Баяндама

ТАҚЫРЫБЫ: Әлихан Бөкейханов тұлғалық образы идеялық әлеует қалыптастыру ретінде

Еліміз тәуелсіздігімізді  жариялап,  қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда дүниеге келген біз – бақытты ұрпақпыз. Тарихқа көз жүгірсек бұл бейбіт күн оңайлықпен келмегені бесенеден белгілі.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Алаштың басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл жедел жаңғыру, яғни модернизация біздің бағытымызға да сай келеді. Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруге табыстап кетті» – дегендей, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының езгі мен ортағасырлық мешеулікке қарсы күресі,қайраткерлердің тәуелсіз мемлекет-Алаш автономиясын құру жолындағы жанкешті еңбегін тың деректер негізінде жинақтап,жастарға ата-баба аманатын ақтап, болашақ ұрпақ алдында жүзіміз жарқын болады деген, оймен аталарымыздың аманатын ғасырдан – ғасырға мұра ету мақсатында алған тақырыбымыз өзекті.

Мәңгі сарқылмас мұратымыз-Азаттық үшін күрес жолында мерт болған Алаш зиялыларының қазақ халқы үшін атқарған қоғамдық-саяси қызметінің  тарихын зерттеуде ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясының сонау жылдардан бері келе жатқан мәселе деп айтуға болады.Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылардың бірі Әлихан Бөкейханов саяси көзқарастарына  тоқталып отырмын.

ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс бастамасын Алаш атауымен аталған қазақ зиялылар бастама жасады. Әлихан Бөкейханов басқарған буын – мүлде басқа сапа-мазмұндағы буын. Әлихан Бөкейханов бастаған топтың ерекшелігі сонда – олар бір нәрсені өте жақсы түсінді. Қазақ халқын жаңа сапаға көтеріп, азат ету үшін, ел қатарына қосу үшін мүлдем жаңа күрес құралдары керек деп түсінді. Әлекеңнің алдында да зиялылар өтті. Мысалы, Шоқан, Абайлар да жалғыз күресті. Ал Әлихан Бөкейхановтар, бұлар – басқа әлеуметтік топ, зиялылар тобы. Олар шетінен ғылыми талдауға сүйенді, ғылымның күшіне, сөздің, білімнің күшіне сенді. Ерекшеліктері де сонда. Тағы бір айтатын нәрсе, бұлардың кереметтігі сол – өз заманына лайық жаңа «технологияларды, жаңа әдіс- құралдарды өздерімен бірге ала келді. Мысалға, «Қазақ» деген ұлттық газет шығарды, «Айқап» журналын, баспа басылымдарын, мыңдаған та ралыммен кітаптар шығарды. Сол арқылы олар халықты оятамыз, ағартамыз, сөйтіп, халыққа өзінің жағдайын түсіндіреміз, содан кейін алдына міндет-мақсаттар қоямыз деді. Осы тұрғыдан алғанда, олар – ағартушылар. Қазақ топырағына шын мәніндегі толыққанды ағартушылықты ала келген – осы Әлихан Бөкейханов бастаған топ.

