Кіріспе ……………………………………………………………………………………

  1. Өндірістік іс-тәжірибе өту орнының қысқаша тарихының мәліметтері……..

2.1.Кәсіпорынның тарихы және даму кезені, функциясы, кұрылымы……………..

3.Мекеменің жобаланып жатқан немесе салынып жатқан нысананың көлемдік-жоспарлау мен конструктивті шешімдері ………………………

3.1Көлемдік-жоспарлау шешімдер……………………………………………………………..

3.2Конструктивті шешімдері………………………………………………………………………..

  1. Дербес тапсырма: Қаңқасыз және қаңқалы ғимараттардың орнықтылығын және кеңістіктегі беріктігін қамтамасыз етудегі шаралар……………………………………………………………………………………………………..

4.1.Жобаларды сараптау туралы жалпы мәліметтер……………………………………….

4.2.Сараптаудан өткізудің жалпы ережелері………………………………………………….

4.3. Жобаларды мемлекеттік сараптау…………………………………………………………..

4.4. Қорытынды жағдайлар……………………………………………………………………………

4.5.  Жобаларды сараптаудан  өткізу барысында қолданылатын негізгі ұғымдар……………………………………………………………………………………………………….

5.Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу,жобалау кезіндегі техника қауіпсіздігі  ережелерін сақтау………………………………………………………………………

Қорытынды………………………………………………………………………………………………….

Кіріспе 

Біздің Республикамыздың экономикалық және әлеуметтік  даму бағытында 2030 жылға дейінгі аралықта құрылысты бір қалыпты тиянақты қалыпқа келтіру және ғылыми негізделген біріңғай сапалы дәрежеге жеткізу мәселесі қолға алынып отыр.

Елбасының 2018 жылғы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі барысында «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндігктерін беру» оның негізгі шешімі тұрғын – үй ипотекасын қалың қол жетімдімділігін арттыру арқылы жүзеге асыруға болатынын атап өткен болатын. Осы бағдарламаны ж.зеге асыру тұрғын-үй қүрлысына зор серпін береді.Сонымен құрылыс өндірісіне, оның ішінде  тұрғын үй мәселелеріне аса көп басымдық көрсетілген.

Күрделі құрылыс саласын  жүргізу мемлекет экономикасында өте маңызды орын алып отыр. Қазіргі таңда республикамыздың бірнеше қала, аудандарында үлкен масштабта құрылыс жүргізіліп жатыр. Бұның өзі ел экономикасының қарыштап дамып келе жатқанның белгісі. Ел басымыздың жолдауындағы келешекте дамыған отыз елдің қатарына ену стратегиясына орай  Қазақстанның барлық аймақтарында мәдени ошақтар, білім ордаларында студентерді жатаққанамен қамтымасыз ету, ауруханалар, спорт кешендері т.б. ғимараттар қайта салынып немесе күрделі жөндеуден өтуізуін қадағалауды тапсырды.

5В72900 – Құрылыс мамандандығы бойынша кұрылыс өндірісіндегі жобалыжәне зерттеу қызметі, ұйымдық – басқарушы, өндіріс -технологиялык дайындығы болу үшінбакалаврды мамандары дайындалады.

Өндірістік тәжірибе біліктілігі жоғары мамандардың дайындауда маңызды кезең аладыжәне тәжірибенің студент пенжетекшінің тұрақты контактіде болмаған ортадаөткізіледі.

Іс-тәжірибенің мақсаты – кіріскен іске өндіріс – шаруашылық қызметін зерттеу, бекіту және құрылыс саласы бойынша дайындайтын студенттердің университеттегі алған дәрістерінің теориялық білімдердің кеңейту, обьектегі жұмыс жобалармен,нормативті құжаттармен және жұмыс орындағы технологиялық процесстердіңоперацияларының орындалуында тәжірибелік дағдылардың тауып алуы, өз мамандықтыңжәне жұмысшы орындардың ұйымында оқып білу болып табылады.

Іс-тәжірибенің ұйымдастыруы: Тәжірибе мамандардың тәжірибелік дайындауын ерекше түрімен бекіледі,студенттерден зор мамандандырылған және оқу барысы кезінде,теориялық оқу барысында қолдану үшін өте тиімді.Осы мақсатпен студенттердің міндеттерін және кұкығын анықтау, тәжірибенің өтуінжәне жиынынжеткізу.Тәжірибенің алдында студент білу қажет:

Ұйымдастыру мәжілісінде қатысу, тәжірибе оқытушысын білу, тәжірибе өтетін орынды жәнеуакытты білу, дара тапсырмамен таныс болу.

Тәжірибе өткізу уакытында:

-тәжірибеге келген кезде техникалық оқу беліміне келу, егер ол бөлім болмаса кадрбөліміне бару;

-жұмыс орнымен танысу, жабдықтың пайдалану ережесі, тәжірибенің өткізген кезіндежоспарды аныктау;

-тәжірибе бағдарламасына қатысты жұмысқа кірісу;

Студент өндірістікколлективіндегімаманретіндебілу кажет:

-кәсіпорныдағықазіргіішкіережесінқатаңтүрдеорныдау;

-эксплуатация жабдықтауыныңережесінкатаңжәнеоқыпбіліпорындау, техникақауіпсіздігі мен еңбекқорғау;

-өткізілгенжұмысқажауаптылықтытарту.

– келешектемаман ретіндежұмыстыңұйымына, еңбеккеадалету,материалдыққұндылыққажәнеөндірістіңқұралдарына, қоғамдықөміргебелсендіқатысуқажет.

2.Өндірістік іс-тәжірибе өту орнының қысқаша тарихының мәліметтері

2.1.Кәсіпорынның тарихы және даму кезені, функциясы, кұрылымы.

ЖШС «Элит-Ж.Д.» құрылыс компаниясы  2005  жылы құрылған.

ЖШС «Элит-Ж.Д.» құрылыс компаниясының құрылымына мыналар жатады: Басшысы – директоры, кейін – қаржы директоры мен бас инженер, лобаранттар, сондай-ақ қаржы директоры – бас есепші мен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, бас инженер – т/қ инженері, бас энергетик, участок бастықтарына жауапты, әр участок бастығынан кейін – прораб – құрылыс бригадасы болады.  ЖШС «Элит-Ж.Д.» құрылыс компаниясы қазіргі  жаңа заманға сай   құрал- жабдықтармен, құрылыс  материалдармен жабдықталған, бақылаушы  лабораториясы, аса үлкен материалды техникалық базасы бар, автомобильді жол және азаматтық өндірістік құрылысты қамтиды. Құрылыс компания ұжымы жоғарғы дәрежелі мамандардан құралған. Олар құрылыстық конструкция  көлемінде үлкен ғалымдармен бірге жұмыс жасауда.

ЖШС «Элит-Ж.Д.» құрылыс компаниясы көбінесе күрделі жөндеу құрылыс жұмысымен, сондай-ақ ағымдағы жөндеу құрылыс жұмыстарымен, қайта құрылымдау жұмыстарымен айналысады. Жасаған құрылыс жұмыстары сапалы әрі уақытында орындалады. Оған жарқын дәлелдің бірі осы 2010 жылы Бәйдібек ауданындағы  мектептер және Отырар ауданы, Темір ауылындағы емханаға да күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізді. Осы сияқты көптеген құрылыс аяқталып тапсырылды.

Компания коптеген мемлекеттік тендірлерде алдыңғы қатардан орын алып,  мемлекеттік тендр бойынша Қазақстан қалаларындажасалынатын  құрылыстарды жеңіп алды.

3.Мекеменің жобаланып жатқан немесе салынып жатқан нысананың көлемдік-жоспарлау мен конструктивті шешімдері 

3.1 Көлемдік-жоспарлау шешімдер 

Көлемдік-жоспарлық шешімдері келесі нормативтік құжаттардың талалаптарына сәйкес алынған:

  • СНиП РК 3.02-02-2009 «Общественные здания и сооружения»,
  • СНиП РК 2.04-05-2002* «Естественное и искусственное освещение»
  • СНиП РК 2.04-03-2002 «Строительная теплотехника»
  • СНиП РК 2.02-03-2002 «Пожарная безопасность зданий и сооружений»
  • СНиП РК 2.01-19-2004 «Защита строительных конструкций от коррозии»
  • СНиП II-12-77 «Защита от шума»
  • СНиП РК 3.02-06-2002 «Крыши и кровли»
  • СНиП РК 5.01-01-2002 «Основания зданий и сооружений».

     Бала-бақша  ғимараты 

Жобаланып жатқан ғимарат  жоспарда тік бұрышты, остегі өлшемдері « 1-9,А-Ж» 54,58х30,00м және қабат биіктігі 3,0м.

Қабаттылығы – 2 қабат

Ғимараттың  биіктігі – 9,920м; Ғимараттың 1-ші және 2-ші қабатының биіктігі еденнен төбеге дейін – 3,0м.  Ғимаратта екі екімарштық баспалдақ торы орналасқан , Л1 түрі.

Ғимараттың жауаптылық сатысы – ІІ

Өрт қауіпсіздік деңгейі – Д

Отқа төзімділік дәрежесі – ІІ

Ғимаратта келесі бөлмелер қарастырылған:

Бірінші қабатта орналастырылғандар- тамбарлар,кіржуғыш,үтікттеу,таза заттарды сақтайтын бөлме,дәрігер бөлмесі және санузідер,жұмысшылар бөлмесі изолятор-палатасы,корридор,коррекция бөлмесі,жинағыш заттарды қоятын қоймалар,вент камера,электрщитовая,шомылатын орын,санузел,гордироб және жұмысшыларға арналған әжетхана,азық-түлік қоймасы,мұздатқыш қкамера,мұздатқыш цех,көкеністерді сақтау қоймасы,кіржуатын орын,тамақ дайындайтын және тарататын орын,меңгеруші бөлмесі,әдістемелік бөлме,оқытушылар бөлмесі,жұмысшылар жуынатын орын,корридор,вестибюль,охраниктер отыратын бөлме,буфет,шешінетін және демалатын орын,топтардың шешінетін және ұйықтайтын бөлмелері т.б.

Екінші қабатта орналасқандар- гимнастикаға орналған универсал залы және ән-күй сабағын өткізетін орын,қоймалар,тамбурлар,кружоктар өтетін бөлмелер,корридор,баспалдақ алаңы мен торлар,топтардың шешінетін және үйықтайтын бөлмелер,жуынатын,шешінетін орындар,санузілдер.

Сыртқы әрлеу

Қабырға – тегіс қасбеттік сылақ

Цоколь- қоңыр түс бояу қосылған сылықпен әрленген.

Ішкі әрлеу: Бөлмелердің талаптарына сай әк бояулармен,қабырға понелдері «Алиникс» түрімен тегістеліп майлы бояулармен боялған.

Ғимарат және кабинеттер, гимнастика залдары.

Қабырға – водоэмульсиялық бояулармен әктелген.

