Жұмыстың  секциясы:               Қазақ тілі және әдебиеті

Жұмыстың  тақырыбы:            «Абай өлеңдерінде кездесетін синонимдер»

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Абай өлеңдерінде кездесетін синонимдердің рөлі
  4. Синонимдердің көпмағыналығы

III. Қорытынды

Аннотация

Біздің ғылыми жобаның негізгі мазмұны –  Абай өлеңдерінде кездесетін синонимдерді анықтау және олардың қаншалықты рөл атқаратынын зерттеу. Абай өз өлеңдерінде мәндес сөздерді көп қолданған.

«Абай өлеңдерінде кездесетін синонимдер» тақырыбында  жазған  ғылыми  жұмысына

Рецензия

Бұл шағын ғылыми жобада оқушы өзінің жас ерекшелігіне сай тақырыпты таңдап, жан-жақты ашып, Абай өлеңдерінде кездесетін синонимдерді зерттеп, біршама зерттеу жұмыстарын жүргізген. Тақырып төңірегінде мамандардың пікірлерін тыңдап, кеңестерін алып, мәліметтерді жинақтау жоспарларымен ой бөлісті. Синонимдердің қаншалықты қолданылғанын жан-жақты зерттеп, өз тақырыбын аша білген. Аружанның жобасы маған ұнады. Себебі, оқушы  өз тақырыбын мұқият талдап, зерттеп, біршама жұмыстар жүргізген.

— ғылыми ізденісіне сәттілік тілеймін!

«Абай өлеңдерінде кездесетін синонимдер» тақырыбына

Жетекші  пікір

Бұл ғылыми жобада синонимдердің қаншалықты кездесетінін, әрбір өлеңдерін оқып талдады. Абайдың 30 шақты өлеңдерін мәнерлеп оқып, мәндес сөздерді тауып жазып отырды. Өзінің таңдаған тақырыбын аса қызығушылықпен орындады. Аружан берілген тапсырмаларды уақытында орындап, мәліметтерді мұқият жинақтай білді.

— бұл жұмысында синонидерді қаншалықты кездесетінін зерттеп, аша білді. Өзінің мақсатына қол жеткізді.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Абай өлеңдерінде кездесетін синонимдердің мән-мағынасын ашу,  олардың қаншалықты рөл атқаратынын анықтау.

Міндеттері:

  • Кітапханалардан синоним туралы ақпарат қарастыру.
  • Оқулықтардағы синонимдердің ерекшеліктерімен танысып, талдау жасау.
  • Синоним туралы оқулықтар мен материалдарға сүйеніп, оларға сипаттама беру.

Ғылыми  жаңалығы:

  1. Синонимнің мағынасын ашу
  2. Абай өлеңдерінде кездесетін мәндес сөздердің мағынасын анықтау
  3. Қазіргі заманда синонимдердің атқаратын рөлі
  4. Оқушылардың шығармашылыққа қызығушылықтарын арттыру. Адамгершілік құндылықтары дамиды, өз-өзін алға жетелеп, алған білімін өмірде қолдана алатын, өркениетті қоғамға лайық дара тұлға деңгейіне жетеді.

І. Кіріспе бөлім

Менің аты-жөнім –

Мен  —-сыныбында оқимын.

Мәндес сөздер (синонимдер) дегеніміз -тұлғалары бөлек, мағыналары бір-біріне жақын сөздер. Мысалы:әдемі, сұлу, көркем.

Мәндес сөздер- көркем әдебиеттің, оның ішінде поэзия тілінің ең бір қажетті құралы. Көркем сөз шебері. Мәндес сөздерді дұрыс қолдана білуі арқылы айтпақ идеясын дәл ұсыну, образды әсерлі етіп шығару сияқты шарттарды жүзеге асырады. Ұйқас жасауда да ақын  мәндес сөздердің көмегіне жүгінеді. Бір сөзді шағын микротексте, яғни бір сөйлемнің немесе бір өлең шумағының ішінде қайталамау сияқты қарапайым эстетикалық талапты орындау үшін де мәндес сөздер бірден-бір қажет құрал болып табылады. Бұл қажеттілікті Абай жақсы сезініп, мәндес сөздердің дұрыс жұмсалуына баса көңіл бөлген. Ең алдымен, ол мәндес сөздердің мағыналық реңктерін айтпақ ойының мазмұнына сай қолдануды көздеген.

