Ғылыми жұмыс

  1. Әтір тарихы

Біз иіссу тарихын қозғай қалғанда, ең алғашқы дезодоранттың (айтпақшы, ол «Мама» деп аталатын) 1888 жылы пайда болғандығын ауызға аламыз. Бұл жаңсақ пікір. Адамзатты терінің жағымсыз иісі сонау ықылым замандарда-ақ ойландыра бастады. Мұның дәлелі Ежелгі Египет жерінде иіс шығаратын қоспалардың болуы.

Ақсүйек египеттіктер хош иісті майларды қосып суға түсетін болған және өздерінің қолтықтарын иіссумен сылаған. Кейіннен бұл әдісті гректер үйренді де, римдіктердің күнделікті тұрмыстарынан ойып тұрып орын алды.

Жаңа дәуір басталысымен, христиандық шіркеулердің ықпалы күшейіп, жеке бастың гигиенасына қажетті және тері күтіміне арналған бұйымдардың бәрі ысырылып тасталынды.

Уақыт өте келе олардың жаңа түрлері қолданысқа енді, бірақ өте қымбат еді. Оларды кез келген адамның сатып алуға ақшасы жетпейтін.

ХІХ ғасырда пайда болған иіссулар  әлдеқайда ыңғайлы және қолжетімді еді. 1903 жылы  антиперспирант шықты. Ол иісті жойып қана қоймай, тері саңылауларын бітеп, иістің жолын бөгей алады.

  1. Эксперимент

Әтір — хош иісті сұйық зат. Әтір шығару үшін 300-ден астам табиғи немесе жасанды заттардан алынатын хош иісті күрделі эфир және жоғары сапалы этил спирті қолданылады.

Өсімдік гүлдерінен (мыс., раушан гүлділерден), түрлі ағаштардың дәндері мен жапырақтарынан (мыс., күнзеден, анистен, сандалдан т.б.) алынатын эфир майы хош иісті заттар мен тұнба ретінде, ал жануарлардан, мыс., кашалоттың майынан алынған балауыз (амбра), жылан, қолтырауын, кәмшат, жұпар тышқанның тері безінен алынған мускус тек тұнба ретінде ғана пайдаланылады. Әтірдің бір ғана түрін жасауға 15-тен 60-қа дейін хош иісті зат керек. Әтірге белгілі бір түс беру үшін арнаулы бояу қосылады. Әтір құндылығы мен сортына байланысты бірнеше сағаттан 1 жылға дейін жабық ыдыста сақталып, бабына жеткізіледі. Дайын әтір вакуум-машина арқылы арнаулы құтыға құйылып, тығындалады. Сапалы әтірдің хош иісі мақта-матадан жасалған бұйымда 30 сағатқа дейін сақталады. Құтыдағы әтірдің сақталу мерзімі 1-1,5 жылға жетеді.

Енді, құрамына тоқталсақ. Кейде «көшіргіштер» әтір өндірісінде этил спиртін метилге ауыстырып жіберетіндіктен, жасанды әтір құрамында аллергия тудыратын «қасиет» басым болады. Мұндай иіссу ерінге, мұрынға тиіп кетсе, улану оп-оңай. Сіз естімеген гүлдердің құрамы жазылған әтірлерден де бас тартқаныңыз дұрыс. Атауы күмән келтіретін өсімдіктер биотехнология арқылы жасалатындықтан, тәніңізде қышыма дерті туу мүмкін. Аллергия деп аталатын ауруға шалдықтырады. Иммундық жүйені әлсіретіп, кез келген шаң-тозаңнан көзіңіз қызарып, түшкіре беретін дертке тап боласыз. Сондықтан, құрамына көп мән беріңіз.

Психолог мамандар иісті адамның бет-ажарымен емес, мінез-құлқымен бекер байланыстырмайды. Өйткені, біздер иіссуды өзімізді қалай қабылдайтынымызға және қандай болып көрінгіміз келетініне қарай таңдаймыз.

  • егер, сіз оптимист, жайдарлы, белсенді болсаңыз, балғын, цитрусты, гүлді иістер сай келеді;
  • жан тыныштығыңыз бен үйлесімділікті бағалай білетін, жалғыздықты ұнататын, салмақты болсаңыз, шығыстық иістерді таңдағаныңыз жөн;
  • сезімтал, уайымға берілгіш, арманшыл және романтикаға жақын болсаңыз, альдегидті-гүлді иістер сай келеді.
  1. Негізгі бөлім

Әтірлердің түрлері

Қазіргі таңда әтірлердің түрлерінің көбейіп кеткені соншалық, маркасының өзі 2500-ге жетіп отыр .Иіссу бізді романтикалы, өз-өзіне сенімді, арманшыл, өмірсүйгіш әрі сұлу етіп көрсетеді. Сондай-ақ, ел аузында әркімнің өзіне тән иіссуы бар деген әңгімелер аз айтылмайды. Бірақ, өз иісіңізді табуда ешкім сізге дөп басып кеңес бере алмайды. Себебі, әрбір адамның табиғи иісіне байланысты кез келген әтір міндетті түрде өзгереді. Сондықтан да бір дегеннен таңдау жасай салу оңай шаруа емес. Сонда өз иіссуыңызды қалай табасыз?