          Төбе – водоэмульсиялық бояулармен әктелген.

Еден – линолеум

Плинтус – ПВХ

Қоймалар, қосалқы бөлмелер, вестибюль, баспалдақ торы.

Қабырға – декоративтік сылақ (штукатурка)

Төбе – аспалы төбе, колер қосылған водоэмульсиялық бояулармен әктелген.

Еден – керамогранит

Плинтус – керамика

Санитарлық түйін, құрал – жабдықтар жинау бөлмесі

Қабырға – 1,8м-лік керамикалық плитка

          Төбе – водоэмульсиялық бояулармен әктелген

Еден – керамикалық плитка

Плинтус – керамика

Көлемдік-жоспарлау қөрсеткіштері

№ р/с Атауы Өлшем бірлігі Саны Ескерту
1 Құрылыс ауданы м2 649,78
2 Жалпы ауданы м2 1651,84  
3 Пайдалы ауданы м2 673,96  
4 Есептік ауданы м2 356,76
5 Тұрғын ауданы м2 594,55  
6 0.000 белгіден жоғары құрылыс қөлемі м3 6792,31  
7 0.000 белгіден төмен құрылыс қөлемі м3 266,10
8 Ғимарат қабаттылығы қабат 2  

3.2. Конструктивтік шешімдер

Ғимараттың конструктивтік сызбасы – қатаң конструкциялы тұтас темірбетондық бойлық ригельді қаңқа және бойлық кірпіш қабырға. Тұтас қабырға, ұстын,  және жабын плиталары жұмыспен бірге ғимараттың беріктігі мен орнықтылығын қамтамасыз етеді

Қабырға асты іргетастар – ГОСТ 10778-85 бетон класы В15 портланд-цементтік ленталы құймалы темірбетоннан.

Қабырғалар  – КОРП IНФ/100/2,0/50/  ГОСТ530-2007 бойынша  горизон-тальды арматураланған және темірбетон өзектері бар М50 цементті-құмды ерітіндімен қалыңдығы 380мм күйген кірпіш.

Сыртқы қабырғаны жылыту – ТУ 5762-019-0281476-2010 қалыңдығы 80мм-лік, тығыздығы – 175 кг/м3 қатаң жылу оқшаулағыш минералды – мақталық ПТЭ-150 «Misot» плитасы.

Жабын плиталары – болат кеңістік каркастармен арматураланған құймалы темірбетонды антисейсмикалық белдеуі орнатылған 1.141-1-63с сериялы көпқуысты темірбетон панелдер.

Баспалдақ – бетон класы В15 тұтас темірбетоннан.

Бөлме аралық қабырғалар  – КОРП IНФ/100/2,0/50/  ГОСТ530-2007 бойынша  горизонтальды арматураланған және темірбетон өзектері бар М50 цементті-құмды ерітіндімен қалыңдығы 120мм күйген кірпіш.

Шатыр – шатырлық, төртеңісті «Монтерей» типті металлочерепица ағаш итарқалы және сыртқы ұйымдастырылған суағар.

Жоғарғы қабаттық жабын плитасының жылытқышы – ТУ 5762-019-0281476-2010 қалыңдығы 120мм-лік, тығыздығы – 175 кг/м3 қатаң жылу оқшаулағыш минералды – мақталық ЭКОВЕР плитасы.

Терезе – ГОСТ 30674-99 бойынша бірыңғай әйнекпакетті ПВХ профил.

Есіктер – ГОСТ 6629-88 бойынша ағаш және ГОСт 30970-2002 бойынша ПВХ профил.

Сыртқы есіктер – ГОСТ 31173-2003 бойынша

3.ҚР ҚН 1.02-03-2011 ҚР Құрылыс нормалары құрылыстың жобалық құжаттамаларын әзірлеу,келісу,бекіту, тәртібі мен қүрамын оқып үйрену

Кіріспе.

Қазақстан Республикасының «Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы» құрылыс нормасы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативтік актілер негізінде, сонымен қатар техникалық реттеу қағидаттарын есепке ала отырып, адам денсаулығы мен өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғауға, болатын қауіп- қатердің және тағы басқа да құрылыстағы инвестицияланған процестің жобалау сатысында қарастырылатын мәселелерді қамтитын әрі талаптарды енгізуге негізделген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері саласының нормативтік-техникалық құжаттамасын жетілдіру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, экономикасы дамыған шет елдердің тәжірибесін зерттеу негізінде қайта өңделіп жазылды. Мемлекеттік нормативтерді қайта өңдеу және өзгертулер мен олықтыруларды енгізу қажеттілігі, жалпы Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы техникалық реттеу жүйесі реформасымен, сонымен қатар қазіргі таңда тәжірибе жүзінде туындайтын объектілерді салуға арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту сияқты ерекше мәселелерді реттеу, жекелеген нормативтік ережелерді тәртіпке келтірудің объективті факторларымен ағдаластырылған.

1 ҚР ҚН 1.02-03-2011 ҚР ҚҰРЫЛЫС НОРМАЛАРЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ЖОБАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАСЫН ӘЗІРЛЕУ, КЕЛІСУ, БЕКІТУ ТӘРТІБІ МЕН ҚҰРАМЫ

Енгізілген күні – 2012-06-011 Қолдану аясы

1.1 Осы құрылыс нормалары жобалық құрылысқа арналған жаңа құрылыстарды салу және (немесе) құрылыстағы объектілерді өзгертуді (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қалпына келтіру және күрделі жөндеуден өткізуді) қосқанда, жобалық (жобалық-сметалық) құжаттаманың (бұдан әрі – жобалық құжаттаманың) құрамы мен оны әзірлеу, келісу, бекіту, тәртібін белгілейді және Қазақстан Республикасының аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтерінің барлық субъектілерінің, соның ішінде мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың, шетелдіктердің, шет ел заңды тұлғаларының қолданылуына арналған. Қазақстан Республикасының Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі заңнамасын- да қарастырылмаған өзге де шаралар болмаса, белгіленген тәртіпте жобалау құжаттамасында бекітілмеген объектілер мен олардың кешендерін салу (реконструкция, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу), сонымен қатар коммуникацияларды тарту, аумақты инженерлік даярлау, абаттандыру және көгалдандыру рұқсат етілмейді.

1.2 Осы құрылыс нормалары жеке ережелерді есепке алмағанда, жобалау құжат- тамалардың түрлеріне жалпы болып табылатын келесі құжаттарды әзірлеу, келісу, бекітуге және оның құрамы мен мазмұнына қарай: – жоба алдындағы құжаттамаларына (соның ішінде техникалық-экономикалық негіз- демелерге); – қала құрылысы жобаларына; – үй-жай түріндегі аз қабатты тұрғын үйлер құрылысының жобалары (жеке тұрғын үй құрылыс объектілері), сондай-ақ көпқабатты тұрғын ғимараттар мен оның бөлігінің, пәтерлері мен басқа да жеке тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын қайта жоспарлау (реконструкция, қайта жабдықтау); – типтік жобалар, жеке типтік жобалық шешімдері (типтік құрылыс конструкциялары, бұйымдары, тораптары); – эксперименттік жобалар (эксперименттік құрылыс салудың жобалық құжаттамасы); – Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде объектілерді салуға арналған жобалық құжаттама; – Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған мемлекетаралық (халықаралық) жобаларға таралмайды. Осы тармақта тізбеленген жобалау құжаттамаларын әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу және бекіту тәртіптері сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы басқа да норматив- тік құжаттарда немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық шарттары- мен анықталады.

1.3 Өнертабыстарды немесе басқа да авторлық құқық объектілерін қолдану, сонымен қатар жобалау (жобалық құжаттаманы әзірлеу және келісу) процесі барысында пайда болған авторлық құқықты немесе әзірлеушілердің басқа құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ресми басылым 2 ҚР ҚН 1.02-03-2011

2 Нормативтік сілтемелер Осы құрылыс нормаларды қолдану үшін келесі сілтемелік нормативті құжаттар қажет: Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім). «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ Заңы; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-І Заңы; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңы; «Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (тех- никалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сарапта- ма жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 Қаулысы; «Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызу ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1656 Қаулысы; ҚР ҚН 1.01-01-2011 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелер». ҚР ҚН 8.02-02-2002 «Қазақстан Республикасындағы құрылыстың сметалық құнын анықтау тәртібі». ЕСКЕРТПЕ Осы құрылыс нормаларын пайдалану кезінде сілтемелік құжаттардың ағымдағы жылғы ахуалы бойынша жыл сайын құрастырылатын және ағымдағы жылда жарияланған көрсеткіштерге ақпараттық «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттардың тізімінің», «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының көрсеткішінің» және «Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттарының көрсеткішінің» сәйкестігін тексеру мақсатқа сай болады. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, осы нормативті пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу қажет. Егер сілтемелік құжат ауыстырылмай, алынып тасталған болса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады. 

4 Жалпы ережелер

4.1 Құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын әзірлеу, келісу, сараптамадан өткізу жә- не бекіту (қайта бекіту) кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнамалық және басқа да құқықтық нормативтік актілерді, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтерді, сонымен қатар осы құрылыс нормасын басшылыққа алу қажет. Жоба құжаттамасы адамның толыққанды тіршілік ету ортасын қалыптастыруға, жоба- 3 ҚР ҚН 1.02-03-2011 ланатын объектілердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қалыптастыруды қамтамасыз етуге, инвестиция тиімділігіне, материалдық-техникалық және еңбек шығындарын оңтайландыруға, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған талаптарға сай болуы тиіс.

4.2 Жобалау кезеңдері нормативтік талаптарға сәйкес, құрылысқа арналған жобалау құжаттамасын (жобалау тапсырмасын) әзірлеу тапсырмасымен бекітіледі.

4.2.1 Нормативтік құрылыс ұзақтығы 24 айдан асатын тұрғын-үй азаматтық және өнді- рістік мақсаттағы ірі объектілер (ғимараттар, құрылыстар, кешендер, көлік және инженерлік коммуникациялар, басқа да тіршілікті қамтамасыз ету объектілері) бойынша жобалау барысында бастапқы берілген параметрлерді, сипаттамалары, құрылымдық сызбаларды, немесе жеке көлемдік-жоспарлық, инженерлік-техникалық және технологиялық жобалық шешімдерді дәлдеуді және нақтылауды қажет ететін құжаттама екі сатыда әзірленеді: Бірінші сатысы – жоба алдыңғы көрсеткіштер мен қорытындылардың негізінде ереже бойынша, әзірленген және белгіленген заңнама тәртібінде бекітілуге жататын жоба (Ж); Екінші сатысы – бірінші сатыда бекітілген, жоба негізінде әзірленген жұмыс құжаттамасы (ЖҚ); Мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді көтеретін ең маңызды объектілер құрылысына қатысты және мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен іске асырылатын жоба бойынша жобалау құжаттамасы екі сатыда әзірленеді.

