Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру,) ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін   адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.

Менеджменттің анықтамалары:

Менеджмент дегеніміз мәлім ұйым, не кәсіпорынның мәлім жоспар мен ережеге сай өз-өзін теңшеп, дұрыстап, бейімдеп, мәлім айқын мақсатқа жете алуы.

Менеджмент дегеніміз маман, құрал-сайман, ресурстар, қазына секілділермен қатар тұратын өндірістің өте маңызды буыны.

Ғылым ретінде менеджмент кәсіпорын жобасы, ұйым, жоспар, тізгіндеу, ресурстарды ыңғайлау секілді өзара байланысты істердің біртұтастығы, ол мақсатқа өнімді жетуді көздейді.

Менеджмент ұғымының мәні мен мазмұны “басқару”        түсінігіне ұқсас.             Сонымен қатар менеджмент жоспарлауұйымдастыруүйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді де атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915) есептеледі. Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда.

Осы заманда менеджменттің төрт қызметі аталады: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау.

   1) Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес-жоспар — жоспарлаудың негізгі элементі. Есеп беру құжаты және инвестициялардың басты дәлелі болатын осы бизнес-жоспар, фирма дамуының кешендік жоспарын жасаудың мақсаты — басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады.

2)Ұйымдастыру

Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара өсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.

   3) Мотивациялау

Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық қана емес, психлогиялық аспект орын алады.

   4)Бақылау                                   

Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты қол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметеріне түзету енгізу жатады.

Менеджмент құрылымы үш бөлімнен тұрады:

1)өндірістік менеджмент;

2)қаржы менджменті;

3)нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.

  1)Өндірістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзімде және шығындарды барынша төмен жүмсап, тауарлар өндірумен айналасатын басқарушы қосалқы жүйе болып табылады.

  2)Қаржы менеджменті фирманың қаржы құралдарының қалыптасуын табыстардың барынша мол болуын жөне шығындардың барынша аз болуын қамтамасыз ететін қосалқы жүйе.

   3) Нарықтық менеджмент — маркетинг — бұл нарыққа бағытталған фирманың коммерциялық қызметтерін басқару болады. Маркетинг (ағылшынша «market» — нарық) нарықтарды тандау үшін, нарыққа кірудің уақытты мен әдістері үшін, жаңа өнім жасалуы үшін, тауардың нарықтағы жылжуы үшін, баға саясаты үшін жауапты болады.

You May Also Like

Кәсіптік – қолданбалы дене дайындығы

Кәсіптік – қолданбалы дене дайындығы Жоспар. Қолданбалы дене мәдениеті Дене мәдениеті және…

Условия жизнедеятельности волнистого попугая

Оглавление Введение……………………………………………………………………………… Волнистые попугайчики…………………………………………………………. 1.1. Особенности жизнедеятельности волнистого попугая……………………. 1.2. Условия содержания…

Электрохимиялық кернеу қатары

Электрохимиялық кернеу қатары Мақсаты: -металдардың электрохимиялық кернеу қатары жайлы мағлумат; -металдардың химиялық…

Анализ собственных наименований продовольственных товаров

«Анализ наименований продовольственных товаров на примере  магазина «Роза»  микро–района Исследовательский интерес Нурмолданова…