«Жылыжай шаруашылығында балама энергиясын қолдану арқылы энергиямен қамтамасыз ету» 

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев Шығыс экономикалық форумында Қазақстанда АЭС салу жайына тоқталып, «Қазақстанда атом энергиясын құру» қажеттілігін айтқан болатын. Бұл жаңалықты Қазақстандықтар бірі оң қабылдаса, екінші бір тарап құптамаған болатын. Әрине, болашаққа бастар жаңа жол еңбек нарығында энергия өндірудің тағы бір көзі ашылу мүмкіндігін білдіреді деген сөз.

2017 жылы Қазақстан 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу мәртебесіне ие болды. Орасан зор оқиғаға 100-ден астам ел, 10 халықаралық ұйым мен алдыңғы қатарлы компаниялар қатысты. Көрмеде бүгінгі күнгі энергияның көздері мен зиянсыз технологиялар мәселелеріндегі жаңа шешімдер ұсынылды. «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесі энергия көздерін дамытуға, энергия үнемділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды зерттеуге бейімделген.

Мақсаты – энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді колдануды ынталандыру.

Бүгінгі күні бізге қол жетімді энергоресурстар адамзаттың ажыратылмас қазынасы. Болашақ ұрпақтың өмірі үшін қажетті энергия көздері мен біздің жеріміздегі бүкіл жандыны сақтап қалуда жауапты болу.

Елбасы «Қазақстан-2050» «Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді.

Бұл жобамда             «Жылыжай шаруашылығында балама энергиясын қолдану арқылы энергиямен қамтамасыз ету» тақырыбында сөз қозғамақпын. Энергияны мұнай мен көмірден алу технократтық жаңалықтарды өмірге әкелгені белгілі. Алайда, энергияны мұндай жолмен өндіру экологияға зиян келтіретіні кеш білінді. Жердің климаттық өзгерісін тоқтату үшін ғалымдар баламалы, зиянсыз жолдармен қуат өндіру мәселесін жаппай талқылай бастады. Күн, су, жел геотермиялық көздерден әрқалай температураны және т.б. пайдалану арқылы алуға болады. Оған энергияның аралас көздері де енетіні белгілі.

Баламалы энергия – қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін табиғи таза энергия өндіру көздерін айтамыз. Мұндай энергия көздері экологияға еш зиянын тигізбейді, мұнай мен көмір тәрізді пайдалы қазбаларды игерудің қажеттілігі тумайды. Бір жағдайларда баламалы энергетикаға атом энергетикасын қосса, екінші бір жағдайда қоспайды.

Биыл өңіріміз суармалы судың жетіспеушілігінен Қызылорда облысы су тапшылын сезінген өңірлердің қатарын толықтырды. Сарапшылар су тапшылығын Шардара су қоймасында судың аз жиналуына байланыстырады. Бұл осы өңірдегі суармалы жерлерді тіршілік нәрімен қамтамасыз етудің жалғыз көзі. Диқандарға ауыл шаруашылығы да­қыл­­дарын кезекпен суару айтылды. Судың тапшылығы өңірде жаңбырдың мезгілімен болмағандығы, дариядағы су көлемінің күрт түсуі, жем-шөп болмай мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға қуаңшылық әкелді. Нарықтағы бағаның тұрақсыздығынан ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы көкөніс, жеміс-жидектер айтарлықтай өсіп кетті. Дей тұрғанмен, елді-мекендерден қыс мезгіліне дейін аптасына ұйымдастырылатын жәрмеңкеде нарықтан 10-15 пайыз халыққа төмен бағада ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп отырды. Ол дегеніміз-бұқара халықты қыс мезгілінде толық  қамтамасыз етуге жеткіліксіз.

Жергілікті шаруалар халықты көкөніспен, жеміспен толықтай қамтамасыз етуде жылыжайлар көптеп салуда. Жылыжайларды дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі екендігіне көзіміз жеткен сияқты.

2014 жылы Қазақстандағы ең ірі «Аделя» ШҚ жылыжайы алғашқы өнімін жинады. ауданы 11 гектарды құрады. Бұл қуантарлық жағдай еді. Республикамыздың барлық өңірлерінде жылыжайлар салуға кірісті. Қызылорда облысында жылыжай өндірісі дамып келеді. Сыр өңіріндегі жылыжайға қарасты 7 гектардан астам алқаптан былтыр 385 тоннадан астам өнім жиналған. Олардың басым бөлігі Қызылорда қаласы аумағында орын тепкен. Облыс орталығында барлығы 122 жылыжай бар. Қазіргі таңда олардың 52-і жұмыс жүргізіп келеді. Солардың қатарында саналатын «Натишаева» және «Орда» шаруа қожалығы былтыр 100 тоннадан астам өнім алған.

Көкөніске қажетті жылылықты бірқалыпты сақтау қажет. Жылыжайды жылумен қамтамасыз ету үшін бұл жай ғана мәселе емес екені белгілі. Мұнан бөлек, көкөністің өз деңгейінде өсіп, өнім беруі үшін 17 сағат күннің энергиясы қажеттігін назарда ұстаңыз. Қыс мезгілінде тұманды күндер бола қалса, арнайы лампа қосуға тура келеді. Суық күндері бір күнде 60 литр жанармай жағуға тура келсе, (егер жылыжай жанар маймен жылытылатын болса) күн жылына келе 30-40 литрді қажет етіп, экономикалық тиімділігін көрсетеді.

Күн энергиясы. Күннен тікелей алынатын энергия түрі. Күннен келетін сәулені электр энергиясына айналдыру тәсілі. Кремний төсемелерінен жасалған фотоэлектрикалық ұяшық өзіне түскен сәулені электр энергиясына айналдырады. Сонымен қатар, күннен келетін сәуленің жылуы да электр энергиясына айналдыруға болады, мұны күн жылу энергиясы деп атаймыз.

Сондықтан жылыжайларда           көкөніс  өсіруде  жаңа  және  қарқынды  дамып  келе  жатқан еліміздің  ауыл  шаруашылық  саласында қорғалған  топырақта  көкөніс  өнімін арттыруда,  соған  сәйкес  қолданылатын  энергияның  (электр,  жылу)  үздіксіз артуына  әкеледі. Шаруашылыққа  дамыған,  интенсивті технологияларды  пайдаланып,  жоғары  механикаландырылған  және автоматтандырылған  шаруашылық  құру  энергияға деген қажеттілікті арттырады. Агроөнеркәсіптік  шаруашылықтың дамуына қарай энергоресурстардың қуаты  арту  үстінде.  Ресурстардың  бағасының  артуы,  олардың  уақыт  өте шексіз  еместігі,  оларды  үнемдеу қажеттілігі  туралы  біршама  сұрақтар туындайды.  Бұл жобадағы жаңартылатын  энергия  көздерін  тәжірибеге  енгізу,  ғаламдық экология  және  энергия  тапшылығы  мәселелерін  шешуде  маңызды  рөл атқарады.  Жаңартылатын  энергия  көздерінің  ең  басты  ерекшелігі  оларды республиканың барлық өңірлерінде қолдануға болады.  Қазіргі  заманғы  технологиялар  күн  сәулесінің  энергиясын  жыл  бойы пайдалануға  мүмкіндік  береді,  сондықтан  қазіргі  кезде  күн  коллекторлары жергілікті  жылыту  жүйелерінде  тиімді  пайдалануға болады.

Жобаның өзектілігі: Жылыжайдың жылыту жүйесінің осы күн коллекторлары арқылы орындау.

Жобаның табиғи газда жұмыс жасайтын қазандық жобасы мен жылыту жүйесінің бір бөлігі күн коллекторлары көмегімен жүзеге асады. Күн коллекторларын жергілікті жылыту жүйелерінде қолдануда қарқынды дамыту қажет. Күн коллекторлары заманауи технологиялар күн энергиясын жинау мен сақтауға мүмкіндік береді. Күн энергиясын тұрмыстық су қыздыруда қолданылады. Коллекторда қызған су дәстүрлі бағанға немесе арнайы бойлер, бакка жіберіледі, сол жерде керек температураға дейін реттеледі. Бұл дегеніміз қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді. Жылыту жүйесінде бұндай технологияларды орнату аса қиындық тудырмайды.

Күн коллекторлары – күн энергиясын жылу энергиясына тиімді түрлендіру құрылғысы екенін білеміз.  Күн коллекторларының жұмысы сәуір – қазан айларында максималды шамаға дейін жетеді. Жылыжайдың жылумен қамдаудың екі жағдайы үшін өзіндік құн есебі жүргізіледі. Жылыжай табиғи газда жұмыс жасайтын қазандық арқылы және күн коллекторлары көмегімен жылытылады. Қондырғы таңдау үшін ыстық сумен қамтамасыз ету мен жылыту жүйесі үшін максималды жылу жүктемелері анықталады.

Сондай – ақ, жылына қанша энергия жұмсалатынын және жылдық жылу шығынын анықтауға болады. Жылыжайдағы жылдық жылулық шығынын анықтау жылулық баланс теңдеуі арқылы жүзеге асады. Жылыжайда ыстық сумен жабдықтау суарылатын суды жылытуға қажет. Мысалы: Өсімдіктерді суаруға қажет жылу энергиясының мөлшері 6,5 кВт/сағ∙м2. Суаратын суды жылытуға кететін жылудың жылдық шығыны қалай анықталады: Суды жылытуға кеткен жылу энергиясының қазандықтар мен күн коллекторларына келетін бөлігі, жылыжайдың жылу энергиясына жылдық қажеттілігі, сондай – ақ максималды сағаттық жүктемесі арқылы анықталады. Газдық қазандықтан және күн коллекторларынан келетін жылу энергиясының өзіндік құнының есебі жүргізіледі. Есептеу нәтижелері бойынша газдық қазандықты пайдаланғандағы жылудың өзіндік құны, күн коллекторларын пайдаланғандағы өзіндік құннан көп екені байқалды.

Жылыжайда  көкөніс  өсіру  неғұрлым  энергияны көп қажет  ететін  өндіріс саласына  жатады.  Жылыжайды  жылыту  үшін  орташа  шығындар  өнімнің өзіндік  құнының  40  –  50  % -ын  құрайды.  Мысалы,  1  гектар  қыстық жылыжайды жылытуға  жылына 200 т –дан астам шартты отын жұмсалады, сондықтан  оны  пайдаланудың  тиімділігін  арттыру  халық  шаруашылығында маңызы зор.

Колледжімізде биыл жылыжай салынып, алғашқы өнім отырғызылды. Күн коллекторларын қолдану арқылы жылыжайды электрмен, жылумен жабдықтауды жоспарлап отырмыз.  Аумағы 2 соттық жылыжайда қияр мен қызанақты жыл алмасып кезекпен өсіруге болады. Мәселен, биыл қияр өсіруге басымдылық берілсе, ендігі жылы қызанақ молынан өсіру қолға алынуда.

Сондай-ақ көкөністі уақытылы суару, тыңайтқыш беру секілді көзге көрінбейтін, күтіп-баптау тіршілігі аз емес. Жылыжайда көкөніс егу жұмысын сәуір айында бастасаңыз, небәрі наурыз айының ортасына қарай өнім береді. Жаздың шілдесіне дейін жалғасатын науқан барысында жылыжайдан 1-1,5 тоннаға жуық өнім алуға болады. Осындай 2 соттық жерге жылыжай салу үшін азын-аулақ қаржы жұмсалған болса. Өнім мол болған жағдайда, кеткен шығынды бір жылдың ішінде өтеп алуға болады.

Қорытынды: Қорытындылай келе, жел, күн және су энергетикалары арқылы мемлекетіміздің жағдайын көтеруге болатынын түсіндім. Сонымен қатар, бұл сарқылмайтын «байлық» болғандықтан, қай уақытта болмасын, өте керекті өнім және қуат көзі болатынын ескердім. Адамзат алғашқы от алаудан атом электр станциясына дейінгі жолдан өтті, көмір, мұнай және газ сияқты негізгі дәстүрлі энергия қуаттарын өндіруді, өзен қуатын пайдалануды үйренді, «бейбіт атомды» меңгерді. Дегенмен, жаңа дәстүрлі емес, баламалы қуаттар түрлерін пайдалануда жобалар жасауда талмай еңбек етуге дайынбыз.

1 comment
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Тауың бауырынан салат

Тауың бауырынан салат Қажетті өнімдер: 7г қырыққабат, 3 қызанақ, 100 г зәйтүн…

Елдің материалдық мәдениетін көрсететін, тұрмысында қолданған заттарын саралау

Елдің материалдық мәдениетін көрсететін, тұрмысында қолданған заттарын саралау арқылы көптеген мәнді ақпараттар…

Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы емдік дене шынықтыру

Жоспар І кіріспе: ІІ негізгі бөлім 1. Тыныс алу жолдарының ауруларындағы Емдік…

Жидектер қосылған сүзбе торты

Қажетті өнімдер: Қамыры үшін: – 2 сарыуыз; – 70 г сарымай; –…