4.2.2 Нормативтік құрылыс ұзақтығы 24 айға дейінгі және ұзақ мерзімді жобалауды талап етпейтін тұрғын-үй азаматтық және өндірістік мақсаттағы (ғимараттар, құрылыстар, кешендер, коммуникациялар) объектілердің құрылысына арналған жобалау құжаттамасы бір сатыда – белгіленген заңнама тәртібінде бекітуге жататын жұмыс жобасы (ЖЖ) әзірленеді. Осы нормаларда қарастырылмаған жоба құжаттамасы бір сатыда әзірленеді: – Құрылысы қолданыстағы типтік жобалардың (типтік жобаны байланыстыру кезінде) негізінде немесе жеке типтік шешімдерді (типтік құрылыс конструкцияларды, бұйымдарды, тораптарды) қолдану арқылы іске асырылуы көзделген объектілер бойынша; – құрылыста қайталама немесе бірнеше рет қолдану үшін (жеке жобаны байланыстыру кезінде) бұрын әзірленген жеке жобаны рәсімдеу кезінде; – қолданыстағы объектілерді қайта жаңарту (жетілдіру, техникалық қайта жарақтандыру, күрделі жөндеуден өткізу) бойынша жүргізіледі.

4.3 Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарына сәйкес жоба құжаттамасын әзірлеу және ұсыну тіліне қойылатын талаптар. 

5 Жобалық құжаттаманы өңдеу тәртібі

5.1 Жобалық құжаттаманы әзірлеуді (жобалауды) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ізденіс және жобалау қызмет түрлеріне (түршелеріне) сәйкес лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асыра алады.

5.2 Жобалау құжаттамасын әзірлеу: – белгіленген заңнама тәртібі бойынша құрылыстың тапсырыс берушісі мен орындау- шысы (мердігермен, бас жобалаушымен) арасындағы жобалау (жобалау-іздестіру) жұмысын (бұдан әрі – Шарт) орындауға мердігерлік (келісімшарт) жасау негізінде; – Б және В қосымшаларына сәйкес құрастырылып, осы нормалар мен құрылыстың тапсырыс берушілері бекітетін жобалауға арналған тапсырманың негізінде іске асырылады.

5.3 Шартта міндетті түрде: – орындаушының (бас жобалаушының) қосалқы мердігер шарты бойынша басқа тұлға- ларға орындауды табыстауды көздеген немесе ондай ниеті болмаған жағдайда, жұмыстың (қызметтің) түрлері мен көлемдері көрсетіледі. Бұл ретте, берілген тапсырыс бойынша барлық 4 ҚР ҚН 1.02-03-2011 жобалау (жобалау-іздестіру) жұмыстарының жалпы құнының Шартта қарастырылған, үштен екісінен асатын жиынтығын беруге рұқсат етілмейді; – авторлық қадағалауды жүргізу шарттары немесе оның қажеттілігінің болмауы көрсетіледі.

5.4 Жобалау тапсырмасы тапсырыс берушімен немесе оның өкілетті тұлғасымен (құры- лыс салушысымен) бекітіледі. Жобалау тапсырмасы тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша орындаушымен (мердігермен, бас жобалаушымен) әзірленуі мүмкін және ол тапсырыс беруші бекіткен уақыттан бастап барлық тараптар үшін міндетті болып табылады. Бекітілген жобалау тапсырмасы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады: 5.5 Тапсырыс беруші мердігерлік жобалау ұйымына (бас жобалаушыға) жобалау тапсырмасымен бірге жобалау құжаттамасын әзірлеуге қажетті бастапқы материалдарды (деректерді) береді. Бастапқы материалдар мыналардан тұрады: – жер телімдеріне, соның ішінде аумақты оның шегі және объектінің мақсатына қарай қолдану регламенттерін қоса алып, сәйкес құқықты беру туралы аудандық (қалалық) жергілік- ті атқарушы органдардың шешімі; – құрылыс алаңының инженерлік ізденістері туралы деректер (жер телімдерінің және коммуникация салынған трассалардың шегіндегі), жобалауға және құрылысқа қажетті топографиялық деректердің түсірілімдері мен геологиялық және гидрогеологиялық ізденістердің мәліметтерін қоса алғанда; – жергілікті атқарушы органдардың болжамдалған аймақта құрылыс салудың тапсыры- сы бойынша, инженерлік және коммуналдық қамсыздандыру қызметтерінің жеткізушілері берген инженерлік және коммуналдық қамсыздандыру көздеріне қосылуға арналған техника- лық шарттар; – сәулет, қала құрылысы жөніндегі жергілікті (қалалық, аудандық) органдардың берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы, аумақты инженерлік даярлау, абаттандыру және көгалдандыруды қосқанда.

5.6 Объект бойынша жоспар алдыңғы құжаттарды әзірлеу талап етілмесе, қажет болған жағдайда жобалау тапсырмасымен жобалау ұсынымдарының оңтайлы шешімді дұрыс таңдау- ды талап ететін нұсқаларын (нобайлар, сызбалар, есептер, негіздемелер) әзірлеу қарастыры- луы мүмкін.

5.7 Аталған объект бойынша жобалау құжаттамасын әзірлеу (келісу, бекіту) үрдісіне, бекітілген жоба алдыңғы құжаттамасы (техникалық-экономикалық негіздемесі және т.б) бар болған жағдайда сәйкестендірілген негіздемесіз құрылыстың есептік құнын ұлғайтуға, сонымен қатар жоба алдыңғы сатыда қол жеткізген объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін төмендетуге болмайды.

5.8 Құрылысқа арналған жобалау құжатын әзірлеу үдерісін, бекітілген қала құрылыстық жобаларда (елді мекеннің бас жобаларында, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында, құры- лыс салу жобаларында) қабылданған жалпы жоспарлау және көлемдік-кеңістіктік шешімдері талданып тексеріледі, жобаланатын объектілер үшін берілген параметрлері, сипаттамалары, техникалық және технологиялық шешімдері анықталады.

5.9 Әзірленген жобалау құжаттамасында міндетті мемлекеттік нормативтердің талаптарынан (шарттары мен шектеулерінен) негізделген ауытқулар (шегіністер) осы нормативтерді бекітіп, қолданысқа енгізген мемлекеттік органдардың (немесе олардың мирасқорларының) жазбаша келісімдері (рұқсатнамалары) болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Нормативтерді бекіткен органға келісімдерді ұсынардың алдында, мүдделі органдардан міндетті мемлекеттік талаптардан ауытқу (шегіну) бойынша алдын-ала келісімін алу қажет.

Міндетті мемлекеттік нормативтер талаптарынан ауытқудың (ауытқуға рұқсатнама) 5 ҚР ҚН 1.02-03-2011 келісуін дәлелдейтін құжатта жобалау объектісі, оның мақсаты, берілген параметрлері (қуаты, сыйымдылығы, өткізгіштік қабілеті және жобаланатын объектіні сипаттайтын басқа да негізгі көрсеткіштері), жоспар бойынша орналасу орны, нормативтік шешімдердің орнына қолданылатын альтернативті жобалау шешімдері, сонымен қатар белгіленген нормалардан ауытқудың (ауытқуға берілген рұқсаты) деректерін келісу туралы шешім қабылданған негізде- ме (құжаттық дәлелдемелер – сәйкестендіру сертификаттары, сынақ хаттамалары, сараптама қорытындылары, ҒТК Өкілетті органының қаулылары және т.б.) көрсетіледі.

5.10 Жобалау құжаттамасының графикалық материалдарының (негізгі сызбаларының) әрбір бөлімдері (маркасы) бойынша «Жалпы деректер» парақтарында жобаның бас инженері- нің (жобаның бас сәулетшісінің) қолы қойылған жобаның (Ж) жоба жұмысының (ЖЖ) мемлекеттік нормативтік талаптарға (Қазақстан Республикасында қолданыстағы мемлекеттік нормативтер мен (немесе) мемлекетаралық нормативтерге) сай келетіндігі туралы жазу болуы қажет. Жалпы түсініктеме жазбахатының титул парағында жобалау (бас жобалау) ұйым басшысының, жобаның бас инженерінің (жобаның бас сәулетшісінің) және жобалық құжаттаманың (жобаның, жұмыс жобасының) әр бөлімнің (маркасының) жауапты орындаушысының қолдары болуы тиіс. Көрсетілген жазбалар, құрылысқа арналған жобалау құжаттамасы жүйесінің стандар- тына (бұдан әрі – ҚЖҚЖ) сәйкес рәсімделеді.

5.11 Жобалау құжаттамасының материалдарында күші жойылған типтік жобалар немесе типтік жобалау шешімдеріне (типтік құрылыс конструкцияларына, бұйымдарына, тораптарына) сілтеме жасауға рұқсат етілмейді.

5.12 Дайындалған жобалау құжаттамасына жобалау басталған уақыттан кейін қолданыс- қа енгізілген (күшіне енген) жаңа (өзгертілген, толықтырылған) мемлекеттік және мемлекет- аралық нормативтердің нормаларының және ережелерінің Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылмаған басқа да жағдайлар болмаса қатысы болмайды. Жобалау жұмыстарының басы болып, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс- інде көзделген мердігерліктің ерекшелігіне сәйкес тапсырыс беруші мен орындаушының арасында жасалған жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған келісім-шарттың күшіне ену күні саналады. Бұл ретте тапсырыс беруші мердігерге бекітілген жобалауға арналған тапсырманы, сонымен қатар басқа да жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға арналған бастапқы мәліметтерді беруі қажет.

5.13 Қолданысқа енгізілген жаңа (өзгертілген, толықтырылған) мемлекеттік немесе мемлекетаралық нормативтер, тапсырыс берушінің басты мақсаттарынан бас тартуға негіздемесі болмаған жағдайда, жобалау үдерісіне бас жоба әзірлеушінің шешімі мен келісімі бойынша, нормативтік талаптардың өзгерістеріне байланысты жобалау құжаттамасына уақытылы түзетілімдер енгізу шаралары жүргізілуі мүмкін.

6 Жобалық құжаттаманы келісу тәртібі

6.1 Осы құрылыснормасының 5.10 тармағындақарастырылғанжобаның (Ж) немесежұмыс жобасының (ЖЖ) мемлекеттік (ҚазақстанРеспубликасындағықолданыстағымемлекетаралық) нормативтерталаптарынасәйкестігітуралыжобаның бас инженерінің (жобаның бас сәулетшісінің) жазбасы бар әзірленгенжобалауқұжаттамабойыншаҚазақстанРеспубликасыныңзаңындақарастырылғанжағдайларданөзге, мемлекеттікоргандарнемесебасқа да инстанцияларменқосымшакелісімжасасукөзделмеген.

6.2 Заңдаерекшеескертілгенжағдайда, арнайымақсаттағыобъектілерқұрылысыүшін 6 ҚР ҚН 1.02-03-2011 дайындалғанжобалауқұжаттамасына, мемлекеттікқадағалаужәнебақылауоргандарыныңқосымшакелісімібойыншасәйкестендірілгенталаптарыбелгіленуімүмкін.

