Реферат

Тақырыбы: Модель

Кіріспе

1.Модельді таңдау және негіздеу

1.1. Сән бағыты және модель таңдау

1.2. Модель эскизі

1.3. Модельдің техникалық сипаттамасы

  1. Бұйымды дайындаудың техникалық процесі

2.1. Сызба тұрғызуда бастапқы берілгендерді негіздеу

2.2. Техникалық қосымшалар

2.3. Сызба тұрғызудың есебі

  1. Қорытынды

1.Модельді таңдау және негіздеу

1.1. Сән бағыты және модель таңдау 

Мемлекетіміз тұрақты социалды демократиялық заңдылықты құру жолына түсті. Осының бәрі біздің бойымызға мақтаныш сезімін туғызады. Президенттің қолдауымен 2007-ші жыл туған қазақ тілімізді өркендету жылы болып жарияланды. Осыған орай қызу да қарқынды көптеген іс-шаралар жасалынды. Қазақ тілі мен мәдениетін  тереңдетіліп оқып үйренуге арнап көптеген мектептер мен бала-бақшалар, оқу орындары бой көтеріп келеді, күн санап артып келеді десек те артық емес. Қазақ халқының мәдениетінің ішінде киім мәдениеті ерекше орын алады. Ұлттық киімде адамның жан дүниесінің сұлулығы қоршаған ортамен ұштасып жатыр. Бірнеше ғасырлар бойы адамдар киім тарихын ойлап шығарды, әр адам осы процесске өз үлесін қосты. Олар костюмге өз бойындағы өнерін, қиялын сұлулыққа деген құштарлығын көрсете білді. Қазақстан сән әлемінің бесігі десе болады. Өйткені ата-бабамыз ғасырлар бойы келе жатқан салт пен мәдениетті киім арқылы көрсете білді. Сән барлық қазіргі жаңа көріністерінің құндылықтары мен  олардың бір-бірімен жинақталмай өзгерісте болуын талап етеді. Сәннің әрбір түркі нұсқасының негізінде тұтыну бағалылығы әр түрлі. Көптеген көшірмелер аяғында түп нұсқалар жоқ болып кетеді. Негізгі өзінің қолданылуына қарай мәнін де жоғалтады. Сән мен эканомика өзара түсіністіктермен байланысты, бірақ белгілі бір дәрежеде олар қарама-қарсы қайшылықтарда да болады. Нақты эканомикалық есепте бірақ сән қоғамға пайда әкеледі. Өз тарихымызда сән белгілі, мысалы оның қолдану механизмінің арқасында көптеген жаңа формалар дами бастады.

Сәндегі негізгі тенденция – мезгілдік. Барлығымызға белгілі фраза « қыстық – күздік тенденция » және « көктем – жаздық тенденция ». Қазақстандық сән саласының өкілі Айгүл Қуандықова 2018 жылда ашық түстердің әдеттегідей жоғары бағаланатынын тілге тиек етіп отыр. Өз кезегінде танымал модельер Аида Қауменова жеке коллекциясында ұлттық ою-өрнектерге басымдық беріпті. «Соңғы кезде әйел заты бұрынғыдай ашық киімнен гөрі шамалы жабық жүргенді ұнатады. Бұл сәнге айналып келеді. Әйелдер алдағы уақытта жабық киіне бастайды. Мен бұл жерде хиджабты меңзеп тұрғаным жоқ. Бірақ қыз-келіншектердің ашық-шашық, тырысқан киімдері ескіліктің ұшқыны болып қалмақ. Тым қысқа немесе дене сымбатын айқын көрсететін киімдер сәннен шығып, кең көйлектер сәнге оралуда. Сән әлеміндегі тағы бір жаңа үрдіс – бастың жабылуы. Ол сәнді тағылған орамал, я болмаса ободок, түрлі аксессуарлар мен бас киімдер болуы мүмкін. Бұл – ислам әлемінің дүниежүзілік сән индустриясына әсері. Келер жылы қызғылтым, көк, жасыл түстер сәнді болмақ.

