КӘСІПОРЫНДАҒЫ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ МЕНЕДЖМЕНТ

Нарықтық эканомика жағдайында елімізде кез келген өндірістің әлеуметтік-эканомикалық тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік беретін персоналды басқарудың қазіргі кездегі түрлері мен әдістерін тәжірибеде пайдалану мәселелері ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі кезде меншік түрі әр түрлі кәсіпорындарда нарықтық қатынастардың дамуы мен кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған ұйымдық құрылымдарды басқару әдістері мен түрлерін қайта өзгерту көбінесе тиімсіз және қойылған мақсаттарға жеткізбей отыр. Мұның негізгі себептерінің бірі – елімізде жүргізіліп отырған реформаларды нарықтық эканомиканың күрделі мәселелерін жоғары кәсіптік деңгейде, дәстүрлі емес жолмен шешуге қабілеті бар қажетті кадрлардың аздығы. Бұл мәселелерді шешу үшін персоналмен жұмыс істеудің тиянақты жүйесі керек. Тиімсіздігі белгілі қазіргі жүйе айтарлықтай өзгерістерге ұшырап отырған жоқ. Себебі ұйымдағы әр түрлі деңгейдегі басшылар мен кадр бөлімінің қызметкерлері кадр саясатының негізін айтарлықтай біле бермейді, көбісінің техникалық білімдері бар болғандықтан, басқару жүйесін техниканы дамытуға қарай бағыттай береді. Сондықтан басшылардың көбісі әлеуметтік және мәдени мәсәлелеріне, кәсіпорын персоналын жұмылдыра жұмыс істету жайлы жоспарлау мен ұйымдастыруға немқұрайлы қарайды.
Эканомиканың қазіргі даму кезеңінде дүние жүзінің көптеген елдеріндегі негізгі проблемалардың бірі – персоналмен қалай жұмыс істеу болып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының көптігіне қарамастан өнеркәсібі дамыған әр түрлі елдерде кадрларды таңдау процедуралары мен әдістерін бір қалыпқа келтіру; оларды бағалаудың ғылыми критерийлерін дайындау; персоналды басқарудың қажеттілігін талдауға ғылыми әдістерді пайдалану; кадрлық шешімдерді негіздеу және олардың жариялылығын кеңейту; мемлекеттік және шаруашылық шешімдерді кадрлық саясаттың негізгі элементтерімен жүйелі түрде байланыстыру негізгі ортақ үрдіске айналып отыр.
Кейінгі 20-30 жылдың ішінде персоналды басқару тәжірибесінде күрделі өзгерістер болды. Бұрын маман бұл салада қызметкерлердің іс қағаздарымен, инструкциялармен, ережелермен, сонымен қатар жұмыстың күрделілігін және жалақы мәселелерін шешумен ғана айналысатын еді. Ал қазіргі уақытта персоналды басқару функцияларының айырмашылығы мен рөліне келесі өзгерістер әсер етіп отыр:
– басқару жүйесі мен кәсіпорындардың қарым-қатынастары түбегейлі өзгерді;
– персоналмен жұмыс істеуге көмектесетін көптеген үйлестіруші әдістемелік орталықтар жойылды;
– басқару және шаруашылықпен айналысудың жағдайлары күрт өзгеріске ұшырады, ал бұл болса ой-пікірдің селсоқтығына, арқа сүйенушілік сана сезіміне, қызметкерлердің немқұрайлы қарауына қайшы келді.
Кәсіпорында менеджменттің тиімділік факторы есебінде персоналды басқару проблемасына кейінгі уақытта аса көңіл бөлініп отырғанына персонал менеджментінің маңыздылығын ғалымдар мен кәсіпорын басшылары мойындыуы себеп болып отыр.    

