Жоспар:

  1. Кіріспе…………………………………………………………………………… 3

Академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаев.

  1. Негізгі бөлім……………………………………………………………………10
    • Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы тарихы.
    • ҚАЗКСР Ғылым Академиясы бөлімдерінің 1946–1956 жылдардағы ғылыми қызметі.
    • Ғылым Академиясының негізін қалаушылар

 

  • Қорытынды……………………………………………………………………18

Кіріспе

Академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаев – көрнекті геолог, ғалым және ірі ғылым ұйымдастырушысы, Қазақ КСР республикалық геология қызметінің және ғылымдар Академиясының негізін қалаушы, қазіргі уақытта оның атымен аталатын, Үлкен Жезқазғанды және Геология ғылымдары институтын құрушы. Ол – Қазақстан ғылымдар Академиясының тұңғыш Президенті және тұңғыш одақтық қазақ академигі (1946 ж. бастап). Оның есімімен геологиялық зерделеу және Қазақстанның жер қойнаулары байлықтарын ашу тарихының, пайдалы қазбалар кен орындарын жылдам айқындауға және елдің минералдық-шикізат базасын кеңейтуге бағытталған, кең кешенді зерттеулерді ұйымдастырудың жарқын беттерінің бірі байланысты.

Қ.И. Сәтпаев 1899 жылғы 12 сәуірде көшпелі қазақтың отбасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының № 4 ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінде, сонан соң Павлодардың орыс-қазақ училищесінде оқыды және 1918 жылы Семей мұғалімдер семинариясын сәтті бітірген соң, Семейде педагогикалық курстарда жаратылыстану мұғалімі болып жұмыс істеді, ал 1920 жылы халық судьясы болып тағайындалады. Қ.И. Сәтпаевтің өтініші бойынша, Семей ревкомы 1921 жылы оны Томск технологиялық институтына жібереді, онда ол тау-кен факультетінің геологиялық барлау бөлімшесінің студенті болады.

Атап айтқанда, студенттік жылдарда Сібір геологтар мектебінің және әсіресе оның сүйікті ұстазы және тәлімгері профессор М.А. Усовтың пайдалы әсерінен Қ.И. Сәтпаевтің ғылыми-инженерлік дүниетанымы қалыптаса бастады, М.А. Усовтың терең ғылыми идеялары мен білімдері кейінірек Қ.И. Сәтпаевтің барлық шығармашылық қызметінің негізіне жатты.

Оның көп қырлы жеке тұлғасының қалыптасуына тамаша педагогтар ғана емес, сонымен бірге академиктер М.А. Усов және В.А. Обручев сияқты  ұлы ұстаздар да мүмкіндік туғызды. Қ.И. Сәтпаев ХIХ ғасырдағы қазақ ағартушыларын: тұңғыш қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановты, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевты, ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсаринді жоғары бағалады. Адамзаттың ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы ұлы жаңалықтарымен байланысты сол кезеңнің рухани атмосферасының өзі, талантты адамды тәрбиелеу мен қалыптастыруға ұтымды мүмкіндік туғызды.

Оқуын бітірген соң, Мәскеуде біраз уақыт жұмыс істеп, 1926 жылғы күзде, жас инженер-геолог Қаныш Сәтпаев Қарсақпайға кетеді. Оның үлесіне бүкіл Жезқазған-Ұлытау ауданындағы пайдалы қазбалар қорларын жоспарлы айқындауға бастама болған, Жезқазған мыс және Байқоңыр көмір кен орындарында алғашқы тұрақты геологиялық барлау жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу міндеті тиеді. Жемісті жұмысының нәтижесінде 1928 жылы Қ.И. Сәтпаев мынадай батыл және негізделген шешімге келеді: «Жезқазған ауданы аса бай мыс провинцияларының бірін білдіреді, болашақта оның пайдасына Уралдың кен орындары ғана емес, сонымен бірге Американың белгілі мыс провинцияларының көпшілігі біріншілік пальмасын беруі мүмкін». Жезқазғанның үлкен болашағына деген қайсар сеніммен рухтанатын және Қ.И.Сәтпаевтің табандылығы мен қажымас энергиясының арқасында, ол басқарған жас барлаушы-геологтар ұжымы үлкен энтузиазммен жұмыс істеді және, сол жылдардың үлкен қиындықтарына қарамастан, үш жыл ішінде тамаша нәтижелерге қол жеткізе алды. 1931 жылдың аяғына қарай Жезқазғанның жер қойнауларында руданың орасан көп қоры табылды және бұрынғы Одақтың мыс кен орындарының арасында бірінші орынды мықты иеленді. 1938 жылы Жезқазған кен-металлургия комбинатының құрылысын  жобалау  және бастау туралы шешім қабылданды. 1940 жылы Жезқазған-Ұлытау ауданын геологиялық зерделеудегі көрнекті жетістіктері үшін Қ.И.Сәтпаев Ленин орденімен марапатталды. Жас тау-кен инженері-геолог Қаныш Сәтпаев Жезқазған-Ұлытау ауданындағы кешенді геологиялық қызметті он бес жыл басқарды. Үлкен Жезқазғанды академик Қаныш Сәтпаевтің төл тумасы деп орынды айтады.

