Халықаралық қатынастар: белгілері, негізгі бағыттары.

Жоспары:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1.Әлемдегі мемлекеттердегі ұлтаралық қатынастардың ерекшеліктері

2.Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар

3.Мемлекеттің этниқалық құрамын есепке алу.

4.Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты.

III.Қорытынды

 

Кіріспе

Халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғы шарты болып табылады. Халықаралық құқықтың нормалары халықаралық қатынастардың пайда болуынан келіп туындайды.  Халықаралық қатынастар халықаралық құқықпен реттеледі, сонымен бірге оның нормаларына өз әсерін тигізеді. Халықаралық құқық кез-келген қоғам өмірінде маңызды орынға ие болатын жан-жақты және дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқық нормаларының мазмұнын айқындайды.

Жеке зерттеулерді қажет ететін іргелі проблемаларға ең бірінші халықаралық жүйедегі халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың орыны туралы проблеманы жатқызуға болады. Мәселен, халықаралық қатынастарды зерттеушілер халықаралық қатынастарды маңызды және анықтайтын деп есептейді, оларды жүйе ретінде қарастырады (Г.А.Арбатов, Н.И.Лебедев, Ш.Г.Санакаев, Д.Р.Томашевский  т.б).

Халықаралық құқықтар мағынасында мынаны білдіреді:

ең біріншіден, мемлекеттер мен мемлекет тәріздес құрылымдарды;

екіншіден, өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттар, мемлекеттік құрылымның орнау процесін;

үшіншіден, халықаралық ұйымдарды;

төртіншіден, мемлекеттер тобын;

бесіншіден, осы белгілердің арасындағы байланысты білдіреді.

Жоғарыда аталғандардан басқа, халықаралық жүйенің құрамына сондай-ақ халықаралық қатынастарда әрекет ететін халықаралық құқықтық және өзге де әлеуметтік нормалар кіреді. Халықаралық жүйеге айқын тұтастық, басқа компоненттерден салыстырмалы оқшаулық сипаты тән. Халықаралық жүйенің ерекшелегі оның негізгі белгісі мемлекеттің бірінші-ден,  халықаралық жүйенің бір бөлігі болып табылатындығы, екіншіден одан тыс та өмір сүре алатындығы.Сондықтан, халықаралық құқықтық даму және қызмет етудегі проблемаларын айқындағанда қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың ерекшелігін, халықаралық жүйенің ұғымы мен компоненттерін арттыруға тура келеді.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырыл халықаралық қатынастардың түсінігі мен олардың құқықтық табиғаты туралы жалпы қорытынды жасауға болады.

Халықаралық қатынастар – бұл мемлекеттердің арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және өзге де байланыстар жүйесі.

Халықаралық қатынастарға мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, халықаралық ұйымдардың ролінің артуы, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларының туындауы, ядролық соғыстың алдын алу, халықаралық құқық рөлінің өсуі сияқты сипаттар тән.

         ІІ.Негізгі бөлім

Әлемдегі мемлекеттердегі ұлтаралық қатынастардың ерекшеліктері

Халықаралық қатынастар теориясы — ортақ заңдылықтарға негізделген құрылымдары бар халықаралық қатынастар жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын зерттейді.

Халықаралық қатынастар әлемдік кеңістіктегі әлеуметтік қауымдастықтардың арасындағы қатынастар ретінде қалыптасады, өмір сүреді және жұмыс істейді. Халықаралық қатынастар алуан түрлі: мемлекеттік, әскери, экономикалық, саяси, қоғамдық және зияткерлік, т.б. күштер әртүрлі деңгейде (жаһандық, өңірлік, көп жақты және екіжақты) түйісетін және өзара әрекет ететін кеңістік болып табылады.

Халықаралық деңгейдегі саяси іс-әрекет бүтіңдей бір мемлекет пен халықтың тағдырын айқындайды. Демек, қазіргі әлем бір-бірімен өзара байланысқан көптеген халықтар мен мемлекеттердің күрделі жүйесі болып саналады. Олардың арасында түрі мен мазмұны әртүрлі қатынастар болады. Әлемдік саяси процестің негізгі субъектісі — халықтар. Халықаралық қатынастардың субъектілері — мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ұлтаралық корпорациялар, солтүстік құрылымдар, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, жеке адамдар.

Аумақ ұғымының халықаралық кұқықтағы кең мағынасы жер шарының құрлық және су айдынын, жер асты қойнауы мен әуе кеңістігін, сондай-ақ ғарыштық кеңістік пен ондағы аспан денелерін білдіреді.

Негізгі түрлеріне қарай барлық аумақ (территория) мынадай үш типке бөлінеді:

  • мемлекеттік аумақ;
  • халықаралық аумақ;
  • аралас режимді (конвенциялык) аумақ.