     Дағдарыс – қоғамдық экономикалық жүйедегі қарама-қайшылықтардың шиеленісуі. Бұл кәсіпорынның даңқы үшін,оның қаржылық тұрақтылығы,жекеменшігі үшін нағыз сынақ. Дағдарысқа қарсы басқару процесі – дағдарыстың алдын алуында, дағдарыс жағдайында жұмыс істеуінде және одан шығуында. Мақсаты – кәсіпорынның қаржы жағынан тұрақтылықпен қамту болып есептеледі, ал ерекшелігі – мекеменің қаржылық сауықтыру шараларын ұйымдастыру. Кәсіпорын мен дағдарыс жағдайының мәселелері дағдарыстың пайда болу себебіне және мән-жайына байланысты. Дағдарыстың белгілері (жеке көрсеткіштердің төмендеуінің алғашқы көріністері) мен факторларына (көпшілік немесе барлық көрсеткіштердің төмендеуі) себепші болушы құбылыстар мен оқиғалар дағдарыстың пайда болуына әкеп соғады. Осы белгілерді дер кезінде табу оны жеңіп шығудағы бірінші қадам. Ал мүмкіндігінше алдын алудың бірден-бір жолы. Дағдарыстың пайда болуының белгілері көп, дегенмен кейбіреулерін ерекшелеп көрсетуімізге болады:

1)     Маңызды ақпараттың жетіспеушілігі;

2)     Стратегиялық маңызды серіктесті жоғалту;

3)     Кәсіпорынның дербестігін жоғалту (немесе оның қаупі);

4)     Кәсіпорынның беделінің түсуі;

5)     Өнімнің тұтынушылардың  талаптарына сай келмеуі;

6)     Заңнаманың немесе жоғары басқарманың қолайсыз өзгеруі;

