Дирижер мамандығы қиын да,қызықты элиталық мамандық. Дирижер өзі педагог,өзі псхолог, өзі жетекші болуы керек. Дирижер адамға білімнен бөлек ұйымдастырушылық қабілет қажет. Қазақстанның түпкір-түпкірінде хор ұжымдары кәсіби  және көркемөнепаздар дәрежесінде дамуда. Барлық  республикамыздағы музыкалық білім беретін орта және жоғарғы білім орталықтарында дирижер дайындау мамандығы қарастырылған.  Бұл, Қазақстан хор өнерінің және дирижерлау мамандығының  кең етек  жайғандығын білдіреді. Мысалы, өзім білім алып жатқан Қазанғап атындағы музыкалық жоғары колледжін атап айтуға болады.

Музыка мұғалімдерін даярлау  саласында колледжде музыкалық  білім беру мамандығы бойынша  оқытылатын пәндердің бірі – дирижерлау  пәні. Оның мақсаты – болашақ мамандарға  дирижерлау техникасын меңгерту, мектеп қабырғасында және балалар музыка мектептерінде оқушылар хорын ұйымдастыра білуге баулу.

Дирижерлау пәнінің керегі қанша?  Оның болашақ жұмыс істегенде  қажеті жоқ екен деген қате пікір айтылып жүр. Бұл теріс ой, себебі музыка пәнінің мұғалімі колледжді бітіргеннен кейін жалпы білім беру мектептеріне, балалар музыка мектептеріне барғанда көптеген сабақтан тыс жұмыстарды атқаруға тура келеді,  хор үйірмесі, түрлі мерекелік іс-шаралардың бәріне музыкант мұғалім араласып, басы-қасында болады. Көркемөнерпаздар байқауына дайындау вокалды топ, хор ұжымын ұйымдастыру кездерінде дирижерлық ету өте қажет. Сонымен «Дирижерлау» қандай пән және неге үйретеді? Дирижерлау пәні күрделі де жан-жақты процесті қамтиды. Дирижер – хорды басқарушы, яғни музыкалық шығарманы дұрыс орындап шығатын үйірме жетекшісі. Ол өзінің жест қимылы арқылы, орындаушыға әсер етіп, сол арқылы шығарманың дұрыс орындалуын реттеп жүргізіп тұрады.

Хор жетекшісі орындаушыларға  батыл тік қарап, бет-пішіні ашық  мимикалық қозғалыстарды шығарманың  мазмұнына сай пайдаланып, қолдана білуі керек. Қолдың қимыл-қозғалыстары біркелкі тез, бірақ аса қатты құлаштамай үнемі дәл және нақты болуы талап етіледі. Дирижер орындалатын шығармасының партитурасын жатқа біліп, бір дауысты екі, үш, төрт дауысты хорды басқарғанда оның әр дауысын жақсы етіп, қате дыбыстарды түзеп, оларды жеке орындап көрсете білуі керек. Оның ерні дикциялық жағынан жаттыққан, ешбір дыбыссыз сөйлей алатын қалыпқа дағдыланған, есту сезімі жақсы жетілген, дамыған дәрежеде болуы өте маңызды.

Дирижер-ол актер, әрі орындалған  шығарманың режиссері деп айтуға болады, себебі ол шығарманың мазмұнын ашуда неше түрлі әдістер қолдана отырып, көркем образды жасап шығарады.Дирижердың композитор ойын іштей  сезінуі сол музыка туралы  өз ой-толғауының пайда болуына әсер етеді.

Мамандығымнан тыс қоғамдық жұмыстарға белсене араласатынмын. Еліміздің болашағы біз секілді жастардың қолында. Жастар алдыңғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып,өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қазіргі таңда тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр.Елбасының Н.Ә.Назарбаев « Қазақстан өздерің сияқты жас мемлекет, сондықтан болашағымызда жастар » -деп бекер айтпаса керек. Елбасының жастарға қояр талабы-білікті, кәсіби маман болуы. «Республиканы дамыту» жөнінде өз жобамды таныстырғым келеді. Мамандығымнан тыс қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. «Хорды дирижерлау» саласында білікті мамандардың керек екені рас.Әрбір адамның болашағы мамандығына да байланысты. Болашақта бұл салада мұғалімдердің көп болғаның қалаймын. Қазіргі таңда өзім қалаған мамандықта оқып жүрмін. Алдағы уақытта өз мамандығымның дамуына өз үлесімді қоссам деймін. Бірақ бұл өмір бойы хорды дирижерлау саласында боламын деген сөз емес, мамандығымның жоғары оқу орындарына тапсыру жоспарымда бар. Мамандығымның ертеңгі болашағы балалар хорын ашу. Балалардың музыкаға деген махаббатын оятқым келеді.