Әлихан бастаған топтың ұстанымы бүгінгі қазақтың ұлттың мүддесіне қызмет ете ала ма? – Осы орайда Әлихан Бөкейхановтың саяси кезқарасына қатысты, оны «маманға», «шоқыншыға», «еуропашылға», «рушылға» теңеп жүрген саяси сауатсыздық пен азаматтық жәдігөйлікке сәл ғана түсінік бере кеткім келеді. Әлихан Бөкейханов – ұлттық саясаткер. Үлт тәуелсіздігі жолында ықпалы тиетін барлық мүмкіндікті пайдалануға мәжбүр. Ал 1905 жылы ұлттық автоно мия, патшаны тақтан түсіру, конституциялық демократия орнату, бұратана ұлттарға нәсіліне, дініне қарамастан азаттық беру, өзінің даму жолын анықтауға ерік беру мәселесін кім көтерді? Кадет партиясы көтерді. Ендеше, «бұратана ұлттарға нәсіліне, дініне қарамастан азаттық беру. өзінің даму жолын анықтауға ерік беруді» мақсат етіп қойған саяси партияның құрамына Бекейханов неге кірмеуі тиіс? Бұл мақсатқа жету жолында бауырлас түркі халықтарының ұлт зиялылары да топтасты. Соның нәтижесінде Ресей мұсылмандарының І құрылтайын ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Сол құрылтайда көтерілген жасыл тудың шылауымен 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Маскеу қаласында өткен I Бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайына Х. Досмұхамедов, Ж. Досмухамедов, F. Әлібеков, К. Жаленов, Ғұбайдолла және Дәулет ишандар, У. Танашев пен Ш. Бекмұхамедов қатысты. Бұл құрылтай Ресей бодандығындағы мұсылмандарды ғана біріктіріп қойған жоқ, сонымен қатар, тәуелсіз республика туралы мәселе ашық мінбеде көтерілген тұңғыш басқосу болды. Ал 1917 жылы Керенский: «Түркістан мен дала облыстары Тула немесе Тамбов облыстары емес. Ағылшындар немесе француздар өздерінің отар- ларына қалай қараса, біз де оларға  солай қарауымыз керек», – деп мәлімдеме жасағаннан кейін Ә. Бөкейханов ресми түрде кадет партиясынан шықты. Өйткені бұл кезде қазақ арасында дербес партия құру мәселесі толық пісіп-жетілген еді. Ә. Бекейханов өзінің бұл шешімін қызмет партиясының мақсаты ұлттың жаринлауга карсы болгандыктан да, Алаш сәйкес де оның құрамынан шығатыны, – деп түсіндірді. Міне, бұл – кез келген сал- саткер ұстанатын күрес тәсімі, Осындайда Аятолла Хомейнидің күнделігінегі: «Мен ұлтым  үшін  шайтанмен де жұмыс істеуге адірміна, – деген сөлі еске түседі. Ә. Бөкейханов та Алаштың азаттығына қол жеткізу үшін барлық саяси әдіс-тәсілдер бас тартқан соң. Сол үшін де Азамат соғысы жылдары Алашорда өкіметі Нурылтай өкіметінің құрамына кірді. Ондағы мақсаттарын сураган түрме тергеушісіне КДосмухамедов: «Құрылтайдың тапсыруымен Орал қазақтарының басқару құрылымын жасадын, олеш бекітілді. Кейінгі барысында ол шықты. демократия символ, бір екінш ошағы ретінде бана берді. Егерде барлық халықтардың өзін- біреуіне ерік берілген державалар онда ешқандай да зиянсыз, бейбіт жактайтынын маліндені. Жалпыға ортаң ашың және жасырын дауыспен сайланған Құрылтай жиналысы зандык курылымы ретінде танылды, санына байланысты ар қабылынатын болсын деп шешім шығардың – деп жауап берді каратила карсыз деген байланысты 70 жылда біздің діні толықтай рап, індык, діншілдердің стану Құқык кыргыз турікмен. әлі гасыр келеді. Соның  нәтижесінде ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырда бүкіл мұсылман қауымы отарланып қалды. Соған карсы және ағым мен саяси күрес басталды. Ел мен Түркістандағы  1927 жылға дейінгі созылған басмашылар соғысы тек кеңеске қарсы соғыс емес, ол қадам азаматтық соғыс болатын, М.Тынышбаевтың премьер- министрлігінен бас тартуының сол екі ағымның бітіспейтін майданың кесірі еді.Әлихан Бөкейхановтың  Түркістан идеясы туралы өзіндік көзқарасы болған.Түркістан идеясы деген не? «Ол Қазақстанның тәуелсіздігіне кепілдік беретін идея ма?,жоқ па ?»- деген сұраққа  тарихшыларымыз тура  жауап бермей,бетін бүркемелеп келеді. Сол идеяны өткізу үшін кейбір тарихшылар кешегі  Алаш ұранды азаматтарды қолдан жікке бөлді:  «Олардың қателігі – Түркістан идеясын бөліспеді, ана тұлгага,мына тұлғаға  карсы шықты»,-десті. Сонда 1991 жылы жарияланғанда оның тәуелсіздігін таныған 54 қандай мемлекетті, оның қандай шекарасын  мойындады? Олшекара  кашан жане қалай кұрылды, олардың басында кім тұр еді? 2009 жылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын бекітіліп,автономиялы мемлекет болып жарияланғанына 90 жыл толды. «Одақтас республикалардың кез-келген уақытта дербес мемлекет ретінде КСРО-ның құрамынан бөлініп кетуіне құқығы бар»-деген басты кімдер Кеңестің конституциясына кіргізіп еді? Әрине, оның ішінде Украйна  мен Грузин өкілдері, Алашорда үкіметінің көсемдері, оның ішінде тікелей осы мәселемен айналысқан  Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ә. Ермеков, ағайынды Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтер бар, Егер Түркістан идеясын қолдаса, онда солтүстіктегі бес облыс – Ресейде, оңтүстіктегі бес 5 облыс ӨЗбекстанға қарар еді .Алашордашылардың мақсаты біртұтас қазақ мемлекетін кұру Бұған Х.Досмағамбетовтың  түрмедегі тергеушіге берген  жауабы дәйек бола алады. Онда: «Қазақстан жағырапиялық жағынан біртұтас мемлекет ретінде басқарылуы тиіс. Барлық жоғарғы лауазымдар сайланып қойылуы керек. Егер Кеңес саяси еркіндік жариялап, еркін партия кұруга  мүмкіндік берсе, оларға да осы талапты қою керек дестік. Бұл бағдарламаға Тынышбаев қандай үлес қоссақ, Жаһанша Досмухамедов те сондай дарежеде белсене катысты,.Ұйымның басты құрылымы екі жағдайды отырып қарастырылды: бірінші Кеңес өкіметі құлаған жағдайда екінші патша жеңілген жағдайда не істеу керектігі басты назарна алынды… Біз ол езде сіздердің федерация туралы шешімдеріңізді білмейтін едік,ол кезде  Түркістанды өзбек басшылары билеп-төстейтін жобаны жасаған да солар болатын. Қазақтардың өзбектермен аралас тұратынына қарамастан. Біз  ұсынысына қарсы болдық.Өйткені біздің басты мақсатымыз барлық қазақтың басын қосу болатын. Біз тіпті Қытайдағы қазақтарды да қосып алудың жолын қарастырдың, олар өздері мекендеп отырған территориясы мен қазақтың құрамына кіруі керек деп есептедік. Бұл жоспар сол күйінде қалды, іс жүзінде еш нәрсе де атқарылған жоқ, Бұған қазақстандық қазақтардың қалай қарайтыны маған белгісіз. Жан жердегілердің жағдайы ете ауыр күйде, өмір сүру дәрежесі төмен, сондықтан да бірігуге қарсы бола қоймас деп ойладық», – деп атап көрсетті. Міне, Бөкейхановтың да түпкі мақсаты осы еді. Біздің халықтың келешегі жарқын болуы үшін зиялыларымыз жаппай құрбан болды. Ұлттың қорғаныш қауқары әлсіреп қалды. Өзге ұлттар секілді қазақ зиялылары эмиграция арқылы аман қалуларына болатын еді ғой…  Өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, егерде Алаш зиялылары жаппай эмиграцияға кеткенде, онда 1920-1930 жылдар арасындағы ағарту және ғылым саласындағы еңбектер дүниеге келер ме еді? Ол еңбектер жазыл маса, қазіргі қазақ тілінен бастап, алгебра, геометрия, биология, физика, зоология, жағырафия терминдері қалай қалыптасар еді? Сонымен қатар, түпкі күрес мақсатына жете алмаса да, жоғарыдағы бес тұжырым үшін күрескен С. Сәдуақасов сияқты жас қайраткерлер қалыптасар ма еді? Қазақстандағы саяси ахуал мен саяси күрес қалай бет алар еді?