Дағдарыстың кейбір белгілерінің алдын алу мүмкін емес. Алайда, нарықта  жұмыс істеу уақытына, сатылым көлеміне, қызметкерлер санына байланысты пайда болады деген пікірлер бар. Олардың әрқайсысына жеке фактор ретінде қарастырымыз. Статистика бойынша бизнесті басқарудағы қиындықтар кәсіпорынның нарықта жұмыс істеу ұзақтығы болып есептеледі екенін көрсетеді: бірінші уақытша дағдарыс компанияның қаржылық тұрақтылығы мен оның қаржылық басқаруына байланысты; ал екіншісі-көп жағдайда менеджментпен байланысты. Бұл жердегі негізгі түсініктер-мақсат,мисся,құндылықтар және т.б; регламенттенген бизнес процестер; басқарушылық және ұйымдастырушылық құрылымдар; менеджерлердің жұмысы. Келесі фактор, сатылым көлеміне байланысты: біріншіден-компанияның сатылым көлемі жылына 100 мың доллардан асатын жағдайда. Ол компанияның бизнес типіне және тауар мен қызметтеріне еш байланысы жоқ екненін айта кеткен жөн. Екіншіден-дағдарыс сатылым көлемінің екі есеге жоғарылауына байланысты қайталанады. Бизнесті әрлендіру барысында,мәселен, жаңа жабдықтамалармен қамтылуынан,жаңа бизнес-процестердің пайда болуынан және т.б қиыншылықтарға тап болуы мүмкін. Бұл кезде ескі шешімдер компанияны қанағаттандырмайды, ал жаңасы әлі табылмаған болмақ. Дағдарыстың пайда болуына ықпалын тигізетін қызметкерлер санына келетін болсақ,ол менеджмент тәжірибесінде қолданылатын «басқарушылық нормасы» деген түсінігімен сабақтас. Басқарушылық тиімділігіне және қойылған мақсаттарға жетуге байланысты қызметкерлер тобының белгілі бір оптималды саны болады. Яғни,қызметкерлер санының екі есеге өсуіне байланысты компаниядағы дағдарыс өзгеше жаңартылады деген сөз. Компания және менеджмент көп қиындықтарға ұшырайды. Дағдарыстың белгілерін тапқаннан кейін оған байланысты барлық факторларды анализ сарасынан өткізу керек және бар мүмкін мәселелерді анықтаған жөн. Осы жұмыстардың барлығын шешіп,ой сарасынан өткізгенне кейін дағдарыстан шығудағы кезең-кезеңіменжоспар құрылады. Жоспарды талқылап, біткеннен соң оны іске асырылуына кіріседі. Әрекетсіздік немесе,керісінше,шектен тыс әбігерлік,шешім қабылдаудағы асығыс істің шырқын бұзуы мүмкін. Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы саясаты ұйымдастырушылық тәртіптегі принциптердің, әдістердің, формаларының сабақтастығына ие және оның қаржылық және техникалық-экономикалық жағдайын сақтауға, нығайтуға, жақсартуға, басқару механизмін құруға бағытталған. Қазақстан дағдарсқа қарсы іс-әрекеттерді оперативті жүзеге асыруды алғашқы бастаған елдердің бірі. Жаhандық сипатқа ие болған әлемдік қаржы дағдарысы салдарынан сыртқы инвестиция мен несие көздері қысқарып қалды, мұнай мен метал бағалары күрт төмендеуінен шикізат экспортынан түсетін пайда да азайды. Өндірістік саладағы көлем былтырғыдан бірнеше пайызға кеміп кетті. Шағын бизнес саласы шығаратын өнім де 100–ден төмен түсіп, 96-97 пайыздың шамасында болып тұр. Мемлекет кезінде жинаған қорының арқасында түйткілді проблемаларды шешуге кірісті. Қазірдің өзінде 4 миллиард доллар банктердің шотына түсті. Әлемдегі экономикалық ахуал жақсара қойған жоқ. Қазіргі кезде 10 миллиард доллар қаржы бөлінді. Мемлекеттен бөлінген қаржы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға,тұрғын үй нарығындағы проблемаларды шешуге,халлыққа несие беруге жұмсалды. Ал сол қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардағы дағдарысқа қарсы басқару процесі бүгінгі күнде үлкен өзектілікке ие.     Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде бөлінген мемлекеттік қаржы ипотекалық бағдарламаға,орта және шағын бизнесті қайта қаржыландыруға,үлестік қатысушыларға және жаңа инвестициялық жобаларға,сондай ақ,агроөндірістік секторға бөлініп отыр.Осы саладағы дағдарысқа қарсы бағдарламаның дұрыс орындалуы да өте маңызды және мемлекет арнайы бақылау органдарын құрды.          Дағдарыс кезеңінде басқару мен сапа мәселелері өндірісті сақтап қалу үшін шешуші фактор болып табылады ,әлемдік қаржылық жағдайында өнімнің немесе қызметтің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы өте маңызды.Тәжірибе көрсетіп отырғандай отандық кәсіпорындардың куйреуінің басты себебі:кәсіпорынды басқару қағидалары мен әдістерінң нарықтық экономикаға сай келмеуі. Нарықтық экономика тәжірибесі көрсетіп отырғандай дағдарысқа қарсы үрдістер-ол,басқарылатын процестер,сондықтан елімізде дағдарысқа қарсы тиімді жүйесін қалыптастыру да өз көмегін тигізетіні сөзсіз. Жоғарыда айтылған жағдайларды ескере отырып төмендегі жағдайларды жетілдіру жолдары ретінде ұсынамыз:кәсіпорынның алдын ала дайындалған дағдарысқа қарсы бағдарламасының болуы;нарықта талдау жүргізе алатын,алдын ала көріп,болжам жасай білетін менеджерлерді дайындау;ақпарат ағымының үздіксіздігі;кәсіпорынның тәуекел шешімдерді қабылдауға дайын болуы;басқарудың заманға сай жаңа үлгісін қолдану;жұмысшылардың кәсіпорындағы өзгерістерге дайын болуы;кәсіпорынды әлеуметтік-психологиялық ахуалды бір қалыпты ұстау.          «Дағдарыстар қайталанатын болад,ал біздің мақсат оны басқаруды үйрену.Әзірге бізде бұл орындалуда»-деп елбасымыз айтпақшы,қазақстандық дағдарысқа қарсы басқару менеджменті басқа елдерге үлгі болары анық.

You May Also Like

Кітапханалық файлдарды қосу мен қолдану

Кітапханалық файлдарды қосу мен қолдану Құжаттар не пішіндер кітапханасын жасағанда, сол кітапхана…

Индивидті және субъективті жеке қасиеттер

Индивид – бұл адамдардың психологиялық сипаттамаларының физикалық алып жүрушісі. Былайша айтқанда, К.…

Қазақстандық сән әлемдік тендецияларының негізінде

ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстандық сән әлемдік тендецияларының негізінде. АТАУ: Q-SAN     QAZAKH SAN БАҒЫТЫ:   Қазақ…

Әлемді сұлулығымен баураған әйелдердің құпиясы.

Әлемді сұлулығымен жаулаған арулардың көріктілігінің құпиясы баршылық. Мәселен, Клеопатраның ажары мен сұлулығының…