Тұздың пайдасы мен зияны

 Сараптама

Бұл ғылыми шығармашылық жұмыс оқушылардың тілін, шығармашылығын, дүниетанымдылығын дамытуға өте қолайлы.

Прaктикaлық жұмыс жүргізілген, оқушы өздігінен сұрақтарға жауап алып тақырыпты кеңінен ашуға тырысты. Тұздың пайдасы мен зияны туралы зерттеді. Не себепті зиян, қандай жағдайда пайдалы екенін  дәлелдеді.

Бұл жобада  Ажар     толығырақ  мәліметтермен, жaңа сөздермен танысады. Тұзды дұрыс пайдалану жолдарын ұсынды. Осыған байланысты өз жасына сай тың  қызықты ақпараттарды да тапқан. Тәжірибе жасап, одан дұрыс қорытынды да шығaрған.    Алған білімдерін практикада қолданады. Оқушылардың қарапайым тұзға деген  көз қарастарын өзгертеді.

Жоба өздігінен ізденіске, жаңа деректер табуға aрналған. Оқушылар ізденіс арқылы қызығушылық артады.

Қорыта aйтқанды оқушылардың іздемпаздық арқылы шеберліктерін шыңдайды. Дүниетанымдылығы артады. Тақырыптарды тереңдетіп оқуға қызығушылықтары оянaды.

Жоба жетекшісі:        Болесова Г.Е.

Мазмұны

Сараптама …………………………………………………………………………………………………………………..4

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………………………6

1.Тұз туралы деректерге шолу…………………………………………………………………….8

1.1.Тұз және оның түрлері…………………………………………………………………………..8

1.2. Тұздың өндірілуі мен қолданылуы………………………………………………………..10

1.3. Тұздың адам өміріндегі маңызы мен пайдасы………………………………………..10

1.4. Тұздың зияны……………………………………………………………………………………….13

  1. Тәжірибелік бөлім
    • Мамандармен сұхбат…………………………………………………………………………15
    • Тәжірибелік жұмыстар……………………………………………………………………….19

Қорытынды және ұсыныстар……………………………………………………………………..21

Кіріспе

«Астың дәмін тұз келтіреді, елдің сәнін қыз келтіреді» деп халқымыз айтқандай әрбір адам тұзды ең алдымен тамақтың басты кұрамы ретінде қолданады. Тұз әр заманда да адам өмірінде маңызды рөл атқарып, жоғары бағаланған. Тіпті қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі заманында адамзат тұзсыз өмір сүре алмас еді. Себебі тұз тағамға дәм келтірумен қатар косметологияда, өнеркәсіпте, тұрмыста, емдік мақсатта, т.б. жағдайларда кеңінен қолданылады. Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі.

Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз кабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Соның ішіндегі 60-65 мың тоннасы ас тұзы. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді. Елімізде тұз өндірумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін, яғни, 55 пайызын «Аралтұз» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тұз – Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон және Елек кәсіпшіліктерінде, Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Ол өлкенің өзінде тұтыну үшін, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндірілді. Онда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Обь өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырды.

Ал енді тұздың адам ағзасы мен қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы білемізбе? Тұзды қолдану пайдалы ма әлде зиян ба? Осы сұрақтарға жауап алу үшін тұз туралы тарихи, экологиялық, медициналық мәліметтер жинақтап, тәжірибелер жасап зерттеу жұмысын жүруге қызығушылық таныттым.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Тұздың адам ағзасына және қоршаған ортаға әсерін  зерттеу;

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідегідей міндеттер қойылды:

  1. Тұз туралы және оның түрлері туралы мәліметтер жинақтау;
  2. Тұздың қолданылуын оқып-білу;
  3. Тұздың адам мен қоршаған ортаға тигізетін әсерін зерттеу;
  4. Тұзбен тәжірибелер жасау;
  5. Тұздың денсаулыққа зиянын оқып – білу.
  6. Тұздың пайдалы және зиянды әсеріне болжам жасау;

Зерттеу жұмысының әдістері:

  • әдебиеттерге шолу;
  • тәжірибе жасау;
  • бақылау;
  • мамандармен сұхбаттасу;
  • нәтижелерді өңдеу;
  • фотоға және видеоға түсіру;

Өзектілігі: Біз тұзды күнделікті өмірде жиі қолданылғанымен, оның көптеген пайдасы мен зиянын, өзіне тән ерекшеліктерін біле бермейміз. Сондықтан да өзімнің құрдастарымның тұз туралы көп білгендігін қалаймын.

