ҒТҚМ бизнестегі орны ” тақырыбында 

Баяндама

Мазмұны

Кіріспе.

1.Ғылыми техникалық прогресс

  1. Ғылыми-техникалық прогресстің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

1.2 Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК).

2.Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат                            

2.1 XX ғ. 70-90 жж. Батыс Еуропадағы  бизнес мұрағаттардың дамуы                                                                                                                   2.2 XX ғ. басындағы  Бельгия мен Нидерландия  бизнес мұрағаттардың қалыптасуы

2.3. XX ғ. басындағы  Швецариядағы  экономикалық мұрағаттардың қалыптасуы

2.4  Ақш бизнес мұрағаттары.

Қорытынды

Кіріcпe 

Тақырыптың өзeктілігі.  Ғылыми техникалық құжаттаманың мемлекеттің экономикасына тигізер пайдасын зерттеу мағынасында көптеген ақпараттар қарастырылды. Мұрағаттардың шетелде пайдаланылуы, экономикалық бағыттарын. Бизнестегі өзіндік орнын анықтау. Қазіргі заманда елімізде эконмиканы шарықтатудың басқа да амалдарын қарастыруда мұрағаттардың тигізер көмегін қарастыру.

Тақырыптың зeрттeлу дeңгeйі. Баяндаманы жазу барыcында Қазақстан еліндегі бизнес мұрағаттары мен шет ел мұрағаттары қарастырылды. Соның ішінде батыс Еуропа елдері, Нидерланды, Швейцария, АҚШ елдері мысалға келтірілді. Мұрағат пен эконмика салалары тоғыстырылып қоса зерттелді.

Баяндама жұмыcының дeрeктік нeгізін төмендегі құжаттар құрайды:

  • Қазақстан Республикасының Ғылыми-техникалық кеңесінің ақпараттары.
  • Шетелдің бизнес мұрағаттар тарихы
  • Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту туралы 26.12.2011 №1604 Қаулы

Тақырыптың мақcаты. Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық құжаттар мұрағатының бағыттарын әртүрлендіру. Экономика мен бизнес бағытынды пайдалы да тиімді қылу.

Баяндама кіріcпeдeн, екі тараудан, қoрытынды бөлімнeн жәнe пайдаланылған әдeбиeттeр тізімінeн тұрады

  1. Ғылыми-техникалық прогресстің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі

Адамзат қоғамынын ұзақ даму тарихында шаруашылықтың ұдайы алға басып, жетілдірілуіне ғылым мен техниканың өркендеуі себепші болып келеді. XX ғасырдың екінші жартысында ғылыми-техникалық үрдіс аса жедел қарқынмен дамып, дүниежүзінің көптеген елдері мен шаруашылық салаларын қамтыды. Ғалымдар ғылыми тeхникалық революция (FTP) деп атаған бұл құбылыс қысқа уақыт аралығында қоғамның өндіргіш күштерін сапалық жағынан түбегешті өзгерткен «секіріс» ретінде бағаланды. Ол адамзат тарихында ғылым мен техника пайда болғаннан бері өндіргіш күштерді ұдайы жетілдіруге себепші болған ғылыми-техникалық прогрестен айырмашылық жасайды. Сонымен ғылыми-техникалық революция дегеніміз — белгілі бір уақыт аралығында дамудың жаңа сатысына көтерілуге себепші болған сапалық өзгерістердің жедел қарқынмен жүруі. Дүниежүзі аймақтары мен елдерінде FTP дамуы түрліше деңгейде өтуде. Жоғары дамыған елдерде XX ғасырдың 80—90-жылдарынан бастап, ҒТР-дың дәстүрлі үлгісінен басқа қазіргі заманғы тармағы дүниеге келді. Дәстүрлі FTP өндіріс пен адамзаттың жаңа тауарларға, технологиялар мен қызмет түрлеріне деген сұранысын қамтамасыз етеді. Жаңа үлгінің басты мақсаты — дәстүрлі FTP-дың адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына тигізетін кері әсерінің орнын толтыру немесе жою болып табылады. Адам өмірін қорғауға бағытталған бұл шаралар өте мол қаржыны қажет ететіндіктен, таралу ауқымы бірнеше елдің аумағынан аспай отыр. Дүниежүзіндегі көптеген елдерде ҒТР дәстүрлі сипат алған. Мешеу елдер экономикасына қатысты бұл ұғым мүлде қолданылмайды да. Қазіргі кезде ҒТР-дың құрылымдық бөліктері анықталып, негізгі белгілері талданған.

FTP-дың  басты белгілері мыналар:

1) әмбебаптық, ауқымдылық;

2) ғылыми-техникалық өзгерістердің  жеделдеуі;

3) өндірістің ғылымды көп қажет ететін салаларының қарқынды өсуі;

4) әскери-техникалық революция  (33-сызбанұсқаны қараңдар).

Ғылым мен білім адамзат өркениеті тарихында қоғамның алға басуы үшін қызмет етумен келеді. Қазіргі заманғы ғылым өндіріс пен қызмет көрсету салаларына күрделі техника мен технологияларды енгізу арқылы оларда ғылымды көп қажет ететін мүлде жаңа салалардың дамуына негіз болуда. ҒТР-дың әмбебаптығы мен ауқымдылығы дүниежүзінің барлық елдері мен географиялық қабықтың кез келген бөлігін қамтуымен және адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруімен түсіндіріледі. FTP шаруашылықтың барлық салалары мен оның құрылымдарына, еңбек сипатына, адамдардың мәдениеті мен мінез-құлығына үлкен өзгерістер әкеледі.
FTP жағдайында мамандардың біліктілік деңгейіне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан алдыңғы қатарлы елдерде ғылымды дамытып, оның жетістіктерін өндіріске енгізу қазіргі заманғы білім беру жүйесін дамытумен қатар жүргізілуде. Мысалы, дүниежүзін таңғалдырған «жапон кереметіне» белгілі дәрежеде білім беру мен ғылым салаларына үкімет тарапынан айрықша қамқорлық көрсетілуі де себепші болған. 1983 жылдан бастап мұнда ғылыми-өндірістік бірлестіктердің аумақтық жүйесі қалыптаса бастады, қазір олардың саны шамамен 26-ға жетті. Жапонияда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысатын университеттер саны 400-ден асады. Соның нәтижесінде бұл елде «білім беру — ғылым — өндіріс» жүйесі жоғары дәрежеде қалыптасқан.

