенінен тұрады. Ауланың түпкі жағында оңтүстік есік жақтағы Ақыртас иесінің жатын және қонақ үйі орналасқан сыңайлы. Солтүстік есік жақтағы үйлер қызмет ететін адамдар мен күзетшілерге, бір бөлегі ат қораға арналғаны байқалады және су қоймасы бар орталық аула, қорған әскерлерінің алаңы немесе діни рәсімдер атқарылатын орындар орналасқан. Қалаға судың жеткізілуінің де өзіндік сол кездері құпиялары сақталған. 4-5 шақырым қашықтықта жатқан Ұзын-бұлақ тау шатқалынан осы ғимаратқа су жеткізетін қыш құбырлар желісі әкелінген. Көлемі үлкен шеңберлі 20-18 см, тұрқы 45-60 см, ал қамалдың ішкі бөлмелеріне кіші шеңберлі су құбырлары жүргізілген. Негізі, судың іргесіндегі Ұзын-бұлақтан тартылмай сонау бастау басынан тартылуы да екі жағдайға байланысты:

бірінші, қамал жау қоршауында қалған жағдайда су жасырын жер асты арқылы қалаға келіп тұруы үшін,

екінші, су аязды күндері қатып қалатын жағдайды ескеріп, сонау шатқалдың 4 шақырым қашықтықтағы суы мол қатпайтын бастау табанынан тартылған. Осылайша қаланың ішкі және сыртқы жақтарынан су құбырлары желісі жүргізілген.

Міне, ақиқаты әлі де толық ашыла қоймаған, әртүрлі болжамдарға байланған алып құрылыстың жалпы көрінісі осындай. Бірақ, әлі де оның құпия сырларына қаныға алмаған жұрттың, кейде: «Неге алып құрылыс осы арадан соғылды?» деген қызығушылық сұрақтарын туғызары да қақ. Әрине, әрнәрсенің өз себебі болатындай мұның да өз есебі бар

Біріншіден, төбе астында тас блоктардың жетерлік қоры бар.

Екіншіден, іргесінде ағып жатқан мол сулы Ұзын – бұлақ өзені болған.

Үшіншіден, кірпіш – құбыр өндіруге сары топырақ қоры жеткілікті.

Төртіншіден, 40 шақырым күн батысында ежелгі Тараз  қаласы,

Ақыртаспен бір бағытта әлемді байланыстырған Ұлы Жібек жолы бойында қатар жатыр. Осындай экономикалық және саяси мақсат көздеген де болуы керек. Қалай айтсақ та  қамал құрылысы өте сауатты, геометриялық есептерге сәйкес соншама сәтті атқарылған. Салмақ түсетін топырақ жынысының тығыздығы, жерасты су деңгейі, ғимараттың жалпы жерге түсер салмағы, ірге тасының жерге қазып орнатылуы, осы айтылған ережелер Ақыртаста өте ұқыпты қатаң сақталынған. Адам айтқысыз ғимараттың сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 5 метр, әрбір метрге 15 см ішке қарай еңкіш (уклон) ережесін қатаң сақтап отырғаны сүйсіндіреді. Осындай зор көлемді 5 метрлік 15 тас бағаналардың тізбегі күн батыс терістікке қарай қатар орналасқан.

Ғажап! Тас өндіруді, өңдеуді, оны 500 метр қашықтықтан құрылыс орнына жеткізуді, одан әрі қамал тұрғызуды т.с.с бабаларымыздың күш-құдыретінің бұл шаруаны қалай жүзеге асырғанына еріксіз таң қалмасқа амалың жоқ!

Осылайша тарихы әлі күнге тылсым күйінде қалып келе жатқан, аты аңызға айналған бұл құрылыстың әлем мәдениетінен мен мұндалап тұрып орын алары ақиқат. Аталарымыздың тарихтың даму барысында сан ғасырлар бойы Еуразия даласын көшіп-қонып жүріп-ақ қала мәдениетін дамытып, ғаламдық өркениетте мәдениеттің озық үлгісін жасай білгені керемет!