Болжам: «Тұз – ақ у» деп айтады, тұздың адам денсаулығына қалайша кері әсер ететіндігі талдау және егер біз тұз жайлы көбірек оқып білсек, онда тұздың көптеген сырларын ашар едік.

  1. Тұз туралы деректерге шолу

1.1.Тұз және оның түрлері;

Тұз – ағзаның дұрыс және толассыз түрде қызмет етіп отыруына арналған қажетті компонент. Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар ағзасында кездеседі. Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз кабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Соның ішіндегі 60-65 мың тоннасы ас тұзы. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді. Қазіргі таңда экологияның бұзылуына байланысты табиғи тұздың сапасы төмен. Сондықтан біз жасанды тұзды пайдалануға мәжбүрміз. Елімізде тұз өндірумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін, яғни, 55 пайызын «Аралтұз» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тұз – Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон және Елек кәсіпшіліктерінде, Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Ол өлкенің өзінде тұтыну үшін, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Қазіргі кезде балалардың да, үлкендердің де жүйкесі әлсіз, ашуланшақ екенін жиі байқалады. Мұның себебі адам ағзасындағы табиғи тұздың жеткіліксіздігі. Тұздың ағзаға жеткіліксіздігінен миға ауа жетіспей түрлі ауруға шалдықтырады.

Әркім йодтың қалыпты өсуге, даму мен тіршілік етуге өмірлік қажеті бар микроэлемент екенін білуі тиіс. Йодтың тапшылығы алқымның ісуіне, яғни қалқанша бездің үлкеюіне әкеп соқтырады. Егер йод тапшылығының орнын толтырмаса, қалқанша бездің гормондарды өндіру қызметі бұзылады. Адам ағзасында йодтың 90 пайызы тағам арқылы қабылданады. Йодтың көпшілігі теңіз өнімдерінде (теңіз балығында, балық майында, теңіз орамжапырақтарында) кездескенімен, оны бір шөкім йодталған тұзбен алмастыруға болады. Қазақстанның аумағында табиғи йодтың мөлшері жеткіліксіз болып келеді, сол себептен біздің көптеген отандастарымыз үшін йодпен байытылған тұз пайдалы болып келеді. Бүгінгі таңда табиғи йодталған тұздың жетіспеушілігінен, тұзды жасанды йодтап пайдалануға мәжбүрміз. Адам өз өмірінде бір шай қасығына сиятын 8 грамм йод тұтынатыны есептелген. Негізінен құрамындағы йод ауаға ұшып кетпеуі үшін тұзды қақпағы жабық ыдыста сақтайды. Йодталған тұздың сақталу мерзімі — 6 ай, мұны сатып алған кезде есте сақтаңыз. Йод жарық әсерінен тез бұзылатындықтан, оны дүкеннен герметикалық орамамен сатып алу қажет. Тұздың қорабындағы кішкентай қуыстың өзі оның құрамындағы йодты азайтады.

Өмірде теңіз тұзын косметика ретінде де қолданатындар бар. Егерде бет безеулі болса, оны (бет терісін) теңіз тұзымен емдеңіз, деп ақыл-кеңес береді бірқатар халық емшілері. Ол үшін 1 шай қасық теңіз тұзын бір стақан жылы суға салып, жақсылап араластыру керек екен. Сосын онымен безеулі бетті жуып, сүртпей кептіреді. Жарты сағаттан соң мұндай бетті жылы сумен жуады. Күніне бір рет бет терісін осылай жуу екінші аптада-ақ өз нәтижесін беретін болады.

Тұздың түрлері:

Тасты тұз – табиғи жолмен алынатын таза табиғи өнім, тамақ өнеркәсібінде жиі қолданылады.