ҒТР заманында ғылыми-техникалық ақпаратты сатудың да маңызы артып отыр. Ғылым мен техника жаңалығы бірден тіркеліп, жаңалық иесіне патент беріледі. Дамыған елдерде өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыратын кез келген жаңалықтың патент берілген күннен бастап өндіріске енгізілуге дейін онша ұзақ мерзім өте қоймайды. Көбінесе өз елінде кеңінен қолданылып, тиімділігі белгілі болған жаңалық сыртқы нарыққа шығарылады.

Жоғары  дамыған елдердің сыртқы саудасында ғылымды көп қажет ететін өнімдердің үлесі жоғары. Ғылымды қажет ететін өнімдердің дүниежүзілік нарықтағы көлемі 2300 млрд долларды (2008 ж.) құрайды. Оның 39%-ы АҚШ, 30%-ы Жапония, 16%-ы Германияға тиесілі болады. Сонымен, мұндай өнімнің 90%-дан астамы жоғары дамыған және жетекші елдерде өндіріледі

Ғылыми-техникалық революцияға тән белгінің бірі—өндірістің техникалық базасының түбегейлі өзгеруі. Ғылыми білімдер мен жаңалықтар негізінде дамитын техника мен технологияда өндіріс тиімділігі және еңбек өнімділігін арттыру мақсаттары көзделеді. ҒТР жағдайында техника мен технология өндірістің мүлде жаңа салаларын қалыптастырумен қатар, дәстүрлі салалардың жабдықталуын жетілдіру арқылы экономиканың құрылымын күрделендіруде. Қазіргі заманғы өндірісті электрондық-есептеуіш техника мен роботтарсыз елестету мүмкін емес. Аса ірі автоматтандырылған жүйелермен қатар, дербес компьютерлер қолданылады. Қазіргі кезде АҚШ-та жұмыс істейтін әр 100 адамға 70 компьютерден келеді. Жыл сайын өнеркәсіптік роботтар саны өсуде, Жапонияда әрбір 10 мың жұмысшыға шаққанда 330 робот жұмыс істейді.
Алдыңғы қатарлы техника мен технология жетістіктері энергия өндірудің жаңа көздерін ашу мен пайдалануға, жаңа химиялық материалдардың пайда болуына, кванттық. техниканың қолданылу аясының кеңеюіне жол ашты. Салыстырмалы түрде қысқа уақыт аралығында электрондық (факс, модем, электрондық пошта) және ғарыштың байланыс құралдары өндіріс пен күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын болды.
Ғылым мен өндірістің ұштасуынан Батыс Еуропа елдерінде технологиялық парктер, ал Жапонияда технополистер деп аталатын ғылыми-өндірістік кешендер пайда болып дамуда. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі 300-ге жуық технопарктер тәжірибелік-өндірістік бағытта дамуда, олардың өндірістік қуаты шағын. Жапониядағы технополистер ең жаңа техника мен технологияны пайдаланатын қазіргі заманғы ірі өндіріс шоғырланған және экологиялық жағынан өте қолайлы қалалар болып табылады. Қазақстанда 4 технопарк жұмыс істейді.

ҒТР-дың шаруашылық құрылымына ықпалы

FTP күрделі жүйе ретінде төрт құрамдас бөліктен тұрады:

1) ғылым;

2) техника және технология;

3) өндіріс;

4) басқару.

FTPдүниежүзілік шаруашылықтың өсу  қарқынын жеделдете түсумен қатар,  оның құрылымына да елеулі  ықпал етті. XX ғасырдың ортасынан  бастап өндірістік емес саланың басымдылығымен сипатталатын постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Бұл шаруашылықтың жеке салаларының арасалмағын өзгертті, еңбек нарығындағы елеулі қайта құруларға алып келді. Постиндустриялық құрылымға алғаш енген ел АҚШ деуге болады. Мұнда 1955 жылы өндірістік емес салада жұмыс істейтіндер саны өндірістік салада еңбек ететіндер санынан асып түсті. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша, әсіресе дамыған елдерде ақыл-ой еңбегімен айналысатындар саны жыл сайын артуда. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қоғамдық өмірдің барлық саласына (экономикалық, әлеуметтік және саяси) кеңінен енгізу өндірістік емес салаға жататын ақпараттық экономиканың қалыптасуына алып келді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторларының біріне айналған ақпарат әлемдік нарықтағы айрықша тауар бола бастады. FTP жетістіктері ғаламшар ауқымында еркін ақпарат алмасуға (интернет және т.б.) мүмкіндік берді. Сонымен FTP және ақпараттық экономика ықпалымен дамыған және дамушы елдер экономикасы арасындағы алшақтық арта түсті.
FTP ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саласында да өзгерістер жүрді. Өндірістің салалық құрылымында өнеркәсіптің дәстүрлі ауыл шаруашылығынан басымдылығы байқалуда. Бұған ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану нәтижесінде ауыл шаруашылығының индустриялануы және жоғары тауарлы өндіріске айналуы, аграрлық-өнеркәсіптік кешендердің қалыптасуы себепші болуда. Өнеркәсіптің өз ішінде де жеке салалардың (машина жасау, химия өнеркәсібі және энергетика) басқаларына қарағанда жоғары қарқынмен дамып, құрылымдық жағынан күрделі өзгерістерге ұшырауы байқалуда. Ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығының үлесі артуда.
Жаңа техника мен технология өндірістің аумақтық құрылымына да барынша күшті ықпал етуде. Өндірістің орналасуында басты орын алып келген ресурстық фактор өзінің дәстүрлі маңызын жоғалтуда. FTP заманында шикізат қорына тапшы елдердің кейбіреуі қарқынды дамуда. Минералды шикізат пен отынның 9/10 бөлігін сырттан алатын Жапония жоғары дамыған елге айналды. Жеке елдерде өндірістің жаңа аудандарға «қоныс аударуы» (АҚШ-та Солтүстік-Шығыстан Калифорнияға) байқалуда.
Өндірісті автоматтандыру еңбек ресурстары жетіспейтін шалғай аудандарда ірі кәсіпорындарды орналастыруға, ал көлік саласында болған «техникалық революция» аумақтық алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде өндірістің кейбір салаларын орналастыруда оның ғылым орталықтарына алыс-жақындығы да әсер етеді. Өндірістің аумақтық орналасуының байырғы үлгісін (кәсіпорындардың ескі өнеркәсіп аудандарына шоғырлануы) шашыратып орналастыру бағыты алмастыра бастады. FTP жетістіктерін пайдалану шағын және орташа кәсіпорындардың ел аумағында мүмкіндігінше шашырап орналасуына, яғни олардың қоршаған ортаға кері әсерін неғұрлым азайтуға мүмкіндік береді. Өндірісті орналастыруда экологиялық фактордың маңызы артуда.
Сонымен, ғылыми-техникалық революция біртұтас жүйеге айналған қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын жан-жақты ықпал етеді. Соның нәтижесінде кейбір дәстүрлі салалардың дамуы бәсеңдеп, керісінше ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалардың маңызы, артуда.[

