Тақырыбы: «Пияз – жеті дертке ем»

            Мазмұны:

  1. Кіріспе________________________________ 5
    • Жұмыстың өзектілігі__________________ 6
    • Тапсырманың берілуі_________________
    • Мақсаты____________________________ 6
  2. Пияз –жеті дертке ем_____________________
    • Ботаникалық сипаты___________________7
    • Химиялық құрамы____________________ 8
    • Пияздың түрлері______________________9-10
    • Пияздың шығу тарихы_________________11
    • Пияздың қолданылуы__________________
  • Медицинада_______________________ 11
  • тұрмыста қолданылуы_______________12
  • косметикада_______________________ 12
  • тағамда қолданылуы________________ 14
  1. 3. Қызықты мәліметтер_____________________15

3.1.  Қорытынды___________________________16

  1. Қосымша________________________________

4.1. Зертханалық жұмыс__________________17-18

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі__________19

Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.

Мен кішкентай кезімде өте жиі суықтап ауыратынмын, әсіресе қыста және көктемде. Сондықтан мені апам тамағыма пияз қосып беретін.Сонымен бірге үйдің әр бұрышына пиязды турап ыдыстарға салып қоятын. Сүтке пияз турап беретін. 2-3 күннен кейін суық тигені кететін. Сол кезден бастап мені пияздың емдік қасиеттері қызықтыратын. Сол себепті мен ғылыми жұмысымның тақырыбын «Пияз, оның қасиеті және адам денсаулығына әсері.» Менің ойымша бұл тақырып қазіргі таңда өте кең тараған, ұмытылып бара жатқан жеміс –жидектердің пайдасын жиі есімізге алып жүруіміз қажет, өйткені осы жемістердің арқасында біздің ата-бабамыздың денсаулықтары бізге қарағанда әлдеқайда денсаулықтары өте жақсы болған.

Әсіресе  қазіргі   короновирустық  пандемия  жағдайында  пияз  адамдардың  иммунитетін  көтеруге  пайдасы бар

Ең маңыздысы осы заттардың атын ғана емес, пайдасында, біз білуіміз керек. Мына осы мәселені өз жұмысымда көтермекпін.

Зерттеу мақсаты: пияздың маңызды қасиеттерін анықтау.

Тапсырма:

1.Пиязда қандай дәрумендер бар?

2.Пияздың қабығын аршығанда неге жылаймыз?

3.Пияз не үшін пайдалы?

4.Пияз бізге қайдан әкелінді?

5.Пияздың  құрылысын   микроскоппен  қарау

Өз жұмысыма шөптерден жасалатын дәрілерлердің құрамы  туралы мәліметтерді негіз қылдым. Ғалым – ботаниктердің жұмыстарын оқыдым және апамның өз тәжірибесінен әңгімелерді көп тыңдадым. Үйде пиязды өсіру туралы зертханалық жұмыс жасадым.

Тақырыбы:  «Пияз-жеті дертке ем» 

Зерттеудің өзектілігі :

Пияз өсімдігінің  үшін пайдасы мол болуына байланысты, керекті кезде үнемі  тұтыну керектігін ескеру. 

Зерттеудің мақсаты:   Пияз өсімдігі  адам үшін пайдасы зор екенін дәлелдеу. 

Зерттеу міндеттері : Пияздың өзге өсімдіктерден  айырмашылығына тоқталу.  

Зерттеу бағыты мен саласы: Ғылыми-жаратылыстану.       Биология 

Бағыты: Ғылыми-жаратылыстану.Биология

Пияздың сипаттамасы

Пияз (Allіum cepa) — жуа туысының ең көп тараған түрі. Шыққан жері — Орталық Азия және Ауғанстан. Пияз өсіріп алынатын бадана тегіс, ұзын немесе домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, біріне-бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады. Қабыршақтың жоғары бөлігі жұқа, жалған сабақ құрайды. Сыртқы қабыршақтары бірте-бірте өледі де, жамылғыға айналады. Олар сары, қоңыр, қызғылт-көгілдір, ал кейде ақ түсті болады. Пияздың жапырақтары етті қабыршақтың жалғасы сияқты. Олар түтікті, үшкірленген, ұз. 20 — 50 см, 18 — 20oС-та жақсы өседі. Гүл шоғыры — шар тәрізді шатырша, гүлдері қос жынысты. Тұқымы — қарашық, ұсақ (1000 данасының салм. 3,5 — 4,0 г), қара, пирамида пішіндес, 2 — 4oС-та өне бастайды. Тығыз және ұзақ бөртетін қабықты болғандықтан тұқымы өте баяу өнеді. Құнарлы, қарашірігі мол, қышқыл емес, қоректік заттарға бай, арамшөптерден тазартылған топырақта жақсы өседі. Қазылып алынған бадананың аязға төзімділігі кемиді, толық піскендері 3оС суыққа шыдай алады.