Мәндес сөздерді таңдауда олардың семантик жағынан нақтылық-жалпылық, стильдік жүгі жағынан жоғарылық – пәсті, бейнелі бояуы жағынан бейтараптық- әсерлілік реңктерін дұрыс айыру – Абайдың тіл құдіретін жазбай танып, сөз сырын тап баса білгенін керсетеді. Мысалы, әйел, қатын, ұрғашы деген синонимдердің мағыналық реңктерін орынды пайдаланады: әйел, ұрғашы сөздерін көбінесе, жалпы әйел затын әңгіме еткен сәттерде келтірсе, қатын сөзін нақтылы біреудің әйелі туралы айтылған орайда жұмсайды (оның жұбай, зайып синонимдері Абайда жоқ, демек, қатын сөзі осы күнгідей қарапайым сөз ретінде дөрекілеу, бейтарап мәнді сөз емес, жалпы әдеби нормадағы қолданыс). Мысалы, «Әйел адам гүлмен тең», «Ұрғашы да көп жан ғой, досым болса», «Түңлікбайдың қатыны атың – Шәріп». Ер, бай сөздері де бірінің орнына бірі талғаусыз жұмсалмайды: ер жалпы ұғым. Мысалы, «Ері ашу айтса, әйелі басу айтып». Мұнда әңгіме нақты бір әйелдің жұбайы туралы емес.

Абай сөзі нақты бір әйелдің күйеуі туралы немесе әзіл, сықақ мәні керек жерде қолданылады, яғни ер сөзі жоғары стильдік, бай пәс стильдік сөз ретінде ажыратылып жұмсалады. Алла, құдай, тәңір сияқты мағыналық реңк айырмашылықтары жоқ «таза» синонимдерді де Абай талғап пайдаланады; өлең ұйқасын жасау үшін немесе қатар келген өлең жолдарында бір сөзді қайталай бермес ұшін екеуін, үшеуін бірдей қолданады.

ІІ.Негізгі бөлім:

Абай өз өлеңдерінде синонимдерді өте көп қолданған. Мысалы, «О да құдай пендесі түспей кетер деймісің Тәңірінің құрған төзіне». Ислам діні сөз болған жерде алла синонимі көбірек, ал әңгіме жалпы «құдіретті күш, жаратушы»жайында болса, құдай сөзі жай ұшырасады. Бұл сөзді Абай 160 рет қолданып, оның халық тіліндегі құдай сақтасын, құдай ұрсын, құдайға жазу, құдай атсын сияқты тіркестерін бұзбай келтірген. Көне түркінің «өз құдайы» тәңірі сөзі 43 рет жұмсалып, көбінесе құдай сөзін алмастырып отырады. Мысалы, дыбыстық қайталаулар құру керек жерде келтіріледі. Айталық, «Тәңірі сақтар табандап, тап ұрса да» деген тармақта «т» дыбысынан басталатын ал- литерациялық қатар үшін ақын құдай сақтар деп бермей, тәңірі сөзін пайдаланады. Мәндес сөздердің қолданысына келгенде Абай тілінің көзге түсер бір ерекшелігі – оларды қаттап (қабаттастырып), яғни бірнешеуін қатарынан келтіріп пайдалануы, бұл – стильдік мақсатты реттейтін амал. Мысалы, «Түзу кел, қисық, қыңыр, қырын келмей», «Есер, есірік болмасаң, Тіршіліктен пайда жоқ», «Абайлаңыз, байқаңыз, елдің жайы солай-ды» деген өлең жолдарындағы қатарынан келтірілген мәндес сөздер бір н-бірі толықтыра түседі, мағынаны күшейтеді.Ал «Өтірік берген қағаздың Тауып алып жалғанын… Босқа ұялып, тек кейменіп» сияқты қатарлар дағы мәндес сөздер бір микротексте сөз қайталай бермес үшін қолданылған. Осы іспеттес қызметтерде Абай тілінде рас – шын, жақындау – жуықтау, ауыр – қатты, туысқан – ағайын, бәле – кесепат, алаш – жұрт – ел, уайым – қайғы деген мәндес сөздер қабатталып шебер жұмсалады. Мәндес сөздерді таңдауда Абай ақындық дарынын танытып қоймай, «Өлең деген-әр сөздің ұнасымы»деп, өзі айтқан қағиданы дәлелдейді. Мысалы, Әбдірахманның әйелі Мағышқа шығарып берген жоқтауындағы: «Қызықтың заңғар басынан Қорлыққа кеттім жығылып, Құдай қосқан қосақтан жалғанда қалдым жырылып. Қайғыңда қалдым қамалып, қызығым кетті сырылып» деген тармақтарда ақын құлау сөзін емес, оның жығылу синонимін тандайды. Әдетте заңғар биіктен бір нәрсе немесе адам құлар болар, жығылу – адам өзі аяқ басып тұрған жеріне немесе аттан, түйеден құлағанда болатын қимыл атауы. Ақын бұл жерде заңғар биіктен құладым десе, ол айтпақ ойды қалыпты түрде, бейтарап мәнде хабарлау ретінде ұсыну болар еді, ал заңғар биіктен жығылу дегенде, баяндау үні мағыналық контраст арқылы бейнелі мәнге ие болады. Сол сияқты, қаралы Мағыш құдай қосқан қосағынан айрылдым демейді, жырылып қалдым дейді, оның көріп келген қызығы жай етіп кетпейді, сырылып кетеді. Мұндағы таңдалып алынған мәндес сөздер оқырман (тындарман) сезіміне қатты әсер ететін, айтылмақ ойға бейнелі ең беретін түрлері. Абай мәндес сөздердің қатарлардың біреуін дәл таңдап, тап басуын, әсіресе, аударма өлеңдерінде жақсы танытқан. Аударып отырған шығарманы негізінен дәл беру үшін, оны жай кешірме емес, екінші тілдегі поэзия етіп ұсыну үшін әрбір сөздің бояуын, сезімге білінер-білінбес семантик реңктерін, өзге сөздермен тіркесу қабілеттерін – баршасын іске асыру керектігін жақсы сезінген Абай Лермонтовтың «Пустыня вяемлет богу» деген ойын «Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп» деп аударады. Бұл жерде Абай орысша внимать етістігінің кітаби поэтик сөз екенін іштей сөзініп, оның қазақша тыңдау, құлақ салу дегөн аудармаларын алмай, мүлгу сөзін таңдайды. Абай мәндес сөздердік қатарларды образды дәл беру, ойды айқын, әсерлі етіп жеткізу үшін шебер пайдаланған, жалпы әдеби тілдің, оның ішінде поэзия тілінің сөз айналымын күшейткен, сөздік байлығын арттырған. Бұл үшін тілдегі бар мәндес сөздерді өлең тіліне тартумен қатар, сирек қолданылатындарын қайта жандандырған. Мысалы, бұзу-кесу, бүкіл – мұқым т. б. сөздерді пайдаланған; ежеттес – сырлас, әз тұту – қадірлеу т. б. өзге тілдердегі мәндес сөздер ұсынған. Мысалы, бұл күнде көбінесе әңгімелесу, сырласу мағынасында қолданылатын арабтың сұхбат сөзінен жасалған сұхбаттық сөзін жолдастық сөзінің синонимі ретінде жұмсаған. Ал кейбір тіркестердің синонимін өзі жасаған. Мысалы, қоңыр көру дегенді кем көрудің синонимі ретінде ұсынады. Бұл жаңа тіркестің бейнелі түрі бейтарап кем көру тіркесінен әлдеқайда күшті екенін Абай жақсы сөзген.

Абай Құнанбаев өз шығармаларында екі сөзден тұратын синонимдерді өте көп қолданған: айтыс-талас, мұқтаждық-жоқшылық, жекешіл-дарашыл, қорлық-масқара, ұйымдастырушылық-басшылық, тұсау-кедергі, таратушы-уағыздаушы, сотқар-бұзар, адамгершілік-кісілік, әділетсіздік-қиянат, зорлық-үстемдік, араздық-өштік, қайыршылқ-сорлылық, кейіс-реніш, мүдде-мақсат, өшпенділік-қастандық, ұғым-түсінік, ой-толғаныс, наразылық-қарсылық, туысқандық-жақындық, мін-кемшілік, жәрдем-көмек, саз-нақыш.

