МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ «КӨКСЕРЕК» ПОВЕСІНДЕГІ

КӨКСЕРЕК ОБРАЗЫНЫҢ ЖАСАЛУЫ

Әлемдік әдебиетте жануарларды символдық бейне деңгейінде өзінше өрістетіп, пайдаланған туындылар көптеп саналады. Фольклорлық дүниелер мен қоса М. Әуезов әлем прозасының дәстүріне де иек артқан. Лев  Толстойдың  «Булькасы», А. Чеховтың «Аққасқа», «Каштанкасы», Джек Лондонның «Ақ азуы», У. Флобердің «Аю» т.б шығармалары жануарлар өмірінің ішкі әлемін баға отырып жазылған дүниелер. «Көксерек» те осылар деңгейлес шығарма.

«Көксерек» әңгімесі – адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған.Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған.[1]

Қазақтың Ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің “Көксерек” әңгімесі – ең таңдаулы шығармаларының бірі. Мұнда қасқыр – табиғат – адам мәселесі сөз болады. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін  ойрандап, оның күшігін өз ортасынан бөліп әкетіп, ауыл тұтқыны етті. Сөйтіп өздері қолдарымен жасаған қиянаттың зардабын тартты.

Өмірлері үнемі жортуыл мен түзде өтетін қасқыр аңын қолға үйрету мүмкін емес еді. Табиғаты ерекше жат мінезді Көксеректі ауыл иті ету,өсіру – адамдардың үлкен қателігі болды. Жазушы Көксеректің жетіле келе өз маңайына үйренісе алмай, адамдарды жақтырмай, ауылдан қаша бастауын білгірлікпен суреттей отырып, кейіннен оның өз ортасына қосылатындығына оқушының көзін жеткізді. Кейіннен ауылдан біржола кетіп, ұяластарына қосылып, тағылық істерге баруы,  ауыл адамдарының мазасыздағы мен Құрмаштың өлімі-оның шын мәнінде табиғаты өзгеше жабайы аң екендігін көрсетті.

Бұл әңгімеде түз тағысы қасқырлар мен адам арасындағы қарым-қатынастын бұзылуы мен іс-әрекеттеріндегі ұқсастық шынайы суреттелген. Адамдар дала тағысынан да асқан қатігез, қиянат істерге бара алатындығы көрсетілген. Расында да, адамдардың кейбірі өзінің өскен ортасына, бары мен нәрін алып отырған табиғат-анамызға  көп қиянат жасауда. Ал жазушының Мұхтар Әуезов осы  “Көксерек’’ әңгімесінде қасқырлар өмірін суреттей отырып, оның өз мінез-құлқы, өзіне тән табиғат қасиеттері барлығын баса көрсеткен.[2]

М. Әуезовтің «Көксерек» повесі – өзінің проблемалық өзектілігі жағынан, тақырыптық ерекшелігі жағынан бітімі бөлек шығарма. Әңгіме сол дәуірде үлкен бағыт алған адам-табиғат тақырыбына құрыла білген. Бұл, расымен де ұзын сонар тақырып екені белгілі. Және де дәл сол шығармаларды оқу арқылы да жазушы шабыт алғанын көреміз. Шығарманың көркемдік деңгейі аса жоғары болмаса да, типтік образ жасау, қазақтың қарапайым қойшы баласын – Құрмашты жасауы үлкен құбылыс десек болады. Ал табиғаттың рөліне көшкен Көксерек ше? Көксерек десе кез келген қазақтың тітіренетінін, қозатынын жақсы білеміз. Мұндай ірі образ жасаудың өзі  шеберлік. Шығарма тақырыбы мен тематикалық проблематикасы және оның қазақы таным-ұғымға ыңғайлана құрылуы үлкен жетістік деп білеміз. Шығармада тек табиғат-адам қатынасын ғана емес, сонымен бірге әке мен баланың арасындағы текетірестің де, қас пен дұшпан арасындағы араздық та көрсетілген. Бұл – үлкен адамзаттық мәселелер екенін белгілі. Қасқырлардың өз ішінде бір-бірін жеп жатқанда, қасқырдың адамға шаппауы мүмкін емес. Құрмаш өзінің хас жауы қасқырды аяғаны үшін де құрбан болып кетті. Дұшпанға аяушылық білдіру керектігі де байқалады бұл жерде. Әкенің, яғни Құрмаштың ағасы – Қасеннің де, әжесінің де ескертпелері еш әсер етпейді. Үлкендер қауымы мұның жаман іс екенін жақсы білді, себебі шынайы өмірдің қандай екенін түсінген жандар. Ал Құрмаштың барлық адамға, көпшікке, қарсы келуінің өзі ажалға қарсы келу болатын. Соңында ажал құшады, мұны шығарманы басыннан бастап аңғаруға болады. Шығармада, сонымен қатар, Шығыстағы Шыңғыстаудың табиғаты жақсы суреттелген. Әсіресе, қасқыр мінезді бұл табиғаттың тылсым сипаты шығарманың көркемдік көрінісін одан әрі аша, айшықтай түсті. Шығармада шындық та жазушы Мұхтардың өз өмірінен алған, ал жазушының өмірдегі шындығы да дәл осы Шыңғыстауда болған оқиға болатын. Жазушының «Көксерек» шығармасын ерекше шығармалар қатарына қоса отырып, іргелі, классикалық туынды ретінде қарастыруға болады.

