ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстандық сән әлемдік тендецияларының негізінде.

АТАУ: Q-SAN     QAZAKH SAN

БАҒЫТЫ:   Қазақ тілді аудиторияға сәндік филлософиямен, сәнді және заманауи мәдениеттің өзара байланысын орнату. Гендорлық сипатты ұстанбай, әйелдермен ерлердің сән әлемінде теңдей орындары бар екенін жеткізу. Қазақ тілді аудиторияға сән тек шетелдік идиолоғиялық бағыт емес, индивидуалды және жеке дара бағыт екенін айқындау. Қазақстандық сән әлемі шетелдік жоғарғы модадан әлдеқайда ұтымды екендігіне сипаттама беру. Әр оқырманға индивид көзқарасымен қарап, жас аралығына шектеу қоймай, бүлдіршіндер мен жас қыз-жігіттерге, ересектер мен әйелдерге, қарияларғада журнал бетінен заманауи қазақ сән әлемінен өзіндік ұстамына сай ақпарат беру. Бұл басылым тікелей рыноктың дамуына негізделген. Басылым арқылы сол саланың дамуына үлкен септік тигізіледі. 

СИТУАЦИЯЛЫҚ АНАЛИЗ:

Сән әлемінен ақпарат жинайтын басылымдардың өмірі тікелей Қазақстандағы сән индустриясының дамуына байланысты. Ақпаратты тарқатып кеңінен оқырманға беру үшін, ақпараттық жағдайат қажет. Бұл тұста сән индустриясының даму интеграциясына қөз жүгіртіп көрерлік. `Kazakh Invest` АҚның көрсеткіштері бойынша Қазақстанда. Қазақстанда 984 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді. Бұл – тігін өндірісі және оңтүстік өңірлерде орналасқан ұсақ былғары фабрикалары. Кәсіпорындар Қазақстандық бренд атауын шығаруға, яғни сән әлемінің дамуына мүмкіндік береді. Дегенмен, бұл көрсеткіш, Қазақстандық рыноктың тек 1% ғана құрайды, осының салдарынан даму баяу жүріп жатыр. Бұл жалпы бұқараға арналған, яғни әрбір 2 адамға арналған киім котегориясы.

Қазақстандық сән әлемінің, жоғарғы сән түсінігінің бастамасын төрге сүйреп жүрген бірнеше дизайнерлердің жұмыстары, сән жайында шығарылатын басылымдарға арқау бола алмайды. Себебі, олар бірең сараң ғана. Ақпараттық кризиске шалдыққан сән тақырыбында ашылатын басылымдар, тек идея күйінде қалып кою себебі осыдан. Қазақстандық сән басылымдарының 99% орыс тілді оқырман үшін жұмыс жасайды, басылым беттерінде Қазақстандық сәнге қарағанда әлемдік тенденциялар мен шетелдік қоғамдық мәдени өмір жайында баяндалады. Сән – cалтанат, мода жайындағы басылымдар тек сәнді киімді илюстрацияларды  көрсету ғана емес, бұл басылымдар мәдени құндылықтарды, қоғамдық өмірді сипаттайтын бағытта жұмыс жасайды.

АНАЛОГТЫҚ ЖУРНАЛДЫҢ КЕМШІЛІГІ:

Аналогтық журналдың кемшілігі рыноктық дайынсыздық салдарынан туындаған. Біріншіден ұсынылған журналдың Қазақстанда қазақ тілді аналогы жоқ болғандықтан, орыс тілді аналогтардың қазақ тілді аудиторияға ұтымсыз тұстарын айтуға болады. Бүгінгі сән бағытанда Қазақстанда жұмыс жасап жатқан басылымдар, Қазақ идиологясын ұстанбайды, яғни жаһандану процессіне қатты беріліп, ұлттық құндылықтардан бас тартып отыр, оған себебі көпшілік басылымдар франшизалық басылымдар. Мәселен, Harper BAZZAR, Cosmopolitan, VOUGE, BURO т.с.с басылымдардың концепциясына қазақи сән, қазақ сән филлософиясы, тарихи сән сынды бөлімдер кіре алмайды.

ЖУРНАЛДЫҢ ҰТЫМДЫ ЖАҒЫ :

     Қазақ тілді сән салтанат жайында басылымның ең басты ұтымды жағы бұл қазақ тілді оқырман үшін жұмыс жасау. Бұл дегеніміз, қазақ тілді аудиторияға өзі сұрап отырған тақыраптардағы ақпаратты жинап беру. Жұрналдың бағытына байланысты бірнеше ұтымды жағы:

  1. Мектеп оқушыларына отандық дизайнерлердің оқу формасының үлгілерін көрсету
  2. Ер адамдармен әйел адамдарға арналған топтамаларды , шетелдік дизайнерлердің топтамаларымен салыстырмалы түрде баяндап, қаржыны дұрыс бағыттауға үйрету.
  3. Қазақ бұйымдарының тарихы, ерлер мен қыз келіншектерге арналған қазақ үлгісіндегі киімдердің шығуын, әр бір бұйым маңыздылығы жайында түсіндіру.
  4. Қазақстандық мәдениет қоғамындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар жайында ақпарат беру
  5. Әлемдік сән мен Қазақстандық сән әлеміндегі жаңалықтарды кеңінен тарқату.

ЖУРНАЛДЫҢ ҰТЫМСЫЗ ЖАҒЫ(РИСК):

Жаңа шығып жатқан басылымның ұтымсыз жағы тираждық сан толығымен сатылмай, жұмсалған ақша өзін ақтамау мәселесі. Бұл жағдай орын алу себебі , жаңа басылымға деген сенімсіздік болуы мүмкін.

Тағы бір ұтымсыз тұсы журналдың концепциясы енді қарқын алып жатырған салаға байланысты болғандықтан, сол саланың даму деңгейіне байланысты.  Бұл – толқынысы бар экономикалық, әлде актуалдығын жоғалтпайтын саяси қоғамдық басылым емес. Cол себепті сән саласы дағдарысқа түсетін болса, журнал өміріде тоқтап қалуы мүмкін. 

Айдарлары:

  • Қазақстандық және әлемдік мәдени жаңалықтар (Қоғамдық мәдени басылым болғандықтан 2-3 беттер аралығын қамтиды. Отандық шоу бизнес, театр, музыка, дәстүрлі өнер саласындағы жаңалықтарға шолу)
  • Балалық сән (Ана мен бала)(Ана мен бала біздің қоғамдағы үлкен мәселелердің бірі және ана мен бала киім үлгілері көпдеген дизайнерлердің топтамаларында бар болғандықтан, аналарға дәл осыны кеңінен ашып тарқату мақсатындағы айдар)
  • Сен және мен топтамалары (Отандық дизайнерлермен әлемдік дизайнерлердің топтамаларына салыстыру, және мезгілдік тенденцияларға сай редакцияның капсулдық топтамаларын ұсыну)
  • Сән тарихына шолу (Тарихи мәлеметтерге шолу жасау, Қазақстандық мәдениет саласындағы ерлер мен әйел адамдардың сәнге деген әуестігін талқылау)
  • Рецензиялар, кеңестер.(Жаңа шығып жатқан кинофильмдерге бас редактордан рецензия)

Қорытынды :

Журналдың бағыты оқырманға интелектуалды дамуғада, көздерін кеңінен ашуғада, сән саласын жайында білім арттыруға көмектеседі. Басты мақсаты қазақ тілді аудиторияға азық беру болып табыла, себебі қазақ тілді салалық ақапарат беруге бағытталған басылымдардың жоқ. Әзірге БАҚтың кейбір сатылары бос кезде дәл осындай басылымдармен орын алуға болады.

You May Also Like

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік ертеңгілік

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік ертеңгілік Зал мерекеге сай әдемі,әсем безендірілген.Көңілді әуенмен…

Ақсу-Жабағылы қорығы

Ақсу-Жабағылы қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы…

Ақжігіт Қорамсаұлы өмірбаяны

Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің…

Секпілмен күресе аласыз

Бет терісіне түсетін пиграментті ұсақ дақтардың бір түрі секпіл деп аталады. Әдетте…