Тұңба тұз – тұзды суларды қайнатып буландыру арқылы алады, құрамында әртүрлі қоспалар көп болады, сондықтан ағзаға өте зиян.

Шөгетін тұз – көбінесе тұзды көлдердің астынан алынады. Бұл тұз көлдердің түбінде өздігінен тұнады. Қазақ халқы мұндай көлдерді «шипалы су» деп атаған.

Вакуумда буландырылған тұз – тереңде жатып қалған тұзды еріту арқылы шығарылады. Бұл ең таза тұздардың қатарына жатады.

1.2. Тұздың өндірілуі мен қолданылуы

Тұзды өндіру жұмысы күрделі, ал оны тұрмыста өте көп қолданамыз. Ол жерасты шахтасынан немесе тұзды көлдің түбінен өндіріледі. Оны тек тамаққа салып қана қоймайды, онсыз сабын, шыны, және бояулар мен дәрілердің кейбір түрлерін дайындау мүмкін емес. Тұз жануарларға да керек. Қорықшылар жануарларға тұз қойып, оларды қосымша қоректендіріп отырады. Жануарлар тұз қойған жерді үнемі тауып келіп жалап тұрады. Үй жануарларына да тұз беріледі. Қазақстанда тұзды негізінен тұзды көлдерден өндіреді. Еліміздің тұз өндіру нарығында 80 жылдық жұмыс тәжірибесі қалыптасқан «Аралтұз » кәсіпорын жылына 400 мың тонна тұтынылатын тұздың барлық түрін өндіреді. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, косметологияда, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.

1.3. Тұздың адам өміріндегі маңызы мен пайдасы.

Тұздың құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайды. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. Натрий мен калийдің теңгерімі ағзада сұйықтың белгілі бір мөлшерін ұстап отырады, ұлпадағы судың мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақты күйін сақтап, маңызды компонент – асқазан сөлінің тұз қышқылының түзілу көзі болып табылады. Натрий – жасушааралық кеңістіктегі басты реттеуші, былайша айтқанда, ол біздің ағзамыздың су-электролиттік балансы үшін жауапты. Сонымен қатар, ол қан ағысының қышқылдық құрамы мен артериялық қысымның деңгейін реттеп отыруға көмектеседі. Дәл сол себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет. Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат.  Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда «Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар?» деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат — ас тұзы. Ол тағамдардың дәмін келтірумен бірге тіндердегі қажетті су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Ғылыми зерттеу деректеріне арқа сүйесем, адам ағзасында күн сайын тамақ арқылы орташа есеппен 10—15 граммдай ас тұзы сіңіріледі. Тағамда минералды заттардың, олардың ішінде ас тұзының жетімсіздігі әртүрлі ауруларды тудырады. Егерде жануарларды минералды заттардан біржолата айырса, олар көп ұзамай өліп қалады. Өсімдіктер болса, тұзды топырақтан алады.

Тұз – тісті ағартуда таптырмайтын құрал. Қазіргі кезде тәтті тағам түрлері көп және сапасыз. Жас нәрестелердің тістері шыққанан бұзылып жатады. Себебі тістің бұзылмауына әсер ететін кальций, магний, натрий т.б. заттар, табиғи тұздың жетіспеуінде. Стоматологке барып, медициналық жолмен тісті ағарту оның эмалін кетіреді. Ендеше, ешқандай дәріге жүгінбей-ақ, тісті ағартудың жолы бар ма? Негізінен, тісіңіз ауырмасын әрі маржандай болсын десеңіз, онда алдымен тісті дер кезінде тазалап отыру керек. Ал ағартуға келсек, әрине, оған үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен, кәдімгі ас тұзының қасиеті өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 рет тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым рецепт: жарты шай қасық ас содасына, жарты шай қасық сіркесуын қосып, шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз да, шайып тастаңыз. Әрі арзан, әрі сондай жақсы нәтижеге жеткізетін әдіс сізді стоматологтен құтқаратыны сөзсіз.