Өмірлік жолын әрдайым гүл шоқтары жауып жатпады, әділетсіз қуғындау, қынжылу мен ауыртпалықтар жылдары болды. Сонымен, отызыншы жыл-ары үш рет Сәтпаев қуғын-сүргінге ұшыратылып, қаза болды. Сәтпаевтың туған ағасы Ғазиз (1892-1937) революцияға дейін Семей гимназиясында білім алды, медицина қызметкері болуға даярланып жүрген. Қаныш оны жақсы көретін және құрметтейтін, оның парасаты мен рухани қасиеттерін жоғары бағалаған. Кәрім Жәмінұлы Сәтпаев та (1897-1936) әділетсіздіктің құрбаны болды. Замандастарының куәлік етуі бойынша, бұл білімді, сүйкімді адам, талантты скрипкашы, этнографиялық кештерді ұйымдастырушы болған. Және үшіншісі – ірі педагог, қазақтардың арасындағы тұңғыш орыс тілі және әдебиеті, жаратылыстану жөніндегі маман, Семей семинариясының және Семей педагогикалық техникумының тұңғыш директоры А.З. Сәтпаев (1881-1938). Бірақ Қаныш Имантайұлы ылғи да көзі жеткен оптимист болған, ешқашан өзіне деген сенімін жоғалтпаған және шындық үшін шыдамды түрде күрескен.

1941 жылғы күзде Қ.И. Сәтпаев КСРО ҒА Қазақ филиалының Төралқасы төрағасының орынбасары, ал бір жылдан кейін төрағасы болып тағайындалды. Қ.И. Сәтпаевтің басшылығымен республика геологтарымен шешілген маңызды проблемалардың арасында соғыс жылдарында майданды металмен, көмірмен, мұнаймен толассыз қамтамасыз ету болды. Майданға қазақстандық көмек көрсетудің маңызы  және мұндағы Қ.И. Сәтпаевтің ролі орасан зор болғаны сөзсіз. Ол түсінікті мақтанышпен бірнеше рет айтқан болатын: «Гитлер басқыншыларын ойсырататын он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан соғылады».

Қаһарлы соғыс жылдары Қ.И. Сәтпаев және оның қызметтестері осы ғылыми ерлікті жасады. Жау сол кезде жалғыз жұмыс істеп тұрған Украинадағы Никопольск марганец кен орнын жаулап алғанда, Кавказдағы Чиатураға жолды жауып тастағанда, Уральск танк зауыттары сауытты болат өндіру үшін шикізатсыз қалды. 1942 жылдың басында  Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің төрағасы И. Сталиннің қолы қойылған шифрланған жеделхат алынды, ол геологтарды сауытты болатты шығару үшін талап етілетін марганец кен орнын жедел табуға міндеттеді. Дәл сол күні Үкімет үйіне Алматыда болған барлық геологтар мен ғалымдарды шақырды, ОК бірінші хатшысының атынан келесі күні таңертең осы себепті дайын ұсыныстармен келу тапсырмасы берілді. Қ.Сәтпаев орнынан тұрып, майдан үшін қажетті ферромарганец рудасы Жезқазған станциясынан не бары 45 шақырым арақашықтықта Жезді деген жерде айтарлықтай жеткілікті мөлшерде бар деп жауапты мәлімдегенде, залда үнсіз отырған, қайта жиналған мамандардың таң қалғаны қандай болды десеңізші.

Осы уақытқа дейін белгісіз болған кен орнының рудалы үлгілерін тексерген соң, тәулік бойы бір күнге де тоқтамаған, руда өндіруге дайындық басталды. Құрылыс алаңдарында мыңдаған адам еңбек етті, алуан түрлі техника шоғырландырылды. Жұмыс күн сайын қарқын ала бастады. Мемлекеттік қорғаныс комитеті, әскери әрекеттер майданынан алған сияқты, Жезді құрылысшыларынан  күн сайын  мәліметтер  алып отырды. Қабылданған  қатаң шаралар мен жезқазғандықтардың батырлық әрекеттері нәтижесінде дайындық жұмыстары басталған соң, 38 күннен кейін бағалы марганец рудасының алғашқы тонналары  тиелді, үш ай ішінде темір жолдың, онымен бірге кеніштің  және жұмысшылар кентінің құрылысы аяқталды.

1946 жылғы 1 маусымда Қазақ КСР Ғылымдар Академиясы құрылды, оның салтанатты ашылуында Қ.И Сәтпаев тұңғыш Президенті болып тағайындалды, сонымен бірге Геология ғылымдары институтының директоры болып қалды. Ұлттық ғылымдар Академиясының құрылуы үлкен саяси маңызды тарихи акт және қазақ халқының ғылымы мен мәдениетін дамытудағы үлкен қадам болып табылды. Бұл уақытта республиканың ғылыми орталығында 1500-ден астам адам, оның ішінде 78 ғылымдар докторы мен профессорлар, 200-ге жуық ғылымдар кандидаты болды. Қ.И. Сәтпаевтің көрнекті еңбектерінің бірі – бұл «қазақстандық геологтар мектебін» құруы, оның ізі қазіргі уақытқа дейін геологиялық ғылым мен практикада сенімді көрініп келеді. Қысқа мерзім ішінде осы жас ұйым 200-ден астам қызықты жұмысты әзірледі және халық шаруашылығына ендіру үшін берді, олардың көпшілігінің авторы мен қосалқы авторы Қ.И. Сәтпаев болған. Оның бастамасы бойынша бірқатар жаңа академиялық  институттар ашылды: ядролық физика, математика және  механика, гидрогеология және гидрофизика, Атырауда мұнай мен табиғи тұздар химиясы, Қарағандыда химия-металлургия, Өскеменде Алтай кен-металлургия, Балқашта ихтиология және балық шаруашылығы, эксперименттік биология, экономика, философия және құқық, әдебиет және өнер, тіл білімі институттары және т.б.