ІІ Ақыртас- терең тарихымыздың куәгері

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сананы жаңғырту, ұлттық болмысты жүзеге асыру мақсатында білім мен ғылымға, тәрбие саласына үлкен мән беріп отыр. «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дегендей әрбір жеке тұлғаны білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген, жаһандық өзгерістерге бейімделген, туған өлкенің тарихын зерттеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.Осыған орай, жалпы орта білім беретін мектептердің «Өлкетану» курсы аясында оқушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи, табиғи және басқа да факторлар туралы білімдерін қалыптастыруға, туған елге деген сүйіспеншілік сезімін, қоршаған табиғи ортаны аялауға, тәрбиелеуге баулиды.  «Туған өлке тарихы» курсы оқушылардың туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын тарихи, археологиялық, мәдени білімдерін қалыптастыруға, тарихи ескерткіштері мен мәдени нысандары туралы дерекнамалық мәліметтерді жинақтауға бағыт береді.Осыған байланысты біздің мектебімізде «Менің көркем мекенім» атты туған өлкеміз Тараз қаласының ескерткіштеріне экскурсияға бардық.Топырағын түртсең тарихтан сыр шертетін Тараз қаласының барлық ескерткіштері мен сәулет өнерінің туындыларымен танысып тарихи деректер алдық.Сонымен бірге құпияға толы ашық аспан астындағы

Ақыртас мұражайынада экскурсия жасадық.Осы экскурсия барысында көптеген сауалдар мен аңыздар барлық оқушыларды қызықтырды.Меніңде қызығушылығым артып зерттеу жұмыстарын қолға алдым.Зертеулер барысыда көптеген тарихы деректермен таныстым.Аумағы 2,5 жарым гектар жерді алып жатқан бұл нысанның 70-ке жуық бөлмесі, 15 колонна галереясы, ортада жарты гектар ашық алаңы болған дейді зерттеушілер. Қорғанның оңтүстік және солтүстік қақпалары бар. Кейбір деректерде қақпаның біреуі солтүстікке, қалған үшеуі оңтүстікке қаратылған төртеу екенін айтады.

Кейбір ғалымдар бүгінгі Ақыртасты араб деректерінде кезігетін Ұлы Жібек жолының бойындағы Касрибас қаласы деп болжайды. VIII ғасырдың екінші жартысында (751 жылы) қарлұқтар мен араб әскері бірігіп, Атлах маңында қытайларды тас-талқан қылып жеңеді. Осы жеңістен кейін бейбіт өмір басталып, екі мемлекет арасында келісім орнаған шақта, басшылар қала салуға кіріскен. Бірақ белгісіз себептермен құрылыс тоқтап қалған.

Көлемі шамамен 205х185 метрден тұратын құрылыс геометриялық есеппен жасалғанын бірден аңғардық. Табанға және қабырғаларға қаланған тас блоктардың әрқайсысының салмағы бір тоннаға жуық. Кейбір қашалған тастардың салмағы 10 тоннадан асады. Олар тегістеле жонылып, мұқият өңделген. Қаратөбенің қойнауында жатқан тас қатты болғандықтан, оны дайындау оңайға соқпаған. Тастың жартысын сындырып алу үшін әр 15 см қашықтықта, диаметрі 6-7 см шұңқырлап, тереңдігін 8 см қылып үңгіп, шекиді. Қатты болып келетін таудағы арша немесе сүйек ағашыннан сына қаққан. Оларға шеге кірмейді, балта өтпейді.

Сыналауда да шеберлік керек. Егер бір уақытта ұрмаса, тастар сынып кетіп, бірдей бөлінбеуі мүмкін, – дейді тарих зерттеушісі Қалмақан Шекеев.

Ғалымдар тұшымды тоқтамға әлі келген жоқ.Ақиқаттан гөрі аңыз көп. 130 жыл бойы зерттелгенімен ғалымдардың әрқайсысының өз болжамы бар. Алғаш рет 1222 жылы Қытайдан Сайрам арқылы Самарқандқа, Шыңғысхан қосынына барған Даосс тахуасы Чан-Чунь өзінің саяхат күнделігінде: «Жол бойында тастан тұрғызылған қалаға тап болдық. Қызыл түсті тастан қаланыпты. Ежелгі әскери қоныс мекенінің белгілері байқалады» деп қызыға жазған екен. Сол кездің өзінде-ақ бұл ғажайып құрылыс тоқтап қалған. Неліктен? Ол жағы біз үшін әлі күнге дейін құпия. Ақыртас құрылысын зерттеген әлем ғалымдарының да сүйенері – осы қытай дерек көзі.