Адамға тұзды қандай мөлшерде тұтыну қажет? Диетологтардың пікірінше, күніне ¼ шай қасық жеткілікті; бұл жуықтап алғанда 500 мг натрийді құрайды. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Халқымыз ерте кезден-ақ тұзды ем ретінде халықтық медицинада пайдаланады. «Шыр» етіп дүние есігін ашқаннан сәбиді күн аралатып, бір жасқа толғанша тұзды суға түсіреді. Тұз денені ширатып, жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді. Малдың түрлі індеттерін де тұз немесе тұз ерітіндісімен емдеген. Қотыр қойды тұзды суға салған, т.б. Тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар екен. Атап айтар болсақ:

  • Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.
  • Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.
  • Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді
  • Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.
  • Қол орамалда дақ сіңіп қалса жұмас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.
  • Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.
  • Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада да, ақуызы сыртқа шығып кетпей, бірқалыпты піседі.
  • Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.
  • Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді.
  • Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.
  • Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
  • Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады. Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.
  • Көкөністердегі жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.

Осындай қызықты деректерді жинау арқылы өзіме көптеген ой түйіп, біраз қызықты мәліметтерге тап болдым.

1.4. Тұздың зияны

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында тұздың пайдалы жақтарымен қатар зиянды жақтары бойынша да мәліметтер жинақталды. Тұзды қажетті мөлшерден артық пайдаланса адамды ауруға шақылдықтыруы мүмкін.

Тұз қорытылмайды және ағзаға сіңбейді, оның қоректік қасиеті жоқ, құрамында витаминдер болмайды. Бүйрекке, өтке, қуыққа, қан тамрыларына зиянды әсер тигізеді. Тұз жүрекке у болуы ықтимал, сондай-ақ жүйкенің қозуын арттырады. Тұз ағзадағы кальцийді шайып, асқазан-ішек жолдарындағы кілегей қабығына әсер етеді.

Егер тұз сондай зиян болса, неге кеңінен пайдаланылады? Негізгі себебі мынада, мыңдаған жылдар бойы тамақты тұздап сақтау әдетке айналып кеткен. Осы әдеттің қалыптасуы, адам ағзасына тұз қажет деп есептеуден шыққан. Бірталай халықтар,  мысалы  эскимостар  ешқашан тұз жемейді және осыдан зиян да шекпейді.

Егер тұзды шамадан тыс қолданса ағзада тұз-су айналымы бұзылады, сұйықтық мөлшері артады, нәтижесінде жүрекке көп мөлшерде қанды айдағандықтан салмақ түседі, қан қысымы көтеріледі, бас ауырады, соңында гипертонияның немесе басқа жүрек-қан тамырлар ауруларын тудыруы ықтимал.

Тұтынған тұздың көп мөлшері несеп арқылы бөлініп шығады. Ал егер тұздың ағзадағы мөлшері артса қантамырларының қабырғаларына жинақталады да оларды нәзік және үзілгіш болып келеді. Сонымен қатар тұз ағзада зәр шығару жүйесінде, әсіресе бүйректе тас түрінде жинақталып несеп қышқылының бөлініп шығуына кедергі келтіреді.

Әрі тұз тәбетті арттыратындықтан семіздікке де ұшыратады. Сондықтан артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға тұзды тұтынуды азайтқан жөн. Тұздың әсерінен ағзада сұйықтық көбейіп, артық салмақ қосады.

Тұз ағзадан кальцийді шайып, кальций жетіспеушіліктен  адамның сүйектері зардап шегіп, сүйек жұмсара бастайды.

Қыс мезгілінде тұзды құммен қосып жолдың үстінде мұзды қатырмау үшін де қолданады. Өйткені тұзды судың қатуы нөл градустан біршама төмен температуда жүреді. Бұл сырттай қарағанда пайдалы болып табылуы мүмкін. Алайда мұндай жұмыстарға сапасы төмен, құрамында улы заттары көп техникалық тұз қолданылады. Улы заттар біртіндеп топыраққа сіңеді де оны улай бастайды. Топырақтың тұздануынан жол шетінде өсіп тұрған ағаштар, жас көшеттер, өсімдік жамылғасы өліп қалады. Себебі тұзды топырақтың әсерінен пайдалы заттар өсімдіктердің тамыры арқылы сіңірілмейді.