Ғалым көптеген жылдар бойы көпшіліктің назарында болды. Ғылымдар Академиясының Президенті бола тұрып, Қ.И. Сәтпаев  ғылыми-ұйымдастыру қызметімен бір мезгілде мемлекеттік және қоғамдық жұмысты белсенді атқарды: 1946 жылдан 1964 жылға дейін бірнеше рет КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 1947 жылдан 1959 жылға дейін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1962 жылдан 1964 жылға дейін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Кеңес Одағының алтыншы шақыруы Төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Екі ондаған реттен артық үкіметтік наградалармен, соның ішінде төрт рет Ленин орденімен марапатталды. Қаныш Имантайұлы көптеген мемлекеттік комитеттер мен комиссиялардың, ғылыми журналдардың, саяси және ғылыми қоғамдардың редакциялық алқаларының мүшесі болды. Қазақстан ғылымдар  Академиясының халықаралық байланыстарын  қалыптастыру мен дамытуға, Ресейден, Украинадан, Өзбекстаннан, Грузиядан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және басқа республикалардан әріптестермен ынтымақтастығын нығайту мен тереңдетуге айтарлықтай күші мен қуатын жұмсады. Қ.И. Сәтпаев өте көп жазған. Оның қаламынан орыс, қазақ, қытай, араб, ағылшын және басқа тілдерде жарияланған, 800-ден астам баспа жұмыстары шыққан.

Тұңғыш қазақ инженер-геологының Жезқазған кен орнын ашумен, металлогенияны – геология тарихының негізгі кезеңдерімен байланысты рудалы кен орындарын құрудың аймақтық шарттарын және оларды орналас-тыру заңдылықтарын зерттейтін геология бөлімін дамытумен, және ақырында, әлемде тұңғыш рет Орталық Қазақстанның металлогениялық болжамдық карта-сын жасаумен байланысты жарқын еңбектерін бүкіл әлем таныды. КСРО ҒА тұңғыш академигі және шығыс ғалымдары қатарынан КСРО ҒА Төрағасының мүшесі, Қазақстан ҒА тұңғыш Президенті ретінде осы тамаша ғалым мен ойшылдың, ірі мемлекеттік қайраткердің есімі оның көзі тірі кезінде шынайы даңқ пен танылу құрметіне бөленді. Қ.И. Сәтпаев, академик В.М. Келдыштің сөздері бойынша, жетекші геолог-теоретиктердің бірі, ғылымды және геология-лық қызметті ірі ұйымдастырушы болды, қазақстандық геологтар мектебін басқарды. Оның қажымас еңбегі және оның ізбасар геологтарының арқасында Қазақстанның жер қойнауларында Менделеевтің периодтық жүйесінің  барлық дерлік элементтері ашылған. Жер асты қойнауларын барлаушы мамандығы еліміздің экономикасын көтеру және өндірістік күштерін дамыту үшін маңызды мәнге ие болды.

Қ.И. Сәтпаев сонымен бірге қарапайым, қарым-қатынасқа жеңіл, байсалды адам болған. Табиғат оған шешендікті, ұзын бойды, келбетті сымбатты сыйлаған. Ол кез келген қалың топтың ішінен ерекшеленіп тұратын, ол бірінші болып есте сақталып қалатын. Мысалы, 1947 жылы қазақ ғалымы Англияға кеңестік парламентарийлердің құрамында келгенде осы елде мынадай жағдай болған. Ресми емес қабылдау кезінде Ұлыбританияның экс-премьер-министрі У. Черчилль оған қалжыңдап: «Барлық қазақтар Сіз сияқты батыр тұлғалы, денелі ме?», – деп сұрақ қояды. «О не дегеніңіз, Черчилль мырза, қазақтардың арасында мен ең кішкентайымын, менің халқым менен биік!» – деп жауап беріпті академик Қ.И. Сәтпаев.

Қ.И. Сәтпаев 1964 жылы 31 қаңтарда Мәскеу ауруханасында 65 жасында қайтыс болды. Оның  көп қырлы  қызметінің  материалдық жағынан жүзеге асырылуының нәтижесі Үлкен Жезқазған және Жезді ғана емес, сонымен бірге Орталық Қазақстанның, республиканың шығысы мен оңтүстігінің ірі кен-металлургия кешендері болды, оның батыстың мұнай және газ кен орындарын қазудағы еңбегі ерекше. Жақында оның есімімен аталатын, ҚазҰТУ жанында ескерткіш ашылды. ЮНЕСКО академиктің 100 жылдық мерейтойын тойлауды осы ықпалды халықаралық ұйымның басшылығымен және қатысуымен білім, ғылым және мәдениет саласындағы мәселелер бойынша атаулы және мерейтойлы күндер күнтізбесіне енгізді.