Патшалық Ресей тұсында басталған зерттеу жұмыстары Кеңес өкіметі кезеңінде жалғасын тапты. 1864 жылы алғашқы рет полковник Черняевтің әскери экспедициясы құрамында жұмыс істеген суретші М.С.Знаменский Ақыртастың тас қабырғаларының сызбасын жасап, қызықты суреттер салады. Ресей шығыстанушысы П.И.Лерх: «Ақыртас салынып бітпеген будда ғибадатханасы» десе, академик В.В.Бартольд болса: «Несториан ғибадатханасы» деген болжам айтады.Ал, археолог Т.К.Басеновтың жазуына қарағанда Ақыртас салынып бітпей қалған ірі бек сарайының іргесі екен. Осы ғимаратты 1940 жылдан бастап,30 жыл бойы тікелей өзінің бақылауында ұстап, терең зерттеген ғалым, академик Г.Пацевич былай дейді: «Мұндай құрылыстың керемет есептерге сүйеніп жасалынуы мен блоктарға пайдаланған материалдар бұдан бұрын болған емес. Бабаларымыздың тарихи мақтанышы, ғажап ескерткіші Ақыртастың әлем ғажаптарының қатарынан орын алуына құны да, құпиясы да, құдіреті де жетеді».

Ал еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары академик Карл Байпақов бастаған ғылыми топ археологиялық жұмыстарды француз ғалымдарымен бірге жүргізе бастайды. Соның нәтижесінде «сарай кешен» деген тұжырым шығарған. Өйткені, құрылыс жобасы Ирак пен Сириядағы орта ғасырлық құрылыстарға ұқсас болып шықты. Бірақ, өзге ғалымдар әлі нақты шешімге тоқтаған жоқ. Қызыл тастан қашап, шегендеп жасалған кешенді бағзыда қандай мақсатпен пайдаланбақ болғаны әлі күнге дейін жұмбақ.Су жеткізетін құбырлар желісі қыштан жасалған.

Тарих зерттеушісі Қалмахан Шекеевтің айтуынша, үлкен шеңберлі 20-18 см, тұрқы 60 см болатын құбыр Ұзынбұлақ тау шатқалынан (кейбір деректерде Қайыңды деп аталады) 4-5 шақырым аралығында жүргізілген. Бір қызығы, ғимараттың іргесінде де су бар. Бірақ, тау етегінде тебіндеп жатқан бұлақ басынан тартылғанына қарап екі болжам жасайды. Жау қоршауында қалған жағдайда қамалда жасырын жер асты суы болуы керек. Бәлкім, шатқалдың суы қатпайтын болғандықтан табанынан тартылған болуы мүмкін.Бұлақ суын сарайдан 3-4 шақырымдай қашықтықта орналасқан су бөгетінде жинаған. Ал сарай ішінде су арнайы қоймаға құйылып, сол жерден үйді-үйге тасымалданған. Ақыртас сыртында тағы да екі су қоймасы табылған. Бұл егіншілікті суару үшін қажет болған сияқты.

Құбырлардың бас жағы жіңішкеріп, аяққы тұсы жуандап отырған. Осылайша бір құбырды екіншісіне кигізіп бірнеше шақырымға оңай тартқан. Бау-бақша, саябақ орындары да жоспарланған. Суару үшін жерді қазып, арықтар қазыла бастаған.Пирамидалар елінің технологиясы қолданылған.

– Мысырдың әйгілі пирамидаларын салу үшін 100 метрден аса биіктікке ірі тас үйінділерін бөрене арқылы сүйреген. Ол үшін құрылыстың іргесіне құм-топырақ үйген. Осы тәсілдерді Ақыртас құрылысына да сәтті пайдаланған. Қалай дейсіз ғой.

Ғимараттың ірге тасының астынан қазып алынған мыңдаған текше метр топырақты қайда жіберді деп ойлайсыз? Сырт қабырғаларына жапсырып, ауыр тас блоктарды бөрене арқылы сырғытқан. Ақыртас құрылысының салыну мезгілі тым әріден басталуы да мүмкін, – дейді Қалмахан Шекеев.

Ақыртастың сырт қабырғалары неліктен 2 метр тереңдікте қаланған?

