Ғылыми жоба тақырыбы:

«Бала құқығының сақталуы-бақытты балалық шақтың кепілі»

Жобаның бағыты: гуманитарлық

секция:Құқық негіздері

Ғылыми зерттеудің журналы

Тақырыбы:  «Бала құқығының сақталуы-бақытты балалық шақтың кепілі»

Тақырыптың өзектілігі:

Елімізде бала құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын ұйымдар бар.

Қоғамдағы балалар құқығының сақталуы,қорғалуы және жаңа заңдылықтар мен  ұсыныстардың іске асуы – балалардың өміріне жасалып жатқан маңызды жұмыстар деп саналады, келешек өмірі жарқын,ашық болуға жетелеу.  

Міндеті:

  • Бала құқығы конвенциямен танысу;
  • Қазақстананнан басқа елдердің бала асырап алғандығы жайлы статистика;
  • Мүгедектек балаларға көрсетілетін көмектер;
  • “Өз құқығынды білесіңбе” атты сауалнама алу;
  • “Бала құқығы конвенциясын білесіз бе?” ата- аналардан сауалнама алу; 

Мақсаты:

  • Ата аналардың бала құқығынмен таныстыру
  • Мүгедек балалардың құқығы туралы ақпарат беру
  • Шет ел азаматтарына асырап алған балалардың құқығы жайлы ақпарат беру
  • Балалардың құқығын қорғайтын ұйымдарды білу

Зерттеу әдістері:

1.Сауалнама.

  1. Кеңесу.
  2. Салыстыру.

4.Талдау

Мазмұны

  1. Кіріспе………………………………………………………
  1. Негізгі бөлім:

2.1 Балаға байланысты бірінші заң-Бала құқығы конвенциясы…………………………………………….

  • Денсаулығына аса назар аударатын балалар……………………………………………………..
  • Бала құқықтарын қорғайтын ұйымдар…………………………………………………..
  1. Қорытынды………………………………………………..

Кіріспе

Егемендік алғаннан бастап елімізде көптеген өзгерістер болды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңі басталды. Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екенін Конституциясымен бүкіл әлемге мойындата білді.

Конституция – Алтын Заңымыз.Елдің бірлігі, берекесі, тыныштығы, оны іс жүзінде жүзеге асыратын қуатты күш, ол – конституциялық құрылыстың құндылықтары мен институттары, нормалары, әлеуметтік байланыстар мен мемлекеттік биліктің қатынастарын мемлекеттік – құқықтық реттеу негіздері ресми түрде баянды етілетін ең жоғарғы құқықтық нысан, осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі болып табылады.

Алтын Заңымыздың басқа заңдардан айырмашылығы мемлекеттің құрылымын, негізгі құқықтары мен бостандықтарды бекітеді, мемлекет формасын және мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының жүйесін анықтайтын құжат.

Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпы халықтық Референдум негізінде қабылданды және

5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.

Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы маңызды  құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады.

Еліміздің келешегі өсіп келе жатқан білімді,тәрбиелі елжанды жастардың қолында.Болашақтағы арман-мақсаттардың орындалуы үшін ұрпағымыздың  сапалы білім алып, саналы болып өсуі үшін бақытты балалық шақ болу керек.Ол үшін барлық мүмкіндіктер мен қамтамасыз етіп қамқор болсақ және дүние жүзілік бала құқығын қорғау конвенциясын негізге ала отырып балалардың өмірін қорғай білсек, келешекке  сенімді көзқараспен қараймыз.

Бала құқығын қорғау сұрақтары арнайы қабылданған халықаралық –құқықтық актілермен реттеледі. Осы күнде глобальдік проблемаларды халықаралық-құқықтық дәрежеде ғана шешуге болады. Глобальдікке «бала құқығын қорғау» проблемасы жатады.

Төмендегі сұрақтармен танысайық:

Қоғамдағы балалар құқығы қаншалықты қорғалуда, ата – аналар балаларының, ал балалар өз құқықтарын қаншалықты жақсы біледі? Қоғамымыздағы мүгедек балалар мен шет елдіктер асырап алған балалардың құқығы қорғалуда ма?

Қоғамның ең басты негізі- жеке тұлғаның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін маңызды құқықтар мен бостандықтар. Қазақстан Республикасының құқықтық демократиялық мемлекет ретінде алдына қойған және 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциямызда бекітілген негізгі мақсаты- адам мүддесін мемлекет мүддесінен жоғары ұстап, оны қамтамасыз ету. Бұл бағытта мемлекетіміздің ең бір атқаратын қызметі- мемлекетте адам құқығын қорғау, оны толық жүзеге асырылуына кепілдік беру.

Кез – келген мемлекетте, қандай да бір қоғамда балалар ерекше қамқорлықта және қорғалуда болуы керек. Қолымыздағы барымыздың ең қымбаттысы – балалар. Сондықтан да олардың өмірі қалай, қаншалықты қалыптасқандығына, мемлекет олар үшін қандай жағдайлар жасағандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады. Осыған байланысты балаларды қорғау, олардың негізгі құқықтарын қорғау сұрақтары кез-келген мемлекеттің басты көкейтесті мәселесі болуы қажет.