Әрине, ол сәнді және дене бітімнің кем-кетік тұстарын жасыруға да ыңғайлы. Дегенмен, бұл түбегейлі оранып алу емес, бірақ талғаммен киіну болып табылады», – дейді дизайнер Аида Қауменова.Сондай-ақ, сәнді киінудің сырын ашқан дизайнерлер жылқы жылы жасыл және көк түске басымдылық беріліп отырғанын айтып, оның ұтымды пайдалану кеңестерін де айтты.Әрине, қымбат гауһар тастардан бастап, інжу, маржан сәннен қалған емес. Әрбір қарапайым көйлек не кофтаның сәнін аша түсетін «жабо», яғни, мойын әшекейін де ұмытпаңыз. Сондай-ақ, күнде болмаса да, салтанатты кештерде шашыңызға ерекше әшекей бұйымдарын тағып жүрсеңіз, бұл сіздің сән әлемінен хабардар екеніңізді көрсетеді.

Әрбір сән үйінің өзіндік қолтаңбасы болады. Біздің қолтаңбамыз – нәзік, сезімге толы шығыс әйелі. Топтамамды жасауда шығыс ертегілерінен шабыт алдым. Сондықтан болар, көбіне шығыстық бағытта тігілген – шапандар, ханшайымның тәжі, ұзын, нәзік көйлектер басым.

Қыз-келіншектің сәнді болуы тек талғаммен киінуімен ғана шектелмейді. Сәнді әйел – ол түр-келбеті келіскен, шашынан бастап тырнағының ұшына дейін күтілген әйел. Көп жағдайда киімнің құны сапасы

Сәннің басты белгісі оның тұрақсыздығында, сондықтан оны жеңілтек деп санайды да, оны зерттеуге және маңызды қатынастарға лайықты нысан деп санамайды. Бұл әрине дұрыс көзқарас емес, себебі сәннің тұрақсыздығы адамдарды біркелкіліктен сақтайды.

Сән тарихы костюм тарихымен бірге дамиды, бірақ оларды бірдей құбылыс деп қарастыру дұрыс емес, себебі өнер танушылар сәннің пайда болуын әлеуметтік құбылыс ретінде Орта ғасырлардың соңғы кезеңінде, нақтырақайтқанда ХІV ғасыр соңы мен ХV ғасырдың басында болғанын анықтаған. Осы кезеңде киім сәнге тән белгілерге ие бола бастайды, яғни костюм бұрынғыдай ұлттық немесе аймақтық емес, жалпыевропалық киімге айналды, оның пішіні де жиі ауыса бастады, киімде бұрын болмаған жаңа бөлшектер көптеп қолданыла бастады, сөйтіп көптеген адамдар осы іспен мұқият айналыса бастады, адамдарда жаңа киімге еліктеу үдерісі басталды.на пара-пар келеді

Сәнді киінудің сырын ашқан дизайнерлер Жылқы жылы ашық жасыл және көк түске басымдылық беріліп отырғанын айтады. Оны ұтымды пайдалануда бірқатар кеңестерді есте ұстаған жөн. Мәселен, қазақтың қыз-келіншектері көбіне қара торы болып келеді. Сондықтан қара көк киімдер, қою түсті киімдер жараса бермейді. Егер көк түсті киім кисеңіз, міндетті түрде оған ашық түсті аксессуарлар таққан дұрыс. Әрине, қымбат гауһар тастардан бастап, інжу, маржан сәннен қалған емес. Әрбір қарапайым көйлек не кофтаның сәнін аша түсетін мойын әшекейін ұмытпасаңыз болғаны. Күнде болмаса да, салтанатты кештерде шашыңызға ерекше әшекей бұйымдарын тағып жүрсеңіз, бұл сіздің сән әлемінен хабардар екеніңізді көрсетеді. Биылғы жылы сонымен қатар, «жарқыраған орхидея» түсі барлық маусымда сәнде болып, ең жиі қолданылатын түске айналады. Демек, күлгін, алқызыл түстердің реңктері махаббат, сенімділік, көңіл-күйді білдіріп тұрғандай әсер етеді.

