«Мектептің Отан сүйгіштікке, рухани тәрбие берудегі қызметінің маңызы»

Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан соң, ел экономикасын нығайтып болашақ   өміріміздің  рухани айнасы  боларлықтай  айғақтарды  халқымыздың өткен тарихынан іздеуіміз заңды  да, өткен  тарихтың  шежіресі  қайнар көзі  халқымыздың рухани мәдениеті, әдебиеті  және тарихы   екені даусыз. Аз ғана тарихи уақыт ішінде аяғынан тік тұрып, тәуелсіз, бақуатты мемлекет құрып қана қоймай әлемдік қауымдастық ортасынан лайықты  орын алған Қазақстан сияқты ел сирек.

«Ел болу үшін ұлттық рух, ұлттық қасиет және ұлтқа  деген сенім болу керек » деп елбасы қалың жұртты дәстүрлі  құндылықтарына бастады. Елбасының  ерік-жігерімен  тарихты тәуелсіздік  ұстанымдары тұрғысынан қайта қарау қолға  алынып,  халықтың көне дәуірлерден бүгінге дейінгі елдік, ерлік дастаны ақиқат тілімен, ұлттық намыспен  жазылды. Бағзы дәстүрлі құндылықтар бүгінгі өркениетпен үндесті. Мәдени мұраларымыз, салт-дәстүрлеріміз қайта зерделеніп, тарихи тұлғаларымыз халқымен қайта қауышты. Елбасының тікелей қолдауымен көптеген  тарихи  даталармен қатар,  ұлт тарихи тұлғалардың  мерейтойлары аталып өтілді, олардың рухани мұралары  зерделенді.

Өз елінің  тарихымен, оның өткені  мен бүгінгісін салыстыра отырып , жалпы  ұлттық құндылықтарды қастерлей  білуге үйретуде, оқушыны туған  жері мен өзінің  халқын сүюге  тәрбиелеуде, бала бойында ұлттық рух, сана- сезім сияқты, елжандылық  қасиеттердің  пайда  болуын қамтамасыз етуде  мектептің атқаратын ролі ерекше. Мектеп  – халқымыздың  болмыс – бітімін, бабалардың асыл мұрасын, ұмыт болған тарихын ұрпақ  жадында қайта  жаңғыртатын, санасына  сіңіретін, сонымен қатар ел  тарихын  барша  жасұрпаққа  паш ететін қасиетті орын.

Елбасымыздың бастамасымен қабылданған «Мәдени мұра» бағдарламасында ұлтын жанындай жақсы көретін, ұлтжанды  ұрпақ тәрбиелеудің  және  еліміздің ертеңгі күні еңсесі биік болу үшін өткенін түгендеп, есте  қаларлық ескісін жаңартудың қаншалықты маңызды екенін өсер ұрпақтың санасына жеткізу – басты борышымыз екенін айқын көрсеткен.[1]. Мәдени мұраға  ұлттық мәдениетті, дәстүрлер мен әдет- ғұрыптарды  зерттеу, жинақтау міндеттері қаралған. Бүгінгі күні осы бағдарлама  аясында  өлкеміздің бай тарихынан, ата- бабадан  мұра болып бізге жеткен құнды жәдігерлер зерделеніп  тарихымыздың ғылыми қоры толығуда.

«Біздің  алдымызда ел  болашағын  сеніп тапсыратындай, төл мәдениетін  жақсы білетін, туған тарихын сүйетін естияр  ұрпақ дайындау міндеті тұр.

Тәуелсіздік  алғалы  бері  біз  бүкіл  әлем  мойындаған  мемлекетімізді құрып, экономикамызды нығайта алдық. Елімізде өзге тілдерді меңгеріп, осы заманғы ақпараттық технологияларды еркін игерген, ширақ  та   икемді  жас ұрпақ  өсіп келеді.

Бірақ олар ертеңгі күні  төл тарихын  білмейтін, ата – бабасын танымайтын, өздерінің ұлы мәдениеттің ұрпағы екенін түсінбейтін, жаны жат, жалаң  технократтар  болып өспесіне  кім кепілдік бере алады.»  деген Елбасы  Н.Назарбаевтың сөзі – мектеп алдына қойған келелі талаптардың бірі.[2].

Мектептерде білім, тәрбие беру үрдісінде  оқушыларға  нағыз ұлттық  білім негіздерін беруге  мүмкіндік тудырады.

