Тоқтар Әубакіров атындағы негізгі мектебі

Рахметова Фариза Кенжегуловна

Физика және география пәнінің мұғалімі

Критериалды бағалау – сапалы білім өлшемі

«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»

А.Байтұрсынұлы Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап беретін мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық , терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Сапалы білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой-толғамы бар, адамгершілігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.

Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы- заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Жаңа заман  мұғалімдерінің білім мазмұнына өзгеріс енгізе алатын, оқыту мен тәрбиеге жаңа әдістер мен технологияларды енгізе алатын зор шығармашылық әлеуеті бар.

Сабақ мақсатына жету үшін оқушылардың уәж дағдыларын дамытуға жағдай жасау керек.

Бұны іске асыру үшін:

  • сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;
  • әр оқушының сабақ процесіне белсене қатысуына жағдай жасау;
  • оқытуда саралап және даралап оқытуды қолдану;
  • бейімделушілік қабілеттерін, құрдастарымен және жеке жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту керек.

Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін  кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі.

«Бағалау  не  үшін  керек»  деген  сұраққа-  бағалау  бірінші  кезекте  білімнің  сапасын  айқындау  үшін  қажет.   Егер де біз  өз  жұмысымызда елеулі  табыстарға  қол жеткізгіміз келсе, онда  өткен  уақыттағы  және  қазіргі нәтижелерімізді анықтауымыз  керек,  яғни  жұмысымыздың  оң  жақтары  мен кемшіліктерін  айқындап,  оны  бағалауымыз  қажет. Сондықтан да көптеген   дамыған  елдердегі  білім  беру  жүйесінде  тың   өзгерістер  мен  табыстылық  мұғалімдер  тәжірибесіне критериалды  бағалауды  ендіру және  оны дамыту  арқылы  жүзеге  асырылуда.  Критериалды  бағалау  жүйесін  енгізудің  мақсаты — бағалау критерийлерінің  негізінде  білім  алушылардың  оқу  жетістіктері  туралы шынайы  ақпарат  алу  және  оқу  үдерісін  жетілдіре  түсу  үшін  оны  барлық қатысушыларға ұсыну. Ал, бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы оқушылар бірін — бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау т.б. әдістерін қолданғанда  жеңілдейді.

Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынаста болу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай ойластырылған. 

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:

  • алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
  • анық, айқындылығы;
  • бағаның әділдігі;
  • өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі

Критериалды бағалаудың практикалық маңызы:

  • Тек қана оқушы жұмысы бағаланады;
  • Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгі (эталонмен) салыстырылады;
  • Оқушы өзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады;
  • Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады

Критериалды бағалау: Мұғалімдерге:

  • Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
  • Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
  • Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
  • Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
  • Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
  • Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді

Оқушылар үшін:

  • Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
  • Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
  • Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
  • Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге

Ата- аналарға:

  • Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
  • Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
  • Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу – жиынтық бағалаудың нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады деп ойлаймын. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр.

Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған  болса, жиынтық бағалау мақсатты баға  қою немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару үшін қажет деп ойлаймын.

Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру

барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып

табылады.  Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіліп отырады, балл мен баға қойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді.Сондықтан да мен өз сабақтарымда қалыптастырушы бағалаудың жұптық және жеке тапсырмаларын жиі қолданамын. Мысалы: 8 сыныпта оқушылар жеке тапсырма орындауда  «Ментальды карта »әдісі арқылы картамен жұмыс жасайды.

Тапсырма: Кескін картаға Қазақстанның табиғат зоналарын , биіктік белдеулерін түсіріңіз

Дескриптор:

кескін картаға Қазақстанның табиғат зоналарын түсіреді.

-кескін картаға Қазақстанның биіктік белдеулерін түсіреді.

Жұптық жұмыс орындауда мынадай тапсырма беремін:  «Түсіндірме кесте» әдісі арқылы кесте толтырады.

Кесте толтыру арқылы ерекшеліктерін жазады, салыстырады

Пайдалы қазбалар

 

 

 

Тау жыныстарының тобы Қандай тектоникалық

құрылымда

кездеседі?

Жер бедері

таралған

аумақтардың

географиялық  атауы

Мұнай  

 

Мыс кені  

 

 

 

 

 

 

 

 

Темір  

 

 

 

 

 

Алмас  

 

 

 

 

 

Тас көмір  

 

 

 

 

 

Дескриптор:

-минералды ресурстардың таралу ерекшеліктерін біледі, салыстыра алады.

Ата –анаға баланың қаншалықты дамып жатқаны және қандай қиыншылықтарға тап болып жүргені туралы ақпарат алуы өте маңызды болып табылады. Дәл осындай ақпаратты мектеп тарапынан жүргізілетін бағалау қамтамасыз етеді. Бұл үшін әрбір оқушы мен оның ата-анасына түсінікті болатын айқын және нақты өлшенетін бағалау критерийлері бойынша белгіленген оқу жетістіктері айқындалып ата-анаға  рубрика ұсынылады

Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейлерін сипаттау тәсілі.

Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:

  • Білім алушы оқытудың қай сатысында?
  • Олар білім алуда неге талпынады?
  • Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.

Оқыту тек білім берудің төңірегінде ғана болмайды, ол оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына да тікелей қатысты болады. Оқытудың қаншалықты табысты, ойдағыдай өтетіні, сондай-ақ, білім алушылардың қандай қиындықтарды басынан өткізетіндігі туралы ақпаратты мектептің тиімді бағалау жүйесі көрсетеді.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан  көз жеткізуге болады. Жаңа бастаманың қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып,шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай,нәтиже аламыз деп сенемін.

You May Also Like

Қазақ мысының Қарашаңырағы -Қарсақбай, мақала

Жаңартылған білім беру –заманауи қажеттілік, мақала

«Жаңартылған білім беру –заманауи қажеттілік» ХХІ ғасырда, бүкіл ғаламдану заманында, соның ішінде…

Жаңа технологияның тиімді әдіс – тәсілдері арқылы бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу, мақала

Ахмет Байтұрсынұлының әліппелерінің әдістемелік ерекшеліктері, мақала

А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ӘЛІППЕЛЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Бұл мақалада Ахмет Байтұрсынұлының әліппелерінің ерекшеліктері жайында…