Жасуша – тірі ағзалардың құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе. Жасуша өз алдына жеке ағза ретінде (бактерияда, қарапайымдарда, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтарда) немесе көп жасушалы жануарлар, өсімдіктер және саңырауқұлақтардың тіндері мен ұлпаларының құрамында кездеседі. «Клетка» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Клетка тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.

Жасуша теориясы; (гр. teoriacellulaecellula — жасуша және теория) — жасушалар туралы биологиялық жалпы қорытынды, ғылыми тұжырым. Жасуша теориясының негізін қалаған неміс ғалымы Т. Шванн (1838-1839ж.).Жануарлар жасушасын зерттеген Т. Шванмен қатар, Жасуша теориясын жасауға өсімдіктер жасушаларын зерттеген М. Шлейден де атсалысты.Өздеріне дейінгі ғалымдар еңбектері бойынша жинақталған деректер мен өздерінің ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, Т. Шванн мен М. Шлейден жануарлар мен өсімдіктер ағзадағы органикалық табиғатының біртекті екендігін көрсете білді. Жасуша теориясы 19 ғасырда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі болып саналады.Оның негізгі қағидалары: жасуша — тірі ағзаның тым ұсақ құрылымдық бірлігі; жануарлар мен өсімдік ағзаларындағы әртұрлі ұлпалар жасушалары құрылысы жағынан бір-біріне ұқсас. Жасуша ядродан, цитоплазмадан, негізгі органеллалардан құралған; жасуша тек бөліну арқылы көбейеді; жасушалар біртұтас ағзаның бір бөлігі. Организм ұлпаларында жасушалардан басқа жасуша туындылары — бейжасушалық құрылымдар (симпласт, синцитий) және оның өнімдері — жасушааралық зат болады.Қарапайым прокариот клетка. Тірі ағзалардың жасушалық құрылымының ашылуы – күрделі оптикалық аспаптардың (микроскоптардың) ойлап табылуымен тығыз байланысты болды.Өсімдік ұлпасының жасушалық құрылымын бірінші болып 1665 ж. ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) ашқан.Өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының жасушалық құрылымын Р.Гуктің замандастары италиялық ға-лым М.Мальпиги (1628 – 1694), ағылшын ботанигі Н.Грю (1641 – 1712), т.б. өз зерттеулерінде дәлелдеген (1671).Клетка теориясысының қалыптасуына чех ғалымы Я.Пуркине (1789 – 1869) үлкен үлес қосты.Ол жасушаның негізгі қызметтік бөлігі жасуша қабықшасы емес, оның ішіндегі протоплазма екендігін дәлелдеді. Роберт Гук жұмысы. Өсімдік жасушасы

протоплазмасындағы ядроны ағылшын ботанигі Р.Броун (1773 – 1858) ашты (1830). Дегенмен ядроға көп көңіл бөлген және оны жасуша құратын цитобласт деп анықтама берген неміс ботанигі М.Шлейден (1804 – 81). Шлейден теориясын одан әрі талдап, Клетка теориясысын құруда неміс зоологы Т.Шванның (1810 – 82) еңбегі зор болды. Ол жануарлар мен өсімдік жасушасы құрылымын салыстыруда ядроның маңызы үлкен екенін анықтады. Клетка теориясының бұдан кейінгі дамуы протоплазма мен жасуша бөлінуі ашылуына байланысты болды. 19 ғ-дың орта кезінде неміс патологы Р.Вирхов (1821 – 1902) патологиялық құбылыстарды Клетка теориясы тұрғысынан қарастырып, жасушадағы ядроның маңызы аса зор екеніне көз жеткізіп, жасушалардың бөліну арқылы көбейетіндігін дәлелдеп берді. Тұқым қуалау белгілерінің сақталуы мен ұрпақтан ұрпаққа берілуін жасуша ядросы басқаратынын Э.Геккель анықтады (1866). 1970 – 80 ж. барлық жасушалы ағзаларға тән жасуша бөлінуінің тәсілі митоз ашылды. Қазіргі кезде Клетка теориясы көп жасушалы азғалар бірлескен жеке жасушалардан тұрады және олардың өзара байланыстылығынан ағзаның тұтастығы туады деп тұжырымдайды. Организм құрылысы күрделіленген сайын, оның тұтастық қасиеті анық байқалып, ол жануарларда жүйке, гуморалдық жүйелер, ал өсімдіктерде жасушалардың цитоплазмалық байланысы арқылы жүреді. Қазіргі заманғы электрондық микроскоп арқылы алынған ғыл. мәліметтер Клетка теориясысын одан әрі байытып, барлық тірі ағзалардың құрылымдық және қызметтік бірлігі – жасуша екендігін одан әрі дәлелдей түсті.

Жасуша органоидтары

Жасуша органоидтары – жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.

1.Эндоплазмалық тор (ЭПТ) – (гр. эндо – ішкі, гр. плазма – жапсырылған) – жасушаның ішін түгелдей бірімен-бірі тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе – түйіршікті ЭПТ, бекінбесе, тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.

2.Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma – дене) – цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нөруызды дөнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады

3.Митохондрия (гр. mitos – жіпше, гр. chondrion – дәнек) – барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар – май қышқылдарьш синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарды ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.

4.Лизосома (гр. mitos – еріту, гр. soma – төн) – домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.

5.Гольджи жиынтығы – ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

6.Жасуша орталығы – центриоль (лат. centrum – орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.

Жануарлар мен өсімдік жасушаларының айырмашылығы:

¢ 1. Жануарлар жасушасында центриоль болады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жасушаларында центриоль болмайды.

¢ 2.Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды, дайын ағзалық заттармен қоректенеді. Өсімдіктер пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді.

¢ 3.Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады. Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. Жануарлар жасушасындағы жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болған. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады.

¢ 4.Ірі вакуольдер (латынша «уасиш» – қуыс) өсімдіктерде болады, ал жануарлардың тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады.

Тек өсімдік жасушасына тән оргоноидтар Қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады. Ол өсімдіктің пішінін өзгертуге кедергі жасайды. .Ірі вакуольдер (латынша «уасиш» – қуыс), пластидтер тек өсімдіктерде тән

¢ Пластидтер (хлоропласт, хромопласт, лейкопласт) тек өсімдік жасушасында ғана болады.

Хлоропластарда өсімдікке жасыл түс беретін пигмент – хлорофилл дәндері болады

ЖАСУША ҚАБЫҚШАСЫ

¢ Жасуша қабықшасы еріген заттарды таңдап өткізетін қабілеті бар плазмалық мембрана.

¢ Қабықша үш қабатты және полисахаридтер – целлюлоза мен май заттарынан тұрады.

Қабықшаның ішкі мембранасы диктиосомалардың есебінен үнемі жаңарып отырады

ӨСІМДІКТЕР (Plantae, Vegetabіlla) – фотосинтез процесінің жүзеге асуы нәтижесінде автотрофты қоректенетін, клеткасы тығыз қабықты (әдетте целлюлозадан тұратын) организмдер; тірі организмдер әлемі. Ө. клеткасына жиналатын қоректік затты крахмал деп атайды. Ө. арасында сирек кездесетін гетеротрофты қоректену – эвол. даму барысында екінші қайтара пайда болған белгі. Ө-дің көпшілік түрінде байқалатын бұл белгілер (ерекше даму циклы, органдардың қалыптасу жолдары, бір жерде бекініп тіршілік етуі) оларды тірі организмдердің басқа әлем өкілдерінен оңай ажыратуға мүмкіндік береді. Бірақ құрылымдық дәрежесі төмен (бір клеткалы Ө. мен жануарлар) организмдердің бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы болмайды. Мыс., эвгленді балдырларды зоологтар қарапайымдарға (омыртқасыздарға) жатқызады. Бір клеткалы Ө-дің бір клеткалы жануарлардан негізгі айырмашылығы – хлоропластарының болуы мен клеткасының ультрақұрылымдық ерекшеліктерінде (клетка қабықшасының құрылымы, вакуольдерінің болуы, т.б.). Ө. қорегін қоршаған ортадан газ түрінде (фотосинтез) және ерітінді күйінде (су мен еріген минералды тұздар) сіңіреді. Көптеген Ө-дің денесі әр түрлі қызмет атқаратын органдарға бөлшектенген. Жоғары сатыдағы Ө. денесінің бөлшектенуі мен дифференциялануы көптеген арнайы құрылымдардың (қ. Өсімдік ұлпасы. Вегетативті мүшелер) пайда болуына алып келеді. Мыс., эпифит Ө-дің жер асты тамыры болмайды. Олар тропиктік және субтропиктік ағаштар бұтағының үстінде өсіп, ылғалды ауа жұтады; ал шөл Ө-і ылғал жетпесе солып қалады. Бірақ жаңбыр жауса болды, оларда фотосинтез процесі жүре бастайды; кейбір Ө-дің сабағында қуыс болады. Онда Ө-ді басқа жәндіктерден қорғайтын құмырсқалар тіршілік етеді. Ө. құрылысының өзіне тән маңызды ерекшеліктері олардың өсуі, көбеюі және таралуы арқылы анықталады. Ө-дің құрлыққа таралуы Жердегі тіршілік дамуының алғашқы кезеңдерімен байланысты. Архейде (3 млрд. жыл бұрын) көк-жасыл балдырларға ұқсас организмдер (цианея), шамамен 2 млрд. жыл бұрын пайда болса, нағыз балдырлар протерозойда шыққан. Алғашқы жоғары сатыдағы құрлық Ө-і – ринифиттер силурдың екінші жартысында тіршілік еткен.

Олардың тамыры болмаған (оны ризоидтар алмастырған), ал денесінің құрылымдық белгісі теломдар (ежелгі Ө-дің жапырақ, сабаққа, т.б. органдарға жіктелмеген цилиндр тәрізді осі) болған. Девонның басында плаунтәрізділер, қырыққұлақтәрізділер және қырықбуындардың арғы тегі пайда бола бастаған. Бұларда тамыр мен өткізгіш түтіктердің алғашқы белгілері қалыптасты. Девонның аяғында ашық тұқымдылар, карбонда ағаштәрізді қырыққұлақтар (пермьде олардың орнын қазіргі қырыққұлақтәрізділер алмастырды), триас пен юрада қылқан жапырақтылар дамыды. Бор кезеңінде пайда болған жабықтұқымдылардың кейін Ө. тіршілігі үшін маңызы зор болды. Ө-гефотосинтез және бұған байланысты физиол.-биохим. процестер тән. Бұлар Жер бетінде тіршілік ететін барлық гетеротрофты организмдердің күрделі қоректену тізбегіндегі басты бөлік болып саналады. Фитоценоз (белгілі жағдайға бейімделіп, айналасындағылардан айқын шектелетін өсімдіктер тобы) құрап, алуан түрлі Жер ландшафтысының қалыптасуына әсер етеді. Ө-дің қатысуымен топырақ, шымтезек, таскөмір түзіледі. Қоршаған ортаға бөлінетін зиянды газдарды, шаң-тозаңдарды, ауыр металдарды сіңіріп, ауаны тазартады. Ө-дің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Олардан тамақ, киім, отын, дәрі, құрылыс материалдары алынады. Бірақ соңғы кезде адамның іс-әрекетінен, яғни, өсімдік жамылғысын орынсыз, тиімді пайдаланбауынан Ө-дің көптеген түрі жойылып барады. Қазақстанда өсетін 6 мыңнан астам Ө-дің 405 түрі (сирек кездесетін, жойылу қаупі бар) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

You May Also Like

Информатика пәнінен емтихан сұрақтары

Емтихан сұрақтары Логика негіздеріне, логикалық байланыстарға, ақиқаттық кестесіне түсініктеме беріңіз    …

Шаш өсіруге арналған тұнба

Қазіргі уақытта шаштың түсуіне байланысты, көптеген адамдардың шаш өсіруге байланысты сұрақтары көптеп…

Неге С дәруменін үнемі жеуіміз керек?

С дәруменін тұтынудың себептері Ең бастысы асыра сілтемеу. С дәрумені ағзамызға маңызды…

Достық туралы әңгіме

Достық туралы әңгіме Бүгін мен жұмысымнан демалыс алып, өз ауылыма қайтып жетуге…