Еңбек мигранттарының ел экономикасына тигізетін әсері бар ма?

Кіріспе:

Еңбек мигранттарының ел экономикасына тигізетін әсері қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.Қазіргі таңда әр адам өзіне тиімді ақша табу жолдарын іздестіреді.Осы жолда адамдардың көп бөлігі шет елге жұмыс істеуге кетеді. Экономикасы өз елімен салыстырғанда жоғары елге барып жұмыс істеу еңбек мигранттарына тиімдірек, себебі екі елдің ақша құны салыстырмалы түрде бірі жоғары, бірі төмен[1,2]. Көші-қон, түрлі жағынан, экономикаға әсер етеді. Экономиканы мигранттардың есебінен жақсарту және жеделдету, жаңа еңбек ресурстарының қоғамға қаншалықты жақсы интеграцияланғанына байланысты. Осы секілді факторларды ескере отырып, бұл зерттеуде жұмысшылардың елдің экономикасына тигізетін әсері жайлы талқыланатын болады.

Әдебиеттерге шолу:

Ауқымды түрде миграция жаһанды көрініс алған кезде тұрақты тұрғындар мен уақытша мигранттар арасында түсініспеушіліктер туындауы мүмкін[2]. Себебі, шет елден келген мигранттар жұмыс орындарын иемденіп  алған кезде, жергілікті тұрғындарға жұмыс орындары жетпей қалуы мүмкін, сондықтан бұл жағдайда екі тараптың арасында бәсекелестік туындауы мүмкін. Бәсекелестіктің экономикаға әсері екі жақты болады. Біріншіден, өндірушілер өз өндірісінің сапасын арттыру мақсатында, бәсекелесінен озу мақсатында алдыға қарай дамып отырады, соның әсерінен өндіріс немесе жұмыс орындары дамып, экономикаға оң әсерін тигізеді. Өзге тұстан алып қарасақ, жұмыс орындарының иемделуінен жұмыссыздық мәселесі туындауы мүмкін. Сондықтан, мұндай мәселелердің алдын алу үшін мигранттар ағымын реттеп отыру керек.

Мигранттардың бюджетке әсеріне қатысты, мұнда нақты жауап беру қиын, себебі салықтық жүйе және мемлекеттегі қаржы жүйесі күрделі болғандықтан, бұл жүйе әрқашан бір қалыпты жүзеге асып отырмайды[3]. Мысалы, бірінші жағдайда, еңбек иммигрантары қабылдаушы елдің азаматы ретінде заңды түрде тіркелсе, ол мемлекетке өз пайдасынан салық төлейді, оған зейнет қоры жинала бастайды. Мемлекетке түскен салық әлеуметтік қызметтерге жұмсалып, нәтижесінде қызметтер тұрғынға көрстетіледі. Ал екінші жағдайда, жұмысшы заңсыз түрде жұмыс жасап, ешқандай салық төлемейді , осының салдарынан ақшалай пайда тек бір тарапқа түседі-жұмысшыға, ал мемлекеттің бюджетіне мұндай үдеріс кері әсерін тигізеді, себебі әлеуметтік қызметтер үшін салық төлейтін адамдардың ғана тарапынан үлес қосылады, ал осының салдарынан еш салық төлемейтін жұмысшылардың тарапынан салық төлеушілерге әділетсіздік туындайды.

Гипотеза:

Егер Қазақстанға еңбек иммигранттары жұмыс жасау үшін келсе, заңды түрде тіркеліп қызмет жасаса, онда олар елдің экономикасына оң әсерін тигізеді.

Зерттеу әдісі:

Жұмыстың басты мақсаты- «Жалпы миграцияның және еңбек иммигранттары мен эммигранттарының жұмыс істеуге келген елінің экономикасына тигізетін әсері бар ма?» деген сұрақты талқылап, жауабын анықтау. Бұл зерттеудің әдісі-осы тақырыпқа байланысты әдебиеттерден ақпарат жинау және  тұрғындардың осы мәселе жайлы ойын білу мақсатында жүргізілген сауалнама болып табылады. Әдебиеттер сенімді ақпарат көздері сақталған сайттардан алынған, және ол ақпараттар менің зерттеу жұмысысмда талқыланады. Google Forms сайтында жүргізілген сауалнамадан 80 адам өтті және олардың жас шамасы 18-22 студенттер қатысты. Сонымен қатар, саясаттану пәні бойынша миграция тақырыбында мұғалімдер мен студенттер арасында бұл тақырып сараланып, оң және теріс жақтары талқыланды.

Зерттеу нәтижелері:

Зерттеу нысанының басты сұрағы еңбек миграциясының экономикаға әсері болғандықтан, алғашқы сұрақ еңбек мигранттары Қазақстанның экономикасына қандай әсер тигізетіні жайлы сұрақ болып,студенттердің басым бөлігі (48,5%) оң әсерін тигізеді, кейбір студенттер(36,4%) кері әсерін,қалғандары(15,2% ) ешқандай әсерін тигізбейді деп жауап берді. Бұл көрсеткіште оң әсерін тигізеді деген жауап көп болғандықтан, гипотезаның дәлелденуіне алғашқы негіз пайда болады. Сауалнамаға қатысушылардың жауаптарын ескере отырып, келесі сұрақта қандай әсерлерін тигізетіні жайлы ашық сұрақ қойылып, әр респондент өз  жауаптарын қалдырған және ол жауаптарды толығырақ саралап, талқылау бөлімінде  талқылауға  алынатын  болады. Ал келесі сұрақтың негізгі мақсаты, жергілікті тұрғындардың шет елден келген азаматтарға деген көзқарасын анықтау мақсатында қойылған болатын. «Сіз еңбек мигранттарының біздің елде тұрғанын қолдайсыз ба?»-деген сұраққа жауап берушілердің  60,6% -ы  қарсы болмаған, себебі еңбек мигранттарының да ақша табуға деген құқығы бар деп есептейді. Ал қалған жауап берушілер, яғни  39,4%-ы қарсы болды, қарсылықтың себебі, еңбек  мигранттары өз елінде  жұмыс жасауы керек. Еңбек мигранттарының әсерінен елде жұмыссыздық  пайда болу мәселесі туралы қойылған сұрақта , 59,1% адам мигранттар жұмыс орындарын иемденіп алады,  ал тұрғылықты халық шетте қалады деп жауап берген, 28,8% жауап берушілердің ойынша жұмыссыздық туындамайды, себебі екі таптың арасында бәсекелестік туындап, екі тарап та  көбірек жұмыс жасауға тырысады. Ал қалған 12,1%  жауап берушілердің жауаптарына сүйенсек, еңбек мигранттарының жұмыссыздық мәселесі туындауда ешқандай әсері жоқ. Жоғарыда көрсетілген сұрақтарды нақтырақ және толығырақ  талқылау мақсатында , талқылау  бөлімінде бұл мәселелерді ауқымды түрде көтеру керек.

1-cурет.Еңбек мигранттары Қазақстанның экономикасына тигізетін әсері.

2-сурет.Еңбек мигранттарының біздің елде тұрғанын қолдауы

3-сурет.Еңбек мигранттарының әсерінен елде жұмыссыздық  пайда болу мүмкіндігі.

Талқылау:

Бұл бөлімде «Еңбек мигранттарының ел экономикасына тигізетін әсері бар ма?» деген мәселені анықтау барысында жүргізілген зерттеу нәтижелері талқылауға алынатын болады. Сонымен қатар, гипотеза бөлімінде келтірілген тұжырымды дәлелдеу мақсатында аргументтер келтірілетін болады. Зерттеудің алғашқы сұрағы бойынша, жауап берушілердің басым бөлігі  оң әсерін тигізеді деп жауап берген. Бұл көрсеткіш  болжамның  ең алғашқы дәлелдемесі бола алады.  Екінші сұрақты талқылауға алатын болсақ,  ол сұрақ ашық болып, жалпы еңбек миграциясының  елдің экономикасына қандай әсерін тигізетіні жайлы   өз ойларын  жазуы  талап етілген.  Әр респондент  оң , теріс және  ешқандай әсерін тигізетінін ашық түрде жауап берген және сол жауаптарды саралай келе, ең маңызды, назарға алуға тиіс үш басты оң және теріс  факторларды бөліп шығаруға болады. Алдымен, экономикаға келтіретін оң әсерлерін талқылау керек. Алғашқы фактор- халықтың саны көбеюі, соның есебінен жұмыс барысы қарқынды жүруі. Әрине, бұл факторды тиімді деп қарастыруға болады, бірақ халықтың санын көбейту әдісі тек халық саны аз елдерге тиімді болып келеді, шет елден жұмысшыларды түрлі мемлекеттік бағдарламалар арқылы  тарту арқылы, оларды өз мемлекетімізде қалдыру арқылы жұмыс орындарын көбейтіп, оған қоса халық санын көбейтуге болады. 2017 жылғы санақ бойынша, Қазақстанда 18 млн-нан аса  халық тіркелген, ал “Knoema” көздерінен алған статистикаға сүйенсек, елге жыл сайын 159,81 мың адам көшіп келіп, жұмыс жасайды екен[4]. Бірақ елден кететін мигранттарды да ескере отырып, орташа есеппен ,жылына мигранттардың үлесі 1000 адамға 1,87 коэффицентпен көрсеткіш пайда болады. Сондықтан, халық санын көбейту мақсатында  иммигранттарды заңды түрде тіркелетіндей бағдарламалар өткізіп,  оларды жұмыс көзіне тарту керек. Осыған орай, негізгі оң әсерлерінің екіншісі туындайды, яғни иммигранттар өзінің еңбегі арқылы елдің экономикасының дамуына үлес қосады. Барлығы білетіндей,экономикалық дамудың басты көзі ақша және тауар айналымы, ал жұмыс орындары мен күштері көбейсе,сәйкесінше тұрғындар ақша табады және өз қажеттіліктерін өтей алатын мүмкіндік туады, соның әсерінен тауар мен ақша айналымға шығып, бұл үдеріс ұзақ мерзімді процесс ретінде  экономиканың дамуына өз үлесін қосады. Жауаптарына сүйене отырып шығарылған әсерлерден ең көп жазылуынан үшінші болған әсер-жұмыс берушіге пайда алып келеді. Бұл үдерісті экономикалық тұстан талдау қажет, нақтырақ айтқанда, бұл жағдайда өндіріс орнын ашқан адам белгілі бір мақсаттармен, өз өндірісін жүзеге асыру үшін кадрлар қажет етеді, шет елден тартылған мамандар көбінесе білікті болуының есебінен, ол мамандар  жаңа әдістер, идеялар алып келеді.  Мұндай мамандар жұмыс істеген компания сәйкесінше  жоғары дамиды. Компания табысы жұмыс берушіге түсіп отырады да, айналым тудыратын өндіріс орны экономикаға да оң әсер етеді. Жоғарыда талқыланған ең басты үш фактор гипотезаның дәлелденуіне тікелей негіз бола алады, себебі мигранттар заңды түрде жұмыс жасаса ғана экономиканы дамытуға үлес қоса алады. Бірақ, әрқашан да  бір мәселенің оң жақтары бола бермейді, сондықтан оны объективті түрде толықтай саралап, теріс тұстарын да ескеру керек. Мұндай кері әсерлер мигранттар заңсыз түрде  жұмыс істеуінен туындап отыр. Көп жағдайда  заңсыз түрде Қазақстанның ақша қорынан ақшаның бір бөлігін алып, шет елге жаратады. Бұл ақша айналымы болатын тізбектің бір  бөлігін алып тастаумен тең. Заңсыз әрекеттерді шешу мақсатында   кедендік орталарда әр келіп жатқан  азаматты қатал түрде тексеру керек.

Осыған қоса, жауап берушілердің 1\6 бөлігі ешқандай әсер тигізбейтінін жазған, себебі студенттердің жазуы бойынша жұмысшыларға кететін шығындар, олардың жасаған жұмысымен ақталады.

Жүргізілген сауалнамада тұрғындардың мигранттарға деген көзқарасын анықтау барысында «Сіз еңбек мигранттарының біздің елде тұрғанын қолдайсыз ба?» -деген сұрақ қойылды. 60,6%-ы «ия, олардың да ақша табуға құқығы бар» деп, қалған 39,4% бөлігі «жоқ, олар өз елінде жұмыс жасауы керек» деген ойда болды. Жалпылай, жоғарыдағы сауалнаманы саралай келе, студенттердің көп бөлігі еңбек мигранттарына қарсы емес, және олардың көп бөлігі иммигранттар оң әсер тигізеді деп санайды.

Қорытынды:

Талқыланып отырған мәселе қазіргі кезде өзекті және күрделі мәселе болып табылады. Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындылай келе, еңбек мигранттарының елге тигізетін әсері айқын екенін көруге болады, бірақ нақты әрі біржақты оң немесе теріс әсер тигізеді деп айту дұрыс болмайды, себебі бұл өте күрделі жүйе, оның тигізетін әсері қабылдаушы мемлекеттің жүргізетін саясатына байланысты. Нақты қорытындылай келе, заңды түрде жұмыс жасайтын ғана еңбек мигранттары экономикалық даму айналымының бір бөлшегі бола алады, ал ешқандай заңға бағынбай, заңңан қашып жүретін мигранттар экономикалық регресске әкеледі, мұндай регресстің алдын-алу мақсатында кедендік орталарды дамыту керек.

You May Also Like

«Ұлы даланың жеті қыры» – болашаққа бағдар, уорд

Мәтінмен жұмыс – функционалдық оқу дағдыларын дамытудың негізгі тәсілі

Тақырыбы: Мәтінмен жұмыс – функционалдық оқу дағдыларын дамытудың негізгі тәсілі Ұстаздық қызметтің…

Тың игерудің пайдасы

Тың игерудің пайдасы. Тың игеру Қазақстанда ерекше қарқынмен жүргізілді; 1) Тың игеру жылдары…

Тіс протездерін дайындау технологиясы бойынша дәріс, Доғалы протездерді дайындау. Доғалы протездердің құрам элементтері

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ Ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасы Тіс протездерін дайындау…