1 билет

1.Түйе шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы. Мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні – киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.Елімізде Түйе шаруашылығы объективті және субъективті жағдайларға байланысты түрліше қарқында дамыды. Қазақстанда 1927 ж. 1,2 млн. бас түйе өсірілсе, күштеп жүргізілген ұжымдастыру саясатының салдарынан 1941 ж. түлік саны 104,6 мыңға дейін кеміді. Осыдан кейінгі 70 жылға жуық уақыт аралығында мал басы 105,0 – 154,0 мың аралығында болып, ең жоғ. көрсеткішке 1994 ж. қол жеткізілді (153,9 мың). 1980 – 95 ж. аралығында жыл сайын 5,0 – 9,0 мың т түйе еті, 4,5 – 5,0 мың т шұбат, 700 – 1000 т жүн өндіріліп келді.Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Салаға орынды жұмсалған қаржы 5 – 6 есеге дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі болған. Оның адам ағзасына сіңімділігі 98%-ды құрайды. Құрамындағы құрғақ заттың үлесі 14,5 – 15,5%-ға, май – 5,5 – 6,5%-ға, белок – 4,0 – 4,5%-ға, сүт қанты – 5,0 – 5,5%-ға, минералды заттар 0,6 – 0,8%-ға сәйкес келеді. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майл. 5,5 – 7,0% болатын 4 – 6 л, маусымда 1200 л сүт сауылса, дара өркешті таза тұқымды аруана маясынан майл. 3,5 – 4,2% болатын 12 – 15 л, маусымда 3500 л сүт сауылады. Қос өркешті және дара өркешті түйелердің будандарынан бір маусымда майл. 4,0 – 4,5% болатын 3000 л сүт өндіріледі. Түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан ұзақ мерзімге сақталады (30С ыстықта 24 сағатқа дейін ашымайды). Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі.

2.Түйенің түрлері мен тұқымдары. Карл Линней өркеш санына қарап түйені екі түрге бөлген еді, яғни жалгыз өркешті түйелерді аруана, ал қос өркештіні айыр түйе деп атады. Жалгыз өркеш жүрдек түйелерді Рим халқы «камелюс дрома» деп атағандықтан кейін «дромедар» деп атанып кеткен. Бұл кезде жалгыз өркешті түйелердің жабайы түрлері кездеспейді.Орта Азияда бір өркешті түйелердің бір ғана тұқымы аруана және кос өркешті түйелердің тұқымы – қалмақ,казақ жане моңғгол түйелері өсіріледі. Бір өркешті аруана оңтүстікте өседі.Бір өркешті түйелердің ерекшелігі – қос өркепггі түйелерді солтүстік малы деп есептейді. Сондыктан олар өте жүндес, қатаң кпиматқа жақсы бейімделген және үскірік аязга төзімді болып келеді.Аруана тұқымы. Орта Азияда бір өркешті түйелердіңбәрін аруана тұқымына жаггқызады, олар ғасырлар бойы халыктык селекция жолымен өсіріліп келеді. Жаздың ыстығы мен кұргақшылык жагдайларына көнгіш және тагыбасқа көптеген бағалы қасиеттері бар. Еліміздегі барлық түйелердің үштен бірі — аруаналар. Жоғарыда аруана Африкалык және Азиялық түрге бөлінеді дегенбіз. Бұл түйе тұқымдастарының бір-бірінен айырмашылыгы бар. Азия аруанасына қарағанда Африка аруанасы биік, аяқтары ұзын,өркеші кішкене және кейін біткен бас сүйегі ұзынша келеді. Африка аруаналары Сахара, Марокко, Оңтүстік Судан деген бірнеше тұқымдарға бөлінеді. Африка халқы сүйегі жеңіл, ұшқыр, салт мінуге бейімделген аруана түқымын өсіріп шығару үшін сұрыптау жұмысын ғасырлар бойы жүргізді. Соның нәтижесінде Солтүстік Африкада Мехари тұқымы өсіріліп шығарылды. Бұл тұқым түрлерінің дене құрылысы қағілез, сүйегі берік, өте ұшқыр келеді. Ол сағатына 15-18 километр жерді қиналмай жүріп өтеді. Азия аруана түқымдарына Үндістан, Аравия, Персия және Түрікмен түйелері жатады. Үндістан аруанасы Пенджаб және Раджипутан деген екі түрге бөлінеді.Пенджаб аруанасы сүйекті, денесі шомбал, жүк артьш, кіре тартуға бейімделген, өте күшті тұқым. Раджипутан аруанасын басқаша «Биканир» деп те атайды. Бұл -аруананың салт мінуге жарайтын ұшқыр түрі. Олардың дене құрылыеы нәзік, сүйегі берік, басы кішкене, мойны ұзын және жіңішке, тұрқы қысқа, аяқтары ұзын және жіңішке болады.

3.Түйенің сүт өнімділігі.Адам баласы сүтті нан секілді бес мың жыл бұрын пайдаланған. Сүт – адам өмірінің алғашқы айларындағы жалғыз тағамы екендігі белгілі. Ересек адамдардын тамақтануында да оның орасан маңызы бар. Академик И.П. Павлов сүтті табиғаттың өзі дайындаған әсерлі тағам деп атаған.Сүт құрамында жүзден артық бағалы заттар бар. Осы кұрамда адам организміне ең қажетті белоктар, майлар, комірсутектері, минералдық тұздар және витаминдер көп. Сүт азыктық құнары жағынан кез келген тағамды алмастыра алады, ал бірде-бір басқа тағам сүттің орнын баса алмақ емес. Қуаттылығы жөнінен сүт өнімдері алдыңғы орындардың біріне ие. Мәселен, қаймағы айырылмаған бір килограмм сүтті тұтынғанда адам организмінде 690 ккал, ірімшік (майлылығы 20%) тұтыиғанда – 2530, сыр (майлылыгы 50%) тұтынғанда – 3610, сары май тұтынғанда – 7810, бір килограмм сиыр етін тұтынғанда – 1350, тауық етін тұтынғанда – 1390, жұмыртқа жегенде – 1420 ккал түзіледі. Солтүстік Африкада, Моңғолияда, Батыс Қытай мен Кіші Азияда, сондай-ақ Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік және батыс облыстарында тағамға негізінен түйе сүті пайдаланылады. Қазақстаңда түйелердің басым көпшілігі Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында өсіріледі. Түйе сүті қар секілді ақ түсті, дәмі ашқылтым, сиыр сүтінен қоюлау, ыдысқа қүйғанда көпіршіктенеді. Сауым мерзімі 16-18 айга созылады. Бір түйеден жылына 1200- 1700 литр сүт сауылады. Түйе сүті және одан дайыңдалған өнімдер туберкулез – өкпе ауруына қаназдык,асказан,ішек диабеті тағы басқа сыркаттарға ем. 

2 билет

1.Түйе түлігінің арғы тегі. Түйе түлігі сүтқоректілер класы (Mammalia), жүп тұяқтылар отряды (Artiodactyla), күйіс қайтарушылар немесе тістері ай тәріздестер тобы (Ruminantia), мүйізгек аяқтылар туысы (Tylopoda), түйе тұқымдастар (Camelidae) түлігіне жатады. Түйе ертеректе қолға үйретілген үй жануарларының бірі болып есептеледі.»Миллиондаған жылдар бұрын, геологиялық дәуірдің үшінші кезеңінде, Америка континентінде түйенің ежелгі тектері кеңінен таралған. Ең ежелгі түйе тұқымдасының (Protylopus) қаңқасы туралы Вортман жазған. Қазіргі түйелердің бұл ежелгі тегі қоян мөлшеріндей ғана болған екен. Үшінші ғасырда ауа райының өзгеруіне байланысты жануарлар да өзгере бастады. Ылғалды тропикалық ормандардың орнында құрғақ жазық жерлер, шөпті алаңдар және қатқыл жерқыртыстары пайда болды.    Осыларға байланысты жануарлардың аяқ кұрылыстары өзгере бастады. Protylopus торт башпайы болса да, алғашқы екі башпайының дамымағандығынан ол тек қана үшінші және төртінші башпайларымен ғана жер басып жүрді.Бас сүйегінің формасы бойынша бүл жануар қазіргі ламаға ұқсас болды. Келесі эволюциялық кезенде түйе тұқымдасының өкілі Poebrotherium алғашқыдан ірірек, мөлшері қошқардай болды. 3-ші және 4-ші башпайларының ұшында азырақ тұяқтар пайда бола бастады. Түйе тұқымдасының үшінші қазбалық формасы – Рrосаmelus. Бұл жануар қазіргі ламаның мөлшеріндей болды. Аяқтарының бүйір башпайлары толығымен жоғалған, ал жоғарғы ауыз қуысында кос жұлқар тістері сақталған. Procamelus тұқымдасынан – өркешсіз түйелер (лама) және өркешті түйелер секілді екі тармақ тарайды.Геологиялық апат салдарынан түйенің ежелгі тектері өз отандары – Солтүстік Америкадан дүниежүзінің басқа да аймақтарына ауысады, бірқатары оңтүстікке, Оңтүстік Американың таулы аймақтарына, ал енді бірқатары сол кезеңдегі геологиялық кұбылыстардың әсерінен Америка мен Азияны қосқан бүғаз арқылы Азияға өтіп кеткен. Азияға өткеннен кейін түйелер дене мүшелерінің үлкею бағытындағы өзгеруін жалғастырды. Болашақ эволюциялықдамуы осы жануарлардың құрғак жазықтык жағдайына бейімделушілік жолдарымен жүрді. Түйенін жабайы тектері Азиядан Европа мен Африкаға өтті. Өркешсіз түйелер (лама) тармактарының эволюциялық дамулары таулы аймақтарда тіршілік етуге

бейімделу жолымен өтті. Таулы жерде тіршілік ету жағдайы дене мөлшерінің өсуіне септігін тигізбегендіктен олар сол кездегі тектерінің көлемінде сакталынып қалды. Оңтүстік Американың өркешсіз түйелер тобыныңказіргі кезде төрт түрі бар. Олар қолға үйретілген лама мен альпака және жабайы өсетін гуанако мен викунья. Лама – жүк көлігі ретінде пайдаланылады. Ол биік тауларда 40-50 кг жүкпен тәулігіне 25-тен 35 километрге дейін жол жүре алады. Альпака  – жүнінің сапалы болуына байланысты өте жоғары бағаланады. Осыған байланысты альпаканы Анд тауын мекендейтін түрғылықты үнді халықтары біздің әрамызға дейінгі үшінші ғасырда қолға үйреткен. Альпаканың жүні ұзын, тығыз және ламаның жүніне қарағанда жіңішке болуына байланысты Оңтүстік Америкада жүннің бірден -бір қоры болып есептелінеді. Оны әр екі жылда бір рет жүндейді, ал бүкіл тіршілігінде небәрі үш-төрт рет жүнделеді. Жақын арада альпаканы оның жабайы туысы викуньямен шағылыстыру арқылы пано-викунья атты гибридтік ұрпақ алынды. Бұл ұрпақ викуньяның сапалы жүні мен альпаканың мол жүні үндесіп бағалы жүн шикізатын береді. Гуанако – күні бүгінге дейін тау аймақтарын мекендейді. Оңтүстік Американы мекендейтін жабайы сүтқоректілердің арасындагы ең биік жануар болып табылады. Оның биіктігі 110 см, салмағы 90 кг болады. Терілері қызғылт, тек қана мойын мен аяқтарында ақшыл таңбалар кездеседі, ал денелерінің қалған жерлері кызғылт қоңыр түсті қалың жүнмен көмкерілген. Олар тобымен жүреді, төрт-он ұрғашы гуанаконы бір бура басқарып қорғаштап жүреді. Өте жүйрік. Шапқан кездегі жылдамдығы 55 километрден асады. Викунья – Анд тауының ең биік жактауларында жүреді. Денесінің биіктігі 75 см-ден аспайды, салмағы шамамен 45 кг болады, кеуделері ақ дақты, терілері сары, қоңыр түсте  болып келеді. Олардың жүні өте жіңішке болады. Бір бурасы 10-12 га жайыл ымдык жерде бес-он бес бас ұрғашывикуньядан тұратын тобын қатаң бақылауда ұстайды. Викуньяның ботасы туа салысымен жүріп кетеді. Осындай ширақтыгына және мекендситін жерлері таудың биік ұштарында болуына карамастан жабайы өседі дегенмсн викунья адамдардын камқорлығы арқасында ғана сақталып келеді. Викуньяны қоргау мақсатында Боливия мен Перуде корық кұрылды. Осындай жұмыстардын арқасыңда Боливия мен Перуде викуньяның саны 1965 жылгы 6 мын бастан бүгінгі күні 70-77 мыңға жетті.

2.Таза тұқымды түйе өсіру.Таза қанды мал өсіруде олардың багалы қасиеттерін бірте-бірте арттырып, тұқымның ерекшеліктерін бекітуге күш салынады. Жұптастырылушы түйелердің ұқсастығы мен ерекшеліктеріне сәйкес біртекті (гомогенді) және әртекті (гетерогенді), ал малдың қандастық деңгейіне сай туыстас (инбредті) және туыстас емес (аутбредті) жұп таңдаулар қолданылады. Асыл тұқымды шаруашылықтар мен зауыттарда тек түйелерді таза қанды өсіру қолданылса,тауарлы шаруашылықтарда осы әдіспен бірге түрлі будандастырулар да кеңінен пайдаланылады. Қолда бар түйе тұқымдары, сүлелер (тұқымдык тип) мен аталық із (линия) шыгаруда және оларды әрі қарай жетілдіруде туыстас мал жұптастырудың – инбридингтін алатын орыны ерекше. Бұл әдісті пайдалану малдың ұрпақтарында сол тектің бағалы қасиеттерінің күшеюіне, гомозиготалық деңгейінің артуы мен түқымдық ерекшеліктерінің болуына ықпал етеді.Түйе өсіруде бір аталықтан тарайтын бура мен інгеннің боталарын немесе туыстығы одан да алыс деңгейдегі малды (ІІ-Ш; ІІІ-ІІ; Ш-Ш сипаттағы инбридингтер)жұптастыруларды пайдалану қажет болса, ал інгенді -еркек, бураны ұрғашы төлдерімен шағьілыстыру (І-ІІ; III) тұқымдық қасиеті аса бағалы бура алу мақсатында ғана қолданылады. Малдың туыстық деңгейін көрсетуде олардың жақындығын рим сандарымен белгілеу (Шапоруж бен Пуш тәсілі) кеңінен пайдаланылады. Жақын инбридинг пайдалануда мал бітімі мен денсаулығының беріктігіне және дене тұрқында кемшіліктің болмауына қатты назар аударады. Бұл талаптар орындалмаса, инбридинг түйелердің дене бітімі беріктігінің, өміршеңдігі мен өнімділігінің төмендеп, мал шығынының артуына әкеліп соғады. Инбридті мал шағылыстырудан алынған төлдерге баға беру (сұрыптау) жұмысының аса мұқият жүргізілуі қажет. Дене бітімі мен денсаулығы әлсірегендігі байқалған түйелер одан әрі туыстас жұптастыруға жіберілмейді.Мал өсірудің мақсаты тауарлы өнім алу болып табылатын шаруашылықгарда түйелерді туыстас өсіруге үзідці-кесілді жол берілмейді.Ғалымдардың басқа мал шаруашылығы саласында жүргізген зерттеулерінде инбридгі аталықгар өздерімен туыстық қатысы жоқ аналықтармен шағылыстырылғанда генотиптік касиеттерін, аутбредті аталықтарға қарағанда, толығырақ беретіндігі дәлелденді. Тауарлы шаруашылықтарда туыстас емес мал жұптастыруды (топкросс) жүйелі түрде жүргізу түйе өнімін өндіруді әлдеқайда артгырудың тиімді әдісі болып табылады. Тауарлы шаруашылықтар, асыл тұқымды мал шаруашылйіқтарымен тұракты байланыс жасай отырып, аналықтарды шағылыстыру жоспарын тиянақты түрде дайындауы қажет.Таза қанды мал өнімділіктерін жетілдіру тұқым ішінде өзіндік ерекшеліктері жоғары, бағалы топтар зауыттык және генеологиялык аталык іздер мен аналық ұяларды (семейство) ұтымды қодцану жолымен іске асырылады. Бір аталықтан тарайтын өнімділік көрсеткіштері жоғары, дене тұрқында кемшіліктері жоқ және негізгі селекциялык белгілері мен бітімдері бойынша бір-бірлеріне ұксас барлық (еркек, ұргашы) мал тобын зауыттык, желі деп атайды. Тұқымға тән бағалы қасиеттер оның құрамына кіретін аталық іздер мен аналық ұялар бойынша жинақталып, малдың тұқымдық, өнімділік ерекшеліктерін үзбей жетілдіре беруге мүмкіндік жасайды. Малды аталық іздер бойынша өсіру мен жетілдіру келесідей кезеңдерден тұрады: а) аталық із құру; ә) оған жататын мал басын көбейту мен олардың тұқымдық және өнімділік қасиеттерін арттыру; б) қажетті жағдайларда түрлі іздерге жататын малды шағылыстыру (аталык іздергекроссы).Аталық із малының өздеріне тән қасиеттерін мен қатар осы бағалы ерекшеліктерін 2-3 ұрпақ бойына жетілдіре беруге мүмкіндік жасайтындай деңгейдегі сан мөлшерінің болуы шарт. Інгендердің – 30, буралардың 2-3 бастан кем болмауы тұқым асылдаңцыру жұмыстарын аталық із бойынша жемісті жүргізуге қолайлы жағдайлар туғызады. Селекциялық асылдандыру жұмыстарының ең жетік әдісі – түйелерді аталық ізбен өсіруде малдың шығу тегінің қатаң есепке алынуы басты шарт болып табылады. Дене бітімі мен өнімділік көрсеткіштері бойынша ең жоғары түйелердің өзін шығу тегі белгісіз болған жағдайда аталық ізге жатқызуға болмайды. Түйелерді ұзақ уақыт бойы таза қанды өсіруде, әсіресе тек қана осы шаруашылықта өсірілген буралар пайдаланылган және асылдандыру жұмыстарының зоотехникалық есебі қатаң бакыланбаған жағдайда, туыстас малдың жүйесіз жұптастырылуы салдарынан, мал өнімділігі мен өміршендігінің төмендеуіне әкеп соғады. Бұл ашылғандарды болдырмау үшін інгендерді шағылыстыруға жүйелі түрде жұптастыру жұмыстарын жүргізіп немесе осы түйе тұкымына жататын, бірақ басқа шаруашылықта өсірілген буралар әкелінеді. Олардың өнімділік деңгейі мен тұқымдық сапасы бойынша шаруашылықтағы буралардан кем болмауы қажет. Қорыта келгенде, әрбір шаруашылықтың өндірістік бағыты (асыл тұқымдық тауарлық) мен материалдық мүмкіндіктеріне орай, түйелерді аталық ізбен өсіру (туыстас,туыстас емес) бураларды алмастыра отырып пайдалану арқылы түйелердің өнімділік және өміршендік қасиеттерін үздіксіз жетілдіре беруге болады.

  1. Ет өнімділігі. Түйе – ет өндірудің де маңызды көзі. Негізгі өсіріп- өндіру аймағында әсіресе Орта Азия республикалары мен Қазақстанда ет өндіретін табынды түйе шаруашылығын дамыту өте қолайлы болып отыр. Соңғы жылдары етті түйе шрауашылығының зоотехникалық малдәрігерлік мәселелерін зерттеу жөніндегі ғылыми жұмыстар анағұрлым көбейе түсті. Арнаулы әдебиеттерде түйе етінің химиялық, морфологиялық құрамын сипаттайтын және басқа да ерекшеліктерін көрсететін мәліметтер жеткілікті. Бүгінгі таңда түйенің ет өнімділігін дамытудын, заңдылықтары мен ерекшеліткері, оларды өсіру технологиясы және түйе етінен азық-түлік шығару кеңінен зерттеліп, жолға қойылып отыр. Түйе шаруашылықтары мен бригадалары мал түрін ұстамайтын жайылымды ұтымды пайдаланғана және түйе басын үнемі өсіргенде ет өнімін арттыруға болатындығын дәлелдеп отыр. Салыстырмалы есептеулер бойынша шамамен алғанда түйе өсіруші аймақтардың қазіргі жағдайын еттің тірілей салмағын жылына 18-20 тонна өсіруге болады.Түйе шаруашьшығында түйе басын жыл сайын 4-5 процент өсірген кезде бұл саланың ет өнімділігінің жалпы өндірісі үздіксіз өседі. Отандық түйе тұқымдарының еттік қасиеттері сипаттау үшін олардың салмағына байланысты өзгерістерді ірі қараның мамандандырылған етті түқымдарымен салыстырамыз. Түйе мен ірі қараның етті түқымдарының тірі салмағының салыстырмалы өсуі төмендеу. Қазақстанның шел және шөлейт өңіріңде ет өндірудің үлкен резервінің бірі түйе шаруашылыгы болып саналады. Бұған егіншілікке және малдың түйеден басқа түлігінің жайылуына жарамайтын жайылымның көптігі, жергілікті жемшөп пен ауа райы жағдайына жақсы көндіккен түйелердің болуы және жергілікті халыктың түйені жыл бойы жайылымда бағып өсіру жөніндегі тарихи тәжірибесі мен дағдысы мүмкіндік береді. Аса және орташа семіз түйе етінің химиялық кұрамы және оның калориялыгы ірі қара етінен ешбір кем түспейді. Оның кұрамында 17-22% белок, 12% және одан да көп қоректік май бар. Түйе етінің бөтендей иісі болмайды. Бураның етіне қарағанда сака түйелер, атан мен қүнанша, дөненшелердің еті әрі дәмді, әрі нәрлі келеді. Түйе еті құс еті секілді адам организмінде тез қорытылады.Еттің кұнарлылық касиеті оның кұрамында түгелдей қажетті белоктардың (глобулин, альбумин, миозин және т.б.)болуына байланысты. Етгің қорытылуы өте жоғары – 95%. Әр тұқым түйелері етінін өнімділігі олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен есептелінеді. Мұндай ерекшеліктері малдьщ өсіп-жетілу кезеңіндеттұқым қуалау, азықтаңдыру және бағу жағдайына байланыстыболып қалыптасады және одан ары дамиды. Ет өнімділігі мал ұшасының сандык және сапалық керсеткіштерімен сипатталады. Ал, енді ет өнімділігінің сандық көрсеткіштері дегеніміз тірілей және сояр алдындағы салмағы, сойыс шығымдылыгы болып табылады. Сапалық көрсеткіштеріне ұшаның бөлшектенген құрамы және бұлшық ет, май, сүйек, сондай-ақ дәнекерлік тканьдерінің ара-қатынасы, сонымен қатар еттің химиялық құрамы мен калориялығы жатады. Малдың ет өнімділігін бағалаған кезде оның 1 килограмм салмағына жұмсалған жемшөпті және өсімталдық, не болмаса жас төлдердін тез өскіштігін анықтаудың өте орасан зор маңызы бар.Етті неғұрлым көп алу және оның аса сапалы болуы үшін түйе сою мерзімін анықтау мақсатында оның өсімталдығы ескеріледі. Еттің сандық көрсеткіштері малдың азықтандырылуына және бағып-күтуіне байланысты. Сапалық көрсеткіштеріне осы жағдайлармен қатар, малдың тұқымдық ерекшеліктері, жынысы және жасы айтарлықтай әсерін тигізеді. Түйе сойылғанда, одан ет пен майдан басқа қосымша тағамдық өнімдер, техникалық және ішкі органдарының шикізаты алынады. Ішкі орган тағамдары олардың құнарлылық қасиеттеріне байланысты екі қатегориягабөлінеді. Құнарлылығы жоғарылау тағамдық өнімдер 1-ші категорияга (бауыр, бүйрек, тіл, жүрек, желін және т.б.), ал 2-ші категорияга – құндылыгы нашарлау қарын, өкпе, көк бауыр және басқалар жаткызылады. Техникалық шикізаттары (тері, қан, жүн, сүйектері) жеңіл өнеркәсіпте кеңінен пайдаланса, ішкі секреция бездері (қарын асты, қалқанша бездері, гипофиз және баскалары) – емдік мақсатта пайдаланылады. Қан мен сүйектері – қан және ет-сүйек ұны,желім және сүйектен әсемдеп әр түрлі сувенирлер жасауға пайдаланылады. Түйе етінің негзгі бөлігі бұлшық ет тканінен тұрады, бұл оның жалпы етінің 60-67 пайызын құрайды. Бұлшык еттер ткані – еттің ең құнды бөлігі, өйткені ол жеткілікті амин қышқылды құрамы бар аса бағалы белоктардың қайнар көзі болып табылады. Дәнекерлік ткань клеткалардан, талшыктар мен негізгі заттардан тұрады. Осындай тканьдар көп болған жағдайда еттің тағамдық касиеті күрт төмендейді. Дәнекерлік тканьдар кәрі түйелерде, әсіресе күш-көлік ретінде пайдаланылатын түйелерде көбірек болады. Жас түйенің, сондай-ақ етке сою үшін арнайы жайылымда өсірілген түйе тұқымының етінде дәнекерлік тканьдар шамамен алғанда оның жалпы етінің 5-18 пайызынан аспайды.Майлы ткань белгілі бір дәрежеде тамшылар толған жинақтаушы клеткалар болып табылады. Тканьның бұл түрі түйелердің өркеш кабатында 100-150 кг деңгейінде құралып, жемшөп қоры азайған кезенде қорек және жаздың сусыз, ыстык аптабында су қоры қызметін атқарады. Бұл ткань бүлшық еттер арасына тарай отырып, оған мәрмәр сиякты түр береді. Жалпы еттің майлық мөлшері түліктің қондылық дәрежесіне және жасына байланысты болып келеді, ал семіз және сақа малдың майы да мол болады. Түйе семіз болған сайын оның етіндегі құнды белоктар да соған қарай молая түседі. Жас түйенің де (5-10%), сақа түйенің де (9-13%) жалпы етінің майлылығы олардын қондылығына тікелей байланысты. Сүйек ткані түйенің жасына қарай оның етінің 18-24 пайыздай мөлшерін құрайды. Жас түйелердің (тайлақ, қүнанша) еті (22 – 24%) кәрі түйелерге (18-21%) қараганда сүйектілеу болады. Сүйек, май, бүлшық ет пен дәнекерлік тканьдардың ара-қатынасы түйенің жасына байланысты. Бота, тайлақтын алғашкы жылы қаңка сүйегі жылдам өседі, сондықтан олардың етінде сүйек тканінің үлес салмағы өте көп болады. Жас түйе 3 жаста, келеге қосылатын ксзінде ғана физиологиялык жағынан жетіле бастайды.Түйе 5-6 жасында өсіп-жетіліп, әбден тоқтайды. Жастүйенің етінде бұлшық ет, май мен дәнекерлік тканьдардың ара-қатынасы бір деңгейде қалыптасады да, сойган кезде олардың етінде бірінші сортты еттің мөлшері мол болады. Сақа түйелердің еттілік коәффициенті 3,95 және ет-сүйек арақатынасы 3,13 болса, жас түйелерде ол тиісінше 3,43 және 2,88 болады. Түйе етінің химиялық құрамы онын тұқымына, жасына, қондылық дәрежесіне, түйенің күтіп-бағу тәсіліне, жылдың маусымына, сондай-ақ тағы басқа жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Жас шамасына қарай түйе түлігі мынадай топтарға бөлінеді. – сақа – 4 жастан және одан жоғары; – жас – 2 жастан 4 жасқа дейін; – бота-тайлақ – тірілей салмагы 250 кг кем болмайтын 2жасқа дейін. Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының түйе шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері жасаған стандарт бойынша түйе еті (жас және кәрі түйелер) қондылығына қарай екі топқа – I және II категорияға бөлінеді, ал бота – тайлақтар етке тек I категориямен ғана өткізілетінін есте сақтау керек. Түйелер қоңдылығы жөнінен осы кестеде көрсетілген талаптарды қанағаттандырмаса, онда ол арық түйелер қатарына жатқызылады. Оларда бұлшық еттер нашар жетілген, қуйымшақ, бел омыртқа, қабырғалары айқын білініп түрады, өркештерінде май болмайды, ол тері кыртысы сияқты бос құлап жатады.Түйе етін республиканың шөл және шөлейт аймақтарында орналасқан шаруашылықтарда жасы келіп қатардан шығарылған түйелерді және сол сияқты түйе келелерін толықтырғаннан асқан еркек буыршындарды (кұнанша, дөненше) табиғи жайылымда семірту жолымен жүргізуге болады. Етті түйе шаруашылығын ең алдымен шүбат өндіру ісімен ұштастыра жүргізу қажет. Түйе етін көп өндіру үшін кемінде 500-1000 түйесі бар ірі түйе шаруашылыктарын құрған жөн. Мұндай шаруашылықтарда жергілікті ауа райына және жыл бойы жайылымда бағуға көндіккен түйелер алынады. Ет өндіретін түйе шаруашылыктарында қазақ түйе түқымынан, олардың қалмақ және түркімен аруана түйе түқымының қанымен жаксартылған будан түйелерін пайдалануға болады.