Қазақстан Республикасының  мәселелерінің бірі инновациялық технологияларының дәрежесі дамудың алғашқы сатыларында.Бірақ бұл мәселелер шешу жолы табылып, болашаққа үлкен серіппен өту үшін ғылыми-техниканы дамытуға арналған стратегиялық жоспарлар жасалған. Жалпы алғанда инновация дегеніміз – əкелетін ғылыми–техникалық, ұйымдастырушылық, қаржылық жəне коммерциялық іс–шаралар кешенін \

Шет елдік зерттеушілер Э.Дж.Долан, Я.Корани, П.Хейне, П.Ф.Друкер, Н.Г.Менкью, Г.Хоскинг, Й.Шумпетер, В.Леонтьев жəне т.б. өндірістік сферадағы кəсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін  экономикалық қатынастардың қазіргі  заманғы теориясын дамытты [22, 23-25, 43, 79].

Алайда бұл ғалымдардың  еңбектерінің басым бөлігі жалпы  ғылымдық сипатта жазылған немесе мəселенің  жеке тұстарын ғана шешуге арналған. Қазіргі  уақытта инновациялық өнімді тиімді жасап, ұтымды пайдалану қатынастарын сапалы түрде қарастырылмайынша  елдегі аса маңызды əлеуметтік–экономикалық  міндеттерді шешу мүмкін еместігін  түсіну енді жеткілікті емес. Ал бұл  өзіне тəн арнайы мамандырылған  қызмет субъектілері, инфрақұрылым институтттары, өзіндік нарықтық қатынастары бар  елдің барлық инновациялық потенциалының  дамуын талап етеді.

Индустриалды–инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен  өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне айналуы инновация  сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық үрдістерді мемлекеттік  реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс  қарауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының  индустриалды–инновациялық потенциалының  орнын, рөлін, қызметін ғылыми–тəжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық қызметттің сан қырлы мəселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана қоймайды, сондай–ақ дəстүрлі салалық талдауды жалпы ұлттық жəне аймақтық тұрғыдан толықтыра түседі Сонымен қатар  ҚР-ның 09.07.2001 №225-2 «Ғылым туралы» Заңының 1 бабында инновацияның келесі мамандандырылған субъектілеріне анықтама берілген:

Технопарк дегеніміз –  негізгі қызметі инновациялық жобаларды  іске асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып  табылатын біртұтас материалдық  – техникалық кешенге меншік құқығы бар заңды тұлға.

Технопарктер əлемдік  тəжірибеге сəйкес 3 түрге бөлінеді:

американдық;

жапондық;

аралас.

Технополис – бұл қаланың  немесе аймақтың өмірін қамтамасыз ететін технопарктер, инкубаторлар жəне құрылымдар кешені. Яғни, басқаша айтқанда, технополис жекелеген аймақ немесе қала негізінде  құрылған жəне сол аймақтың өмірлік  қызметін қамтамасыз ететін дамыған  инфрақұрылымы бар ғылыми өндірістік кешенді білдіреді.

ҚР-ның Индустриялық–инновациялық  стратегиясында мамандандырылған субъектілердің өзгеше тізімі  берілген:

ұлттық технологиялық  парктер;

аймақтық технологиялық  парктер;

технологиялық бизнес–инкубаторлар;

ғылыми қалашықтар.

Инновациялық инфрақұрылым 8 элементтен тұрады (сурет 1.1). Олардың

ең маңыздысы қаржы  инфрақұрылымы болып тыбылыды. Өз алдына қаржы

инфрақұрылымы келесі элементтерден  тұрады:

мемлекеттік даму институттары;

венчурлық қорлар;

кəсіпорындар;

жеке кəсіпкерлер;

екінші деңгейдегі банктер.

Дүние жүзінде жаһандану  үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге қабілетті экономиканы  қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық инновациялық жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық беріп  отыр. Өйткені ұлттық экономикасы  қалыптасқан және дамыған елдердің тәжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктеріне   инновациялық инфрақұрылымның оңды әсер еткенін  байқаймыз. Олардың әлемдік нарықтағы  үлесі де қомақты. Сондықтан да, дамыған  елдердің қатарына кіруге талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері  мен стратегиялық мақсаттарына сай  ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселе болып отыр.

Қaзipгi   кезде   қазақстандық  телекоммуникациялық  компаниялар   шетелдік және халықаралық  спутник  компанияларынан спутник ресурстарын  жалға aлyғa мәжбүр. Сондықтан елдің  күллі аумағында теледидар хабарларын тарату үшін жағдай жасауға, шалғай және аз қоныстанған аудандармен байланыс мүмкіндігін  жacayғa, байланыс арналарының  қуаттылғын  әртараптандыру мен  кеңейтуге кемектесетін ғарыштық байланыс әлеуетін пайдалану қажет.  2015 жылға  дейінгі кезеңде көлік жүйесін  елдің қажетіне сай келетін жағдайға келтіру жөнінде жұмыс жалғастырылуы  тиіc. Ол өзіне:

  • жаңа темір жол желілерінің құрылысын қоса aлғaндa, темір жол тораптарының конфигурациясын жетілдіруді, жылжымалы құрамның өндірісіне және жөндеуге арналған өнеркәсіп базасын дамытуды, темір жол тарифтік жүйесін жетілдіруді;
  • мұнай мен газды тасымалдайтын жаңа экспорттық құбыр жолдары жобаларымен жұмысты, жұмыс icтеп тұрған құбыр жүйесін кеңейтуді, пaйдaлaнyғa беру 2010 жылдан кейінгі кезеңге жоспарланған жаңа магистральдық экспорттық  мұнай жолдарын тартуды;
  • автожолдар  желісін салу, кеңейту және қайта жаңарту;

1.2 Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК)

ҒТК мақсаты  – профессор-оқытушылар құрамы ғылыми  қызметінің белсенділігін арттыру, университеттің ғылыми саясатын тиімді жүргізу, университеттің ғылыми жетістіктерін жариялау. 