«Көксерек» повесі реалистік әдебиет дәстүрі тудырған  мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Бейнелеп отырған болмыстың қыр сырын болжайлай таныған суреткер, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кескінін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан. Бұл образ табиғатына сандық белгіден гөрі сапалық ерекшелік хас екендігін айқындап, әсемдіктің гармонияға, симметрияға, тұтастыққа кіндіктестігін тағы да тиянақтай түседі. Повесть шағын-шағын сегіз тармаққа бөлінген. Бұлар дөңгеленіп, аяқталған сом сурет, өз алдына жеке картина іспетті, әрқайсысында әр түрлі баяндау, суреттеу тәсілдері қолданылған. Адам – бөлтірік – орта. Бұл үшеуін автор диапектикалық байланыста бейнелеу үшін, қажетіне қарай баяндау әдісін құбылтып, өзгертіп отырады. Кісі қолында өскен қасқыр күшігінің қалыптасуында қоршаған орта ықпалы бірінші қатарға шығарылады.

Қандай шығарма болсын, белгілі пікірді – идеяны үндейді.Идеясыз көркем шығарма болмайды.Тақырып, оқиға және оның құрылысы,шығармада қатысушылардың араларындағы тартыс,оларды суреттеу әдістері – түптеп келгенде, жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағынады. «Көксерек » әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи, қасиеттерін тақырып етіп алып, айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы, өзіндік ерекшелігі бар, оны адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды білдіреді.Сөйтіп, бұл шығармада Мұхтар Әуезов табиғат пен адам арасындағы байланысты, түсіністікті негізгі идея етіп көрсетеді.

Қандай шығарма болмасын, идеяны таныту үшін жазушы шығармадағы суреттелетін өмір құбылысын, күрес-тартыстарды образ арқылы оқушылардың көз алдына елестете, ой сезіміне әсер ете отырып, оларды (оқушыларды өзі меңзеген бағытқа жетектейді).Айталық, көзін де ашып үлгермеген шақта қолға түскен Көксеректі жетіле келе адамдарды жақтырмай, ауылдан қаша бастауын, оның себептерін соншама білгірлікпен суреттеуі Көксеректің түбінде өз ортасына қосылуына оқушының көзін жеткізеді.Сол арқылы жазушының айтайын деген ойын да байқауға болады.Сөйтіп тақырып жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея- жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.

Бұл хайуанаттар туралы шығармаларда әжептәуір тиянақталған мотивті  Әуезов қазақ топырағына, көшпелі сахара шындығына сәйкес әуенде шертеді. Бөлтіріктің өсуін бейнелегенде, автор натуралистік, зоологиялық өзгерістерді жіпке тізіп жатпай, мінез ерекшеліктеріне, сыртқы ықпал әсерінен болған жәйттерге назар аударады. Көксеректің үлкен иттерден, қатын-қалаштан көрген жәбір-жаласы ішіне шемен болып қатып, жалғыз Құрмаш қамқорлығы жүректегі мұзды жібіте алмаған. Повесть сюжеті Құрмаш өлімімен тиянақталып тұр. Шығарманы осымен бітіруге болатын еді, бірақ өйткен күнде, жазушы позициясы, авторлық мұрат көмескі тартып кетері сөзсіз. Зұлымдыққа, озбырлыққа қарсы тұрар, оны жеңер күш бар деген сарынды Әуезов әдіптей түседі. Рас, Аққасқырдың әрекет, кимылы көзге елестердей жанды кейіпте емес. Сырт пошымы да жақсы есте қалмайды. Мұның есесіне соңғы бөлімде  Көксерек ізіне түсуі әсерлі баяндалған.