3-билет

1.Түйенің биологиялық ерекшеліктері. Түйенің биологиялық ерекшеліктерінің бірі – оның шөлейт жерлердің қатал қысы мен аптап ыстықтарына шыдамдылығымен қатар, су мен жайылымды пайдалану жағынан басқа малдан әлдеқайда басымырақ болуы.Түйе – жайылым малы, ол тунде жусап, күндіз оттайды. Сораң, жусан, бұршақ-астық түқымдас шөптерді, бұта бастарын жеп қорек етеді. Басқа малға қарағанда түйенің ас қорыту жолдары, кеудесі, сирақтары ерекше жетілген, аңызақ шөлдің сусыз, кұбылмалы ауа райына өте төзімді. Түйенің үстіңгі еріні екі айырылып біткен, соған қарамастан өте икемді, үстіңгі жағында күрек тістері бар.Аузының кілегей қабығы қатты бүрлермен көмкерілген. Қарыны үш бөліктен – үлкен қарыннан, тақия карыннан және ұлтабардан тұрады. Үлкен қарынның түбінде екі томпағы бар, оны «судорбашығы» деп те атайды. Түйелердің кеуде және кұйымшақ сүйектері жылқыға карағанда шағындау болғандықтан олардың тұрқы кыскалау болып келеді, бірақ сирақтары биік болады. Саны тұлғасымен жанаспай, бөлек орналасқан.Түйелердің басқа малдан өзгешелігі аяқтарын денесінің астына жиыстырып шөгіп жатып демалады. Түйе жатқанда жермен түйісетін дене мүшелері әдейі жеті сүйелді беріштермен қамтылған. Олар төс сүйегінің, тізелерінің, шынтақ жөне тірсек буындарының үстінде болады. Барлық сүйелді беріпггер жатқан түйе салмағының бірқалыпгы бөлінуіне, терісін ыстық құмның күйдіруінен және жарақаттаудан сақтайды. Сирақтары екі айрық табанына келіп тіреледі.  Аяқтарының мұндай бітімі түйенің сусыма қүм мен борпылдақ қарда еркін жүруіне мүмкіндік береді, бірақ ол саз, балшықты жерде жақсы жүре алмайды.Үзын, әрі қалың кірпіктері қатты желді күндері оның көзіне қүм түсірмейді. Қатты құмды борасын кезінде дем алуы қиындаған жағдайда түйе кеңсірігін толығымен жауып алады.Түйенің негізгіерекшеліктерінің бірі – оның табиғи жайылым жағдайында тез қомдалып, өркештеріне 100-150 кг мөлшерінде май жинау қасиеті. Бұл май қыстың катты боранында, әрі жаздың кұрғақшылық сәттерінде, сонымен бірге су болмаған кездерінде пайдаланылатын әнергетикалык резерв көзі болып есептелінеді. Қысқа қарай түйенің жүні шудаланып, қою болып өседі де, оны қыстың қытымыр аязынан жақсы қорғайды. Көктемде жүні түлеп, сыпырылып түседі де, аптап ыстықта терлемейтін болады. Түйе организмінің су жоғалтуы оған қауіпті емес.

  1. Түйенің жүн өнімділігі. Түйе жүннің сипаттамасы. Физикалық қасиеттерін анықтау барысында жүн талшығының нәзіктігі және беріктігі өте маңызды. Түбіті көп өте нәзік жүн бір жасар тайлақтардаң алынады, олардың жүн талшығының нәзіктігі 14,53-тен 17,02 мкм аралығында ауытқиды. Талшық нәзіктігі жасына қарай өзгере береді. Айыр інгендердің түбіт нәзіктігі аруаналарға қарағанда өте жіңішке. Ал нар, мая, жарбай және күрттердің нәзіктігі аруаналардікіне жақын. Жүндестік мөлшері жас төлдерде 1 жастан 3 жасқа дейін өседі, ал содан кейін буаздығына және соған сай сүт шығару кезеңіне байланысты жүндестігі төмендейді. Аруана аналықтарының 5 жастан 21 жасқа дейінгі орташа жүндестігі 1,3-тен 5,7 кг-ға дейін ауытқи отырып, 2,74 кг болады. Ересек аналықтың қырқымында биязы жүн 91,21%, ал жал 8,76% құрайды.Жүн сапасын бағалау комиссиясының зерттеулері нәтижесінде түйе жүні беріктігі жөнінен барлық қой жүнінен асып түсетіндігі анықталады. Жүн сапасын бағалау комиссиясының мәліметтері бойынша фабрикалық жуғаннан кейінгі таза түйе жүнінің шығымы 57,5%-ға тең. Түйе жүнінің сорттық құрамы бойынша түйенің жүн жамылғысы биязы жүн және шуда жал болып бөлінеді. Жүнді класқа бөлгенде шудасы мен қоқысын бөліп алып, қалған биязы жүнді ғана класқа бөледі. I және II сорттық жүннің шығымы негізінен түйенің түріне, жасына, жынысына, азықтандырылуына және жүннің тазалығына байланысты. Жасы өскен сайын I сорттық жүннің шығымы төмендей береді де, ал 4 жасқа келгенде күрт төмендейді. Бірақ II сорттың шығымы жасына қарай көбейе береді. Мемлекеттік стандартқа сай (5108 – 67) түйе жүні төрт класқа бөлінеді: I–жұмсақ, II – қылшықты, III – шуда, IV – жабағы. I – жұмсақ, ұяң жүнге қысқа да жіңішке талшықтар, яғни түбіт жатады. II – қылшықты жүнге (II класс) ұяң жүні аз, қылшығы көп жүн жатады. III – шуда (III класс) ұзын, жуан және жіңішке қылшықтардан тұрады. Шудада ұяң жүн өте аз болады. IV – жабағы, бұл – тығыз ұйысқан жүн. Ол жұмыс түйелерінің қом салып, немесе жүк артқанда ұйысқан жүні. Түйе жүні түсіне қарай ажыратылмайды. Өсімдік қалдықтарымен қаншалықты ластанғанына қарай түйе жүні келесі түрлерге бөлінеді: қалыпты – егер жүннің ластануы барлық салмағының 3 пайызынан аспайтын болса; шөп – шалам – жүннің ластануы жүннің жалпы салмағының 3 пайыздан астамын алса; бұдан әрі қарай жүн түрге бөлінбейді және жуылмаған күйі өлшенеді. Түйе жүні белгілі тәртіптегі белгіленген әталонға сәйкес болуы керек. Оны мемлекеттік стандартқа (60 – 70 – 76) сай буып түйеді. Жүнді сортына және тазалығына қарай бөліп буады. Жүн салынған қапшықтардың сыртына кетпейтін бояумен маркировка салынады. Онда мыналар көрсетіледі: 1. Республикасы, өлкесі, облысы; 2. Дайындайтын мекеменің аты; 3. Шаруашылықтың аты; 4. Жүннің түрі; Түйені қырқу еңбекті қажет ететін ауыр да жауапты іс. Түйені жылына бір рет – көктемде қырқады. Түйелерді көктемде күн жылынбай қырқуға болмайды. Өйткені қырыққаннан кейін түйе жалаңаш қалады да, сол себепті суық тиіп ауруы мүмкін. Түйе жүннің ластанбауы және қоқыстанбауы үшін қырқым алдында берілітін суды шектейді және 10-15 сағат азықсыз ұстайды. Наурыз айынан бастап түйенің жүндері ұяңданады және көтеріліп шудада ұсталып тұрады. Егер жүнді түлегеннен бастап күнде жинап тұрмаса, көп түбіт шығынға ұшырайды. Түйені әлектр агрегатымен қырқады. Қолмен қырқу кезінде түйелерді шағын – шағын топпен мұқият тазаланған тақыр аулаға кіргізеді де, содан кейін оларды ұстап, жығып, аяқтарын байлап, арнайы қырықтықпен қырқады. Ал машинамен қырқу үшін алдымен қырқу агрегатын, қайрау құрғыларын және агрегаттың қосалқы бөлшектерін дайындап алады. Кейбір елде қой кырқуға арналған аппаратты пайдаланады. Ұяларға бөлінген ауланың ұзындығы – 20 метр, ал ені – 70 сантиметр. Сол аулада түйе әдеттегі расколға тән тәсілмен бекітіледі де, тұрғызып қойып қырқылады.
  2. Түйені будандастыру. Түйе шаруашылығында түйелерден алынатын өнімдерді көбейту және оның сапасын жақсарту мақсатында қазақтың айыр өркешті (бактриан) түйелерін түркімен аруанасымен (дромедар) будандастыру арқылы будандар ерте заманнан алып келді. Осындай әдіспен алынған түр аралық, буданның бірінші ұрпағының денесі зор, күпггі және өнімділігі жақсы болады. Ұрпақтардың осындай артыкшылықтарын Ч. Дарвиннің теориясы бойынша будан түйелердің жетілу барысында гетерозистік биологиялық кұбылыстың әсерінен екендігі түсіндіріледі.Аруана мен қос өркешті туйелер климаты, азығы, су жағдайы бір-бірінен көп айырмашылығы бар жерлерді мекендеген. Сол мекендеген жерлерінің жағдайына сай оларға тұқым қуалаушылық қасиет пайда болған. Аруана мен қос өркешті түйелерді будандастырудан алынған будандар екеуінің де қасиеттерін жинақтай келе түрлі жағдайға икемді, төзімді болып өседі. Қос өркешті түйелер тараған Қазақстанның батыс облыстарының суық, аруана түиелері мекендеитін оңүстіктің ыстық ауа райына будандар жақсы бейімделген. Гетерозистік құбылыс (тіршілік қабілетінің күштілігі, өнімділік қасиетінің молдығы, т.б. белгілері) бірінші ұрпактың будан нарында жақсы байқалады. Бірінші ұрпақтың нар маясына бура немесе үлек шөгергенде туған будандар (2-ші буын) гетерозис қасиетін аздап қана сактайды, ал кейінгі ұрпақтарында бүл қасиет жойылган, будандар негізгі тұқымға ауысып кетеді. Қос өркешті түйелер мен аруананы түр аралық будандастыру негізінен өндірістік будандастыруға жатады. Бұл будаңдастырудың негізгі мақсаты-мейлінше төзімді, неғұрлым күпггі бірінші ұрпақ буданын алу. Бірінші ұрпақтың еркек тайлақтарын, буыршындарын табиғи жайылым жағдайыңда семіртіп етке өткізетіндіктен олар шағылыстыруға пайдаланылмайды, ал ұрғашыларын шағылыс жасына жеткен кезінде бура немесе үлекпен сіңіре будандастыру әдісімен түйе түқымының біріне аударады. Будандарды өзара қайытуға болмайды.Түйе шаруашылыгында тұқымаралық будандастыруәдістері кос өркешті түйелер түқымы арасында кеңінен тараған. Әсіресе соңғы кездері қазақы түйе тұқымының Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан сүлесі түйелерінің дене қүрылысы мен тірілей салмақтарын жақсарту мақсатында қазақы түйе тұқымы інгеніне қалмақ тұқымы түйесінің бурасын шөгеру арқьлы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.1950 жылдарга дейін сол кездегі Шымкент облысындаөсірілетін казақы түйелердің жүн өнімділігін арттырумақсатында Монголиядан моңгол тұқымы түйелерінәкеліп шөгерген. Соның нәтижесінде осы өңірдегі қазақытүйелердің жүн өнімі едәуір деңгейге дейін өсті.Тұқым аралық будандастыру жүмысы негізінен асылтүқымды жәнетауарлықтүйе шаруашылықтарындажүргізілебереді. Асыл түқымды шаруашылықтарда олар негізіненаздаған кемшілігі бар қасиеттерін түзеу үшін жүргізілсе, тауарлык шаруашылықтарда өнімділік қасиеттерін арттырубағытында жүргізіледі.

4-билет

1.Түйенің дене бітімімен дене тұрқы ерекшеліктері. Түйенің дене бітімі (конституция) деп оның денсаулыгымен өнімділігін қалыптастыратын сыртқы дене тұрқы (экстерьер) мен ішкі мүшелер жүйесінің (интерьер) жиынтыгы аталады. Малдың дене бітімі түқымдық қасиеттер мен сыртқы орта жагдайларына (жайылымга, багуга) байланысты келеді. Әр түрлі өнімділік багыттагы түйе түздымдарының дене бітімі гана емес сүт, ет, жүн өнімділігі жагынаң даму деңгейлері де өзгеше болады.Түйенің дене құрылысы жағынан басқа үй жануарларымен салыстырғанда едәуір айырмашылығы бар. Сондай ерекшелігінің бірі – бір немесе екі майлы өркешінің болуы. Сол себепті түйенің арқасы тегіс болмай, доға сияқты дөңес келеді. Жылқы мен ірі қараға қарағанда түйенің тұрқы қысқа жэне сирактары биік. Олардың сандары бос жэне жақсы қозғалмалы болады. Құйымшақ және артқы сан еттері жылкымен салыстырған да аз дамыган. Тұрқының қысқалығы белгілі бір мөлшерде мықты, ұзын және жақсы қозғалатын мойынмен толықтырылады. Мойынның жаксы дамуына байланысты түйенің салмақ түсу орталыгы (жылқы мен ірі қараға қарағанда) алға ауытқыган. Түйе тұркының алдыңгы бөлігінің арткы бөлігіне қатынасы орташа 10:5 болса, жылқыда бұл көрсеткіш 10:7, ал ірі қарада 10:8 құрайды. Практикалық жұмыска ыңғайлы, эрі өте жақсы конституцияның түрі П.Н. Кулешов ұсынган және М.Ф. Иванов толықтырған лгүрлері. П.Н. Кулешов мал терілерінің сіңір және бұлшық ет тканьдері, қаңқа және желіндердің арақатынастық дамуын зерттеу арқылы әр малдың осы аталган тканьдері мен дене бөлшектері біркелкі дамымайтындыгын анықтады. Осыларды ескере отырып, ол малды дене бітімі бойынша сөлекет, нэзік, тыгыз және болбыр деп 4 топқа бөлді. М.Ф. Иванов барлық багыттагы мал арасында, өсіруге барынша ыңгайлы тип ретінде, дене бітімі берік мал тобына баса назар аудару қажеттігін атап көрсетті. Берік дене бітімлі (крепкая конституция) түйелердің сүйектері жеткілікті мөлшерде дамыган, жаксы жетілген бұлшық еттерімен, мықты денсаулыгымсн, жақсы жетілген желіндерімен ерекше-ленеді. Бұл түйелердің терілері жүка, әрі созылмалы болады. Сөлекет (грубая конституция) дене бітімді түйелердің терілері қалың, басы үлкен, жүн талшықтары жуан, әрі қылшықты болып келеді.Нәзік (нежная конституция) дене бітімді түйелер сөлекет дене бітімді түйелерге қарама-қайшы болады. Бұл бітімді түйелердің сүйектері жіңішке, терілері жұқа, жүн талшықтары жіңішке, әрі қысқа, бастары кішкене, әрі жеңіл болатындығымен ерекшеленеді.Болбыр (рыхлая конституция) дене бітімді түйелердің тері асты және май ұлпаларының көптігімен, ал дәнекер ұлпаларының жеткіліксіз дамитындығымен ерекшелінеді. Бұлшық еттері көлемді, май жинауға жақын болады.Тығыз (плотная конституция) дене бітімді түйелердің терісі мен бұлшық еттері жақсы, сүйегі мықты, ас корыту, дене мүшелері жүйесі жақсы жетілген, жүмыс атқару қабілеті өте жоғары.

2.Түйе желінінің құрылыс ерекшелігі. Түйе желінінің анатомиялық қүрылысы және физиологиялық сүт бөлуі жагынан басқа мал желініне қарағанда едәуір айырмашылығы бар. Қос өркешті түие інгендерінің желіні онша үлкен емес, ол қуық арасында орналасады. Інгендер жатқан кезде ол жерге тимеиді, ал жан-жагына сандары қорған болады Желіннің сырты жүмсақ әрі серпінді терімен капталган. Жазда тықыр келеді, ал қыста оны жүн талшықтары басады. Желін өз алдарына бөлек сегіз жүйеден қүралған екі қосалқы жартыдан тұрады. Желіннің іші оң жэне сол жартыға, ал жартылар өз кезектерінде алдыңғы жэне артқы бөліктерге дэнекер тканьдар арқылы бөлінеді. Сонымен желін 4 бөліктен тұрады. Екі жүйеден құралатын эр бөлік альвеолалардан, сүт каналдарынан және емшек үрпіне келіп жалғасатын сүт жүретін жолдардан тұрады.Желіннің алдыңғы бөліктері едәуір жақсы жетіледі. Әр емшек екі цистернадан тұрады. Емшек түбі деңгейінде сүт цистернасы дөңгелек қыртысты без қабаттары және соратын бөлімдерінен тұрады. Без қабатты бөліміне 12 сүт жолы келіп ашылады. Сауын аралық узіліс кезінде емшек цистерналары бос, емшек көлемі кішкене, сыртқы емшек терілері салбыраңқы болады. Сауын кезінде цистерналар сүтке толып, емшектерінің көлемі жэне ұзындығы екі есе өседі. Осыдан туындайтын қорытынды, түйе желінінде сүт жиналуына цистерна емес, альвеоларлық сүт жолдарының қызмет ететіндігі дэлелденді. Түйе желініндегі сүт жолдарының тармақталуы басқа мал желінінен біршама өзгешелеу. Мұндай биологиялық ерекшеліктердің інгендерді саууға үйретуде, сауын технологиясын ұйымдастырғанда айрықша маңызы бар. Әдетте інгенді идіру ушін оның бауырына ботасын салады. Желіннің сыйымдылығы түйе түқымына, жасына, сауылу кезеңіне, сүт өнімділігіне, сондай-ак, сүт бездері тканьдарының жетілу дэрежесіне байланысты. Інгендердің желіні онша үлкен болмайды, орташа сыйымдылығы 2-2,5 литрге дейін, ал 12 сағаттық сауын аралығындағы ең көп сыйымдылығы 4,5 литрге дейін артады. Желін көлемі желіннің түп жағының орамы жэне тереңдік керсеткіштерімен айқындалады. Біздің деректерге қарағанда, інген желінінің жолақ бойынша ұзындығы 22-27 см, түп жағының орамы 62-75 см, терендігі 14-21 см. Алдыңғы емшектерінің өлшемдері келесідей: ұзындығы 2,0-3,5 см, түп жағының орамы 7-10 см, екі емшектің аралығы 17-22 см; артқы емшектерінін өлшемдері мынадай: ұзындығы 2,5-6,0 см, түп жағыныңорамы 8-11 см, екі емгаектің аралығы 8-12 см. Сауын інген желінінің салмагы 2300-3000 г, ал бойдақ інгеннің желіні – 200-400 г. Қазақ қой шаруашылыгы институты түйе бөлімінің деректері бойынша, шұбат фермаларындағы сауын інгендерінің желіні мен емшектерін тексеріп-зерттеу нәтижесіңде інген желінін мынаңдай түрлерге бөлуге болатындығын көрсетгі. Тостаган тәрізді желіннің төрт ширегі де біркелкі жетілген, әрі бір деңгейде орналасқан, ұзыны мен ені жақсы дамыған боп келеді. Мүндай желіннің орташа үзындығы 25,6 см, түп жағының орамы 72,3 см, емшектері біркелкі дамыған, үзындыгы 3,8, алдыңгы емшектің аралығы – 21,2, ал арткы емшектің аралығы – 11,5 см. Қолга ұстағанда жүмсақ, серпімді, сауганнан кейін тартылады. Желіні тостаған тәрізді інгендер өте сүтп келеді, 7-8 айгы сауымында орта есеппен тәулігіне 5-6 литрден сүт береді. Ешкі желін. Мұндай желіннің артқы екі ширегі алдыңгы екі ширегіне Караганда жақсы дамыған, соңдықтан артқы ширектері төмен орналасқан. Желін онша ұзын емес, орта есеппен 16,2 см, орамы 56,1, емшектерінің ұзындыгы 2,5 см жэне олардың ара қашықтықтары тиісінше 15,5 және 5,7 см болады. Мүндай желінді інгендер сүтгі аз береді (тәулігіне 3-3,5 литр гана). Біздің шұбат фермаларында жүргізген тэжірибе жүмысымыз эр түрлі тұкымдык інгендердің желін өлшемдерінде айтарлықтай айырмашылык болатындыгын көрсетті. Алайда желіннің жэне оның емшектерінің көлемі мен сүт қалтасы жөнінен жалгыз өркешті аруана маялары қазақ інгендерінен 2-2,5 есе артық екендігі байқалады. Желін көлемі мен түріндегі айырмашылык інгендердің түқымына ғана емес, сонымен бірге олардың жасына да байланысты келеді. Інгендердің жасы ұлгайган сайын (18- 20 жасқа дейін) желіні де өсе түседі. Түйе желініне баға бергенде желіннің түрі мен емшектерінің көлемі жэне олардың ара қашықтыгын білудің орасан зор маңызы бар.

3.Түйені төлдету және бота бағып күту технологиясы. Түйенің боталауы жыл мезгілінің кектем (март-май) айларына келеді. Боталауға 1,5-2 айдай уақыт калғанда боталайтын інгендерді жалпы келеден бөліп алып, бақылаған жөн. Боталар алдында інгеннің сыртқы жыныс органы ісініп, желіні үлкейіп, сүтке толады. Осындай белгілері байқалган кезде оларды қүрғақ қорада қалдыру қажет, себебі кейбір інгендер боталар алдыңда бошалап (жалпы келеден бөлектеніп) бірталай қашықтыққа кетіп қалып боталауы мүмкін. Мүндай жагдайда жас ботаның өміріне қауіп- қатердің тууы өте ықгимал. Інгендер коп жағдайда адам көмегінсіз өздері боталайды. Жаңа туған боталар өте әлсіз, суыққа тез тоңғыш, алғашкы 1-1,5 сағаттай өз бетімен тұра алмайды. Жаңа туған ботаны енесі жалап қүрғатпайды, сол себептен оның ауыз, тыныс алатын мүрын қуыстарын шарана қабығынан тазартып, үстін құрғақ шөппен сүрту жолымен қүрғатады. Жаңа туған боталардың салмағы енесі салмағының 5-7% қүрайды, не болмаса 34 – 40 кг аралыгында болады. Бірінші жылы ботаның салмагы бес есе көбейсе, екінші жылы ол тоғыз есе көбейеді. Ботаны ауыздандыру. Бота 1-1,5 сагаттан кейін буыны бекіп аяқтанып, енесінің емшегін іздей бастайды. Ең алгашқы емізер адцыңца інгеннің желінін жыпы сумен жуып тазартады, содан кейін жас ботаны демеп, енесінің бауырына салып емізеді және 2-3 күн оны енесімен бірге қалдырады. Егер де ботаны туганнан кейін басқа жерде ұстаса, енесі ботасынан жеріп кетуі мүмкін. Әбден енесіне бауыр басқаннан кейін боталар басқа қорага қамалады. Бота қорасы кең, әрі жарық, әрі құрғақ болуы керек.Алғашқы тәулігінде боталарды енесіне 7-8 реттей емізу қажет, ал 1 айға жақындағанда бұл процесті 3-4 ретке дейін азайтып, аз – аздан көк шөп беру керек. Себебі осы кездері бота отыға бастайды. Енесінің уыз сүтімен және көк шөппен азыктанған бота тез өсіп жетіледі. Боталардың өсіп-жетілу кезеңінің ең кауіпті мезгілі алғашқы 6 ай болып есептелінеді. Осы кезең аралыгында олардың жататын жері сыз болмауы және аңызақ жел сокпауы тиіс. Бота 3-4 күндей ауызданганнан кейін інгендерді сауа бастаган дұрыс. Біріншіден, олар сауу процесіне үйре- неді, екіншіден, желінде сүт калып, желінсау ауруына шалдықпайды. Ботаның жақсы жетіліп, өсуі оның сүтпен және жем шөппен қамтамасыз етілуіне байланысты. Азықта минералды заттар жеткіліксіз болтан жатдайда боталар бірінің жүнін бірі жұлып жейді. Олар ішектерінде кептеліп калып, боталарды өлім-жітімге ұшыратуы да мүмкін. Ет-жүн багытында өсірілётін түйе келелерінің боталары енесімен жайылымда бірге болып, 16-18 айлытында ажыратылады да, топ – топқа бөлінеді, ал енелері сауылатын боталарта 2-3 айлыгынан бастап табити жайылымнан басқа тәулігіне косымша 2-3 кғ жем, 4-5 кг пішендеме берілуі қажет. Ол боталар 12 айлытында енелерінен ажыратылып, басқа топқа шотырландырылады. Қалыпты деңгейде өсіп-жетілген боталардың салмақ- тары 6 айлыгында 165 килограмнан, 1 жасында 250-270 кт, ал 1,5 жасында 320-340 кг кем болмаулары шарт.

5-билет

  1. Түйенің сапасын бағалау жүйесі. Түйені сыртқы пішініне қарап сипаттау, баға беру және суретке түсіру бойынша бағалау малды табиғи түрінде көзбен көру және өлшемдері, немесе таразыға тарту нәтижелері жөніндегі мәліметтер негізінде жүргізіледі. Сақа түйелердің мүсіндері, дене құрылысы және бейімділік қасиеттері 40 баллдық шкала бойынша, ал жас төлдерді 50 баллдық шкала бойынша бағалайды. Түйе қимылына баға беру барысында түйелерді қараған кезде олардың адымының ұзындығы мен оның аяқ алысының дұрыстығына назар аударылады. Аяқ алысы дұрыс қалыптасқан түйе жүгіргенде қиналмайды. Сыртқы түрін сипаттау үшін түйе қорадан шығарылып, тегіс жерге төрт аяғын тең басып тұрғызылуы керек. Түйенің жанынан қарған кезде аяқ басуы, тұрысы жақсы көрінеді. Аяғын қисық не шалыс басатын түйелерді бірден аңғаруға болады. Аяқтарының арасы алшақ, тірсек буындары майысқан, аяқтары өте жақын орналасқан түйелер осы кезде іріктелініп алынады. Табандары жарық, не зақым келген түйелер тегіс жермен келе жатқанда өкшесімен жүреді. Табаны ауыратын түйе ақсайды, не құлап жүре алмайды. Егер түйе жұмсақ тегіс жермен жүрген кезде ақсаса, онда оның аяғының бұлшық еттеріне немесе тарамыстарына зақым келгендігі. Ал иығына зақым келген түйе бір бағытқа қарай бұрылған кезде ақсаңдап қалады. Түйенің жүріс-тұрысын қадағалаған кезде әсіресе оның тыныс алуына аса көңіл аударған жөн. Түйелер берік кедергілерден секіруге бейімделмеген. Олар түбі тайыз емес сулардан жүзіп өтеді, бұлар жүзген кезде денесін бір жағына қарай қисайтып алады. Суда жүзген кезде ол өркешіне сүйенеді. Түйелер Ніл, Еділ, Әмудария сияқты өзендерде қиналмай жүзіп өте алады. Түйе мүсінін бағалау үшін түйе қорадан шығарылып, алдымен оның жынысы анықталады. Содан кейін оны тегіс жерге тұрғызып, мұқият қарап, кейін оның аяқ қозғалысына назар аударылады. Түйе мүсінін бағалау үшін оны басынан бастап мұқият қарайды. Басын қараған кезде көзіне назар аудару қажет. Кей түйелердің көздерінің мүйізді қабақтары ағарады, бұл ауру түйе көзінің мүйізді қабықтарының зақымдануы салдарынан болады, кейін түйе соқыр болып қалуы да мүмкін. Кей жайылымда кездесетін бұтақтар көзге кіріп, түйе көзін жарақаттап алуы да ғажап емес. Осыдан кейін түйенің ауыз қуысы мен тістері қаралады. Түйе тістерінің дұрыс жетілмеуі салдарынан, ол азықты дұрыс шайнамайды, ас қорытуы да нашарлайды. Басының құрылысы мен дене конституциясына көңіл бөлінеді. Өте жақсы қоңдылықтағы түйелердің өркештері тік, ұшты келеді. Жанынан қараған кезде артқы аяқтарының тартылмағаны не кейін қойылмағаны қажет. Болашақ мал мамандарына, зоотехниктерге суретке түсіре білу өнері өте қажет. Ол үшін олар түйені суретке түсіре білудің шеберлігімен, шарттарымен таныс болу керек. Түйелерді шуақты күндері не таңертеңгі салқында көктем мезгілінде суретке түсіру керек. Түйелерді суретке түсіргенде мойны жақсы көрінуі үшін оны жалы жоқ жағынан түсіру керек. Суретке түсірген уақытта жарық сауыр тұсынан 45малдың симметриялы жағына бағытталуы керек. Түйені суретке түсіру үшін тегіс жерге тұрып, асықпай, мал көзін жұмып қалмауы үшін суретке түсіру шартын дұрыс қадағалап отыру қажет. Студенттерді малды дұрыс суретке түсіріп үйрету үшін, сабаққа арнайы суретке түсірушіні шақырып, суретке шебер түсіру сырларын дұрыс меңгерткен жөн.
  2. Жалғыз өркешті түйе тұқымдары. Аруана түқымы. Жаздың ыстығы мен құрғақшылық жағдайларына көнгіш түйелер, бір-бірінен айырмашылығы бар Африкалық және Азиялық топтарға бөлінеді. Африкалық аруаналар азиялықтармен салыстырғанда дене тұлғасы биік, сирақтары ұзын, өркеші кішкене және кейінірек біткен, бас сүйегі ұзынша болып келеді. Келеге түсетін жасқа жеткен аруана түйелерінің еркегін үлек, ұрғашысын — мая деп атайды. Африка аруанасы Сахара, Марокко, Оңгүстік Судан деген бірнеше түрлерге бөлінеді. Африка халқы сүйегі жеңіл, ұшқыр, салт мінуге бейімделген аруана түйесін өсіріп шығару үшін сұрыптау жұмысын ғасырлар бойы жүргізді. Соның нәтижесінде Солтустік Африкада «Мехари» деп аталатын» тұлғасы биік аруана түрі шығарылды. Азия аруаиа тобына Үндістан, Аравия, Персия жэне Түркімен түйелері жатады. Үндістан аруанасы Пенджа және Раджипутан (биканир) деген екі түрге бөлінеді. Пенджаб аруанасы өз экстьері бойынша Ауғаныстан және Түркімен аруаналарынан айырмашылықтары шамалы. Олардың денесі шомбал, мығым әрі сүйекті, жүк артуға бейімделген түйелер. Раджипутан аруанасы басқаша «Биканир» түйесі салт мінуге арналған ұшқыр түрі. Олардың басы кішкене, мойны ұзын әрі жіңішке, тұрқы қысқа, сирақтары ұзын және дұрыс қойылған болып келеді. Аравия аруанасы Раджипутан түйелері сияқты тұқымы жақсы түйелер қатарына жатады. Аравияда сүйегі жеңіл, ұшқыр түйелермен қатар, дене қүрылысы ірі, шомбал, жүк артуға, кіре тартуға бейімделген аруналарды да кездестіругеболады. Аравия аруанасының көбісінің түсі ақ сары болып келеді. Ауғанстан, Персия және Түркімен аруаналары дене құрылысы, салмақтары бойынша орташа және ауыр жүк артатын түйелер түрлеріне жатқызуға болады. Бұл түйелер түрлерінің ішінен өте ірі малмен қатар ұсақ малды да кездестіруге болады. Түркімен аруанасы Түкіменстанда, Өзбекстанда, Қарақалпақ автонамомиялық республикасында және Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі. Олардың денесі жинақы, шомбал, шымыр біткен, тұрқы қысқа, сирақтары ұзын.
  3. Түйе сүтінің бөліну ерекшеліктері. Түйе сүті құнарлы әрі шипалы сусын болып табылады. Оның құрамы мен түзілу процессі ерекше. Түйе сүті інгеннің желінінде түзіледі. Cүт бөліну- мал организмінің сауу кезінде пайда болатын күрделі процесс. Сауған кезде немесе бота емгенде тітіркену нерв жолдары арқылы мидың гипоталамиялық бөлігіне жетеді. Осы тітіркенуге жауап ретінде гипофиздың артқы бөлігі канға окситоцин гармонын бөледі. Окситоцин қан жолдары аркылы желіннің тегіс бұлшық етіне жеткізіліп, соның әсерінен ол жиырылып созылады да, сүт желіннің үстіңгі бөлігінен төменгі бөлігіне кұйылады. Інген желінінің сиыр желінінен ерекшелігі, онда сүт жиналатын желін қалтасы – емшек үрпі мен ірі сүт жолдары болмайды. Інгеннің сүт бөліну рефлексін күшейту мақсатында саууға дүрыс әзірлеудің айрықша маңызы бар. Практикада інгендердің сүт бөлінуі тежеліп, сарқа сауылмау жағдайы жиі байқалады. Мұның өзі қыруар шығынға ұшыратьш, інгеннің сүтгілігін кемітеді, сондай-ақ оның уақытынан ерте суалуына әкеп соғады. Сүт тежелуді жою үшін інгендерді сылап- сипап, ботасын салып идіреді. Інгенге айқайлап, ұрып, дөрекілік көрсеткенде емшегі мен желіні жарақаттанганда, сауу аппаратының жұмыс режимі бүзылғанда сүт бөліну мүлде тежеледі, яғни иімейді. Осыдан кейін інгеңді иіту өте қиын, кейде тіпті мүмкін емес. Ол үшін інгеннің желінін уқалайды, жылы сумен жуады, жем беріп, ботасын емізеді. Кейде осы амалдардың өзі де нәтижесіз аяқталып, сүт бөліну жиі тежеле берсе інген уакытынан ерте суалып кетеді. Сүт тежелуді болдырмау үшін жүргізілген барлық амал әрекеттер ешбір нәтиже бермеген жағдайда гипофиздің артқы бөлігінен бөлінетін гармондарды – окситицинді немесе питуигринді жамбас бүлшык етіне 1 мл (5МЕ) мөлшеріңде құяды. Гармон құюды сауыншының өзі-ақ егу жолымен атқара алады. Препаратгың шамалы мөлшері мал организміне ешкандай зиянды әсер етпейді.