Cоңғы статистикалық мәліметтерге сүйінсек Қазақстанның кейбір қалаларында  орта есеппен:

  • 0мен 15- жас аралығындағы – 105732 адам
  • 16 – 62 – жас аралығындағы – 164510адам
  • 63 жастан асқандар- 24173адам

 2.1.Бала құқығы туралы конвенция

Әлемдегі бірінші Балалар құқықтарын қорғау ұйымы 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы Ұлттар Лигасының бала құқықтары жөніндегі Женева декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бала құқықтары декларациясы қабылданып, 1979жыл халықаралық балалар жылы болып жарияланды, осыдан 10 жыл өткен соң Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды. Қазақ АКСР кезінде 1923 жылғы мамыр айында республиканың Халық Комиссарлары Кеңесі «Қазақ АКСР» бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады.

Баланың мынылaрға құқығы бар:

  1. туған кезінде ат алуға, азаматтық алуға, соның арқасында ата-анасы кім және солар тарапынан қамқорлыққа ие болуға құқылы. (7-ші баб)
  2. индивидуалдығының сақталуына құқы бар. (8-ші бабы)
  3. өз ата-анасымен бірге тұруға құқылы; егер баланы бір, әлде екі ата-анасымен айырса, ата-анасымен байланыста болуға құқылы. (9-шы бабы)
  4. өз ата-анасымен кез-келген елге кетуге және ата-анасымен қайта қауышуға немесе ата-анасымен жеке қарым-қатынас жасау мақсатымен кез-келген елге келу құқығы бар. (10-шы бабы)
  5. емін-еркін өз көзқарасын білдіруге, информация алуға, шекараға тәуелсіз информация және идеяларын таратуға құқы бар. (12-ші, 13-ші баптар)
  6. ерік бостандығына, ұждан бостандығына, дін бостандығына құқы бар. (14-ші баб)
  7. ешқандай мемлекет пен қоғам тарапынын қысымсыз басқа адамдармен кездесуге және ассоциацияға кіруге немесе оны өзі емін-еркін құруға құқы бар. (15-ші бабы)
  8. жеке өміріне, жанұя ісіне және үй іші ісіне, жазысқан хаттарға араласпауына құқы бар, өсең-аяңдар мен  жаладан қорғаныс алуға құқы бар.(16-шы баб)
  9. жоғары стандартқа сай медициналық көмек алуға құқылы.      (24-ші баб)
  • ішіне әлеуметтік сақтандыру кіретін, әлеуметтік қамсыздандырудың игілігін қолдануы

1959 жылғы Бала құқықтары декларациясының мұнан арғы дамуы мен бала құқығына қатысты жағдайды заңдық түрде бекітуі үшін, мемлекет тарапынан 1989 жылы 20 қарашада Балалар құқығын қорғау жайлы жан-жақты Конвенция қабылданды.

Бұл конвенцияны міндетті екенін барлық БҰҰ-ға Қазіргі кезде бала құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бүкіл әлем қызығушылығын туғызып отыр. Бұл қоғамның өміршеңдігін кепілдік етудегі және оның келешек дамуын болжаудағы өсіп келе жатқан ұрпақтың

анықталған рөлімен түсіндіріледі.
Бірақ, шынында, әлемдегі бірде бір ел мемлекет бала құқықтарын сақтау жөнінен өзін үлгі етіп қоя алмайтындығын айтқан жөн. Демократиялық және экономикасы дамыған мемлекеттердің өзінен-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс санының өсуі, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың болуын, медициналық қызметтің жеткіліксіздігінен балалар өлімінің көбеюін, бақылаусыз балалар санының ұлғаюын көруге болады. Осы фактілердің барлығы бала мәселесін тек қана ұлттық тәсілдермен шешу мүмкін еместігін дәлелдейді.
Мемлекет пен қоғам балаларды тәрбиелеу саласында қандай да бір тиімді шаралар қолданғанымен, ата-ана махаббатын, олардың қамқорлығын еш уақытта айырбастай алмайды.

Бала құқықтары туралы Конвенция – 1994 жылы;

Шет елден алимент өндіріп алу туралы Конвенция 1999 жылы;
Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас туралы Конвенция – 2000 жылы;
Балаларды саудалауға және балалар зинақорлығына қатысты баланың
құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы және Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына байланысты баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы – 2001 жылы;
ХЕҰ-ның балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою
жөніндегі шұғыл шаралар туралы № 182 Конвенциясы – 2002 жылы;
2004 жылдың қараша айында – Қазақстан БҰҰ-ның адамдарды саудалауға қарсы күрес туралы конвенциясы мен оның қорытынды хаттамасына қол қойды.
2003 жылғы 4 маусымдағы «Денсаулық сақтау жүйесі туралы»;

2004 жылғы 16 маусымдағы «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы»;

2004 жылғы 9 шілдедегі «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»;

2003 жылғы 14 қыркүйектегі «Йод тапшылығы ауруларының профилактикасы туралы»;

2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» — ҚР Заңдары қабылданды.
Белгілі бір мөлшерде балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтауға қатысты ұлттық саясатты жүзеге асыруға білім беру, денсаулық сақтау, кедейлікті төмендету, көші-қон саясаты, демографиялық даму, мүгедектерді оңалту және басқа салалардағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік салалық бағдарламалар бағытталған.