Дирижерлық өнер-өзіне тән  кәсіптік көркемдеуші құралдармен, орындаушы ұжыммен бірге шығармашылық жұмыстың пайда болуын қамтумен және образды суреттеуді көркемдікпен жеткізу жағдайын тудырумен ерекшеленеді. Бұл нәрселер үнемі жүйелі түрде дирижер мен хор ұжымы арасындағы үзіліссіз байланыста дамып жетіледі. Хор жетекшісінің кәсіптік жұмысы екі кезеңді қамтиды: а)өзіндік дайындалу және хор партитурасымен дайындық жұмыстары,  б)  концертке шығу.Болашақ үлкен орындаушылар ұжымының жетекшісі ретінде, дирижер көптеген ұйымдастырушылық жұмыстардың әрбір элементін тереңінен ойластыруы керек.

Міндетті түрде педагогикалық қабілеті болу керек, себебі хор жеттекшісі тек қана  музыкант қана емес, ол сонымен қатар педагог – тәрбиелеуші болып табылады.Осы айтылғандардың барлығын іс жүзінде іске асыру үшін дирижер шығармашылық жұмысының мына кезеңдерден өтуі тиіс: шығарманы талдап, танысу жұмыстары (орындаушылық ойдың қалыптасу кезеңі), хорға шығарманы үйрету, дайындық жұмыс(ойдың шындалуы), концерттік орындаушылық(ойдың жүзеге асыуы). Осы аталған кезеңдердің әрбіреуі бір-бірінен өзіндік әдістемесімен, спецификалық құралдары және тәсілдерімен, техникасымен ерекшеленіледі. Шығарманың келесі бір кезеңі дирижердің терең ойластырған талдауымен байланысты. Хор басқарушы, яғни дирижер бұларды ең алдымен, қысқа, жеңіл, әрі жай айтылатын жаттығулардан бастағаны дұрыс. Себебі, баяу, созып айту әншінің өзін бос ұстап, дауыстың еркін шығуына мүмкіндік жасайды. Жаттығуларды бірте – бірте күрделендіріп, әншілердің дауыс аппаратын бір жүйеге келтіру жағын да үнемі қадағалап отыру қажет.

Хор өнері түрлі музыкалық өнерден тұрады, ал хормен ән айту түрлі музыкалық орындаушылық болып табылады. Хор деп әртүрлі дауыстардан құрылған хор ұжымын айтамыз. Хор жанрының халық арасында кеңінен таралып, көпшілігі орындалатын лайықты шығармаларды уағыэдау, халықты өнерге тәрбиелеумен ортақ іске жұмылдыру мақсатында дамып келеді. Кейбіреулер кез келген бір топ адамның бас қосып ән салуын хор деп санайды. Тіпті, жеке дауыста орындауға бейім шығармаларды бәрі бір дауыста орындаса да, хормен орындадық деп, мәз болысады. Мұндай топтың орындауларын хор деп атауға болмайды. Хор – әр түрлі дауыста ән салатын адамдардан топтасып ұйымдасқан коллектив. Дәлірек айтқанда, хор дегеніміз – шығарманы көркем тілмен бірнеше дауыстың үндескен әуені арқылы идеялық мазмұнын бұзбау, нақтылы түрде тыңдаушыға жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін игерген, әсемдеу жағынан толық мағұлматы бар коллектив.Хор жетекшісі орындаушыларға батыл тік қарап, бет пішіні ашық мимикалық қозғалыстарды шығарманың мазмұнына сай (мысалы қаспен, көзбен, иық, баспен көрсету) пайдалана қолдана білуі керек. Хор жетешісінің абыройлы болуы үшін оның сөйлеуі мен істеген жұмысы өте маңызды.

Бүгінде осы мен таңдаған хорды дирижерлау мамандығының тізгінін ұстап, тума таланттардың өнеріндүниенің түпкір-түпкіріне танымал етсем деймін.Мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кетсем де, көңілдегі арман толастамай, толқу мен қуаныш қатар алмасып, музыка деген үлкен дарияда жүзіп келе жатқаным — өз мамандығымды шексіз сүюден болар деп ойлаймын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Қашықтықтан оқыту барысында WhatsApp месенджерін қолдану ерекшеліктері

2020 жылы жалпы әлемде тараған «Коронавирус» індетіне байланысты ел ішінде түрлі өзгерістер…

Жетім көрсең, жебей жүр

«…жетімді қорлама.  Сұраушыны зекіме.  Раббыңның нығметін білдір.»[1] Өзіне ғана құлшылық етіп, мінсіз…

Таза-қала Таза-ауа

Жоба мақсаты: Тек Атырау қаласы емес сонымен қатар Қазақстан өніріндегі барлық  қала,…

Лаборант- исследователь будущего

« Обогащение полезных ископаемых». Цель: Определить деятельность лаборанта-эколога и донести информацию о…