Ал ағзада тұздың көп мөлшерде жиналмауы және зияны тимес үшін сау адам күніне 2,5 г көлемінде ғана тұз тұтынуы қажет. Мұндай мөлшердегі тұзды біз күнделікті әртүрлі тағам өнімдерінен аламыз. Мысалы, нан және нан өнімдері, ет, шұжық, жаңғақ, көкөністер, ірімшік, т.б. Сондықтан да тағамдарды тұздап жеудің қажеті жоқ. Егер адам жүрек-қан тамырларымен, гипертониямен, қант диабетімен ауыратын болса күніне тек 1,5 г тұз ғана тұтынуы керек. Егер адам осы көрсетілген көрсеткіштен тұзды тұтыну мөлшері артса жоғарыдағыдай ауруларға тап болу қаупі бар

  • Тәжірибелік бөлім
    • Мамандармен сұхбат

Зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімінде тұзды тек тағам құрамындағы дәмдеуіш ретінде тұтынумен қатар медицинада, косметологияда, өндірісте, мал шаруашылығында, формацевтикада қолданылатындығын көрсетіп өттік. Жинақталған теориялық мәліметтерге сүйене отырып арнайы мамандармен кездесіп, сұхбаттасу жүргіздік: «Қарабас тұз» ЖШС, «Жеңіл буынмен!» (С легким паром!) моншасы, «Venus» сұлулық және эстетика салоны, Семей медицина университетінің медициналық орталығы (бұрыңғы облыстық аурухана), қалалық дәріхана. Сонымен қатар үй жағдайында тәжірибелер жасалды.

Тұздың адамға және қоршаған ортаға пайдасын және зиянын зерттемес бұрын Семей қаласындағы тұз өңдеумен айналысатын «Қарабас тұз» ЖШС барып, тұз түрлерін көріп, қызметкерлерімен сұхбаттастық. «Қарабас тұз» ЖШС тұзды Тұздыкөлдің түбінен алады. Көлден экскаватор машинасын көмегімен алынған тұз қатырылып, тас тұзға айналады. Мұны үй жануарларына қосымша азық ретінде қолданады. Қарабас тұз қызметкерлерінің айтуынша бұл тұздың жануарлар үшін өте пайдалы болып табылады және мұндай тас тұс Қазақстан бойынша тек осы Семей қаласында ғана өңдіріледі. Жануарлар азығында тұз жетіспегендіктен оларды тас тұбен қосымша қоректендіреді. Егер жануар ағзасында тұз жетіспесе жүйке жүйесінің қызметіні төмендйді, сүйек пен бұлшықеттері зардап шегеді, сүттің майлылығы мен мөлшеріне де әсер етеді. Сонымен бірге зиянды бактериялардан қорғайды. Тастұзды тазартып өңдеп тұрмыстық жағдайда қолданылатын тұз жасалады .

«Қарабас тұз» ЖШС өңдірілетін тұз түрлері

«Жеңіл буынмен!» моншасында тұзды булы бөлмелер (соленый пар) орналастырылған (2-сурет). Тұзды булы бөлмелерді денені булау адам терісі және тыныс жолдары үшін пайдалы болып келеді. Тері ауруларының алдын алады, терінің бөлінуін жеделдетіп, соның әсерінен ағзадағы улы заттардан ағзаны тазартады; қан айналымын жақсартады;  теріні бактериялардан қорғайды; қайызғақ пен табан саңырауқұлақтарынан сауықтырады; тыныс жолдарының жұмысына оң әсер етіп, шаң-тозаңнан тазартады; терінің серпімділік қасиетін арттырып, әжімдердің түсуін төмедетеді; денедегі суықты шығарады;  Алайда тұзды бөлменің температурасы 50 градустан аспауы тиіс және 15 минуттан артық отыруға болмайды, тек сол кезде ғана пайдасын көруге болады.