Талай иттің мойнын бұрап, мал атаулыға қырғидай тиген Көксерек әлі де осал еместігін көрсетеді. «Ауылға әкелгенде Құрмаштың әжесі боздап келіп: – Қуарған-ай, неңді алып ем?.. Не жазып едім? Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным? – деп елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басқа тепті». Ана кесімі – Көксеректі басқа тебуі. Жазушының гуманистік идеалын да осы орайдан іздеуіміз керек. Адам қолында өскен, бірақ адамға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп, жара сапған көкжал сол адам қолынан өлім тапты. Образды ой символдық ойға, әуенді сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы шындықты қанық бояу, айқын колоритпен бейнелеген «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған.

«Көксерек» әңгімесінің көк тәңірісіне қарап ұлитын символикасы да, оның тілмен айтып жеткізгісіз трагедиясы да сонда еді.[3]

Фолкнердің «Аю» повесіндегі аңның өлімі өркениеттің басы-көктеп, орман тоғайды жойып, өзендерді ластап, табиғаттың тозуын бейнелейтін қарғыс тәрізді болса, М.Әуезовте жыртқыштың күйреуі ұлттық тағдырды кестелейді.Бұл сейілмейтін мұң, қара көзден ақ қан қанды жас, тексізденіге, тобырландыруға,глобализацияға үкім етілген ұлттық қайғы – қасіреті мен бейнетін мазалайтыны хақ.

Көксеректің аталы ана тілге ата – баба поэзиясынан төнген рухани апат болатын,атасы – қазақша, баласы – орысша, немересі – ағылшынша сөйлеуге жазған құлдық психологияның зіл – батпан салмағын ауырсынудан туған зарға ұқсайтын.

Үмітсіз шайтан Абайы: Мұхтары бар ұлт өз болмысын, рухани қазынасын сақтап қалмаққа ұлтымыздағы қазақ қанымызға үміт отын жандырарына шүбә жоқ.

«Көксеректегі» жазушының сүйіп жазған сөзі – көк.Көк күшіктер өмірдегі құштарлықтың тұспалына айналды.Көк сөзі қазақта тәңір, аспан, табиғат, шөп, от, кие, қасиет деген ұғымдардың да синонимі екені белгілі.

Мұхтар Әуезовтың шығармашылық ұстаханасына үңіліп, ондағы жазушылық шеберліктің тамаша үлгілерін танып-білуде, қаламгердің күрделі сценаларды реалистік тұрғыда жасайтынын дәлелдеуі үлкен еңбектің, қажырлы ізденістің жемісі. Оны ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Рымғали Нұрғали терең теориялық біліммен, түрлі ағымдардың ара жігін дәл ажыратып, әлемдік әдеби дәстүрмен сабақтастыра отырып қараған. «Әуезов әлемі – Шығыстың ежелгі өнері мен Батыстың алдыңғы қатарлы мәдениетінің тоғысуынан туған дүниежүзілік мәні бар құбылыс. М.Әуезов өнері-қазақ халқының қайта түлеу заманында туған өнер»  деп түйді. [4]

«Көксерек» әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттерін тақырып етіп алып, айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы, өзіндік ерекшелігі бар, оны адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды көксейді.Әңгімеде қасқыр, табиғат, адам мәселесі сөз болады, жаратылыстағы адам мен табиғат теңдігінің қатынас дәрежесі көрсетіледі. Адамдар табиғаттың өз заңдылығына қарсы шығып, қасқырлар мекенін ойрандап, оның күшігін енесінен айырып, ауыл тұтқыны етті.

Бұл хайуанаттар туралы шығармаларда әжептәуір тиянақталған мотивті Әуезов қазақ топырағына, көшпелі сахара шындығына сәйкес әуенде шертеді. Образды ой символдық ойға, әуенді сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы шындықты қанық бояу, айқын колоритпен бейнелеген «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған.

You May Also Like

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония және өзге де Азия елдері 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония және өзге де Азия елдері  Жапония Екінші…

Пародонт ауруымен ауыратын балаларды емдеуде физитерапиялық әдістерді қолдану

Жоспары І Кіріспе ІІ Негізі бөлім 1.Физиотерапиялық әдістердің түрлері. 2.Физиотерапиялық әдістердің сипаттамасы.…

Студенттің өндірістік тәжірибе жөнінде көзқарасы және оны жақсарту жолдары

Студенттің өндірістік тәжірибе жөнінде көзқарасы және оны жақсарту жолдары Өндірістік-технологиялық тәжірибемді мен…

Екінші ретті дифференциалдық теңдеулердің кейбір түрлерін шешуге мүмкіндік туғызатын шарттарды айқындау

ЕКІНШІ  РЕТТІ  ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ  ТЕҢДЕУЛЕРДІҢ  КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН  ШЕШУГЕ   МҮМКІНДІК  ТУҒЫЗАТЫН  ШАРТТАРДЫ АЙҚЫНДАУ Дифференциалдық…