Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапония және өзге де Азия елдері 

Жапония

Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуынан бұрын Жапония 1936 жылы қарашада Германиямен “Антикоминтерндік пактіге” қол қойды. 1937 жылы шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 жылы Қытайдың неғұрлым дамыған шығыс бөлігін толық басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияғашабуыл жасауға дайындалды. Бірақ 1938 жылы шілдеде Хасан көлі жағасында, 1939 жылы мамыр — тамыз айларында Халхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар “оңтүстік” бағытта, яғни еуропа мемлекеттер мен АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті. 1940 жылы қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстік басып алды. 1941 жылы 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан, америкалықтардыңГавай аралындағы негізгі соғыс базасы Перл-Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдың орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты,Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс). 1945 жылы 6 — 9 тамыз күндері Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 жылы 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Маньчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні (1945) Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды. Елге одақтастар атынан АҚШ әскерлері басып кірді. Жапония барлық отарларынан айырылып, ел экономикасы аса қиын жағдайда қалды. 1947 жылы 3 мамырда жаңа Конституцияқабылданды. 1946 — 1949 жылы аграрлық реформа жүргізіліп, мемл. аппарат пен ағарту саласы демократияландырылды. Жүргізілген реформалар елдің әрі қарай жедел дамуына мүмкіндік туғызды. Корея соғысына (1950 — 1953) қажетті әскери тапсырыстың күрт артуы өнеркәсіптің жедел дамуына алып келді. Сөйтіп, 1950 жылдардан бастап экономика тез арада көтеріліп, 60-жылдардың аяғына таман Жапония дамыған елдер арасында АҚШ-тан кейінгі 2-орынға шықты.

Қытай

1930 – 36 жылы Гоминьдан өкіметі солтүстікке үздіксіз жорықтар жасап, Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) базасын жойып жіберуге тырысты. 1931 жылдан бастап Жапония Қытайды жаулап алуға кірісті. Солтүстік-шығыс Қытайды басып алған жапондар орталық аудандарға ұмтылды. 1937 жылы шілдеде Жапония Қытайды толық жаулап алу үшін шабуылға шықты. Олар Солтүстік, Орталық Қытайдың едәуір бөлігін және Оңтүстік Қытайдағы теңіз порттарын басып алды. 1945 жылы 8 тамызда Кеңес өкіметі Жапонияға соғыс жариялап, Солтүстік-Шығыс Қытайды және Ішкі Моңғолияны азат етті. КСРО жапондардан қолға түскен қару-жарақтар мен әскери техниканы ҚКП-на беріп, оны күшейтіп жіберді. 1946 жылы басталған ҚКП мен Гоминьдан өкіметі арасындағы азамат соғысы, 1949 гоминьдан әскерлерінің талқандалып, Тайвань аралына қашуымен аяқталды. 1949 жылы 1 қазанда Қытай Халық Республикасы жарияланды.

Үндістан

1939 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталған күні вице-король Линлитгоу Үндістанды соғысқа қатысушы ел деп жариялап, британдық  үнді әскерлерін әр жақтағы майданға аттандыра бастады. Оның құрамында 1,5 млн үнділіктер болды. Бірден «Үндістанды қорғау туралы» заң бекітіліп, елде әскери тәртіп орнатылды. Осыған орай арнайы салықтар салынды, қорлар ұйымдастырылды. Ереуілдерге шерулерге жол бермейтін болды. Баспасөз бақылауға алынды. 1940 жылы қазанда Ганди жекелеген сатьяграха жүргізу туралы шешімін жария етті. Оны қалың жұрт қолдай түскенде отапршылдар жазалау әдісіне жүгініп, отансүйгіш үнділіктерді қамауға алды. 1942 жылы тамызда ҮҰК-ке итыйм салынды. М. Ганди, Дж. Неру, В. Патель, т.б. ұсталды. Бірақ елде оған қарсы жаппай ереуілдер мен толқулар басталды(Тамыз революциясы).

Үнді конгресі жетекшілерінің бірі С.Ч. Бос өзі құрған  «Форвард блокпен» Германия мен Жапонияны қолдап, солардың көмегімен ағылшын үстемдігінен құтылу мүмкіндігін іздеді. Сонымен бірге «Жаудың жауы бізге дос» ұстанымына сүйенгендерді жақтады. Ол 1941 жылы көктемде Еуропаға сапар шегіп, Берлинде қабылданды,  немістер Босты Жапонияға жеткізді. Жапония қодауымен Оңтістік- Шығыс Азияда Үнді азаматтық армисы құрылып, ағылшындарға қарсы соғысты. 1944 жылы Бос армиясы Бирмадан өтіп, Үндістанға енгенді Британ үнді әскерлері оған тойтарыс беріп қолға түсірген. Бос 1945 жылы тамызда ұшақ апатынан қаза тапты.