Аумақтық проблемалар тұтастай алғанда кең ұғым, оған аумақтық шектеулер мен аумақтык режимдер мәселелері кіреді. Аумақтық шектеулерге: аумақтық даулар, халықтар мен ұлттардың өз тағдырын өзі шешуі; мемлекеттік аумақтың қол сұғылмаушылығы мен тұтастығы шекаралас мемлекеттердің арасындағы келісім бойынша және халықаралық құқыққа сәйкес континенттік қайраң мен экономикалық аймақтардың шекараларын бекіту жатқызылады. Аумақтық режимдерге: аумақтық тәуелсіздік және аумақтық юрисдикция, шетел аумағынан транзиттік өту, мемлекеттер келісімімен құрылған арнайы аумақтық режимдер және басқа да мәселелерді жатқызуға болады.

Мемлекеттік шекаралар мемлекеттік аумақтардың шегін белгілейді және олардың негізгі мәнінің өзі сол болып табылады. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы дегеніміз Қазақстан аумағының шегін – құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тігінен өтетін үстіңгі қабаты» – бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы 1993 ж. 13 қаңтарындағы заңының 1 -бабының 1 – тармағында берілген анықтама, ол көпшілік таныған халықаралық стандартқа сәйкес келеді.

Мемлекет аумағын құрлық, су және әуе кеңістігі шекаралары деп бөледі. Құрлыктағы шекаралар, әдетте, жергілікті жердің жер бедерінің ерекшеліктерін ескере отырып белгіленеді (таулар, өзендер және өзге де сипаттық белгілері) және орографиялық шекаралар деп аталады. Кейде олар екі нақты нүкте арасындағы түзу сызықтар бойынша (астрономиялық шекаралар) белгіленеді.

Мемлекетіміздегі ұлтаралық қатынастар туралы

Қазақстан қазір өзіндік саяси және экономикалық жүйесі бар, көптеген әлем елдері мойындаған егеменді, тәуелсіз мемлекетке айналды. Тәуелсіздік жағдайдағы сол жылдардың маңызды жетістігі – Қазақстан республикасы өзін бүкіл әлемге егеменді ел ретінде мойындатып, қазақ ұлтын, сондай-ақ, көпұлтты мемлекетімізді халықаралық деңгейдегі танытып бере алды. Мұнда бүгінгі таңда өзара татулық пен келісімде жүзден астам ұлттар мен этностар, этникалық топтар өкілдері тұрады.

«Біздің ортақ отанымыз – Қазақстанның қазіргідей қарыштап дамып отырғаны – елімізді мекендеуші барлық этностардың ынтымағы мен бірлігінің арқасы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белестерге шығаратын да біздің осы қоғамдық татулығымыз. Бірліксіз ел тозады, бірлікті ел озады дейтін даналықтың шындығына бүгінде бәріміздің көзіміз жетіп отыр», — деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай бүгінде мемлекетімізде ұлттар достығы берік сақталып отыр. Еліміздің  ұлттық құрамына тоқталсақ, Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең болды, ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын.Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.

Діні Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық мұсылмандармен қоса алғанда), 25 % христиандар. Елде дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бөлігі мұсылмандар болса да, ҚР зайырлы мемлекет.

Қоғамдағы ұлтаралық келісім мен татулыққа ықпал негізгі факторлардың бірі – тіл жағдайы. Кез келген хылықтың тілі – оның салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, әдебиеті мен мәдениетін сақтауының негізгі болып табылады. Соған сәйкес біздің елімізде де тіл саясатына мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп отыр. Тіл саясаты Қазақстандағы ұлт саясатының маңызды тармақтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының бүгінгі таңда жүргізіп отырған тіл саясаты ең алдымен елдің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына, қоғамдағы ұлтаралық, этносаралық келісімдерді нығайту бағытталған. Себебі, әр ұлттың тілі мен мәдениеті, даму жағдайлары белгілі бір мөлшерде халықтар арасындағы қарым-қатынастарға, байланыстарға да өзіндік әсерін тигізеді.

Сонымен қатар, қоғамдағы демократияландыруды одан әрі тереңдету, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам қалыптастырудың басты проблемаларын шешу кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Осы даму жағдайлардың барлығында да ең алдымен, Қазақстан халқының біртұтастығының сақталуы, әр ұлттың өзінің жеке мүдделерімен қатар жалпыұлттық, мемлекеттік мүдделерді де естен шығармауы қажет.

Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Он бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институт халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді.