Міндеттері

Университеттің ғылыми-педагогикалық кадрларын ғылыми өнімді жасап дайындауға және ғылыми зерттеулер нәтижесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысуын қамтамасыз ету;

Университеттің ғылыми-педагогикалық және ғылыми әлеуетін дамыту мен сақтау;

Іргелі ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми сараптама жүргізу;

Іргелі ғылыми зерттеулер саласында түрлі ғылыми-зерттеу ұйымдарымен байланыс;

Университет негізінде  «ғылыми мектептерді» дамытуға  жағдай жасау;

Университет ғалымдарының аяқталған инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және іріктеу;

Ғылымды тиімді дамыту секторында университеттің біртұтас ғылыми саясатын жүргізу;

Инновациялық қызметтің дамуын күшейту;

Экономика ғылымының даму бағыттарындағы біріккен зерттеулерді ұйымдастыру бойынша халықаралық байланысты дамыту;

ҚОХУ-дың Қазақстанның жетекші ғылыми орталықтарымен, алыс, жақын шетелдермен, оның ішінде халықаралық бағдарламалар мен жобалар аясында тиімді әріптестік байланысын нығайту.  

ҒТК қызметі:

– ЖОО-ның тақырыптық жоспарын, ғылыми бағыттарын талқылау және бекіту;

– ҒЗТКЖ (НИОКР), БҒЗЖ (СНИП), инновациялық жобалар бойынша сараптама жүргізу;

– Академиялық кафедралардың ҒЗЖ-ның, шаруашылық келісімшарттары мен бастамашыл ҒЗЖ-ның орындалу нәтижелерін бағалау;

– Ғылыми конференциялар, форумдар, семинарлар мен басқа да  ғылыми іс-шаралардың тақырыптарын анықтау және бекіту;

– Кафедралар, ғылыми құрылымдық бөлімшелер (ҒЗИ, Академиялық  кафедралар, ғылыми-зерттеу лабораториялары) және ЖОО-ның бағыттары (СҒБ, СҒҚ) бойынша ҒЗЖ мониторингін жүзеге асыру.

– Ғылыми монографиялар, оқу құралдары, ғылыми мақалаларға сараптама жүргізу;

– Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды, қаржы институттарын, бизнес-құрылымдық, коммерциялық ұйымдарды,  сондай-ақ ҚР мен шетелдің жетекші ғалымдарын біріккен ғылыми зерттеулер жүргізуге тарту;

– Ғылыми жетекшінің жұмысын, олардың  ғылымды дамытудағы  жеке еңбектерін бағалау өлшемін жасау;

– Кафедраның ғылыми қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар мен нұсқауларды жасап шығару.

2.Ғылыми-техникалық және инновациялық саясат

Иновациялық катынастардың жалпы жүйесінде  қызметтің түпкі нәтижелері өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі жоғары технологиялы өнім көлемі – елдін экономикялық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл беріледі.

Дамыған индустриялы елдерле технологиялардан, кұрал-жабдықтардан, кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінен 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды енгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жаксартудың негізгі кұралы болып отыр.

Қазіргі уақытта ғылымды көп кажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп кажетсінетін жаңа технологияларды және акпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру республиканың өнеркәсіп пен ғылыми–техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету. Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеті болып табылады.

Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталуы керек. Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-ды құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.

Шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуы тежелуінің негізгі себебі шағын кәсіпорынның әдетте, ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті өнімдер шығара алмауында болып отыр. Шағын кәсіпкерлікті ірі кәсіпорындармен біріктіру (коперациялау) мақсатында табиғи монополия субъектілерінің негізхгі қызметіне қатыссыз қызметтер көрсету жөніндегі функцияларын шағын бизнес субъектілерінің бәсекелестік ортасына беру тетігін әзірлеу қажет. Бұдан өзге, шағын бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсінетін өндірістерді, оның ішінде лизинг бойынша құрал-жабдықтар мен технологияларды сатып алу, және шағын және ірі бизнестің франчайзингтік қатынастырының кең таралуы есебінен дамыту үшін жағдай жасау керек.

Қазақстандық өндірушілерге ғылыми әдістемелерді рыноктік тауар деңгейіне жеткізу тәжірибесі жетіпсейді, менеджмент, маректинг және талдау саласындағы жоғарғы білікті мамандар жеткіліксіз. Осыған байласты қазақстандық мамандарды жетекші шетелдік ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларына тағылымдарға жіберу және отандық кадрлар даярлау үшін республикаға жоғары біліктішетел мамандарын тарту тәжірибеге енгізілетін болады.

Қазақстандағы ғылымның қазіргі таңдағы жағдайы аяқталған ғылыми әзірлемелер мен қажетсіз өндірістер санының көптігімен сипатталады. Бұл айтарлықтай үлкен әулет және оны пайдалану инновациялық қызметті дамытудың негізгі міндеттерінің бірі болуы тиіс. Зияткерлік меншікті пайдалану мен құқықтарын қорғау инновациялық қызметті дамытудың маңызды факторы болып табылады. Құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен ғылыми-техникалық зерттеулерді дамытуды, оларды өнеркәсіпте іске асыруды, бәсекеге қабілетті жаңа тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі мен тұтынуды қамтамасыз ете алады.

Инновациялық дамудың базалық үлгісі негізінде ішкі және сыртқы инновация көздерінің арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсіру стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке зерттеулерге негізделген өзіндік технологияларын белсенді жетілдіретін алдыңғы қатардағы елдерге тән. Технологиялардың трансферті стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке әзірлемелері жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулі елдерде де іске асырылады.