Қ.И. Сәтпаевтің тапқан маңызды жаңалығы Алтын Шоқы тауының оңтүстік-батыс баурайында байқалған, Темірдің жазуы бар тақта болып табылады. Бұл тау Ұлытаудың бас жотасынан солтүстік-батысқа қарай 30-40 км-де орналасқан. Мұнда Орта Азиядан Оңтүстік Уралға керуен жолы өткен. Жазу 1391 жылы Темірдің Дешті-Қыпшаққа жорығы кезінде ойып түсірілген. Академик И.А. Орбелидің өтініші бойынша тақта Ленинградқа әкелініп, Эрмитаж залдарының біріне қойылған. Енді Қарсақпай деген атпен  белгілі, атақты Ұлытау жазбасы шифрланып, ғылым әлемінде лайықты бағаланған.

Академик Қ.И. Сәтпаевтің есімімен ҚР ғылымдар Академиясының Геологиялық ғылымдар институты, Қарағанды облысында қала, Жезқазған кен-металлургия комбинаты, Торпақ шоқжұлдызындағы кіші планета, минерал, Жоңғар Алатауының мұздығы және тау шыңы, гүлдердің сорты, Қазақстан Республикасының қалалары мен кенттеріндегі көшелер мен мектептер аталған.

Қазіргі уақытта ҚР БҒМ жаратылыстану ғылымдары саласындағы көрнекті жетістіктері үшін академик Қ.И. Сәтпаев атындағы сыйлықтар тағайындайды. 2008 жылы осы бірінші дәрежелі сыйлықты марқұм профессор А.Н. Данияровтың жетекшілік етуімен жұмыс жасаған ҚарМТУ ғылыми мектебі иеленді.

Сонымен, академик Қ.И. Сәтпаевтің ғылыми-ұйымдастырушы және қоғамдық қызметі өзінің қарқындылығымен ерекшеленді және өмір сүру нормасы болып табылып, адамдарға қызмет етуге арналған. Ғылымға және шындыққа ұмтылысы ғалымның ғылыми-зерттеу мұрасының алуан түрлі аспектілерінде өрнектеліп, оған табыс әкелді

 Негізгі бөлім.

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (1993-1996, 1999-2003) — ҚР Президентінің 1993 ж. 21 қаңтардағы Жарлығымен  Қазақ КСР ғылым академиясы қайта ұйымдастырылуының нәтижесінде құрылды . ҚР Президентінің 2001 ж. 6 қарашадағы Өкімімен  ҚР Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын фундаментальды ғылыми зерттеулер бағдарламалары шеңберінде орындалатын жұмыстарын сараптау функциялары жүктелді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы қаулысымен «ҚР Ұлттық ғылым академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы бекітілді.

Жарғыға сәйкес ҚР Ұлттық ғылым академиясы Ғылым академиясының мүшелерін (академиктерді), корреспондент-мүшелері мен Қазақстанның жетекші ғалымдарын біріктіретін мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылды. Ғылым академиясы басқарушылық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени және басқа функцияларды жүзеге асыруға құрылған республикалық мемлекеттік мекеме болып табылды. Ғылым академиясының мемлекеттік органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің оған қатысты функцияларын жүзеге асыратын органы ҚР Білім және ғылым министрлігі болып табылды. ҚР Ұлттық ғылым академиясы қызметінің мақсаты мен негізгі бағыттары мыналар болып табылды: ғылыми-зерттеу қызметі; ҚР ғылымының жай-күйін талдау және дамуын болжау; ғылымды дамыту мен ғылыми кадрларды даярлаудың басым бағыттарын айқындау; ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету; ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру және орындалуын үйлестіру; өз құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметті дамытута жәрдемдесу.

Ұлттық ғылым академиясы жалпы басшылықты және қызметін үйлестіруді уәкілетті орған (министрлік) жүзеге асырды. Ғылым академиясы басқармасының атқарушы органы ҚР ҒА президенті болып табылды. ҚР Президентінің 2003 ж. 21 қазандағы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы » республикалық мемлекеттік мекемесі таратылып, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігі құрылды.

1946 жылы 1 шілдеде Қазақстан Ғылым академиясы салтанатты түрде ашылды. Ғылым академиясының тұңғыш президенті болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қазақстандық геологиямектебінің негізін салушы, академик, әлемге танымал ғалым Қ.И.Сәтбаев сайланды. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының құрылуы республиканың табиғи ресурстарын неғұрлым толық зерттеуге және пайдалануға, оның экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеп өсуіне кең мүмкіндіктер ашты. 1995 жылы 31 желтоқсанда Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми қызметкерлердің саны 2996-ға жетті, оның ішінде 408 ғылым докторы және 1289 ғылым кандидаты; ал 2009 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясында 172 толық мүше, 21 құрметті мүше және 14 шетелдік мүшесі болды. Ғылым академиясының құрамында 5 ғылыми бөлімше (1999): физика-математикалық ғылымдар, Жер туралы ғылымдар, химия-технологиялық ғылымдар, биология және медицинағылымдары, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшелері, сондай-ақ ғылыми-ұйымдық және халықаралық бөлімшелер жұмыс істеді.

