Адам өмірін өзгерткен үш ғылым жаңалығы
Жоспар.
І. Кіріспе
Жалпы ғылым жаңалықтары.
ІІ. Негізгі бөлім
а) Барлық адамға септігін тигізген ғылым жаңалықтары;
ә) Менің өмірімді өзгерткен жаңалықтар.
ІІІ. Қорытынды
Болашақта күтілетін ғылым жаңалықтары.

Ғылым — ол ең алдымен, көптеген бөлек мәліметтерді байланыстыратын, жалпы заңдылықтарды табуға ұмтылатын заң. Ғылымның арқасында түрлі ғылыми жаңалықтар пайда болды. Ғылыми жаңалықтар тану деңгейіне енгізілетін түбегейлі өзгерістер, материалдық әлемнің пайда болуы, ерекшеліктер мен ежелден ғылымға белгісіз болған түрлі ғылыми ұғымдарды айқындай аламыз.
ХХ ғысырдан бастап, тұрмыстық заттар, аурухана жабдықтары, тілдесу құралдары және т.б. көптеген адамға қажет заттар пайда болды. Осы және басқа да айтылмаған түрлі заттар көптеген адамның өмірін өзгерткенімен, кейбір адамдарға мүлдем қажет болмады. Мысалы, электр шамдары. Олар көп мемлекеттерге пайдасын ұшан-теңіз етіп тигізсе, кейбір электр токтары жоқ мемлекеттерге түк керек емес.
Ал енді менің өмірімді өзгерте алған ғылым жаңалықтары туралы айтсам. Менің өмірімді пайдасын да, зиянын да тигізіп өзгерткен түрлі ғылыми жаңалықтар баршылық. Солардың алғашқысы, телефон. Менің өміріме телефон келіп, барлығын жаман бағытқа өзгертіп үлгерді. Яғни, бұрын қой аузынан шөп алмас момын болып, көп достарыммен араласуға жүрексінетін едім. Телефон арқылы әлеуметтік желіге кіріп, өз достарымның санын көбейтіп алдым. Уақыт өте келе, дәл сол телефондағы әлеуметтік желі арқылы достарымды жоғалта бастадым. Тек достарым емес, туыстармен де ара қатынасымды нашарлататын телефон деп білдім. Сол себепті, телефонды менің өмірімді өзгерткен үш жаңалыққа енгіземін.
Менің өміріме керек емес деп саналатын үш ғылыми жаңалыққа аурухана жабдықтарын да қосқым келеді. Себебі, сапасыз аурухана жабдықтарының кесірінен, нағашы әжем көз жұмды.
Үшінші, әрі, соңғы керексіз жаңалыққа зиянды тағамдар фабрикасы. Яғни, мен оны пайдаланбайтын болғандықтан, өзіме пайдасыз, керексіз заттар қатарына енгіземін. Ол менің ағзамды улап, өмірімді нашар бағытқа өзгертуі мүмкін
Міне, осы заттар менің өмірімді өзгертуге үлес қосты. Басқа адамдарда да осындай зиянды немесе пайдалы заттар болуы мүмкін. Мен солардың бір парасын ғана жазып өттім.

You May Also Like

Тарихи көзқарас типтері, негізгі ерекшеліктері, реферат

Тарихи көзқарас типтері, негізгі ерекшеліктері Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Мифология, оның негізгі…

Капиллярлық құбылыстардың дамуына үлес қосқан ғалымдар, реферат

Коллоидтық химия пәні бойынша “Капиллярлық құбылыстардың дамуына үлес қосқан ғалымдар ” тақырыбындағы…

Қаржылық инвестициялар Реферат

КІРІСПЕ Қазіргі таңда әлемдік шаруашылық шетелден капитал тартудың, олардың аймақтық көлемде немесе…

Синапстық өткізудің ерекшеліктері, реферат

  РЕФЕРАТ Тақырыбы: Синапстық өткізудің ерекшеліктері Жоспар І Кіріспе Синапс (құрылысы, қасиеттері).…