Сонымен, ғылыми-техникалық және қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:

  • Мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлік капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;
  • Инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандарымен әдістерін әзірлеу;
  • Инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік сипаттағы маманданған субъектілерін құру енетін инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру.

Инновациялық сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау;

  • Өнеркісіптің базалық салаларында жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру
  • Технологиялардың өркенитетті нарығы үшін жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгілерін қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының тренсфертін ынталандыру
  • Отандық кәсіпорындардың үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес сапа стандартына өтуін жандандыру
  • Халықаралық донор ұйымдардың, мүдделі қаржы – несие және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту болып табылуы тиіс. 

2.1 XX ғ. 70-90 жж Батыс Еуропадағы бизнес мұрағаттардың дамуы 

Мұрағаттану саласындағы бизнес мұрағат немесе экономикалық мұрағаттар туралы  зерттеу жүргізген ғалымдар И.В. Карапетянц пен Н.В. Брожтовская өз еңбектерінде  XX ғ. 70-90 жж. Батыс Еуропадағы  бизнес мұрағаттардың дамуының жаңа сатысына жан-жақты талдау жүргізеді. Шетел экономикалық мұрағаттарын зерттеуде И.В. Караптеянц 1970 жылдардағы қаржы-шаруашылық және өндірістік технология салаларындағы  құжаттардың әртүрлігімен ерекшеленеді деп атап көрсетті. Сонымен бірге бұл кезеңде қоғамдағы өзгерістер экономикалық мұрағат құжаттарын мемлекеттік ұйымдар мен жеке кәсіпорындардың да  ғылыми қолданбалы мақсатта да қолдануымен ерекшеленеді. Себебі жеке кәсіпорын мұрағаттары құжаттары толықтығымен, обьективтігі мен шынайылығы ол құжаттардың құндылығын арттыра туседі. Ғылымға сүйенген экономиканың дамуына байланысты арнайы компаниялардың зерттеулері негізінде, кәсіпорындарда жаңа инновациялық технологиялардың көптеп енгізіле бастады. Жаңа технолгиялардың енгізілуі компаниялар мен фирмалардың жетекші ірі алпауыт компанияға айналуына алып келді. Нәтижесінде өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру, прогресшіл техника мен технологияны енгізу, түрлі ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен түсімді арттыру және т.б. Мұрағаттанушылар үшін экономика саласына ҒТР әсерінен, бизнес мұрағат қорының оптималды ауқымының сақталуы — үлкен ғылыми маңызы бар мәселе болды. Сондықтан да сақтауға қалдырылатын құжаттардың санын қысқарту жолдарын іздестіру, бірақ ғылым мен мемлекеттің елдің саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салалары туралық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілу зиян шекпеуге тиіс болды. Ғылыми техникалық мұрағат құжаттары халық шаруашылығы, ғылым мен техника саласындағы аса құнды және жаңа жетістіктерін көрсететін ғылыми техникалық  құжаттамаларды сақтау, есепке алу және пайдалануды қамтамасыз етуді орталықтандыру жұмыстарын атқара бастады. Ғылыми техникалық прогрестің қарқынды өсуі мен дамуы, жобалау ұйымдарының конструкторлық сызбалары мен ғылыми зерттеу институттарының бірегей компьютерлік бағдарламалары, жұмыстарды санды орындаудың жаңа жұмыс әдістеріне көшуін есепке ала отырып жаңа технологиялар енгізу бойынша жұмыстар атқарып отырған. Сонымен ХХ ғасырдың соңында компьютерлік технологиялар адам шығармашылығның барлық салаларына және мұрағат мекемелеріне ене бастады. Мұрағат  саласына ақпараттық технологиялардың енгізілуі, құжаттық ақпаратқа қол жеткізу, мұрағаттық ақпарат секілді байлыққа ғылыми анализ жасау және  жаңа мұрағаттық эвристиканы қалыптастыруға қол жеткізеді. CD және DVD секілді тасымалдаушыларда құжаттарды және анықтамаларды жариялай білу және әлемдік киберортаға мұрағаттық ақпарат деректерін интеграциялауға өз әсерін тигізеді.

Біз мұрағат ісін ақпараттандыруды 4 кезеңдерге бөлеміз:

  1. ХІХ ғасырдың соңы – 1950 жылдар;
  2. 1950 жылдың бірінші ширегі – 1970 жылдың бірінші ширегі;
  3. 1970 жылдың екінші ширегі – 1980 жылдың бірінші ширегі;
  4. 1980 жылдың екінші ширегі – қазіргі таңға дейін.

Мұрағат ісін автоматизациялау және механизациялау  электронды есептегіш машиналар, ақпаратты тасымалдаушылар тарихымен тығыз байланысты. Жоғарыда аталған кезеңдердің өзіндік ерекшеліктері бар. Оларға нақты тоқталатын болсақ;

Бірінші кезең – мұрағат ісін механизациялау негізінен ведомствалық мұрағаттарда іс жүзіне асты. «Кіші механизация» құралдары сирек болғанымен көбіне матрикалық ақпарат тасымалдаушылармен (перфокарта, перфолента және кодекс) шектелді, сондай–ақ халық санағында, өндірісте жобалау мен есептеуде белгілі талаптарды шешуде есептеу–перфокарталық құралдар қолданыста табылды.

Екінші кезең – бұнда мұрағат ісін ақпарттандыру мұрағаттарда қолданылатын техника мен бағдарламанаң дамуымен ғана емес, сонымен бірге информатиканың дамуымен оның тарих ғылымына соның ішінде мұрағаттану саласына тигізген әсерімен ерекшеленді.

Үшінші кезең – болса жергілікті және мұрағат аралық ақпараттандырылған іздестіру жүйелері (АІЖ) пайда болуымен және тәжірибесімен анықталады. Аталмыш кезең негізінен  ақпараттандырылған іздестіру жүйелерінің қолданылуы ақпаратты тасымалдаушылардың (микропленкалар, магнитті ленталар, дискілер), техниканың алмасуымен сипатталады. Осы кезеңде алғаш рет машинада оқылатын құжаттардың сақталу мәселесі көтеріле бастады.

Төртінші кезең-  мұрағат саласындағы компьютеризациялау жұмыстары жүргізіле бастады.  Енді экономикалық мұрағаттарда да құнды  құжаттарды сақтау жұмыстары барысында микрофильмдеу жүргізіле бастады.