– Жау қамалдың астын қазып кіре алмауы үшін іргетасын, табанын терең етіп қалаған. Ал ғимарат іргетасының биіктігі 4 метр екен. Қамалдың қабырғалары қалың, бұзу қиын. Су шаймайды, жел мүжімейді, биік болғандықтан үстінен асып түсе алмайды. Қабырғаларының қазіргі кезде сақталған сілемдері 160, 146 және 140 метр шамасында. Тіпті іргесіндегі бұлақ суын бөгеп тастаса, жасырын жер асты су құбырын жүргізіп қойған, – дейді ол.

Жер асты өтпе жолынан өтпекші болғандар тірі шыққан емес

– Бұрын бұл жерден үш жылқы өтіп кететіндей жер асты жолы болған деседі. Кейбір ғалымдар осы өтпе жолды тексермек болып, ішіне кіргеннен кейін қайтадан шықпапты. Сондықтан, бұл жерді де, Тектұрмас әулиенің маңайындағы жер асты өтпе жолын да бітеп тастаған. Қойнауында газ болуы да ғажап емес, – дейді жергілікті тұрғын Қайрат Жадраев.

Тас блоктар 500 метр қашықтықта орналасқан Қоңыртөбеде өңделіпті

Қоңыртөбенің баурайынан ірі кесек қызыл тастың мол қоры барланған. 1965-1966 жылдары инженер Луппорт Қоңыртөбеге динамит қойып жарып, тауыпты. Салмағы жарты тоннаға жуықтайтын бір тас блогты ненің көмегімен тасығандары белгісіз болып тұр. Тастарды домалататын болса, бөренелермен қозғалтса, қыстыгүні шанамен тасыса, тасымалдаудың ізі табылу керек еді. Әзірге ешқандай нақты дерек жоқ. Аңыз бойынша, мұндай тастарды алып адамдар ғана таси алатын болған. Ал, ғалымдар тасты сақпан арқылы лақтырған болуы мүмкін деген болжам жасайды.Бірақ, мұны растайтын артефактілер табылған жоқ.

Ақыр формасындағы тастардың 6 данасы жер қойнауынан сыртқа теуіп шыққан. Бүгінде тек екеуі сақталып қалған. Төртеуі жоғалған немесе қайтадан жер қойнауына сіңіп, жоқ болған. Тастың пішіні малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп аталған. Ғалымдардың болжамына сәйкес, бұл ақыртастар хан отбасының жуынуға арналған ваннасы деп дәлелдеген. Сақталып қалған екеуінің бірін терең, екіншісін таяз ойған. Тастың екі шеті бір-біріне киіліп, қозғалмай тұруы үшін арнайы тұмсықтары қоса қашалған. Сондықтан, екеуін қатар қойған жағдайда бір-бірімен оңай байланыстырылады.

Ал, 1996 жылы Қазақстан мен Франция ғалымдарының бірігіп зерттеген нәтижесі бойынша Ақыртас VIII-XI ғасырларға жататын Керуен сарайдың орнына сәйкес деген қорытындыға келген. Өйткені, құрылыс жобасының Ирак пен Сириядағы орта ғасырлық құрылыстарға өте ұқсас екенін байқаған. Тағы да кейбір ғалымдарымыз: «Ақыртас VIII ғасырдың 2-жартысында, яғни 751 ж. қарлұқтар мен араб әскерлері Атлах маңында Қытай әскерлерін талқандап, екі мемлекет арасында бейбіт қатынас орнаған кезде салынған. Бірақ, құрылысы белгісіз себептермен тоқтап қалған. Араб деректеріндегі (Ибн Хордадбех, Ибн Кудам) Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Касрибас қаласы осы Ақыртас болуы да мүмкін» деп таныған.