6-билет

1.Қос өркешті түйе тұқымдары. Аруана түйелеріне қарағанда бактриан түйелерінің мойны қысқа әрі оның иіні әлдеқалай тереңдеу болады. Арқасында екі өркеш аралығы (30-40 см) маймен толмаған бос келеді. Бактриан түйелерінің аруана түйелерінің ең маңызды ерекшеліктері- сирақтарының қысқа болып, дене тұрқысының ұзын болып келетіндігі. Дене құрылысының осындай ерекшеліктеріне байланысты бактриан түйелері жүк артып, үзақ жолдарда жүру жағынан аруана түйелерінен нашарлау болғанымен, жегін малы есебінде жақсы бейімделген. Бактриан түйелері солтүстік климаттың малы болғандыктан олар жүндес келеді, орташа жүн түсімі 4-8 кг аралығында болады. Бұл түйелердің қыс мезгіліндегі жүндестігі ерекше және ол генетикалык анықтама ретінде бағаланғанда пайдаланады. Олардың тұмсығының үстінде тік түратын кекілі болады. Мойының үстіңгі және астыңғы жактарын толыгымен үзындығы 30-60 см шуда жүн талшыктары кұрайды. Аруана түйелерінің жауырын тұсында өсетін үзын жүн талшықтары (әполеттер) бактриандарда болмайды, оған керісінше аруаналарда болмайтын «галифе» атты ұзын жүн талшыктары бар, ол ары тоқпан жілік пен жауырынның тоғысқан жерінен жіліншек сүйегінің түсынан өседі. Өркеш үштарын екі жаққа жыгылган үзын жүн талшықтары жауып тұрады. Бактриандар да аруана түйелері сиякты негізгі екі түстен тұрады: табиги қоңыр және ақ. Қос өркешті түйенің 3 тұкымы бар: олар ірі денелі, мығым, ұзын сиракты, Ресей Федерациясының Қалмақ Республикасы мен Астрахань облысында шогырланган қалмақ тұкымы Қазақстанның барлық жерінде, Өзбекстан, Қьфгызстан Республикаларының далалық аймагында кездесетін жұмыр денелі, терең кеуделі және кеуде орамы мол болып келетін қазақы тұкым және Монголия мен Қытай мемлекеттерінде өсіп-өнетін жатаган денелі, шудалы монгол түйесі. Қалмақ түйе түқымы. Бұл тұкым аса ірі, бітімі мол, өркештері алшақ орналаскан, дене тұркы ұзын, кұрсақтары жогары көтерілген, сирактары ұзын және мойын астындагы, үстіндегі, жілінішек тұсындагы шудалары көп болады. Осы кездесетін үш тұқымның ішіндеп ең ірісі әрі салмақтысы қалмақ түйесі. Қалмақ түйелері климаты құрғақ және континентальды шөлейт аймақтарга өте-жақсы бейімделген. Қазақ түйе түқымы. Қазақы түйенің ерекшелігі әрі артықшылыгы сонау ықылым заманнан табиғи сұрыптау арқылы жетіліп, яғни жергілікті жердің табиғатына бейімделуіне байланысты үш сүлеге бөлінеді; Орал-Бөкей, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан. Бұл сүлелер дене бітімдерінің мөлшеріне және өнімділік қасиеттеріне карай ажыратылады. Орал-Бөкей типі Батыс Қазақстан облысының далалық аймағы мен Атырау облысының құмды аудандарында щоғырланған. Бұл – қазақы тұқым түйесінің ішіндегі ең ірі типтегі түйелер. Қызылорда типті қазақы түйелер Орал – Бөкей типті түйелерденкішірек,денеқұрылысытыгызжәнепропорциялы, сирақтары біршама қысқа, кеудесі терең, тұрқы сәл ұзындау болып келеді. Бұл типті түйелер Қызылорда және Ақтөбе облыстарының шаруашылықтарында шогырланган. Оңтүстік Қазақстан типті қазақы түйелер жоғаргы екі типтен де кішірек, бойлары жатағандау, дене кұрылысы жеңілдеу, кеудесі тарлау, тұркы қысқа. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының шаруашылыктарында өсіріледі. Моңғол түйе түкымы Бұл түйе тұқымы Моңғол, Қытай Халық Республикаларында, Ресейдің Тува автономиялық Республикасында өсіріледі. Дене кұрылысы жагынан жогарыда айтқан қалмақ, қазақ түйелерінен де кішірек болады. Бұл түйелердің басы жеңіл, бұлшық еттері жақсы жетілген, өркештері қомдырақ.

2.Түйенің жасын тісіне қарап анықтау  Жаңа туған ботада тіс болмайды, бірақ астыңғы иегінде жаңа шығып келе жатқан алты күрек тістің ұшқыны байқалады. Бұл – түйенің басқа малдардан тағы бір ерекшелігі. Сақа түйелердің 34 тұрақты тісі болады. Ірі қарамен салыстырғанда түйенің үстіңгі күрек тістері жақсы жетілген. Жас түйеде 22 сүт тіс бар. Үстіңгі жақ сүйегінде әр бетінде үш-үштен алты азу тісі, ал астыңғы жақ сүйегінде әр бетінде екі-екіден төрт азу тісі болады. Жұлқар тістері астыңғы жақ сүйектерінің алдыңғы ұшында, ал жоғарыда азу тектес ұстайтын тістер орналасқан.Түйе жасын астыңғы күрек тістері бойынша анықтайды, себебі олар қарауға ыңғайлы және тірішілігінде сол күрек тістердің құрылысында көптеген өзгешеліктер болады. Күрек тістер жұлқар, таяу және шеткі тістер болып бөлінеді. Тісі бойынша түйе жасын анықтау үшін 2, 3-cуреттерде көрсетілген тістің орналасуы және тіс жүйесінің көрсеткіштерін басшылыққа алу ұсынылады. Жас анықтау түйе тістерінің жастарына байланысты жұлқар тістерінің өзгеруінің үш кезеңін пайдалану арқылы жүргізіледі. Түйенің сүт тістері ақ, кішкене және түбі жіңішке болады. Түйенің жасын айыру үшін мынадай белгілерді пайдалану керек. Жаңа туған жас ботада тіс болмайды, бірақ астыңғы иегінде жаңа шығып келе жатқан алты күрек тіс орны байқалып тұрады. Түйе тістерін қарау үшін онын сол жағынан келіп, сол қолмен ноқтасынан ұстап тұрып, оң қолмен тыныс алатын кеңсірігін қысу қажет. Сол кезде ол өздігінен аузын ашады.Жұлқар тістердің ауысуы келесі тәртіппен жүреді: 1 жаста – төменгі жұлқар сүт тістері бір-біріне жақындасып орналасады. Азу тістері жұлқар тістердің формасындай болып соңғы тістерге жанасады. 2 жаста – жұлқар сүт тістерінің ең ортасындағы қалғандарынан үлкен және шеттері желіне бастайды, бір-біріне тығыз орналасады. Азу сүт тістерінің формасы жұлқар тістердің формасына ұқсайды, бірақ оларға жанаспайды. 3 жаста – жұлқар сүт тістері бірталай желінген, бір-бірінен алшақ орналасады. Азу сүт тістері жұлқар тістердің формасын жоғалтады. 4 жаста – жұлқар сүт тістері бөлек орналасқан цилиндр формалы түтікшелер секілді, не болмаса қызыл иекке дейін желінеді. Азу сүт тістері жұлқар тістерден бірталай қашықтыққа орналасқан. 5 жаста ең ортадағы екі жұлқар сүт тіс түсіп, тұрақты тістермен ауысады. Қалған орта және шеткі жұлқар тістері мен азу тістері бірталай желінеді. 6 жаста – ортадағы төрт жұлқар сүт тісі түсіп, тұрақты тістермен ауысады. Шеткі жұлқар тістер бірталай желінеді. Азу тіс түсіп, тұрақты тіске ауысуы мүмкін. 7 жаста – барлық алты жұлқар сүт тісі тұрақты тістермен ауысады. Азу тіс түсіп, тұрақты тіске ауысуы мүмкін. 8 жаста – барлық тістер тұрақты. Жұлқар тістер мен азулар мөлшері ең жоғары деңгейге жетеді, олар әлі желінбеген. Жұлқар тістер бір-біріне жанаса орналасады. 9 жаста – ең ортадағы екі тіс желіне бастайды. Жұлқар тістер бір-біріне жанаса орналасады. 10-11 жаста – ең ортадағы екі тіс бірталай желінеді, ал қалған төрт тіс аздап желіне бастайды. Әр жұлқар тістің түп аралықтары ашылып қуыс пайда болады. 12-13 жаста – ортаңғы төрт тіс желініп, жоғары ұштары ұзынша дөңгелек формалы болады, шеткі жұлқар тіс желіне бастайды. Жұлқар тістердің түп аралығында қуыс пайда болады. 14-15 жаста – барлық жұлқар тістердің ұштары ұзынша дөңгелек, ал ең ортаңғы екі тіс ұзынша үш бұрышты формалы келеді. Тістердің түп аралығындағы қуыстар үлкейе бастайды. Азу тістердің ұштары желінуге айналады. 16-17 жаста – барлық жұлқар тістердің ұштары ұзынша дөңгелек, ал ең ортаңғы екі тіс төрт бұрышты формалы, ортаңғы тіс үш бұрышты, ал шеткі тіс ұзынша дөңгелек болады. Тістердің түп аралығындағы қуыстар одан сайын көбейе береді. 18-19 жаста – барлық жұлқар тістердің ұштары ұзынша дөңгелек, ортаңғы төрт тіс төрт бұрышты формалы, шеткі тіс үш бұрышты формада болады. Барлық тіс бір-бірінен бөлек тұрады. Азу тістің ұшы бірталай желінеді. 20 және одан жоғары жаста – барлық жұлқар тістердің формалары төрт бұрышты болады. Жастары ұлғайған сайын жұлқар тістері мен азу тістері түбіне дейін желінеді.

3.Түйені азықтандыру мен бағып – күту.  Түйелерді бағып-күту басқа мал бағып-күту технологиясынан әлдеқайда қарапайым. Негізінен түйе жайылым малы болғандықтан түйе шаруашылықтарының дені оны жыл бойы табиғи жайылым жағдайында ұстайды. Сол себепті оларға қоражай салмайды. Мұндай жағдайда түйешілердің міндеті жайылым өсімдіктері мен суаттардың мөлшеріне қарай түйе келелерінің өрістерін ауыстыру, ал  қыстың аязды боранында оларды сақтау мақсатында табиғи ықтасынға (құм барқандары, биік өсімдіктердің қалқасы) айдап апару. Түйелерді қатты суықтардан жылуды жақсы ұстайтын қалың жүн сақтайды. Бірақ жаңбырдан, ерте көктемде кар еріген кезде олардын жүн қабаттары суық тартып, олар ықтасынсыз өкпек жел өтінен денелері тез тоңазиды да, ауруға шалдығады және соның салдарынан өлім-жетімге ұшырауы да мүмкін. Жергілікті түрғындар ауа райының суық мезгілінде түйені суық желдің өтінен қорғау үрпін және жүнін қүрғақ күйінде сақтау мақсатында үстеріне киізден жасалған жабу жапқан. Жабуды алдыменен жас төлдерге, содан кейін інгендерге жапқан. Қазіргі кездері шаруа қожалықтарында, өсіресе шұбат өндіретін фермаларда түйелерді ауа райының келеңсіз жағдайларынан қорғау мақсатында әдейілеп қоралар салынады, қыстық сауын інгендер мен олардың боталарын қорада ұстау мақсатында пішендеме дайындалады. Салынатын қора-жайлардың түрлері ауа райына тікелей байланысты болады. Оңтүстік  аудандарда төрт қабырғасысаз балшықтан немесе саманнан биіктігі 2-2,5 метрлік баздарда салынады. Бұл баздардың екі немесе үш қабырғасын және төбесін қамыспен немесе тал шыбықтарымен жауып сазбен сылайды. Баздың көлемі әр түйеге шаққаңда 5 м2 болуы шарт. Төбесі жабылған баздың көлемі қыстайтын түйе санына сай мөлшерде болуы қажет. Бұл базбен қатар әр түйеге шақканда 8м2 келетін ашық аланды баз да болуы керек. Бүл аланда түиелер күндізгі мезгілде азықтандырылады, суарылады және серуендейді. Жабық және ашық баздарды түйелерді жасы мен жынысына қарай ұстау мақсатында бөлек-бөлек

секцияларға бөлуге болады. Түйе азықтандыру. Түйенің сүйіп жейтін өсімдіктері: әр түрлі жусан, еркек шөп, изен, жантақ т.б.  құрамында протеині, минералды заттарлы мол өсімдіктер. Күзде және кыста түйелер сораңмен және жусанмен қоректенеді. Жазғытұрым астык тұқымдастар, жусандар және әр түрлі бір жылдық өсімдіктер шығады. Әсіресе осы мезгілде әфемерлі өсімдіктер өте бағалы болып табылады. Себебі кыстан арып шыккан мал тез тойынып қоң жинайды. Әфемерлер мен астық тұқымдас өсімдіктер қурай бастаған кезде шөл жерлерге төзімді, түйелер жақсы жейтін ұсак бұталы және бұршак тәріздес, т.б. өсімдіктер шығады. Күзде, әр түрлі өсімдікгердің саны азайған мезетте, сораң мен жусандардың желінгіштік дәрежесі арта түседі. Бұл өсімдіктер кыс алдында түйелерді жайып семіртуде ең багалы жемшөп болып табылады. Түйе малының ерекшеліктерінің бірі – жайылым өсімдіктерін талғап жеуі. Жылдың кез келген маусымында, кез келген жайылымда басқа мал нашар жейтін, кейде жемейтін өсімдіктерді түйе жақсы жейді. Керісінше, басқа мал жақсы жейтін шөптерді жемейді. Түйе түлігінің тағы бір ерекшелігі – олардың тұзға деген аса кұмарлығы. Сол себепті олардың жазғы және қысқы рациондарында тұз шектелмей берілуі кажет, сақа түйелердің әркайсысы тәулігіне 100 г тұз жалайтынын есте ұстау керек. 

7 билет

1.Қалмақ түйе тұқымы.Бұл тұкым аса ірі, бітімі мол, өркештері алшақ орналаскан, дене тұркы ұзын, құрсақтары жоғары көтерілген, сирактары ұзын және мойын астындағы, үстіндегі, жіліншік тұсындағы шудалары көп болады.Осы кездесетін үш тұқымның ішіндегі ең ірісі әрі салмақтысы қалмақ түйесі.Бұл тұқымның буралары өте ірі, тірілей салмағы ауыр, жүндес. Мысалы «Сабира» деп аталатын 6-жастағы бураның биіктігі 192 см, тұрқының ұзындығы 168 см, кеуде орамы 270 см және жіліншік орамы 28 см болған. Ал «Бек­ хан» деп аталатын бураның тірілей салмағы 1247 кг тартқан, «Толға» деп аталатын бурадан жылына 21 кг өте сапалы жүн түскен. Қалмақ түйелері климаты құрғақ және континентальды шөлейт аймақтарға өте-жақсы бейімделген. Қалмақ түйелерін Еділ өзенінің төменгі оң жағалауларындағы аймақтарға қалмақтар әкелген. Бұл тұқым аса ірі, бұлшық еттері қуатты. Басы кішкене, етсіз, мойны бұлшық етті орташа, кеудесі кең және терең, қабырғалары дөңгеленіп біткен, өркештерінің мөлшері биіктігінен және енінен қарағанда үлкен, құйымшағы қақпақ тәрізді, сәл салбыраңқы, сирақтары етсіз, жіңішке, тарамыстары жақсы жетілген. Түсі қоңыр және қара-қоңыр болып келеді. Сары және ақ түстілері де кездеседі.Қос өркешті қалмақ түйелері климаты құрғақ континенталды шөлейт аймақтарға өте жақсы бейімделген. Көктем, жаз кезінде жақсы семіреді.Түйелердің жүні біркелкі жақсы жетіледі, сапалы болады.Олардан жынысымен жасына қарай түрлі мөлшерде жүн алынады. Мәселен, бураларынан 6-14 кг, інгендерінен 4-8 кг, тайлақтарынан 3-6 кг жүн түседі. Сүттілігі қазақ інгендерне аздау келеді. Мысалы 18 ай сауын маусымы ішінде орта есеппен 1170 л (орташа майлылыгы 5,4 процент) сүт береді.

2.Түйенің тірі салмағын анықтау.Түйенің салмағы ірілігіне және күшіне байланысты. Түйенің салмағын таразыға тартып дұрыс анықтауға болады. Түйенің салмағын дұрыс анықтау үшін оларды азанда суармай, азықтандырмай тұрып өлшейді. Түйенің дене мүшелерін бағалау үшін алдымен оның жынысын, жасын анықтайды ,дене өлшемдерін алады . Содан кейін түйені тегіс жерге тұрғызып, төрт аяғын тен бастырып дене құрылысын қарайды, жүргізіп жүрісін байқайды.Төрт аяғын дұрыс басып тұрған түйенің мүшелерін басынан бастап сынайды. Түйенің ең маңызды мүшесі кеуде клеткасы. Оның кеуде клеткасы, кең, терең, ұзын және қабырғалары жақсы иілген болса, ол онда жақсы жетілген болып есептеледі. Жегуге пайдаланып жүрген түйенің тұрқы ұзын келеді. Белі қысқа етті түйе күшті, ал белі ұзын әлсіз болады. Түйенің тұқымға және шаруашылыққа жарамдылығын бес өлш ем арқылы айыруға болады:1. Биіктік. Қос өркешті түйенің биіктігі екі өркештің арасынан өлшенеді.2. Тұрқының ұзындығын: топшының алдынан бастап айналшыққа дейін өлшейді.3. Кеудесінің жерден биіктігін: төс сүйектің ортасынан жерге дейін өлшейді. 4. Кеудесінің орамын: қос өркешті түйенің алдыңғы жағынан төсінің ортасына дейін, ал аруана мен будандардың иығы үстінен төсінің, ортасына дейін өлшейді. 5. Жіліншік орамы жіліншікті үш бөлгенде жоғарғы бөлімінің ең жіңішке тұсынан алынады.

  1. Түйені машинамен сауу технологиясы.Інгендер көп жағдайда ботасы емгенде ғана сүт бөле бастайды. Сол себептен де сауу аппараты інгеннің желіні мен емшек құрылысына сәйкес келуі, сүттің көп бөлінуіне жағдай жасауы тиіс. Інген сауатын арнайы сауу аппараты әлі жасалған жоқ. Оларды сауу үшін сериялап шығарылган сиыр саууға арналған ДД-100, ДАС-2Б аппараттарын пайдалануға болады. Бұл аппараттармен інген сауу үшін сүт, ауа шлангілерін және сауу стакандарын, яғни сүт бөлінуге тікелей әсер ететін тораптарды сәл өзгертіп пайдаланады. Сауу стакандарын 50 мм-дей қыскартады. Сонда оның салмағы кеміп, емшек резеңкесі сыгу тактісі кезінде емшекті жақсы сылайды, яғни массаждайды.Вакуум күші мен салмақ теңгерілген жағдайда сауу стакандары емшекте жақсы ұсталады. Стакандар тым ауыр болса, жиі түсе береді. Сериялап шығарылатын аппараттарда сүт пен ауа шлангілері қысқа. Өйткені олар сиыр саууга арналған. Інгеннің желіні жерден 100-110 см биіктікте орналасқан, емшек аралықтары алшақ, сондықтан вакуум және сүт шлангілерін үш есеұзарту қажет. Мұның өзі сауу стакандарын кигізуді және аппаратпен жұмыс істеуді ыңғайлы етеді. Сауу аппараты қолайлы жұмыс істеуі үшін мынадай параметрде болуы шарт: жүйедегі вакуум – 0,6 мм сынап бағанасы, пульсация саны – минутына 50 – 60, такт ара қатынасы 65 -35%. Інгенді машинамен саууды ойдағыдай енгізу үшін тұрақты жұмыс істейтін фермаларды әлектр әнергиясымен, ал маусымдық фермаларды тоқтаусыз жұмыс істейтін іштен жанатын двигательдермен (ЗИД – 4,5 т.б.) қамтамасыз ету қажет. Фермада жұмыс істейтін адамдар сауу қондырғысы мен аппараттардың құрылысын, машинамен сауу технологиясын жетік меңгеруі, байқалған ақауларды түзете білуі тиіс. Сонымен қоса оларға дер кезінде техникалық күтім жасалуы, қосалқы бөлшектердің, жуу құралдарының ыстық және салқын судың жеткілікті коры болуы қажет. 

8-билет

  1. Қазақы түйе тұқымы. Қазақы түйенің ерекшелігі әрі артықшылыгы сонау ықылым заманнан табиғи сұрыптау арқылы жетіліп, яғни жергілікті жердің табиғатына бейімделуіне байланысты үш сүлеге бөлінеді; Орал-Бөкей, Қызылорда жэне Оңтүстік Қазақстан. Бұл сүлелер дене бітімдерінің мөлшеріне және өнімділік қасиеттеріне карай ажыратылады. Орал-Бөкей типі Батыс Қазақстан облысының далалық аймағы мен Атырау облысының құмды аудандарында щоғырланған. Бұл – қазақы тұқым түйесінің ішіндегі ең ірі типтегі түйелер. Қызылорда типті қазақы түйелер Орал – Бөкей типті түйелерденкішірек,денеқұрылысытыгызжәнепропорциялы, сирақтары біршама қысқа, кеудесі терең, тұрқы сәл ұзындау болып келеді. Бұл типті түйелер Қызылорда және Ақтөбе облыстарының шаруашылықтарында шогырланган. Оңтүстік Қазақстан типті қазақы түйелер жоғаргы екі типтен де кішірек, бойлары жатағандау, дене кұрылысы жеңілдеу, кеудесі тарлау, тұркы қысқа. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жэне Алматы облыстарының шаруашылықтарында өсіріледі.
  2. Түйе шаруашығында інген сауу. Інген желінінің езгешелігіне, ботаны емізіп өсіруге және сүттің емшекте тез жиналмауына байланысты оны сауудың бірқатар ерекшеліктері бар. Інгенді идіру – өте күрделі процесс. Оған малдың нерв жүйесі, ішкі бездерінің секрециясы үлкен эсер етеді. Інгендерді сауганда әдетге тез иіп, сүтті мол беруіне бота себепші болады. Інгеңдерді сауған кезде атқарылатын жұмыс тізбектері бір қалыпты жүргізілуі тиіс. Атап айтқанда інгендерді сауу алаңына айдап келу, сауыншының інгенге жакындауы, сау агрегатының дүрілі, тағы басқа жұмыстар. Мұның бэрі інгеннің сүтті иіп беруіне оң әсер етеді. Осылардың бэрінен де інгенді идірудің ең тиімді эдісі ботасын салу болып табылады. Інгендердің аналық (инстингі) мейірімі өте жақсы дамыған жэне бота енесін емгенде оның ауыз қуысыңца дүркін-дүркін вакуум пайда болады да желін және емшектегі жүйке жүйелері (рецепторлар) тітіркендіріліп, сүт бөлу процесі басталады. Қолмен сауу. Ботасын салып, інгенді қолмен сауу ежелден қалыптасқан ұрпақтан-үрпаққа жетіп отырған әдіс. Түйенің желіні жерден 104 – 110 см биіктікте орналасқандықтан, 174 сауыншы оны түрегеп тұрып сауады. Сауар алдында түйеші сауын інгендерін сауылатын орынга айдап өкеліп, ашық қораға камайды, содан кейін эр сауылатын інгеңді идіру үшін өз боталарын енесіне жамыратады, 30-40 сек. емгеннен кейін ботасын ажыратып, боталар түратьш аулаға камайды немесе сауын біткенше енесінің жанында ұстап турады. Енесі исінгеннен кейін сауыншы бір аяғын бүгіп, сол бүгіжен тізесіне шелекті қойып, ал тұтқасын білегіне іліп алып екі қолымен төрт емшекті сауьш шығады. Інген сауудың әр түрлі тәсілі бар: бір сауыншы бір інгенді, немесе екі сауыншы бір інгенді екі жағынан тұрып сауу. Емшекті бас бармак, жэне сұқ саусақпен кысу немесе саусақтарды бір жүмып бір ашып, емшектерді не жоғары, не төмен қысу арқылы саууға болады. Тәжірибелерге қарағанда бір інгенді қолмен сауу үішн орта есеппен 5-6 минут уақыт жұмсалады. Әрбір сауыншы күніне 15-20 інгенді жазда 3-4 рет, кыста 1-2 реттен сауады
  3. Түйелерді түраралық будандастыру. Түраралық будандастыру (гибридизация) деп екі түрге жататын жануарларды шағылыстыруды айтады. Түйе шаруашылығында бұл әдіс кос өркешті түйелерді бір өркешті түйелермен шағылыстыру жолымсн жүргізіледі. Оныңекітүріболады. Қазақша-онда азактың қос өркешті түйе тұкымынын бурасын бір өркешті түркімен аруана маясымен будандастыру, түркіменше – туркімен аруанасынын үлгін қос өркещгуқазақ түйе тұқымының інгенімен будандастыру жолымен жүзеге асырылады. Барлық буындағы түр аралық будандардың (гибридтер) ұрпақ беретін қабілеттіліктері бар. Дромедар мен бактриандарды будандастырудың негізгі себебі келесідей. Бүл будандастырудың басты мақсаты I буындагы гнбридті түйе алу, олардың барлық түрі, тұқымы түйелер ішіндегі ең мықты және төзімді жүмыс малы болып есептелінеді. Ллынған будан еркек түйелер (буыршындар) шагылыс жұмысына пайдаланылмайды, ал ұрғашылары алгашқы аталыктардың бірімен шагылыска түседі. Будан түйелерді одан әрі өсіру, әрине сіңіре будандастыру әдісімен жүргізіледі. Қазақстанда қос оркешті түйелердің көп өсірілуіне байланысты будандар (гибридтер) бурамен шагылыстырылса аруана түйелер көп шоғырланған аймакта ұрғашы будан түйелер ұрпақтан ұрпаққа үлекпен шағыстьфылады. Будан габридтердің өзара шағылысқа түсуіне тиым салынады, оның үстіне түйешілер де мұндай әдісті колдамайды. Будан-гибридтерді атайтын терминология. Қазақтар мен түрікмендер ерте заманнан кос өркепггі түйені аруана түйелерімен будандастырып алынган ұрпақ будандарына өздерінше жеке ат койып келген. Бірінші ұрпактың еркек буданын қазактар нар дейді, ұргашысын мая немесе нар мая деп, ал түрікмендер тиісінше нәр және нәр-мая деп атайды. Бураға сіңіре будандастыру аркылы алынган екінші буындагы буданды (3/4 бактриан) – балқоспақ, келесі буындағыларды қоспақ дейді. Үлекке сіңіре будандастыру аркылы алынган екінші буындагы буданды (3/4 дромедар) – түрікмендер еркектерін – кохерт, ұргашыларын – кердәрі, келесі буындағыларды – сапалдырық деп атайды. Бірінші ұрпақ будандарының абайсызда өзара шағы- лысынан туған 2-ші буындағы будандар нәзік, тіршілік қабілеттері төмен, қисық-кыңыр болып келеді. Қазақтар мұндай будандарды жарбай (чучело) деп атайды. Бактриан мен дромедарларды будандастырғанда алынган будандардың гетерозистік қубылысы I будан ұрпагы – нарларда жақсы дамыған. Бұл нарлардың денесі ірі, күпггі, өнімділігі мол әрі өміршеңдік қабілеті өте жоғары болып келеді. Дене өлшемі жагынан да нарлар өз ата-енесінен әлдеқайда басымырақ келеді. 1-ші буындағы будандарды сіңіре будандастыруцан алынған будандардың гетерозистік құбылыстары жақын арадағы будандарда сақталады, ал қашықтаған сайын ол күшін жоғалтады. Сол себепті шаруашылық жағдайында түраралық будан­ дастыру жұмысын 1 және II ұрпақ алудан асырмаған абзал, сол кезде ғана ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.