Кеңестік дәуірде Қазақстан ғылымы өз даму жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрылуы осы жетістіктерге бастамашы болған. Екі жылдан кейін (тіпті одан да аз уақыттан кейін) ол өзінің 70-жылдық мерейтойын тойлайды. Академияның тарихы — бұл қазақстандық ғылым тарихының қалыптасу мен даму тарихы. Қазіргі кезде отандық ғылымның деңгейі жоғары, ғылым негізін аталған Академия қалаған. КСРО Халық Комиссары Кеңесінің қаулысына сәйкес 1945 жылдың 26 қазанында КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы Қазақ КСР-ының Ғылым Академиясы ретінде қайта құрылған; бірақ, соған қарамастан, Академия ресми түрде тек 1946 жылдың 1 маусымында ашылды.

Ғылым Академиясының негізін қалаушылар арасында 14 академик және ҚазКСР-ының 16 корреспондент-мүшесі болды. Осы кезде Қазақ КСР Ғылым Академиясының жарғысы мен құрылымы бекітілді. Ғылым Академиясының ашылуы Қазақстанның экономикасы және мәдениетінің зерттелуіне, оның табиғи ресурстарды тиімді пайдалану туралы зерттелуіне жол ашты. Кейін Ғылым Академиясы халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына белсенді түрде қатысты. Республика көлеміндегі ғылыми орталық құрылды, ғалымдар мемлекеттік бесжылдық жоспарларды жүзеге асырды. Жылдан-жылға республикалық Ғылым Академиясының маңыздылығы арта түскен. Ол іргелі зерттеулердің орталығына айналып кетті.
ҒА-ының құрамына 4 бөлім енді: минералды ресурстар, физика-математтикалық ғылымдар, биологиялық және медициналық ғылымдар, қоғамдық ғылымдар. Минералды ресурстар Бөлімінің құрамына 8 институт енді (Геологиялық ғылымдар институты, Кен жұмысының институты, Металлургия және кенді байыту институты, Құрылыс және құрылыс материалдары институты, Энергетика институты, Химикалық ғылымдар институты, Мұнай институты, Алтай тау-металлургиялы институты) және география секторы. Бөлім қарастыратын мәселелердің көбі география, геология, техника және химия салаларындағы сұрақтар болып табылады. ҚазКСР ҒА бөлімінің басшысы Әбікен Бектұрұлы Бектұров болып тағайындалды. Ол минералды тыңайтқыштар саласындағы маман. Геологиялық ғылымдар институты Ғылым Академиясының құрылымындағы ең ірі ғылыми мекеме болған. Ол геологияның теоретикалық сұрақтарына жауап іздей отырып, геологиялық карталарды құрастырап, статиграфия, вулканизм, тектоника, литология, палеонтология ғылымдарының зерттелуімен айналысқан болатын. 1956 жылы Қ.И. Сатпаев басшылығымен ғалымдар-геологтар Орталық Қазақстанның комплекстіболжамды-металлогенді картасын құрастырып, оны жариялады. 1946 жылы Тау-кен институтының негізі қаланған. Ол Қазақстандағы қорғасын-мырыш кен орындарын зерттеу жоспарланып отырды. Сонымен бірге, ол көмір кен орындарының тиімді пайдалану әдістерін жан-жақты зерттеп, кендіктегі тозаңмен күресу жолдарын да іздеді. Осы жылы Энергетика институты құрылған, республикадағы барлық энегретикалық ресурстардың зерттелуі — оның жұмысының басты бағыты. Сонымен бірге, институт қызметкерлері «энергетикалық ресурстарды кешенді түрде пайдалану» деген мәселені зерттей отырып, «халық шаруашылығын қалай дұрыс электрлендіру» деген сұраққа да назарын аударды. Олар өзекті мәселелердің шешімін іздеп, терең теоретикалық зерттеулерді-де қатар жүргізді. 1945 жылы құрылған Химикалық ғылымдар Институтының маңыздылығы зор болып табылады. Ол республикадағы минералды ресурстарды зерттей отырып, металлургия саласына қажет болған электрохимиялық және амальгамдық үдерістерді зерттеді. Институт мұнай және көмірді тереңірек зерттей отырып, мұнай өндіретін өнеркәсіптегі мұнай және химия қалдықтарын пайдалану мәселесін қарастырды.