Қазіргі Қазақстан – бұл бұрынғыдан өзге, жаңа саяси-басқару және әлеуметтік-экономикалық құрылымы қалыптасқан, дүниежүзі мойындаған тәуелсіз мемлекет. Мұнда жалпыадамзаттық құндылықтардың ішінде бостандықты, еркіндікті, өзара келісімді қоятын көптеген ұлт өкілдері бейбіт және тату-тәтті өмір сүруде. Аса жоғарғы руханият пен ой-өріс жоғарылығы үйлесім тапқан қазақстандықтардың күш-қайраты қоғам өмірін батыл да түбегейлі қайта құруда шешулі фактор болып табылады.

Тәуелсіздік жолын таңдаған Қазақстан үшін сол тәуелсіздік пен егемендіктің, бостандық пен еріктіліктің негіздерін қалай отырып, оны одан әрі сақтап қалу – өмірлік маңызды мәселе болып саналады. Әрине, қазір басқа да елдердегідей, бізідің қоғамымыз да өзінің тарихи дамуындағы ауыртпалықты кезеңнің бірін басынан өткеріп отыр. Бұл жағдай дүниежүзілік қаржылық-экономикалық дағларыстың салдарымен байланысты екендігін әрбір саналы ел азаматы түсінеді. Бүкіл қағамды шарпыған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс еліміздегі жұмыссыздық мәселесін одан әрі шиеленістіріп, жұмыспен қайту өзекті мәселеге айналып барады. Сондықтан, жұмыссыздыққа тап болған адамдар нәсіліне, ұлтына, діни наным-сеніміне қарамастан мемлекеттің тарапынан әлеуметтік тұрғыдан қорғалуға құқығы бар.

Мемлекеттің этниқалық құрамын есепке алу.

Елдің этникалық құрамы өркениеттер тоғысында  тарихи қалыптасқан. Бүгін Қазақстан жерінде әртүрлі этникалық қауымдастықтар өмір сүруде.

1.Көне түркі халқының ұрпағы, байырғы жерінде тұратын қазақтар;

2.Әр заманда әртүрлі  жолмен Қазақстан тағдырына араласқан славян және еуропалық тектес этникалық топтар;

3.Мәдениеті мен тілі жағынан қазақтарға жақын шығыс этностық диаспоралар;

4.ХХ ғ. 30-40 жылдары жер аударылған этностардың өкілдері;

5.Бұрынғы Одақтың және алыс шет елдік ұсақ этникалық топтар;

Көріп отырғандай, елдің этникалық құрамы оңай жолмен қалыптаспаған. Көптеген диаспоралар өкілдері Одақ ыдырағаннан кейін тарихи отандарына оралды. Ал Қазақстанда өмір сүретін барлық этниқалық кауымдастықтардың өкілдері негізінен бүгін Қазақстан азаматтары.

Этниқалық кауымдастықтар санына, әуелеті, географиялық жағдайы, тілі, діні, психологиясы, ассимиляциялануына байланысты ерекшеленеді. Мәдениеттің әртектілігі, әлеуметтік-психологиялық  ерекшеліктер, тарихи жады және басқа да факторлар этникалық қатынастар ахуалына әсер етіп, ұлт саясатының ерекшеліктерін айқындайды. Жалпықазақстандық азаматтық және этникалық сәйкестік.

Диаспоралар негізінен өз этностық қауымдастығының өкілі бола тұра, бүгін Қазақстан азаматтығын таңдады. Қоғамдағы саяси, әлеуметтік-мәдени және экономикалық өзгерістер мемлекеттік және этникалық сәйкелістіктерде көрініс алады. Қазақстандық және этникалық сәйкелістіктердің үйлесіміне қарай қоғамның бірлігі және оның даму бағыты туралы пікір қалыптасады.

Яғни, ұлтына, шығу тегіне қарамастан адамдарды әлеуметтік қорғау ұлт саясатындағы өзекті проблеманың бірі болып табылады. Себебі, қоғамдағы ұлттық қаныстарға теріс ықпалын тигізетін фокторлардың бірі – осы жұмыссыздық. Бұл тұрғыдан алғанда елімізде біліктілікті арттыру, қажеттілікке сай кадрларды қайта даярлау сияқты бірқатар шаралар жасалынып жатқаны анық. Қазақстанды мекендейтін әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар ұлттық-мемлекеттік құрылысқа қатысуына қарай және өздерінің мәдени даму қарқынын айқындайтын ерекше жағдайларға қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Соған сәйкес мемлекетіміздің негізігі міндеті – барлық ұлттар мен этникалық топтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде қорғау үшін тиімді жолдары қолдану. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан қоғамының тұтастығы мен тұрақтылығын сақтаудың бірден-бір жолы – бұл барлық қазақстандықтардың саяси санасын жалпы азаматтық құндылықтар негізінде қалыптастыру мен жетілдіру болып табылады.