9-билет

1.Моңғол түйе тұқымы. Бұл түйе тұқымы Моңғол, Қытай Халық Республтикаларында,Ресейдің Тува автономиялық Республикасында өсіріледі.Дене құрылысы жағынан әлгінде айтқан қалмақ, қазақ түйелерінен де кішірек болады.Бұл түйелердің басы жеңіл, бұлшық еттері жақсы жетілген, өркештері қомдырақ болады. Монғолдың қос өркешті түйесі негізінен Монғолияда тараған, сол жақтан олар Россияға әкелінген. Қазіргі кезде бұл елімізде ең көп тараған қос өркешті түйелердің тұқымы Чита облысында және Тувада өсіріледі. Монғол тұқымы түйелер әсіресе солтүстіктің суық шөлдерінде мекендеуге бейім. Бұл тұқым онша ірі емес, денесі тығыз, тұлғасы ұзындау. Басы жеңіл, мойны тік, көкірегі кең, сүйегі мықты, бұлшық еттері жақсы жетілген, жіліншіктері түзу,табандары жалпақ.Інгендерінің тірілей орташа салмағы 500 кг, буралары 500-550 кг, желеген түрлерінікі 720 кг-ға дейін жетеді. Монғолдың қос өркешті түйелерінің жүні қою және ұлпа болып келеді. Әр бурадан 14-16 кг, әр інгеннен 12-13 кг жүн алынады. Сүттілігі өзге түйелерге қарағанда аздау келеді. 18 ай сауын маусымы ішінде орта есеппен 360 л (орташа майлылығы 5,6%) сүт алынады. Монғол түйелерінің тұқымын көбейту және жақсартуүшін оның таза тұқымын өсірген тиімді, сондай-ақ қалмақтың және қазақтың қос өркешті түйелерінің бураларымен шағылыстыруға болады. Түйелердің жыныстық жетілуі екі жасынан бастап алты жасына дейін аяқталады. Ал физиологиялық жағынан жақсы жетілген інгендерді шағылысқа 3 жасынан 20 жасқа дейін, ал аталықты 5-тен 18-20 жасқа дейін пайдаланған тиімді. Қайыту және боталау науқандарында қос өркешті інгендер орта есеппен ботаны 415 күн, аруана 390, нармая 410, қоспақ 390, кезнар 385, құрт нар 387 күн көтерілінетінін білу керек.

2.Түйенің жайылым режимі.  Түйе- жайылым малы. Оның күндізгі азығы жайылым өсімдіктері. Ол күндіз жайылып, түнде  күйіс  қайтарады. Түйе  жайылымда  жақсы семіреді, өркештеріне май  жинайды, жол  жүргенде өз  майын өзі  қорек етеді. Қазірде түйе  ауыл шаруашлық жұмыстарына  және  жүк тартуға көлік ретінде  пайдаланылып  жүр. Сондықтан  түйені  қаншалық ауыр жүк  тарта алатынына, сүттілігіне, жасына  қарай дұрыс  азықтандыру маңызды  мәселелердің бірі.  Түйелердің  өнімділігі  желінген  азықтың  мөлшері мен  сапасына  тікелей  байланысты. Азықтың  құрғақ заты азықтың  желіну көлемін  сипаттайды. Орташа есеппен  ересек  түйелер  әр  100кг тірілей салмағына  1,7-2,0кг  құрғақ  зат  шығындайды.

3.Түйе шаруашылығында асылдандыру жұмыстары және жоспарлау. Түйе шаруашылығындағы асылдандыру жұмыстары мал басының тұқымдық сапасын және өнімділік қасиеттерін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүйесінен тұрады. Бұл жұмыстардың мақсаты мал өсіруде түрлі сұрыптау, жұптау әдістерін пайдалана отырып, селекциялық қасиеті жоғары мал санын көбейту.Асылдандыру жұмыстары түйелерді құнарлы жайылымда жаю мен күтіп-бағуды талапқа сай ұйымдастырған жағдайда ғана ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізеді. Малдың тұқымдық қасиетін жақсарту қосымша шығындар жүмсамай, саланың өнімділігін артгыруға мүмкіндік береді.Асылдандыру жүмыстары түйе өсіретін шаруашылық-тардың түгелдерінде жүргізілуі тиіс.Шаруашылықтардың ерекшеліктеріне, тұқым түріне, өсіру мақсатына байланысты асылдандыру жұмыстарының тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін.Асыл тұқымды түйе шаруашылықтарының негізгі мақсаты – әр тұқым  түйелерін таза өсіру, тұқымдық және өнімдік қасиеттерін жетілдіру, жоғары сапалы мал басын көбейту, төл өсіру және қарапайым тауарлы түйе шаруашылықтарына әлита және 1 -ші класты асыл тұқымды аталық және аналық түйелерді сату.Асыл тұқымды түйе шаруашылықтарының негізгі мақсаты – дене бітімінің беріктігі мен өнімділігі жоғары еркек және ұргашы құнанша, дөненшелерді өсіріп, тауарлы шаруашылықтарға сату. Осыған орай асыл тұқымды мал құрамы таза тұкымды, мол өнімді, әлита және бірінші класты түйелерден тұруы тиіс. Асыл тұқымды інгендермен шағылыстыру үшін шаруашылық бураларымен қатар басқа да асыл тұқымды шаруашылыкгардың осы түйе түқымының жоғары класты буралары қолданылады. Асыл тұқымды шаруашылықтарда асыл тұқымды малдан басқа шаруа түйелері де болады. Селекциялық топта асылдандыру жұмысы ғылымизерттеу институты ғалымдарының әдістемелерімен, ал қалған бөліктерге әдеттегідей асылдандыру жұмыстары жүргізіледі.Кейбір асыл тұқымды шаруашылықтарда, қажетті жағдайда, сіңіре будандастыру қолданылады. Бүл жұмыс тек ғалымдармен бірлесіп, ерекше жоспар мен әдістемелік бойынша жүргізіледі.Арнайы нұсқау мен селекция жоспарын бағытқа ала отырып, асыл тұқымды шаруашылыктарда асылдандыру жұмысын шаруашылықгың мал мамандары жүргізеді. Асыл тұқымды шаруашылықтарда тұқымдық және өнімділік қасиеттеріне қарай түйелерді келесі топтарға бөледі. Асыл түқымды түйелер – таза тұқымды, стандарттық талапқа сай келетін, өзінің тұқымдық және өнімділік қасиетн жақсы бере алатын мал. Түйелердің өнімділік қасиеттерін көтеру, жақсарту және келедегі селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жетілдіру үшін асыл тұкымды мал ішінен зауыттық тип, аталық із және түқымдастық құрылады. Әр топтар өздеріне тиісті шаруашылық белгілерімен жеті көрсеткіш арқылы айшықталады: тез жетілуімен, сүттілік, еттілік және жүндестік касиеттерімен, тірілей салмақтарымен, жайып семіртуге кабілетгілігімен және жергілікті жағдайға бейімділігімен. Түқымда осындай топтағы малдың барлығы оның құрылымын және оны әрі қарай жетілдірудің мүмкіндігі бар екенін айқындайды. Әр тұқым ең кемінде 1 асыл тұқымды түйе шаруашылығынан және 2 асыл тұқымдық репродуктордан,ал тұқымдық генетикалық құрылымы 2 аталык ізден және 5 аналық тұкымдастықтан тұруы қажет. Пайдаланатьш түйелер – таза және будан (түр аралық будан) сүт ет және жүн өндіру үшін өсірілетін мал. Таза тұқымды пайдаланылатын малдан алынған жоғары кластағы төлдер келенің асыл тұқымдылық бөлігін толтыруға пайдаланылады.

 

10-билет.

1.Түраралық будандар.Түйе шаруашылығында түйелерден алынатын өнімдерді көбейту және оның сапасын жақсарту мақсатында қазақтың айыр өркешті (бактриан) түйелерін түркімен аруанасымен (дромедар) будандастыру арқылы будандар ерте заманнан алып келді. Осындай әдіспен алынған түр аралык, буданның бірінші ұрпағының денесі зор, күпггі және өнімділігі жақсы болады. Ұрпақтардың осындай артыкшылықтарын Ч. Дарвиннің теориясы бойынша будан түйелердің жетілу барысында гетерозистік биологиялық кұбылыстың әсерінен екендігі түсіндіріледі.Аруана мен қос өркешті туйелер климаты, азығы, су жағдайы бір-бірінен көп айырмашылығы бар жерлерді мекендеген. Сол мекендеген жерлерінің жағдайына сай оларға тұқым қуалаушылық қасиет пайда болған. Аруана мен қос өркешті түйелерді будандастырудан алынған будандар екеуінің де қасиеттерін жинақтай келе түрлі жағдайға икемді, төзімді болып өседі. Қос өркешті түйелер тараған Қазақстанның батыс облыстарының суық, аруана түиелері мекендеитін оңүстіктің ыстық ауа райына будандар жақсы бейімделген. Гетерозистік құбылыс (тіршілік қабілетінің күштілігі, өнімділік қасиетінің молдығы, т.б. белгілері) бірінші ұрпактың будан нарында жақсы байқалады. Бірінші ұрпақтың нар маясына бура немесе үлек шөгергенде туған будандар (2-ші буын) гетерозис қасиетін аздап қана сактайды, ал кейінгі ұрпақтарында бүл қасиет жойылган, будандар негізгі тұқымға ауысып кетеді. Қос өркешті түйелер мен аруананы түр аралық будандастыру негізінен өндірістік будандастыруға жатады. Бұл будаңдастырудың негізгі мақсаты-мейлінше төзімді, неғұрлым күпггі бірінші ұрпақ буданын алу. Бірінші ұрпақтың еркек тайлақтарын, буыршындарын табиғи жайылым жағдайыңда семіртіп етке өткізетіндіктен олар шағылыстыруға пайдаланылмайды, ал ұрғашыларын шағылыс жасына жеткен кезінде бура немесе үлекпен сіңіре будандастыру әдісімен түйе түқымының біріне аударады. Будандарды өзара қайытуға болмайды.

  1. Інгендердің сүттілігін анықтау.Қазіргі кезде Қазақстанда түйе сауу және шұбат өндіру жұмысы шұғыл қолға алынып отыр. Інгеннің сүттілігін дәл анықтау өте қиын. Себебі, оны сауар алдында ботасын жіберіп исіндіреді және тәуліктің 6-8 сағатында бота енесімен бірге жайылымда болып ауық- ауық еміп жүреді. Сондықтан оны анықтау мақсатында екі күннен тұратын арнайы бақылау сауынын жүргізеді. Бірінші күні желіннің бір жақ жартысын ботасына еміздіріп, екінші жақ жартысын сарқа сауса, екінші күні керісінше желіннің екінші жақ жартысын ботасына еміздіріп, бірінші жақ жартысын сарқа сауып алады. Жаз айларында інгендерді 3-4 рет сауса, күзді күндері мен қысты күндері 1-2 рет ғана сауады. Содан кейін, алынған сүтті өлшеп сүтінің мөлшерін анықтауға болады. Бұл әдіспен анықтаған кезде боталар тәулік бойы енелерінен бөлек ұсталып, жемделеді, тек сауын кезінде ғана енесіне жіберіледі. Інгенді сауу әдісі әр түрлі, ол шаруашылықтың нақты жағдайына және сауыншының шеберлігіне байланысты. Сондықтан да түйенің сүттілігі жөніндегі деректер де әр түрлі. 1980 – 2000 жылдары біз Мыңбаев атындағы тәжірибе шаруашылығында түйені машинамен сауғандағы сүттілігін зерттедік.Көктем айынан қыс айларына дейін сауын інгендері табиғи жайылымда болып, тәулігіне екі-үш реттен сауылды. Қыстың үш айында інгендер жылы қорада ұсталып, тәулігіне 10-12 кг пішен, 34 кт арпа жармасы беріліп, тәулігіне екі рет сауылып алынды. Ай сайын екі күнгі бақылау сауынының көрсеткіші бойынша есептегендегі машинамен сауылған інгендердің 12 айдағы орташа сүттілігі 1100-1800 л шамасында болды, ал тауарлы сауылған сүті 700-850 л құрады. Мамыр айы толығымен інгендерді машинамен саууға үйретуге кетеді. Осы аралықта сол әдіске інгендердің 85- 95%-ы ғана үйренеді. Інгендердің сүтті ең көп беретін айлары маусым-шілде болса, ал ең аз беретін айлары келесі жылдың ақпан – наурызы болып келді. Інгендерді машинамен сауғандағы сүттіліктің колмен сауғаннан 30-35 пайызға артықтығы дәлелденді.
  2. Түйелерді сұрыптау.Түйелерді сұрыптау – мал өнімділігі мен тұқымдық қасиеттерін жетілдірудегі ең маңызды мәселелердің бірі. Сұрыптаудың мақсаты алынған төлдердің ішінен өнімділік қасиеттері жоғары малды өсіруге қалдырып, өнімділік және тұқымдық белгілері талапқа сай келмейтіндерін етке өткізу немесе басқа жолдармен пайдаланып, олардан төл алынуына жол бермеу болып табылады. Түйелерді өнімділігі (тірідей салмақ, жүн, сүт өнімділігінің мөлшері мен сапасы, бейімділік қасиеттері),дене бітімі мен тұрқы, шығу тегі мен ұрпағының сапасы бойынша сұрыптайды. Өнімділігі, дене бітімі мен тұрқы бойынша сұрыптау оларды бонитировкалау (осы аталған қасиеттерін өлшеу және салыстыру) арқылы жүргізіледі. Өнімділігі бойынша сұрыптау. Түйе тұқымының өнімділік багыты, малды күтіп-бағу жагдайы мен олардың қай санат максатында өсірілуіне байланысты, сұрыптау кезінде бағаланатын әрбір өнімділік көрсеткішінің мәні түрліше болады. Сондықтан мал дене бітімінің беріктігін ескере отырып, кейде олардың ет өнімділігіне (тірідей салмақтарына), ал енді бірде сүт өнімділігіне басты назар аударылады. Шыгу тегі бойынша сұрыптау түйені дене тұрқы мен өнімділігі бойынша сұрыптауды толықтырады. Бұл сұрыптаудың мағынасы – малдың ата-енесінің өнімділік және тұқымдық қасиетін білу. Бір айта кететін нәрсе мол өнімді мал төлдері шыгу тегінің өнімділіктері төмен мал төлдеріне қарағанда барлық көрсеткіштері жағынан басымырақ болады. Осы себептерге байланысты өсімге бірінші кезекте әлита жәәне I класты інгеңдерден алынған төлдерді қалдыру керек. Түйелерді төлдерінің сапасы бойынша сұрыптау ең жетілген әдіс деп есептелінеді. Бураларды түрлі жас шамасындағы екі топ төлдерінің сапасы тексерілгеннен кейін ғана асыл тұқымды бура есебінде кеңінен пайдалануға, ал інгендерді сұрыптау олардың 1,5 жас шамасындағы төлдерінің баға көрсеткіштерінің негізінде жүргізіледі. Бірінші класты немесе сапасы бір деңгейдегі інгендерге пайдаланганда, басқа буралармен салыстырғанда, мол өнімді төл берген буралардың тұкымдық сапасы жақсы деп есептеледі.

11билет

1.Тұқымаралық будандар. Түйе шаруашылыгында түқымаралық будандастыруәдістері кос өркешті түйелер түқымы арасында кеңінен тараған. Әсіресе соңғы кездері қазақы түйе тұқымының Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан сүлесі түйелерінің дене қүрылысы мен тірілей салмақтарын жақсарту мақсатында қазақы түйе тұқымы інгеніне қалмақ тұқымы түйесінің бурасын шөгеру арқьлы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.1950 жылдарга дейін сол кездегі Шымкент облысындаөсірілетін казақы түйелердің жүн өнімділігін арттырумақсатында Монголиядан моңгол тұқымы түйелерінәкеліп шөгерген. Соның нәтижесінде осы өңірдегі қазақытүйелердің жүн өнімі едәуір деңгейге дейін өсті.Тұқым аралық будандастыру жүмысы негізінен асылтүқымды жәнетауарлықтүйе шаруашылықтарындажүргізілебереді. Асыл түқымды шаруашылықтарда олар негізіненаздаған кемшілігі бар қасиеттерін түзеу үшін жүргізілсе, тауарлык шаруашылықтарда өнімділік қасиеттерін арттырубағытында жүргізіледі.

2.Түйе сүтінің химиялық құрамы мен қасиеті. Түйе сүтін ашыту арқылы шұбат алады. Шұбат деп – сүт қышқылды сусынды айтады. Шұбат та қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі. Сонымен қатар бұл сусынның дәрілік, шипалық қасиеті де бар. Осынау әрі сусын, әрі дәрудің химиялық құрамы, емдік қасиеті қандай екені жайлы биология ғылымдарының кандидаты доцент Қ. И. Дүйсембаев былай дейді: түйе сүтінің және одан дайындалатын өнімдердің қоректік, диеталық және емдік қасиеттері орта Азия мен Қазақстан халқына ежелден белгілі. Әйтсе де оны тағы бip қайталаудың артықтығы жоқ. Дәрігерлердің айтуынша үнемі шұбат ішетін, яғни түйе ұстайтын кісілер кұрт ауруымен аз aуырады екен. Шұбаттың емдік қасиеті құрамындағы сүт қанты, сүт қышқылы, алкоголь, көмір қышқыл газы, ақуыз, тұздар, витаминдер және антибиотик заттарға байланысты. Тамақтың құрамындағы ақуыздардың әдетте асқазан-ішек жолында тамақ қорытылған кезде ғана ыдырайтындығы белгілі. Ал шұбат құрамындағы ақуыздардың едәуір бөлігі ағзаға ыдыраған күйінде түседі. Шұбаттың жеңіл қорытылатындығы да сондықтан. Бұл сусынның асқазан жолының бездерінен мықтап сөл шығаратын қасиеті бар екендігі анықталды. Ол сондай-ақ қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің моторлық қызметін жақсартады. Тәбет ашып, қарындағы ауруды басады, ішектeri тамақтың жақсы қорытылуына көмектеседі.Ашымалдағы ерекше микрофлоралық тіршілік әрекетіне байланысты түйе сүтінде түрлі биохимиялық процестер өтеді. Сүт қанты ыдырайды және сүт кышкылдарының, спирттің және көмip қышқылдарының жаңа түзілістерінің пайда болу npoцeci жүреді, витаминдік құрам көбейеді. Шұбаттың химиялық құрамы бастапқы сүттен анағұрлым айырмашылықта болады. Шұбат өзіне тән сүйкімді иісімен 80 градус шамасына жеткен шақта оны 8—10 сағаттай 7—10 градус температурада ұстап барып iшуге пайдаланады. Мұндай шұбаттың дәмі, қасиеті және сапасы қажет нормада, яғни майлылығы – 5%, ақуызы – 6,2%, минералдық заттары – 0,86% болады.

3.Түйені жұптау. Түйелерді жұптау – сұрыпталган малдың еркектерімен ұрғашылары дене бітімі менөнімділіктерініңүйлесімділіктеріне сай шағылыстырып, жоғары сапалытөл алу. Баскаша айтсак, іріктеліп алынған інгендерді төлалу мақсатында қандай бурамен шағылыстыру қажеттігінанықтау.Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарында сұрыптаумен жұптау әдістерін қатар, үйлестіре жүргізу арқылы ғанаойдағыдай нәтижеге қол жеткізуге болады. Сұрыптау арқылымалды өсімге қалдыру, жұптау арқылы осы малдан төл алумәселелері шешіледі. Сұрыптау жолымен жаксартылган мал өнімділігін ұрпақтан – ұрпаққа арттыра береді. Туыстас малдың жүйесіз шағылысуына еш жол берілмейді. Малдың бірнеше ұрпақ бойынша бір бағытта жұптастырылуы, олардың өнімділік қасиеттерінің бірте-бірте артуы мен тұрақтануына қол жеткізеді. Жұптаудың ең маңызды мақсаты – әр келесі ұрпақтан тұкымдық және өнімділік қасиеттері жоғары мал алу. Түйе шаруашылыгында жеке топты жұптау жүргізіледі. Жеке жұптау – асыл тұқымды шаруашылықтыңселекциялық тобындағы малына жүргізіледі. Бұл жұптау кезіңде келесі шарттарға сүйену қажет: келешек ұрпақтарға ата-енелерінің бағалы касиеттерінің берілуі және оның жақсы қалыптасуы үшін інгендерге жоғары бағалы әлита класты таңдаулы деген буралар тағайындау; 2 кластагы інгендер үшін (кейбір көрсеткіштері нашар дамыган) 1-ші, не болмаса әлита класты мықты буралар тагайындау. Мұндай жұптау жақсы дамыған төлдер алу үшін қажет. Топты жұптау әр класқа жататын інгендер сондай класка жататын буралар колданылып, өндірістік бағыттағы түйе келелерінің өнімділігін көбейту мақсатымен жүргізіледі. 

 12-билет.

1.Түйенің сыртқы пішіні.  Түйе қаңқасы жеткілікті түрде көлемді. Бассүйек ұзына бойы созыңқы келген. Көз алмасы арасында кең, әрі қысқа маңдай сүйек орналасқан, осы жерде бассүйек қорапшасы күшті кеңейген. Омыртқа жотасы жеті мойын омыртқасынан тұрады. Омыртқалары созыңқы келген, нәтижесінде ұзын мойын бөлімі барлық омыртқа жотасының үштен бір бөлімін құрайды. Мойын омыртқасының көлденең өскіндері жақсы жетілген және күшті бұлшықет пен мойынның бекінуін қамтамасыз етеді. Қысқа, әрі бүйірінен қысыңқы келген кеуде клеткасы 12 омыртқа (сирек жағдайда 11 және 13) және 12 жұп қабырғадан тұрады. Қысқа келген кеуде бөлімі қысқа дененің түрін көрсетеді. Бел бөлімі ұзын, жеті омыртқа және бес құйымшақ омыртқаларынан тұрады. Қаңқаның құйрық бөлімінде 12-30 омыртқа, жиі жағдайда 18. Түйенің аяқ қаңқасы бойшаңдығын, түтікшелі сүйектерінің үзындығын көрсетеді. Ұзын аяқтар жануардың әдеттегі жүрісі – аяңдау барысында құмда жүру шапшаңдығын ұлғайтады. Алдыңғы аяқтарының қаңқасы артқы аяқтарына қарағанда ауыр. Иық сүйегі қысқа, әрі көлемді. Шынтақ сүйегі кәрі жілікпен бітісіп кеткендіктен рессор қызметін атқармайды. Білезік сүйектері саны, орналасуы және түрі бойынша жылқының білезік сүйектеріне ұқсас. Түйенің жамбасы қысқа әрі сүйірленіп келген. Шонданай төмпегі анық көрінбейді. Терең, қысқа бұлшықеті ұзын келген мойнын ғана ұстап тұрмай, бел және кеуде бөліктерінің қозғалуын қамтамасыз етеді. Түйенің мойны күшті иіліп келген. Жылқымен салыстырғанда түйенің бұлшықеті жұқа, әрі әлсіз дамыған. Алдыңғы аяқтарының бұлшықеті жамбас бұлшықетімен салыстырғанда үлкен жүктеме түсуіне орай күшті дамыған. Сиыр терісіне қарағанда қалың келетін түйенің терісінде тер бездері аз болады. Ыстық мезгіл жақындағанда түйе түлеуін тоқтатып, жүнінің барлық дерлігі түсіп қалады. Теріасты майының осы уақытта мүлдем азаюынан жылу алмасу реттеледі. Өркеш тері өскіні. Өркеш негізі арасына май байланатын тығыз байланысқан ұлпа жіпшелерінен тұрады. Қоңдылығы жоғары түйенің өркеш майының қоры 150 кг-ға дейін жетеді. Қоңдылығын жоғалтқан түйенің өркеші бір немесе екі жағына салбырап тұрады. Арық түйенің өркеші бос дорба тәрізді келеді. Мұндай түйелердің тіршілікке қабілеті жоғалып, байқаусызда тиген салқынның немесе аурудың әсерінен өліп кетуі мүмкін.

  1. Түйені күш көлігі ретінде пайдалану. Түйе малы түрлі типті шаруашылықтарда жүк тасу үшін не малшылар қысқы жайылымнан жазғы жайылымға көшкен кезде көлік ретінде қолданылады. Қазақ, жалпы мұсылман халқы түйенің етін жеп, шұбатын ішіп қана қоймай, оны көлік ретінде пайдаланады. Түйе малы алыс жолға төзімді, бірнеше күн шөлге шыдамды болғандықтан ертеректе шет елдерден жүк тасу үшін қолданды. Қазір де түйе бұл қасиетін жойған жоқ. Мемлекетаралық сауда қатынасының дамуына орай көптеген тауарлар құрлық арқылы түйелермен тасымалданды. Соның нәтижесінде олар жүк артатын, транспорттық жануар ретінде әлемге атағы шыққан болатын. Түркістан мен Аравия құмы арқылы Кіші Азия, Кавказ маңы және Қытай асып Үндістанға жол салған керуен көшінің жолында саудамен айналысатын қалалар бой көтеріп, қара халықтың жағдайы сол жолға жақын орналасуымен де байланысты болды. Мұның барлығы көшпелі құмда жүре алатын жалғыз ғана түйе малының таңқаларлық қабілеті арқылы қамтамасыз етілді. Шөл және шөлейт құмда жүргіш келетін жүк артылған немесе жегілген түйе басқа жануарлар үшін жеуге пайдасыз жусан, тұзды шөптерді жеу қабілетімен де ерекшеленеді. Күн сайын 8-9 сағат жұмысқа қолданылатын жылқылардың тарту күші шамамен тірілей салмағының 15%-ын құраса, түйелердің орташа тарту күші 10-12%-ды құрайды. Әр түйенің жүктемесі жол ұзақтығына тікелей байланысты. Түйе сағатына 4-5 км жол жүреді, 8-10 сағаттық жұмыс мезгілінде 30-40 км жол жүргенде, оған артылатын жүк салмағы оның салмағының жартысынан аспауы қажет. Ұзақ жолда түйе күніне 30-40 км жол жүріп, 250-300 кг-ға дейінгі жүкті, яғни өз салмағының жартысына жуығын тасымалдай алса, ең күштілері өз салмағын құрайтын жүктерді де (700 кг) тасуға қабілетті келеді. Ерттеп мінілген түйе күніне 10-12 км/сағ жылдамдықта жорға жүріспен 100 км жолды жүріп өтеді. Әрбір 5-6 шақырым жол жүрген сайын түйені тынықтырып отырған жөн.
  2. Түйе шаруашылығында асылдандыру жұмыстарын ұйымдастыру. Асыл тұқымды түйе малына қол жеткізудің бірден бір жолы түйелерді бонитировкадан өткізу болып табылады. Бонитировка асыл тұқымды шаруашылықтарда (фермаларда), тауарлы фермаларда түйелердің тұқымдық құндылығы мен пайдалану бағытын анықтау үшін қолданылады. Бонитировкалау алдында келесі дайындық жұмыстары атқарылуы тиіс: – бонитировка өткізу уақытын анықтау; – шаруашылық бөлімшелері бойынша ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтай отырып, бонитировканы жүргізудің күнтізбелік жоспарын құру; – малдың лақап аты мен нөмірлері тексеріліп, шығу тегі туралы мәліметтер жазбалармен сәйкестендіріледі, түсініксіз және жоғалған нөмірлерді қалпына келтіру; – екі күндік (лактацияның 3-4-айы) бақылау сауым негізінде немесе 3-айлық жастағы боталардың тірілей салмағын өшеу арқылы інгендердің орташа тәуліктік сүт өнімділігін есептеу; – жүн қырқымы туралы мәліметтерді нақтылау; – малдың тірілей салмағын анықтау үшін таразыда өлшеу немесе дене өлшемдері арқылы анықтау; – есепке алу мәліметтерінің негізінде тұқым мал карточкаларын толтыру (кешірек бонитировкалау мәліметтерінің қорытындысы енгізіледі). Бонитировка күзде қыркүйек – қараша айларында жүргізіледі. Бағалаудан 1,5 жылдық жастан жоғары барлық жас түйелер және негізгі табынның 6-7,5 жастағы ересек түйелерінің барлығы өткізіледі. Жас және ересек түйелер тұқымы, шығу тегі, экстерьері, конституциясы, қабілеттілік белгілері және жүн өнімділігі бойынша бағаланады. Сонымен қатар ересек түйелер ұрпағының сапасы бойынша, ал інгендер сүт өнімділігі бойынша бағаланады. Бонитировкалау 100-баллдық шкаламен жүргізіледі. Бір және қос өркешті түйелерді будандастырудан алған будандар, ауру және тым арық малдар бонитировкалаудан өткізуге жатпайды.