Үш сөзден тұратын синонимдік қатар да кездеседі: қараңғылық-надандық-түсінбегендік, емеуірін-нобай-тұспал, өзгешелік-ірілік-классиктік, ыза-реніш-мұң, келбет-шырай-көрік, жігіт-ер-азамат, қадір-бедел-абырой т.с.с.

Төрт сөзден құралған синонимдер де қисынмен жұмсалып тұр: имам-сопы-молда-ишан, манасшы-дастаншы-жомықшы-ыршы, мазақ-әжуа-мысқыл-қалжың.

Бес сөзден құралған синонимдер: әкім-төре-сұлтан-болыс-би. Образдылық-ырғақтық-үндестік-шумақтық ұқсастық.

Көптеген сыншы-жазушылардың еңбектеріне 5 синонимдік қатарды көре бермейміз. Абай мұның өзін шебер пайдалана білген.  Мұндай синонимдік қатардан контекстік те жүйелі синонимдерді де кездестіреміз. Синонимдердің осы екі түрінің бірін ғана қолдануды талап ету әрине дұрыс емес. Синонимдердің  бұл екі түрінің аралас-құралас қолданылуы тіл байлығына еш нұқсан келтіріп отырған жоқ.  Қайта мол пайда береді.  Жазушының сөз қолдануын  ой елегімізден өткізер болсақ контекстік синонимдерді саналы түрде қолданып отырған.

Мысалы: «Бұған себеп: қазақтың надандығы,өзге жұрттан төмендігі, саяси пікірінің оянбағандығы, жалпы тарихи халінің нашарлығы. Осы себептен қазақ оқығандары социальный революцияны мақсұт қылса да, қазақтың қараңғыда жатқан қалың елінің бір тілегі соңынан қалмайды. Ол тілегі: елді мәдениетке жеткізіп, ағарту, өнер-білім таратып, құралдандыру, дүниенің халін көруге  көзін ашу, шаруасы түрлеп, ішінен жетілді».

Мысалдан байқағанымыздай синонимдік қатардағы бірнеше сөз тура мағынасын сақтайды, сол тура мағыналарын сақтап тұрған жеке не бірнеше сөзбен  синонимдік қатарда тұрған басқа сөз өз мағынасын контекстегі ойға орай сәл өзгертіп,олармен мағыналас келіп отырады.

Қорытынды

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!..

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Абай әкесінің әділетсіздігімен, қаталдығымен келісе алмады және көп істерге, әкесінің ырқына көнбей, әділ үкім шығарып отырды. Яғни, ел-жұртына қаншама өлеңдер арнады. Әрбір өлеңін оқи отырып, синонимдерді кездестіруге болады. Синонимдер әрбір адамның тіл байлығын, сөздік қорын молайтуға, сөз бен сөйлемдерді дұрыс қолдануға көмектеседі. Өзіміз күнделікті өмірде де синонимдерді пайдалануымыз керек.Өлеңдерін оқыған сайын тәлім-тәрбие аламын. Сонымен қатар, синонимдерді үнем іздестіріп отырамын. Олардың мағынасын сөздіктерден қарап салыстырамын. Алдағы уақытта осы ғылыми жобамды әрі қарай зерттеп, зерттеу жұмыстарын жалғастырамын.

You May Also Like

Пияз – жеті дертке ем, ғылыми жоба

Тақырыбы: «Пияз – жеті дертке ем»             Мазмұны: Кіріспе________________________________ 5 Жұмыстың өзектілігі__________________…

Қымыз, ғылыми жоба

  ҒЫЛЫМИ ЖОБА  Секция: медицина және адам денсаулығын қорғау  Тақырыбы: «Қымыз»  …

Түйменің таңғажайып тарихы, ғылыми жоба

Түйменің таңғажайып тарихы І Кіріспе Менің зерттеу жұмысым «Түйменің таңғажайып тарихы» деп…

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің тиімді тәсілдері, ғылыми жоба

Жоспары 1.Кіріспе бөлім 2.Негізгі бөлім 2.1 Көпмүшеліктерді жіктеу әдістері. 2.2  Горнер схемасын…