6.3 Егерқолданыстағыобъектілердіқайтажаңартуға, техникалыққайтажарақтандыру- ғанемесекүрделіжөндеугеарналғанжобалауқұжаттамасықосымшажертелімдерінбөлуді (аумақтыкесіпалуды), көлікжәне коммуникация байланыстарынөзгертудіталапетпегенжағдайда, бастапқыданегізісалынғансәулеттік-көркемдік, инженерлік-техникалық, өртке, жарылысқақарсыжәнесанитарлықсапаларын, сондай-аққоршағанортаныңкүйіннашарлатпағанжағдайда, мемлекеттікқадағалауоргандары мен басқа да мамандандырылғанұйымдарменқосымшакелісімжүргізілмейді.

7 Жобалық құжаттаманы бекіту тәртібі

7.1 Жобалауқұжаттамасынәзірлеу оны заңнамаменбелгіленгентәртіппенбекітілгенсоңаяқталдыдепесептеледі.

7.2 Белгіленгентәртіпкесайміндеттікелісулерденөткенжобалауқұжаттамасынбекіт- кенгедейін, Сәулет, қалақұрылысыжәнеқұрылысқызметітуралызаңдабасқасыұйғарылмаса, оғансараптамажүргізіледі. СараптамаҚазақстанРеспубликасыныңҮкіметібелгілегентәртіпкесайжүргізіледі. БұлреттеҚазақстанРеспубликасыныңзаңынасәйкесөзініңерекшеқұзіретінежатқызылғанобъектілергеміндеттімемлекеттіксараптаманыҚазақстанРеспубликасыныңөкілеттізаңдытұлғасыіскеасырады. Жобалау мен құрылысысатылытүрдежүргізілуіұйғарылғанобъектілер мен кешендергемемлекеттіксараптамасәйкестендірілгенкезеңдерменіскеасырылуымүмкін (сараптамалықсүйемелдеу). СараптамалықсүйемелдеудііскеасырутәртібіСәулет, қалақұрылысыжәнеқұрылысістеріжөніндегіөкілеттіоргандарбекіткенмемлекеттікнормативтерменанықталады. Әркезеңдегіқұжаттаржиынтығыныңсараптамалықсүйемелдеурежиміндежасалғанжергіліктіқорытындылардамемлекеттіксараптамаескертулерініңболмауы, тапсырыс беру- шіүшінжобаның осы бөлігінаралықбекітугежәнеқұрылыстыбастауғанемесежалғастыруғанегізболыптабылады. Сараптамалықжұмыснарығыныңсубъектілерімемлекеттіксараптаманыңерекшеқұзіретінежатқызылмағанжобалардыңсараптамасынжүргізеалады.

4.Дербес тапсырма: ӨҢДЕУ КЕЛІСУ БЕКІТУ ТӘРТІПТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР ҚҰРАМЫ

Кез келген тағайындалуға арналған құрылыс объектілерінің жобалауын өңдеу ҚР ҚНжЕ А.2.2-1-2001 «Мекемелер, ғимараттар және үйлер құрылысына жобалау-сметалық құжаттар құрамын өңдеу, келістіру және бекіту тәртібі туралы нұсқау» талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл нұсқау мекемелердің, ғимараттардың және үйлердің жобалау-сметалық құжаттар құрамын өңдеу, келістіру және бекіту тәртібін орнықтырады және тапсырма беруші (инвесторлар), мемлекеттік басқару және қадағалау органдары, мекемелер, жобалау ұйымдары, басқада заңдық және құқықтық мүшелері (соның ішінде шетелдіктер) – Қазақстан Республикасы көлеміндегі сәулеттік, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъекттері қолданулары үшін арналған.

Жобалау-сметалық құжаттар бекітілген уақыттан бастап үш жыл ішінде нақты жұмыс жүргізуге арналған. Осы мезгіл өткен уақытта, жаңадан өңделген жобалау-сметалық құжаттар үшін орнықтырылған, жаңа техникалық шарттарға байланысты соңынан қарастыру және қайта бекіту тәртібімен, жұмыс істейтін нормалар мен ережелерге сәйкес, оларға қажетті өзгерістер енгізіледі.

Қала құрылыс құжаттар, кәсіпорындар, ғимараттар және биналар құрылысына инвестицияларды негіздеу, тәжірибелік объектілер құрылысына жобалау-сметалық құжаттар, усадьбалық жеке тұрғын үйлер мен пәтерлерді қайта жобалау (қайта жабдықтау), сонымен қатар Қазақстан Республикасы алқабынан тыс объектілер құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттар өңдеу тәртібі бөлек нормативті құжаттарда орнықтырылады.

Объектілер құрылысына жобалау-сметалық құжаттарды өңдеу, іс жүзінде, инвестициялар негізделуін бекіту және кәсіпорындар, ғимараттар мен биналар құрылысына басқа алдын-ала жобалау құжаттар (нұсқалық жоба, кәсіпкерлік жоба, салуларды толық жоспарлау ж.т.б.) негізінде іске асырылады.

Жобалау-сметалық құжаттарда, инвестициялық негіздеулерде қабылданған шешімдер толықтандырылады және негізгі техника экономикалық көрсеткіштер анықталады.

Жобалау-сметалық құжаттарды өңдеуде, Қазақстан Республикасының заң шығарушы және басқа нормативті заңға сүйінген актілерін, «Кәсіпорындар, ғимараттар және биналар құрылысына жобалау-сметалық құжаттар құрамын өңдеу, бекіту және келісулер реті туралы нұсқауды», жұмыс істейтін нормативті талаптарды (шарттарды, шек қоюларды),  сонымен қатар құрылыс облысында инвестициялық қызмет реттеушілерді және басқа құжаттарды басшылыққа алу қажетті.

Іс жүзінде, жобалау-сметалық құжаттар екі сатылы етіп өңделеді:

  • бірінші саты – анықталған тәртіппен бекітуге жататын жоба;
  • екінші саты – бекітілген жоба негізінде өңделетін жұмысшы жоба.

­ Техникалық күрделі емес объектілер үшін құрылыс, типтік жобалар, типтік жобалық шешімдер және қайта қолдану жобалар негізінде орындау болжалған жағдайда, бекітілетін бөлімнен құрылушы және жұмысшы құжаттардан тұратын, жұмысшы жобалар өңделуі мүмкін.

Объектілердің құрылысына жобалау-сметалық құжаттарды өңдеу, анықталған ретте мемлекеттік лицензияны жобалау қызмет түріне лайықты алған заңды және құқықты мүшелер жүзеге асыра алады. ­

Іс жүзінде, жоба бас жобалаушысы, жобалау-сметалық құжаттардың кезектегі сатыларын өңдейді, авторлық қадағалау және құрылысы толық орындалған объектілерді қабылдауға қатысады.

Бас жобалаушы, бекітілген жобаға өзгертулер мен қосымшаларды енгізуді мүдделес­ ұйымдармен немесе мемлекеттік органдардың қызметтерімен келісім бойынша жүзеге асырады.

Құрылыс объектілерін жобалау жобалау іздеуші жұмыстар орындалуына тапсырыс берушінің бас жобалаушымен көтерме келісім-шарты (келісімі) негізінде жүзеге асады.

Келісім-шарт ажырамас бөлімі (келісімі)  жобалауға тапсырма беру болып табылады. Тапсырыс беруші жобалау ұйымдарына құрылыс объектілеріне бекітілген тапсырмамен бірге 2.1 және 2.2 кестелерде келтірілген міндетті қосымшаларға сәйкес негізгі материалдар береді.  

Өндіріс нысандарын жобалауға тапсырма 

 2.1 кесте. (Міндетті) 

№№ (Жобаланушы кәсіпорындар, ғимараттар және үйлердың атаулары мен тұру орындары). Негізгі мәліметтер мен қойылатын талаптардың тізімі
1 Жобалау үшін негіз
2 Құрылыс түрі
3 Жобалау сатыланулары
4 Нұсқалық және конкурстық өңдеу бойынша талаптар
5 Құрылыстың ерекше шарттары
6 Объекттің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде қуаттылық, өнімділік, өндірістік бағдарлама
7 Инженерлік жабдықтар бойынша негізгі талаптар, соның ішінде негізгі параметрлер, техникалық және пайдалану сипаттамалар, қызмет көрсету қызметтер
8 Бәсекеге қабілеттілік сапаға және өнімнің экологиялық параметрлеріне қойылатын талаптар
9 Кәсіпорын технологиясына қойылатын талаптар

Мүгедектер үшін объектілерге қол жеткізу талаптары

10 Мүгедектерге арналған тіршілік әрекет орталары қолайлылығын ескере сәулеттік-құрылыстық, көлемдік-жобалау және конструктивті шешімдерге қойылатын талаптар
11 Кезектер мен жіберілетін кешендерді бөліп шығару, кәсіпорынды болашақта кеңейту жөніндегі талаптар
12 Табиғат қорғаушылық шектер мен шаралар өңдеу талаптары мен шарттары
13 Қауіпсіздік тәртібіне және еңбек гигиенасына қойылатын талаптар
14 Өндіріс ассимиляциясы (ықпалы) бойынша талаптар
15 Азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық шараларын өңдеу және төтенше жағдайларды ескерту шараларының талаптары
16 Тәжірибелі-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындау талаптары
17 Қуат сақтау бойынша талаптар
18 Көрсетілетін материалдар құрамы

Азаматтық-тұрғын нысандарын жобалауға тапсырма

2.2 кесте (Міндетті)

№№ (Объекттің атауы мен тұру орыны).

Негізгі мәліметтер мен қойылатын талаптардың тізімі

1 2 3
1 Жобалау үшін негіз
2 Құрылыс түрі
3 Жобалау сатыланулары
1 2 3
4 Нұсқалық және конкурстық өңдеу бойынша талаптар
5 Құрылыстың ерекше шарттары
6 Объекттің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері, соның ішінде тұрғын немесе азаматтық ғимараттар, олардың тағайындалуы (қабаттылық, секциялар мен пәтерлер саны, сыйымдылық немесе өткізгіш қабілеттілік)
7 Тұрғын үйлерге қоса салынған қоғамдық қызмет ету кәсіпорындарының тағайындаулары және үлгілері, олардың қуаттылығы, сыйымдылығы, өткізгіш қабілеттілігі, бөлмелер құрамы және аудандары, құрылыс көлемі
8 Сәулетшілік-жобалау ғимарат шешіміне, бітеу шарттарына, ғимарат өңдеу-леріне қойылатын негізгі талаптар
9 Пәтерлердің ұсынылатын үлгілері және олардың арақатынасы
10 Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар, соның ішінде негізгі параметрлер, техникалық және пайдалану сипаттамалары, қызмет көрсету қызметі
11 Инженерлік жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар, соның ішінде негізгі параметрлер, техникалық және пайдалану сипаттамалары, қызмет көрсету қызметі
12 Аз қаражатты халық топтарының тіршілік әрекеті шарттарын қамтамасыз ету талаптар
13 Алаң сәулеттендіруіне және кіші сәулетшілік түрлерге қойылатын талаптар
14 Азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық шараларын өңдеу және төтенше жағдайларды ескерту шаралары, қорғау шаралары бойынша талаптар
15 Көрсетілетін материалдар орындалулары, олардың құрамы және түрлері;

Жобалау және құрылыс барысында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың орындалуы;

Объектіге экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық шарттардың орындалуы бойынша қажеттіліктер туралы талаптар.