«Жеңіл буынмен» моншасындағы тұзды бөлмелер.

«Venus» сұлулық және эстетика салонында тұзды бет терісін тазалау үшін газды-сұйықтықты пилингте қолданады. Газды-сұйықты пилингтің құрамында тұзды ерітінді қосылған. Бұл бет терісін өлі жасушалардан тазартып, теріні ылғалдандырады, қара жақтардан тазартады, ұсақ әжімдерді жояды, бетті ағартады, беттегі ұсақ тамырлардың жұмысын жақсартады. Сұлулық салонында тұзбен жабдықталған «тұз үңгірде» бар. Тұз үңгірі  медицинада галотерапия деп те аталады. Ол 1980 жылдардан қолданыла бастаған. Тұз үңгірі адам ағзасы үшін, әсіресе, тыныс алу мүшелерінің жұмысына, теріге өте пайдалы болып келеді. Созылмалы бронхит, демікпе, пневмония, ринит, фарингит сияқты тыныс жолы ауруларын және экзема, дерматит тері ауруларын, стресті жағдайлардан шығу үшін тұзбен емдеуді қолданады. Әрі тұз үңгірлерінді жүйке жүйесін тыныштандыру үшін дәрігердің рұқсатымен кез-келген адам демала алады. тұз үңгіріндегі тұз жеуге жарамсыз және йодталмаған. (3-сурет).

«Venus» сұлулық және эстетика салонындағы тұз үңгірі

Семей медицина университетінің медициналық орталығының дәрігер мамандарымен де тұздың адам ағзасы үшін пайдасы мен зияны туралы сұхбат алдық. Дәрігердің айтуынша тұзды көп мөлшерде қолдану адам денсаулығы үшін зиян болып табылады. Күнделікті тағамды тұтынған кезде тұздың белгілі мөлшерін сақтау қажет. Сондай-ақ операция жасалған кезде жараны буып-тануда тұзды ерітіндіні қолданады. Бұл ашық тұрған жараның ішіне әртүрлі зиянды микробтардың түсуінен сақтайды.

Семей медицина университетінің медициналық орталығында маманмен сұхбат

Тұз туралы мәліметтер жинақтап, мамандармен сұхбаттаса келе тұз лампасының болатындығын естідім. Ол үшін қаламыздағы дәріханалардың біріне барып фармацевтпен сұхбат жүргізіп, оның пайдасы туралы ақпаратты естігеннен кейін анам екеуіміз үйге де сатып алдық. Лампаның сырты тұз кристалдарынан күмбез сияқты болып қапталған. Тұз Гималай тауынан алынған. Лампаны құрғақ әрі температурасы қалыпты бөлмеде қосу қажет. Тұзды ламаның пайдасы: тұзды лампаны қолданғанда ауаға тұз иондары шығып, адамның шаршағанын басады; жүйке жүйесін тыныштандырады; тұрмыстық техникадан шығатын зиянды иондарды жояды; тітіркенуді басады; иммунитетті күшейтеді; тұмау, бронхит ауруларын емдеуге көмегін береді. Сонымен қатар лампаны компьютер немесе теледидар тұрған бөлмеге қосса олардан шығатын электромагнитті толқыдардан қорғайды. Бөлмедегі микробтарды, саңырауқұлақтардан, аллергиядан адамды қорғайды. Дәріханадағы фармацевт айтуынша өз үйінде лампаны 3-4 ай қолданғаннан кейін шаң-тозаңның азайғандығын байқаған, қыс мезгілінде тұмау, суық тиу сияқты аурулармен өте сирек ауырған және лампа тұз үңгірін алмастыра алады (5-сурет).

