Түстер картасы. biClrUsed жолағының мәні индекстелген түстер растрлық суретпен пайдаланылатынын немесе пайдаланылмайтынын анықтайды. Егер сурет 1-,4- немесе 8-биттік пиксельдерден тұрса, түстер картасы қолданылу керек. Егер biClrUsed жолағының мәні нөлге тең болса, толық карта, не болмаса 24-биттік түс қолданылады. Егер жолақ нөлге тең болмаса, оның мәні графика генераторы бағдарламасы немесе құрылғылардың драйверлері қолдана алатын түстердің нақты санына тең болады. biClrlmportant жолағы индекстелген картада қанша түс сурет кескіні үшін маңызды болатынын анықтайды. Егер оның мәні нөлге тең болса, барлық түстер маңызды болады.

Растрлық мәліметтер. Түстер картасынан кейін растрлық мәліметтер орын алады. Олар түстер картасының 1-,4- немесе 8-биттік индекстері немесе RGB жүйесінің әріптік 24-биттік мәліметтері түрінде сақталады. Растрдағы пикселдер кескіннің сол жақ төменгі бұрышынан бастап жазылады және солдан оңға қарай және төменнен жоғары қарай оқылады.

TIFF: Tagget Image File Format. TIFF форматы белгіленген жолақтарда кескін мәліметтерінің жиынтығын сақтайды, оның атауы да осыған байланысты («Белгіленген кескін файлының форматы»).  Әрбір белгіленген жолақ растрлық сурет жайлы ақпаратты немесе басқа жолақтарға сілтемені сақтайды. Файлды оқитын бағдарлама белгісіз немесе өзіне керексіз жолақтарды ескермеуі мүмкін. Бұл көпқырлылық форматқа түрлі компьютерлік жүйелерде қолданыс табуына мүмкіндік береді. Бұған қоса, TIFF форматы растрлық сурет жайлы алуан түрлі қосымша мәліметтерді сақтай алады, соның ішінде: сұр реңкті кескінге арналған коррекция қисығы; кескін жайлы егжей-тегжейлі ақпарат жолағы (бағдарлама атауы, автор атауы, жасалған күні және пікірлер); кескін өлшемі және ажыратымдылық қабілеті, түпнұсқаның түсі жайлы заңды ақпарат.

TIFF файлын оқитын бағдарламалардың көпшілігі басқа жүйелерде жасалған осы форматтағы файлдарды еш қиындықсыз оқи алады.  TIFF форматының  құрылымы өзгергіш, бұл оған әр түрлі үлгідегі кескіндерді сақтауға мүмкіндік береді.

TIFF файлдары кішігірім атаудан басталады, одан кейін белгіленген жолақтардың алғашқы жинағына көрсеткіш тұрады. Белгіленген жолақтар кескін файлының каталогына (КФК) жинақталады, ол жай ғана белгіленген жолақтар есептеуішінен  және олардың біріншісіне сілтейтін көрсеткіштен тұрады.  Белгіленген жолақтың ұзындығы 12 байтқа тең, сондықтан есептеуіш бағдарлама олардың әрқайсысын лезде таба алады.

Файл атауы.  TIFF файлының атауы 8 байтты құрайды. Алғашқы 2 байт файлдың форматын көрсетсе, келесі 2 байт нұсқа нөмірінен тұрады, соңғы 4 байт бірінші КФК нұсқайды. Әдетте бірінші КФК атаудан кейін тұру керек, алайда TIFF файлында барлығы көрсеткіштер көмегімен реттеледі.

Кескін файлының каталогы. Белгіленген жолақтардың жалпы санының 2-байттық есептеуішінен тұрады, олардан кейін белгіленген жолақтардың өзі тұрады. Екібайттық ұзындық әрбір КФК шегін 256 белгіленген жолақпен шектейді.

Гіленген жолақтар. Белгіленген жолақтың ұзындығы 12 байтқа тең. Алғашқы 2 байт – белгі коды (белгіленген жолақ үлгісі), келесі 2 байт  жолақ нұсқайтын мәліметтер үлгісінен тұрады. Мәліметтер үлгісі бағдарламаға әрбір жекелеген мәліметтер элементі үшін қанша байт оқу керектігін білуге мүмкіндік береді.  Барлығы бес түрлі үлгі бар: ASCii символының 1-байттық коды; 1-байттық бүтін сан; 2-байттық бүтін сан; 4-байттық бүтін сан, 8-байттық бөлшек сан.

Келесі  4 байт белгіленген жолақ қанша әр түрлі мәліметтер элементіне нұсқайтынын көрсетеді. Егер мәліметтер жалпы алғанда 4 немесе одан аз байттық орын алса, онда мәліметтер элементтері белгіленген жолақтың соңғы 4 байтында орналасады. Егер мәліметтер 4 байттан артық орын алса, белгіленген жолақтың соңғы 4 байты мәліметтерге көрсеткіш рөлінде қолданылады.

Сығу. Берілген форматтағы файлдар әр түрлі схемалар, мәселен, Хаффман әдісі бойынша кодтау көмегімен сығылған пиксельдік мәліметтерді сақтауға қабілетті.

You May Also Like

Жылумен жабдықтау негіздері пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 «ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ НЕГІЗДЕРІ»  пәнінен зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар №1 Зертханалық…

Мамандығым бойынша елге тигізер пайдам

Жобаның тақырыбы: Мамандығым бойынша елге тигізер пайдам. Жобамды бастамас бұрын айтарым, бұл…

Студенттің өндірістік тәжірибе жөнінде көзқарасы және оны жақсарту жолдары

Студенттің өндірістік тәжірибе жөнінде көзқарасы және оны жақсарту жолдары Өндірістік-технологиялық тәжірибемді мен…

Қаржылық есеп І пәнінен лекциялық кешен

   1-тақырып.Ағымдағы активтердің есебі Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі 1.1   Ақша…