16 Қуат сақтау бойынша талаптар

Тапсырыс беруші, келісу негізінде, тапсырыс беруші өкілеттіктерін басқа заңды немесе құқықты мүшелерге ауыстыруы мүмкін.

Келісім-шартта (келісімде) тапсырыс берушіге берілетін жобалау-сметалық құжаттар құрамы туралы арнайы талаптар ескерілмеген жағдайда, оның құрамына құрылыс конструкцияларының, технологиялық процестердің және жабдықтардың есептеулері қосылмайды. Бұл материалдар тапсырыс берушіде немесе бас жобалаушыда сақталады және (қажетті жағдайда) жобаларды мемлекеттік сараптау ұйымдарына және мемлекеттік қадағалау органдарға олардың талабтары бойынша беріледі.

Құрылыс нысандарын жобалау барысында өңделген ойлап табуларды және патенттерді қолдану және жобалау-сметалық құжаттарды өңдеуде жасалынған ойлап табуларды қорғау, жұмыс істейтін заңдылыққа сәйкес іске асырылады.

Типтік жобалар (типтік жобалық ­шешімдер) келешекте Мемлекеттік ведомстводан тыс жобалар сараптаушыларының шығарған оң нәтижелері негізінде сәулет істері, қала құрылысы және құрылыс жөніндегі мемлекеттік басқару орталық органында бекітілген (келісілген) бағдарламалар (жоспарлар) негізінде өңделеді.

Мемлекеттік қаржылар немесе мемлекеттік ­ инвестициялар тартуымен құрылатын объектілер үшін, сметалық құжаттар міндетті түрде өңделеді, басқа жағдайларда оны өңдеу тапсырыс беруші шешімімен жүзеге асарылады.

2.2     Жобалау-сметалық құжаттарды өңдеу келістіру және бекіту тәртіптері

Іске асыруға жататын нысандар құрылысының жобалау-сметалық құжаттары құрылысқа бекітілген (мақұлданған) инвестициялар негіздерінде өңделеді. Бұдан басқа тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша басқа алдын ала жобалау құжаттар, (жобалауға тапсырма және қажетті негізгі мәліметтер қоса) келісім-шарттар, жергілікті сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдары берген инженерлік ізденістер материалдары, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы, сонымен қатар жобаланатын объектілерді инженерлік коммуникацияларға қосу жөніндегі техникалық шарттар болулары тиісті.

Сәулетшілік-жоспарлау тапсырмаларды беруде сәулеттік, технологиялық және конструктивтік шешімдерге, ішкі жабдықтарға, ішкі әрлеуге, сонымен қатар басқа тапсырыс берушінің және жоба авторының құқықтарын шектейтін керексіз талаптарды қосуға, егер осы талаптар жұмыс істейтін заңды және нормативтік құқықтық акттардың, қалақұрылыс құжаттардың, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімінің орындау шарттарымен негізденбесе рұқсат етілмейді.

Тапсырыс беруші, сәйкес ғылыми-зерттеу және мамандандырылған ұйымдарды қатыстырып, объектілер мен құрылыс кешендерді жобалауда бөлек жұмыстар түрлеріне жобалау нормалары мен ережелері жоқ болған жағдайда, оларға арналған арнайы жобалау ерекшеліктерін айқындайтын техникалық шарттарды өңдеу тиісті.

Жобалауға мемлекеттік нормалармен, ережелермен, стандарттармен және тапсырмамен сәйкес өңделген, жобалау-сметалық құжаттар, жауапты орындаушының (жобаның бас инженерінің, жобаның бас сәулетшісінің) жазуымен күәландырылуы тиісті және Қазақстан Республикасының ерекше заңды актілерінде атап өтілген жағдайлардан өзге, қосымша келісулерге жатпайды.

Нормативті құжаттар талаптарынан негізделген шегінулер тек осы құжаттарды бекіткен мемлекеттік органдардың келісулері (рұқсаттары) бар болған жағдайда рұқсат етіледі.

Барлық құрылыс объектілерінің жобалары мемлекеттік сараптаудан немесе сараптау орталықтарында сараптаудан өтулері тиісті.

Нысандар және кешендер құрылысына жобалау-сметалық құжаттар Қазақстан Республикасы үкіметі орнықтырған тәртіппен, мемлекеттік сараптаудан өтуі тиісті.

Алдын ала жобалау және жобалау-сметалық құжаттар мемлекеттік сараптаудан келесі мақсаттарға жету үшін:

– мемлекеттік қаржы есебінен қаржыландырылатын немесе оның меншігіндегі құрылыс көлемі бойынша инвестициялардың әсерлілігін бағалау;

– орнықтырылған нормалар мен ережелер қатарында бекітілген талаптарға (шарттарға, шектеулерге) қайшы келетін немесе құқықтық және заңды тұлғалардың құқықтарын және мемлекет мүдделерін бұзатын объектілер мен кешендер құрылысына тиым салу;

– жобада қабылданған техника-экономикалық көрсеткіштердің дұрыстық дәрежелерін анықтау;

– құрылатын нысандардың құрылысына және құрылыс кешендерінің сапалық сипаттамалары мен жобалық шешімдерін жақсарту  үшін өткізіледі.

Объектілердің және кешендердің құрылысына жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкіл тағайындаған заңгерлік тұлға өткізеді.

Мемлекеттік инвестицияларсыз қаржыландырылатын, объектілердің және кешендердің құрылыс құжаттарын, жарылыс қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, конструкциялар сенімділігі мен олардың жұмыс орындау тұрақтылығы, сонымен қатар еңбек шарттары және сақтау бөлімдері мен мәселелерінен басқа, сараптау жұмыстарын атқаруға мемлекеттік лицензияға ие заңгерлік және құқықты тұлғалар сараптау (сараптау орталықтары) жасаулары мүмкін.

Орнықтырылған тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өтпеген жобалау-сметалық құжаттар (жобалар және жұмысшы жобалар), аяқталмаған деп  есептеледі, бекітуге жатпайды және іске қосылмайды.

Құрылысы мемлекеттік инвестициялардың есебінен толық немесе жарымжарты жүзеге асатын мемлекеттік ұлттық және республикалық мақсаттық бағдарламалардың, сонымен қатар ірі және бірегей объектілердің және кешендердің жобалар сараптауын, осыған өкілетті мемлекеттік органның ұсынысы бойынша, Қазақстан Республикасының үкіметі шешіммен тағайындалған сараптау комиссиялары (жұмысшы топтары) өткізеді. Аса ірі және бірегей объектер мен кешендер тізімін Қазақстан Республикасының үкіметі орнықтырады.

Өндірістік тағайындаулы нысандарға арналған бекітілетін техника – экономикалық көрсеткіштердің шамалық тізімі 2.3 кесте

 

№№ Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Мағнасы
1 2 3 4
1 Өнеркәсіп қуаты, жылдық өнім шығарылымы:

– құндық бағасы

– натуральді бағасы

 

млн. теңге

сәйкес өлшем

2 Участоктың жалпа ауданы га
3 Құрылыс коэффициенті %
4 Қуат бірлігіне салыстырмалы шығын:

Электр қуаты

Су

Жылу

Табиғи газ

Мазут

Көмір

 

КВт

куб. м.

Гкал

мың куб. м.

т.

т.

1 2 3
5 Жұмыс атқарушылардың жалпы саны Адам
6 Өнімнің жылдық шығарылымы:

құндық бағасы

натуральді бағасы

 

мың тең./бір.

бір./адам

7 Құрылыстың жалпы құны

Оның ішінде ҚМЖ (құрылыс монтаж жұмыстар)

млн. теңге

млн. теңге

8 Қуатқа салыстырмалы күрделі қаражат бөлу теңге/бір.
9 Құрылыс мерзімі ай
10 Негізгі өндіріс фондылар құны млн. теңге
11 Өнімнің өзіндік құны мың тең./бір.
12 Баланстық (жалпы) кіріс мың теңге
13 Таза кіріс (кәсіпорынның таза пайдасы) мың теңге.
14 Өнеркәсіп рентабельділігінің деңгейі %
15 Кірістің ішкі нормасы %
16 Есе қайтару мерзімі жыл
17 Несиені және басқа қарыздарды өшіру мерзімі жыл

Қоғамдық ғимараттар мен үйлерге арналған бекітілетін техника – экономикалық көрсеткіштердің шамалық тізімі

2.4 кесте 

№№ Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Мағналары
1 2 3 4
1 Қуаттылық, сиымдылық, өткізу қабілеті Сәйкес бірліктерде
2 Жер участогының жалпы ауданы га
1 2 3 4
3 Ғимараттар мен биналардың жалпы ауданы кв.м.
4 Құрылыс көлемі м. куб.
5 Қуат қорларының салыстырмалы шығындары т.ш.о./жыл
6 Құрылыстың жалпы құны, оның ішінде ҚМЖ млн. теңге
7 Құрылыс мерзімі ай
8 Негізгі өндіріс фондтар құны млн. теңге
9 Баланстық (жалпы) кіріс мың тең./жыл
10 Таза кіріс (кәсіпорынның таза пайдасы) мың тең./жыл
11 Есе қайтару мерзімі жыл

Тұрғын үйлерге арналған бекітілетін техника – экономикалық көрсеткіштердің шамалық тізімі

2.5 кесте 

№№ Көрсеткіш атауы Өлшем бірлігі Мағналары
1 2 3 4
1 Қуаттыдық, сиымдылық, өткізу қабілеті Сәйкес бірліктерде
2 Құрылыс көлемі м. куб.
3 Жалпы аудан м. кв.
4 Тұрғын аудан м. кв.
5 Тұрғын ауданның жалпы ауданға қатынас коэффициенті
1 2 3 4
6 Құрылыстың жалпы құны, оның ішінде ҚМЖ млн. теңге
7 1 м. кв.ауданның (жалпы, тұрғын) құны, оның ішінді ҚМЖ құны млн. теңге
8 Бір пәтердің орта бағасы млн. теңге
9 1м. кв. жалпы ауданға қуат қорларының салыстырмалы шығындары т.ш.о./жыл
10 Табиғи жарықтандыру
11 Құрылыс мерзімі ай

Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының кепілдігігі, сонымен қатар мемлекеттік өнеркәсіптер және ұйымдар ұсынған, мемлекет қоры, арнайы мемлекеттік фондылар, банк несиесі, мемлекеттік валюталық қорлар және инвестициялық несиелер есебінен нысандар құрылысы және құрылыс кешендерінің жобалау-сметалық құжаттарын (жобаларды және жұмысшы жобаларды) бекіту Қазақстан Республикасының Үкіметі орнықтырған тәртіппен, жобаларды Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаудың оң қорытындысы негізінде орындайды.

