Сүйелшөп (чистотел) – адам ағзасына пайдалы емдік өсімдіктердің бірі болғандықтан тамыры, сабағы мен жапырағын пайдалануға болады. Медициналық зерттеу барысында сүйелшөп өт айдайтын және бактерия мен қабынуға қарсы жақсы күресе алатынын зерттеген. Оның құрамындағы хелидон-ауруды басады және тыныштандырады, хелеритрин – тітіркендіреді, сангвинарин — ішектің жиырылуы мен сілекей секрециясын азайтады, протопин-вегативтік жүйке жүйесінің белсенділігін төмендетеді, гомохелидонин – қалшылдататын улы және өте күшті анестетик (ауырсынуды жоятын). Сүйелшөп шырыны аденоид, гайморит, сүйел, түймешік (полип), қызыл иек, іріңдеу, безеу, қышыма, есекжем, сыздауық, безгек, қырынғаннан кейінгі терінің тітіркенуі, терінің сүтке, күнге, химиялық заттарға, отқа және буға күюінде пайдасы зор.
Тері ауруларында: ауырған жерге шырынын қалың етіп жағады.
Тұмау, гайморит, түймешік дертімен ауырғанда мұрынға 2-3 тамшыдан тамызады, 5 минуттан соң тағы қайталайды. Қызыл иек ауруында күніне 2-з рет сүйелшөп шырынымен қызыл иекті сүртеді. Болмаса шырынды ауызда 20-25 минут ұстап тұрады. Қалқанша безі мазалағанда 2 ай бойы күн сайын тамақтан 10-15 минут бұрын 1/2стақаннан тұнбасын ішіп отырады. Есекжем шыққан жерді шырынымен сүртіп, 3-5 минут сіңдіреді және тамақтан 10-15 ! минут бұрын тұнбасын ішеді.

Ескерту!
Эпилепсиямен ауыратындарға бұл өсімдікті пайдалануға мүлдем болмайды.

63 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Қазақстандағы психология ғылымының қалыптасуы мен дамуы

КІРІСПЕ Зерттеу көкейкестілігі: XX ғасырдың соңғы жылдарында және тәуелсіздік жария­лан­ғаннан кейін ұлттық…

Кәсіби шеберлік білім сапасының кепілі жоба

Мен Унгарбеков Қырымбек Мұратұлы Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» 2…

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы–осы жылдың басты ерекшелігі шығарма

Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы–осы жылдың басты ерекшелігі  Қазақтың ұлы ақыны Абай…

Мұхтар Әуезовтың «КӨКСЕРЕК» повесіндегі Көксерек образының жасалуы

МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «КӨКСЕРЕК» ПОВЕСІНДЕГІ КӨКСЕРЕК ОБРАЗЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ Әлемдік әдебиетте жануарларды символдық бейне…