Мектептің – мәдени білім беру бағытындағы  жұмыстарына  көрмелер ұйымдастыру, кеңестер беру, тәрбие сабақтар өткізу, сонымен қатар  жаңа бағыттар-интерактивтік көрмелер, қайырмдылық шаралары, конкурстар, бір күндік акциялар ұйымдастырулар жатады.

Мектепте тәрбие сағаттарында қазақ  халқының төл мәдениетін сақтау, оған деген ұлттық мақтанышын ояту мақсатында  «Ең  әдемі киім  – ұлтыңның киімі», тақырыбында ұлттық киімдер көрмесі, «Керегең кең болсын, екі босағаң тең болсын», тақырыбындағы қазақы  киіз үйдің құрылымына байланысты көрме, «Ел іші – өнер   кеніші»,  «Төл өнерін халқымның  паш етемін..» тақырыптарында  қол өнер шеберлерінің көрмесі сияқты шараларды ұйымдастыру оқушыларға  ерекше әсер  қалдырары сөзсіз. Еліміздің заттай мәдениет туындыларының мәнін ұғынуға мүмкіндік алды. Жастардың бойындағы дарын мен өнерге деген ынтасын ашу мақсатында  «Жас қылқалам шебері»  тақырыбындағы оқушылардың өздері салған суреттер  мен  қолдан жасаған бұйымдарының, макеттердің  көрмелері, әсіресе мүмкіншілігі шектеулі балалардың қолдарынан жасалған  «Менің де бар өз үлесім..» атты   қолөнер бұйымдарының   көрмелері, жас ұрпақтың  өзін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезініп, рухани өсуіне ықпал етері анық. «Толағайлардың толассыз табысы», «Бейбіт елдің тірегі –  ел бірлігі.» фотосурет байқауы  да оқушылардың бойында шығармашылық  қабілетін дамытуға ықпал жасайды.

Мектептегі ізденіс, қайталау, интелектуалдық ойын, танымал тұлғалармен кездесулер оқушылардың оқу үдерісіне деген белсенділігін арттыруға үлкен үлес қосады.[3].

Мектептегі жастарымыздың бойындағы отансүйгіштік, патриоттық сезімді шыңдау үшін сабақтан тыс шараларды ұйымдастыру. Атап айтар болсақ, «Атамыз  -алаш, керегеміз- ағаш», «Алаш  партиясына 100 жыл», мемлекет және қоғам қайраткерлері ,  А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай, «Кемеңгер тұлға», алғашқы дипломат Н.Төрекұловтың 125  жылдығына орай  «Ер есімі – ел есінде»,   тақырыптарында лекция сабақтары оқылып, іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жеткізуге болады.  «Халқым  қандай десең,салтымнан сынап көр..», «Салт дәстүріңді білесің  бе?», «Қазақ тілі ұлт тілі», «Ұлттық теңге – кемел болашақтың кепілі», т.б.танымдық,сайыс сабақтары,  даталы күндерге арналған  «Еліміздің рәміздері – Тәуелсіздіктің белгісі», «Бірлігіміз жарасқан»,«Қуғын- сүргін  құрбандарын  еске алу », «Бала –біздің бақытымыз»,«Наурыз  – жыл басы», «Ән салдырған  ауылым..», «Терме тағлымы», «Ақындар айтысы» т.б  іс шаралар оқушылардың патриоттық сезімін көтеруге көмектесіп, еліміздің белгілі адамдарымен кездесулер өткізу  оқушылардың адамгершілік, азаматтық тұлғасын қалыптастыруға  оң ықпал етері анық. Мектепте өтілетін әрбір сабақ, іс- шара  өз елін, жерін сүйетін, тілін, салт дәстүрін құрметтейтін,бәсекеге қабілетті оқушының тұлғасын қалыптастырары  хақ.[4]

Халық қазынасын терең насихаттау мен ел болашағы рухани жаңғыру үшін  еңсерер еңбектеріңіз ерен,  толағай табысты болсын құрметті әріптестер!

8 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Мамандығым мақтанышым, мақала

Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Мамандықты таңдау үшін ең алдымен…

Мінезі тұйық баламен жұмыс істеу және оны сабақ пен мәдени іс-шараларға белсенді араластыру тәсілдері. мақала

Жалпы адамзаттық құндылықтар – тұлғаны қалыптастырудың негізі, мақала

ЖАЛПЫ АДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ  Нарбекова Маржан Бастауыш сынып мұғалімі…

Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі, мақала

Тоқтар Әубакіров атындағы негізгі мектебі Рахметова Фариза Кенжегуловна Физика және география пәнінің…