Жобалау-сметалық құжаттарды бекіту, сәйкес органның немесе заңгерлік тұлғаның, негізгі бекітілетін техника-экономикалық көрсеткіштерді, сонымен бірге құрылыстың сметалық (есептік) құнын негізде (базисте) және (немесе) ағынды баға деңгейлерде (ұлттық немесе шетел валютасымен) көрсететін шешімімен немесе бұйрығымен жүзеге асырылады. ­

Мемлекеттік қаржыларсыз қаржыландырылатын, нысандар мен кешендер құрылысының жобалау-сметалық құжаттары, тапсырыс берушілермен (құрушылармен)  қожалық субъекттермен,  жеке меншіктермен немесе олар орнықтырған тәртіппен, жобаларды Мемлекеттік ведомстводан тыс сараптаудың оң шешімі негізінде бекітеді.

Нысандар мен кешендер құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын қайта бекіту, жаңадан бекітілетін жобалар (жұмысшы жобалар) үшін орнықтырылған тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Әртүрлі тағайындалатын нысандардың бекітілетін техника-экономикалық көрсеткіштерінің ұсынылатын үлгілі тізімі ҚНжЕ А. 2.2-1-2001 «Кәсіпорындар, үйлер мен ғимараттар құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын өңдеу, келісу, бекіту және құрамы туралы нұсқау» В, Г, Д қосымшаларында келтірілген, және келесі 2.3, 2.4, 2.5 кестелерде көрсетілген түрлерге ие.

2.3 Құрылыс нысандары жобасының құрамы мен мазмұны

Өндірістік тағайындау кәсіпорындардың, ғимараттардың және үйлердің құрылысына жоба келесі бөлімдерден түзеледі :

– жоба төлқұжаты;

– жалпы түсіндірме жазу;

– нысанның бас жоспары және көлік;

– технологиялық шешімдер;

– өндірісті және кәсіпорынды басқару, ұйымдастыру және қызметкерлердің еңбек шарттары;

– сәулеттік-құрылыс шешімдер;

– инженерлік жабдықтау, торлар және жүйелер;

– құрылысты ұйымдастыру (жобалауға тапсырмаға айқын көлемде);

– қоршаған ортаны қорғау;

– азаматтық қорғаныс инженерлік-техникалық шаралары, төтенше жағдайларды ескерту шаралары;

– сметалық құжаттар;

– инвестициялар нәтижелілігі (қажетті жағдайларда) және техника – экономикалық көрсеткіштер (В қосымша);

– негізгі құрылыс материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың қажеттілік құрама ақпарат тізімі.

Кәсіпорын мұқтаждықтарына арналған тұрғын азаматтық тағайындау нысандарын құру қажеттілігі болған жағдайда, жобалау-сметалық құжаттар құрамынан бөлек тұрғын азаматтық тағайындау нысандарын құру жоба бөлініп шығарылады. Ол «Кәсіпорындар, ғимараттар және биналар құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын өңдеу, келісу, бекіту және құрамы тәртібі туралы нұсқау» 4.2 тармағына және өзара байланысқан жалпы өнеркәсіптер үшін техника-экономикалық көрсеткіштер бар биналар, қалақұрылыс құжаттарын өңдеу, келісу, бекіту және құрамы туралы ережелеріне сәйкес өңделеді.

Өндірістік тағайындау кәсіпорындардың, ғимараттардың және үйлердің құрылысына жобаның ұсынылатын құрамы мен мазмұны төменде қарастырылады.

Жалпы түсіндірме жазу құрамы:

– жобаны өңдеуге арналған негізден;

– жобалауға арналған бастапқы мәліметтерден;

– кәсіпорын қысқаша сипаттамасын, биналар және оның құрамына кіруші өндірістер, жобалық қуаттылық және номенклатура, сапа, бәсекеге қабілеттілік, өнімнің техникалық деңгейі,­ шикізат базасы, отынға, суға, жылу және электр қуаттарына қажеттіліктер, шикізаттарды, өндіріс қалдықтарын, екінші қайтару қуат қорларын комплексті қолдану, құрылыс ауданының әлеуметтік-экологиялық шарттары туралы мәліметтерден;

– бас жоспардың, инженерлік торлар және коммуникациялардың, аумақты инженерлік қорғау шараларының негізгі көрсеткіштерінен;

– жұмыс істеушілердің шарттарын және қорғауын, санитарлық-эпидемиологиялық шараларды, еңбек қауіпсіздігін және ­азауқатты халық топтарының тіршілік әрекет шарттарын, негізгі шешімдерді сипаттайтын жалпы мәліметтерден;

– ойлап табуларды және патенттерді жобада қолдану туралы мәлімдеуден;

– жобаны өңдеу нәтижесінде алынған техника-экономикалық көрсеткіштер, оларды нысандар құрылысына бөлінген инвестициялар және тапсырмамен анықталған және жобалауға бекітілген (мақұлданған) негіздеулерді салыстыру, жобаны орындау бойынша тұжырымдар мен ұсыныстардан;

– өткізілген жобалау шешімдердің келісулері туралы мәліметтерден;

– өңделген жобалау-сметалық құжатардың мемлекеттік қадағалау (бақылау) және мүдделі ұйымдар мен нысанның орналасу орнын келістірген тұлғалар берген, мемлекеттік нормаларға, ережелерге, бастапқы мәліметтерге, сонымен қатар техникалық шарттарға және талаптарға сәйкестігін растаудан;

– жұмыс істейтін нормативтік құжаттардан шегінулер туралы орнықтырылған тәртіппен келісімді орындаудан;

– негізгі принциптер көлемдік-жоспарлау және сәулеттік шешімдерден  тұрады.

Нысанның бас жоспары және көлік:

– ауданның және құрылыс алаңдарының қысқаша сипаттамасынан;

– бас жоспар бойынша (аумақтың зоналауын ескере), алаң ішіндегі және сыртқы көліктердің шешімдері мен көрсеткіштерін, көлік түрін таңдаудан;

– негізгі жоспарлау шешімдерінен, аумақты сәулеттендіру шараларынан;

– инженерлік торлардың және коммуникациларының орналасуынан;

– кәсіпорын күзетін ұйымдастырудан  тұрады.

Негізгі сызулар:

а) бар және жобаланатын сыртқы коммуникациялар, инженерлік жүйелер және селитебтік аумақтар, санитарлық-қорғау зона шектері, ерекше күзетілетін аумақтар көрсетілген кәсіпорынның, ғимараттың, бинаның орналыстырылған ситуациялық (жағдайлық) жоспар, ал бойлық биналар (алаңнан тыс және алаң ішіндегі) үшін жол жоспары, ал қажетті жағдайда жолдың бой пішіні және жер салуларының көлденең пішіні келтіріледі;

б) жер массасының картограммасы (ұзындық биналардан басқа);

в) бар және жобаланатын (қайта құрылатын), сонымен қатар бұзуға жататын ғимараттар мен биналар, қоршаған ортаны қорғау және  сәулеттендіру объектілері, аумақты көгалдандыру және алаң ішіндегі инженерлік тораптар мен көлік коммуникациялары, аумақтың жоспарлау белгілері белгіленген бас жоспар, сонымен қатар шығарылатын кешендерге кіруші объекттер, тораптар және көлік коммуникациялары бөлінеді.

Технологиялық шешімдерге:

– өндірістік бағдарлама туралы мәліметтер;

– өндіріс технологиясы бойынша қысқаша сипаттама және шешімдерді негіздеу, еңбек сіңіргіштік (станок сиымдылығы), механикаландыру және технологиялық процестерді автоматтандыру туралы мәліметтер;

– қолданылатын жабдықтардың, соның ішінде импорттық жабдықтардың, құрамы және негізделуі;

– аз қалдықты және қалдықсыз технологиялық өндірістер және процестерді, жылуды және ұсталған химиялық қоспаларды қайта қолдану  бойынша шешімдер;

– жұмыс орындарының саны және олардың жабдықталғандығы;

– цехаралық және цех ­ коммуникацияларының сипаттамасы;

– өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар;

– жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру бойынша­ шешімдер;

– қуат сақтау бойынша шаралар;

– атмосфераға зиянды шығарулар мен су қайнарларына тастаулардың (бөлек цехтер, өндірістер, биналар бойынша) саны және құрамы туралы мәліметтер;

– қоршаған ортаға зиянды шығарулар мен тастауларды болдырмау (қысқарту) бойынша техникалық шешімдер, апаттық жағдайлар пайда болу мүмкіндігін бағалау және оларды болдырмау бойынша шешімдер;

– пайдалану және жерлеуге жататын өндірістік қалдықтар көлемі, түрлері, құрамдары;

– технологиялық процестердің жағармайлық-қуаттық және заттық баланстары;

– негізгі технологиялық мұқтаждықтарға арналған қорлардың түрлеріне қажеттілік.

Негізгі сызулар:

а) технологиялық процестердің принципшіл желілері;

б) ғимараттар (цехтар) бойынша жабдықтардың және көлік құрал-дарының орналасу нұсқауымен технологиялық жоспарлау;

в) жүк ағындарының желілері.

Бөлімді өңдеуде технологиялық жобалау салалық нормаларын басшылыққа алу қажет.

Өндірісті, өнеркәсіпті және ұйымдарды басқару, жұмысшылар және қызметшілердің еңбек шарттары мен қорғауы Еңбек Министрлігі және Қазақстан Республикасының халық әлеуметтік қорғауының нормативтік құжаттарына сәйкес орындалады.

Бұл бөлімде:

– кәсіпорынның және бөлек өндірістердің басқару құрылымын ұйымдастыру, автоматтандырылған басқару жүйесі және оны ақпараттық, функционалдық, ұйымдастыру және техникалық қамсыздандыру;

-басқару қызметкерлерінің еңбектерін автоматтандыру, механикаландыру;

– жұмыс істеушілердің кәсіби дәреже құрамын есептеу нәтижелері;

– жұмыс орындардың саны және жабдықталғандығы;

– кәсіпорында жұмыс істеушілердің санитарлық-гигиеналық еңбек шарттары;

– еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша ­ шаралар, соның ішінде өндіріс шуларын және дірілдерін, бөлмелердің газдануын, артық жылынуын, еңбек шарттарының комфорттығын жоғарылату шаралары ж.т.б.  қарастырылады.