Қазір жұпардың мыңдаған түрі бар. Олар бағасына, иісіне, дизайнына қарап бөлінеді. Сатып алушы талғамы мен мүмкіндігіне қарай таңдау жасайды. Бірақ, дүкенде ұнаған иіссу кейін басыңызды ауыртып, жүрегіңізді айнытуы мүмкін. Неге? Себебі сіз этил спиртінің орнына метил қосылған, үйлесімсіз құраммен дайындалған жұпарды сатып алдыңыз. Сізге сатушы жарты сағат мақтаған әтіріңізді енді қайтарып бере алмайсыз. Иіссулар қайтарып беруге болмайтын тауарлардың тізіміне енген.

Қазір Christian Dior, Chanel, Nina Ricci, Gucci, Hugo Boss деген иіссулардың сан түрі бар. Бұлар брендті тауар. Яғни, арзан бағаға сатып ала алмайсыз. Құны 5 мың теңгеден басталып, 20 мыңнан асып түседі. Бірақ қымбат баға тауардың түпнұсқа екеніне кепілдік бере ме? «Шын» мен «жалған» әтірді қалай ажыратуға болады?

А – Цитрусты

Бұл топқа апельсин, лимон, мандарин, бергамот және цитрус тұқымдасты өсімдіктердің өнімдерінен жасалған әтірлер жатады.

В – Гүлді

Бұл топтағы әтірлер өзіне жасмин, раушан, лалагүл, шегіргүл (фиалка), нәркес (нарцисс) және т.б. тірі гүлдердің хош иісін өз бойына сіңірген.

С – Папоротникті

Келесі топтың осылайша аталуына қарап, міндетті түрде құрамында қырыққұлақтың иісі болу керек деген сөз емес. Мұнда бергамот, кумарин, лаванда секілді гүлдер өзінің басымдығын көрсетеді.

D – Шипрлы

Бұл топтағы әтірлерді табанды, мойнына көп жауапкершілікті алатын адамдар ұнатады екен. Құрамында ладан, пачула, бергамот сынды гүлдердің хош иісі бар.

Е – Орман өсімдіктерінен

Ерлердің сүйіп таңдайтын жылы да бай бұл хош иісті әтірлер құрамына пачула, балқарағай, сандал, ветивер сынды иістермен жабдықталған. Лавандалы және цитрусты иістердің аз ғана қосындысы бар.

F – Амбрелалы (кит тұқымдас ірі теңіз жануарларынан алынып, парфюмерия өндірісінде қолданылатын хош иісті, қоңыр түсті зат)

Мұнда ваниль, хош иісті шайыр (ладан) және жануарларға тән иіс бар. Нағыз шайырдың классикалық иісі Shalimar әтірінде орын алған.

G – Қабықты (кожанные)

Түтін, ағаш, табак және гүлдердің солғын ғана хош иісі қосылған бұл иіс өте құрғақ.

Жоғарыда айтылған әрбір топ өздігінше ерекше. Заманауи әтірлердің құрамында 200-ге жуық түрлі иістер бар. Мұнымен қатар әрбір топтың үздіктері де бар. Олар:

А – Цитрусты: Eau de Cologne, Eau de Rochas

В – Гүлді: Chanel № 5, L‛Air du Temps, Giorio, Kenzo

С – Папоротникті: Jisky

D – Шипрлы: Chypre, Mitsouko, Miss Dior

F – Амбрелалы: Ysatis, Obsession, Poison, Opium

G – Қабықты (кожанные) Cuir de Russie, Scandal

  1. Қортынды

Имидж қалыптастыруда хош иіс таңдаудың да маңызы бар. Бүгінгі таңда әтірдің сан алуан түрі жеткілікті. Әрқайсымыз оны таңдарда мінезімізге, сол уақыттағы көңіл күйімізге қарай таңдау жасағанымызды кейде байқамай да қаламыз. Сондықтан, өткір иіс жұмсақ болып шығуы да ғажап емес. Жұлдызшылар хош иіс адамның жан-дүниесінен хабар береді дейді. Таңдағаныңыз сіздің қандай екеніңізді білдіреді дегенді айтады.

  1. Пайдаланған әдебиеттер
  2. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия.
  3. Косметология пікірлер журналы .
  4. Ғаламторлық сайдтар.
You May Also Like

Қазақтың ұлттық тағамы-құрттың адам ағзасына пайдасы, ғылыми жоба

Ғылыми жобаның тақырыбы: “Қазақтың ұлттық тағамы-құрттың адам ағзасына пайдасы” 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім:…

Жеңістің туын желбіреткен батыр, ғылыми жоба

Жоспар  І. Кіріспе. Жеңіс туын желбіреткен батыр  ІІ.  Негізгі бөлімі 2.1  Ахмедияр…

Шағын орталықта қолданылатын денсаулық сақтау технологиясы, ғылыми жоба

Жобаның өзектілігі: Бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру, тәрбиешілерді, ата –аналарды және…

Қаныш Имантайұлы Сәтпаев, ғылыми жоба

Жоспар: Кіріспе…………………………………………………………………………… 3 Академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаев. Негізгі бөлім……………………………………………………………………10 Қазақстан Республикасының Ұлттық…