Дағдарысты қоғамның қиыншылықтарына қарамастан Қазақстандағы ұлтаралық қатыныстар мен саясаты тұрақты қарқынмен дамуда. Әрбір ұлт, әрбір этнос қоғам мен мемлекет алдындағы жауапкершілігін осындай сәттерден таныта білу керек. Әлемдегі қазіргі кездегі демократиялық көпұлтты мемлекеттердің жамуына зер салып қарасақ, онда олапрдың барлығының қоғамдағы ұлты әр түрлі адамдардың бірлесіп өмір дің әр түрлі салаларындағы демократиялық тетіктерді нығайту мен полиэтникалылықтың сақталуының және ұдайы өндірілуінің арасындағы қарама –қайшылықтарды үнемі шешіп отырудың шешіп отырудың қиын жолдарынан өткендігін байқаймыз.

Дүниежүзілік озық технология мен интеллектіге сүйенген саяси-экономикалық және әлеуметтік құрылыс қазақ халөымен бірге барлық қазақстандық халықты өркениетті өмірге әкелетіндігі сөзсіз.

Халықтар Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған.

ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.

Ассамблея: мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады.

Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, ардагерлер кеңесі өкілдерінен, кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады.

Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты.

Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады. Қазіргі кезде мемлекетпен катар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады, яғни жекелей алғанда БҰҰ және оның органдары: Бас Ассамблея, Кауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат. БҰҰ құрылым белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік процестерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады. Бұл жағдайда БҰҰ къізметі халыкаралык-кұқықтық шеңберде болады. 1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско каласында қабылданған БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар: халықаралық проблемаларды шешудің тәсілі ретінде соғысты болдырмау адамзат өмірінде адамның негізгі құқықтарына, адамзат тұлғас артықшылықтары мен құнды, әйелдер мен еркектердің, кіші және үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау. БҰҰ мен оның органдарының негізгі күш-жігері қақтығысқа алып келетін жағдайларды зерттеуге, қақтығысушы тараптардың позицияларын анықтау мен айқындауға, оларды құқықтық және моральдық тұрғыдан бағалауға және қақтығысты шешу бойынша нұсқауларды дайындауға, ал қажет болған жағдайда куш қолдануға бағытталынған. Өйткені БҰҰ ерікті халықаралық ұйым болғандықтан ол өзіне мүше елдердің еркі негізінде ғана қызмет ете алады. Оның шешімдері, нұсқаулары мен қабылдаған шаралары халықаралық құқық нормаларымен, сондай-ақ БҰҰ жарғысында көрсетілген мақсаттар мен принциптерге сәйкес болуы керек. Аталмыш шаралар экономикалық және дипломатиялық қатынастарды, коммуникациялық байланыстарды толықтай немесе жеке л ей үзу тұрінде болуы мүмкін. Егер бұл әрекет жеткіліксіз болса, онда Қауіпсіздік Кеңесі «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау мен қайтадан қалпына келтіру үшін қажетті әуе, теңіз және құрлықтағы күштердің өрекетін пайдалануға өкілетті». БҰҰ қарулы күштері жауласушы тараптардың армиялары арасындағы қарулы буфер, қарауыл-күзет қызметін атқару, қарулы террордан бейбіт тұрғындарды қорғау және т.б. қызметтерді атқарады. БҰҰ өз алдына адамдар арасында бейбітшілік пен әділеттілік салтанат құру үшін және экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық мөселелерді шешетін әлеуметтік прогреске жету үшін қолайлы жағдайлар жасау проблемасын мақсат етіп қояды. БҰҰ басты назар аударатын салалар әлеуметтік және саяси қақтығыстар аумағындарын алатын кедейшілік, эпидемиялар, апаттар мен террорлық ұлттықдың әрекетінен туындайтын салдарлар. БҰҰ — басты проблемасы гуманитарлық және басқа да апаттардың салдарын тоқтату, көмек көрсету және жою үшін мемлекеттердің күшін біріктіру. » БҰҰ және оның органдары өз алдарына іргелі мәселелер қоятын кең дамыған саяси жүйені көрсетеді. Ол мәселелер: Жер планетасындағы бейбітшілікті сақтау, әлеуметтік прогреске жан-жақты көмек көрсету және кең көлемдегі іргелі мәселелерді шешу. Халықаралық қатынастар субъектісі ретінде БҰҰ және оның органдарымен қатар, аймақтық келісімге түсетін және соған сәйкес өз органдарын құратын мемлекеттер аса елеулі рөл атқарады. Қазіргі кезде мемлекетке саяси маневр, өз мүдделерін қорғау, халықаралық қатынастардағы күш пен құралдар балансын реттеу үшін жеткілікті кеңістікке ие болуға мүмкіндік беретін әрдайым дамып отыратын екі жақты және көпжақты келісімдер жүйесі және органдары бар. Азаматтық қоғам ұлттықы да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады. Олардың алдында тұрған мәселелер ұлттық-мемлекеттік ауқымда (экологиялық, құқық қорғау және басқа да ұйымдар) тиімді шешілмеуі мүмкін. Олар өздерінің мәселелерін шешу үшін бұқаралық қозғалыстар ұйымдастыру және үкімет пен халықаралық ұйымдарға қысым көрсету жағдайында болады. Халықаралық қатынастар субъектілері ретінде саяси бастаманы қоғамдық пікірді көтеруге қабілетті, үкіметтің жүргізіп отырған саясатын реттеу мақсатында оларға ықпалын тигізуге мүмкіндігі бар беделді адамдар да түсе алады. Бұлардан басқа, қазіргі кезде аймақтық, мемлекетішілік қақтығысты жағдайды туғызуға қабілетті, жеткілікті түрде ықпалды халықаралық және мемлекетішілік саяси процестерге өсерін тигізе алатын заңсыз ұлттық мен құрылымдар да бар. бұл ұлттық мен құрылымдар кең көлемде қызмет істеуге қажетті материалдық-қаржылай, адам ресурстарына, өзінің идеологиясына, қарулы отрядтарға ие. Олардың саяси міндеті жартылай заңды ахуалға өтіп алу. Ол үшін, ең алдымен, өздерінің заңсыз, қылмыстық өрекеттерін ақтау және дамыту жолында мемлекеттік билікті пайдалану үшін мемлекеттік-билікгік құрылымдарға еніп алу қажетті. Осы қатермен күрес терроризмге, заңсыз бизнеске және басқаларына қарсы қажетті акцияларды қолдану үшін мемлекеттермен, БҰҰ күш-жігерін біріктіруді талап етеді. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың шынайы өзегі, ядросы мемлекеттердің өзара байланысы мен өзара қызметі болып табылады, өйткені мемлекет халықаралық аренада халықаралық байланыстар мен қатынастарға түсетін халықтардың тәуелсіздігін көрсетеді және осыған орай халықаралық қатынастар мемлекетаралық қатынастармен тығыз байланыста көрінеді. Халықаралық істерге қатысушы мемлекеттен тыс құрылымдар, азаматтық қоғам ұйымдары, жеке беделді тұлғалар халықаралық келісімдер негізінде қабылданған және мемлекет іске асыратын құқықтық нормалар мен принңиптер шеңберінде әрекет етеді. Тек мемлекет қана осы үшін қажетті билік өкілеттіктеріне және күшпен құралдары арсеналын тарату құқығына ие. Міне, қазіргі халықаралық қатынастардың субъектілері осындай, олардың өзара әрекеті субъект-субъектілік қатынастар шеңберінде қазіргі халықаралық саяси шынайылықты құрайды. Казіргі кездегі халықаралық қатынастар мемлекеттің сыртқы саясатына өз ізін қалдыратын дамудың басты тенденцияларының қатарымен сипатталынады. Казіргі адамзаттың өмірі үшін шаруашылық байланыстардың болуы және қарқынды дамуы, тауар мен қызметтің әлемдік рыногының калыптасуы, мемлекеттердің экономикалық өзара тәуелдігіне, олардың мүдцелерінің өзара түйісуіне алып келетін жалпығаламдық шаруашылық кешенінің біртіндеп калыптасуы аса өзекті. Осы негізде әлемдік сауда дамиды, қаржы инвестициялары жүзеге асады, казіргі заманға сай технологиялар игеріледі және ендіріледі, коммуникациямен ақпараттық камтамасыз етудің Қазіргі заманғы құралдары жасалынады және т.б. яғни постиндустриалды өркениетке тән сипаттағы істер атқарылады.Постиндустриализм экономикалық ахуалдың деңгейі ретінде кейбір дамыған елдердің өмірі үшін ғана тән болса да, көптеген мемлекеттер мен елдер индустриалдық және индустриалдыққа дейінгі даму процесін басынан кешіруде. Постиндустриализм экономикалық және өлеуметтік дамудың іргелі және басты ағымы болып табылады. Ол экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайының деңгейімен санаспай барлық елдерді өзінің түңғиығына тартып алады. Постиндустриализм өзінің экономикалық мүмкіншіліктері мен әлеуметтік-мәдени ықпалы бойынша ұлттық-мемлекеттік және аймақтық шеңберде тұйықталынып қалуы мүмкін емес. Ол ұлттық-мемлекеттік, аймақтық шеңберден шыға отырып, белсенді түрде жалпығаламдық мәртебеге ие болады. Постиндустриализмнің қазіргі халықаралық қатынастарга ерекше ықпалын тигізетін адамзат өркениеті дамуының жаңа сатысы екені даусыз. Демек, жалпығаламдық дамудың осы ағынына ілесуге және онда өз орнын табуға ұмтылу қазіргі мемлекеттердің аса маңызды сыртқы саяси мәселесі болып отыр. Бұл үшін басқа елдермен тең дәрежелі серіктес болуға ұмтылатын, қазіргі халықаралық кұндылықтарды (БҰҰ, оның мақсаттары мен принциптері, халықаралық құқық, консенсуалды саяси мәдениет, күш қолданудан бас тарту, эквивалентті экономикалық айырбасқа ұмтылу және т.б.) танитын ашық, демократиялық қоғам болуы шарт. Қазақстан Республикасы өзін ашық демократиялық қоғам ретінде жариялай отырып, осы ережелердің барлығын өз Конституциясының баптары ретінде тіркеді, осыған орай жаңа халықаралық жағдайларға бейімделудің жалпықұқықтық негізін қалады. Постиндустриализм Жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану проблемасымен тығыз байланысты, бұл — халықаралық қатынастарға проблемалық қолтаңбасын қалдыратын қазіргі кездегі әлеуметтіліктің дамуының басты кезеңі. Қазіргі жағдайда Жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану тенденциясын мүдделері ұлттық-мемлекеттік құрылым шеңберіне сыймайтын ұлттық емес экономикалық құрылымдар жүзеге асырады. бұл ар — постиндустриалдық өркениеттің алыптары — транс ұлтгық компаниялар (ТНТ), трансұлттық банктер (ТНБ) және басқа да мемлекеттік емес және ұлттық емес құрылымдар. Халықаралық қатынастарда олардың ықпалы барған сайын өсе түсуде, бірақ тұтастай алғанда қазіргі адамзат бізді осы әлемге алып баратын жолдың алғашқы баспалдағында түр деп айтуға болады. Тарихи және дәстүрлі тұрғыдағы ұлттық отандарда (дүниені мәдени қабылдау мен оның проблемалары елеулі тұрғыда осымен анықталынады) өмір сүрген адамзат үшін постиндустриалдық өркениет алып келетін жаңа құндылықтың бағдарларға бейімделу және игеру өте қиын болады. Бірақ, көзжетерлік нәрсе, XXI ғасыр халықаралық қатынастарға өз ықпалын тигізетін бейімделу кезеңі болатындығы сөзсіз. Біздің көзқарасымыз бойынша, жаңа постиндустриалдық жағдай жалпы адамзаттық мәртебеге ие (БҰҰ төрізді ұлттық) құрылымдар мен нормалардың мәнін көтеруі керек, олардың одан ары дамуы және проблемалық толығуы халықаралық құқыққа ие болуы қажет. Енді осы жаңа жағдайларға бейімделудегі — Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының маңызды мәселесін қарастырайық. Біз өзімізге, өз жерімізге және оның қойнауларына өкім жүргізе алатын тәуелсіз мемлекет боддық. Бірақ мыңдаған жылдар бойы жер қойнауы ашылмай жатты, біздің ата-бабаларымыз жердің үстіңгі қабатын ғана пайдаланды. Біздің ұлттық байлығымыз көпқатпарлы екендігін, оның ең маңыздысы оның қойнауында жатқандығын түсіне бастадық. Алайда қазіргі кезде бұл — менікі, оны мен ешкімге бермеймін принңипімен өмір сүруге болмайды. Бізге жатын алып жақсы өмір туралы аңсауға тағы болмайды. Жер қойнауының табиғи байлықтары шектеулі. Сондықтан қажет болған жағдайда оны алуға болады, бірақ ысырапқа жол берілмеуі керек. Біздің ұлы даламыз қаншалықты кең болса да Қазіргі кездегі каруланған әскерге оны жаулап алу түкке тұрмайтындығын ескергеніміз жөн. Сол себептен Қазақстан үшін өз кауіпсіздігінің халықаралық кепілдігін алу аса маңызды, ал бұл үшін ұлттық байлығымызды басқалармен бөлісу кажет. Қазіргі халықаралық қатынастар дүниедегі екі саяси жүйені, (капитализм және социализм) жокқа шығару жағдайында дамуда және мемлекеттер өзінің сыртқы саясатын анықтағанда халықаралық қатынастардың осы ерекшелігін басшылықка алуы керек.