Бұл тарихи кешен – күрделі құпияға толы алып нысан. Ақыртас сарайы аумағы 2,5 гектар жерді алып жатыр. «Оның 70-ке жуық бөлмесі болған», – дейді зерттеушілер. Жалқын қызыл тастары анандайдан менмұндалайтын көне мекеннің ішіне бүккен сырына қаныға түсіп, құмартқан жандар арғы-бергі за-манда аз болмапты. Ақыртас кешені туралы XIII ғасырдың басында осы өңір-ге келген қытай саяхатшысы Чан-Чунь мынандай мәлімет қалдырған екен: «Жол бойында тастан тұрғызған қалаға тап болдық. Қызыл түсті тастан қаланыпты. Ежелгі әскери қоныс мекенінің белгілері байқалады…».Чан-Чуньның алғашқы жазбасынан кейін бұл алып құрылыс туралы ешқандай дерек айтылмайды. Сол уақыттың өзінде-ақ бұл ғажайып құрылыс тоқтап қалыпты. Неліктен? Ол жағы біз үшін әлі де құпия. Ресей империясы Қа-зақстанның оңтүстігін жаулап алғаннан кейінгі уақытта орыс суретшісі М.С.Знаменский көне кешеннің орнына келіп, Ақыртас қабырғаларының сызбасын жасап, суретін салады. Зерттеуші П.И.Лерх: «Ақыртас – салынып бітпеген будда ғибадатханасы», – десе, академик В.В.Бартольд: «Несториан ғибадатханасы», – деген болжам айтады.Ал археолог Т.К.Басеновтың жа-зуына қарағанда «Ақыртас – салынып бітпей қалған ірі бек сарайының ір-гесі» екен. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін академик К.М.Байпақов бастаған ғылыми топ кең көлемді археологиялық жұмыстарды француз ғалымдарымен бірлесіп жүргізе бастайды. Соның нәтижесінде түбегейлі жүргізілген ғылыми-зерттеулер «Ақыртас – бабалар мұра қылып қалдырып кеткен ежелгі сарай-кешен» екенін дәлелдеп берді.Ғалымдардың пікірінше, «Ақыртастың астында өте үлкен қуыс бар». Ол жерде табиғи газдардың мол қоры жатыр. Жердің астындағы осынау геотектоникалық процестер адамның бойындағы қарым-қабілетін ашуға көмектеседі екен. Сол себепті, бұл маңға келушілер Ақыртасты тек тарихи кешен деп қана емес, киелі орын деп те санайды. Ол сөзімізге дәлел – кешен аумағында шүберек байланған бірнеше бұталарды кезіктірдік. Одан бөлек, тақ секілді тастың үстінде отырып тілеген тілегің қате кетпейді деген сенім бар екен. Ауруына медет тілеп, жүрек түкпіріндегі арыз-арманын арқалап келетіндер қарасы көптеу көрінді… Жалпы, бұл жердің ерекше киелі мекен екеніне сенетін жандардың айтуынша, Ақыртас адам ағзасындағы «ұйықтап жатқан» жасушаларды оятатын табиғи генератор іспеттес. Әрине, анығын Алла білер. Жалпы, ЮНЕСКО тізіміне енген бұл археологиялық ескерткіштің құпиялары бүгінгі күнге дейін толық анықталмаған.

Ақыртас хақында ел аузында жүрген аңыздардың бір сыпырасын шолып шықсақ.

«Бір алып өте сұлу қызға ғашық болып қалады. Мұны білген сұлу оның махаббатын дәлелдету үшін өзіне арнап тастан үлкен сарай салуды тапсырады. Алып айтқанын істеп, таудан тас әкеліп, сарай салуға көшеді. Сарайы біткен соң, әлгі таудың ортасынан Талас өзенін ағып өтетін тесік жасаймын деп тыраштанып жүргенде, басқа сұлу қызға көзі түсіп, бастаған ісін аяқсыз қалдырыпты. Өмірден озғанда алыптың сүйегінен Әмударияға көпір тұрғызылыпты-мыс».

«Ерте кезде Ақыртас қаласы жұртшылығының басына қауіп төніп, дұшпандары жағадан алыпты. Сол кезде етегі жасқа толған халық құдайдан «жау аузында кеткенше, тасқа айналдыра көр» деп жалынып-жалбарынған деседі. Алла Тағала көпшіліктің тілегін қабыл етіп, оларды мал-мүлкі, үй-жайымен бірге тасқа айналдырып жіберген екен. Бүгінгі қалған тастар осы халықтың ескерткіші деседі».