13-билет

1.Түйе шаруашылығындағы түйе қырқу. Түйе қырқу – еңбекті көп қажет ететін ауыр да жауапты іс. Түйені жылына бір рет – көктемде қырқады. Көктем айынан бастап түйенің жүндері ұянданып көтеріле бастайдыда, шуцада ұсталып түрады. Осы кезеңде көтерілген түбіт жүнді қолмен немесе тарақпен тарап жинамаса бірталай жүн (20-30%) шығынга ұшырайды. Түйелерді ауа райынын біркалыпты жылынған кезеңінде сәуір айының 2-ші жартысында қырқады. Егер түйе аз болса қой қырқатын қайшымен немесе өткір пышақпен қолмен күзейді. Ол үшін алдын ала су себіліп тазаланған аулаға түйелерді тобымен кіргізіп, бір-бірден ұстап жығады да, аяқтарын байлайды. Содан кейін біржанын қырқады, болған соң түйені екінші жагына аударып,екінші жағын қырқады. Осындай әдіспен қырыққан кезде 2жұмысшы кунделікті жұмыс уақыттарында 5 түйеден артык күзей алмайды. Қолмен күзегенге қарағанда түйелерді тұрғызып қойып (күзеу станогында) кырыққанда күзеу мезгілінің уакытын қысқартуга, қырықтықшылардың жұмыс өнімділігін арттыруға және олардың жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Бұл күзеу станогында қырыкгықшылар түйелерді бекітіп, екі жағынан бірдей қырқып, қырқылган жүндерді жандарындағы қанар қаптарға салады да, келесі түйелерге ауысады. 1970-1990 жылдар аралыгында көптеген түйе шаруашылықтарында осыңдай қашада әдейі түйе кыркымына арналып Ақтөбе ауыл шаруашылыгы құрал-жабдықтар зауытынан шығатын ӘСА-6-200 әлектр машинасы өндіріске енгізілді. Осының арқасында еңбек өнімділігі 3-4 есеге артып, алынатын жүн өнімінің сапасы да едәуір өсті. Түйе күзеуге біз ойлап тапқан әмбебап каша да (түйе саууға, күзеуге және бонитаровка жүргізуге) пайдалануға оолады. Бүл қаша жұмысқа ыңғайлы, әрі жайлы болып қызмет көрсететін 12 адам 3-4 адамға дейін кеміді. Қырқым науқаны біткен соң келесі кезенде жүннің сапасын жақсарту мақсатымен түйелерді тоғыіу қажет. Мүндай процесстерді де механикаландырылған әдіспен жүргізу жұмысы жолға қойылды. Бүл агрегаітың да құрылысы күрделі емес, оларды қарапаиым шеберханаларда жасап шығаруға болатыңдығы дәлелденді.

  1. Сауын інгендері мен оның боталарын азықтандыру мен бағып-күту. Туйе шаруашылыгында інгендерді сауганда сауын інгендері мен олардыц боталарын құнарлы азықтандыру мен бағып-күтудің айрықша маңызы бар. Сауын інгендерін азықтандыру үшін мына мөлшер (норма) есебін пайдалануға болады. Қыста інгендер – 4,0 азық өлшемі, жазда – 6,9 азық өлшемі және әр килограмм сауылған сүтке 0,8 азық өлшемі есебінде азықтандырылады. Түйе – күйіс малы. Жайылымда жүргенде ол азығын толық шайнамаиды. Тыныққан кезде гана ол жеген азыгын қайта шығарып, күйіс қайырады. Сондықтан да олар тәулігіне 7-9 сагат жайылса да тояттанады. Ең қолайлысы інгендерді өріске күндіз 4 сағат, түскі сауымнан кейін 4 сағат жайған жөн. Жазда жайылымның шөбі курап, оты қайтқан кезде, інгенге тауарлы суттің әр литріне 1 кг есебінен жем берген дүрыс.Сауын аралығында інгендер өрісте жайылган кезде боталарды арнайы аланда ұстайды. Алаңға шөп, жжем салынатын оттық, су қүятын науа қойылады. Көк балауса мен пішенді ботаға еркін жегізеді, ал жемді әр басына 0,5-1,5 килограмнан береді. Жаздың екінші жартысында, боталар шираған кезде оларды өріске енесінен бөлек шығарып жаюға болады. Олар жан-жаққа бытырап кетпес үшін жуас інгендердің 2-3-ін қосып жібереді. Жайылым шөбі бітік өсіп, боталар жақсы тойынатын болса, онда інгендерді үш рет саууга болады, ал жайылым шөбі қурағанда інгендерді екі рет сауып, түстен кейін ботасын косып өріске жібереді. Мұндайда темендегідей күн тәртібі белгіленет:Інгенді екі рет сауғандағы күн тәртібі: сағат 6-дан 8-ге дейін – бірінші сауын; 8-ден 13-ке дейін – інгендерді жаю; 13-тен – 14-ке дейін – суару, айдап келу; 14-тен – 16-ға дейін – екінші сауын; 16-дан – 17-ге дейін ботасымен бірге тынығу; 17-ден – 21-ге дейін – ботасымен бірге жаю; 21 car. – өрістен айдап әкелу, боталарды бөлу, тынықтыру Інгенді үш рет сауғандағы күн тәртібі: сағат 6-дан 8-ге дейін – бірінші сауын;8-ден 12-ге дейін – інгендерді жаю; 12-ден – 13-ке дейін – суару, айдап келу;13-тен – 15-ке дейін – екінші сауын; 15-тен – 19-ға дейін – інгендерді жаю; 19-дан – 20-ға дейін – үшінші сауын; 20-дан – 21-ге дейін боталарды енесіне жіберу; 21-дан-2130 -ға дейін боталарды белу; 2130-дан – 6-ға дейін түнгі тынықтьфу.Боталарбін жас кезінен ноқтаға және ұстауга үйретеді. Сонда сауын кезінде оларды бағып-күту жеңілдейді. Ботаның қай шгендікі екенін жазбай тану үшін, оған енесінің нөміріне сәйкес бояумен нөмір салынады. Сауын басталған кезде інгенді иіту мақсатында көмекші сауыншы ботаны жетекгеп, енесінің оң жағына әкеледі. Станок терезесі аркылы бота енесін бірнеше қайтара емгеннен кейін оны орнына апарады немесе сауын біткенше енесінін қасында ұстап тұрады. Ботаға ноқтаны неғұрлым жас кезінде кигізсе, ол соғұрлым тез бастығады. Ноқта бауын бірте-бірте, бота өскен сайын ұзартып отырады. Боталаганнан кейін 10-15 күн өткенде інгендерді машинамен саууға дағдыландыра бастайды. Оларды сауу алаңына, аппараттарға үйретуге екі аптадай уақыт кетеді. Осы кездері боталарды сауу станогында тұрған енесін емуге үйретеді. Боталаганнан кейін бір ай өткен сон інгенді машинамен сауа бастайды. Інгендерді сауу станогында саууға дағдыландыратын кезеңде оларды белгілі бір уақытта станокқа кіргізіп, жем береді, сауу аппаратының шуылына үйретіп, ботасын емізеді.Інгенді саууға үйрету кезінде оған жекіріп, айқайлауға, ұрып-соғуга болмайды.

3.Шұбат дайындау технологиясы. Шұбат – сүт қышқылды және спиртті ашу нәтижесінде түйе сүтінен әзірленетін сусын. Шүбат деп аталатын қүнарлы сусын дайындау әдісі де кымыз дайындау әдісіне ұқсас. Шұбаттың сапасы, оның ашытқы қорының сапасына байланысты. Ашытқы ретіңде жақсы ашыған, бөгде иісі, не бөгде дәмі жоқ сапалы шұбат алынады. Осындай ашытқы саумалға күнделікті қосып тұрады. Маусымның басында, әлі шұбат жоқ кезде, туйе сүтін ашыту үшін сүт қышқылды бактерия (болгар таяқшасы) мен ашытқыны (торула)пайдаланады. Шұбатты төмендегіше дайындайды. Сауьш алынган сүтті сүзіп, оны жарты сағаттай уақыт 63-65°С шамасында қыздырады (пастерлейді), содан кейін 28-30 градусқа дейін салқындатады да, күбіге құйып, сүттің 3-4 бөлігіне өндірістік ашытқының 1 бөлігін құяды. Қоспаны 20 – 30 минуттай піспекпен пісіп-пісіп, 3-4сағат ашу үшін қояды. Осы уақыт аралығында қоспада үдемелі ашу процесі жүреді, мнкрофлоралардың тіршілік әрекеті нәтижесінде күрделі затгар жай заттарға айналады.Шұбаттың қышқылдығы 60-70°Т дейін көтеріліп, казеин ұйып, тұнба түзе бастайды. Казеин тұнбасы іріленіп кетпес үшін, шұбатты жақсылап пісу қажет, сонда түйіршектер майдаланып, біркелкі консистенциясын сақтайды. Інгенді күніне 3-4 рет сауады. Өр сауынның сүтін саумалға құяр алдында пастерлендіріп, содан соң 28-30°С дейін салқындатып барып қосу керек, содан соң жақсылап піседі. Саумалдың 20-25° температурада ашу процесі 10-20 сағатқа созылады, содан кейін сусынды аузы жабылатын ыдысқа құйып, 10-12 сағаттай тоңазытқышқа қойып жетілдіреді, не болмаса сауда мекемелеріне жөнелтіледі. Шұбат 5-10°С температурада 5-6 күн сақталады. Сүт қышқылды және спиртті ашытудың ұзақтығына байланысты шұбат үш категорияға бөлінеді. Әлсіз – бір тәулікте ашып жетілгені, орташа – екі тәулікте ашып жетілгені, және күшті – үш тәулікте ашып жетілгені. Ашу процесінде арнайы микрофлоралардың тіршілік әрекеті нәтижесінде түйе сүтінде күрделі биохимиялық процестер жүреді: сүт қанты ыдырап, жаңа заттар (сүт қышқылы, спирт және көмір қышқылы) түзіледі, витаминдік құрамдары көбейеді. Шұбаттың химиялық құрамы бастапқы сүт құрамыдан едәуір өзгеше болады . Түйе сүтін шұбат үшін ашытқанда мұндағы А және С витаминдері өзгермейді де, витаминдердің В топтары екі есеге көбейеді. Түйе сүтінен кефир әзірлеу жөніндегі тәжірибелік жұмысты С.Г. Херасков жүргізді. Кефирді сүт өнеркәсібінде қолданылып жүрген технологиялык үлгі бойынша термостаттык әдіс пен кефир алуга арналған ашытқы пайдалану жолымен жасайды. Кефир дайындау процесі іігүбат дайындау әдісімен ұқсас келеді, бірақ алынған сусынның дәмі кефир ашытқысымен ашығандықтан соган тән болады. Түйе сүтінен май мен сыр жасау жөнінде бүгінгі күнге дейін ешқандай өнеркәсіптік тәжірибе жоқ. Бүл жөніндегі алгашкы зертханалық тәжірибелерді И.И. Лакоза, А.И. Қаратаева, М.И. Комлева және К.А. Қүдабаев сияқты галымдар жүргізіп, түйе сүтінен май мен сыр жасауға болатындыгын, оның дайындау технологиясы сиыр сүтінен алынатын өнімдердің технологиясынан өзгеше екендігі дәлелдеді.Сиыр майымен салыстырганда, түйе сүтінен алынған майдың түсі ақ, дәмі тоңмайдікіндей және физика-химиялық касиеті де тоңмайға үқсас, сондықтан оны ас пісіруге және кондитер өндірісінде пайдалану ұсынылады. Түйе майының физика-химиялық константы сиыр майының константынан өзгешелеу. Рейхерт – Мейсл және сабындау саны мөлшерінің аздығы түйе сүтінің майында жоғары молекулалы май қышқылдарының (майлы, капрон және каприл) көп екендігін аигақтаиды. Иод сан екендігін көрсетеді. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында шаңырақ көтерген «Агромеркур» түйе шаруа кожалығының шұбат цехында түйе сүтінен қаймақ және құрамына тек қана таза жемістер,жидектер кіретін «Меркуренок» атты йогурт шыгарылды. Бұл йогурттың емдік қасиеті және балаларга қажет барлық нәрлі заттар мен  витаминдер кешені бар.

14-билет

1.Түйе шаруашылығының өнімдерін өндіру технологиясы . Сүт және шүбат өндіру технологиясы Түйе сүтінде май, белок және минералдық заттар өте көп. Сондықтан одан әр түрлі сүт тағамдарын жасауга болады. Алайда басқа да мал түліктеріне қарағаңда түйе сүтінің өнеркәсіптік негізде кең түрде өндірілмеуіне байланысты, ол тек қана шұбат түрінде пайдаланылады. Түйе сүтінен май, ірімшік, кұрт және йогурт та дайындауға болады.Түйе сүтін ашыту арқылы шұбат алады. Шұбат деп – сүт қышқылды сусынды айтады. Шұбат дайындау технологиясы қымыз дайындау технологиясына ұқсас. Шұбат ашытуға ашытқы ретінде ащы, бөгде иісі, не бөгде дәмі жоқ шұбат алынады. Оны ашытқы ретінде пайдаланады. Маусымның басында, әлі жақсы шұбат жоқ кезде, түйе сүтін ашыту үшін сүт қышқылы бактериалары (болгарлық шыбық) және ашытқы (торула) пайдаланылады. Шұбат дайындау технологиясы: Түйені сауып алғаннан кейін сүтін сүзеді де 30-350С-қа дейін салқындатады. Содан соң, оны еменнен жасалған күбіге құйып, оған өндірістік ашытқы қосады, ашытқының бір бөлігін 3-4 жаңа сүт бөлігіне құяды. Қоспаны піспекпен 20-30 минут бойы жақсылап араластырады да, ашу үшін 3-4 сағат қояды. Бұл кезде ашытылған сүтте үдемелі ашу процесі жүреді, оның негізінде микрофлоралардың әсерінен күрделі заттар анағұрлым қарапайым заттарға айналады. Шұбаттың қышқылдығы 60-70 градусқа дейін барады, казеин ұйып, тұна бастайды. Казейннің түйірленіп кетпеуі үшін шұбатты жақсылап араластырады, соның нәтижесінде сусын анық консистенциясын сақтайды. 20-25 С температурада шұбаттың ашу процесі 10-12 сағатқа созылады, содан кейін сусынды жарты литрлік шөлмектерге құйып, ауызын тығындап, 10-12 сағаттай ашу процесі аяқталғанға дейін тоңазытқышқа қояды да, содан кейін сауда мекемелеріне жөнелтеді. Шөлмекке құйылған шұбат 5-10 С температурада еш бұзылмай 5- 6 күн тұра алады.Түйенің ет өнімділігі. Түйе етінің бөтендей иісі болмайды. Бураның етіне қарағанда сақа түйелер, атан мен құнанша, дөненшелердің еті әрі дәмді, әрі нәрлі келеді. Еттің құнарлылық қасиеті оның құрамында түгелдей қажетті белоктардың (глобулин, альбумин, миозин және т.б.) болуына байланысты. Еттің қорытылуы өте жоғары – 95%.Түйе сойылғанда одан ет пен майдан басқа қосымша тағамдық өнімдер, техникалық және ішкі мүшелердің шикізаты алынады. Ішкі мүше тағамдары олардың құнарлылық қасиеттеріне байланысты екі категорияға бөлінеді. Құнарлылығы жоғарылау тағамдық өнімдер 1-ші категорияға (бауыр, бүйрек, тіл, жүрек, желін және т.б.), ал 2-ші категорияға құндылығы нашарлау қарын, өкпе, көк бауыр және басқалары жатады. Техникалық шикізаттары (тері, қан, жүн, сүйектері) жеңіл өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылса, ішкі секреция бездері (қарын асты, қалқанша, гипофиз және басқалары) емдік мақсатта пайдаланылады. Түйе етінің негізгі бөлігі бұлшық ет тканінен тұрады, бұл оның жалпы етінің 60-70 пайызын құрайды. Бұлшық еттер ткані – еттің ең құнды бөлігі, өйткені ол жеткілікті амин қышқылды құрамы бар аса бағалы белоктардың қайнар көзі болып табылады. Дәнекерлік ткань клеткалардан, талшықтар мен негізгі заттардан тұрады. Осындай тканьдар көп болған жағдайда еттің тағамдық қасиеті күрт төмендейді. Дәнекерлік тканьдар кәрі түйелерде, көлік ретінде пайдаланылатын түйелерде көбірек болады. Майлы ткань белгілі бір дәрежеде тамшылар толған жинақтаушы клеткалар болып табылады. Тканьның бұл түрі түйелердің өркеш қабатында 100-150 кг деңгейінде құралып, жемшөп қоры азайған кезде қорек және жаздың сусыз, ыстық аптабында су қоры қызметін атқарады. Бұл ткань бұлшық еттер арасына тарай отырып, оған мәрмәр секілді түр береді.

  1. Асыл тұқымды шаруашылықтарда асылдандыру жұмыстарын ұйымадстыру. Асыл тұқымды түйе шаруашылықтарының негізгі мақсаты – дене бітімінің беріктігі мен өнімділігі жогары еркек және ұргашы қүнанша, дөненшелерді өсіріп, тауарлы шаруашылықтарға сату.Осыған орай асыл тұқымды мал құрамы таза тұкымды, мол өнімді, әлита және бірінші класты түйелерден тұруы тиіс. Асыл тұқымды інгендермен шағылыстыру үшін шаруашылық бураларымен қатар басқа да асыл түқымды шаруашылыкгардың осы түйе түқымының жогары класты буралары қолданылады. Асыл тұқымды шаруашылықтарда асыл тұқымды малдан басқа шаруа түйелері де болады. Селекциялық топта асылдандыру жұмысы ғылыми- зерттеу институты галымдарының әдістемелерімен, ал қалган бөліктерге әдеттегідей асылдандыру жұмыстары жүргізіледі. Кейбір асыл тұқымды шаруашылықтарда, қажетті жағдайда, сіңіре будандастыру қолданылады. Бүл жүмыс тек галымдармен бірлесіп, ерекше жоспар мен әдістемелік бойынша жүргізіледі. Арнайы нүсқау мен селекция жоспарын багытқа ала отырып, асыл түқымды шаруашылыктарда асылдандыру жүмысын шаруашылықгың мал мамандары жүргізеді. Асыл тұқымды шаруашылықтарда тұқымдық және өнімділік қасиеттеріне қарай түйелерді келесі топтарға бөледі. Асыл түқымды түйелер – таза тұқымды, стандарттық талапқа сай келетін, өзінің тұқымдық және өнімділік қасиепн жақсы бере алатын мал. Түйелердің өнімділік қасиеттерін көтеру, жақсарту және келедегі селекциялық-асылдандыру жүмыстарын жетілдіру үшін асыл тұкымды мал ішінен зауыттық тип, аталық із және түқымдастық құрылады. Әр топтар өздеріне тиісті шаруашылық белгілерімен жеті көрсеткіш арқылы айшықталады: тез жетілуімен, сүттілік, еттілік және жүндестік касиеттерімен, тірілей салмақтарымен, жайып семіртуге кабілетгілігімен және жергілікті жағдайға бейімділігімен. Тұқымда осындай топтағы малдың барлығы оның құрылымын және оны әрі қарай жетілдірудің мүмкіндігі бар екенін айқындайды. Әр тұқым ең кемінде 1 асыл тұқымды түйе шаруашылығынан және 2 асыл тұқымдық репродуктордан, ал тұқымдық генетикалық құрылымы 2асыл тұқымдық репродуктордан, ал тұқымдық генетикалық құрылымы 2 аталык ізден және 5 аналық тұкымдастықтан тұруы қажет. Пайдаланатьш түйелер – таза және будан (түр аралық будан) сүт ет және жүн өндіру үшін өсірілетін мал. Таза тұқымды пайдаланылатын малдан алынған жоғары кластағы төлдер келенің асыл тұқымдылық бөлігін толтыруға пайдаланылады.
  2. Аруана тұқымына сипаттама. Жаздың ыстығы мен қүрғақшылық жағдайларына көніп түйелер, бір-бірінен айырмашылығы бар Африкалық және Азиялық топтарға бөлінеді. Африкалық аруаналар азиялықгармен салыстырғанда дене тұлғасы биік, сирақтары ұзын, өркеші кішкене және кейінірек біткен, бас сүйегі ұзынша болып келеді. Келеге түсетін жасқа жеткен аруана түйелерінің еркегін үлек, ұрғашысын — мая деп атайды. Африка аруанасы Сахара, Марокко, Оңгүстік Судан деген бірнеше түрлерге бөлінеді. Африка халқы сүйегі жеңіл, ұшқыр, салт мінуге бейімделгең аруана түйесін өсіріп шығару үшін сұрыптау жұмысын ғасырлар бойы жүргізді. Соның нәтижесінде Солтустік Африкада «Мехари» деп аталатын» тұлғасы биік аруана түрі шығарылды. 47 Азия аруаиа тобына Үндістан, Аравия, Персия және Түркімен түйелері жатады. Үндістан аруанасы Пенджаб және Раджипутан (биканир) деген екі түрге бөлінеді. Пенджаб аруанасы өз әкстьері бойынша Ауганыстан және Түркімен аруаналарынан айырмашылықтары шамалы. Олардың денесі шомбал, мығым әрі сүйекті, жүк артуға бейімделген түйелер. Раджипутан аруанасы басқаша «Биканир» түйесі салт мінуге арналған ұшқыр түрі. Олардың басы кішкене, мойны ұзын әрі жіңішке, тұрқы қысқа, сирақтары ұзын және дұрыс қойылған болып келеді. Аравия аруанасы Раджипутан түйелері сияқты тұқымы жақсы түйелер қатарына жатады. Аравияда сүйегі жеңіл, ұшқыр түйелермен қатар, дене қүрылысы ірі, шомбал, жүк артуға, кіре тартуға бейімделген аруналарды да кездестіруге болады. Аравия аруанасының көбісінің түсі ақ сары болып келеді. Ауғанстан, Персия және Түркімен аруаналары дене қүрылысы, салмақтары бойынша орташа және ауыр жүк артатын түйелер түрлеріне жатқызуға болады. Бүл түйелер түрлерінің ішінен өте ірі малмен қатар ұсақ малды да кездестіруге болады. Түркімен аруанасы Түкіменстанда, Өзбекстанда, Кара­ калпак автонамомиялық республикасында және Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі. Олардың денесі жинақы, шомбал, шымыр біткен, тұрқы қысқа, сирақгары үзын.

15-билет 

1. Түйе экстерьерінің негізгі дене өлшемдері.  Түйенің тұқымға және шаруашылыққа жарамдылығын бес өлшем арқылы ажыратады. Дене мүшелерін өлшеу үшін түйені төрт аяғы тең басылатын тегіс жерге орнатылған қошаға (раскол) кіргізеді. Өлшеу кезінде түйе төрт аяғын тең басып, тік тұруы керек, алдыңғы екі аяғы бір-біріне параллель болуы шарт. Өлшемдерді дененің келесі нүктелері бойынша алады: а) Биіктік (өлшеу таяғымен) – қос өркешті түйенің биіктігі екі өркештің арасындагы жайпақ нүктеден тігінен жерге дейін, ал бір өркешті түйенікі – шоқтығының жоғары нүктесіне дейін өлшенеді. б) Ұзындық (өлшеу таяғымен) – тоқпан жілік пен жауырынның тоғысқан жерінің алдыңғы шетінен жамбас сүйегінің соңғы шетіне дейін өлшенеді. в) Кеуденің жерден биіктігін төс сүйектің ортасынан жерге дейін өлшейді. г) Кеуде орамын (жіп тәрізді өлшеуішпен) қос өркешті түйенің алдыңғы өркешінің артқы жағынан төсінің ортасынан өткеру арқылы өлшейді, ал аруана түйелер шоқтығының ортасы мен төс сүйегінің ортасынан өткеру арқылы өлшенеді. д) Жіліншік орамын (жіп тәрізді өлшеуішпен) тірсекті үш бөлгенде жоғары бөлімнің ең жіңішке тұсынан өлшеу керек. Ұзындықты, биіктікті және кеуде орамын – 1 см, желіншек орамын – 0,5 см аралығындағы дәлдікпен өлшейді. Тірілей салмақты таразыға тарту арқылы 1 кг аралығындағы дәлдікпен, немесе біз ұсынған түйенің сапасын анықтау нұсқауындағы қосымша кесте бойынша аныктауға болады. Дене мүшелерін өлшеу әдісі объективті деп есептелгенмен, ол да малдың экстерьері туралы толық мағлұмат бере алмайды, сол себепті оны көз мөлшерімен бағалаған кезде қосымша пайдаланған жөн. Индексті әдіс. Индекс деп екі және одан да көп өлшемдердің өзара пайызбен белгіленген қатынастары. Мысалға, кеуде орамының биіктігіне қатынасы мығымдылық индексін көрсетеді. Біз дене өлшемдерін өлшеген кезде бір көрсеткішке дерек алсақ, ал индекс екі, не болмаса одан да көп көрсеткіштердің аралық қатынастарын көрсетеді. Ұсынылып отырған индекстердің саны оннан астам. Индекстер мал топтарын салыстыра бағалағанда қолданыл ады. Графикалық әдіс. Бұл әдісті қолданған кезде бірінші топтағы малдың дене мүшелерінің өлшемдерін 100 пайыз деп алады да, ал салыстыратын топтағы малдың дене мүшелерінің өлшемдерін сол бірінші топтағы малдың дене мүшелерінің өлшемдеріне пайыз қатынасы есебінде есептеп, графикалық жүйеге түсіреді. Әдетте өлшемдіктері 100 пайыз деп алынған топтағы малдың сызығы түзу болады. Сол себептен екі және одан да көп мал топтарының дене өлшемдерінің салыстырмалы багасын алуга болады. Суретке түсіру. Дене мүшелерінің өлшемдеріне қоса малдың суреті (фотография) оның кейбір тұстарының ерекшеліктерін толықтай түсуіне септігін тигізеді. Сондай- ақ басқа, ол шаруашылықтан кеткен атақты малдың экстерьерін сипаттауға да мүмкіндік туғызады.