Бүгінгі таңда кейбір тарихшылар Алашорданың идеологиясының большевиктердің идеологиясынан жеңіліп қалғанын айтады. Бұл мүлде шындыққа жанаспайтын ақпарат. Большевиктердің алдында Алашорда үкіметі жеңілгенін мойындап, ешқандай «капитуля ция» дейтін құжатқа қол қойған емес. Қазак зиялыларынын  қоғамдық-саяси қызметі 1905-1907 жылдардағы түңғыш орыс тұсында және одан соңғы жылдары түрлі істерге белсенді араласуынан, орталық билік орынларына казак негізгі білдіретін арыз-шағымдарын ұйымдастыруының, саяси партия куру өрекетінен, ұлттық басылымдар шыгаруга жасаган дайынлыгынан, сондай-ақ сол тұстағы ресейлік шындық үшін үлкен саяси оқиға болган Мемлекеттік Дума жұмысына атсалысуынан және басқа казак қоғамы жағдайында мүлдем тын кызметінен айкын көрінді. Нақ осы мезгілде өмірге келген түрлі құжаттардың қазақ зиялыларының қоғамдық дамуға байланысты көзкарасы, үстанған бағыт-бағдары да анык байқаллы.

Әлихан Бөкейхан  экономика мәселесінде: «Қазақ жері – мал кіндігі: мұнда бұрын-соңды қай жұрт жүрсе де мал баққан», – дейді. Осы жерде малды асылдандыру қажет екендігін айтады. Дания мемлекетін мысалға келтіріп, олардың алақандай жерге мал бағып, оны асылдандырып, оның етін, майын, терісін шетелге са- тып экономикалық жағдайларын жақсартып алғанын айтады. «Қазақтың әр отбасына 220 десятина жер келеді. Ал Дания халқы 1 десятинаға 50 сиыр асырап отыр. Мал өсіру үшін жаралған осыншама кең далада мал асырай алмаған – өзімізді асырай алмаған деген сөз. Қазақ ата-бабасынан малды қалай алды, солай қарай бағып жүре береді, оны асылдандыру ойына да кірмейді» деп қазақты әбден сынайды. Өз басым, расында, бізге ұлттық экономиканың негізін ауыл шаруашылығы құрауы керек еді деп ойлаймын. Яғни алғашқы ң капиталды осы арқылы жинау керек еді.