Көптеген моделдер қазақ халқының ұлттық костюмдерін және қолданбалы қол өнерін зерттеп оның шешуші тұжырымын, білікті мамандар мен жай көрермендермен жақсы деген баға алып отыр. Қазіргі кездегі сән әлеміне қазақтың салт-дәстүрі, мәдениеті таусылмастай жалдарды біз мәнді және нәтижелі өткіздік. Біріккен ұлттар ұйымы отанымызды бір қалыпты, ұйымшыл, бірнеше ұлт өкілдеренің басын қосып отырған мемлекет ретінде қабылдады. Алыс және жақын шет елдермен қызметтік байланысты нығайып отыр.

Қазіргі біздің жадайымызда, ерлер арасындағы үлкен мәдени хабарлар, көптеген барлық объектілік көзқарастар негізгі мәселе болып отыр. Әсіресе бұл көзқарастар киім сәнінде де кездеседі. Тұрмыстық өнеркәсіптік өндірісте әдістемелік жобалау негізі ауа-райына, ассортименттеріне, жоспарына, материалына барлық бояу түрлерінің формаларын құруда өте қажет. Әрбір адам өзінің өмір ағымындағы өзгеріс айналымын анықтап, із қалдырып отырады. Суретші модельер А.А.Левашова “мода – бұл сәнді залдылығы көрініс емес, ол көрмедегі түрлі талапқа сай, көркем суретшінің режисерлік етуімен көшені басқаруы қажет, әрі ол елдегі барлық мүмкіндікті білетін әрі ертеңгі күнгі талғамды қалыптастыруы керек” деген ойын білдіреді.

1.2. Модель эскизі

1.3. Модельдің техникалық сипаттамасы

Әйелдерге арналған жаздық жартылай қынамалы, зығыр матасынан тігілген көйлек.Ұзындығы тізеден төмен.

Алдыңғы бой бедер тігісімен және орта тігіспен сәнделген. Иық қиығында пата орналасқан.

Артқы бойда иық бүкпесі және бел бүкпесімен сәнделген.Жеңі бір тігісті, жең аузы қаттамамен өңделген.Жағасыз .

Бұйымға ұсынылатын өлшем 164-96-104

  1. Бұйымды дайындаудың техникалық процесі
  2. 2.1. Сызба тұрғызуда бастапқы берілгендерді негіздеу

 

Өлшемнің атауы Шартты белгілер Гост-қа сәйкес реттік номер өлшемдер шамасы (см)
1 2 3 4 5
1 Бой өлшемі Р 1 164
2 Мойынның жартылай орамы см 13 18,5
3 Кеуденің жартылай орамы 1 С21 14 45,9
4 Кеуденің жартылай орамы II С 2 11 15 50,4
5 Кеуденің жартылай орамы III С III 16 48
6 Белденің жартылай орамы Ст 18 38
7 Бөксенің жартылай орамы Сб 19 48
8 Кеуде ені шт 45 17,3
9 Арқа бойының ені Шс 47 18,3
10 Арқадан бел сызығына дейінгі ұзындық Дтс 40 42.9
11 Алдыңғы бойдан ел сызығына дейінгі ұзындық Дтп 36 44,4
12 Кеуде биіктігі Вг 35 27,5
13 Артқы бойда қолтық ойындысының биіктігі В прз 39 21,5
14 Қисық биіктігінің ұзындығы В пл 41 42,9
15 Иық өлшемі Ш пл 31 13,1
16 Оиық орамы О пл 28 27,2
17 Шынтақ орамы О зап 29 15,9
18 Жеңінің ұзындығы Д рук 68 55,2