1946 жылы құрылған Металлургия және кенді байыту институты көпметаллды және өндірістің жартылай өнімдерінің қайта жасап шығару әдістерін ашуға тырысып, кенді байыту жолындағы тиімді тәсілдерді құрастырып отырған. Ғылым Академиясындағы келесі Бөлім — К. П. Персидский басшылығымен Физика-математика ғылымдар бөлімі. Аталған ұйымның құрамына 2 институт, 2 секторд және 1 зертхана енген. Астрофизикалық институт 1950 жылы пайда болды. Институтның маңызды жетістіктерінің бірі «Газ-тозаңды тұмандылық атласының» жасап шығаруы болды. Ол КСРО аймағында және шетелдерде тұратын азаматтарына белгілі боп кетті. Институт жетістіктерінің ішінде 2600 метр биіктігінде Короналды станциясының ұймдастырылуы, жарық шашырауы теориясының құрылуы деп атауға болады. 1951 жылы үш зертханасы бар Физика-техникалық институты құрылды. Оның 3 зертханасы бар: ғарыштық сәулелер, спектрлық талдау, металлфизика және металлтану. Институт қызметкерлері спектрлық сызықтардың және элементтер спектрлерінің атластарын дайындады. Металлургиялық өнімдерден сирек кездесетін металлдарды шығару әдіснамасы әзірленді. Биологиялық және медициналық ғылымдар бөліміне 7 Институт, Алма-Атылық ботаника бағы енді. Осы бөлімнің алғашқы Төрағасы академик Н. В. Павлов болды. Ботаника институты Қазақстан аумағындағы пайдалы және техникалық өсімдіктерді ажыратып, олардың тиімділігін арттыру мәселесін-де зерттеді. Республиканың флорасы жан-жақты зерттелді. Көптеген геоботаникалық зерттеулер жүргізілді. Физиология институты 6 зертханасы бар ірі ғылыми-зерттеу мекемесіне айналып кетті. Мұнда 4 ірі мәселе зерттелді: дем алу, лимфоайналым, қан айналымындағы жүйкелі-рефлекторлы реттеу; нақты мамандыққа тән белгілі бір аурулар және олармен күресу жолдары; Қазақстандағы дәрілік шикізатты фармакологиялық тұрғыдан зерттеу; жануарлардың өнімділігі және олардың ағзаларындағы физиологиялық заңдылықтар. Зоология институтының басты бағыты — Қазақстан фаунасын зерттеу (оның пайда болуы, дамуы және т.б.). 1945 жылы құрылған Топырақтану институты Қазақстандағы жер ресурстарын, олардың пайда болуын, дамуын зерттеді. Институт қызметкерлері Қазақстан ауданының топырақ картасын құрастырды. Өлкелік паталогия институты 3 мәселені зерттеді: «Өлкелік жұқпалы және паразиттік аурулары, олармен күресу жолдары», «Нақты мамандыққа тән белгілі бір аурулар және олармен күресу жолдары», «Қазақстан шипажайлары». Клиника және эксперименттік хирургия институты Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы үшін өзекті болып табылатын мәселелерді зерттеген: өндірістік және ауылшаруашылық жарақаттанушылықпен күресу жолдары. Қоғамдық ғылымдар Бөлімі екі институтты (тарих және археология, этнография және экономика) біріктірді. Институттың алғашқы Төрағасы Н. Т. Сауранбаев болды. Тарих және археология институты Тарих секторының негізінде қаланды, ол келесі тақырыптар бойынша зерттеулерді жүргізді: Ұлы Қазан төңкерісі, қазақ мемлекеттілігі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел, қазақ халқының этногенезисі, төңкеріске дейінгі және кеңестік кезеңде қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы. Сонымен қатар, археологиялық, этнографиялық зерттеулер жүргізілді. Экономика институты 1952 жылы құрылған, ол саяси экономика, халық шаруашылығының тарихы, халық шаруашылығындағы салалардың орналастыру және даму жолдарын зерттеді. Осылай, қайта құрылған ғылыми-зерттеу институттары елдегі халық шаруашылығының жағдайын қалпына келтіруге және аталған саланың дамуына бағытталған зерттеулерді көп жүргізді. Зерттеулер қоғам мен адам тіршілігінің барлық аспектілеріне қатысты болды. Ғылыми зерттеулер қойылған мақсат-міндеттеріне қол жеткізді. Елдің экономикасы дамыды. Мемлекеттегі экономика тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсартып, халықтың мәдени-деңгейі-де жақсартылды.

Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, КСРО және Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Кеңестер Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың еліміздегі ғылым тарихында алатын орны зор. Советтік Қазақстанда дербес Ғылым академиясы құрылғанға дейін КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі жұмыс істеген болатын. Қаныш Имантайұлы Сатпаев сол кездерде геология ғылымдары институтының директоры, КСРО Ғылым академиясының Қазақ бөлімшесі Төралқасы төрағасының орынбасары еді. Кейіннен өзі ұйымдастырған Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. Бұдан басқа ғалымның мәдениет саласы мен тарих ғылымына да қосқан үлесі зор.

Қазақ жеріндегі ұлттық Ғылым академиясын құру идеясы Ұлы Отан соғысы жүріп жатқан уақытта пайда болған еді. Көрнекті ғалым соғыстың қиыншылығына мойынсұнбай, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыру ісін табанды түрде қолға алды.

Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы республикамыздың ғылыми тұрғыда дәлелді шешімдерін тұжырымдауға, ел экономикасының, ғылымы мен мәдениетінің өркендеуіне үлкен мүмкіндіктер ашты.Ғылым орталығы жаңадан ашылған кезде оның құрамында минералдық ресурстар, физика-математикалық, биология және медицина ғылымдары сондай-ақ, қоғамдық ғылыми-зерттеу бөлімдері жұмыс істеді. Аталмыш, бөлімдердің құрамында ғылыми зерттеу институттары мен секторлар жұмыс істеді.

Ғылым академиясының құрамына зерттеу институттары, секторлар, кітапханалар мен мұражайлар, лабораториялар, кабинеттер мен комиссиялар, сонымен бірге базалар мен филиалдар қарайды, сондай-ақ, бұл мекемелердегі тиісті салаларды жоғары білімді мамандар және қызметкерлермен қамтамасыз етеді.

Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылғаннан кейін дербес ғылым салаларында зерттеу институттарының ашылуы етек ала бастайды. Қоғамдық және жаратылыстану ғылым салаларында көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының ашылуы, олардың дамуына үлкен септігін тигізді. Сондай-ақ, олардың ашқан жаңалықтары мен жеткен жетістіктері де еліміздің ғылыми кешенді даму белестерін айқындай түсті.

Алғаш құрылған кездегі Ғылым академиясының құрамында 5 бөлім, 24 институт, 2 сектор болды. Академия құрылмай тұрып, Қазақ ССР ҒА қазақ филиалы болған кезде 1942 ж. астрономия және физика, тарих, тіл және әдебиет, сондай-ақ, химия-металлургиялық атты 3 институт болған еді. 1950 ж. астрономия және физика ғылыми зерттеу орталығынан астрофизика институты бөлініп шығады. Яғни, ол Қазақ КСР ҒА болып өз еншісін алған кездегі алғашқы құрылған институт болып табылады. Оның негізгі зерттеу нысаны: аспан денелері, жұлдызаралық материя табиғаты, аспанның денелерінің химиялық құрамын анықтау болып табылады.

1952 ж. Экономика , 1956 ж. Микробиология және вирусология, 1958 ж. Философия және право, 1961 ж. Тіл білімі, 1965 ж. Гидрогеология және гидрофизика, 1969 ж. ашылған Органикалық катализ және электрохимия,

1970 ж. физика-математика ғылымдары бөлімі құрамында Жоғары энергия физикасы институттары және тағы басқа ғылыми зерттеу орталықтары құрылған болатын.

Институттардың ашылуы бір-бірімен етене байланысып, Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына үлкен септігін тигізді. Себебі ол кезеңде еліміздің ауыл шаруашылығы тоқырауда болды. Ұлы отан соғысы жылдары барлық өнімдер майданға арналды, ал соғыстан кейінгі ауылдың жағдайы мүшкіл еді. 1947-1948 жж. ауылдық жерлерде жұмысшы қолының жетіспеуі немесе техникалық жетіспеушіліктер орын алды. Егістік аймақтарда тек қол еңбегі өнімі болғандықтан жұмыс өнбеді. Кейбір аймақтарда ғана кәрістерді көшіріп әкелгеніне байланысты күріш алқаптары болды. Егіс алқаптары тек 1952-54 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көбейіп, ауыл аймақтарындағы халық нанға сол кезден кейін ғана тоя бастады. Институттың ғылыми-зерттеу жұмыстары әрі қарай ауыл шаруашылығы, халық шаруашылығын жақсарту негізінде өрбіді.

Ғылым Академиясының жаңа ғылыми-зерттеу орталықтарының ашылуы еліміздің ғылымы мен мәдениетіне, қоғамдық өміріне ерекше әсер ете бастады. Десек те, республикамыздың мұндай жетістіктерімен қатар академияның жанындағы қоғамдық ғылым бөлімдерінің зерттеу жұмыстары сынға ұшырап, басына қара бұлт үйірілді. 40 жылдардың соңы мен 50 жылдардың басындағы қоғамдық саяси өмір Қазақ КСР ҒА-ның 200-ге жуық қызметкерлерін жұмыстан шығарып, айыптап үлгерді. Оның ішінде Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті қызметінде болған Қ. Сатпаевқа жүктелген міндет тарихи шындықты өткен кезеңнің басты оқиғалары ретінде дәлелді жазғандары үшін қудалауға ұшыраған қазақ зиялылардың екінші тобын жұмыстан қуу еді. Негізсіз айыптаудан бас тартқан Қаныш Сатпаев та осы қудалаудың жолына түсіп кетеді.

Қаныш Имантайұлы Сатпаев қазақ ғылымының жанашыры болды. Ол Ғылым академиясының басшылығында болған кезінде ғылымға байланысты әр саланы мұқият қарап, оны орындалуын қадағалап отырды. Мысалы, 1950 ж. №134 хат бойынша Қазақстан КП(б) ОК хатшысы Ж. Шаяхметовке «Абай Құнанбаевты мәңгілік есте қалдыру» туралы Ұлы ақынның 1954 ж. өлгеніне 50 жыл толуына байланысты Абайдың кітаптары сұраныста екенін, қалған шығармаларын да шығару керектігін айтып, еске алу шараларын өткізуді күн тәртібіне кіргізу керектігін дәлелдеп, іске асырды. Бұл өз елінің тұлғаларын дәріптеп, олардың еңбегін елге таныстыру ісіндегі ғалымның атқарған қызметі еді.

1958 жылы Қаныш Имантайұлы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бесінші сессиясының депутаты болып сайланды. 1959 жылы КОКП XXI съезінде делегат, 1961 жылы – КОКП XXII съезінде делегат, КСРО ҒА Президиумының мүшесі болып сайланады. 1962 жылы Сәтбаев Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңесінің алтыншы шақырылған сессиясында депутат және төраға орынбасары болып сайланады. 1963 жылы Қаныш Имантайұлы геология ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Ленин орденімен 4-ші рет марапатталды.