Аңыздар легі мұнымен тоқтамайды. «Әкелі-балалы қос батыр тастан қала тұрғызуды ойлап, осы істің қамымен баласы таудан тас әкеліп, әкесі жерде қалауға көшеді. Баласының жан-жағына алаңдамай жұмыс жасауын қадағалап тұрған әкесі оның көзі Түйме сұлуға түсіп кеткенін аңғармай қалады. Баласы сол сұлудың артынан еріп, қалмай қояды. Салып жатқан сарай туралы мүлде ойдан шығарады. Қуып келе жатып оған алты қызы бар сұлу жабылып тас лақтырады. Сол тастар үлкен-үлкен төбеге айналыпты-мыс. Ақыры, сұлу қаша-қаша бір биікте жан тапсырады екен. Оның басына әкесі үлкен қорған тұрғызып, Түймекент қаласы атанып кетіпті. Сұлудың есімі – Түйме болса керек. Әлгіндегі тас қалашығы сол күйі бітпей қала беріпті».

Тағы бір аңызда «Адам атаның сұлу қызы болыпты. Сол қыздан Әжі атты алып туған деседі. Оның бойы биіктігі соншалық жерді топан су басқанда да тізесі дейін ғана жеткен екен. Бірде Түймекенттің ханының көркем қызы барын естіп, сол жақа құда түсуге адам жібереді. Хан алыпқа құрмет көрсетіп, қызын беретінін, қалыңмалдың орнына тастан қала салып берсе болатынын айтады. Ханның өтінішін орындап, Әжі тастан қала сала бастайды. Осы кезде айдай сұлу болашақ жарын алыстан көріп, басы айналып, әлі құрып жұмыс жасаудан қалады. Бетіне тіке қарай алмаған алып, оны қалай жар етпекпін деп, өз ісіне өкініпті. Ал тас қамалдың құрылысы сол күйі аяқсыз, тоқтап қалған екен». Ақыртас туралы мына бір аңызға көз жүгіртелік:

«Түймекент деген кентте ханның айдай сұлу қызына Алаңғасар атты қызметшісі қатты ғашық болады. Хан болса, тағы да бірнеше жыл адал қызмет етсе қызын міндетті түрде берем деп, үміт сыйлап қояды. Арада қаншама уақыт өтсе де, хан айтқан сөзінде тұратын ойы жоқ. Бұған ашуланған Алаңғасар ұлы Арыстанды алып, Талас өзенінің арнасын өзгертетін тастан қамал тұрғызбаққа бекінеді. Бар ойы – өзін алдаған ханды сусыз қалдыру. Таудан ұлы тас лақтырып тұрады, ал өзі қамалдың қабырғасын қалауға кірісіп кетеді. Арыстанға тау басынан айналасына көз тастамауды тапсырады. Алаңғасар қамал бітуге айналғанда ханға хабар жіберіп, сусыз қалатынын ескертеді. Мұның рас-өтірігін білмекке шыққан сұлу қызын Арыстан көріп, басы айналып, әкесіне лақтырып жатқан тастары жетпей әбігер болады.  Бұған қатты ашуланған әкесі ұлынан не болғанын сұрайды. Жан-жағына қарама деген тілегіне құлақ аспаған ұлына қатты ренжіп, жазаламаққа бекінеді. Ұлы әкесінен ақыры қашып құтылады. Ғашықтық дерті бойын балқытып, оны күннен-күнге әлзідендіре түседі. Тіпті, жүріс-тұрыстан қалады. Ол қалаға қарай құласа бірнеше үйдің күлін көкке ұшыратынын түсінген халық өзенге қарай құлағанын қалайды. Ақыры, Арыстан өзенге құлап, оның денесі көпір болып қалыпты-мыс. Ежелгі Тараздың алтын шеңберінде жатқан Ақыртас сарай кешені атағы дардай Египет Пирамидалары, Афины Акропольдары, Рим колизейі, Перудегі сарайлар секілді нысандармен пара-пар тарихи орын екені даусыз.

ҚОРЫТЫНДЫ 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қозғалған өлкетану ісін дамыту жастар өз Отанын сүюді өскен өлкелерінен бастаулары қажет екендіге нақты айтылған.Осы жоба аясында «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізімін жасақтады. Аталған тізімге Жамбыл облысынан 8 нысан енгізілді. Олар:

1) Мерке-Жайсан түркі ғұрыптық кешені;

2) Ақыртас бекінісі (VIII-IX ғғ.);

3) «Ежелгі Тараз қалашығы» (І-ХІХ ғғ.);

4) «Тектұрмас» кешені (ХІV ғ.);

5) «Қарахан» кесенесі (ХІІ ғ.);

6) «Айша бибі» кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.);

7) «Бабажы Хатун» кесенесі (ХІ-ХІІ ғғ.);

8) «Байзақ батыр Мәмбетұлы» кесенесі.