Тұзды лампа

  • Тәжірибелік жұмыстар

Тұз туралы мәліметтер жинақтап және мамандармен сұхбаттаса келе тұздың адам үшін емдік пайдасы бар екеніне көз жеткіздік. Алайда тұзды шамадан тыс тұтынса немесе белгілі бір ережелерді ескермей қолданса адамзат үшін де, қоршаған орта үшін де зиянын тигізеді. Бұған көз жеткізу үшін үй жағдайында қарапайым тәжірибелер жасалды. Жоғары тұзды көп мөлшерде тұтыну жүрек-қантамырларына зиян және тамырлардың қабырғасына жиналып, оны тарылтып, нәзік әрі сынғыш ететіндігі көрсетілді. Бұны бақылау үшін келесідегідей тәжірибе жұмысы жасалды:

Стаканға су құйып, үстіне тұз қосып, араластырып, оның ішіне жіп салынады. Жіпті қантамыры деп елестеттік. Содан кейін стакан қараңғы жерге орналастырылады. Тәжірибе 1 ай уақыт көлемінде жүргізілді, яғни күнделікті стаканға бақылау жасалды. 1 айдан кейін жіпке және стаканның жиектеріне тұз жинақталып қар сияқты түзіліс пайда болды (6-сурет). Демек тұзды көп тұтыну адам ағзасында оның көп мөлшерде жинақталуына әкеліп, зиянын тигізеді және тұз ағзада көп мөлшерде жинақталса, сұйықтық жиап, семіздікке ұшыратады, қанайналымға, жүректің жұмысына, зәр шығару мүшелеріне кері әсерін тигізеді.

Тұзды суда жіпті бақылау

Келесі тәжірибеде 3 стаканды алып, біріншісіне су құйып, ас тұзын салып араластырдық; Екінші стаканға Шошқалы көлінің суын құйдық, үшінші стаканға тек қана су құйдық. Мұндағы шошқалы көлінің суы тұзды және өңірде емдік қасиеті бар, тұрғындардың демалыс орны болып табылады. Тері ауруларына, остеохондроз, буын ауруларына, т.б. ауруларға шипалы.  Үш стаканға да бір түрге жататын гүл салып, бірнеше күн бақылау жасадық. Тәжірибені тамыздың 11-і мен 16-сы аралығында жүргіздік. Шошқалы көлінің суына орналастырылған гүл бір күннен кейін, тұзды судағы гүл екі күннен кейін солып қалды.  Ал жай суға орналастырылған гүл бір аптаға дейін тіршілігін сақтады

Тұздың судың өсімдікке әсері

Бұл тәжірибеден шығатын қорытынды тұз өсімдіктің өсуіне кері әсерін тигізеді. Себебі тұзды суда осмостық қысым жоғары болады, тұз өсімдіктің пайдалы заттарды сіңіруіне кедергі келтіреді; ақуыздардың синтезіне әсер етіп өсімдіктің бойының өсуін тежейді; фотосинтез процесінің жүруіне кері әсерін тигізеді. Ал өсімдіктердің жойылуы  біздер үшін қауіп тудырады. Өйткені өсімдік біз үшін және жануарлар үшін азық,  бізді оттегімен қамтамасыз етеді, айналамызға әсемдік береді, дәрі-дәрмек алынады, т.б. Сондықтан өсімдіктерді қорғауымыз қажет. Тұзды ортада тек тұзға бейімделген арнайы өсімдіктер ғана өсе алады, оларды галофиттер деп атайды.

Тағы бір тәжірибеде екі кесеге су құйып, біреуіне тұз қосып, екіншісіне ештеңе қоспай тоңазытқышқа қойып қатырдық (8-сурет).

Таза судың және тұзды судың қатуы.

Суды тоңазытқышта қатыру кезінде тұз қосылмаған су бірінші қата бастады. Тұзды судың қатуы ұзағырақ уақытты алды. Мұның себебі тұзды суда қысым жоғары болады. Мысалы тұзы неғұрлым көп көлдерде шомылғанда адам суға батпай бетінде қалқып тұрады. Бұл да тұзды судың қысымының жоғары боуынан байқалатын құбылыс.