Он сегіз жасқа толмаған адам бала болып танылады.Әрбір баланың мүмкін болғанша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығына және солармен бірге тұруға құқықтары бар. Бала отбасында  өз мүддесін  қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін  білдіруге, сондай ақ кез келген сот немесе әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы.Он жасқа толған баланың пікірі, егер бұл пікір оның  мүдделеріне қайшы келмейтін болса  ескерілуі міндетті. Баланың ат алуға, әкесінің атын және тегін алуға құқығы бар. Баланың аты ата-анасының келісімімен ,аты жөні әкесінің атымен немесе ұлттық тарихи дәстүрлерге сай аталарының атынан беріледі. Баланың атына немесе тегіне деген келіспеушіліктер сот тәртібімен ғана шешіледі. Он жасқа толған баланың атын немесе тегін тек баланың келісімімен ғана өзгертуге болады

Баланың ұлты оның ата-анасының  ұлтымен айқындалады.Егер ата-анасының ұлттары әр түрлі болса, баланың қалауы бойынша оған жеке куәлік берген кезде  әкесі немесе шешесінің ұлтын алуына  болады. Кәмелет жасқа толғанға дейін бала әке-шешесінің тарапынан жасалған қиянаттардан қорғалуға құқықты.

Баланың мүліктік құқығы да бар, ол көбінесе баланың өз ата-аналары мен отбасының өзге де мүшелерінен асырап-бағу үшін қаражат көмегін алуына байланысты.

Алименттер, зейнетақы мен жәрдемақылар ата-анасының атына келіп түседі, бірак олар балаларды асырап-бағуға, білім беруге және тәрбиелеуге жұмсалуы керек.

Мемлекет балалардың мүдделерін қорғап және балаларды отбасында тәрбиелеу балаларға тәрбие берудің ең тәуір түрі екендігін тани отырып, тәрбиенің отбасылың турінің артықшылығын заң жолымен бекітті. Қазіргі кезде балалар деревнясының, отбасылық балалар үйлерінің құрылып, өріс алуы кездейсоқ жай емес.

Мемлекет балаларға қамқорлық көрсете отырып, бала туғанда жәрдемақы телейді, көп балалы отбасыларына барынша көмектесіп отырады.

Ата-аналар өздерінің конституциялық міндеттерін еркімен орындамаған жағдайда, олардан алиментті мәжбурлеп өндіріп алу да мемлекеттің балалар құқығын қорғауының бір керінісі болып табылады.

Декларация барлық ата-аналарға, әйелдер мен еркектерге, ерікті ұйымдарға, жергілікті билікке және мемлекет өкіметіне, бала құқығын сыйлау, мойындау және үндеу ретінде идеясын бейнелейді.

 2.2 Асыранды мүгедек балалардың құқығы

Мүгедек – ауыру немесе жарақат алу нәтижесінде, өмір бойына немесе ұзақ уақытқа еңбек қабілетін жоғалтқан адам .

Қазақстанда мүгедек балалар басқа балалармен бірдей білім алуға құқылы. Қазіргі таңда балабақшаларда ерекше білім беруге қажеттілігі  бар 27 мыңға жуық бүлдіршін тәрбие алуда. Оның 1000-нан астамы – инклюзивті балалар.

Мектептерде ерекше білім беруге қажеттілігі бар 63 мыңнан астам бала оқып жүр. Олардың 27 мыңы инклюзивті форматта оқиды.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында 2500-ден астам бала білім алуда.

  • Білім және ғылым министрлігі мүгедек балалар үшін 68 мамандық бойынша арнайы бағдарламалар әзірлемекші. Биыл 20 мамандық бойынша жұмыстар басталып кетті.
  • Мектептер мен колледждерге жан басына қаржыландыру әдістемесіне ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін екі есе төленетін коэффициент қарастырылған.
  • Еліміздің 17 жоғары оқу орнында дефектология мамандығы бойынша бакалавриатқа грант саны 250-ден 400-ге дейін көбейді. Алғаш рет магистратураға 110, докторантураға 30 орын бөлініп отыр.
  • Барлық педагогикалық мамандықтар бойынша инклюзивті білім беру пәні – міндетті.
  • Алғаш рет педагогикалық колледждерде коррекциялық дене шынықтыру мұғалімі мен мектепке дейінгі логопед квалификациялары енгізіліп, осы жылы оқыту басталды. Қазақстанда бұған дейін ондай мамандар болмаған.
  • Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарында I, II топтағы және бала кезінен мүгедек балаларға бір пайыздық қабылдау квотасы арқылы гранттар қарастырылған.
  • Көру, есту қабілеті бұзылған балалар жоғарғы мемлекеттік шәкіртақы алуға құқылы.