Кез келген халық елінің даму шыңына тек ұлттың идея арқылы жете алады, идея – ол өзге ұлттың дәстүрі мен мәдениетін шығару деген емес ол Алаш зиялыларының түсінігі бойынша, Алаш идеасы аз ұлтынды, өз жерінді, өз елінді, өз тілінді, мәдениетінің сүю, қадірлеу және осыларды алға дамыту болды. Алаш зиялыларының ең басты жеткен жетістігі не болды? – Ә. Бөкейхан «Қазақ» газетінің № 2-7 сандарында «Түрік баласы» деген лақап атымен «Қазақтың тарихы» атты тізбекті мақала жазды. Сонда «Алаш» – Отан кісісі, өз елінің патрио- ты деген мағынаны білдіреді» деп түсініктеме береді. Ең маңыздысы, автор «бұл – қазақтың ба- сын біріктіретін, қазақты бір ұлт ретінде ұйытатын идея» деп алады. Расында да, бұл идеяның астарында терең мән жатыр. Үлт көсемі Әлихан Бөкейханның «Тірі болсақ – ал-дымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар» деген көреген сөзі тағы бар.

Қазақ демократиялық зиялыларының үстазы әні көш бастаушысы Ә. Бөкейханов 1929 жылы тергеушілеріне берген жауабында «мен ұлттық мәселелер турасында ашылып тек Байтұрсынов және Дулатовпен гана сөйлесуім ыктимал, бірақ солардың өзімен сырласкан күннің өзінде біз кандай да бір тактикалық мәселелер төнірегінде пікір алысқан емеспіз, ал егер «ұлтшылдық тақырыбына сөйлесе қалған күнде, біз тағдырға налып «егілумен» болдық деп көрсетті. Бұл, әрине, дүлей күштің алдында шарасыздықтан туған көңіл күйі екендігі түсінікті және ол қазақ демократиялық зиялыларының ғасыр басында атқарған зор тарихи еңбегі нәтижесіз аяқталды дегенді білдірмениді. Ә. Бөкейхановтың қаһарлы 1917-жылы қойған сауалына жауапты тарихтың өзі берді. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының өз халқын ұйқыдан оятып, бостандық, тендік және туысқандық жолына салу үшін жүргізген жанпида күресі туған халкымен бірге мәңгі жасамақ, ал бүгінгі күнде олардың азабы мол еңбегі азаматтықтың биік үлгісі ретінде қазақ елінің тарихи жадында қайта жаңғыру үстінде.

2000 данамен Әлихан Бөкейхан шығармаларының тоғыз томдық жинақ шықты. Ресми түрде 17 млн халқы бар Қазақстанда 12 мың кітапхана жұмыс істейді екен, сонда 2000 дана кімге жұғым болады? Чехия, Балтық жағалауы, Әзірбайжан елдерінде қай жерге барсаңыз да, өз ұлтының мәдениеті мүңкіп тұрғаны. Біз Алаш зиялыларының еңбегін насихаттау арқылы жастардың бойындағы ұлттық намысын оята аламыз. Халқына қалай қызмет ету керектігін үлгі етеміз. Халыққа адал қызмет еткенде ғана ел көркейеді. Қазақстанның тағдыры үшін әрбір қазақ өзін жауапты сезінгенде ғана мемлекет гүлденеді. Әр адам өз елінің патриоты болуы керек.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Нұрғали Р. Алаш ұранды әдебиеттегі Мұхтар Әуезов көтерген азаттық идеясы // Заман Қазақстан, 1997, 22 тамыз, Б. 11-12.
  2. Қозыбаев М. «Хан Кенедегі» халық тарихының көріністері // Түркістан, 1997, 10 қыркүйек, Б. 3-4.
  3. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3-том
  4. М.Қойгелдиев Алаш қозғалысы Алматы «Мектеп» 2008 1-2 бөлім
  5. Аңыз адам.2014 жыл №24 (108)желтоқсан
You May Also Like

Безостая-1 сортты күздік бидайға сипаттама

                                                                       Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім: Безостая-1 сортты күздік бидайға сипаттама; Пісу кезеңі;…

Тунец салаты

Тунец салаты Қажетті өнімдер: 70 гсиыр тілі, 40 гжасыл алма, 60г «Тунец»…

Тұрақты жане айнымалы токтардың тірі ағзаға тигізетін емдік әсері

. Электрлік қасиеті жағынан адам ағзасы бір мезгілде өткізгіштікте, диэлектриктік те қасиеті…

Халықаралық және аймақтық стандарттау

Халықаралық және аймақтық стандарттау. Стандарттау жөнінде халықаралық ұйымы  (СЖХҰ) 25 ұлттық ұйымдары ұсынысы…