Пияздың химиялық құрамы
Мамандардың айтуынша, пияздың құрамында азоттық заттар,
минералды тұздар, органикалық қышқылдар,  глюкозидтер,  С,В,А дәрумендері, флавоноидтар бар. Пиязды тураған адамның көзінің ашып, жас шығуы оның құрамындағы эфир майларының әсерінен. Пияз баданасының құрамында (сортына қарай) 2,4 – 14 пайыз қант, 2 – 13,9 миллиграмм пайызда С дәрумені, 18 пайыз құрғақ зат, 2 пайыз шамасында белок, эфир майы, жапырағында 25 – 47,7 миллиграмм пайызда С дәрумені және 1,5, – 5,9, пайызда А провитамині болады. Енді жеке-жеке тоқталсақ, басты пиязда С дәрумені 10 миллиграмм пайызда, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлаққа қарсы қасиеттері де мол. Батун – пияздың сабақтарында С дәрумені 80 миллиграмм пайызда, қаратал пиязында В, В, РР дәрумендері, каротин бай, С дәрумені 35 миллиграмм пайызда, шниит пиязда С дәрумені 7 – 105 миллиграмм пайызда. Шалот – пиязда 13 пайыз қант (сабақтарында) кездеседі.
Дәрілік шикізат ретінде көбінесе пияздың түбір түйнегін пайдаланып, емдейді.

Холестерин деңгейін азайтады, жүректі күшейтеді және қатерлі ісік ауруынан қорғайды

Пияз холестеринмен күресуге көмектеседі, өйткені ол оның деңгейін едәуір түрде азайтады. Қанды сұйылту әсерін береді, соның арқасында күретамырдағы іркілістердің пайда болу қаупін азайтады, қан қысымын түсіреді және жүректі қорғайды. Қазіргі кезде пиязды және одан жасалған өнімдерді күнделікті пайдалану қатерлі ісік ауруларының пайда болуын азайтатын дәлелдеуді мақсат еткен кең көлемді зерттеулер жүргізілуде.

Жылатады

Пиязды турағанда біз неге жылаймыз?  Бұның бәрі пияздан бөлінетін  L F S энзимдерінің құрамында күкірті бар аминқышқылдармен араласу кезінде түзілетін сульфон қышқылдарының жұмысы, олар шырышты қабықты және жас бездерін тітіркендіреді және бұл жас тамшыларының бөлінуіне әкеліп соғады. Егер ақжелкенді немесе қуырылған кофе дәнін шайнасаңыз, бұл ұнамсыз құбылыс жоғалады.

