Никколо Макиовелли 

Никколо Макиавелли –саясатты қазіргідей тусінуге мол улес қосқан Италияның  XVI ғасырда өмір сурген ойшылы.Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді.Саяси зерттеулердің өзегі етеп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға тусірудің, пайдаланудың неше турлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соныңарқасында саясаттануды біздің қаіргідей түсінуімізгге жолашылды.

Оның негізгі идеясы — мемлекетте адамдар арасындағы жеке қатынастарды реттеуші этикадан басқа принциптер болуы керек. Негізгі бағыт — билікке жету және реттеу. Сондықтан, Макиавелли бойынша, басшы жағдайға байланысты әрекет етуі қажет. Макиавеллидің («Тит Ливийдің бірінші декадаға ой-толғаныстары», «Әмірші», «Әскери өнер туралы» және т.б.) шығармалары Жаңа дәуірдің саяси-құқықтық идеологиясына негіз болды. Макиавелли:

Өткенді зерттеу — болашақты болжауға немесе көнелердің мысалымен осы шақтағы пайдалы іс-әрекеттердің құралы мен тәсілдерін анықтауға мүмкіндік береді”

— деп түйді. Макиавелли мемлекетті (оның нысанына қарамастан) үкімет пен азаматтар арасындағы олардың қорқуы мен жақсы көруіне тірелетін қатынас ретінде қарастырды. Егерде үкімет қастандықтар мен наразылықтарға итермелемесе, егерде қол астындағы азаматтардың қорқуы өшпенділікке, ал жақсы көруі жек көруге айналмаса, онда мемлекет мызғымайды деп жазады.

Макиавелли ілімінің ерекшелігі оның аралас республиканы күресуші әлеуметтік топтардың ұмтылыстары мен мүдделері келісімінің нәтижесі және құралы деп есептеуінде.

Макиавелли халықтың бұзылғандығы туралы тарихшылардың ортақ пікірін жоққа шығаруға тырысты. Бұқара халық өміршілерден гөрі тұрақтырақ, адал, дана және пайымдағыш. Егерде жеке билеуші өмірші заңды дұрыс құрса, жаңа құрылыстар мен жаңа мекемелерді қуратын болса, халық сол құрылған құрылысты сақтайды. Халық жалпы мәселелерде көп қателессе де, жеке мәселелерде өте сирек қателеседі. Ақсүйектердің халықтан айырмашылығы бар, оны Макиавелли мемлекеттің болмауы мүмкін емес және қажет бөлігі деп санады. Аристократтар қатарынан көптеген мемлекеттік қайраткерлер, лауазымды адамдар, әскери басшылар шығады. Макиавелли саясаттың маңызды күралы деп дінді санады.

Макиавелли шығармалары әлеуметтік ойлардың кейінгі дамуына орасан зор ықпал етті.

 

 

You May Also Like

Мамандық таңдау – ертеңді ойлау, презентация

Есекжемге сүйелшөп пайдалы

Сүйелшөп (чистотел) – адам ағзасына пайдалы емдік өсімдіктердің бірі болғандықтан тамыры, сабағы…

Әр түрлі фондағы натюрмортты қағаз бетіне тиімді орналастыру

Тақырыбы: Әр түрлі фондағы натюрмортты қағаз бетіне тиімді орналастыру Мазмұны  Кіріспе……………………………………………………………………………………………………… Тарау…

Түйе туралы толық ақпарат

1 билет 1.Түйе шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы. Мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі.…