1973 жылдан бастап Батыс Еуропа елдерінде  экономика саласындағы ынтымақтастық ЕЭҚ аясындағы Ұлттық шаруашылық жүйесіндегі тәжірбие алмасуда экономикалық мұрағат құжаттарының құндылығы арттыра түсті. XX ғ. 70-90жж. Әлемдік нарықта Батыс еуропалық  компаниялардың іріленіп  енді трансұлттық компанияларға айнала бастауы, бизнес құжаттарын бір  орталыққа топтастыру үшін компаниялардың бас ғимараты жанынан бизнес мұрағаттар құрыла бастады.  Себебі : басқа елдердегі компаниялардың өкілдіктерінің құжаттары маңыздылығына қарай осы орталыққа жинақталған.

Батыс Еуропалық мемлекеттер Экономикалық мұрағаттар қызметін ұйымдастыруға байланысты халықаралық ынтымақтастықта ортақ Халықаралық Стандартар мен құжаттарды сақтауды бірізділікке салуда заңдар қабылдады. Мысалы Іскерлік құжаттарды рәсімдеуге байланысты ИСО 9000 стандартының қабылдануы Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы келісім шарттарға сәйкес, сауда және баға тарифтеріне байланысты ұлттық заңдардың және ережелердің негізінде жасалатын құжаттар осы стандарттармен рәсімделетін болды. Сондықтанда экономикалық мұрағаттардағы құжаттарды топтастыру, сақтау және жариялау жұмыстары осы халықаралық стандарттармен реттеліп отырған.

ИСО 5966-82 Халықаралық стандартты ғылыми зерттеу жұмыстарының  қорытынды есептерін рәсімдегенде, ғылыми-техникалық жұмыстарының есептік көрсетікішін осы стандарттың ережелеріне сәйкес рәсімдеуге тиіс. XX ғ.  соңғы ширегіндегі мұрағат саласындағы халықаралық бағдарламалардың ықпалымен экономикалық мұрағаттардың да қызметінде өзгерістерге ұшыратты. Экономикалық мұрағаттар Халықаралық Мұрағат Ұйымы аясында «Халықаралық Ұйым мұрағаттарының анықтамалығы». Бұл анықтамалықты жасау жұмыстары ХМҰ мамандарының қатысуымен 1971 жылы Бонн қаласында басталды. Анықтамалықта  БҰҰ жанынан құрылған 48- экономикалық және  ғылыми- техникалық зерттеу институттарының құжаттарының мәліметтері енгізілген.  Мысалы:  Сауда және даму ұйымы (CNUCED), Халықаралық Еңбек Ұйымы (BIT), Интеллектуалдық меншіктің бүкіләлемдік ұйымы (OMPI), Телекоммуникаций саласындағы  Халықаралық Ұйымы (UIT) құжаттары туралы мәлімет береді. Бұл анықтамалық жасау жұмысы 10-жыл бойы жасалып 1984 ж.жарияланды. 1979 жылы Батыс Еуропа мен АҚШ елдерінің ЮНЕСКО аясында Мұрағаттану және құжаттану саласында ықпалдастықтар нәтижесінде ұзақ мерзімді бағдарлама (RAMP) қабылданды. Бұл бағдарлама аясында кәсіпорын мұрағаттарын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші болып табылатын тарихи деректерді  қалыптастыруға, сақтауға байланысты мемлекеттік қолдаулар жасалды. 1976 жылы Вашингтонда өткен  VIII Халықаралық Мұрағатшылар конгрессінде Дат мұрағаттшылары Экономикалық мұрағат құжаттарын құндылығын сараптау жұмыстарына байланысты өз жобаларын ұсынды.  1983 ж. RAMP бағдарламасы аясында Мұрағат қоры құжаттары мен істерін ұйымдастыру сияқты, кәсіпорын мұрағаттары құжаттарын топтастыру үшін ұсынымдар дайындалды.«Методологические директивы в области составления путеводителей по национальным архивам».

Сонымен бірге кәсіби мұрағатшы мамандарды дайындау ісіде ХМҰ өзекті тақырыптарының бірі болды. Бұл мәселе туралы алғашқы пікір білдіріп Ф.Б. Эванс «Американский архивист» журналына «мұрағатшы ма әлде құжаттарды басқарушы ма» деген мақала жариялады.  Мамандарды дайындау мәселесі ХМҰ конференцияларында 1970 ж.  Иерусалимде (Израиль), 1983 ж.  Братиславте (ЧССР), 1984 жылы ХМК де  Боннда өткен (ФРГ)және 1992 ж.  Монреалда (Канада), 1994жылы ХМҰ конференциясында Ставанжерде (Норвегия) талқыланып Монреаль конгрессе швед  архивисті Г. Рабчик ұтымды пікір білдіріп нүкте қойғандай болды. Оның пікірінше

Кәсіпорын мұрағат маманы болу үшін, тек мұрағатшы білімімен бірге жанжақты кәсіби  әмбебап маман болу керек  деген пікірі көпшіліктің қолдауымен бекітілді.

1970—1995 жж Германияның Экономикалық мұрағаттарының мамандары теориялық, методикалық-іс тәжірбиелік жұмыстардың  дамуын жақсарту мақсатында жобалар жасады.  Себебі Нарықтық қатынастарға өтуде ретроспективтік құжаттарды зерттеп қоғамды дамыту мақсатында жоспарлар жасауға ықпал етеді деп қызығушылық таныта бастады.   Екінші экономикалық мұрағаттардың құжаттары тек мемлекеттік мұрағаттың ақпараттық маңыздылығы мен емес ол құжаттарды ұлттық құндылық деп танылуы мақсатында.

1970  жылдан бастап, Германия тарихнамашылары ортасында елдің  индустриалды және постиндустриалды қоғамын, статистикалық есептермен әлеуметтік экономикалық және қаржы саясатының құжаттарын қолдана отырып зерттеу жүргізе бастады.  Белгілі тарихшы-экономисттер В. Абельшаузер, X. Кейзеветтер, Г. Ашауэр   өз зерттеулерінде аумақтық фирма мұрағаттары мен салалық орталықтардың құжаттарын деректік қорын пайдаланды.