  1. Бактриан түйе тұқымына сипаттама. Аруана түйелеріне қарағанда бактриан түйелерінің мойны қысқа әрі оның иіні әлдеқалай тереңдеу болады. Арқасында екі өркеш аралығы (30-40 см) маймен толмаған бос келеді. Бактриан түйелерінің аруана түйелерінің ең маңызды ерекшеліктері- сирақтарының қысқа болып, дене тұрқысының ұзын болып келетіндігі. Дене қүрылысының осындай ерекшеліктеріне байланысты бактриан түйелері жүк артып, ұзақ жолдарда жүру жағынан аруана түйелерінен нашарлау болғанымен, жегін малы есебінде жақсы бейімделген. Бактриан түйелері солтүстік климаттың малы болғандықтан олар жүндес келеді, орташа жүн түсімі 4-8 кг аралығында болады. Бұл түйелердің қыс мезгіліндегі жүндестігі ерекше және ол генетикалык анықтама ретінде бағаланғанда пайдаланады. Олардың тұмсығының үстінде тік тұратын кекілі болады. Мойының үстіңгі және астыңғы жақтарын толығымен үұзындығы 30-60 см шуда жүн талшықтары кұрайды. Аруана түйелерінің жауырын тұсында өсетін ұзын жүн талшықтары (эполеттер) бактриандарда болмайды, оған керісінше аруаналарда болмайтын «галифе» атты ұзын жүн талшыктары бар, ол ары тоқпан жілік пен жауырынның тоғысқан жерінен жіліншек сүйегінің тұсынан өседі. Өркеш ұштарын екі жаққа жығылған ұзын жүн талшықтары жауып тұрады. Бактриандар да аруана түйелері сияқты негізгі екі түстен тұрады: табиғи қоңыр және ақ. Бірақ бұл түйелердің негізгі түстері табиғи климат жағдайларына және организмде кездесетін қосымша геннің болу-болмауына байланысты өзгеріп тұрады (ақшыл қоңырдан қалың коңырға, ақ түстен ақшыл-сары түске дейін). Келеге түсетін жасқа жеткен қос өркешті түйелердің еркегін бура, ұрғашысьн – інген атайды. Қос өркешті түйенің 3 тұкымы бар: олар ірі денелі, мығым, ұзын сирақты, Ресей Федерациясының Қалмақ Республикасы мен Астрахань облысында шоғырланган қалмақ тұкымы Қазақстанның барлық жерінде, Өзбекстан, Қырғызстан Республикаларының далалық аймағында кездесетін жұмыр денелі, терең кеуделі және кеуде орамы мол болып келетін қазақы тұкым және Монголия мен Қытай мемлекеттерінде өсіп-өнетін жатаған денелі, шудалы монғол түйесі.
  2. Жүн және жүн бұйымдарын өндіру. Түйе жүні өзінің технологиялық сапасы жағынан басқа жүн түрлерінен асып түседі және тоқыма өнеркәсібі үшін таптырмайтын шикізат больш табылады. Бұл жүннен тоқылған маталар өте жоғары сұранысқа ие. Оған басты себеп түйе жүнінің жылу ұстағыш қасиетімен қатар халыққа ежелден белгілі емдік қасиетінің де бар екендігі. Тағы бір артықшылығы сол, ол ауа райының салқын кездері организмді суық тиюден, ыстық күндері қатты қызудан сақтайды. Осындай ерекшеліктердің арқасында түйе жүнінің түбіті емдік қасиеті бар киімдер дайындауда ең қажетті материал болып саналады. Түйе жүні түбітінен ұшқыштар мен су астында жүретін теңізшілерге аумалы-төкпелі температурадан сақтайтын киімдер дайындайды. Түйе жүні жеңіл, мықты, дененің демалуына мүмкіншілік туғызады, жұмсақ және созылмалы, басқа талшықтарға қарағанда ылғал сіңіруі және булануы артығырақ болады. Сол себепті табиғи түйе жүнінен жасалған көрпелерді тыныс жолы, белі және жотасы ауыратын адамдарға пайдалануға ұсынатындығы бұрыннан белгілі. Қазақстанда соңғы жылдарға дейін түйе жүні жергілікті кішігірім цехтарда көрпе жасауға ғана пайдаланылып келді. Түйе жүнін пайдалануда жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін оны жеңіл өнеркәсіп бұйымына дейін өңдеу қажет. Түйе жүні талшықтарының арнаулы ерекшеліктері одан жасалған маталарға басқадай қасиет беруімен қатар тоқыма бұйымдарына жоғары жылу сақтауы, әрі қой жүніне қарағанда әлдеқайда жеңілдеу келетіні, әрі түгінің беріктігі, тауар түрінің жақсы болуы оны дүние жүзінде жоғары сұранысқа ие болған лама жүнінен жасалған бұйымдармен салыстыруға болатындығымен сипатталады. Түйеден алынатын жүн құрамы жагынан біркелкі емес. Мұнда 40%-дан 60%-ға дейін жіңішке түбіт талшықтар және жіңішкелігі 30 мкм-ден жоғары қылшық бар. Жұмсақ түйе жүнін машинамен таралатын жүн ретінде тоқыма және шұға өнеркәсібінде пайдаланады. Ұяң жүнінен дайындалған шұға маталар жамылғы көрпелер мен жұқа көрпелерге жұмсалады.

 16 билет

  1. Тауарлы шаруашылықта асылдандыру жұмысын ұйымдастыру. Асыл тұқымды түйе малына қол жеткізудің бірден бір жолы түйелерді бонитировкадан өткізу болып табылады. Бонитировка асыл тұқымды шаруашылықтарда (фермаларда), тауарлы фермаларда түйелердің тұқымдық құндылығы мен пайдалану бағытын анықтау үшін қолданылады. Бонитировкалау алдында келесі дайындық жұмыстары атқарылуы тиіс: – бонитировка өткізу уақытын анықтау; – шаруашылық бөлімшелері бойынша ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтай отырып, бонитировканы жүргізудің күнтізбелік жоспарын құру; – малдың лақап аты мен нөмірлері тексеріліп, шығу тегі туралы мәліметтер жазбалармен сәйкестендіріледі, түсініксіз және жоғалған нөмірлерді қалпына келтіру; – екі күндік (лактацияның 3-4-айы) бақылау сауым негізінде немесе 3-айлық жастағы боталардың тірілей салмағын өшеу арқылы інгендердің орташа тәуліктік сүт өнімділігін есептеу; – жүн қырқымы туралы мәліметтерді нақтылау; – малдың тірілей салмағын анықтау үшін таразыда өлшеу немесе дене өлшемдері арқылы анықтау; – есепке алу мәліметтерінің негізінде тұқым мал карточкаларын толтыру (кешірек бонитировкалау мәліметтерінің қорытындысы енгізіледі). Бонитировка күзде қыркүйек – қараша айларында жүргізіледі. Бағалаудан 1,5 жылдық жастан жоғары барлық жас түйелер және негізгі табынның 6-7,5 жастағы ересек түйелерінің барлығы өткізіледі. Жас және ересек түйелер тұқымы, шығу тегі, экстерьері, конституциясы, қабілеттілік белгілері және жүн өнімділігі бойынша бағаланады. Сонымен қатар ересек түйелер ұрпағының сапасы бойынша, ал інгендер сүт өнімділігі бойынша бағаланады. Бонитировкалау 100-баллдық шкаламен жүргізіледі. Бір және қос өркешті түйелерді будандастырудан алған будандар, ауру және тым арық малдар бонитировкалаудан өткізуге жатпайды.

2.Түр және тұқымаралық будандарға сипаттама . Түйе шаруашылығында түйелерден алынатын өнімдерді көбейту және оның сапасын жақсарту мақсатында қазақтың айыр өркешті (бактриан) түйелерін түркімен аруанасымен (дромедар) будандастыру арқылы будандар ерте заманнан алып келді. Осындай әдіспен алынған түр аралық, буданның бірінші ұрпағының денесі зор, күпггі және өнімділігі жақсы болады. Ұрпақтардың осындай артыкшылықтарын Ч. Дарвиннің теориясы бойынша будан түйелердің жетілу барысында гетерозистік биологиялық кұбылыстың әсерінен екендігі түсіндіріледі.Аруана мен қос өркешті туйелер климаты, азығы, су жағдайы бір-бірінен көп айырмашылығы бар жерлерді мекендеген. Сол мекендеген жерлерінің жағдайына сай оларға тұқым қуалаушылық қасиет пайда болған. Аруана мен қос өркешті түйелерді будандастырудан алынған будандар екеуінің де қасиеттерін жинақтай келе түрлі жағдайға икемді, төзімді болып өседі. Қос өркешті түйелер тараған Қазақстанның батыс облыстарының суық, аруана түиелері мекендеитін оңүстіктің ыстық ауа райына будандар жақсы бейімделген. Гетерозистік құбылыс (тіршілік қабілетінің күштілігі, өнімділік қасиетінің молдығы, т.б. белгілері) бірінші ұрпактың будан нарында жақсы байқалады. Бірінші ұрпақтың нар маясына бура немесе үлек шөгергенде туған будандар (2-ші буын) гетерозис қасиетін аздап қана сактайды, ал кейінгі ұрпақтарында бүл қасиет жойылган, будандар негізгі тұқымға ауысып кетеді. Қос өркешті түйелер мен аруананы түр аралық будандастыру негізінен өндірістік будандастыруға жатады. Бұл будаңдастырудың негізгі мақсаты-мейлінше төзімді, неғұрлым күпггі бірінші ұрпақ буданын алу. Бірінші ұрпақтың еркек тайлақтарын, буыршындарын табиғи жайылым жағдайыңда семіртіп етке өткізетіндіктен олар шағылыстыруға пайдаланылмайды, ал ұрғашыларын шағылыс жасына жеткен кезінде бура немесе үлекпен сіңіре будандастыру әдісімен түйе түқымының біріне аударады. Будандарды өзара қайытуға болмайды. Түйе шаруашылыгында тұқымаралық будандастыруәдістері кос өркешті түйелер түқымы арасында кеңінен тараған. Әсіресе соңғы кездері қазақы түйе тұқымының Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан сүлесі түйелерінің дене қүрылысы мен тірілей салмақтарын жақсарту мақсатында қазақы түйе тұқымы інгеніне қалмақ тұқымы түйесінің бурасын шөгеру арқьлы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.1950 жылдарга дейін сол кездегі Шымкент облысындаөсірілетін казақы түйелердің жүн өнімділігін арттырумақсатында Монголиядан моңгол тұқымы түйелерінәкеліп шөгерген. Соның нәтижесінде осы өңірдегі қазақытүйелердің жүн өнімі едәуір деңгейге дейін өсті.Тұқым аралық будандастыру жүмысы негізінен асылтүқымды жәнетауарлықтүйе шаруашылықтарындажүргізілебереді. Асыл түқымды шаруашылықтарда олар негізіненаздаған кемшілігі бар қасиеттерін түзеу үшін жүргізілсе, тауарлык шаруашылықтарда өнімділік қасиеттерін арттырубағытында жүргізіледі.

  1. Түйе шаруашылығында еңбек ұйымдастыру. Еңбекті нормалау дегеніміз еңбек процесін тиімді ұйымдастыру, белгілі мөлшерде өнім өндіруге жұмсалатын жұмыс уақытының ғылыми негізделген шығынын белгілеуболып табылады.Еңбек жұмыс уақытымен өлшенетіндіктен, ал алынған өнім оның нәтижесі болатындықтан еңбек нормасы дегенді нақтылы шаруашылық жағдайында жұмыстың белгілі көлемін орындауға немесе өнім өндіруге қажетті тұрақты белгіленген жұмыс уақытының мөлшері деп білу керек.Республикамыздың экономикасы нарықтық қатынасқа көшкенге дейін түйе шаруашылыгындагы әр түрлі жұмыспен шұғылданатын жұмысшылардың мал күтудегі үлгі нормасын Совет одағының Ауыл шаруашылығы министрлігі 1977 жылы бекіткен болатын. Онда әрбір жұмысшының күтетін мал саны, атқарылатын жұмысының көлеміне,қиындыгына, техниканы пайдалану,пайдаланбауына байланысты еңбек нормалары көрсетілген. Қазіргі кезде түйе шаруашылығы кәсіпорындарында еңбек нормалары әкімшлікпен жүмысшылардың арасында келісім-шарт бойынша көрсетіледі. Бұл келісім шартта түйешіге немесе басқа жұмысшыларға мал басы бекітіліп беріледі, одан өндірілетін өнім мөлшері, мал басының сақталуы, оның жай-күйі, т.б. көрсетіледі де түйешінің барлық алатын өнім мөлшерін ақшага шағып анықтайды да жалақы төленеді. Кейбір шаруа қожалықтарында өнім алу жоспарын асыра орындағаны үшін сыйлық мөлшері қарастырылады, өндірілетін өнімнің сапасы үшін де материалдық көтермелеу шаралары белгіленеді. Еңбек ақы төлеу жүйесінің ең маңызды мақсаты шаруашылықтың рентабельді болуын қамтамасыз етуге тиіс. Жоғарыда аталған материалдық ынталандыру және көтермелеу шаралары түйе шаруашылығының өсуіне елеулі ықпал жасайтыны сөзсіз.

17-билет.

1.Сүт және шұбат өндіру технологиясы.Түйе сүтінде май, белок және минералдық заттар өте көп. Сондықтан одан әр түрлі сүт тағамдарын жасауға болады. Алайда басқа да мал түліктеріне қарағаңда түйе сүтінің өнеркәсіптік негізде кең түрде өндірілмеуіне байланысты, ол тек қана шұбат түрінде пайдаланылады. Түйе сүтінен май, ірімшік, кұрт және йогурт та дайындауға болады. Қазіргі кезде сауын түйе шаруашылығын ұйымдастырудың екі түрі бар. Оныңбірі -жыл бойы шұбатөндіретін фермалар, екіншісі – түйе өсіретін шаруашылықтардың маусымдық фермалары. Маусымдық шұбат өндіретін фермалар түйені табиги жайылымдарда бағатын шаруашылықтар үшін ғана қолайлы. Мұндай фермаларда шұбат 7-8 ай бойы өндіріледі. Осы уақытқа арналып, бағалы інгендерден іріктелген сауын топ- тары құрылады.Сауын маусымында інгендер жайылымда бағылады, бұл өнімнің өзіндік құнын кемітеді.Інгендер түскі сауыннан кейін боталарымен бірге жайылымда болады, кешке келген соң боталар бөлініп, қорада бөлек ұсталады. Інгеңдер ертенгісін сауыннан кейін өріске айдалып, түскі сауынға дейін ботасыз жайылып келеді. Арнаулы бөлмелері жоқ маусымдық шұбат фермаларында шұбат киіз үйлерде дайындалады. Шұбат фермаларыңда сауын інгендері, буралар және боталар тұратын арнайы қоралар мен шұбат ашытылатын, әрі сақталатын үйлер болады. Сондай ақ інген саууга арналган сауын залы немесе арнаулы сауын алаңдары да осы жерге орналасады. Қазақ Жер жағдайын жобалау ғылыми-зертгеу институтының мамандарымен бірлесіп шұбат фермаларының үлгі жобаларын жасаған еді.50-100 інгенді жайылымда сауу үшін жылжымалы сауу аппаратынан және жылжымалы вакуумды қуат беретін агрегаттан тұратын сауын қондырғысын да өндіріске енгізді. Жылжымалы сауу әдісін маусымды шұбатфермаларыңда қолданып қана коймай, сонымен бірге жыл бойы шұбат өндірілетін фермалардың жайылым да бағылатын інгендерді сауу үшін де пайдалануға болады. Бұл қондырғыны тасымалдау да онша қиын емес, оны жинап бөлшектеуге төрт адам керек. Сауын алаңындағы сауу станоктарының саны інгендердің және онда қызмет ететін сауыншылардың санына байланысты болады. Жалпы саны 50 інгенге дейін сауғанда 6 станок қолдану қажет.

  1. Трихофития (ботатаз) – мал терісін жарақаттайтын, айналасы қиылып, үгітіліп тұратын, сулы-іріңді әкссудаттардан қалың қабық құрайтын жұқпалы ауру.Ауруды анықтау үшін әпизоотологиялық дерекгерге, клиникалық белгілерге және лабораториялық зерттеулерге сүйенеді. Емі. Емдеу тәжірибесінде алуан түрлі дәрі-дәрмектер қол даны лады. Құтыру індеті туйеде тез арада өршіп, елірме, сал түрінде өтеді. Бастапкы кезде ауырған түйе басын бұлғактатып, қоршауын ұрғылап, алдындағы шөбін жан- жақка шашады, өзіне жакындаган адамға, итке тап береді. Осыдан кейін өз-өзінен құлаңды да аякгарын сермеп шыр айналады. Аузынан сілекейі шұбырып, терлейді, жиі-жиі зәр шыгарады..Бруцеллез (сарын) – созылмалы инфекциялық ауру, ауырған малдың көпшілігі іш тастап, шуының түсуі кешеу ілдейді. Әтиологиясы. Бруцеллез тобындагы бактериялар 6 түрден тұрады: ірі қара, қой мен ешкі, шошқа, ит, орман егеу құирыгы, қойдың инфекциялық әпидидимит ауруын қоздыргыш. Бруцеллез түрлерінің ішінде адамга ең қауіптісі қой мен ешкі бруцеллезінің қоздыргышы. Күл ауруының өтуі бірнеше сатыга бөлінеді. Күлдің инкубациялық кезені 3-11 күн. Түйенің күл індеті жетілмеген және жұптаскан болып 2 түрде өтеді.Күлдің жетілмеген түрімен көбінесе 2 жастан 4 жасқа дейінгі түиелер ауырады. Аурудың бүл түріңде өзгерістер тек түиенің аузы, еріні мен танауындағы кілегей қабықта және теріде гана болады.Ауыздық – түйенің танау және ерін терісіне бөртіп шыгатын жұқпалы жара. Қоздыргыпш – теріні зақымдайтын вирус. Оны морфологиялық жағынан қойдың жұқпалы сүйелінің қоздырғышымен шатастырып алуы мүмкін, бірақ олардың антигендік және иммунологиялық жагынан айырмашылыгы бар.Ауыздық ауруы пайда болған түйе шаруашылықтарының қораларына дер кезінде дезинфекция жасалуы қажет. Қатпа. Бұл – түйенің созылмалы, жұқпалы ауруы. Көбінесе жасырын түрде өтеді. Ауруга шалдыққан малдың ұзақ уақыт іші өтеді, әбден арықтап барып өледі. Қоздыргышы – жіңішке, кішкене, өте төзімді микроб, түйе организмінен тысқары жерде өсіп-жетілмейді.Оба – түйенің өте қауіпті, жіті түрде өршитін жұқпалы індеті. Ауруға шалдыққан түйенің өкпесі қабынады. Ол қысқа, мөлшері 1 -2×0,30,7 мкм, оттегіндік ортада өсетін таяқша микроб. Микроб қайнаған суда бірнеше секундта, 70°С ыстықта 10 минутта, ал 50 градуста бір сағаттың ішінде өледі. Оба қоздыргышы суыққа өте төзімді. 0° градуста тіршілігін 6 айга дейін жоймайды. Аурудың алғашқы кезеңінде түйе өкпесі сарысуға толады, қанталап, қабынады. Індет өршісе түйе өледі. Індеттің жасырын өршу кезеңі 3-10 күнге созылады. Ауру негізінен созылмалы түрде өтеді.
  2. Сауу алаңы және інгенді машинамен сауатын орны.Сауу алаңына қатар-қатар егіп 5-10 станок койылады. Станок саны сауылатын інген санына байланысты болады. Сауылатын інгендер негұрлым көп болса, алаң да соғұрлым сыйымды болуы тиіс. Мұның өзі інгендерді станокқа кіргізуге, сондай-ақ оны орнықты етіп қондыруға кететін уақытты едәуір азайтады. Інгенді машинамен сауатын орын – қабылдау базынан, бота камайтын қорадан, сауу алаңынан және сауыншы мен оның көмекшісінің жұмыс алаңынан тұрады. Ботаны енесінен белек ұстаудағы максат – інгенді сауар алдында ботасын емізіп идіріп алады. Сондықтан да сауу кезінде ботаны інгенге жіберуге ыңгайлы болатындай етіп орналастырады. Баз әр інгенге шаққанда 8, ботаға 3 шаршы метрден келетіндей етіп жасалады. Сауу алаңы мен станоктарды агаштан немесе металл трубадан салуга болады.

18  билет

1.Түйенің түрлері мен тұқымдары. Карл Линней өркеш санына қарап түйені екі түрге бөлген еді, яғни жалгыз өркешті түйелерді аруана, ал қос өркештіні айыр түйе деп атады. Жалгыз өркеш жүрдек түйелерді Рим халқы «камелюс дрома» деп атағандықтан кейін «дромедар» деп атанып кеткен. Бұл кезде жалгыз өркешті түйелердің жабайы түрлері кездеспейді.Орта Азияда бір өркешті түйелердің бір ғана тұқымы аруана және кос өркешті түйелердің тұқымы – қалмақ,казақ жане моңғгол түйелері өсіріледі. Бір өркешті аруана оңтүстікте өседі.Бір өркешті түйелердің ерекшелігі – қос өркепггі түйелерді солтүстік малы деп есептейді. Сондыктан олар өте жүндес, қатаң кпиматқа жақсы бейімделген және үскірік аязга төзімді болып келеді.Аруана тұқымы. Орта Азияда бір өркешті түйелердіңбәрін аруана тұқымына жаггқызады, олар гасырлар бойы халыктык селекция жолымен өсіріліп келеді. Жаздың ыстығы мен кұргақшылык жагдайларына көнгіш және тагыбасқа көптеген бағалы қасиеттері бар. Еліміздегі барлық түйелердің үштен бірі — аруаналар. Жоғарыда аруана Африкалык және Азиялық түрге бөлінеді дегенбіз. Бұл түйе тұқымдастарының бір-бірінен айырмашылыгы бар. Азия аруанасына қарағанда Африка аруанасы биік, аяқтары ұзын,өркеші кішкене және кейін біткен бас сүйегі ұзынша келеді. Африка аруаналары Сахара, Марокко, Оңтүстік Судан деген бірнеше тұқымдарға бөлінеді. Африка халқы сүйегі жеңіл, ұшқыр, салт мінуге бейімделген аруана түқымын өсіріп шығару үшін сұрыптау жұмысын ғасырлар бойы жүргізді. Соның нәтижесінде Солтүстік Африкада Мехари тұқымы өсіріліп шығарылды. Бұл тұқым түрлерінің дене құрылысы қағілез, сүйегі берік, өте ұшқыр келеді. Ол сағатына 15-18 километр жерді қиналмай жүріп өтеді. Азия аруана түқымдарына Үндістан, Аравия, Персия және Түрікмен түйелері жатады. Үндістан аруанасы Пенджаб және Раджипутан деген екі түрге бөлінеді.Пенджаб аруанасы сүйекті, денесі шомбал, жүк артьш, кіре тартуға бейімделген, өте күшті тұқым. Раджипутан аруанасын басқаша «Биканир» деп те атайды. Бұл -аруананың салт мінуге жарайтын ұшқыр түрі. Олардың дене құрылыеы нәзік, сүйегі берік, басы кішкене, мойны ұзын және жіңішке, тұрқы қысқа, аяқтары ұзын және жіңішке болады.

2.Түйе түлігінің арғы тегі. Түйе түлігі сүтқоректілер класы (Mammalia), жүп тұяқтылар отряды (Artiodactyla), күйіс қайтарушылар немесе тістері ай тәріздестер тобы (Ruminantia), мүйізгек аяқтылар туысы (Tylopoda), түйе тұқымдастар (Camelidae) түлігіне жатады. Түйе ертеректе қолға үйретілген үй жануарларының бірі болып есептеледі.»Миллиондаған жылдар бұрын, геологиялық дәуірдің үшінші кезеңінде, Америка континентінде түйенің ежелгі тектері кеңінен таралған. Ең ежелгі түйе тұқымдасының (Protylopus) қаңқасы туралы Вортман жазған. Қазіргі түйелердің бұл ежелгі тегі қоян мөлшеріндей ғана болған екен. Үшінші ғасырда ауа райының өзгеруіне байланысты жануарлар да өзгере бастады. Ылғалды тропикалық ормандардың орнында құрғақ жазық жерлер, шөпті алаңдар және қатқыл жерқыртыстары пайда болды.    Осыларға байланысты жануарлардың аяқ кұрылыстары өзгере бастады. Protylopus торт башпайы болса да, алғашқы екі башпайының дамымағандығынан ол тек қана үшінші және төртінші башпайларымен ғана жер басып жүрді.Бас сүйегінің формасы бойынша бүл жануар қазіргі ламаға ұқсас болды. Келесі әволюциялық кезенде түйе тұқымдасының өкілі Poebrotherium алғашқыдан ірірек, мөлшері қошқардай болды. 3-ші және 4-ші башпайларының ұшында азырақ тұяқтар пайда бола бастады. Түйе тұқымдасының үшінші қазбалық формасы – Рrосаmelus. Бұл жануар қазіргі ламаның мөлшеріндей болды. Аяқтарының бүйір башпайлары толығымен жоғалған, ал жоғарғы ауыз қуысында кос жұлқар тістері сақталған. Procamelus тұқымдасынан – өркешсіз түйелер (лама) және өркешті түйелер секілді екі тармақ тарайды.Геологиялық апат салдарынан түйенің ежелгі тектері өз отандары – Солтүстік Америкадан дүниежүзінің басқа да аймақтарына ауысады, бірқатары оңтүстікке, Оңтүстік Американың таулы аймақтарына, ал енді бірқатары сол кезеңдегі геологиялық кұбылыстардың әсерінен Америка мен Азияны қосқан бүғаз арқылы Азияға өтіп кеткен. Азияға өткеннен кейін түйелер дене мүшелерінің үлкею бағытындағы өзгеруін жалғастырды. Болашақ әволюциялықдамуы осы жануарлардың құрғак жазықтык жағдайына бейімделушілік жолдарымен жүрді. Түйенін жабайы тектері Азиядан Европа мен Африкаға өтті.Өркешсіз түйелер (лама) тармактарының әволюциялық дамулары таулы аймақтарда тіршілік етуге бейімделу жолымен өтті. Таулы жерде тіршілік ету жағдайы дене мөлшерінің өсуіне септігін тигізбегендіктен олар сол кездегі тектерінің көлемінде сакталынып қалды. Оңтүстік Американың өркешсіз түйелер тобыныңказіргі кезде төрт түрі бар. Олар қолға үйретілген лама мен альпака және жабайы өсетін гуанако мен викунья. Лама – жүк көлігі ретінде пайдаланылады. Ол биік тауларда 40-50 кг жүкпен тәулігіне 25-тен 35 километрге дейін жол жүре алады.Альпака  – жүнінің сапалы болуына байланысты өте жоғары бағаланады. Осыған байланысты альпаканы Анд тауын мекендейтін түрғылықты үнді халықтары біздің әрамызға дейінгі үшінші ғасырда қолға үйреткен. Альпаканың жүні ұзын, тығыз және ламаның жүніне қарағанда жіңішке болуына байланысты Оңтүстік Америкада жүннің бірден -бір қоры болып есептелінеді. Оны әр екі жылда бір рет жүндейді, ал бүкіл тіршілігінде небәрі үш-төрт рет жүнделеді. Жақын арада альпаканы оның жабайы туысы викуньямен шағылыстыру арқылы пано-викунья атты гибридтік ұрпақ алынды. Бұл ұрпақ викуньяның сапалы жүні мен альпаканың мол жүні үндесіп бағалы жүн шикізатын береді. Гуанако – күні бүгінге дейін тау аймақтарын мекендейді. Оңтүстік Американы мекендейтін жабайы сүтқоректілердің арасындагы ең биік жануар болып табылады. Оның биіктігі 110 см, салмағы 90 кг болады. Терілері қызғылт, тек қана мойын мен аяқтарында ақшыл таңбалар кездеседі, ал денелерінің қалған жерлері кызғылт қоңыр түсті қалың жүнмен көмкерілген. Олар тобымен жүреді, төрт-он ұрғашы гуанаконы бір бура басқарып қорғаштап жүреді. Өте жүйрік. Шапқан кездегі жылдамдығы 55 километрден асады. Викунья – Анд тауының ең биік жактауларында жүреді. Денесінің биіктігі 75 см-ден аспайды, салмағы шамамен 45 кг болады, кеуделері ақ дақты, терілері сары, қоңыр түсте  болып келеді. Олардың жүні өте жіңішке болады. Бір бурасы 10-12 га жайыл ымдык жерде бес-он бес бас ұрғашывикуньядан тұратын тобын қатаң бақылауда ұстайды. Викуньяның ботасы туа салысымен жүріп кетеді. Осындай ширақтыгына және мекендситін жерлері таудың биік ұштарында болуына карамастан жабайы өседі дегенмсн викунья адамдардын камқорлығы арқасында ғана сақталып келеді. Викуньяны қоргау мақсатында Боливия мен Перуде корық кұрылды. Осындай жұмыстардын арқасыңда Боливия мен Перуде викуньяның саны 1965 жылгы 6 мын бастан бүгінгі күні 70-77 мыңға жетті.

3.Түйені будандастыру. Түйе шаруашылығында түйелерден алынатын өнімдерді көбейту және оның сапасын жақсарту мақсатында қазақтың айыр өркешті (бактриан) түйелерін түркімен аруанасымен (дромедар) будандастыру арқылы будандар ерте заманнан алып келді. Осындай әдіспен алынған түр аралық, буданның бірінші ұрпағының денесі зор, күпггі және өнімділігі жақсы болады. Ұрпақтардың осындай артыкшылықтарын Ч. Дарвиннің теориясы бойынша будан түйелердің жетілу барысында гетерозистік биологиялық кұбылыстың әсерінен екендігі түсіндіріледі.Аруана мен қос өркешті туйелер климаты, азығы, су жағдайы бір-бірінен көп айырмашылығы бар жерлерді мекендеген. Сол мекендеген жерлерінің жағдайына сай оларға тұқым қуалаушылық қасиет пайда болған. Аруана мен қос өркешті түйелерді будандастырудан алынған будандар екеуінің де қасиеттерін жинақтай келе түрлі жағдайға икемді, төзімді болып өседі. Қос өркешті түйелер тараған Қазақстанның батыс облыстарының суық, аруана түиелері мекендеитін оңүстіктің ыстық ауа райына будандар жақсы бейімделген. Гетерозистік құбылыс (тіршілік қабілетінің күштілігі, өнімділік қасиетінің молдығы, т.б. белгілері) бірінші ұрпактың будан нарында жақсы байқалады. Бірінші ұрпақтың нар маясына бура немесе үлек шөгергенде туған будандар (2-ші буын) гетерозис қасиетін аздап қана сактайды, ал кейінгі ұрпақтарында бүл қасиет жойылган, будандар негізгі тұқымға ауысып кетеді. Қос өркешті түйелер мен аруананы түр аралық будандастыру негізінен өндірістік будандастыруға жатады. Бұл будаңдастырудың негізгі мақсаты-мейлінше төзімді, неғұрлым күпггі бірінші ұрпақ буданын алу. Бірінші ұрпақтың еркек тайлақтарын, буыршындарын табиғи жайылым жағдайыңда семіртіп етке өткізетіндіктен олар шағылыстыруға пайдаланылмайды, ал ұрғашыларын шағылыс жасына жеткен кезінде бура немесе үлекпен сіңіре будандастыру әдісімен түйе түқымының біріне аударады. Будандарды өзара қайытуға болмайды.Түйе шаруашылыгында тұқымаралық будандастыруәдістері кос өркешті түйелер түқымы арасында кеңінен тараған. Әсіресе соңғы кездері қазақы түйе тұқымының Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан сүлесі түйелерінің дене қүрылысы мен тірілей салмақтарын жақсарту мақсатында қазақы түйе тұқымы інгеніне қалмақ тұқымы түйесінің бурасын шөгеру арқьлы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді.1950 жылдарга дейін сол кездегі Шымкент облысындаөсірілетін казақы түйелердің жүн өнімділігін арттырумақсатында Монголиядан моңгол тұқымы түйелерінәкеліп шөгерген. Соның нәтижесінде осы өңірдегі қазақытүйелердің жүн өнімі едәуір деңгейге дейін өсті.Тұқым аралық будандастыру жүмысы негізінен асылтүқымды жәнетауарлықтүйе шаруашылықтарындажүргізілебереді. Асыл түқымды шаруашылықтарда олар негізіненаздаған кемшілігі бар қасиеттерін түзеу үшін жүргізілсе, тауарлык шаруашылықтарда өнімділік қасиеттерін арттырубағытында жүргізіледі.