Өңіріміздегі әлемдік мәдениетің тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің бірі, бұл – Ақыртас құрылыс кешені. Ата-бабаларымыздың көне дәуірдегі мәдениетінің озық үлгісі болған Ақыртас сарайы — Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде, Ақшолақ темір жол станциясынан 6 шақырым оңтүстікке қарай Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан. Әлемдік мәдениетте тарихын тасқа жасырған құпия құрылыстың ғаламдық кереметтердің қатарынан ойып орын алары заңдылық. Мұндай ғажайып керемет құрылыстар әлем тарихында санаулы ғана. Таудың қызыл түсті тастарын әдемілеп ойып отырып, салмағы тонналап тартатын бітеу тас блоктар жасап шығару – адамзат баласының есте жоқ ескі замандағы өркениетінің баға жетпес құндылығы.Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп аталған. Ол алыстан көрініп тұруы үшін таудың үстіне төртбұрышты жобамен салынған.Қорыта айтқанда  күрделі құпияға толы алып нысан. Тіптен мұның құрылысына қарап еріксіз таң қалмасқа амалың жоқ. Ата-бабаларымыздың өркениеттің даму барысында мәдениетімізге қосқан үлкен үлесі болған Ақыртас сарайы — тұла бойы тұтас жұмбақ күйінде аумағы 2,5 гектар жерді алып жатыр. Оның 70-ке жуық бөлмелері бар болған. 15 колонна галереясы мен ортада жарты гектар ашық алаңы бар, сырт қабырғаларының ені 5 метр болып, ірге тасы 2 метр тереңдікке қазып орнатылған ірі тас блоктармен қаланған. Салмағы бірнеше тонналық тастарды, сыналап қалай сындырғаны әлі күнге дейін белгісіз. Әрбір 20 см аралықта шеңбері 2,5-3,0 см болатын, тереңдігі 5-8 см үңгілеумен қатты тау ағашынан сына жасап сонымен жарып сындырғанға ұқсайды.Ғажап! Тас өндіруді, өңдеуді, оны 500 метр қашықтықтан құрылыс орнына жеткізуді, одан әрі қамал тұрғызуды т.с.с бабаларымыздың күш-құдыретінің бұл шаруаны қалай жүзеге асырғанына еріксіз таң қалмасқа амалың жоқ!

– Мысырдың әйгілі пирамидаларын салу үшін 100 метрден аса биіктікке ірі тас үйінділерін бөрене арқылы сүйреген. Ол үшін құрылыстың іргесіне құм-топырақ үйген. Осы тәсілдерді Ақыртас құрылысына да сәтті пайдаланған. Қалай дейсіз ғой? Ғимараттың ірге тасының астынан қазып алынған мыңдаған текше метр топырақты қайда жіберді деп ойлайсыз? Сырт қабырғаларына жапсырып, ауыр тас блоктарды бөрене арқылы сырғытқан.

Гиза пирамидалары мен Перудегі Майя  қалаларының, Рим колизейі мен Пизан мұнарасының адамзат өркениетіндегіорны қай деңгейде болса , «Ақыртас» сарай кешенінің тарихи орны да сол деңгейде деп, батыл айта аламыз.

You May Also Like

MS EXCEL – дің графикалық  мүмкіндіктері, ғылыми жоба

Бағыты:  Жаратылыстану-математика Секциясы:  Информатика Тақырыбы:  MS EXCEL – дің графикалық  мүмкіндіктері Аннотация …

Бөлме гүлдерінің пайдасы және емдік қасиеттері, ғылыми жоба слайд

Өзін-өзі тану сабақтарында Адамгершілікке тәрбиелеудегі қанатты сөздердің маңыздылығы, ғылыми жоба

Тақырыбы: Өзін-өзі тану сабақтарында Адамгершілікке тәрбиелеудегі қанатты сөздердің маңыздылығы. Бағыты: «Қазақстанның тарихи…

Аңыз бен ақиқаттың үндестігі, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы:  «АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТТЫҢ ҮНДЕСТІГІ» Мазмұны Кіріспе…………………………………………………………………………………………………2 Негізгі бөлім…………………………………………………………………………………………3 Қазақтың …