Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді. Мамандықты таңдау үшін ең алдымен өзін, өз бейімділігін тану қажет.  Дұрыс таңдамаған мамандық әсері мамандық иесіне ғана емес  қоғамға да кері әсерін тигізеді. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам « Мамандығым мақтанышым» дей отыра,  сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп,шыңына жете білуі керек. Бауыржан Момышұлы атамыз айтпақшы «Ұстаз- ұлық емес ұлы қызмет» деген керемет дана сөзінәрқашан көкейімде ұстай, бізге артылған жауапкершілікті сезіне отыра, үнемі өзіме деген талапты күшейтуге тырысамын. Әрине өз ісінің нағыз шебер маманы болу үшін жоғарғы оқу орнынын бітірумен ғана шектелмеу керек, ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқу керексің деп ойлаймын.алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегінің, жан дүниесіне жол таба білу- біздердің  басты міндетіміз.Ең бірінші қай мұғалім, қай тәрбиеші болмасын шын мәнінде баланы жан тәнімен берілесүюі керек. Алдымен рухани қуат беруң керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы баланың бойында адами қасиеттері қалыптастыру арқылы білім шыңына жетелеп, жоғарғы нәтижеге қол жеткізуге болады. Балаға үнемі қолдау қажет деп ойлаймын. Қолау тек педагогтар тарапынан емес,ең бастысы ата-ана жақын достары тарапынан қолдау болған жағдайда ғана бала өзін қорғалған болып сезінеді. Жақсы педагог- қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектауалдық , шығармашылық әлеуеті мол тұлға Жаңашыл ұстаздың ең басты қасиеті инновациялық әдіс- тәсілдерді жетік меңгерумен қатар, оны орынды қызметін  қолдана білуі аса маңызды. Жалпы білім бәсекесінде шек жоқ. Сухомлинскийдің «мұғалім өзінің ізденісін тоқтатқан  жағдайда мұғалімдік қасиеті жойылады» деп атап көрсеткендей, күнделікті сабақ және тәрбие жұмыстарында шарқ ұрып ізденбей оң нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін емес.Неге десеңіз, өскелең заманға сай балалардың интеллектуалды дәрежесінің күннен күнге артуына  байланысты білім саласында қызмет істеу барған сайын күрделене түсуде. Сондықтанда бала тәрбиелеудің, педагог болудың қиындығы мен жауапкершілігі артады. Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанын бәріне жете түсінген,естіген және аңғарған нәтижелерінің бәрін жадында ұстайтын аңғарымпаз, қиын сәтте тың шешімді таба алатын тұлға болуы тиіс.  Жақсы педагог-бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Міне меніңде мақсатым басқару арқылы басқаларды жетістікке жеткізу. Білім –барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған.Тек білімді,сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады.Мен өзім кішкентай кезімнен бастап, балабақша тәрбиешісі болуды армандадым. Мектепті бітірген соң Атырау  педагогикалық училищенің  «балабақша тәрбиешісі» бөліміне оқуға түсіп, оны ойдағыдай аяқтап, балықшы ауданындағы « Қарлығаш» балабақшасының ересектер тобында алғаш еңбек жолымды1985 жылы бастадым. Содан бері қарай осы салада бүлдіршіндермен бірге еңбек етіп келемін. Отбасы жағдайыма байланысты 1990 жылы Индер ауданы Кулагино  ауылына келіп,  «Салтанат» балабақшасында  еңбек жолымды жалғастырдым. 2007 жылы Атырау мемлекеттік университетіне « педагог- психолог» мамандығы бойынша  жоғарғы  оқу орнын бітірдім. Қазіргідей ғарыштап дамыған заманда жаңа технологияны меңгермейінше жақсы маман бола алмайсың.Бүлдіршіндермен жұмыс жасау мен үшін үлкен бақыт.Балалардың әрбір қимылы, сөйлеген сөздері сондай тәтті. Тәрбиеші балаға үлгі, тәрбиеші не айтса бала соған сеніп қалады. Сондықтан еш уақытта баланы алдауға болмайды. Тәрбиеші алдымен өзі тәрбиелі, әдепті, рақымшыл, білімді,инабатты, еңбекқор, шыншыл,ізетті осы қасиеттің бәрі тәрбиешінің бойынан табылса ғана тәрбиеші бола алады. Тәрбиеші ізденіпаз шығармашыл болу керек. Қазіргі заман білімділікті талап етеді.Әр адам өз мамандығын қалтықсыз сүйсе, еңбегінің нәтижесін көрері сөзсіз.Менің көп жылғы еңбегімді ескеріп 2011 жылы бөбекжайға әдіскер- психолог болып тағайындалдым.Еңбегім еленіп,2011жылы балабақшада әдіскер- психолог болып тағайындалдым.Менің 

-2015 жылы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғам бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталдым

-2016 жылыИндер аудан әкімінің Алғыс хаты мен марапатталдым.                                                         2019жылы «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы» қоғам бірлестігінің  Құрмет грамотасымен марапатталдым                                                                                                                  -2019ж Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Алғыс хатымен марапатталдым.

2019ж Есбол ауылдық округі әкімінің «Жылдың үздік тәрбиешісі-2019ж» номинациясына ие болдым.

You May Also Like

ӘБУ НАСЫР ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ, мақала

Бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын жетілдіру, мақала

Бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын жетілдіру Бастауыш сынып оқушыларының сауаттылығын жетілдіру Аннотация: Баяндамада…

Изучение влияния мусора на окружающую среду и выявление способов борьбы с ним.

Цель работы: изучение влияния мусора на окружающую среду и выявление способов борьбы…

Мен – заманауи ұстазбын, мақала

Мен – заманауи  ұстазбын. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,                    Ұстаз болу –…