19 билет

1.Түйенің сүт өнімділігі. Адам баласы сүтті нан секілді бес мың жыл бұрынпайдаланған.Сүт – адамөмірінің алғашқы айларындағы жалғызтағамы екендігі белгілі. Ересек адамдардын тамақтануындада оның орасан маңызы бар.Академик И.П. Павлов сүтті табиғаттың өзі дайындағанәсерлі тағам деп атаған.Сүт құрамында жүзден артық бағалы заттар бар. Осыкұрамда адам организміне ең қажетті белоктар, майлар,комірсутектері, минералдық тұздар және витаминдер көп.Сүтазыктық құнары жағынан кез келген тағамды алмастыраалады, ал бірде-бір басқа тағам сүттің орнын баса алмақемес.Қуаттылығы жөнінен сүт өнімдері алдыңғы орындардыңбіріне ие. Мәселен, қаймағы айырылмаған бір килограммсүтті тұтынғанда адам организмінде 690 ккал, ірімшік(майлылығы 20%) тұтыиғанда – 2530, сыр (майлылыгы50%) тұтынғанда – 3610, сары май тұтынғанда – 7810,бір килограмм сиыр етін тұтынғанда – 1350, тауық етінтұтынғанда – 1390, жұмыртқа жегенде – 1420 ккал түзіледі.Солтүстік Африкада, Моңғолияда, Батыс Қытай менКіші Азияда, сондай-ақ Орта Азия мен Қазақстанныңоңтүстік және батыс облыстарында тағамға негізінен түйесүті пайдаланылады.Қазақстаңда түйелердің басым көпшілігі Қызылорда,Маңғыстау және Атырау облыстарында өсіріледі.Түйе сүті қар секілді ақ түсті, дәмі ашқылтым, сиырсүтінен қоюлау, ыдысқа қүйғанда көпіршіктенеді. Сауыммерзімі 16-18 айға созылады. Бір түйеден жылына 1200-1700 литр сүт сауылады. Түйе сүті және одан дайыңдалғанөнімдер туберкулез – өкпе ауруына қаназдык,асказан,ішекдиабеті тағы басқа сыркаттарғаем.

2.Таза тұқымды түйе өсіру.Таза қанды мал өсіруде олардың бағалы қасиеттерін бірте-бірте арттырып, тұқымның ерекшеліктерін бекітуге күт салынады. Жұптастырылушы түйелердің ұқсастығы мен ерекшеліктеріне сәйкес біртекті (гомогенді) және әртекті (гетерогенді), ал малдың қандастық деңгейіне сай туыстас (инбредті) және туыстас емес (аутбредті) жұп таңдаулар қолданылады. Асыл түқымды шаруашылықтар мен зауыттарда тек түйелерді таза қанды өсіру қолданылса, тауарлы шаруашылықтарда осы әдіспен бірге түрлі будандастырулар да кеңінен пайдаланылады. Қолда бар түйе тұқымдары, сүлелер (тұқымдык тип) мен аталық із (линия) шыгаруда және оларды әрі қарай жетілдіруде туыстас мал жұптастырудың – инбридингтін алатын орыны ерекше. Бұл әдісті пайдалану малдың ұрпақтарында сол тектің бағалы қасиеттерінің күшеюіне, гомозиготалық деңгейінің артуы мен түқымдық ерекшеліктерінің болуына ықпал етеді.Түйе өсіруде бір аталықтан тарайтын бура мен інгеннің боталарын немесе туыстығы одан да алыс деңгейдегі малды (ІІ-Ш; ІІІ-ІІ; Ш-Ш сипаттағы инбридинггер) жұптастыруларды пайдалану қажет болса, ал інгенді – еркек, бураны ұрғашы төлдерімен шағьлыстыру (І-ІІ; III) тұқымдық қасиеті аса бағалы бура алу мақсатында ғана қолданылады. Малдың туыстық деңгейін көрсетуде олардың жақындығын рим сандарымен белгілеу (Шапоруж бен Пупггың тәсілі) кеңінен пайдаланылады. Инбридті мал шағылыстырудан алынған төлдерге баға беру (сұрыптау) жұмысының аса мұқият жүргізілуі қажет. Дене бітімі мен денсаулығы әлсірегендігі байқалған түйелер одан әрі туыстас жұптастыруға жіберілмейді.Мал өсірудің мақсаты тауарлы өнім алу болып табылатын шаруашылықгарда түйелерді туыстас өсіруге үзілді-кесілді жол берілмейді. Ғалымдардың басқа мал шаруашылығы саласында жүргізген зерттеулерінде инбридгі аталықтар өздерімен туыстық қатысы жоқ аналықтармен шағылыстырылғанда генотиптік касиеттерін, аутбредті аталықтарға қарағанда, толығырак беретіндігі дәлелденді. Тауарлы шаруашылықтарда туыстас емес мал жұптастыруды (топкросс) жүйелі түрде жүргізу түйеөнімін өндіруді әлдеқайда артгырудың тиімді әдісі болып табылады. Тауарлы шаруашылықтар, асыл тұқымды мал шаруашылықтарымен тұракты байланыс жасай отырып, аналықтарды шағылыстыру жоспарын тиянақты түрде дайындауы қажет.Негізгі міндеті тұкымдык өнімділік қасиеттері жогары және бұл бағалы ерекшеліктері ұрпақтарына катаң түрде тұқым қуалайтын мал өсіру және сату болып табылатын асыл тұкымды мал шаруашылықтары мен мал зауыттарындагы таза тұқымды мал өсірудің нәтижелілігі оларда бағалы аталық іздердің (линиялар) шығарылуы мен тиімді пайдаланылуына тікелей байланысты болады.Таза қанды мал өнімділіктерін жетілдіру тұқым ішінде өзіндік ерекшеліктері жоғары, бағалы топтар зауыттык және генеологиялык аталык іздер мен аналық ұяларды (семейство) ұтымды қолдану жолымен іске асырылады.Бір аталықтан тарайтын өнімділік көрсеткіштеріжогары, дене тұрқында кемшіліктері жоқ және негізгі селекциялык белгілері мен бітімдері бойынша бір-бірлеріне ұксас барлық (еркек, ұргашы) мал тобын зауыттык, желі деп атайды.

3.Түйенің биологиялық ерекшеліктері.Түйенің биологиялық ерекшеліктерінің бірі – оның шөлейт жерлердің қатал қысы мен аптап ыстықтарына шыдамдылығымен қатар, су мен жайылымды пайдалану жағынан басқа малдан әлдеқайда басымырақ болуы.Түйе – жайылым малы, ол тунде жусап, күндіз оттайды. Сораң, жусан, бұршақ-астық түқымдас шөптерді, бұта бастарын жеп қорек етеді. Басқа малға қарағанда түйенің ас қорыту жолдары, кеудесі, сирақтары ерекше жетілген, аңызақ шөлдің сусыз, кұбылмалы ауа райына өте төзімді. Түйенің үстіңгі еріні екі айырылып біткен, соған қарамастан өте икемді, үстіңгі жағында күрек тістері бар.Аузының кілегей қабығы қатты бүрлермен көмкерілген. Қарыны үш бөліктен – үлкен қарыннан, тақия карыннан және ұлтабардан тұрады. Үлкен қарынның түбінде екі томпағы бар, оны «судорбашығы» деп те атайды. Түйелердің кеуде және кұйымшақ сүйектері жылқыға карағанда шағындау болғандықтан олардың тұрқы кыскалау болып келеді, бірақ сирақтары биік болады. Саны тұлғасымен жанаспай, бөлек орналасқан.Түйелердің басқа малдан өзгешелігі аяқтарын денесінің астына жиыстырып шөгіп жатып демалады. Түйе жатқанда жермен түйісетін дене мүшелері әдейі жеті сүйелді беріштермен қамтылған. Олар төс сүйегінің, тізелерінің, шынтақ жөне тірсек буындарының үстінде болады. Барлық сүйелді беріпггер жатқан түйе салмағының бірқалыпгы бөлінуіне, терісін ыстық құмның күйдіруінен және жарақаттаудан сақтайды. Сирақтары екі айрық табанына келіп тіреледі.  Аяқтарының мұндай бітімі түйенің сусыма қүм мен борпылдақ қарда еркін жүруіне мүмкіндік береді, бірақ ол саз, балшықты жерде жақсы жүре алмайды.Үзын, әрі қалың кірпіктері қатты желді күндері оның көзіне қүм түсірмейді. Қатты құмды борасын кезінде дем алуы қиындаған жағдайда түйе кеңсірігін толығымен жауып алады.Түйенің негізгіерекшеліктерінің бірі – оның табиғи жайылым жағдайында тез қомдалып, өркештеріне 100-150 кг мөлшерінде май жинау қасиеті. Бұл май қыстың катты боранында, әрі жаздың кұрғақшылық сәттерінде, сонымен бірге су болмаған кездерінде пайдаланылатын әнергетикалык резерв көзі болып есептелінеді. Қысқа қарай түйенің жүні шудаланып, қою болып өседі де, оны қыстың қытымыр аязынан жақсы қорғайды. Көктемде жүні түлеп, сыпырылып түседі де, аптап ыстықта терлемейтін болады. Түйе организмінің су жоғалтуы оған қауіпті емес.

20-билет

1.Түйе шаруашылығының халық шаруашылығындағы маңызы. Мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Республикадағы барлық жайылымдық жердің 64%-дан астамын (116 млн. га) Түйе шаруашылығы арқылы барынша тиімді пайдалануға болатын, шөл және шөлейт алқаптардың алып жатуы осы саланы өркендетуге кең жол ашады. Қазақ халқы еті мен сүті әрі тағам, әрі шипалы дәру, жүні – киім, өзі сенімді көлік болған қасиетті жануарды төрт түліктің төресі санаған.Елімізде Түйе шаруашылығы объективті және субъективті жағдайларға байланысты түрліше қарқында дамыды. Қазақстанда 1927 ж. 1,2 млн. бас түйе өсірілсе, күштеп жүргізілген ұжымдастыру саясатының салдарынан 1941 ж. түлік саны 104,6 мыңға дейін кеміді. Осыдан кейінгі 70 жылға жуық уақыт аралығында мал басы 105,0 – 154,0 мың аралығында болып, ең жоғ. көрсеткішке 1994 ж. қол жеткізілді (153,9 мың). 1980 – 95 ж. аралығында жыл сайын 5,0 – 9,0 мың т түйе еті, 4,5 – 5,0 мың т шұбат, 700 – 1000 т жүн өндіріліп келді.Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Салаға орынды жұмсалған қаржы 5 – 6 есеге дейін табыс әкелетіндігі ғылыми-өндірістік тәжірибелерде дәлелденген.Түйе сүтінен дайындалатын шұбаттың дәмдік, сусындық, шипалық қасиеттері ертеден-ақ белгілі болған. Оның адам ағзасына сіңімділігі 98%-ды құрайды. Құрамындағы құрғақ заттың үлесі 14,5 – 15,5%-ға, май – 5,5 – 6,5%-ға, белок – 4,0 – 4,5%-ға, сүт қанты – 5,0 – 5,5%-ға, минералды заттар 0,6 – 0,8%-ға сәйкес келеді. Қос өркешті інгеннен тәулігіне майл. 5,5 – 7,0% болатын 4 – 6 л, маусымда 1200 л сүт сауылса, дара өркешті таза тұқымды аруана маясынан майл. 3,5 – 4,2% болатын 12 – 15 л, маусымда 3500 л сүт сауылады. Қос өркешті және дара өркешті түйелердің будандарынан бір маусымда майл. 4,0 – 4,5% болатын 3000 л сүт өндіріледі. Түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан ұзақ мерзімге сақталады (30С ыстықта 24 сағатқа дейін ашымайды). Дәрігерлердің бақылауы шұбатты тұрақты пайдаланатын адамдардың туберкулезбен мүлдем ауырмайтындығын көрсетті. Сонымен бірге асқазан ауруларын да шұбатпен емдеудің жақсы нәтиже беретіндігі белгілі.

  1. Түйенің ет өнімділігі.Түйе етінің бөтендей иісі болмайды. Бураның етіне қарағанда сақа түйелер, атан мен құнанша, дөненшелердің еті әрі дәмді, әрі нәрлі келеді. Еттің құнарлылық қасиеті оның құрамында түгелдей қажетті белоктардың (глобулин, альбумин, миозин және т.б.) болуына байланысты.Еттің қорытылуы өте жоғары – 95%.Түйе сойылғанда одан ет пен майдан басқа қосымша тағамдық өнімдер, техникалық және ішкі мүшелердің шикізаты алынады. Ішкі мүше тағамдары олардың құнарлылық қасиеттеріне байланысты екі категорияға бөлінеді. Құнарлылығы жоғарылау тағамдық өнімдер 1-ші категорияға (бауыр, бүйрек, тіл, жүрек, желін және т.б.), ал 2-ші категорияға құндылығы нашарлау қарын, өкпе, көк бауыр және басқалары жатады. Техникалық шикізаттары (тері, қан, жүн, сүйектері) жеңіл өнеркәсіпте кеңінен пайдаланылса, ішкі секреция бездері (қарын асты, қалқанша, гипофиз және басқалары) емдік мақсатта пайдаланылады. Түйе етінің негізгі бөлігі бұлшық ет тканінен тұрады, бұл оның жалпы етінің 60-70 пайызын құрайды. Бұлшық еттер ткані – еттің ең құнды бөлігі, өйткені ол жеткілікті амин қышқылды құрамы бар аса бағалы белоктардың қайнар көзі болып табылады. Дәнекерлік ткань клеткалардан, талшықтар мен негізгі заттардан тұрады. Осындай тканьдар көп болған жағдайда еттің тағамдық қасиеті күрт төмендейді. Дәнекерлік тканьдар кәрі түйелерде, көлік ретінде пайдаланылатын түйелерде көбірек болады. Майлы ткань белгілі бір дәрежеде тамшылар толған жинақтаушы клеткалар болып табылады. Тканьның бұл түрі түйелердің өркеш қабатында 100-150 кг деңгейінде құралып, жемшөп қоры азайған кезде қорек және жаздың сусыз, ыстық аптабында су қоры қызметін атқарады. Бұл ткань бұлшық еттер арасына тарай отырып, оған мәрмәр секілді түр береді. Жалпы еттің майлылық мөлшері түліктің қоңдылық дәрежесіне және жасына байланысты болып келеді. Жас түйенің де, сақа түйенің де жалпы етінің майлылығы олардың қоңдылығына тікелей байланысты. Сүйек ткані түйенің жасына қарай оның етінің 18-24 пайыздай мөлшерін құрайды. Жас түйелердің (тайлақ, құнанша) еті (22-24%) кәрі түйелерге (18-21%) қарағанда сүйектілеу болады. Сақа түйелердің еттілік коәффициенті 3,95 және ет-сүйек арақатынасы 3,13% болса, жас түйелерде ол көрсеткіш тиісінше 3,43 және 2,88% болады. Түйе еті қоңдылығына қарай екі топқа 1 және 2 категорияға бөлінеді, ал бота тайлақтар етке тек 1 категориямен ғана өткізілетінін есте сақтау қажет. Осы топтарға жататын түйелер қоңдылығы 1 кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес келуі керек. Түйелер сойылар алдында мал дәрігерлік-санитарлық тексеруден өткізіледі. Союға 3 сағат қалғанда суару тоқтатылады. Түйе сойылардан 1-2 сағат бұрын қоршауға өткізіледі, кейін расколға үркіткіштен қуып кіргізіледі. Осы мезетте оларды әлектр тоғының күшімен талдырып тастайды. Әлектр қуғыштың күші 25 в аспауы керек. Мұның барлығы Бүкілодақтық түйе малын өсіру жөніндегі ғылыми –зерттеу институтының Ережесіне сай жүргізіледі. Түйе малы үшін әлектр күші біршама жоғары деңгейде алынады, олардың жастарына байланысты 60 вольттан 110 вольтқа дейін барады, ал талдыру мерзімі 7 секундтан 30 секундқа дейін. Екінші тәсіл бойынша талдырған кезде салмағы 1,5-2 кг темір балтамен төбе сүйегінің жоғарғы жағынан, шүйдеден 3-4 см төмен соғады. Түйенің терісін сыпыру барысында түйенің терісі тек шӛгерілген күйде ғана сыпырылады. Ең алдымен түйенің екі өркеші мен жондығы іреп алынады да қалған терісі одан әрі сыпырыла береді. Түйенің мойны терісімен бөлек алынып, мойнағы бітеудей сойылады. Түйенің басы өз алдында бөлек кесіліп, терісі сыпырылады да, қақ жарылып екіге бөлінеді. Тілі жеке, өз алдында бөлек мүше есебінде саналады, ал тұмсығы, жалаңашталған сирақтары іске аспайды. Ішін жару үшін тӛстен бастап тіліп кіндік арқылы шабынан бір-ақ шығу керек. Сөйтіп өңеш пен кеңірдек, одан кейін өте ептілікпен өкпе-бауыры, ішек-қарыны, бөлек-бөлек суырып алынады. Түйе қарыны – үлкен қарыннан, тақия қарыннан, ұлтабардан, былайша айтқанда үш бөліктен тұрады. Бір ерекшелігі – түйе қарнында бүрі болмайды. Тері сыпырылғаннан кейін ұша мүшеленеді. Түйе ірі болғандықтан әуелі өркеші, қомы, одан кейін екі артқы аяқтары, төсі жігінен ажыратылып, кесіп алынады. Содан кейін бұғана, қара қабырғаларын сөгуге кіріседі. Түйенің екі жақ сүбе қабырғасы мен оның етегінің толықсыған қалың майы қазы деп аталады. Түйе етін ажыратып, айырғанда одан сіңір, шандыр, май, ұсақ сүйектерді алып тастайды. Түйе ұшасын мүшелеп бөлу келесі тәртіпте жүргізіледі: – Ұшадан қатты ластанған жерлер кесіп алынып, жуылып, құрғатылып, құрғақ сүлгімен сүртіледі. – Егер ботаның ұшасы жартылай ұша түрінде келіп түссе, алдымен өркеш майы бөліп алынып, кейін соңғы қабырғалары бойынша алдыңғы және артқы бөліктері төртке бөлінеді. Алдыңғы төрт бөліктің жауырыны бөліп алынады. Мойын соңғы мойын және бірінші арқа омыртқасы арасындағы сызық бойынша бөлінеді. – Мойын және жауырын ірі қараныкімен ұқсас бөлінеді. Алынған жауырынның жұмсақ етінен қара жілігі ажыратылады. Қалған арқа-төс бөлігінің жұмсақ еті омыртқа бойымен оның ұшты өскіндері бойынша қабырға негізіне дейін кесіліп, жұмсақ еті қабырғадан тұтастай кесіп алынады. Кесіп алынған жұмсақ ет омыртқаға жалғасқан қабырғаның 1/3 бөлігі қашықтығындағы сызық бойымен қалың және жұқа сүбенің жұмсақ етіне бөлінеді. – Омыртқа, мықын сүйек және артқы төрттіктен бұлшық еті ұзына бойы кесіліп, белдемесі бөлініп алынады. Кейін артқы аяғы бӛліп алынып, әдеттегідей жіктеледі. Асықты жілігі бөліп алынады. – Бел бөлігінің қабырғасындағы ет тұтастай кесіп алынып, жұқа ет пен қазы жасауға бөлінеді. – Мүшелеу барысында алынған ұшаның бөліктері қалың сіңір мен жұқа қабатынан тазартылып, тегіс емес тұстары тегістеледі. Түйе етінің 1 сұрпына белдеме және қабырғаның жұқа еті, II сұрпына – артқы аяқ, қабырғаның қалың еті және жауырын жатқызылса, III сұрып – сүбе, қазы, мойын, ортан және асықты жіліктерінің бөліктерінен тұрады. Кәрі, жұмысшы және арық түйелердің еттері қатты болады, сондықтан нашар пісіріледі, алайда құрамында глюкогеннің көп болуына байланысты түйе етін түрлі шұжық және консерві тағамдарын жасауда пайдаланады.
  2. Түйенің жүн өнімділігі.Түйе жүннің сипаттамасы. Физикалық қасиеттерін анықтау барысында жүн талшығының нәзіктігі және беріктігі өте маңызды. Түбіті көп өте нәзік жүн бір жасар тайлақтардаң алынады, олардың жүн талшығының нәзіктігі 14,53-тен 17,02 мкм аралығында ауытқиды. Талшық нәзіктігі жасына қарай өзгере береді. Айыр інгендердің түбіт нәзіктігі аруаналарға қарағанда өте жіңішке. Ал нар, мая, жарбай және күрттердің нәзіктігі аруаналардікіне жақын. Жүндестік мөлшері жас төлдерде 1 жастан 3 жасқа дейін өседі, ал содан кейін буаздығына және соған сай сүт шығару кезеңіне байланысты жүндестігі төмендейді. Аруана аналықтарының 5 жастан 21 жасқа дейінгі орташа жүндестігі 1,3-тен 5,7 кг-ға дейін ауытқи отырып, 2,74 кг болады. Ересек аналықтың қырқымында биязы жүн 91,21%, ал жал 8,76% құрайды.Жүн сапасын бағалау комиссиясының зерттеулері нәтижесінде түйе жүні беріктігі жөнінен барлық қой жүнінен асып түсетіндігі анықталады. Жүн сапасын бағалау комиссиясының мәліметтері бойынша фабрикалық жуғаннан кейінгі таза түйе жүнінің шығымы 57,5%-ға тең. Түйе жүнінің сорттық құрамы бойынша түйенің жүн жамылғысы биязы жүн және шуда жал болып бөлінеді. Жүнді класқа бөлгенде шудасы мен қоқысын бөліп алып, қалған биязы жүнді ғана класқа бөледі. I және II сорттық жүннің шығымы негізінен түйенің түріне, жасына, жынысына, азықтандырылуына және жүннің тазалығына байланысты. Жасы өскен сайын I сорттық жүннің шығымы төмендей береді де, ал 4 жасқа келгенде күрт төмендейді. Бірақ II сорттың шығымы жасына қарай көбейе береді. Мемлекеттік стандартқа сай (5108 – 67) түйе жүні төрт класқа бөлінеді: I–жұмсақ, II – қылшықты, III – шуда, IV – жабағы. I – жұмсақ, ұяң жүнге қысқа да жіңішке талшықтар, яғни түбіт жатады. II – қылшықты жүнге (II класс) ұяң жүні аз, қылшығы көп жүн жатады. III – шуда (III класс) ұзын, жуан және жіңішке қылшықтардан тұрады. Шудада ұяң жүн өте аз болады. IV – жабағы, бұл – тығыз ұйысқан жүн. Ол жұмыс түйелерінің қом салып, немесе жүк артқанда ұйысқан жүні. Түйе жүні түсіне қарай ажыратылмайды. Өсімдік қалдықтарымен қаншалықты ластанғанына қарай түйе жүні келесі түрлерге бөлінеді: қалыпты – егер жүннің ластануы барлық салмағының 3 пайызынан аспайтын болса; шөп – шалам – жүннің ластануы жүннің жалпы салмағының 3 пайыздан астамын алса; бұдан әрі қарай жүн түрге бөлінбейді және жуылмаған күйі өлшенеді. Түйе жүні белгілі тәртіптегі белгіленген әталонға сәйкес болуы керек. Оны мемлекеттік стандартқа (60 – 70 – 76) сай буып түйеді. Жүнді сортына және тазалығына қарай бөліп буады. Жүн салынған қапшықтардың сыртына кетпейтін бояумен маркировка салынады. Онда мыналар көрсетіледі: 1. Республикасы, өлкесі, облысы; 2. Дайындайтын мекеменің аты; 3. Шаруашылықтың аты; 4. Жүннің түрі; Түйені қырқу еңбекті қажет ететін ауыр да жауапты іс. Түйені жылына бір рет – көктемде қырқады. Түйелерді көктемде күн жылынбай қырқуға болмайды. Өйткені қырыққаннан кейін түйе жалаңаш қалады да, сол себепті суық тиіп ауруы мүмкін. Түйе жүннің ластанбауы және қоқыстанбауы үшін қырқым алдында берілітін суды шектейді және 10-15 сағат азықсыз ұстайды. Наурыз айынан бастап түйенің жүндері ұяңданады және көтеріліп шудада ұсталып тұрады. Егер жүнді түлегеннен бастап күнде жинап тұрмаса, көп түбіт шығынға ұшырайды. Түйені әлектр агрегатымен қырқады. Қолмен қырқу кезінде түйелерді шағын – шағын топпен мұқият тазаланған тақыр аулаға кіргізеді де, содан кейін оларды ұстап, жығып, аяқтарын байлап, арнайы қырықтықпен қырқады. Ал машинамен қырқу үшін алдымен қырқу агрегатын, қайрау құрғыларын және агрегаттың қосалқы бөлшектерін дайындап алады. Кейбір елде қой кырқуға арналған аппаратты пайдаланады. Ұяларға бөлінген ауланың ұзындығы – 20 метр, ал ені – 70 сантиметр. Сол аулада түйе әдеттегі расколға тән тәсілмен бекітіледі де, тұрғызып қойып қырқылады. 

21 билет

1.Түйенің дене бітімі мен дене тұрқы ерешекшеліктері. Түйе малы басқа ауыл шаруашылық малдарынан дене бітімі ерекше болып келеді. Түйенің мойны созыңқы, аяктары ұзын және денесі шымыр келеді.Түйенің аяқтары да өзіндік құрылысымен ерекшеленеді. Әрбір аяғының тұяғы тайғанауға қарсы тырнақпен бітіп, астыңғы жиектері қалыңдығы 10 мм болатын мүйізденіп кеткен күске айналған. Түйенің жатқан кезде жермен түйіскен дене мүшесінің барлығында мүйізденіп кеткен күс тәрізді 7 сүйелді беріштері болады. Ол төс сүйегінің, тізелерінің және тірек буындарының үстінде болады. Сүйелдері түйені ыстықтан қорғаныш қызметін атқарады, құмда және басқа қатты жазық бетінде сүйелдерінің арқасында қажау процессі болмайды.