Жалпы қағидаттар

Мыналар:

а) адамға тән қадір-қасиетті, оның өз таңдауын жасау еркіндігін қоса алғандағы жеке дербестігін және тәуелсіздігін құрметтеу;

  1. b) кемсітпеушілік;

с) қоғамға толық және тиімді тарту және қосу;

  1. d) мүгедектердің ерекшеліктерін құрметтеу және оларды адами алуан түрліліктің компоненті және адамзаттың бір бөлшегі ретінде қабылдау;

е) мүмкіндіктер теңдігі;

  1. f) қолжетімділік;
  2. g) ерлер мен әйелдердің теңдігі;
  3. h) мүгедек балалардың даму қабілеттерін құрметтеу және мүгедек балалардың өз жеке қасиетін сақтау құқықтарын құрметтеу осы Конвенцияның қағидаттары болып табылады.

Мүгедек балалар

  1. Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың адамның барлық құқықтары мен негізгі бостандықтарын басқа балалармен тең дәрежеде толық жүзеге асыруын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
  2. Мүгедек балаларға қатысты барлық іс-қимылдарда бірінші кезекте баланың жоғары мүдделеріне көңіл бөлінеді.
  3. Қатысушы мемлекеттер мүгедек балалардың оларды қозғайтын барлық мәселелер бойынша өздерінің басқа балалармен тең дәрежеде олардың жасы мен кәмелеттілігіне сәйкес келетін тиісті салмаққа ие болатын көзқарастарын еркін білдіру және осы құқықты іске асыруға мүгедектігі мен жасына сәйкес келетін көмекті алуға құқығы болуын қамтамасыз етеді.        

Асыранды балалардың құқығы.

Шетелдік азаматтарға асырап алуға берілген балаларға бақылау жасауды Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері жүзеге асырады. Алайда осы шетелдік бала асырап алушыларды тексеруді жүзеге асыратын консулдық мекемелерде штат лауазымдарының жетіспеушілігі жəне консулдық қызметкерлердің асырап алынған балалардың тұруы мен тəрбиеленуін тексеруде кейбір шет мемлекеттердегі адамның жеке өміріне араласуға тыйым салынуымен байланысты қиындықтардың да болуын ескерген жөн.
Дүниежүзі бойынша балаларын халықаралық асырап алуға ұсынатын елдердің ішінде Қытай, Вьетнам, Қазақстан алғашқы орындарды алуда. Бала асырап алуға байланысты қызметтерін қаржылық негізде ұсынатын ұйымдар агенттіктер деп аталады. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының деректері бойынша, Қазақстан аумағында бала асырап алу жөніндегі шетелдік компаниялардың 28 өкілдігі жұмыс жасайды. Алайда, Павлодар облысы прокуратурасының ақпараты бойынша, тек облыс аумағында 16 шетелдік агенттіктер жəне 12 бала асырап алушылардың делдалдары жұмыс істейді. Осылайша, Қазақстан аумағында жұмыс жасайтын бала асырап алу жөніндегі халықаралық агенттіктердің саны туралы деректер жүйеленбеген.
Америкада да бала асырап алу қызметін ұсынатын компаниялар жетерлік. Солардың бірі — «For This Child» («Осы бала үшін») деп аталады . Аталған ұйымның ресми сайтында Қазақстаннан бала асырап алуға ұсынылатын бағалар белгіленген. Ұсынылған қызмет түріне баланың күллі құжаттарын реттестіру, кеңес беру, Қазақстандағы бала асырап алу ісін жəрдемдесетін арнайы ұжымның қызметі, үй жалдау, Білім жəне ғылым министрлігінің жұмысын түсіндіріп, министрлікпен жəне балалар үйінің өкілдерімен кездесу, Алматы мен аймақта бала асырап алудың барлық қадамын түсіндіру кіреді. Осы қызметтері үшін Америка компаниясы 21000 АҚШ долларын алмақ. Бұдан бөлек, есептелмеген тағы басқа да шығындар бар екен. Олардың ішіне балалар үйлеріне, ондағы тəрбиешілер мен тəрбиеленушілерге сыйлық беру. Ол шамамен 500 доллар маңайында. Сонда жалпы есепте шамамен 30000 АҚШ долларына Қазақстаннан бала асырап алуға болады.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сəйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын шетелдіктер асырап алған бала кəмелеттік жасқа толғанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтайды. Яғни, оларға кəмелеттік жасқа толғанша дейін қос азаматтықты иелену құқығы берілген. Заңның осы нормасы көптеген жағдайларда шет мемлекеттердің заңнамалық практикасымен шиеленісіп жатады. Осылайша, мысалы, АҚШ азаматы асырап алған бала жедел түрде осы елдің азаматтығын алуға міндетті. Сонымен қатар 1 жасқа жетер-жетпестен асырап алған баланың аты-жөні өзгертіледі.