Тұздың өсімдіктер тіршілігіне зиян тигізетіндігін және тұзды судың қату құбылысы, тұздың суды жинау құбылысын Қазақстандағы экологиялық апатты аймақтардың бірі Арал теңізінің тартылуынан да байқауға болады. себебі теңіздің тартылу салдарынан теңіз түбіндегі тұздың жел арқылы жер бетіне таралуы әсерінен өсімдіктердің тіршілігін жойып, құрғақшылыққа әкелуде, адамзатқа зардабын тигізіп, әртүрлі аурулар тудыруда. Әрі кейбір деректерге сүйенсек Арал теңізінің тұзы Солтүстік мұзды мұхитынан табылып, мұхиттағы мұздардың еруіне әсер етуде. Бұл жер шарындағы су мөлшерінің артуына әкеледі. Тұздың сұйықтық жинағыш қасиетін үйде қарапайым көкөністерден салат жасағанда, борщ дайындағанда байқауға болады. Егер орамжапыраққа, қиярға, қызанаққа тұз сепсек, көкөністердің құрамындағы су шыға бастайды.

Жоғарыда жүргізілген тәжірибелерден судың сұйықтық жинайтынына, судың қатпауына, ағзада тас түзетіне көз жеткізуге болады.

Қорытынды және ұсыныстар

Тұз тағамға дәмдеуіш ретінде және кейбір аурулардың алдын алу үшін емдік зат ретінде ертеден бастап қолданылады. Тіпті біздің ата-бабамыз жаңа туған нәрестені денсаулығы жақсы болуы үшін тұзды суға шомылдырған; тістерін және тамақтарын тұзды сумен шайған, жараның бетін, қол-аяқтарын қайырып алғанда ісікті, ауырсынуды қайтару үшін тұзбен таңған; етті жазда жақсы сақтау үшін тұздап кептіріп отырған. Мұның барлығы тұздың біздің өмірііз үшін қажет екендігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында «Тұз пайдалыма әлде зиянба?» деген сұрақтың төңірегінде мәліметтер жинақтап, нақты жауап іздестірдік.

Нәтижесінде тұздың адам үшін пайдалы жақтарының көп екендігі анықталды. Тұздың біздің өмірімізде маңызды және қажетті зат екендігін есте ұстағанымыз абзал. Себебі тұз көптеген дертке шипа, адам ағзасында көптеген процестерге қатысушы, оны тек тамаққа салып қана қоймайды, онсыз сабын, шыны, және бояулар мен дәрілердің кейбір түрлерін дайындау мумкін емес. Тұз жануарларға да керек, оларды қосымша қоректендіреді.  Алайда тұзды шамадан тыс қолданатын болса адамзат үшін де, қоршаған орта үшін де зиянды кері әсер етеді. Сондықтан тұзды тек қана белгілі мөлшерде қолдану керек және тұзды тұтынбас бұрын «Мен тұзды қандай мөшерде  және қандай мақсатта қолданбақшымын?» деген сұрақты ескеруіміз керек. Менің пікірімше, кез-келген өнім, егер оны дұрыс қолдана білмесек, адамзат пен қоршаған орта үшін қауіпті болып табылады.

Жүргізілген зерттеу жұмысы бізге тұздың жағымды және кері әсерлерін бағалауға мүмкіндік берді. Өзіме зерттеу жұмысын жүргізу дағдысын қалыптастырдым және жинақтаған мәліметтерімді құрдастарыммен бөлісіп, тұздың пайдасы мен зиянды жақтарын айтып жүремін. Өз құрдастарыма ұсынысым тұзды шамадан тыс қолданбаса, тек мақсатты түрде және пайдалы әсерін алу үшін ғана қолданса деймін.

You May Also Like

Ақпаратты кодтау, ғылыми жоба

І Кіріспе  Зерттеудің өзектілігі. Бүгінде деректерді автоматтандырылған тұрғыда жинаудың ең көп таралған…

Зімбір өсімдігінің емдік қасиеттері, ғылыми жоба

Ашытқы адам ағзасына зиян ба? ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Ашытқы адам ағзасына зиян ба?» Мазмұны:  І.Кіріспе  ………………………………………………………………………………….3  І…

Ең үздік ғылыми жоба «Гастрономиялық Алматы»

Ең үздік ғылыми жоба «Гастрономиялық Алматы» Орындаған: Арын Ақбота, Имашева Дильназ Мазмұны Кіріспе………………………………………………………………………………………………………………………………