2.2. Техникалық қосымшалар

Қосымшаның шартты белгілері Қосымшалардың аттары Шамасы
1 2 3 4
1 П.г Кеуденің жарты орамына берілетін қосымша 6
2 Пт Белдің жарты орамына берілетін қосымша 3
3 П.б Бөксенің жарты орамына берілген қосымша 2,5
4 П.ш. гор Мойынының жарты орамына берілген қосымша 1
5 П.д.т.с Арқаның белге дейінгі ұзындыққа берілген қосымша 0,5
6 П.ш.с Арқа еніне берілген қосымша 0,8
7 П.д.т.с Алдыңғы бойда белге дейін ұзындықтың қосымшасы 0,5
8 П.с.п.р Қолтық ойындысының тереңдігіне берілген қосымша 2

2.3. Сызба тұрғызудың есебі

Бөліктер Сызбадағы бөлінгендер Есеп формулалары Нәтиже
1 2 3 4 5
1 Сызба торының есебі А0 а Сг II + П1= 48+6 54
2 Жауырының ұзындығы А0 S 0,4 Дтс = 0,4*42,9 17,2
3 Қолтық ойындысының тереңдігі А0 Г В прз + П спр + 0,5 П дтс = 21,5+2+0,5*0,5 23,8
4 Арқа бойының ұзындығы А0 Т Дтс + Пдтс = 42,9 + 0,5 43,4
5 Бөксенің ұзындығы Т.Б Дтс 0,5 – 2 = 42,7 * 0,5 – 2 19,3
6 Бұйым ұзындығы АОН Дизд + Пр = 100 + 2 102
7 Арқа ені А0 а1 Шс + Пшс = 18,3+0,8 19,1
8 Кеуде ені а а 2 Шр + (Сг II – Сг1) + 0,3 = 17,3+/50,4-45,9/+0,3 22,1
9 Мойын ойындысының ені А0 А2 С ш/з + Пш.гор 18,5 : 3 +1 7,2
10 Мойын ойындысының тереңдігі А0 А А0 А2 + Пв.г.с = 3=7,2/3+0,5 2,8
11 Мойын сызығының жылжуы АА1 0,5 см
12 Бел сызығының жылжуы ТТ1 1,5 см
13 Иық сызығының жылжуы А2 П1 Шп + р/р впт + ПОС = 13,3+2 15,3
14 Иық нүктесінің бел сызығына дейінгі (қиғаш) ұзындығы Т1 П1 В пк + П дтс = 42,9 + 0,7 43,6
15 Артық бой мен алдыңғы бойды бөлетін анықтаушы сызық Г1 Г2 Г1 Г4 05 = 11,9 * 0,5 5,9
18 Арқа бойының қолтық ойындысын анықтайтын нүетелер А2 П3 1, Г2    
19 Арқаның сызығын анықтайтын нүктелер А,S, Т, Б, Н
20 Бел сызығының төмендеуі Т3 Т8 1 см
21 Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы Т3 А3

А3 А31

Дтп + Пдтс + Пр = 43,2+0,7 45,4
22 Мойын ойындысының ені А3 А4 А0 А2 = 6,9 7,2
23 Мойын ойындысының тереңдігі А3 А5 А3 А4+1 8,2
24 Кеуденің орталық нүктесі Г3 Г6 Г3 Г4/2 + 1 = 20/2 10
25 Кеуденің биіктігі А4 Г7 Вт 27,5
26 Кеуде қынтамасының (Р) кеңдігі А4 А3 (Сг11-Сг1/ 4,5
27 Кеуде биіктігі А4 Г7 Ад Г7 = Вт = 25,4 25,4
28 Қолтық ойындысына көмекші нүкте Г4 2 0,2*Г1Г4 = 02*11,9 2,3
29 Көмекші нүкте Г4 П4 Г1П2 – 0,5 = 17,8 – 0,5 17,3
30 Көмекші нүкте Г4 П6 Г4 П4/3 = 17,3/3 5,7
31 Иық сызығының ені Ад П5 П6 П60 Шп = 13,1 0,6 см 13,1 0,6
32 Қолтық оймасын анықтайтын доға
33 Иық нүктесінің төмендеуі П5 П50 0,5 см
34 Қолтық оймасына көмекші нүкте П5 3 3-4 = П5 П6/2 = 12,5 / 2 0,5 – 0,7 см
35 Алдыңғы бойдың қолтық оймасын анықтайтын нүкте П56,2 Г2

