Жарақат – әртүрлі сыртқы ортаның әсерінен организмнің ұлпалары мен ағзаларының морфологиялық, торшалық және молекулалық деңгейде патологиялық өзгерістерге ұшырауы. Жарақат – травма (trauma) грек тілінен аударғанда жарақат, зақымдалу дегенді білдіреді.

Жарқаттаушы факторлар экзогенді және эндогенді деп бөлінеді. Сыртқы ортаның жарақаттаушы әсерлеріне механикалық, физикалық, химиялық әсерлер жатады. Ал эндогенді әсерлерге – организмдегі витаминді – минералды заттардың алмасуының бұзылуынан, қан айналымының бұзылуынан, аутоиммундық реакциялардан, аутотоксикациялардан және тағы басқа ішкі құбылыстардың өзгерулерінен болатын жарақаттаушы факторлар жатады. Сондай ақ эндогенді жарақаттаушы заттар азықпен асқазан – ішек қуысына түсуінің нәтижесінде де туындайды. Мұндай іштен зақымдаушы заттарға ішкі мүшелерге әртүрлі себептермен енген микроорганизмнің әрекеттерін және ағзаларда түзілген тастардың әсерін де жатқызуға болады.

Себептеріне қарай жарақаттар 5 түрге бөлінеді:

1)механикалық

2)физикалық

3)химиялық

4)биологиялық

5)жүйке-стресстік.

Биологиялық жарақат организмге вирустар, микробтар, зең саңырауқұлақтары, паразиттер еніп өсіп – өнгенде пайда болады. Сондай биологиялық жарақаттың біріне сепсисті жатқызуға болады.

Сепсис (латынша sepsіs — шіру, іріңдеу) — ірің микробтарымен залалданған қаннан дамитын ауру. Сепсистің негізгі қоздырғыштарына стафилакокк, стрептококк, менингококк, т.б. іріңдеткіш микроорганизмдер жатады. Сепсистің дамуында жергілікті іріңді ошақтың сипаты; сол жердегі бактериялардың саны және малдың иммундық жүйесінің әлсіреуі үлкен рөл атқарады. Көбінесе организмнің қабынуы мен іріңді жаралардың асқынуынан, ауыр операциядан, қан кетуден, қоректің жетіспеуінен, аурудан кейін организм әлсірегенде мал сепсиске ұшырайды. Сепсисте фагоцитоз процесі бұзылып, лейкоциттер сіңіріп алған микробтар жойылмастан жасуша ішінде көбейе бастайды. Лимфоциттер мен моноциттердің белсенділігі төмендеп, иммундық антиденелердің түзілуі бұзылады. Сепсистің орналасқан орнына қарай: терапевтік (өкпенің іріңді қабынуы); бадамша бездік (іріңді баспа); хирургиялық (шиқан шыққанда); гинекологиялық (ауруханадан тыс жасатқан аборттан кейін); урогендік (несеп жолдарындағы іріңді қабынулар); отогендік (іріңді отиттің асқынуы); кіндіктік (нәрестенің

кіндігінің айналасындағы қабыну) түрлері бар. Егер инфекцияның қай жерден түскенін анықтай алмаса, оны криптогендік (жасырын) сепсис деп атайды. Сепсис кезінде науқастың дене қызуы 39 — 40С. Сепсисқа дейін көтеріледі, басы қатты ауырады, тамаққа тәбеті шаппайды, дел-салданады, кейде есінен танып сандырақтайды, ісінеді, жүрек соғуы жиілеп, тыныс алуы қиындайды.

Сепсистің кенеттен дамитын, жедел, жеделдеу және созылмалы (хрониосепсис) түрі болады. Жедел түрі 1 — 2, жеделдеуі 5 — 7 күнде өтеді. Клиникалық морфологиялық белгілеріне қарай: септицемия, септикопиемия, сепсистік эндокардит болып бөлінеді.

Септицемия — Сепсистің метастазсыз түрі. Бұл кезде көкбауыр үлкейіп, лимфа түйіндері ұлғаяды. Ішкі органдарда дистроф. өзгерістер, қабынулар байқалады.

Септикопиемия кезінде Сепсистік ошақтар өкпеде, бүйректерде, ми тінінде, жүректе басталады. Іріңді қабыну Сепсис ошағынан айналадағы тіндерге өтіп, іріңді плеврит, перикардит, перитонит дамиды.

Сепсистік эндокардит жүрек қақпақшаларынан басталады. Соның нәтижесінде некроз ошақтары пайда болады. Өзгерген қақпақшалар ыдырап, олардың бетінде тромбтар түзіледі. Тромбоз организмде инфаркт ошақтарының қалыптасуына жағдай туғызады. Кейбір жағдайда ішектің, аяқтың және терінің гангренасы дамуы мүмкін.

Емі: Қан уланғаннан кейін ең бірінші сепсисті емдеу үшін этиологиясын білу қажет. Антисептикалық ертінділермен жуып шаямыз, хирургиялық өңдеу жасау керек. Жараланған ұлпаны бактерицидтік байламдармен таңад

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Еліктеу арқылы үй және жабайы жануарларды таныту, логопед жұмысы слайд

Қапшықтар

Қажетті өнімдер: 1 л сүт, 1 стақан ұн, 150 г сәбіз (кәрісше…

Дәріпті де ұлағатты дәрігерлер 

Дәріпті де ұлағатты дәрігерлер  «Біздің жеген тағамымыз бізге пайдалы дәрі, ал дәрі…

Тұщы су және жылумен емдеу

ТҰЩЫ СУ ЖӘНЕ ЖЫЛУМЕН ЕМДЕУ              Тұщы сумен емдеуде (гидротерапия) су құбыры,…