Сәулетшілік – құрылыс шешімдер: ­

– құрылысқа арналған ұсынылатын участок сипаттамасын, оның тұрған жерін, мөлшерін, замандас күй-жағдайларын және қолдануын ескере: объект сәулеттік шешімдерін қысқаша суреттеуден;

– аумақтың, көліктің және инженерлік-құрылыс шарттардың, инженерлік коммуникациялардың және оның үстімен немесе іргелес аумақтары арқылы өтетін өнім өткізу қабылетінің, жоспарлау шектерлердің және жұмыс істейтін қала құрылысы құжаттардың экологиялық күй-жағдайы туралы мәліметтерден;

– ғимараттар мен биналарды бұзу, көшіру жөніндегі талаптардан;

– азауқатты халық топтарының тіршілік әрекетін қамтамасыз етуден, құрылыс ережелерінен, қалақұрылыс концепциясын сақтаудан, мәдениет ескерткіштерін және табиғатты сақтаудан, олардың қорғау аймақтарын және ерекше жөнге салу аймақтарынан;

– жер асты кеңістіктерін қолдану мүмкіншіліктерінен;

– сәулетшілік-құрылыс тапсырмасымен анықталған талаптардың орындалуынан;

– нысандар (нысандардың) жұмыс жасауларын қамтамасыз етуге арналған жобаланушы инженерлік биналардың шешімдерін суреттеуден;

– жобаланушы объекттің негізгі сәулеттік-жоспарлау параметрлерінен;

– құрылыс алаңдарының инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық шарттарынан, сонымен қатар негізгі ғимараттар мен биналар бойынша қысқаша суреттеу және сәулеттік-құрылыс шешімдерін негіздеу туралы мәлімдеуден;

– өлшемнің қоршау конструкцияларының жылу сақтайтын қасиеттерін жақсарту, өндіріс шуларын және дірілдеулерін төмендетудің принциптік шешімдерін негіздеуден, жұмыс істеушілерге тұрмыстық, санитарлық қызмет ету шараларынан;

– электрлік, жарылыс, өрт қауіпсіздіктері бойынша шаралардан;

– құрылыс конструкцияларын, торларын және биналарды коррозиядан  қорғау шараларынан;

– негізгі сызулар: жоспарлар, негізгі күштеу көтеруші және қоршау конструкцияларын көрсететін негізгі ғимараттардың және биналардың қасбеттері және қималардан  тұрады.

Инженерлік жабдықтау, торлар және жүйелер:

– канализация, сумен, жылумен, газбен, электрмен жабдықтау, жылыту, желдету және ауа тазарту бойынша шешімдерден;

– бақылау, есепке алу және жөнге салу құралдарына бақылау бойынша шаралардан;

– ғимараттар мен биналарды: электр жабдықтау, электрмен жарықтан-дыру, байланыс және сигнал беру, радиоландыру және теледидар, өртке қарсы сақтық қондырғылармен, найзағайдан қорғаныш және басқа инженерлік жабдықтаудан;

– инженерлік жүйелерін басқаруды автоматтандыру және диспетчерлеуден  тұрады.

Негізгі сызулар:

а) жылумен жабдықтаудың, электр жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, сумен жабдықтаудың, канализацияның және басқалардың түбегейлі желілері;

б) инженерлік торлардың жоспарлары;

в) инженерлік торлардың кесілгендегі кескіндері (қажет болғанда);

г) негізгі биналардың сызулары:

д) жылыту-желдету жүйелерін түсірумен негізгі ғимараттардың жоспарлары және жылыту-желдету қондырғыларының түбегейлі желілері, сумен жабдықтау және канализацияның желілері;

е) электр жабдықтаудың, электр жабдықтардың, радиоландыру және сигнал берулердің, инженерлік жүйелер басқаруын автоматтандырудың  және басқалардың түбегейлі желілері. 

Құрылыс жарық техникасы бөлмелердің табиғи жарықтандыру жобалау әдістемесін және есеп техникасын қарастырады. Жарықтехникалық есептеулердің негізгі міндеті табиғи жарықпен бөлмелерді жақсы жарықтандыру мақсатымен жарық ойықтарының қалпын, мөлшерлерін және орналасуын анықтау болып табылады. 

Жалпы жайдайлар

Жарық электр-магниттік сәулелену болып есептеледі. Сәулелену жолымен берілетін қуат, сәулелі деп аталады. Кез келген алаң арқылы өтетін сәулелі қуат қуаттылығы,  жарық ағыны деп аталады және F белгісімен белгіленеді.

Арнайы эталондармен анықталатын және толқын ұзындығы λ=0,555 микронға (μ) тең, 1/683 ваттқа (вт) сәйкес жарық ағынының бірлігі болып люмен (лм) қабылданған.

Жарық көзімен жасалатын, жарықтандыру шартын бағалау үшін, жарықтандыру ұғымын пайдаланады .

Түсетін жарық ағыны F мөлшерінің жарықтандырылатын бет ауданына қатынасын бет жарықтандырылуы Е деп аталады

1 м2 бетке біркелкі 1 лм жарық ағыны таралғанда жарықтандыру бірлігі болып люкс (лк) қабылданады.

Іс жүзінде, ашық аспан астында табиғи жарықтандырудың табиғаттық шарттары аса тұрақсыз болу салдарынан, бөлме ішінде люкс өлшемімен табиғи жарықтандырудың ең аз мөлшерін анықтауға мүмкіндік жоқ. Осыған байланысты бөлме жарықтандыруы абсолюттік бірліктерде (люкс) емес, диффузиялық (сейілген) аспан күмбезінің жарығы және аспанның әркелкі жарықтығы астында орналасқан, бөлме ішіндегі берілген нүктеде жарықтандырудың көлденең алаңының жарықтығына қатынасы болып есептелетін табиғи жарықтандыру коэффициенті (қысқаша – т.ж.к.) түріндегі салыстырмалы бірліктермен анықталады.

Математикалық т.ж.к. келесі түрде анықталады:

мұнда  Ев – бөлме ішіндегі нүкте жарықталғандығы, лк;

Ен – ашық аспан астындағы көлденең алаңдағы нүкте жарықталғандығы, лк.

Ашық аспан астында жарықтану бар уақытта ғимарат ішіндегі жарықтанудан жоғары болу себебінен, т.ж.к. мөлшері әрқашанда 1-ден төмен. Әдетте т.ж.к. мөлшерін %-бен анықтайды, бұл жағдайда (8) формуласы келесі түр қабылдайды:

Бөлмелердің табиғи жарықтандырылуы: сыртқы қабырғалардағы терезелер арқылы бүйір жақтық, жабулардағы жарық шырақтары мен ойықтар арқылы жоғары жақтық және бүір жақты жарықтандыруға жоғары жақтық қосылғанда  аралас болып бөлінеді.

Бөлменің кез келген нүктесінде т.ж.к. мәнін (1.32 сурет) келесі формула арқылы анықтайды:

мұнда: ен – шыныланған ойық арқылы жарық ағыны өткенде, жарық жоғалуын ескере, берілген нүктеден ойық арқылы көрінетін, аспан бөлігінде тік сейілген жарықпен жасалынатын т.ж.к.;

е0 – бөлменің ішкі бетінен (төбеден, қабырғалардан, еденнен) шағылысқан жарықпен жасалатын т.ж.к.;

ев – қарсы тұратын ғимараттардан (егер ондайлар болса), шағылысқан жарықпен жасалынатын т.ж.к.;

еп – ғимарат маңындағы аумақ беттерінен шағылысқан жарықпен жасалынған т.ж,к.

ен мағынасын келесі формуламен анықтайды:

мұнда  – жарық жоғалтулар мен шағылысқан жарықты ескерусіз есептеу жолымен анықталатын, аспанның күмбез коэффициенті;

τ0 – күш көтеру конструкцияларымен (мысалы, жабу фермаларымен ж.б.) көлеңкеленуін ескере, келесі формула арқылы анықталады:

мұнда τ1  – таза шыны өткізу коэффициенті;

τ2 – түптеулермен жасалынатын, көлеңкелендіруді ескере, шынысыз жарықойығы өткізу коэффициенті;

τ3 – шынылардың ластану қабат өткізу коэффициенті;

τ4 – күш көтеруші жабу конструкцияларымен көлеңкелеуді ескеретін өткізу коэффициенті;

q– меридиан бойынша аспан күмбезінің жарықтығын ескеретін коэффициент.

коэффициенттері тәжірибелі жолмен анықталады және ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001 кестелерінде келтірілген.

q коэффициентінің мағналары көлденең сызықпен және берілген М нүктесін жарықойық С ортасымен (1.32 сурет) қосатын θ бұрышына байланысты 6 кесте бойынша қабылданады.

е0 мағынасын қабырғалардың, төбенің және еденнің тойтарыс орта салмақты коэффициентіне байланысты келесі  формуламен анықтайды:

мұнда   – (11) формула бойынша  ең аз жарықтанған нүкте үшін; γ – бөлменің ішкі беттерінен шағылысқан жарық есебінен т.ж.к. жоғарылауын ескеретін коэффициент; бір бүйір жақты, араластырылған жарықтандыру жүйесіндегі ішкі беттер шағылыстыру орта салмақты коэффициентіне байланысты  әртүрлі жарықтандыру түрлері үшін γ коэффициенттер мағналары: ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001 6,7 және 8 кестелерінде келтірілген.

Қарсы тұрған ғимараттардан шағылысқанмен жарықтан жасалған табиғи жарықтандыру коэффициентінің е3 мағынасы келесі формуламен анықталады

мұнда  – жарық жоғалтуды ескермей, қарсы тұратын ғимараттармен жабылатын (1.31 суретін қара) аспан күмбезінің бөлігінен бөлмедегі берілген М нүктесіндегі т.ж.к. есептеу мағынасы; – ҚР ҚНжЕ 1.6 кестесі бойынша қабылданатын коэффициент.

Меридиан бойынша аспанның әркелкі жарықтығын ескеретін q коэффициентерінің мағыналары

1.6 кесте

бұрышы, град. 15 30 45 60 75 90
 коэффициенті 0б65 0б85 1 1,15 1,2 1,25

е3 мағынасы, бөлмеге ойық арқылы түсіп, аспан күмбезі ойығынан көрінетін жарықтың үлкен бөлігін қарсы тұратын ғимараттар жапқан және осы ғимараттардан шағылысқан жарық ағынының едәуір бөлігін құрастыратын жағдайда ескеріледі.

ен мағынасын келесі формуламен анықтайды:

мұнда  – бүйір жақ жарықтандыру үшін бөлмеге тән қыйюы бойынша ең аз т.ж.к.;

γ3 – ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001 бойынша анықталатын, бөлмелердің бүйір жағынан жарықтанып, ғимарат маңындағы аумаққа тиіп тұратын, беттен шағылысқан жарықты ескеретін коэффициент.

Данилюк М .А. графикалық әдісі

Бөлмелердің жарықтануын әртүрлі авторлар ұсынған барлық есептеу әдістерінен, олардың ішінде аспан күмбезінің  коэффициентін анықтау әдісінен ең ыңғайлысы А.М. Данилюктің графикалық әдісі болып табылады. Оның маңызы келесіде.