2.2 XX ғ. басындағы Бельгия мен Нидерландия бизнес мұрағаттардың қалыптасуы

ХХғасырдың бас кезінде  экономикалық саяси мәселелер негізінде мұрағаттар қалыптастыру, мекемелер ашу ісі қарқынды жүре бастады. 1910ж мұрағатшылар мен кітапханашылар ассосациясының басшыларының жиналыс нәтижесінде Бельгияның Брюссель қаласында мұрағатшылар кеңесі өтті. Яғни, кеңесте мұрағат құжаттарын сақтандыру, пайдалануға беру, мұрағатқа өткізуге байланысты мәселелер қарастырылды. Кеңес нәтижесінде мұрағат құжаттары негізінде өндірістік шикізаттар көрмесін өткізу қарастырылды.

Құжаттарды сақтауға байланысты өткен конгрессте Тулуз қаласынан келген М.Паскье «жекеменшік мұрағаттар» ұғымына түсініктеме берді. М.Паскье көтерген проблемалардың негізі үлкен жекеменшік мұрағатын құру. Аталған сұраққа жауап ретінде тізімнен тыс немістің мұрағатшысы М.Шванн жауап қайтарды.

М.Шванн айтты «біз саудадан бекерден үміт күтеміз», біздің уақытымыз нақты болуы тиіс. Конгрессте белгілі бір мәселелер, программалар және жобалар қарастырылмаса да, экономикалық мұрағаттарда орталық мекемелердің мұрағат құжаттарының біріктірілуі, сақталуын қамтамасыз ету.

Голландияда 1ші дүниежүзілік соғыстан кейін мұрағат ісі 1918жылы 17-маусымдағы және 1919жылы 6-қыркүйекте қабылданған заңнамалар негізінде жүзеге асты. мемлекеттік мұрағаттарды басқару білім министрлігіне берілді. Алайда мемлекеттік қарауында Гаагадағы мемлекеттік мұрағат және 2-ші провинциялық мұрағаттар қалып, мемлекеттік мұрағатшының қоғамдағы рольі кішкене көтерілді.

Мемлекет басшылығы сонымен қатар мұрағат инспекторлары тарапынан қадағалауды күшейтті. Соның ішінде «су округінің» мұрағаттары гидротехникалық шаруашылық құру тарихын сауда жолдарының құру сызбаларының тарихы сақталды.

Мемлекеттік мұрағттардан басқа мемлекеттерде тарихи мұрағаттар, тарихи әскери мұрағаттар және Нидерланды тарихи экономикалық мұрағаты жұмыс жасады.

Нидерланды тарихи экономикалық тарихи мұрағаты 1914жылы тарихи экономикалық қауымдастық құрды. Бұл мұрағатта Голландияның экономикалық тарихына қатысты қолжазба және терілген құжаттары және кейбір басқа мемлекеттің жеке кәсіпкерліктері коорпорациялар мен биржалар тағы басқа мәліметтер сақталды.

1902жылы Маркстік идеяларды жақтаушы Голланд тарихшысы Х.Голанд-Холст Нидерландтық 1780-1900жж әлеуметтік-экономикалық тарихына байланысты алғашқы зерттеуін ұсынды. Экономикалық тарих Голландияда ғылыми пән ретінде ХХ ғасырдың басында дами бастады.

1904жылы Амстердам универсиетінің профессоры Х.Бругман «Экономикалық тарихтың мағынасы» атты лекциясын оқып, экономикалық тарих ұғымына түсінік қана бермей, оның басқа ғылымдармен байланысында атап өтті.

1904-1910ж аралығында осы тақырыпта диссертациялар қорғала бастады. Олардың ішінде В.Ван-Равенштейн(1906), Н.В.Постерлус(1908) Постерлустың бастамасымен 1914ж Нидерланды тарихи-экономикалық мұрағаты құрылды. Постерлус өзінің академиялық карьерасын экономикалық тарих бойынша неміс мектептерінің үлгісін алды, әсіресе (К.Маркс), капитализм теориясын негіздеуші К.Маркстен үлгі алды.

Постерлус 1913ж Реттердам Университетінде Голландиядағы алғашқы экономикалық-тарих кафедрасының меңгерушісі болды. Экономикалық ғылымдағы электрикалық және теориялық зерттеулердің негізі тарихи деректер болып табылатының түсінген ол, тарихшыларға, бизнесмендерге, мұрағатшыларға мемлекетте экономикалық мұрағат құру идеясын ұсынды. Мұрағатта мемлекеттік қауымдастықтардың жеке компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, акционерлік құжаттары сақталуы тиіс болатын. Ұсынысты қолдап, 2 жылда жобасы құрылып, қаржыландыру көздері табылды.

2.3 XX ғ. басындағы Швецариядағы экономикалық мұрағаттардың қалыптасуы 

Германиядан кейін, 1910 жылы Швейцарияда Экономикалық мұрағат – Базельде, коммерциялық және индустриалды мұрағат  – Цюрихе қаласында құрылды. Олардың дәрежесі Кельонск мұрағатымен тең дәрежеде деуге болады, себебі олар аймақтық құжаттамаларды зертеумен айналысты. Десе де, олар Базельдік мұрағат дәрежесінен төмен болды. Себебі Базелбдік мұрағаттың негізі Швейцария тарихының жалпыұлттық экономикалық мәселелері болды. Швейцарияда орталықтандырылған экономикалық мұрағат жүйесін құру – тарихи деректердің сақталуын жеке бөлім ретінде қарастыру, экономикалық ведомствалық орталықтарды құру болды. Базельдік мұрағат тек қана Швейцария мекемесі ғана емес, сонымен қатар шаруашылық құжаттарымен индустриалды құжаттарды келешек ұрпаққа қалдыруды көздеді.

Экономикалық мұрағаттардың толықтыру көздері мемлекет сауда-саттық палаталары, коммерциялық банктер сауда компаниялары, өндірістік мекемелер, акционерлік қоғамдар жаңа мемлекеттік мұрағаттың толықтыру көзі болып саналды.

1910 жылы 7-ші Желтоқсанда аталған жобаға мемлекет тарапынан 2000 Швейцарлық франк бөлінді. Экономикалық мұрағат үшін 9500кв м құрайтын Базелдік мұрағат аз уақыт ішінде әртүрлі қолжазбалар мен олардың тарихи құндылығын зерттеу негізінде экономикалық мұрағат дәрежесін арттырды.