Мемлекеттер арасындағы іргелі идеологиялық және саяси ерекшеліктердің негізінде пайда болатын әлемнің биполярлығы мемлекетеаралық кэтынастарға идеологияшылдықты енгізді, халықаралық сауданың, экономикалық байланыстардың калыпты дамуына кедергі келтірді, экономикалық мүдделердің (тауарға, қызметке, технологияға және т.б. эмбарго) жүзеге асу сферасын тарылтты, автаркияның дамуына алып келді. Осының барлығы елдердің, аймақтардың экономикалық прогресін тоқтатты, өмірдің милитарлануына әкеліп соқты. Бүгінгі күнде бұрынғы биполярлық келмеске кетсе де, оның салдары мемлекет басшыларының өзара сенбестігінде, халықаралық акциялардың шиеленіскен бағасында, тұтастай алғанда, халықаралық өмірді дұрыс қабылдамауда әлі де болса сақталынып отыр. Екі әлеуметтік жүйенің теке-тіресі екі өскери блоктың құрылуына өкеліп соқты: НАТО және Варшава Шарты ұйымы. бұл ар жауласушы екі жүйенің қаруы болған өскери-саяси одақтар еді. Әлемдік социалистік жүйенің күйреуі Варшава Шарты елдерінің өскери блогының тарауына алып келді. НАТО өзінің қарулы күші бар, БҰҰ мен Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен нақты әскери акцияларды орындайтын өскери-саяси одақ болып сақталынып қалды. Әрине НАТО-ның өмір сүруі — бұл биполярлық дүниенің қалдығы және ол қазіргі халықаралық өмірде айтарлықтай күрделі жағдайлар туғызады, өйткені НАТО жеке еріктің қаруы. НАТО-ның өмір сүруі және ол іске асырып жүрген белсенді әскери әрекеттер басқа елдерді осыған ұқсас әскер-саяси блоктарды құруына итермелеуі мүмкін. Бүгінгі күндегі адамзат құруға талпынып жүрген әлемнің көпполюсті моделі объективті негізге ие. Аймақтық байланыстар мен мүдделердің (геосаяси, әлеуметтік-мәдени, этнодемографиялық және т.б.) болуы — қазіргі адамзат өмірінің шынайылығы. Белгілі бір кұрлықта өмір сүретін халықтар тағдырының ортақтығы қазіргі кездегі әлемдік шаруашылық қатынастарының қаншалықты дамығандығының өзінде тарихи және дөстүрлі тұрғыда қалыптасқан саяси басымдықтарды анықтауда құндылықтарға ие қауымдастық болып табылады.