2014–2018 жылдар аралығындағы консулдық есепке алынған асырап алынған балалардың саны төмендегідей: 5308 — АҚШ, 600 — Испания, 343 — Бельгия, 173 — Германия, 167 — Канада, 140 — Ирландия, 131 — Франция, 25 — Египет, 21 — Израиль, 9 — Италия, 5 — Түркия мен ГФР, 3 — Ресей Федерациясы. Алынған деректер бойынша, 6 баланы жалғызбасты шетелдік азаматтар асырап алған Дегенмен, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу əлі де жүргізілуде.

Қазіргі кезде елімізде бала асырап алушылардың саны өсіп келеді. Мұны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрліің шетелдік мекемелердің қызметіне жүргізген талдауы бойынша соңғы уақыттағы қазақстандық балаларды асырап алуға ниет білдіруші шетелдік азаматтардың өтініштерінің өсу үрдісі дəлелдейді. Мысалы, 2017 жылы ғана шетелдіктермен 404 бала асырап алынған. Соның ішінде 149 — Қарағандыдан, 123 — Шығыс Қазақстан облысынан, 93— Алматыдан, 17 — Оңтүстік Қазақстан облысынан, 12 — Қызылордадан, 10 — Жамбыл облысынан.

       Патронат– ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенін бір түрі.

]Қазіргі кезде жетім баланың жарым көңіліне қуаныш сыйлап, баланы өз қамқорлығына алып, оларға ата-аналық махаббатын сыйлаған жандар баршылық. Сондай алтын жүректі жандарға үкіметіміз қолдау көрсетуде. Мысалы, соңғы жылдары баланы жаңа отбасына бейімдеудің тағы бір түрі – патронаттық тәрбие жолға қойылды. Патронаттық тәрбиенің – жетімдіктің алдын алуға және баланың үлкендермен, айналасындағы адамдармен тұрақты түрде қарым-қатынас жасап отыруына және олардың психикасының дұрыс дамуына әсері мол. Патронат- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қорғаншы және қамқоршы орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген тұлға жасасқан шарт бойынша азаматтардың отбасына берілетін тәрбиенің нысаны. Қызылорда облысы бойынша қазіргі таңда 338 бала патронаттық тәрбиеге, 323 бала қорғаншылыққа, 186-ы қамқоршылыққа алынған.

Қорғаншы және қамқоршы органдар балалар патронаттық тәрбиешілерге тәрбиелеуге беру кезінде оның этникалық шыққан тегін, белгілі бір дінге және мәдениетке қатысын, ана тілін ескере отырып, баланың мүддесін басшылыққа алады. Ағайындыларды, олардың мүдделеріне жауап беретін жағдайларды қоспағанда, ажыратуға жол берілмейді.

Баланы патронаттық тәрбиешілерге беру пікірі ескеріле отырып, ал он жасқа толған баланы беру оның келісімімен жүзеге асырылады.

Патронаттық тәрбиешілерге берілген бала алиментке, зейнетақыға, жәрдемақыға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ тұрғын үй-жайға меншік құқығын немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды.   Тұрғын үй -жайы болмаған жағдайда тұрғын үй заңдарына сәйкес оған тұрғын үй-жай берілуге құқығы болады.

Патронаттық тәрбиешілерді іріктеуді қорғаншы және қамқоршы органдар жүзеге асырады. Әрбір баланы асырап-бағуға ай сайын Қазақстан Республикасының үкіметі белгіленген тәртіппен және мөлшерде ақшалай қаражат төленеді. Қорғаншы және қамқоршы органдар патронаттық тәрбиешілерге қажетті көмек көрсетуге, балаың өмірі мен тәрбиесі үшін қалыпты жағдай жасауға жәрдемдесуге міндетті және патронаттық тәрбиешілерге жүктелген баланы асырап-бағуға, тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Балалар үйіндегі балаларға үкімет қанша жағдай жасаса да, ата-ананың мейірім шуағына жетпейді. Сондықтан жүрегі кең, тұрмысы тәуір азаматтар балалар үйінен қамқоршылыққа, патронатқа бала алып жатса, елімізде жетім балалар саны азаяр еді.

       2.3 Бала құқықтары не себептен бұзылады және бала құқығын қорғау жөніндегі ұйымдар.

Қазіргі замандағы көптеген елдердің әлеуметтік – экономикалық жағдайының нашарлауы, баланың құқығын қорғау проблемасының актуалдығына алып келді. Экономикалық тұрақсыздық, өндірістің басылуы, өтпелі кезең қиындығы салдарынан жұмыссыздардың саны ұлғайып, халық деңгейінің төмендеуіне әкеліп, тікелей балалардың өмір деңгейіне әсер етеді.