Мұрағат құрамына:

  • Мемлекеттік іс шаралар түсіндірмесі,
  • Акционерлер жиналысының хаттамалары,
  • Регламенттер,
  • Есеп беру құжаттары,
  • Бухгалтерлік кітаптар,
  • Есептер,
  • Сызбалар,
  • Жобалар,
  • Мекемелердің хаттары және т.б. Щвейцария құжаттары сақталды.

Аталған құжаттар 18-20ғасыр аралығындағы құжаттар негізіне арналды. Мұрағатта құжаттар әр түрлі топтарға, салаларға байланысты бөлінді. Мұрағатқа келіп түскен архив ұжаттары ең алдымен кіріс кітапшасына белгіленуі тиіс. Кіріс номері арқылы архивке келіп түскен құжаттарды табы және пайдалануға ыңғайлы жүйе деп көрсеткен. Кіріс кітапшалары архивтік заңдар мен талаптарға сай жүргізіліп отырды, сонымен қатар мұрағатқа келіп түскен әр құжатқа жеке номер берілді және сол номер негізінде құжат архив мұрағатына тапсырылады.  Келіп түскен құжатқа тіркеу номерінен басқа белгі яғни ол құжаттың келіп түскен уақыты, күні белгіленуі тиіс.

Мұрағаттың ыңғайлы әрі қолайлы жүйесіне қараамастан жекеменшік фирмалар өз құжаттарын мұрағаттық қорларға тапсыруға қарсы болды. Осыған қарамастан Базель мұрағаты жеке қорлар, құпия қорлар деп саналатын қор жүйелерін артырды. Базельдік мұрағат қорында 12000мұрағат қорлары мен құжаттары, тарихи деректер пайдаланушыларға қол жетімді болды.

Базельдік мұрағат қорының құрамына:

  • Щвейцарлық фирмалар құжаты;
  • Білім жүйесінің құжаттары;
  • Коммерциялық құжаттар;
  • Сауда-саттық құжаттары,
  • Кітап журналдар, экономика саласына байланысты мерзімді басылымдар;
  • Жарнамалық плакаттар және т.б.

Аталған қорлар бойынша мұрағат құжаттары қор болып толықтырылды. Базельдік мұрағаттығ пайда болуымен әр түрлі методикалық, ғылыми-зерттеулер негізінде проблемалар пайда бола бастады. 

2.4 АҚШ бизнес мұрағаты 

АҚШ-та іскерлік тарих қалыптасу негізгі басты зерттеу тақырыбына айналды. Бизнес мұрағат ғылыми пән ретінде қалыптасуына Гарвард университетінің экономикалық тарих жөнінде зерттеуші ғылымдарының бастамасымен қалыптасты.

1920жылы ең алғаш бизнес тарихтың профессоры атанған Э.Расс іскерлік тарихсыз архив болмас еді деген ұранмен кәсіпкерлік тарихының құжат деректерін жинастыра бастады. Бұл ғалымдар іскерлік тарихында жаңа бағыт болып табылатын Американдық теориялық методологиялық негізін қалыптастыру мен бірге әлемдік мұрағат саласында бизнес мұрағт қалыптаса бастады. Бизнес мұрағаттар бағдарламасын жасады. Бизнес мұрағаттарда құжаттар қалыптасу, сипаттау тізімдеме жасау істерін ғылыми негізін жасаған.

1929ж  әлемдік дағдарыстан кейін кәсіпорындар, фирмалар құжаттарын Гарвард университеті кітапханасы осы құжат топтастырудың негізгі ортасы болып қалыптасты.

1925-1935жж 1400аса мұрағаттар коллекциялар тапсырылды. Аталған кітапхана Гарвард университетіндегі іскерлік ең үлкен мұрағат құжат сақтайтын орталық болып саналды.

1932ж Америкалық кәсіпкерлер тарихының тұңгыш қолжазбалар коллекциясысының тізімін жасады. Бұл жерде топтастырылған материалдар жүйелі түрде болды.

Бизнес мұрағат ғылыми прпктикалық жұмыстары жөнінде нақты база қалыптасты. Бизнес мұрағаттың дамуына 1938ж Америкалық мұрағат қоғамының ықпалы болды. Қоғам қызметі бизнес мұрағаттың құжаттарын ұлттық құндылық деп сақтауға және оларға методикалық әдістемелер жүйесін жасап шығарып құру болды.

1938ж архив саласының маманы О.Б.Хосмос, іскерлік тарихы қалыптасуы мен дамуын білмеген. Б.Хосмос бизнес мұрағатының қалыптасуына бизнес мұрағатта айналуынан біледі. 1938ж іскерлік құжаттарды жасаушылардың методикалық орталығы болып табылады.

Бизнес мұрағат жөнінде ең алғашқы оқулық шығару Колумбс қаласындағы Эхерлин шығарған. Сонымен бірге АҚШ ұлттық мұрағаты топтастыра бастаған. Себебі басқарудың экономикалық құжаттары болып табылады. Экономикалық тарихтың қаржы жүйесінің құжаттары 1929-1933жж әлемдік дағдарыстан шығу жолын табуға ықпал етті.

Қорытынды

Ғылыми техникалық мұрағаттарды қазіргі нарықтық заманғы лайықты пайдалану көзі болып бизнес болып табылатын секілді. Себебі бизнестің маңызды бөлігін ғылым мен техника қалыптастырады. Сондықтан ғылым мен техникақұжаттарын сақтау бизнеске бір көмек болғалы тұр. Ғылыми техникалық құжаттарды ашық қолданысқа берсек еліміздегі бизнес бастаулар көбейетіні анық. Сондықтан мұрағатты дамытуды одан әрі жалғастыру жөн секілді.

You May Also Like

Пайдаланушы интерфейстің құрылымы мен жіктелуі

Пайдаланушы интерфейсінің дизайнында шартты түрде декоративті және белсенді құраушыларға бөлуге болады. Декоративті…

Қалдықсыз өндіріс – экологиялық мәселелердің шешудің бір жолы

Қалдықсыз өндіріс Қалдықсыз өндіріс — өндіріс барысында табиғатқа зиянды қалдықтар шығарылмайтын процесс.…

Коммерциялық банктің несиелік саясаты

Коммерциялық банктің несиелік саясаты. Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске…

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім мекемесін басқару жүйесі. слайд