Еуропа бірлестігі, Еуразиялық кауымдастық, Азия-Тынық мұхит аймағы, Африка мемлекеттерінің ұйымы, Оңтүстік және Солтүстік Америка елдері мүдцелерінің бірлігі төрізді аймақтық ұлттық әлемнің көпполюсті моделінің қалыптасуында ерекше мәнге ие болуы мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Э. Назарбаевтың еуразиялық идеясы — өте жемісті және перспективалы идея. Ел басшылығының негізгі сыртқы саяси мәселесі — Қазақстан Республикасын әлемдік қауымдастықкң бейбітшілікгі жақтаушы және тату көрші мемлекет ретінде интеграциялауға ұмтылу. Қазіргі халықаралық қатынастарға айтарлықтай ықпал тигізетін фактор мемлекеттердің милитарлануы болып саналады. Олардың бюджетінің көп бөлігі әскери шығындарға жүмсалынады. Кең көлемдегі қару-жарақ өндірісі жолға қойылып, заңды және заңсыз қару-жарақ саудасы дамиды және қызмет етеді. Кару-жарақ шығару мен сату көптеген елдер бюджетінің басты кіріс көзі болып саналады. Байқалып отырған милитаризм саяси мәдениетке елеулі ықпалын тигізеді. Адамзат зорлық-зомбылыққа, қару қолдануға бейім тұрады. Халықаралық келісімдерде келісім жүргізуші елдер соғыстың, зорлық-зомбылықтың көмегімен өз позиңияларын нығайтуды көздейді. Милитаризм өмірге тиімділігі жоғары қару өндірісін алып келді. бұл адамдарды жаппай жоюға арналған ядролық, химиялық, бактериологиялық және т.б. карулар. Қару-жарақ өндірісіне араластырылған адамзат жасампаздығы бүдан да қатерлі жаңа қаруларды ойлап табуы да мүмкін. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының халықаралық позициясын орнықтыра түсуде оның үкіметінің бейбітшілікті жақтайтын саясатқа принңипті ұстанымдары, бірінші болып қарулы күш қолданудан бас тарту, барлық халықаралық мәселелерді келісім жолымен шешуге бағытталынуын, өз территориясында ядролық қаруды сақтамау туралы жарияланымын айтуға болады. Ел үкіметінің осы және басқа жарияланымдары мен акңиялары біздің көршілеріміз бен әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын тату көршілікке ұмтылушы, ешкімге территориялық және басқа да айыптар тақпайтын, барлығымен бейбітшілік және келісім жағдайында өмір сүруші мемлекет екендігін танытады. Қазақстан Республикасының Конституциясында оның халықаралық саясатының негізгі принциптері көрсетілген 8-бапта былай деп жазылған: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-катынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші бо- лып қолданудан бас тартады». Тұтастай алғанда, қазіргі халықаралық жағдайға адамзат тегінің өсіп отырған субъектілігі айтарлықтай әсер етеді. Аса ірі мәдени потенциал жинақталған. Адамзат практикалық өрекеттің аспабы ретінде табиғаттың дүлей күштерін пайдалануға қабілетті. Адам табиғаттың тылсым құпияларын тани отырып, қоршаған ортаның өзгертушісі болады. Осының барлығы адам әрекетімен жүзеге асады. Адамзат субъект ретінде әрекет ететін өз мүдделері бар және оларды іске асыруға үмтылатын әрқилы құрылымдарға бөлінген: құрлықтар, аймақтар, мемлекеттер, нәсілдер, этникалық құрылымдар, ұлттар, таптар, сословиелер, әлеуметтік топтар. Олардың өзара қатынасы саяси шынайылықты құрайды. Халықаралық қатынастар осы саяси шынайылықтың бір бөлігі болады. Олар, ең алдымен, мемлекетаралық қатынастар ретінде қызмет етеді, өйткені саяси қатынастардың барлық субъектілерінің мүдделері мемлекеттік саясатта көрінеді. Мемлекет оларды мемлекеттен тыс халықаралық аренада көрсетеді. Барлық мемлекеттік құрылымдар халыкаралық аренада әрекет етеді және байланыстың ерекше мемлекетаралық каналын — дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастырады. Мемлекеттің дипломатиялық қызметі өкілдік және ақпараттық тәрізді екі негізгі функцияны атқарады. Осы функциялардың екеуі де мемлекеттің табысты халыкаралық қызметі үшін аса маңызды.