Жең

1.    43 Иық доғасының биіктігі ВОК 3-7
2.    44 Қолтық оймасының биіктігі О1 О2 Дп/2

23+25/2

24
3.    45 Жеңнің кеңеюі О1 Рп Оп+ПОП/4 11,5
4.    46 Жеңнің кеңеюі О1 Рл Ол+Пр 11,5
5.    47 Жеңнің ұзындығы О2 М Друк+Пр = 55,2+1 56,2
6.    48 Көмекші нүкте Рл 1 Г4 П6 = 5,7 5,7
7.    49 Көмекші нүкте Рл Р3 Г1 П3 10
8.    50 Сыртқы иық доғасы анықтайтын нүкте О3 О5 О2 О3/2 – 2 2,5
9.    51 Сыртқы иық доғасын анықтайтын нүкте О4 О6 О4 О/2 = 8,7/2 4,3
10.52 Бұрыш биссектриссасы О5 2 2 см 2
11.53 Бұрыш биссектриссасы О6 3 1 см 1
12.54 Жең ені Рл Р2 – О1 Рп 27,2 + 8,7/4 11,5
13.55 Иық доғасы Рл Р2 – О1 Рп 27,2 + 87/4 11,5
14.56 Жеңнің төменгі бөлігінің жылжуы Н1

Н2

1 см

1 см

1
15.57 Сыртқы жең сызығын анықтайтын нүкте Р3 Р4 = 4 Р3 Р4/3 = 13/2 6,5
16.58 Көмекші нүктелер 4-5 1-2 см 1-2

Қаттама

Тік бұрыш тұрғызу АВСД
АВ-СД Дз+2 16+2
ВС-АД 6
  1. Қорытынды

Өзіндік жұмыс бойынша әйелдерге арналған  жаздық жартылай қынамалы көйлек таңдалды. Ең алдымен модель таңдау кезеңі іске асты. Таңдау барысында көйлектің стиліне , адам денесіне қонымдылығына , жас ерекшелік пен қазіргі заманғы сән бағытына мән берілді. Бұйымға мезгілге сай мата таңдалды.

Ұсынылған өлшем бойынша көйлектің БК және МК тұрғызылды. Келесі кезеңде бұйым бөлшектері калькаға түсіріліп , матада пішілді. Бөлшектер  қиықтарына байланысты тігіс түрлері таңдалып бір-біріне қосылды. Дайын бұйым тексерілді.

You May Also Like

Қазақстан Республикасы акушерлік гинекологиялық көмекті ұйымдастыру және құрылымы түріндегі жалпы түсінік, реферат

РЕФЕРАТ Тақырыбы: Қазақстан Республикасы акушерлік гинекологиялық көмекті ұйымдастыру және құрылымы түріндегі жалпы…

Адам өмірін өзгерткен үш ғылым жаңалығы, реферат

Адам өмірін өзгерткен үш ғылым жаңалығы Жоспар. І. Кіріспе Жалпы ғылым жаңалықтары.…

Электр энергияны пайдалану, реферат

РЕФЕРАТ Тақырыбы: Электр энергияны пайдалану жоспар Жалпы мағлұмат 2.Зерттеу нысаны 2.1.Элетр энергиясын…

Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты, реферат

Жоспар: Кіріспе Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары…………………………………………………………..…