Дәріпті де ұлағатты дәрігерлер 

«Біздің жеген тағамымыз бізге пайдалы дәрі,

ал дәрі тамағымызда болуы керек»                                                                                                                                    Гиппократ

Ұлы медицинаның данышпаны айтқандай әр жеген тамағымыздың құрамына мән беріп қарау біздің салауатты өмірді қалыптастырумен тең. Салауатты өмір сүру тек құрамы жақсы тағаммен шектелмейді. Күн сайын дене жаттығуларын қажет етеді. Ал соны дәріптейтін ұлағатты ақ халатты абзал жандарымыз.

Мен Жолдасбек Қарлығаш Қалдыбекқызы 2003 жылы сәуір айының он сегізінші жұлдызында Қызылорда қаласы Сұлутөбе ауылында дүниеге келдім. 2018 жылдан бастап Қызылорда медициналық жоғары колледжіне «Емдеу ісі» мамандығы бойынша оқуға түстім. Қазіргі таңда  Қызылорда медициналық жоғары колледжінің төртінші курс студенттімін. Дәрігер өте мағыналы да, қазыналы сөз. Бұлай айтуымның себебі дәрігер сөзінің әрбір әріпі өзіне тиесілі адам бойына дәріптейтін ұлағатты сипатқа ие. Адам баласы жарық  дүниеге келуінен бастап, дәрігердің үлкен рөлі жүреді. Дәрігер еш уақытта адамдарды үлкен кіші деп бөлмей, алдына келген қандай дәрежедегі науқас болсын, қандай көңіл күйде болсын, қандай уақытта болсын  әрдайым жылы қабақпен қарсы алып, бүкіл жан дүниесін сезіне отырып бар күтімін жасайды. Міне, ақ халатты абзал жандармыздың ұлағаттылығы осында. Адамды асқақ арманы жетелейді, түтпектеп алдыға итереді. Дәрігер болуды көбісі армандайды, арманға жету жолында тынбай еңбектеніп білім алады, деседе білікті дәрігер болу бәрінің қолынан келе бермейтін іс. Ер азаматтарымыз үшін Отан алдындағы әскери борышты өтеу қаншалықты маңызды болса, алдарына келген әрбір жандардың жанын сақтап қалу ақ халатты абзал жандар үшін Отан алдындағы борышпен тең.

Жұртшылықты дүр сілкіндірген Әлемдік пандемияның алдын алып, таралуын тоқтату жолында аянбай еңбек еткен білімді де білікті ақ халатты абзал жандар. Қаншалықты оңай болмаса да, жақындарынан жырақта күндіз түні халқының амандығы үшін күресу барысында ел жадында қалатындай  ерлігін көрсеткен ұлағатты дәрігерлерімізге алғысымды білдіремін.

Науқасқа көмек қолын созу–барлық мұсылманның міндеті болғанымен, дәрігерге бірнеше есе жауапкершілік жүктеледі. Пайғамбарымыз (с.а.у.): “Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады», – деген болатын. Дәрігер адамдарды емдеу арқылы, өзінің ақыретінің қамын жасайды. Адам дәрігерге жанына батқан ауруымен, көңілі түсіп, жаны жылап келеді. Сондайда дәрігер емін жасап, дәрісін беріп, науқастың ауруын жеңілдетеді, ертеңіне үміт сыйлайды. Адамдарға көмек қолын созып, өз міндеттерін шын ниеттерімен орындаған дәрігерлердің есімін халық ұмытпайды, жақсылықпен еске алады, артынан дұға етеді.

Дәрігер маманың тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, мыңдаған білікті де білімді ақ халаттыларды шығарған 90 жыл тарихы бар Қызылорда медициналық жоғары колледжінің директоры С.С.Тастамағанбетоваға және де бізге біліммен қатар қамқорлығын, тәрбиесін, тәжірибесін, даналығын, үлкен өмірге дайындау жолында жақсы қасиеттерді бойымызға дәріптеген ұстаздар қауымына алғысымды білдіремін!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Шаттық салаты

Қажетті өнімдер: – 2 тал тауық саны; – 4 жұмыртқа; -15 тал…

Балдыркөк сабағынан жасалған салат

Қажетті өнімдер: – 300 г балдыркөк сабағы; – 300 г қияр; –…

AMBI жүйесінің ішкі жүйелік интерфейсі, курстық жұмыс

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС КЖ. 5В070400.13.3.62.17 ТЖ  Пәні Компьютерлік жүйелердің интерфейсі Тақырыбы AMBI жүйесінің…

«Ұлы даланың жеті қыры» – болашаққа бағдар, уорд