2020 жылы жалпы әлемде тараған «Коронавирус» індетіне байланысты ел ішінде түрлі өзгерістер болды. Адамдарға туындаған мәселелерге байланысты жаңа жағдайларға бейімделулеріне тура келді. Індеттің қоғамдағы қалыпты режимге өзгеріс әкелуі білім саласын да айналып өтпеді. Еліміздің білім басшылығының шешімімен оқыту үдерісінде қашықтықтан оқыту форматы пайда болды.

2020-2021 оқу жылының алғашқы тоқсанын осы форматта бастадық. Қашықтықтан оқыту үдерісін жүзеге асыруда әртүрлі онлайн платформалар, интернет мессенджерлері мен сайттар қолданысқа түсті. Дене шынықтыру сабағын ұйымдастырып және өткізу барысында біз пән мұғалімдері kundelik.kz, OnlineMektep, YouTube платформаларын, WhatsApp медссенджерін қолдандық.

Дене шынықтыру пәнін өткізу барысында қолданатын алгоритммен таныстырғым келеді:

  1. Сабақ тақырыбын толық зерттеу.
    1. Жалпы дамыту жаттығуларын дайындау. Жалпы дамыту жаттығуларын әр сыныптың жас ерекшелігіне және ұлдар-қыздар тобына қарай таңдап аламыз. Тақырыпқа сәйкес келген уақытта жаттығуларды жасауға арнайы спорттық құралдарды (доп, секіртпе, гимнастикалық таяқша) пайдаланамын. Жалпы дамыту жаттығуын бейнежазбаға түсіріп, YouTube бейнежазбалар хостингіндегі жеке каналыма жүктеймін. Жүктелген бейнежазба сілтемесін жоспарға саламын және оқушыларға жіберемін. Пән мұғалімдерінің әрқайсысында жеке YouTube каналы бар. Әріптестерімнін каналынан менің тақырыбыма ұқсас бейнежазбалар болса, олардың сілтемесін де өз жұмысыма пайдаланамын.
  1. Тақырып бойынша ақпараттарды іздеу. Тақырыпқа сәйкес ақпараттардың теориялық бөлігін Мicrosoft Power Point бағдарламасының көмегімен жасап, кейін оны бейнередакторлардың көмегімен бейнежазбаға айналдырамын. Қосымша теориялық немесе практикалық бөлік көрсетілген видеоларды YouTube бейнежазбалар хостингіндегі дене шынықтыру пәнінің әдістемелік каналдарынан аламын. Осы жерде жақсы, сапалы бейнежазбалар бар әдістемелік канал ретінде «Региональный Центр ФКиДЮТ», «Орал қаласы әдістемелік кабинет» атап өткім келеді.

  Оқыту үдерісін жүзеге асыруда көп мүмкіндіктермен қамтамасыз еткен WhatsApp мессенджері жайлы тоқталғым келеді:

WhatsApp-бұл тез уақыт ішінде хат алмасуға мүмкіндік беретін жүйе. Мәтін, бейнежазба, фото және құжаттар жіберуге өте қолайлы.

WhatsApp мессенджері арқылы дене шынықтыру сабағын өткізу барысы:

  • әр сыныптың өзінің жеке топ чаттары бар.
  • сабақ кестесіндегі уақыт бойынша сабақ басталады.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасамын. Оқушылар әр түрлі смайликтертердің көмегімен сабақта отырғаны жайлы хабар береді. Осыдан кейін тақырыппен, үйдегі қауіпсіздік ережесімен таныстырамын. Жалпы дамыту жаттығуының сілтемесін жіберемін. Сілтемедегі бейнежазбаның жүктелген күйі үнемі дайын тұрады. Кейбір кездерде сілтеме ашылмай қалған жағдайда жүктеліп алынған бейнежазбаны жібермін. Оқушыларға жаттығуды қарап орындауға 5 минут уақыт беріледі. Жаттығуды орындап болғасын оқушылар чатқа + белгілерін жібереді.

-Негізгі кезең. Тақырып бойынша теориялық немесе практикалық бейнежазбаның сілтемесін жіберемін. Дыбыстық хабарлама арқылы тақырып туралы қысқаша түсіндіремін. 3-4 минут бейнежазбаны көруге уақыт беріледі.

  -Қорытынды кезең. Берілген ақпараттар бойынша сұрақтары болса, қоюларын сұраймын. Сұрақтар болған жағдайда жауап беремін. Сабақ аяқталғаны хабарлап, қоштасамын.

Осы үдерісті жүзеге асыруда WhatsApp мессенджерінің пайдалы жақтары:

  • -оқушыларды бір топта жинақтау;
  • -мәтін, бейнежазба, құжаттарды түрлі форматта жіберу.
  • -ақпараттың тез жеткізілуі.
  • -интернет жылдамдығының төмен деңгейінің өзінде жұмыс жасай алу;
  • -жіберген хабарламаны кімнің ашып оқығандығын бақылай алу;
  • -телефонға арналған нұсқасын ғана емес, компьютерлік нұсқасын да пайдалана алу;
  • -оқушылар көңіл-күйін, белсенділігін, ал мұғалім оқушыларды мадақтау, қолпаштау әрекеттерін смайликтер арқылы көрсете алу;

Артықшылығымен қатар, WhatsApp мессенджерінің кемшілігі де кездесті:

  • -Кейбір оқушылардың ватсап желісіне уақтылы байланысқа шықпауы;
  • Оқушылардың берілген сілтемеге өткенін немесе өтпегенін бақылай алмау;
  • Үй жағдайында оқыту кезінде оқушылар тақырыппен тек қана теория жүзінде танысуы;
  • Үй жағдайында қажетті спорттық құралдардың болмауы;
  • Жіберілетін бейнежазбаның немесе құжаттың көлемі 100 Мб аспауы;

Осыған қарамастан дене шынықтыру сабағын қашықтықтан оқыту кезінде WhatsApp мессенджері таптырмас көмекші құрал екенін айтқым келеді.

You May Also Like

Тіс жарақаттары,этиология және патогенезі,классификациясы, Клиникалық ағымы,дифференциалдық диагностикасы,асқынулары,емі,алдын алу.

Жоспар: 1.Тіс жарақаттарының себептері 2.Тістердің жарақаттануын жіктеу 3.Болжам және алдын-алу Тіс жарақаттары…

Африка құрлығы деңгейлік тапсырмалар 7-сынып бойынша

АФРИКА құрлығы (деңгейлік тапсырмалар 7-сынып бойынша)                                                                     Бүгінгі таңда ұстаздар алдында тұрған…

Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы менеджмент

КӘСІПОРЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ МЕНЕДЖМЕНТ Нарықтық эканомика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік-эканомикалық…

Қан жасау жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру қарау. Зерттеу әдістері. Анемиялық, лейкемиялық, геморрагиялық синдромдар

lҚан жасау жүйесі ауруларымен  науқастарды сұрастыру,  қарау. Зерттеу әдістері. Анемиялық,  лейкемиялық,  геморрагиялық…