Пияздың түрлері

Жалпы, пияздың аю пиязы немесе жабайы пияз, жеңіс пиязы деген түрлері бар. Аю пиязы бізде кездеспейді, жеңіс пиязы (черемга) Орал, Ақтөбе өңірінде өсіріледі. Дәміне қарай пияз: ащы пияз, жартылай ащы пияз, тәтті пияз деп бөлінеді. Аспаздар мен мамандар пиязды: басты пияз (қатпарлы), батун – пияз, корей – пияз, шнитт – пияз, шалот – пияз деп және тағы да басқа атаулармен сорттап жатады.
Басты пияз. Түйнегінде белок, клетка (талшық) қабығы және минералды тұздар бар. Сорттары: ащы, жартылай ащы, тәтті.
Батун пияз. Оның татарка, дудчатый, қыстық, құмдық деген атауын жақсы білеміз. Тамаққа негізінен, сабақтары пайдаланылады.Қаратал пиязы. Оның жапырақтары ұзын, жалпақ, жасыл,сабақтары жуан. Асқа сабағын жаңа жиналған бетте, қайнатылған, кептірілген, тұздалған түрлерін және жапырақтарын пайдаланады.
Шнитт пияз. (Рязандық, сібірлік, скорода, трибулька). Жапырақтары майда тікенекті, ол жас кезінде жұмсақ, нәрлі. Аязға төзімді, ерте өнім беретін пияз. Оны аз мөлшерде, кейде сәндік және шырын жинайтын өсімдік ретінде өсіреді.
Шалот пияз. (Шарлот, сорокозубка). Оңтүстік аудандарда таралған, тамаққа жас түйіні мен сабақтары сол күйінде, кейде маринадтап, пайдаланылатын өсімдік. Көк сабағы қыста ұзақ сақталады.
Батун-пияз Батун-пияз (татарка, дудчатый, қыстық, құмдық). Тамаққа, негізінен, сабақтарын пайдалан ады, олар түрі мен дәмдік қасиеті жағынан басты пияздың сабағына ұқсайды, бірақ олардан біршама ірілеу. Батун-пияздың кейбір түрлері сабақтарында С витаминінің мол (80 мг %-ке дейін) болуымен ерекшеленеді. Таралу аймағы да өте кең (оңтүстіктен Поляр шеңберіне дейін). Ол аязға берік, күй талғамайды, қыста ашық жерде де ұстауға болады және ерте піседі. Батун – пияздың алғашқы көк сабақтарын ортаңғы белдеуле апрельдің аяғы, майлық басында жинайды. Көк сабақтарды жаз бойы бірнеше рет кесіп алады, бірақ тамыздың бірінші жартысынан кейін тоқтатады, өйткені мұның салдары келер жылдың өніміне кері әсер етеді.

 Порей-пияз Порей-пияз (жақұт порей), негізінен КСРО-ның европалық бөлігінің оңтүстігі мен Закавказьеде өсіріледі.

Ең көп тараған сорты — Қаратал  пиязы.  Бұл пияздың ұзын, жалпақ, жасыл жапырақтары және жуан сабақтары болады. Асқа бұл пияздың сабағын (жаңа жиналған бетте, қайнатылған, кептірілген, тұздалған) және жас жапырақтарды пайдаланады. Бұл пияз витаминдерге (Ві, Вr, РР, каротин) бай, оның құрамында 35 мг % С витамині бар. Оны күздің аяғына қарай жинайды. Ұзақ сақтау үшін сабақтардың жоғарғы жағын (1/3 бөлігін) кесіп алады да, түбірін сақтайтын орынның суық жағына ылғал құммен көміп тастайды. 0°С температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90% болғанда бұл пиязды 3 айға дейін сақтауға болады.

Шнитт-пияз Шнитт-пияз (рязанец, сибирьский, скорода, трибулька) жапырақтары майда тікенекті, оларда С витамині (7 —105 мг %) және каротин болады. Жапырақтары жас кезінде жұмсақ , нәрлі. Өсе келе тез іріленіп кетеді. Бұл аязға төзімді және ерте өкім беретін пияз. Оны аз мөлшерде ғана, кейде сәндік және шырын жинайтын өсімдік ретінде өсіреді. Шалот-пияз Шалот-пияз (шарлот, сорокозубка) оңтүстік аудандарда таралған. Тамаққа жас түйіні мен сабақтарын сол күйінде, кейде маринадтап пайдаланады. Сабақтары кабысқан түтік тәрізді, балауыз түстес болып келеді. Пияздары майда, жұмсақ , дәмі онша ащы емес. Оның құрамында 13% қант (сабақтарына 5,5%) бар. Аязға төзімді, сондықтан оны қысқа қарай егеді, көктемде ол өнімді ерте береді. Бұл пияздың көк сабағы қыста ұзақ уақытқа жақсы сақталатындықтан, оны түйнегінен жұлмайды. Оңтүстікте бұл пияз ды шатырдың астында сақтайды, өйткені 20°С-тық суыққа ұшыраса да дәмі жоғалмайды.