Үнді комунистері 1939-1941 жылдары Германияны жақтап келді. Өйткені ол саясатты КСРО және Коминтерн ұстанды. Ал Германия КСРО-ға қарсы шабуылға шыққанда, Үнді компартиясы Англияны қодай бастады. Соған орай 1942 жылы тамызда ағылшын өкіметі оған ашық қызмет атқаруға рұқсат берді.

Соғыс басталысымен Үндістанда ірі ереуілдер ұлғая түсті. 1939 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында Бомбей, Канпур, Патна, Мадрас қалаларында жүзден аса ереуілдер ұйымдастырылды. Келесі жылы ереуілдерге қосылғандардың саны жарты миллионға жуық болып, жұмысшылар талаптары күшейе түсті.

1941 жылы жазада Еуропадағы жағдай мүлдем өзгерді. Германияның КСРО-ға қарсы шабуылы Үнді солшыл күштер арасында жаңа көзқарас туғызды: енді олар Англияны қолдауға шақырды. Конгресс болса өз ұстанымынан қайтпады. Ал 1941 жылдың соңында Жапония АҚШ-қа қарсы шабуылға шығып, Тұнық мұхит соғысы басталды. Ол ағылшындарға да қауып төндіріді.

Елдегі толқулар жалғаса берді. 1942 жылы оқиғалар жағдайды қиындата түсті. Азиядағы соғыс қимылдары Үндістан шекарасына жақындады. Ганди 1942 жылы сәуірде «Үндістаннан кетіңдер!» деген ұран тастады.Шілденің 6-шы жұлдызында ҮҰК елді жапондықтардан ағылшын-үнді толқулар басталуын күтпей-ақ, отаршылдар ҮҰК-ті жауып, оның мүшелерін қайтадан қамауға алды. 2 мың адам оққа ұшып, 60 мыңдай адам абақтыға қамалды.

Ереуілдер, толқулар, ашаршылық, бағаның тым өсуі ел жағдаын әбден нашарлатты. 1943-1944 жылдары аштыққа қарамстан, Үндістаннан 1 млн астық шетке кетіп жатты. Азық-түлік бағалары 10 есе қымбаттап кетті. Ашаршылықтан 5-6 млн адам қырылып қалды. Ағылшындардың қысымы тұрмыстың нашарлауы мен саяси ұйымдапрдаң араздасуы ереуілдердің бәсеңдеуіәне әкеп соқты. Сонда да ағылшындар билігі төмендей берді. Беделден жұрдай болған Линлитгоу орнына жаңа вице-король А. Уэйвелл тағайындалды. Ол келемсі жылы мамырда ҮҰК жетекшілерін қамаудан босатып, ел мәселесін қарастыру туралы келіссөздер жүргізді. Ағылшындардың араласуымен М.К. Ганди мен М. Жинанның пікір алмасуы 1944 жылы өтті. Онад МЛ жетекшісі тәелсіздк мәселесін қарастыру алдында жеке пәкістан мемлекетін құру туралы уағдаласуды жоспарлады. Конгресс партиясы оны тәелсіздікке жеткен моң плебесцит арқылы реттеу керек деген пікірде болды. Екі саяси күш келіссөздері 1945 жылы көктемде мынандай келісіммен аяқталды: Уақытша үкімет құрамында әр партия 40 % орынды иеленеді, қалған 20 % орын кесапаттыларға, христиндарға, парсыларға, сингтерге тиесілі болды. Ал елді екіге бөлу туралы мәселені қарастыру Үндістанның саяси мәртебесін реттеген соң кейінге қалдырылды.

You May Also Like

Криптовалюта – деньги будущего Научный проект

Актуальность: Сегодня Bitcoin – современная цифровая валюта, которая прекрасно подходит для расчётов…

Туған жерім- мақтанышым

Туған жерім- мақтанышым «Туған жер-алтын бесігім» дегендей, туған жерсіз адамның күні жоқ.…

Түстер картасы

Түстер картасы. biClrUsed жолағының мәні индекстелген түстер растрлық суретпен пайдаланылатынын немесе пайдаланылмайтынын…

Механикалық легирлеуге арналған жабдықтар

№ 14 дәріс. Механикалық легирлеуге арналған жабдықтар Механикалық легирлеу шарлар көмегімен ұнтақталуға…