Экономикалық факторлардың өзі негативтік моменттер туғызады:

1-ден, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық баланы тұлға ретінде қалыптасуына керекті  жағдай жасауға үлкендердің мүмкіншілігін шектейді. Қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық күйзеліс пен кризиске шалдыққан көптеген елдерде кіші жастағы балалар, ең бастысы – қамсыз бақытты балалық шақтан мұқтаждық көруде. Кейбір отбасыда ата- аналар балаларын тамақтандыру мен киіндіруге де мүмкіндігі болмайды, олардың үкіметі де көп жағдайда оған назар аудармайды.

2-ден, ата-ананың біреуі ішімдік, есірткі қолданған отбасы жағдайы төмен балалар, көбінесе күйзеліске ұшырайды. Олар балалар көзінше ішімдік ішіп, есірткі қолданып, жанжал шығарады. Мұның бәрі жас баланың психикасына әсер ететіні сөзсіз. Өкінішке орай бұл: балалардың қамқорсыз қалуына, оқуын жіберуі немесе тастап кетуіне, көшеде қайыр сұрауына, қылмыс жолына түсуіне әкеліп соқтырады.

3-ден, адамдар өз болашағының жақсармайтындығын біліп, туып жатқан әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмейтіндігінен, балалардың болашағына деген жауапкерсіздіктің пайда болуына әкелді. Содан көбіне ата-аналар өз балаларына уақыт бөлмей, тәрбиесімен айналыспайды.

БҰҰ Бас    Ассамблеясының күн тәртібінде бала құқығының әлемдегі жағдайының қаралуы жәйдан жәй нәрсе емес. Осыған мысал ретінде, Бас Ассамблеяның 54-нші сессиясын ашқан кезде, Намибияның сыртқы істер министрі Тео-Бен Гурираб, балалар болашағын әлем алдында тұрған негізгі жеті міндеттің бірі деп көрсетті, сондай-ақ күнделікті дүниежүзі бойынша ата-аналардың жауапкерсіздігі мен қатыгездігінен балаларға өлім қаупі төніп тұр деп атап көрсетті. Гурираб мырза БҰҰ-ның жаңа мыңжылдықты халықаралық әлем мәдениеті және балаларға қатысты зорлық-зомбылықсыз онжылдық деп атауды қолдады.

4-ден, кейбір отбасыда балалар өз-өзін асырау үшін өз бетімен жұмыс істеуіне тура келеді. Сол себептен аяғына дейін оқуын жалғастыра алмайды. Бұл болса жарқын болашаққа деген мүмкіншілікті азайтады, ал қазір болса сауатты да, білімді адамдарға сұраныс өте көп. Одан бетер өкініштісі, кедейшілік пен тұрмыс жағдайының жоқтығынан балалардың орта білім алуына, дамуы артта қалған елдерде балалардың тең жартысы бастауыш білім алуына қолы жетпейді. Дүние жүзі бойынша 130 миллионнан аса мектеп жасындағы балалар қандай да болса мектепте оқуына мүмкіншілігі жоқ. Бұл ағымдағы кризистің салдары әлі бірнеше ұрпақтар кезінде өзін білдірері сөзсіз.

5-ден, дамуы артта қалған елдерде балалар ауыр физикалық күш жұмсап, үлкендермен тең дәрежеде қауіпті өндіріс салаларында жұмыс істейді. Мысалға, Малайзияда балалар каучуконос плантацияларында кез-келген уақытта шағып алуы мүмкін улы жыландар мен шыбын-шіркейлерге қарамастан күніне 17 сағат бойы жұмыс істейді. Біріккен Танзания    Республикасында балалар мақта жинап, пестицидтармен дем алады. Португалия балалары 12 жастан бастап құрылыс алаңында ауыр да, қауіпті жұмыс атқарады. Балалар еңбегін жаппай қолдану жас өспірімдер арасында кәсіптік аурудың таралуына, баллардың жарымжан және мүгедек болуына әкеліп соқтырады. Бала еңбегіне тиісті шек қою туралы заң қабылданса да, осы күнге дейін буыны бекімеген миллиондаған жас балалар ертеден кешке дейін жұмыс істейді.

6-дaн, өмір жағдайының ауырлығынан балалардың көбі өздері, я ата-аналарының айтуы бойынша жыныстық қатынастарға түседі, ал ол балалардың деперсонализацияға ұшырауына, балалардың санының үлкеюіне, СПИД ауруымен ауыратындардың көбеюіне алып келеді.

7 – ден ата – аналардың екпе егуге еш себепсіз рұқсат етпеуі, балаларға қол көтеруі, балаларды өмірге әкеле сала қоқыс жәшігіне тастауы. Жалпы осы кезде ата – ана заң бойынша ата – ана құқығынан айырылады.

Ішкі істер министрінің есебінше былтыр балаға жауыздық таныту бойынша 44 факт тіркелген, 1000 нан аса адам ата – ана құқығынан айырылған. Негізі ата анадан құқығынан жылына 1000 дай адам айырылады.

Ата аналардың вакцинаға көз қарасы қандай?

