Пайдаланушы интерфейсінің дизайнында шартты түрде декоративті және белсенді құраушыларға бөлуге болады. Декоративті құраушыға  программалық өнімнің эстетикалақ тарамдылығына жауапты элементтер жатады. Белсенді элементтер есептеу модельдерінің операциялық және ақпараттық бейнелері мен пайдаланушы программамен басқаратын пайдаланушы интерфейсінің басқару құралдарына бөлінеді. Программалық өнімнің әртүрлі кластарының басқару құралдарының шамалы өзгешеліктері болуы мүмкін. Сондықтан интерфейстерді және оларды басқару құралдарын алдын ала жіктеуіміз қажет.

Бірінші деңгейде мұндай жіктеу адам-машина өзара әрекеттесуінің базалық техникалық құралдарын пайдалануымен байланысты шыққан интерфейс кластарын бөліп алуға пайдалы болады. Осындай құралдардың тарихи пайда болуы пайдаланушы интерфейстерінің жаңа кластарын туындауына әкеледі.  Интерфейс кластары өте кең ұғым болып табылады. Базалық интербелсенді құралдармен берілген кластардың ішкі кластарға бөлінуі ойға қонымды, мысалы графикалық кластарды алып қарастырсақ , оларды екі өлшемді және үш қлшемді интерфейс ішкі кластарына бөлуге болады.  Осындай жіктеу бойынша кең таралған   WIMP (ағылшынша Windows-Icons-Menus-Pointing device –іске қосылған интербелсенді элементтерді көрсететін- терезе, пиктограммалар, мәзір және пазициялаушы құрылғылар) интерфейсі екі өлшемді ішкі класқа жатады. Бүгінгі таңда SILК (сөйлеу, бұл түрі қарым-қатынас қалыпты, адам нысанда жақын интерфейс. Ішінде Бұл интерфейс тұрақты «әңгіме» Адам және компьютер болып табылады. Бұл ретте Компьютер оған адам сөз табу жəне талдау команданы табады негізгі сөйлемдерді. мағыналы ішіне, сондай-ақ түрлендіреді командалардың шығару адам нысаны. Аппараттық ресурстарды интерфейстің бұл түрі ең талапшыл компьютер, сондықтан әскери мақсатта қолданылады.), биометрикалық (миммикалық) және семантикалық (қоғамдық) сияқты интерфейстің жаңа кластары жақсы дамуда.

Қазіргі кезде пайдаланушы интерфейсін ұймдастырудың екі түрлі тәсілі қалыптасқан. Бірнішіс тарихи ерте кезде қалыптасқан пайдаланушыға жеке командалар түрінде безендірілген программа жүктелетін командалық тілді беретін тәсілден тұрады. Бұл тәсіл командалық жолдар интерфейсі(CLI- Command Line Interface) деп аталады.

Балама тәсіл пайдаланушыға тінтуірдің немесе басқа да координаталық енгізу құрылғысынң көмегімен әрекеттерді таңдауға мүмкіндік беретін экрандағы – икон кескіндері түріндегі символдық бейнелерден тұрады. Бұл тәсіл пайдаланушының графикалық тәсілі (GUI).

CLI артықшылықтары.

Сәтті жобаланған командалық тілдер өғдеудің жоғары жылдамдығын, жүйе ресрстарын тиімді және үнемді қолдануды қамтамасыз етеді. GUI-мен салыстырғанда олардың алгоритмдік толықтылығы командалық тілдердің маңызды артықшылығы болып табылады.

Файлдардың католагтардың және басқа да объектілердің ұзын атаулар жиынтығы атауларды автоматты кеңйтумен жеңілдетіледі. Бұл құрал файл атауының бастапқы бірнеше символын теру арқылы атты толығымен кеңейтіп немесе осындай файл атпен басталатын барлық файлдар тізімін алуға болады.

GUI артықшылықтары.