Пияздың тарихы 

Пияз тарихы кем дегенде 3000 жылды құрайды, ал оның отаны Орталық Азия және Үндістан болып табылады. Римдіктердің арқасында ол Еуропаға келді, ал Христофор Колумб оны мұхиттың ар жағына таратты. Пияз суреттері, тіпті, мысыр пирамидаларында да табылды – олардың құрылысын салған құлдардың тағамы пияз болған, өйткені індеттер таралуының тиімді алдын алады. Бүгінде пияз бүкіл әлемде өсіріледі және барлық құрлықтардың тағамдарында үлкен ынтамен қолданылады.

Пиязды медецинада қолдану.

Пияздың құрамындағы фитонцидтер іріңді және ауыртатын микробтарды жояды, ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылығын күшейтеді. Баспамен ауырғанда гайморитте, мұрын бітелгенде пияздың фитонцидімен (иісімен) дем алады.Пияздың шырыны жөтелде қақырықтың бөлініп шығуына жәрдемдеседі.
Пияздың шырынын ара балымен немесе қантпен араластырып ішсе, жөтелге,  туберкулезге ем. Ол және ас қорыту кезіндегі іріткіш үдерістерді басады, зиянды микроағзалардың дамуына кедергі жасайды.Үгілген пияз шырынын жараны, ойық жараны жазатын ем ретінде, теріні қышытатын қабынуларды басуға дәрі ретінде қолданады.
Пияз езіндісі тырнақтың зеңді ауруларын кетіреді.Пияздың шырыны сүйелді жояды.
Пияздың шырыны қырқұлақ (цинга) ауруына шипалы ем.Құрамында калийдің көптігі бүйректің тас ауруларына, құяңға, сары-буынға, семіздікке шипалы, ол бауырдың қыз-метін де жақсартады. Оның атеросклерозда, ағза шаршағанда пайдасы көп.
Пияздың құрамында В дәрумені мол болғандықтан, оның порей түрін науқасқа, балаларға, ой еңбегімен айналысатындарға көбірек пайдалануға мамандар кеңес береді.
Батун пияздың ішек құртына қарсы әсері мол. Оның құрамында атеросклероздың даму
ын тежейтін, зат алмасуға және қанда холестерин деңгейіне ықпал ететін заттар көп.
Сусамырда аспен бірге пісірілген, бұқтырылған немесе шикі жуаны жеген жақсы.
Пияздың жаңа шырыны іш қатқанда, көтеуде (геморойда) жағымды әсер етеді.

Пиязды ауыл шаруашылығында қолдану

Пияздың тұнбасын бақша өсімдіктеріндегі жағымсыз жәндіктерді қорғау кезінде       қолданылады. Ол үшін тұнбаны өсімдікке шашыратып немесе жанына егіп қою керек. Бұл әдісті менің апам жиі қолданады. 

Пиязды косметикада қолдану
Пияздың антисептикалық, зарарсыздандыру және қабынуға қарсы қасиеттері көп. Ол адамның сүйегін, тістерін және тырнақтарын күшейтуге үлкен үлес қосады. Пияз шашты жақсартып, адамның терісін жібек сияқты жұмсақ болуына көмектеседі. Себебі жуаның ішінде мырыш, күкірт және силикон сияқты пайдалы элементтер мол. Сондай-ақ, салмағыңызды азайтып, келбетті бола түскіңіз келсе пияз жеуден тартынбаңыз.

Пиязды тағамда қолдану 

Пиязды біз тағамның барлық түрінде қолданамыз. Пиязбен  жасалатын тағамдар:
Малдың, құстың етінен, балықтан тағам дайындағанда, салат жасағанда оған пиязды кеңінен қолданылатыны мәлім. Біз енді пиязбен жасалатын  кейбір тағамдардың рецептерімен таныссақ:
Пияз соусымен қуырылған тұзды май шабақ. Тұздалған май шабақты алдын-ала жі-
бітеді. Ішек-қарнын мұқият тазалап, басын кесіп тастайды. Сосын ұнға аунатады, өсімдік майымен қуырады. Сосын соусты былай дайындайды: жуаны ұсақтап турайды, тортасы айырылған майға қуырады, қасық толмас ұн және 1 ас қасық қаймақ қосып араластырады, қайнағанша қыздырады, оны балыққа құяды да, дастарханға картоп қосып қояды.

Қызықты мәлімет

Көне замандарда пияздың мистикалық қасиеттері бар деп есептелген. Римдіктер бойтұмар ретінде тағып жүрілген пияздың басы, жауынгерді қасірет және қауіп-қатерден қорғайды деп есептеген.Орыстар да ұрыс даласында оның қасиеттерін қадірлеген, бұрақ бұл басқаша болған: сол етікке салынған үш пияздың басы солдатты жау бір көргенде-ақ қалтырайтын және қашып кететін жүретін үрейге айналдыруы керек болған. Сонымен қатар нанымдар бойынша бұл өсімдік жыландарды үркіткен, ал сонымен олардың уынан да емдеген. Сансыз көп сиқырлы қасиеттерінің ішінде қазіргі медицина растағандары – қырқұлақ және салқын тиюіне қарсы тұру қасиеті де бар.

Әлемдегі ең үлкен пияз Ұлыбританияда өсірілді

Пияздың құрылысын микроскоппен қарау

Қорытынды

Менің ғылыми жұмысымда пияздың ботаникалық және химиялық құрамы анықталды. Пияздың 400 ден  астам түрлері бар. Сонымен қатар пияздың  медецинада, ауыл шаруашылығында, косметикада және тағамда қолданылуы анықталды. Пияздың өсуі барысы туралы зертханалық жұмыс өткіздім. Менің ойымша жұмысымдағы міндеттер мен мақсат орындалды.

Қосымша

Зертханалық жұмыс.

Пияздың өсу барысы туралы зертханалық жұмысым. 

28.03.21 – құрғақ пиязды стакандағы суға салып, терезе алдының  күн көп түсетін жеріне қойдым.

29.03.21 – Стакандағы су сарғайды.

30.03.21– пиязда бір тамыр ағарып көрінді.

31.03.21 – пияздың тамыры көбейді, стакандағы су тұманданды.

01.04.21 – пиязды топырақ салынған құмыраға салып отырғызып, су құйдым.

06.04.21– топырақты ұстап көрдім, топырақ ылғал екен.

07.04.21– Өзгеріс жоқ..

08.04.21 – пиязды суғардым.

09.04.21 – топырақты ұстап көрдім, топырақ ылғал екен.

10.04.21 – топырақты яғни пияздың астын қопсытып қойдым.

11.04.21 – пиязды суғардым.

12.04.21 –пияздың жоғарғы жағы ашылып, жасыл болып тұр.

13.04.21 – пияздан жасыл сабақ шықты.

14.04.21– пиязға су құйдым.

15.04.21 – пияздың сабағы көбейе бастады.

16.04.21 – топырақты қопсыттым.

17.04.21 – пияздың жасыл сабағы  5см.

18.04.21 – пиязға су құйдым.

19.04.21 – жасыл сабағы  7см өсті.

20.04.21 – жасыл сабағы 10см өсті.

21.04.21 – пиязға су құйдым..

22.04.21 – жасыл сабағы 13см өсті.

23.04.21 –. пиязға су құйдым.

24.04.21 – жасыл сабағы – 15см өсті.

25.04.21 – пиязға су құйдым.

26.04.21 – жасыл сабағы – 18см өсті

27.04.21 – жасыл сабақ – 20см өсті ; пияздың жасыл сабағын кесіп тағамның бетін безендірдім.

Қорытынды: үйде пиязды өсіруге болады. Ол 25-30 күнде өсіп шығады. Оның жасыл сабағының ұзындығы 20-25см дейін өседі.

Қажетті жағдай: жарық, жылу, су (жылы су құйылса  пияз тез өседі.)

You May Also Like

Тұздың пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

Тұздың пайдасы мен зияны  Сараптама Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын,…

Өсімдіктердегі қозғалыс, ғылыми жоба слайд

Жасанды тағамдар, ғылыми жоба

«ЖАСАНДЫ ТАҒАМДАРДЫҢ ЗИЯНЫ» МАЗМҰНЫ Кіріспе………………………………………………………………………………………………………7 I тарау      Негізгі бөлім Жасанды тамақтандырудың ережесі…………………………………………………9…

Әтір жасау технологиясы ғылыми жоба

Ғылыми жұмыс Әтір тарихы Біз иіссу тарихын қозғай қалғанда, ең алғашқы дезодоранттың…