Бұрын жұртшылықтың вак­­ци­нациялауға деген кө­з­қарасы бас­қаша еді. Ал қа­зір алдын ала иммун­­дау­дан бас тартқан ата-ана­­лардың қатары көбейіп келе жат­­қаны жасырын емес. Бұ­ған вак­цинаның айна­ла­сындағы әр­түрлі алып-қаш­па әңгімелердің, оған қар­­сы түрлі ақпараттық-­ н­а­­­си­хаттық жұмыстардың се­­беп бо­лып отырғаны анық. Бұрын ке­­ңестік заманда екпе салуға үл­­­кен жауапкершілік болатын, әр баланың организміне жеке мән берілетін. Ал бүгін мұн­дай жа­у­апкершілік азайған. Ба­лаға вак­­­­цина салмас бұрын педиатр-дә­­рігер алдымен сәбидің қа­лай ту­­ғанынан бастап, қандай ау­ру­­лар­­мен ауырғанын толық зерт­­теп алуы қажет. Егер бала­ның ден­­сау­лығында сәл кінәрат табылса, дене қы­зуы байқалса, тамағы қы­зарса, онда екпе жасауға қа­таң тый­ым салынады. Тіп­ті екі күн бұрын ауырып тұр­ған ба­лаға да иммунитеті қал­пы­на келгенше екпе салын­бай­ды. Егер сә­би­дің аллер­гиясы болса, онда вакцинадан бұрын алдымен ан­тигистаминдік дәрілер б­е­рілуі керек. Осы сияқ­ты про­филактикалық шарала­р жүр­гізілгенде ғана ас­қынулар бол­майды.

Екпеден бас тартуға негізгі себептер:

Діни наным – 43%

Үгіттеу – 45%

Жағымсыз ақпараттар – 6%

Екпенің сапасына күмәнмеу қарау – 6%

Әрине, әр ата-ананың баласына екпе салдырмауға құқығы бар. Себебі олар 18 жасқа дейін өз баласының өмірі мен денсаулығына жауапты. Бірақ екпеден бас тартуға бел буған адам оның заңды және медициналық тұрғыдан саналы қадам екеніне көз жеткізуі керек. Болашақта емханалармен, балабақшамен және мектеппен ешқандай қиындықтар туындамауы үшін дұрыс рәсімделуі тиіс. ҚР “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексінің 156-бабына сәйкес, дәрігер профилактикалық екпе салар алдында адамды толығымен тексереді. Екпенің салыну мақсатын, оның жанама әсерлері мен асқынған жағдайда не істеу керектігін, одан бас тарту салдары туралы толық ақпарат береді.
Екпеден бас тартқан жағдайда оның себебін жазбаша түрде жазып беру керек.
Жұқпалы аурулардың ұшқыны болмас үшін балалар балабақшаға екпе алғаннан кейін қабылданады. Екпемен қорғалмаған балалар жұқпалы аурулар тіркелген сайын карантин аяқталғанша балабақшаға бармайды.

Егер ата-ана баласына екпе салдыртудан бас тартса, оның шешімі медициналық құжаттарға жазылуы тиіс. Ата-ана мен медициналық қызметкер осы жазбаның астына қолдарын қоюы қажет. Сонымен бірге міндетті түрде бұл шешімнің мүмкін болатын салдарлары көрсетіледі.

Баланың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгені туралы, оның заңды мүдделері бұзылғандығы туралы  белгілі болған  ұйымдардың  лауазымды адамдары  мен өзге азаматтар ол жөнінде  баланың іс жүзінде тұратын жері бойынша  қорғаншы және қамқоршылық қызметіне хабарлауға міндетті.

Көптеген Еуропа мемлекеттерінде, АҚШ-та, Канадада арнаулы қызметтер (полиция) жұмыс істейді. Балалар соларға телефон соғып, ата-аналарының дәрекі қылықтары, күш қолданып жөбірлеуі туралы хабарласса, олар тездетіп сол араға жетіп шаралар қолданады, ата-аналарынан айыппұл алады.

Өз еліміздеде 2017 жылы 17 сәуірде 111 нөмірлі бірыңғай байланыс орталығы ашылды. Орталықтың мақсаты – балалар мәселесі мен кризисті жағдайларын оперативті түрде шешу болып табылады.Байланыс орталығы тәулік бойы, әрі тегін жұмысм істейді. Балалар аталмыш желі бойынша, яғни 111 нөміріне хабарласып, жасырын түрде көкейдегі сұрақтарыын қойып, кез – келген көмек сұрай алады. Сенім телефоны идеясы балаларға бағытталған қылмыс пен зорлықтың азаюына сеп болып, оларға моральді, рухани көмек көрсетіп, әрі кез- келген сұрақтар бойынша рухани қолдау мен көмек көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабында көрсетілгендей мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы- халық. Азаматтарымыздың көгеріп, көркеюі- мемлекетіміздің басты мақсаты болып табылады.