Қ.И. Сатпаевтың құнды да бай дәлелдерінің арқасында ашылған Қазақ КСР ҒА-ның ғылыми мекемелерінде 1961 ж. Қазақ КСР ҒА 39 академигі, 34 корреспондент мүшесі, 87 ғылым докторы және 536 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Қазақ КСР Ғылым академиясы ашылғаннан бері, яғни 1946-1960 жылдары аралығында 82 ғылым докторы мен 800-ден астам ғылым кандидаты қорғап шықты. 1970 ж. Қазақ КСР ҒА ғылыми мекемелерінде 114 ғылым докторлары, 1060 ғылым кандидаттары қызмет атқарды. Бұл көрсеткіш 1946 жылмен салыстырғанда ғылым орталығында академиктер 4 есе, корреспонденттар 4 есе, ғылым докторлары 2 есе, ғылым кандидаттары 5,9 есеге өскендігін көрсетеді.Қазақ КСР ҒА құрылғаннан кейінгі көрсеткіш бойынша ғылыми зерттеу мекемелердегі қызметкерлердің көбісі қазақтар болды .

Заман талабына сай Қазақ КСР Ғылым академиясының ашқан жаңалықтары мен табысы Қазақстандағы ғылымның дамуына орасан зор ықпал етті. Сонымен қатар негізгі қаржының жартысынан көбі ауыр өнеркәсіпті, оның ішінде қара және түсті металлургияны, химия мен отын өнеркәсіптерін, энергетиканы жедел дамытуға бағытталды. Осындай тапсырмалармен тығыз байланыста болған ғылым академиясы Кеңес Одағының негізгі ғылыми зерттеу мекемелерімен байланысып, келісіп отырды. Осындай қарқынды жұмыстардың нәтижесінде Қазақ КСР Ғылым академиясының геологтары, металлургтері, энергетика саласының мамандары, кеншілері, химиктері, тарихшылары мен тілшілері, экономистері өздерінің ғылыми жұмыстарын халық шаруашы- лығының мамандарымен бірлесе отырып жүргізді. Нәтижесінде сол кездегі басты сыйлықтар Ленин және Сталин атындағы марапаттаулармен немесе еңбегі сіңген ғылым қайраткері деген атақтар алды. Бұл Ғылым академиясының табанды еңбегі мен жетістіктерінің көрсеткіші еді.

Қорытынды

Қазақтың көрнекті ғалымдарының бірі Қ.И. Сатпаевтың Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесі зор. Мәселен, Қарағандыда металлургиялық зауыттың өмірге келуі, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін игеру, және Ертіс-Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді. Сондықтан Қ.И. Сатпаев сияқты Ұлы тұлғалар бастаған ғылым саласы өз болашағын еш жоғалтпақ емес. Бүгінде Қазақ КСР Ғылым академиясы болып құрылған Ғылым ордасы өсіп, өркендеп, мұнда дайындалған ғалымдар көптеген ғылыми жаңалықтарымен еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Қазақ КСР Ғылым академиясының тарихына байланысты құжаттар «Ғылым ордасы» ведомстволық мұрағатының қорларында сақтаулы. «Қазақ КСР Ғылым академиясы » атты 2 қорында Ғылым академиясының тарихына байланысты барлық құжаттар бар және бүгінде бұл құжаттар өз құндылықтарын жоғалтқан емес. Еліміздегі дербес ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру және елдегі ғылымды басқару мәселелері 1992 ж. қаңтарында қабылданған «Қазақстан Республикасының Ғылым және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат туралы» ҚР заңына негіз болды. 1996 ж. 11 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Ұлттық ғылым академиясы, Қазақ ауылшаруашылық ғылымдарының академиясы және ҚР Ғылым және технологиялар министрлігі ҚР Үкіметінің құрамындағы орталық атқарушы орган – Қазақстан Республикасының Ғылым Министрлігі – Ғылым академиясына біріктірілді. Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ғылым Министрлігі – Ғылым академиясы мемлекеттік ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыратын, ғылым және техника саласындағы бірегей мемлекеттік басқару органы болып анықталды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2003 ж. Жарлығына сәйкес Ғылым академиясына «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестік мәртебесі берілді. Академия республикадағы ғылымның дамуының басым бағыттарын анықтауға қатысып, Мемлекет басшысына ғылым жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындайды. Сонымен қатар еліміздегі ғылымның дамуының жетістіктерін академиялық ғылыми журналдар мен басқа да басылымдарды шығару арқылы насихаттап, ғылым және техника саласындағы мемлекеттік премияларға симпозиумдар, конкурстар мен көрмелердің өткізілуіне атсалысады, халықаралық ғылыми ынтымақтастық пен инновациялық қызметтің дамуына көмектесіп, іргелі және қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми сараптамаларды өткізуге қатысады.

You May Also Like

Таңғажайып 7 саны, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Таңғажайып 7 саны» Орындаған: Кадырханов Мансур Мазмұны Аннотация…………………………………………………….2…

Қазақ этнолингвиcтикаcындағы қара қазан ұғымы, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: Қазақ этнолингвиcтикаcындағы қара қазан ұғымы Мазмұны Кіріcпе Негізгі бөлім…

Аспириннің біз білмейтін пайдасы мен зияны, ғылыми жоба

«Аспириннің біз білмейтін пайдасы мен зияны» МАЗМҰНЫ Абстракт ………………………………………………………………………………………………..5 Кіріспе. Шығарылу түрі…

Үй кептерлері, ғылыми жоба

Ғылыми жоба Тақырыбы: «Үй кептерлері» Бағыты: Өлкетану Мазмұны Аңдатпа Кіріспе……………………………………………………………………………………………….. Адамның қанатты…