Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы–осы жылдың басты ерекшелігі 

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы атамыздың да 175 жылдық мерейтойы келіп жетті. Осы жылдың басты ерекшеліктерінің бірі деп ойлаймын. Абай Құнанбайұлы  ағартушы, ойшыл, ғұлама, ақын, және композитор. Абай атамыздың өлеңдері, шығармалары және қара сөздеріне зәр салсақ бір бөлек әлемге кіріп, ойланып кетеміз.  Абай – туған жерін, елін, дінін, тілін жақсы көретін нағыз дана ақындардың бірі. Ұлы ойшыл ұлттың өресін өсіруді көздеген және сол үшін білімнің ауыр азабын арқалаған.  Абай атамыз шығармаларындағы әрбір жастың бойына халқына, елі мен жеріне деген патриоттық сезімді орнықтырады. Сондықтан Абай өлеңдерін, шығармаларын, қара сөздерін яғни еңбектерін жастарымызға, келе жатқан ұрпақтарымызға санасына сіңіріп,  бір маңызды қадам ретінде жаңғырту керекпіз.  Абай өз  елін халық өркениетті қатарына қосуға тырысқан ақындардың бірі десекте болады. Қазақтың рухын  жоғары көтерген дана Абай атымыз еді.

Абай – ақын, Абай дана деп бекер айтпаған. Қазағымыздың мақтанышымызға айналған халқымыздың  ұлы ақыны,  ғұлама  Абай Кұнанбайұлының 175 –жылдығына орай  бұрын  –  соңды болмаған  Абай атамызға  тікелей байланысты ойынның құндылығы артуда.  Әрине де, ол Абай атамыздың сүйікті ойыны тоғызқұмалақ.  Абай  қазақ балаларын оқуға, білім – ғылыммен айналысуға,  дамуға және құндылықтарың бойға жинауға шақырғанын білеміз. Абайға өмірден озғанына қаншам ғасыр, жылдардан  астам уақыт өтсе де оның бейнесі біздің  әрдайым жүрегімізде.   Дана ақынымыз келе жатқан ұрпақты «жүрегімнің қуаты, перзенттерім» деп бағалаған еді. Еліміз  егемендік алып,  тәуелсіз туымыз төбемізде желбіреп, Абайдың ойшыл жырларының құндылығы артып келеді. Абай шығармашылығы тек қазақ халқының ғана мұрасы емес. Шетелдіктер де  қазақты Абай арқылы танып, ақынның жырлары арқылы бағалайды.   Абай атамыз қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырады.  Сондықтан азаматтарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу болсын десек ақынның өлеңіндерінен жалықпаған жөн деп ойлаймын. Ұлы ақын халқықты ғылммен айналысуға үндеген, және келер ұрпақты парасытылықппен  білімге шақырған. Абайдың өлдеңдерін, шығармалыры мен қара сөздерін оқысақ ойымыз өзгеріп, алға қарай ұмтылуымызға шабыт береді десемде болады.    Ұлы ақын ұлттың кемшілігін қатты сынасада, тек бір ғана ойды ойлаған – қазағын,  халқын төрге жетелеуді мақсат ету.   Қазіргі өркениеттің мемлекеттердің барлығы  тарихи тұлғалармен  мақтана алады. Олардың қатарына көптеген қоғам – қайраткерлеріміз, саясаткер және ақын – жазушыларымыз сияқты майталмандарымыз бар.   Қазақ жұрты да біртуар перзенттерден кенде емес. Солардың ішінде Абай атамыздың орны ерекше. Абайды өз заманындағы халықтың ұйытқысы мен жанашары және еңбекқорлықтың мотиваторы деуге болады.  Ұлы ойшыл шығармаларында казақ халқының әлеуметтік және  қоғамдық мәселелерін арқау еткен.   Яғни Абайды  алаңдатқан қазақтың жаппай кедейленіп кетуі, қайыршылыққы салынуы, патша үіметінің озбырлығы. Сондықтан Абай бұл қорлыққа шыдамай өзінің өлеңдерінде сол туралы тілге тие кеткен, және қол ұшын созбаған сараң байларды да қоса кетті.  Абайдың  кіршіксіз ақ жүрегімен тамаша шығармалары, тебіреткен сансыз ойлары, қарасөздері маржандай төгіліп, оның әрбір айтқан сөзінең жылы лебі сезіледі.  Ол леп өткен заманның тынысы болса да, жүрегімізге қонымды. Өйткені, Абай тынысы –  дербес ел атанған, басқа елдермен терезесі тең болған, кең байтақ Қазақстанның, қазақ халқымыздың тынысы ғой.

«Өлді деуге сыя ма, ойландаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», – деп ақынның өзі айтып кеткендей, Абай бүгінгі жалынды жырларымен, жарқын бейнесімен, нақыл сөздерімен бізбен жасасып келеді.  Абай атамыз өзінің өлеңдерін жинаған емес. Оларды бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бергіп отырған. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендерге, көшелер мен университеттерге берілген. Абай нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған жоқ,  бірге cол мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берген ақындардың бірі. Абай атамыз отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады және қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалаушысы болып табылады. Ақынның   әдеби мұрасы тек бір ғана халықтың  емес, бүкіл адамзатты рухани қазынасы болып саналады.  Ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу біздің еліміздің әлемде танылуына тың серпін беретініне сенімдімін. Абайды өз заманыңдағы  ұлтжанды ақындардың бірі десекте  болады. Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер және күллі адамзат баласына ақыл – ойдын жемісін сыйлаған ақын. Абай – қазақ халқының рухани қазынасына  үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұлан – ғайыр еңбек еткен данагердің бірі.  Абай   – әлемдік  деңгейдегі ойшылдардың  қатарындағы  ғажайып тұлға. Шынында да, дана ақынның шығармалары тек қазақтың  ғана емес бүкіл адамзат баласының рухани өмірін жан – жақты байыта алады.  Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз жол. Абайдың өсиет-өнегесі 21 ғасырдағы жаңа Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді.

You May Also Like

Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы емдік дене шынықтыру

Жоспар І кіріспе: ІІ негізгі бөлім 1. Тыныс алу жолдарының ауруларындағы Емдік…

Қазіргі замандағы этиканың дамуы

Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын…

Отбасылық өмірге жастардың даярлығы

Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде…

Әлихан Бөкейханов тұлғалық образы идеялық әлеует қалыптастыру ретінде, баяндама

Баяндама ТАҚЫРЫБЫ: Әлихан Бөкейханов тұлғалық образы идеялық әлеует қалыптастыру ретінде Еліміз тәуелсіздігімізді  жариялап, …