Біздің қоғамымыздың қазірігі кезде әлеуметтік өзгерістерді басынан кешіріп отыр. Балаларға және жастарға қатысты заңнама да өзгеріп, жаңарды. Балалармен және жастармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар қызметінің ұйымдастырылуы және мазмұны өзгереді. Мүлдем басқа жаңа мәселелер пайда болып, үлкендердің де, балалардың да өмірі едәуір өзгерістерге ұшырады. Болған өзгерістердің жаңа өмірдің талабына жауап бермейтін жұмыстың нысандары мен әдістері қажетсіз болып қалды. Бірақ, өкінішке орай пайдалылығы дәлелденген балалықты қорғаудың көптеген түрлері мен бағыттары ұмытылып қалды. Балалар үшін барлық қажетті және мүмкін болатын шаралар жасалып отырған жоқ. Ал, бұл мәселенің балалықты қорғау аясындағы құқықтарды қолдануға, балалардың әртүрлі мүдделерін қорғауға тікелей тұрғыда қатысы бар.

Бала құқығын қорғау ұйымдары елемізде бой көтерген. Атап айтар болсақ:

  • Аналар үйі
  • Үміт үйі
  • Ана мен бала орталығы
  • Балалар үйі
  • Қамқорлық үйі секілді уақытша паналау орталықтары.

Жас аналар (әдетте, студент немесе кәмелетке толмағандар) материалдық қиыншылықтары шешілгенше, жоғары оқу орнын бітіргенше, кәмелетке толғанша балаларын уақытша тәрбиелеуге бере тұратын Үміт үйі кұрылды. Мұндай аналардың өз балаларына келіп, кездесіп тұруына, қамқорлық жасауына тыйым салынбайды

Қорытынды 

Қазіргі кезде бала құқықтарын қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бүкіл әлем қызығушылығын туғызып отыр. Бұл қоғамның өміршеңдігін кепілдік етудегі және оның келешек дамуын болжаудағы өсіп келе жатқан ұрпақтың анықталған рөлімен түсіндіріледі.

Бірақ, шынында, әлемдегі бірде бір ел мемлекет бала құқықтарын сақтау жөнінен өзін үлгі етіп қоя алмайтындығын айтқан жөн.

  • Жалпы, баланы тәрбиелеу ол ата – анаға тікелей байланысты. Қазіргі таңда елімізде жас қыздар ана атануда. Олар болашақта өз балаларына күтім жасап, оған айтарлықтай тәрбие бере алатынына кім кепіл?
  • Осы орайда елімізде «Болашақ ана» клубы ашылса деймін. Бұл клубта өте тәжіребиелі мамандар болашақ аналармен өз тәжірбесін бөлісе деймін. Бұл уақытқа дейін жоғарыдағы мәселелерді үйде анамыздан алуға болатын. Бірақ қоғамымыздағы нәзік жандылардың отбасылық жағдайы әр түрлі болуы мүмкін. Біреуі анасымен ашық әңгіме айталмаса, енді біреуінің жақыны мүлде болмауы мүмкін.
  • Елімізде сонымен қатар некесіз жүктілік пен тастанды балалар саны артуда. Осыдан бастан бала құқығы, яғни оның өмір сүру құқығы бұзылды деп айтсам еш қателеспеспін.
  • Бұның алдын алу үшін жоғарыда айтылған ұсынысым өз нәтижесін берсе деймін. Әр облыс орталығында «Болашақ ана» клубы бой көтерсе деймін.
  • Бұл жоба аясында еліміздегі нәзік жандылар кішкене болсын ана болудың, балаға дұрыс тәрбие берудің қыр – сырын біліп, өмірге өз перзентін ешқандай қорқынышсыз дүниеге әкелер еді.
  • Барлық адам тұңғыш ПрезидентіміздіңҚазақстан – 2050» Стратегиясында айтылған «Біздің елде дүниеге келген әрбір сәби Қазақстандық екенін, оларға мемлекеттің қамқорлық пейілі шексіз болатындығын және барлық ата-ана «Бар жақсылық-балаларға!» атты қағиданы ұстанса екен.

Қорытындылай келгенде, балалықты құқықтық қорғау мәселесінің көкейтестілігі және көпқырлылығы соншалық, ол үнемі ғалымдар мен тәжірибедегі адамдардың назарын аударып отырған маңызды фактор болып табылады.

Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата – ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын

You May Also Like

Адыраспанның емдік қасиеті, ғылыми жоба

Адыраспанның емдік қасиеті Мақсаты: Өлкемізде өсетін дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттерін зерттеп, пайдалану…

Ұлттың рухани көсемі, ғылыми жоба

                                                          КІРІСПЕ ХХ ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар…

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы

Әртүрлі былғарылық тері шикізатының тауарлық сипаттамасы Әртүрлі үй жануарлары мен жабайы аңдар…

Гидразин туындыларының ағзаның гематологиялық және цитогенетикалық көрсеткіштеріне әсері, ғылыми жоба

ҒЫЛЫМИ ЖОБА Тақырыбы: Гидразин туындыларының ағзаның гематологиялық және цитогенетикалық көрсеткіштеріне әсері   МАЗМҰНЫ …