Командалық тілдер үйренуге көп уақыты жұмсауды және күшті талап етеді. Үйрену кезінде интеллектуалды күшті ғана талап етіп қоймай, эмоциялық күшті де керек етеді. Графикалық интерфейс жаңа пайдаланушыға тез арада қол жетімді мүмкіндіктерді байқауға және қалағаны таңдауға септігін тигізеді. Графикалық интерфейс нақты анықталмаған немесе алгоритмі дұрыс құрылмайтын проблеммаларға қолайлы. GUI-ге бағытталған  Macintosh компютерлерін негізінен суретшілер, дизайнерлер және басқа да шығармашылық мамандықтағы адамдар көптеп қолданады.

WIMP интерфейстерінің кемшіліктері.

  • Пайдаланушылар көптеген уақыттарын қосымшамен жұмыс жасаға емес, қайта сол интерфейсті үйренуге жұмсайды.
  • WIMP- GUI интерфейстерінде мәтнідік өңдеу, құжаттарды, электорндық кестелерді жинақтау сияқты екі өлшемді қосымшалармен жұмыс істеу үшін оларды 2D интерфейсті элементтермен  жобалайды.
  • Жалғыз басты пайдаланушыларға арналған.
  • Барлық пайдаланушылар пернетақта мен тінтуірді тиімді пайдалану қабілетіне ие бола бермейді, себебі бұл құрылғылар пайдаланушы мәселелерінің аясында күнделікті пайдаланылмайды немес физиологиялық қолайсыздықтар әсерінен пайдаланушылар жалыға бастайды. Олар сөйлеу, есту және жанасу сияқты өзара әрекеттесу каналдарын пайдаланбауы WIMP интерфейстерінің кемшілігі болып табылады.

Интерфейстерді құрудың жалпы принциптері мен талаптары.

Интерфейсті құрушы өз білімдерін пайдаланушылар жұмысына жағдай жасауға қолдана білуі керек. Ол оның талаптарын қолданбалы міндеттеріне сай қанағаттандырып қана емес, пайдаланушының физикалық және психологиялық сұранысына сай интерфейс жасап шығуы қажет. Адамның психикасының бейімделу мүмкіндігін ескеру керек. Адамдар тез үйренеді, соған карай олардың психологиялық сұраныстары және жұмыс тәсілдері өзгеріп отырады. Компьютер ойындарын жасаушылар көп күштерін адам мен компьютер арасындағы интерфейсті жобалауға жұмсайды, мысалы компьютер ойынының өзі – интерфейс болып табылады. Түр-түс, дыбыс, графиканы пайдалану кездейсоқтық емес, саналы турде қабылдаған шешімі. Ойындар ішіне бейімделу элементтері кіреді, сол арқылы пайдаланушының ойынға қызығушылығын қолдайды; пайдаланушы ойынға үйренуіне карай, оның дәрежесі жоғарылап, ойын өзгереді, мысалы жылдамдығы өседі. Ойын жасаушылар ақпараттық және программалық құрылғылардың мүмкіндіктерін біліп, сондай-ақ ойлау мүмкіндіктері жақсы болып, шешім шығару кезінде тапқырлық көрсете білулері керек. Сонымен мұндай операциялардың негізінде жалпы принциптер жатқанын мақұлдауымыз керек.

Пайдалану интерфейстерінің талаптары (ПИ).

ПИ-дің идентификациясының негізгі мүмкіндіктерінен белек ПИ-дің сыртқы пішіні мен іс-әрекеттерінің белгілі сипаттамасы талап етіледі. Төменде ПИ жасаушылары ескеретін сипаттамалары беріледі:

  • ПИ стилін тандау.
  • Қосымша үшін ПИ-дің платформасы мен басқа стандарттары.
  • Берілген платформада жұмыс жұргізетін, ПҚ-ны қолдаушымен сәйкестігі (мысалы қосымша X немесе Ү пакеті).
  • Экранның мазмұны (мысалы, мақсаттардың орындауына қажетті деректер мен функциялары).
  • Экранның іс-әрекеті (мысалы, экранда көрсетілген кездегі, баскарудың бірінші элементінің кіру фокусы).
  • Экранның сыртқы пішінінің сипаттамалары (мысалы, графиканы пайдалану, деректердің көрсетілуі, эстетикалық қасиеті).
  • Пайдаланушылар мен жүйенің өзара қатынастарының әдістері (мысалы, командаларға кіру, пернелердің комбинацияларын кұрудың тәсілдері және т.б.).
  • Пернетақтамен жұмыс істеу мүмкіндіктері, оның ішінде табуляция кұралдарының іс-әрекеті, табуляция пернесінің циклды жұмысы.
  • Жүйенің жағдайы мен қайта шақыру уақытының жауабына, пайдаланушының кері байланысы.
  • Пайдаланушының әр түрлі функцияларды бақылауы.
  • Терезенің орналасу және өзгеру операцияларының нәтижесін, сондай-ақ деректерді, жағдай мен контексті есте сақтау.
  • Қосымша үшін навигацияның мүмкіндіктері.
  • Навигация кезінде пайдаланушылық деректерін сақтау.
  • Навигация кезінде пайдаланушының аралық деректерін есте ұстау.
  • Интерактивті оқыту, өнімділікті қолдау және аныктамалық жүйе.
  • Қателерді болдырмау және қателерден кейінгі жүйені қалпына келтіру.
  • Түр-түсті, индикаторларды, графикті және т.б. стандартты түрде қолдану.
  • Физикалық кемістіктері бар пайдаланушыларға қолайлы тәсілдермен қамтамасыз ету.

Жоғарыда көрсетілген ПИ сұрактарының көпшілігі, көптеген жағдайда ПИ стилінің нұсқауларында, талаптарды суреттеу құжаттарында немесе өнімнің спецификациясында нақты көрсетілмеген.
4-ші кестеде, GUI-бағытталған ПҚ-ға әсер ететін, интерфейсті жасау кезінде ескеретін, факторлар көрсетілген. Web-бағытталған және GUI-бағытталған пайдаланушы интерфейсіне де осы факторлардың басым бөлігі сәйкес.

Қорытындылай келе пайдаланушы интерфейсі (user interface) — пайдаланушының жүйемен әрекеттестігін жасақтайтын программалық құралдар кешені; пайдаланушы мен жүйе арасындағы байланыс құралы. Мұндай стандарттар программа қызметтерімен операцияларын қолайлы түрде пайдалануды қамтамасыз ететін экран пішімі мен орындалатын командалардың меню құрылымын тағайындайды. Пайдаланушыға арналған компьютермен (программамен) жылдам әрекеттесу тәсілдері, оның мынадай ерекшеліктерін атауға болады: жүйелік объектілерді (файлдар, құрылғылар, терезелер), меню және мәліметтерді бейнелеу үшін пиктограммаларды (белгішелер) пайдалану; объектілерді тандау, белгілі бір іс-әрекетті бастау, терезені ашу және объектілерді жылжыту үшін сілтеуіш құрылғыларды, мысалы, тышқанды пайдалану; экранды жұмыс үстелі немесе басқару тақтасы ретінде пайдалану

 

You May Also Like

Азықтық минералды қосындылар

Минералды азық – малға қосымша азық ретінде берілетін табиғи және қолдан жасалынатын…

Жүктіліктен соң құрсақ терісі созылса (2)

Жүктілік кезіндегі құрсақ терісінің созылуы, жыртылуы болашақ ананың әр-қайсысында кездесетін мәселе. Жүкті…

Сексеуіл – қасиетті ағаш

Мазмұны Кіріспе Негізгі бөлім Тұщықұдық ауылының жер бедері туралы сипаттама І)  кіріспе…

Қазақстанның киелі жерлері

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ Қазіргі таңда Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан…