Тақырыбы: Мәтінмен жұмыс – функционалдық оқу дағдыларын дамытудың негізгі тәсілі

Ұстаздық қызметтің ерекшелігі – педагогтердің әр шәкіртінің жүрегіне жол таба білуінде, әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту үшін жағдай жасай алуында. Осы бағытта болашақ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде  өз мамандығыма  байланысты жобамды ұсынамын.

    Тақырыбы: Мәтінмен жұмыс – функционалдық оқу дағдыларын дамытудың негізгі тәсілі 

Мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұны аясына  болашақ маман ретінде  оқушылардың функционалдық оқу дағдыларын дамытуда әртүрлі мәтіндер ерекшелігін ашу, олармен жүргізілетін жұмыс түрлерін саралау.

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдендіру мәселелерін жүзеге асыруда мәтінмен жұмыс түрлерін жандандыру маңызды нысандардың бірі. Жұмыс барысында талдау, салыстыру, жинақтау, зертеу әдістері қолданылып, тақырыптың практикалық маңыздылығын арттыруға септігін тигізеді.

Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауының бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді.

Жалпы, мәтін деген не? Мәтін (латын сөзі – texts – тін, өрілім, бірігу сөздерінен шыққан «text» еуропа тілдерінде қолданылуда) термині лингвистикада, әдебиеттануда, эстетикада, мәдениеттануда, сондай-ақ, философияда кеңінен қолданылады.

Мәтін – өте күрделі тілдік құрылым. Осы құрылымды айқындайтын басты белгілері жүйелілік және тұтастық. Лингвистикада мәтін сөзі «байланысу», «бірігу» деген мағынаны білдіреді және ол сөйлегенде, жазғанда пайда болады да, қажетті біртұтас ойды аяқтайды.

Мәтін сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан тұрып, ол әртүрлі мазмұнға құрылады. Мәтінде оқиға хабарланады, баяндалады, әңгімеленеді, ал құбылыс пен зат сипатталады және суреттеледі.

Дәстүрлі білім беруде ертеден-ақ мәтіннің үш түрі ұсынылады: баяндау (әңгімелеу), сипаттау, пайымдау. Осындай үш түрге бөлінуі мәтінде көзделген негізгі мақсат пен сөз саптау тәсілімен байланысты.

Бұлардың алғашқы екеуінен сөйлеушінің қоршаған ортадағы заттарға қатынасы көрінсе, соңғысында оның табиғаттағы заттар мен құбылыстардың мәнін, орнын тануы мен бағалауы, өзіндік көзқарасы мен түсінігі баяндалады.

Баяндау мәтіні – нақты адам әрекеттері немесе нақты бір оқиғалар туралы хабарлай отырып, сол әрекеттердің, оқиғалардың, құбылыстардың даму ретін көрсететін мәтін. Баяндау мәтінінің мақсаты тыңдаушыны болған оқиға, әрекеттер туралы хабардар ету.

Сипаттау мәтіні – қоршаған ортадағы белгілі бір құбылысқа немесе затқа тән белгілерді сөзбен бейнелеп көрсететін мәтін. Мәтіннің бұл түрінде сол құбылыстың, заттың түрлі қасиеттерін, ерекшеліктерін анықтап айту не жазу көзделеді

Пайымдау мәтіні – белгілі бір ойды таратып түсіндіру, талдау, бекіту сипатында айтылатын мәтін. Пайымдау мәтінінің мақсаты – қоршаған орта туралы білгенін, көзқарасын, пікірін білдіру және тереңдету.

 

  Баяндау мәтіні Сипаттау мәтіні Пайымдау мәтіні
Анықтамасы Оқиғаны ретімен баяндау Зат немесе құбылысты суреттеу, сипаттау Оқиға не құбылыстың себебін дәлелдеу, пікір білдіру.
Сұрақтары Не істеді? Қайтеді? Қандай? Қай? Неліктен? Не себепті?
Құрылымы 1.Оқиғаның басталуы

2. Оқиғаның одан әрі дамуы

3.Оқиғаның аяқталуы

1.Түрі
2.Сипаты
3. Ерекшілігі
1. Дәлелденетін пікір
2. Дәлелдеу

3.Қорыту

Тілдік бірліктер Тірек сөздері

етістіктен болады.

Сөйлемдер тізбектеле

байланысады, мәтін соңына қарай негізгі

ой айтылады.

Сөйлемдер заттың түр- түсін, қасиетін, түрлі белгілерін

суреттейді.

Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады.

Ал қалған

сөйлемдерде сол ой дәлелденеді, соңында қорытындыланады.

Үлгі-мысал Көптен күткен көктемде келіп жетті. Наурыздың алғашқы күдерінен-ақ жылылқтың лебі есіп, күн шуағын мейірлене төге бастады. Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш. Өмір сүру ұзақтығы –100-150 жыл.Ол көктемде ерте бүршік атады. Жез киік – даланың ерке, сұлу аңы. Өйткені, ол туралы халық аузында неше алуан аңыз да, ертегі де көп. Жез киік алтындай жалтылдап, күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырады, сондықтан оқтан аман қалады екен.

Ал теориялық ғылыми-зерттеу тұрғысынан мәтіннің өзге де типтері, түрлері бар:

  • Сипаттау;
  • Баяндау;
  • Түсіндіру;
  • Дәлелдеу;
  • Нұсқау;
  • Келісім хабарламалар және  соңғы кезде жиі айтылып жүрген аутентті мәтіндер.

Халықаралық зерттеулерде, мысалы PISA-да,  оқушының сауаттылығын анықтауда ақпараттың мағынасын ашу және түсінік берудің үш негізгі параметрі бар. Солардың бірі – мәтін.

PISA форматындағы мәтін әртүрлі тәсілдермен (кітаптар, парақшалар, ғаламтор-форумдар мен жаңалықтар лентасы), нысандармен (көркем әдебиет, ғылыми-көпшілік мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызы бар оқиғалар туралы ақпараттар, кестелер, графиктер, диаграммалар, карталар) беріледі.

PISA мәтіндерінің ерекшеліктері оларды баяндаудың шынайылығында, яғни өмірден алынған мысалдар болуында. PISA зерттеуінің оқу сауаттылығы бойынша құрастырылған тест тапсырмаларында мәтіннің 4 түрі кездеседі.

Олар: тұтас мәтіндер, дискретті мәтіндер немесе жадағай мәтіндер, аралас мәтіндер, құрамдас мәтіндер.

Оқу сауаттылығында мәтіннің қомақты бірліктерін қамтыған көркемсөз мәтіндерінен тұратын «тұтас мәтіндер» болып табылады. Тұтас мәтіндер өзара сабақтасқан сөйлемдерден тұрады, олар бөлiмдер, тарау, кіріспе және кітаптардан топтастырылады. Тұтас мәтiндерге сипаттау, түсiндiру, дәлелдеу, нұсқау беру  жатады.

«Дискретті мәтіндер» немесе «жадағай мәтіндер кестелер мен сызбалар, графиктер, журналдың не кітаптың мұқабалары, карталар, диаграмма сияқты мәтіннің ақпараттық бірліктерінен тұратындықтан, басқа оқу дағдыларының әрекеттерін талап етеді.

«Аралас мәтіндер» «тұтас» және «дискретті мәтіндердің» ерекшеліктерін біріктіреді. Аралас мәтіннің вербалды және бейвербалды элементтері бір-бірін толықтырып тұратын сөз және сөзсіз көрсетілген элементтер арқылы ерекшеленеді.

«Құрамдас мәтіндер» мағына ғана емес, формат жағынан да әрқайсысы бір-біріне тәуелсіз әртүрлі /бірнеше/ мәтіндерден құрастырылады.

PISA халықаралық зерттеуіндегі оқу сауаттылығында берілетін тест тапсырмаларындағы мәтіндер келесідей форматтарда құрастырылады: тұтас мәтіндер – 39%, дискретті мәтіндер  – 30%, аралас мәтіндер – 23%, құрамдас мәтіндер – 8%

Мектеп оқулықтарында мәтін арқылы функционалды сауаттылықты дамыту мақсатында тапсырмалар түрлі жолдармен  ұсыналған. Өзіміз өткен іс-тәжірибемен байланыстыратын болсақ, оқулықтарда мәтінмен жұмысқа арналған түрлі деңгейдегі тапсырмалар берілген. Мысалы, 6 – сыныптың қазақ тілі оқулығында «Хан Тәңірі шыңы» тақырыбында Хан тәңірі шыңы жайлы мәтін ұсынылған. Мәтін бойынша түсінгендерін тексеру мақсатында ашық, ойландыратын сұрақтар  берілген:

1) Хан Тәңірі шыңы туралы бұрын естіген бе едіңдер?

2) Мұндағы ақ қар, көк мұз бен жасыл шырша, қызыл гүлдердің қатар тұруының себебі неде деп ойлайсыңдар?

Ашық және дәлелді жауап ететін осындай проблемалық сұрақтар оқушыларды ізденіске жетелейді. Сауатты түрде мәтінді меңгеруге баса назар аудартады.

Мәтінмен жұмысты  дамыту үшін, оқылым мәтінінен бөлек жазылым тапсырмасы берілген: күрделі сөздерді теріп, кестені толтыру. Бұл тапсырма арқылы оқушы қарастырылатын тақырыпты меңгерумен қатар, грамматикалық ережелерді де дұрыс қолдануға үйренеді.

Күрделі атаулар Мысалдар
Күрделі сан есімдер, сын есімдер мен етістіктер  
Есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктерден құралған күрделі етістіктер  
Еш, әр, әлде сөздері тіркескен зат есімдер  
Тұрақты тіркестер  

Тыңдалым материалы ретінде аудиожазба ұсынылып, мәтінді тыңдап, негізгі ойды анықтайтын сұрақтар құрастыру тапсырылған. Оқушылар сұрақтар құрастыру арқылы негізгі ойды анықтауға, түсінуге дағдыланады.

Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу ұсынылған. Бұл тапсырма оқушылардың сыни тұрғыдан ойлана білуге дағдыландырып, өздік  жұмыс жасауға үйретеді.

Қорытындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған мәтін бойынша жұмыс түрлері оқушылардың меңгерген білімдері мен біліктерін өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білу,  іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оны жетілдіру жолдары

Қарастырылатын сұрақтар:  Өндірістік құрылым және оның түрлері.  Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және…

Бюджеттен есеп айырысу есебі, дипломдық жұмыс

Жоспар: Кіріспе                                                                                                          Салық және салық салудың есебі 1.1 Салық туралы түсінік 1.2…

Никколо Макиовелли деген кім?

Никколо Макиовелли  Никколо Макиавелли –саясатты қазіргідей тусінуге мол улес қосқан Италияның  XVI…

Математика пәнінен презентация