Ашық аспан астында орналасқан, горизонтальдық жазықтықта қаралатын нүкте, көк күмбез жарты сферасының ортасында орналасқан болып қабылданады.

Бұл нүкте жарықталғандығы 100% тең қабылданады, себебі оған көк күмбез жарты сфералары ауданынан жарық ағыны түседі.

А. М. Данилюк жарты сферада горизонтальдық проекциялары бірдей мөлшерлі 10000 алаңшадан тұратын тор салды. Бұндай алаңшалар горизонтальдық жазықтықта бірдей жарықтандыру тудырады.

Көк күмбез коэффициентін анықтау, бөлме ішінде берілген нүктеден барлық оның жарық ойықтары арқылы көрінетін көк күмбез жарты сфералары торларының санын есептеу болып табылады. Егер, мысалы, жарық ойықтары арқылы көк күмбезінің 200 алаңшасы көрінсе, онда , немесе пайызбен есептегенде 0,02 100 = 2%. Көк күмбез жарты сферасын 10000 алаңшаға бөлу келесідей жүзеге асырылған. Жарты сфера ­ меридиандармен 100 сфералық екі қырлы бұрыштарға (1.33 сурет, а) және параллельдермен 100 сфералық белдіктерге  (1.33 сурет, б) тең ­ жарық әрекетті бөліктерге бөлінген. Осындай бөлу нәтижесінде көк күмбезінің жарты сферасында 10 000 бірдей жарық белсенділікті алаңшалары бар тор алынған (1.33, в сурет).  Бөлменің берілген нүктесінен жарық ойықтары арқылы көрінетін көк күмбез жарты сферасының алаңшалар санын анықтау, 1.34 және 1.35-суреттерде келтірілген І және ІІ графиктері (1.34 және 1.35 суреттер) көмегімен жүзеге асырылады.

І графикті бөлменің көлденең немесе бой қиылыстар, ал ІІ графикті  оның жоспар үстіне қондырады. Графиктерді пайдалана, бөлменің барлық жарық ойықтары арқылы берілген нүктеге өтетін жарық сәулелерінің санын есептейді. Бірлік жарық сәулесі ретінде, график ортасынан О шығатын көршілес екі тік сызық арасындағы кеңістікті қабылдайды.

Пайдалануға ыңғайлы болу үшін графиктерді немесе ғимарат сызбаларын мөлдір қағазда (калькада) орындайды.

Бөлменің берілген нүктесіндегі  көк күмбез коэффициентін келесі формуламен анықтайды:

,               (15)

мұнда m1 – бөлменің көлденең немесе бой қиылысында жарық ойығы арқылы өтетін, І график жарық сәулелерінің саны;

m2– бөлме жоспарында барлық жарық ойықтары арқылы өтетін, І график жарық сәулелерінің саны.

  1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жобалау кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау. 

Техника   қауіпсіздігі. Күрделі    жұмыстарды   жүргізгенде  қауіпсіздік  ережесін  мұқият  сақтау  керек.  Күрделі  жұмыс   жүргізгенде  болған  жазатайым  көбіне   ережелер  мен  нұсқауларды   тиісті  жерде   қолданбықтан  болады.  Сондықтан    мекемелерді  басқаратын  адамға  өте  жауапкершік  міндеттер  жіктеледі.  Жұмысшы-механизаторлар  мен  инженерлік-техникалық   қызметкерлерді   құрылыс   жұмыстарының   әртүрлі   саласында   қауіпсіздік   техникасының   тәсілдері  мен   методикаларын  оқытып   үйретеді.

Қауіпсіздік   техникасының   мен    талаптары   бойынша    жұмысшылардын    инженерлік    техникалық    қызметкерлерден   интруктаж   қабылдану  керек,    оның   екі   түрі   болады.:   кіріспе  және  жұмыс   орындағы.

Машинсті  машинаның  бір   типінен   екіші   типіне   ауыстырғанда   қысқартылған   программалар  мен   танысып   үйренеді,   соңынан   жеке   жұмысқа  кірісу  керек.

Жұмыс   орындағы   инструктажды   жұмыс   істейтін   жердің   инженерлік    техникалық   қызметкері   (механикалық,   энергетик,   учаське   бастығы    жұмыс   өндіргіші)    кішігірім   кеңес    ретінде   жүргізеді.

Өртке  қарсы шаралар. Жобаланған ғимараттың  конструкцияларын оттан қорғау үшін тұзды  ерітінділерімен өңдеу талаптары қойылған. Ғимарат 2.01.02.85 ҚМжәнеЕ «өртке қарсы нормалар» талаптарына сәйкес  орындалады. Су  желілерінің (құбырының)  үйге кірер  тұсында өрт сөндіретін желіні  жалғау үшін  диаметрі 150мм  жалғайтын қалпақша  орнатылады. Сырттағы өртті сөндіру  үшін алынатын су  шығыны -15 л/сек

Өртке қауіпсіздігі жөнінен бас корпус «В»  котегориясына жатады. Өрт кезініде  адамдарды үйден  эвакуация жасау үшін жобада ені 1,31 м болатын 3 есік есік қойылған. Жоғарғы  қабаттан екі  баспалдақ  торлары арқылы   эвакуация жасайды.  Алғашқы қорғаныс құралдары  (өртсөндіргіштер, су, шелек, т.б.) эквуацияға сәйкес (есік, терезелер  сыртқа қарай ашылады.) өрттен қорғаныс  сигналдары тағы басқалар қарастырылған. Ғимаратта  негізінен  өртенбейтін құрылыс  конструкциялары  жобаланған. Өрт сөндіру базасы 2,5 км  қашықтықта  орналасқан.

Қоршаған ортаны қорғау. Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялык іздеулер кезеңінен бастап жүзеге асыра бастау кажет. Көлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұрақты, уақытша жолдарды да icкe жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол бермеуге тиіс. Іздеу жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейімжерлерді шамадан тыс көп суландыруға және көшкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және басқа да кажетті шараларды ойластыру керек. Іздеу жұмыстары аяқталғанынан кейін шурфтарды және басқа косымша казылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Құрылыс алаңы тал-шіліктерден және бағалы емес ағаштардың түрлерінен тазартылады, бұл жұмыс құрылыс салынатын территория ішінде жүргізіледі. Құрылыс алаңын дайындағанда топырактың өсімдік өсетін кабаты өтe ұкыптылыкпен алынып, құрылыстың басқа жерлерінде немесе баска учаскелерінде көгалдандыру мақсатында пайдаланылуға тиic. Ағаштардың түптердің атжалдағы топырақтармен жабуға болмайды, өйткені кейбір ағаш тұқымдары одан қурап қалады.

Жерасты коммуникацияларын жобалау және тарту жұмыстары құрылыстын, бас жоспары бойынша жүргізіліп, жоба катан сақталуы керек. Жер жұмыстарын, оның ішінде ipreтacтap мен жертөле кұрылыстарын салу жобадағы белгілерге сәйкес катаң сақталып, жургізілуге тиic.

Тұракты немесе уақытша орнатылған су деңгейін төмендеткішқондырғы дренаж өсімдіктерің өсіп-өнуіне әсер етуіне қарай 300 метрге дейін қашықтықта орнатылады. Қондырғы мен дренажды салғанда оған жақын территорияда шпунтты қабырғалар тұрғызылады.

Құрылыс салынып жатқан территорияда сақталуға тиіс ағаштар мен бағалы көшеттер арнайы қоршаулармен қоршалады, тамыр жүйелерін қорғайтын тиicтiгумус қабаты сақталуға тиіс, ал ағаштың діні ағаш қораптармен жабылады. Ағаштардын және көшеттердің бағалы түрлері жобада көрсетілгендей нөмірленіп кабылданады, ал оларды өткізу aктiбойынша дендрологтың катысуымен жүргізіледі.

Ағаштар басқа жерлерге механикаландырылған әдіспен отырғызылады. Ағаш тамыр жүйесінін айналасындағытопырақпен бipгe ойылып алынады, ал оны кранмен көтерген кезде арқанмен ілетін жерлері арнайы қаптамалармен оралады. Егер ағаш басқа территорияға апарылатынболса оның тамыр жүйесі ағаш жәшікпен қапталады. Қыста ағаш тамырының, топырағы қатып калған жағдайда оны қаптаудың кepeгi жоқ.

Үймереттін жерүсті бөлігін тұрғызғанда территорияны шаңдатпас үшін құрылыс қалдықтары мен қоқысты шығарып тастап отыру керек. Олар арнайы контейнерлерге тиеліп төгіледі немесе қораптармен қабылдау бункерлеріне түcipіледі. Құрылыста жарамсыз деп табылған құрылыс бұйымдары мен белшектерін және пайдаланылмаған құрылыс материалдарын көмуге болмайды. Осы сияқты құрылыс алаңында материалдардың қалдықтарын, әсіресе битум негізіндегі орамаларды, айырушы материалдарды, бояғыштарды, автоқаптағыштарды және басқада ауаны ластайтын қоқыстарды жағуға болмайды.

Объект жобада керсетілген көріктендіру және айналадағы территорияны көгалдандыру жұмыстары біткеннен соң су, ауа газ тазартатын кұрылыстарды алдын ала техникалық кабылдаудан, осы секілді қатты қалдықтар территориядан шығарылғаннан кейін ғана пайдалануға қабылданады.

Қорытынды 

Орындалған өндірістік іс-тәжірибе есебі берілген тапсырма бойынша  «Өнеркәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасының бекітілген кестесіне сай жүргізіледі.

Өндірістік іс-тәжірибе есебінде төмендегі жұмыстар жүргізілді: мекеменің құрылымы мен жұмыс орындарымен танысу, жобаланған обьектілердің нормативті құжатарымен жұмыс атқару.Жобаланып және салынып жатқан ғимараттың көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерін құрастыру және жалпы құрылыс-монтаждау жұмыстары көлемдері бойынша түзеу принциптері және жобаланатын ғимараттың техникалық  қауіпсіздігі іс-шараларын ұйымдастырумен танысу.

Жасалынған  өндірістік іс-тәжірибе есебі қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыста жүрген мөлшерлік құжаттамаларға сай жүргізілді.

You May Also Like

Модель реферат

Реферат Тақырыбы: Модель Кіріспе 1.Модельді таңдау және негіздеу 1.1. Сән бағыты және…

Кәсіпкерлік және бухгалтерлік есеп туралы жалпы ақпарат, реферат

Кіріспе Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен…

Реферат Еңбек нарығы және оның теориялы мәні

МАЗМҰНЫ   Кіріспе……………………………………………………………………….. 3 1. еңбек нарығы және оның теориялық мәні 1.1  Еңбек…

Синапстық өткізудің ерекшеліктері, реферат

  РЕФЕРАТ Тақырыбы: Синапстық өткізудің ерекшеліктері Жоспар І Кіріспе Синапс (құрылысы, қасиеттері).…