Қорытынды

Халықаралық қатынастар әлемдік кеңістіктегі әлеуметтік қауымдастықтардың арасындағы қатынастар ретінде қалыптасады, өмір сүреді және жұмыс істейді. Халықаралық қатынастар алуан түрлі: мемлекеттік, әскери, экономикалық, саяси, қоғамдық және зияткерлік, т.б. күштер әртүрлі деңгейде (жаһандық, өңірлік, көп жақты және екіжақты) түйісетін және өзара әрекет ететін кеңістік болып табылады.

Халықаралық деңгейдегі саяси іс-әрекет бүтіңдей бір мемлекет пен халықтың тағдырын айқындайды. Демек, қазіргі әлем бір-бірімен өзара байланысқан көптеген халықтар мен мемлекеттердің күрделі жүйесі болып саналады. Олардың арасында түрі мен мазмұны әртүрлі қатынастар болады. Әлемдік саяси процестің негізгі субъектісі — халықтар. Халықаралық қатынастардың субъектілері — мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, ұлтаралық корпорациялар, солтүстік құрылымдар, саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар, жеке адамдар.

Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі Жер планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты калыптастыратын адамзат. Дегенмен осынау бірлік пен тұтастық — қайшылықты нақтылық және көп бейнелі, эр түрлі, тіпті карама-қарсы мүдделердің түйісуінің бірлігі болып табылады. Олар (осы мүдделер) қажет болғандықтан саясатқа еніп кетеді және саяси шешімдерді талап етеді. Сонымен, халықаралық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің түйісуінің өзегі болатын саяси шынайылықтың спепификалық мазмұны халықаралық қатынастар болып табылады.

You May Also Like

Медициналық ақпараттық жүйелердің классификациясы, реферат

Медициналық ақпараттық жүйелердің классификациясы Жоспар І. Кіріспе: 1)с; ІІ. Негізгі бөлім: 1)Базалық…

Өндірістік іс-тәжірибе, реферат

Кіріспе …………………………………………………………………………………… Өндірістік іс-тәжірибе өту орнының қысқаша тарихының мәліметтері…….. 2.1.Кәсіпорынның тарихы және…

Жерді тиімді пайдалану, реферат

Жерді тиімді пайдалану.  Елбасы ағымдағы жылғы “Жа­ңа онжылдық – жаңа эконо­ми­калық өрлеу…

Шағын бизнес және оның пайда болуы, реферат

ЖОСПАРЫ КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………………….. І. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………………………………………………….. 1.1 Шағын бизнестің…