  1. Түйе сүтінің бөліну ерекшеліктері. Түйе сүті құнарлы әрі шипалы сусын болып табылады. Оның құрамы мен түзілу процессі ерекше. Түйе сүті інгеннің желінінде түзіледі. Cүт бөліну- мал организмінің сауу кезінде пайда болатын күрделі процесс. Сауған кезде немесе бота емгенде тітіркену нерв жолдары арқылы мидың гипоталамиялық бөлігіне жетеді. Осы тітіркенуге жауап ретінде гипофиздың артқы бөлігі канға окситоцин гармонын бөледі. Окситоцин қан жолдары аркылы желіннің тегіс бұлшық етіне жеткізіліп, соның әсерінен ол жиырылып созылады да, сүт желіннің үстіңгі бөлігінен төменгі бөлігіне кұйылады. Інген желінінің сиыр желінінен ерекшелігі, онда сүт жиналатын желін қалтасы – емшек үрпі мен ірі сүт жолдары болмайды. Інгеннің сүт бөліну рефлексін күшейту мақсатында саууға дүрыс әзірлеудің айрықша маңызы бар. Практикада інгендердің сүт бөлінуі тежеліп, сарқа сауылмау жағдайы жиі байкалады. Мұның өзі қыруар шығынға ұшыратьш, інгеннің сүтгілігін кемітеді, сондай-ақ оның уақытынан ерте суалуына әкеп соғады. Сүт тежелуді жою үшін інгендерді сылап- сипап, ботасын салып идіреді. Інгенге айқайлап, ұрып, дөрекілік көрсеткенде емшегі мен желіні жарақаттанганда, сауу аппаратының жұмыс режимі бүзылғанда сүт бөліну мүлде тежеледі, яғни иімейді. Осыдан кейін інгеңді иіту өте қиын, кейде тіпті мүмкін емес. Ол үшін інгеннің желінін уқалайды, жылы сумен жуады, жем беріп, ботасын емізеді. Кейде осы амалдардың өзі де нәтижесіз аяқталып, сүт бөліну жиі тежеле берсе інген уакытынан ерте суалып кетеді. Сүт тежелуді болдырмау үшін жүргізілген барлық амал әрекеттер ешбір нәтиже бермеген жағдайда гипофиздің артқы бөлігінен бөлінетін гармондарды – окситицинді немесе питуигринді жамбас бүлшык етіне 1 мл (5МЕ) мөлшеріңде құяды. Гармон құюды сауыншының өзі-ақ егу жолымен атқара алады. Препаратгың шамалы мөлшері мал организміне ешкандай зиянды эсер етпейді.
  2. Түйенің жасын тісіне қарап анықтау.Жаңа туған ботада тіс болмайды, бірақ астыңғы иегінде жаңа шығып келе жатқан алты күрек тістің ұшқыны байқалады. Бұл – түйенің басқа малдардан тағы бір ерекшелігі. Сақа түйелердің 34 тұрақты тісі болады. Ірі қарамен салыстырғанда түйенің үстіңгі күрек тістері жақсы жетілген. Жас түйеде 22 сүт тіс бар. Үстіңгі жақ сүйегінде әр бетінде үш-үштен алты азу тісі, ал астыңғы жақ сүйегінде әр бетінде екі-екіден төрт азу тісі болады. Жұлқар тістері астыңғы жақ сүйектерінің алдыңғы ұшында, ал жоғарыда азу тектес ұстайтын тістер орналасқан. Түйе жасын астыңғы күрек тістері бойынша анықтайды, себебі олар қарауға ыңғайлы және тірішілігінде сол күрек тістердің құрылысында көптеген өзгешеліктер болады. Күрек тістер жұлқар, таяу және шеткі тістер болып бөлінеді.Жұлқар тістердің ауысуы келесі тәртіппен жүреді: 1 жаста – төменгі жұлқар сүт тістері бір-біріне жақындасып орналасады. Азу тістері жұлқар тістердің формасындай болып соңғы тістерге жанасады. 2 жаста – жұлқар сүт тістерінің ең ортасындағы қалғандарынан үлкен және шеттері желіне бастайды, бір-біріне тығыз орналасады. Азу сүт тістерінің формасы жұлқар тістердің формасына ұқсайды, бірақ оларға жанаспайды. 3 жаста – жұлқар сүт тістері бірталай желінген, бір-бірінен алшақ орналасады. Азу сүт тістері жұлқар тістердің формасын жоғалтады. 4 жаста – жұлқар сүт тістері бөлек орналасқан цилиндр формалы түтікшелер секілді, не болмаса қызыл иекке дейін желінеді. Азу сүт тістері жұлқар тістерден бірталай қашықтыққа орналасқан. 5 жаста – ең ортадағы екі жұлқар сүт тіс түсіп, тұрақты тістермен ауысады. Қалған орта және шеткі жұлқар тістері мен азу тістері бірталай желінеді. 6 жаста – ортадағы төрт жұлқар сүт тісі түсіп, тұрақты тістермен ауысады. Шеткі жұлқар тістер бірталай желінеді. Азу тіс түсіп, тұрақты тіске ауысуы мүмкін. 7 жаста – барлық алты жұлқар сүт тісі тұрақты тістермен ауысады. Азу тіс түсіп, тұрақты тіске ауысуы мүмкін. 8 жаста – барлық тістер тұрақты. Жұлқар тістер мен азулар мөлшері ең жоғары деңгейге жетеді, олар әлі желінбеген. Жұлқар тістер бір-біріне жанаса орналасады. 9 жаста – ең ортадағы екі тіс желіне бастайды. Жұлқар тістер бір-біріне жанаса орналасады. 10-11 жаста – ең ортадағы екі тіс бірталай желінеді, ал қалған төрт тіс аздап желіне бастайды. Әр жұлқар тістің түп аралықтары ашылып қуыс пайда болады. 12-13 жаста – ортаңғы төрт тіс желініп, жоғары ұштары ұзынша дөңгелек формалы болады, шеткі жұлқар тіс желіне бастайды. Жұлқар тістердің түп аралығында қуыс пайда болады. 14-15 жаста – барлық жұлқар тістердің ұштары ұзынша дөңгелек, ал ең ортаңғы екі тіс ұзынша үш бұрышты формалы келеді. Тістердің түп аралығындағы қуыстар үлкейе бастайды. Азу тістердің ұштары желінуге айналады. 16-17 жаста – барлық жұлқар тістердің ұштары ұзынша дөңгелек, ал ең ортаңғы екі тіс төрт бұрышты формалы, ортаңғы тіс үш бұрышты, ал шеткі тіс ұзынша дөңгелек болады. Тістердің түп аралығындағы қуыстар одан сайын көбейе береді. 18-19 жаста – барлық жұлқар тістердің ұштары ұзынша дөңгелек, ортаңғы төрт тіс төрт бұрышты формалы, шеткі тіс үш бұрышты формада болады. Барлық тіс бір-бірінен бөлек тұрады. Азу тістің ұшы бірталай желінеді. 20 және одан жоғары жаста – барлық жұлқар тістердің формалары төрт бұрышты болады. Жастары ұлғайған сайын жұлқар тістері мен азу тістері түбіне дейін желінеді.

22 билет

1.Түйені төлдету және бота бағып-күту технологиясы. Түйенің боталауы жыл мезгілінің көктем (март-май) айларына келеді. Боталауға 1,5-2 айдай уақыт калғанда боталайтын інгендерді жалпы келеден бөліп алып, бақылаған жөн. Боталар алдында інгеннің сыртқы жыныс органы ісініп, желіні үлкейіп, сүтке толады. Осындай белгілері байқалган кезде оларды қүрғақ қорада қалдыру қажет, себебі кейбір інгендер боталар алдыңда бошалап (жалпы келеден бөлектеніп) бірталай қашықтыққа кетіп қалып боталауы мүмкін. Мүндай жагдайда жас ботаның өміріне қауіп- қатердің тууы өте ықтимал. Інгендер коп жағдайда адам көмегінсіз өздері боталайды. Жаңа туған боталар өте әлсіз, суыққа тез тоңғыш, алғашкы 1-1,5 сағаттай өз бетімен тұра алмайды. Жаңа туған ботаны енесі жалап қүрғатпайды, сол себептен оның ауыз, тыныс алатын мүрын қуыстарын шарана қабығынан тазартып, үстін құрғақ шөппен сүрту жолымен қүрғатады. Жаңа туған боталардың салмағы енесі салмағының 5-7% қүрайды, не болмаса 34 – 40 кг аралыгында болады. Бірінші жылы ботаның салмағы бес есе көбейсе, екінші жылы ол тоғыз есе көбейеді. Ботаны ауыздандыру. Бота 1-1,5 сагаттан кейін буыны бекіп аяқтанып, енесінің емшегін іздей бастайды. Ең алгашқы емізер алдында інгеннің желінін жыпы сумен жуып тазартады, содан кейін жас ботаны демеп, енесінің бауырына салып емізеді және 2-3 күн оны енесімен бірге қалдырады. Егер де ботаны туганнан кейін басқа жерде ұстаса, енесі ботасынан жеріп кетуі мүмкін. Әбден енесіне бауыр басқаннан кейін боталар басқа қорага қамалады. Бота қорасы кең, әрі жарық, әрі құрғақ болуы керек. Алғашқы тәулігінде боталарды енесіне 7-8 реттей емізу қажет, ал 1 айға жақындағанда бұл процесті 3-4 ретке дейін азайтып, аз – аздан көк шөп беру керек. Себебі осы кездері бота отыға бастайды. Енесінің уыз сүтімен және көк шөппен азыктанған бота тез өсіп жетіледі. Боталардың өсіп-жетілу кезеңінің ең кауіпті мезгілі алғашқы 6 ай болып есептелінеді. Осы кезең аралыгында олардың жататын жері сыз болмауы және аңызақ жел сокпауы тиіс. Бота 3-4 күндей ауызданганнан кейін інгендерді са- уа бастаган дүрыс. Біріншіден, олар сауу процесіне үйренеді, екіншіден, желінде сүт калып, желінсау ауруына шалдықпайды. Ботаның жақсы жетіліп, өсуі оның сүтпен және жем шөппен қамтамасыз етілуіне байланысты. Азықта минералды заттар жеткіліксіз болтан жатдайда боталар бірінің жүнін бірі жұлып жейді. Олар ішектерінде кептеліп калып, боталарды өлім-жітімге ұшыратуы да мүмкін. Ет-жүн багытында өсірілётін түйе келелерінің боталары енесімен жайылымда бірге болып, 16-18 айлытында ажыратылады да, топ – топқа бөлінеді, ал енелері сауылатын боталарта 2-3 айлыгынан бастап табити жайылымнан басқа тәулігіне косымша 2-3 кғ жем, 4-5 кг пішендеме берілуі қажет. Ол боталар 12 айлытында енелерінен ажыратылып, басқа топқа шотырландырылады. Қалыпты деңгейде өсіп-жетілген боталардың салмақ- тары 6 айлыгында 165 килограмнан, 1 жасында 250-270 кт, ал 1,5 жасында 320-340 кг кем болмаулары шарт.

  1. Түйенің сапасын бағалау жүйесі. Түйені сыртқы пішініне қарап сипаттау, баға беру және суретке түсіру бойынша бағалау малды табиғи түрінде көзбен көру және өлшемдері, немесе таразыға тарту нәтижелері жөніндегі мәліметтер негізінде жүргізіледі. Сақа түйелердің мүсіндері, дене құрылысы және бейімділік қасиеттері 40 баллдық шкала бойынша, ал жас төлдерді 50 баллдық шкала бойынша бағалайды. Түйе қимылына баға беру барысында түйелерді қараған кезде олардың адымының ұзындығы мен оның аяқ алысының дұрыстығына назар аударылады. Аяқ алысы дұрыс қалыптасқан түйе жүгіргенде қиналмайды. Сыртқы түрін сипаттау үшін түйе қорадан шығарылып, тегіс жерге төрт аяғын тең басып тұрғызылуы керек. Түйенің жанынан қарған кезде аяқ басуы, тұрысы жақсы көрінеді. Аяғын қисық не шалыс басатын түйелерді бірден аңғаруға болады. Аяқтарының арасы алшақ, тірсек буындары майысқан, аяқтары өте жақын орналасқан түйелер осы кезде іріктелініп алынады. Табандары жарық, не зақым келген түйелер тегіс жермен келе жатқанда өкшесімен жүреді. Табаны ауыратын түйе ақсайды, не құлап жүре алмайды. Егер түйе жұмсақ тегіс жермен жүрген кезде ақсаса, онда оның аяғының бұлшық еттеріне немесе тарамыстарына зақым келгендігі. Ал иығына зақым келген түйе бір бағытқа қарай бұрылған кезде ақсаңдап қалады. Түйенің жүріс-тұрысын қадағалаған кезде әсіресе оның тыныс алуына аса көңіл аударған жөн. Түйелер берік кедергілерден секіруге бейімделмеген. Олар түбі тайыз емес сулардан жүзіп өтеді, бұлар жүзген кезде денесін бір жағына қарай қисайтып алады. Суда жүзген кезде ол өркешіне сүйенеді. Түйелер Ніл, Еділ, Әмудария сияқты өзендерде қиналмай жүзіп өте алады. Түйе мүсінін бағалау үшін түйе қорадан шығарылып, алдымен оның жынысы анықталады. Содан кейін оны тегіс жерге тұрғызып, мұқият қарап, кейін оның аяқ қозғалысына назар аударылады. Түйе мүсінін бағалау үшін оны басынан бастап мұқият қарайды. Басын қараған кезде көзіне назар аудару қажет. Кей түйелердің көздерінің мүйізді қабақтары ағарады, бұл ауру түйе көзінің мүйізді қабықтарының зақымдануы салдарынан болады, кейін түйе соқыр болып қалуы да мүмкін. Кей жайылымда кездесетін бұтақтар көзге кіріп, түйе көзін жарақаттап алуы да ғажап емес. Осыдан кейін түйенің ауыз қуысы мен тістері қаралады. Түйе тістерінің дұрыс жетілмеуі салдарынан, ол азықты дұрыс шайнамайды, ас қорытуы да нашарлайды. Басының құрылысы мен дене конституциясына көңіл бөлінеді. Өте жақсы қоңдылықтағы түйелердің өркештері тік, ұшты келеді. Жанынан қараған кезде артқы аяқтарының тартылмағаны не кейін қойылмағаны қажет. Болашақ мал мамандарына, зоотехниктерге суретке түсіре білу өнері өте қажет. Ол үшін олар түйені суретке түсіре білудің шеберлігімен, шарттарымен таныс болу керек. Түйелерді шуақты күндері не таңертеңгі салқында көктем мезгілінде суретке түсіру керек. Түйелерді суретке түсіргенде мойны жақсы көрінуі үшін оны жалы жоқ жағынан түсіру керек. Суретке түсірген уақытта жарық сауыр тұсынан 45малдың симметриялы жағына бағытталуы керек. Түйені суретке түсіру үшін тегіс жерге тұрып, асықпай, мал көзін жұмып қалмауы үшін суретке түсіру шартын дұрыс қадағалап отыру қажет. Студенттерді малды дұрыс суретке түсіріп үйрету үшін, сабаққа арнайы суретке түсірушіні шақырып, суретке шебер түсіру сырларын дұрыс меңгерткен жөн.
  2. Қос өркешті түйе тұқымдары. Аруана түйелеріне қарағанда бактриан түйелерінің мойны қысқа әрі оның иіні әлдеқалай тереңдеу болады. Арқасында екі өркеш аралығы (30-40 см) маймен толмаған бос келеді. Бактриан түйелерінің аруана түйелерінің ең маңызды ерекшеліктері- сирақтарының қысқа болып, дене тұрқысының ұзын болып келетіндігі. Дене құрылысының осындай ерекшеліктеріне байланысты бактриан түйелері жүк артып, үзақ жолдарда жүру жағынан аруана түйелерінен нашарлау болғанымен, жегін малы есебінде жақсы бейімделген. Бактриан түйелері солтүстік климаттың малы болғандыктан олар жүндес келеді, орташа жүн түсімі 4-8 кг аралығында болады. Бұл түйелердің қыс мезгіліндегі жүндестігі ерекше және ол генетикалык анықтама ретінде бағаланғанда пайдаланады. Олардың тұмсығының үстінде тік түратын кекілі болады. Мойының үстіңгі және астыңғы жактарын толыгымен үзындығы 30-60 см шуда жүн талшыктары кұрайды. Аруана түйелерінің жауырын тұсында өсетін үзын жүн талшықтары (әполеттер) бактриандарда болмайды, оған керісінше аруаналарда болмайтын «галифе» атты ұзын жүн талшыктары бар, ол ары тоқпан жілік пен жауырынның тоғысқан жерінен жіліншек сүйегінің түсынан өседі. Өркеш үштарын екі жаққа жыгылган үзын жүн талшықтары жауып тұрады. Бактриандар да аруана түйелері сиякты негізгі екі түстен тұрады: табиги қоңыр және ақ. Қос өркешті түйенің 3 тұкымы бар: олар ірі денелі, мығым, ұзын сиракты, Ресей Федерациясының Қалмақ Республикасы мен Астрахань облысында шогырланган қалмақ тұкымы Қазақстанның барлық жерінде, Өзбекстан, Қьфгызстан Республикаларының далалық аймагында кездесетін жұмыр денелі, терең кеуделі және кеуде орамы мол болып келетін қазақы тұкым және Монголия мен Қытай мемлекеттерінде өсіп-өнетін жатаган денелі, шудалы монгол түйесі. Қалмақ түйе түқымы. Бұл тұкым аса ірі, бітімі мол, өркештері алшақ орналаскан, дене тұркы ұзын, кұрсақтары жогары көтерілген, сирактары ұзын және мойын астындагы, үстіндегі, жілінішек тұсындагы шудалары көп болады. Осы кездесетін үш тұқымның ішіндеп ең ірісі әрі салмақтысы қалмақ түйесі. Қалмақ түйелері климаты құрғақ және континентальды шөлейт аймақтарга өте-жақсы бейімделген. Қазақ түйе түқымы. Қазақы түйенің ерекшелігі әрі артықшылыгы сонау ықылым заманнан табиғи сұрыптау арқылы жетіліп, яғни жергілікті жердің табиғатына бейімделуіне байланысты үш сүлеге бөлінеді; Орал-Бөкей, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан. Бұл сүлелер дене бітімдерінің мөлшеріне және өнімділік қасиеттеріне карай ажыратылады. Орал-Бөкей типі Батыс Қазақстан облысының далалық аймағы мен Атырау облысының құмды аудандарында щоғырланған. Бұл – қазақы тұқым түйесінің ішіндегі ең ірі типтегі түйелер. Қызылорда типті қазақы түйелер Орал – Бөкей типті түйелерденкішірек,денеқұрылысытыгызжәнепропорциялы, сирақтары біршама қысқа, кеудесі терең, тұрқы сәл ұзындау болып келеді. Бұл типті түйелер Қызылорда және Ақтөбе облыстарының шаруашылықтарында шогырланган. Оңтүстік Қазақстан типті қазақы түйелер жоғаргы екі типтен де кішірек, бойлары жатағандау, дене кұрылысы жеңілдеу, кеудесі тарлау, тұркы қысқа. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының шаруашылыктарында өсіріледі. Моңғол түйе түкымы Бұл түйе тұқымы Моңғол, Қытай Халық Республикаларында, Ресейдің Тува автономиялық Республикасында өсіріледі. Дене кұрылысы жагынан жогарыда айтқан қалмақ, қазақ түйелерінен де кішірек болады. Бұл түйелердің басы жеңіл, бұлшық еттері жақсы жетілген, өркештері қомдырақ.

23 билет                                                                                                                                                            

  1. Түйе желінінің құрылыс ерекшелігі. Түйе желінінің анатомиялық құрылысы және физиологиялық сүт бөлуі жағынан басқа мал желініне қарағанда едәуір айырмашылығы бар. Қос өркешті түйе інгендерінің желіні онша үлкен емес, ол қуық арасында орналасады. Інгендер жатқан кезде ол жерге тимейді, ал жан-жағына сандары қорған болады Желіннің сырты жұмсақ әрі серпінді терімен қапталған. Жазда тықыр келеді, ал қыста оны жүн талшықтары басады. Желін өз алдарына бөлек сегіз жүйеден құралған екі қосалқы жартыдан тұрады. Желіннің іші оң және сол жартыға, ал жартылар өз кезектерінде алдыңғы және артқы бөліктерге дәнекер тканьдар арқылы бөлінеді. Сонымен желін 4 бөліктен тұрады. Екі жүйеден құралатын әр бөлік альвеолалардан, сүт каналдарынан және емшек үрпіне келіп жалғасатын сүт жүретін жолдардан тұрады. Желіннің алдыңғы бөліктері едәуір жақсы жетіледі. Әр емшек екі цистернадан тұрады. Емшек түбі деңгейінде сүт цистернасы дөңгелек қыртысты без қабаттары және соратын бөлімдерінен тұрады. Без қабатты бөліміне 12 сүт жолы келіп ашылады. Сауын аралық үзіліс кезінде емшек цистерналары бос, емшек көлемі кішкене, сыртқы емшек терілері салбыраңқы болады. Сауын кезінде цистерналар сүтке толып, емшектерінің көлемі және ұзындығы екі есе өседі. Осыдан туындайтын қорытынды, түйе желінінде сүт жиналуына цистерна емес, альвеоларлық сүт жолдарының қызмет ететіндігі дәлелденді. Түйе желініндегі сүт жолдарының тармақталуы басқа мал желінінен біршама өзгешелеу. Мұндай биологиялық ерекшеліктердің інгендерді саууға үйретуде, сауын технологиясын ұйымдастырғанда айрықша маңызы бар. Әдетте інгенді идіру үшін оның бауырына ботасын салады. Желіннің сыйымдылығы түйе тұқымына, жасына, сауылу кезеңіне, сүт өнімділігіне, сондай-ақ, сүт бездері тканьдарының жетілу дәрежесіне байланысты. Інгендердің желіні онша үлкен болмайды, орташа сыйымдылығы 2-2,5литрге дейін, ал 12 сағаттық сауын аралығындағы ең көп сыйымдылығы 4,5 литрге дейін артады. Желін құрылысының осындай ерекшеліктерін және азық мөлшерін ескере отырып, түйелер жазда әр 6 – 8 сағат сайын, тәулігіне 3-4 рет, ал қыста 1-2 рет сауылады. Біздің деректерге қарағанда, інген желінінің жолақ бойынша ұзындығы 22-27 см, түп жағының орамы 62-75 см, терендігі 14-21 см. Алдыңғы емшектерінің өлшемдері келесідей: ұзындығы 2,0-3,5 см, түп жағының орамы 7-10 см, екі емшектің аралығы 17-22 см; артқы емшектерінін өлшемдері мынадай: ұзындығы 2,5-6,0 см, түп жағының орамы 8-11 см, екі емшектің аралығы 8-12 см. Сауын інген желінінің салмағы 2300-3000 г, ал бойдақ інгеннің желіні – 200-400 г. Тостаған тәрізді желіннің төрт ширегі де біркелкі жетілген, әрі бір деңгейде орналасқан, ұзыны мен ені жақсы дамыған боп келеді. Мұндай желіннің орташа ұзындығы 25,6 см, түп жағының орамы 72,3 см, емшектері біркелкі дамыған, ұзындығы 3,8, алдыңғы емшектің аралығы – 21,2, ал артқы емшектің аралығы – 11,5 см. Қолға ұстағанда жұмсақ, серпімді, сауғаннан кейін тартылады. Желіні тостаған тәрізді інгендер өте сүтті келеді, 7-8 айғы сауымында орта есеппен тәулігіне 5-6 литрден сүт береді. Ешкі желін. Мұндай желіннің артқы екі ширегі алдыңгы екі ширегіне қарағанда жақсы дамыған, соңдықтан артқы ширектері төмен орналасқан. Желін онша ұзын емес, орта есеппен 16,2 см, орамы 56,1, емшектерінің ұзындығы 2,5 см және олардың ара қашықтықтары тиісінше 15,5 және 5,7 см болады. Мұндай желінді інгендер сүтті аз береді (тәулігіне 3-3,5 л ғана).
  2. Жалғыз өркешті түйе тұқымдары. Аруана түқымы. Жаздың ыстығы мен құрғақшылық жағдайларына көнгіш түйелер, бір-бірінен айырмашылығы бар Африкалық және Азиялық топтарға бөлінеді. Африкалық аруаналар азиялықтармен салыстырғанда дене тұлғасы биік, сирақтары ұзын, өркеші кішкене және кейінірек біткен, бас сүйегі ұзынша болып келеді. Келеге түсетін жасқа жеткен аруана түйелерінің еркегін үлек, ұрғашысын — мая деп атайды. Африка аруанасы Сахара, Марокко, Оңгүстік Судан деген бірнеше түрлерге бөлінеді. Африка халқы сүйегі жеңіл, ұшқыр, салт мінуге бейімделген аруана түйесін өсіріп шығару үшін сұрыптау жұмысын ғасырлар бойы жүргізді. Соның нәтижесінде Солтустік Африкада «Мехари» деп аталатын» тұлғасы биік аруана түрі шығарылды. Азия аруаиа тобына Үндістан, Аравия, Персия жэне Түркімен түйелері жатады. Үндістан аруанасы Пенджа және Раджипутан (биканир) деген екі түрге бөлінеді. Пенджаб аруанасы өз экстьері бойынша Ауғаныстан және Түркімен аруаналарынан айырмашылықтары шамалы. Олардың денесі шомбал, мығым әрі сүйекті, жүк артуға бейімделген түйелер. Раджипутан аруанасы басқаша «Биканир» түйесі салт мінуге арналған ұшқыр түрі. Олардың басы кішкене, мойны ұзын әрі жіңішке, тұрқы қысқа, сирақтары ұзын және дұрыс қойылған болып келеді. Аравия аруанасы Раджипутан түйелері сияқты тұқымы жақсы түйелер қатарына жатады. Аравияда сүйегі жеңіл, ұшқыр түйелермен қатар, дене қүрылысы ірі, шомбал, жүк артуға, кіре тартуға бейімделген аруналарды да кездестіругеболады. Аравия аруанасының көбісінің түсі ақ сары болып келеді. Ауғанстан, Персия және Түркімен аруаналары дене құрылысы, салмақтары бойынша орташа және ауыр жүк артатын түйелер түрлеріне жатқызуға болады. Бұл түйелер түрлерінің ішінен өте ірі малмен қатар ұсақ малды да кездестіруге болады. Түркімен аруанасы Түкіменстанда, Өзбекстанда, Қарақалпақ автонамомиялық республикасында және Оңтүстік Қазақстанда өсіріледі. Олардың денесі жинақы, шомбал, шымыр біткен, тұрқы қысқа, сирақтары ұзын.
  3. Түйені азықтандыру мен бағып-күту. Түйелерді бағып-күту басқа мал бағып-күту технологиясынан әлдеқайда қарапайым. Негізінен түйе жайылым малы болғандықтан түйе шаруашылықтарының дені оны жыл бойы табиғи жайылым жағдайында ұстайды. Сол себепті оларға қоражай салмайды. Мұндай жағдайда түйешілердің міндеті жайылым өсімдіктері мен суаттардың мөлшеріне қарай түйе келелерінің өрістерін ауыстыру, ал қыстың аязды боранында оларды сақтау мақсатында табиғи ықтасынға (құм барқандары, биік өсімдіктердің қалқасы) айдап апару. Түйелерді қатты суықтардан жылуды жақсы ұстайтын қалың жүн сақтайды. Бірақ жаңбырдан, ерте көктемде кар еріген кезде олардын жүн қабаттары суық тартып, олар ықтасынсыз өкпек жел өтінен денелері тез тоңазиды да, ауруға шалдығады жэне соның салдарынан өлім-жетімге ұшырауы да мүмкін. Жергілікті түрғындар ауа райының суық мезгілінде түйені суық желдің өтінен қорғау үрпін және жүнін қүрғақ күйінде сақтау мақсатында үстеріне киізден жасалған жабу жапқан. Жабуды алдыменен жас төлдерге, содан кейін інгендерге жапқан. Қазіргі кездері шаруа қожалықтарында, өсіресе шұбат өндіретін фермаларда түйелерді ауа райының келеңсіз жағдайларынан қорғау мақсатында эдейілеп қоралар салынады, қыстық сауын інгендер мен олардың боталарын қорада ұстау мақсатында пішендеме дайындалады. Салынатын қора-жайлардың түрлері ауа райына тікелей байланысты болады. Оңтүстік аудандарда төрт қабырғасысаз балшықтан немесе саманнан биіктігі 2-2,5 метрлік баздарда салынады. Бұл баздардың екі немесе үш қабырғасын және төбесін қамыспен немесе тал шыбықтарымен жауып сазбен сылайды. Баздың көлемі әр түйеге шаққаңда 5 м2 болуы шарт. Төбесі жабылған баздың көлемі қыстайтын түйе санына сай мөлшерде болуы қажет. Бұл базбен қатар әр түйеге шақканда 8м2 келетін ашық аланды баз да болуы керек. Бүл аланда түиелер күндізгі мезгілде азықтандырылады, суарылады және серуендейді. Жабық және ашық баздарды түйелерді жасы мен жынысына қарай ұстау мақсатында бөлек-бөлек

секцияларға бөлуге болады. Түйе азықтандыру. Түйенің сүйіп жейтін өсімдіктері: әр түрлі жусан, еркек шөп, изен, жантақ т.б.  құрамында протеині, минералды заттарлы мол өсімдіктер. Күзде және кыста түйелер сораңмен және жусанмен қоректенеді. Жазғытұрым астык тұқымдастар, жусандар және әр түрлі бір жылдық өсімдіктер шығады. Әсіресе осы мезгілде эфемерлі өсімдіктер өте бағалы болып табылады. Себебі кыстан арып шыккан мал тез тойынып қоң жинайды. Эфемерлер мен астық тұқымдас өсімдіктер қурай бастаған кезде шөл жерлерге төзімді, түйелер жақсы жейтін ұсак бұталы жэне бұршак тәріздес, т.б. өсімдіктер шығады. Күзде, әр түрлі өсімдікгердің саны азайған мезетте, сораң мен жусандардың желінгіштік дәрежесі арта түседі. Бұл өсімдіктер кыс алдында түйелерді жайып семіртуде ең багалы жемшөп болып табылады. Түйе малының ерекшеліктерінің бірі – жайылым өсімдіктерін талғап жеуі. Жылдың кез келген маусымында, кез келген жайылымда басқа мал нашар жейтін, кейде жемейтін өсімдіктерді түйе жақсы жейді. Керісінше, басқа мал жақсы жейтін шөптерді жемейді. Түйе түлігінің тағы бір ерекшелігі – олардың тұзға деген аса кұмарлығы. Сол себепті олардың жазғы және қысқы рациондарында тұз шектелмей берілуі кажет, сақа түйелердің әркайсысы тәулігіне 100 г тұз жалайтынын есте ұстау керек.

24-билет

1.Түйенің тірі салмағын анықтау. Тірілей салмақты таразыға тарту арқылы 1 кг аралыгындағы дәлдікпен, немесе біз ұсынған түйенің сапасын анықтау нұсқауындагы қосымша кесте бойынша аныктауға болады. Түйенің салмағы ірілігіне және күшіне байланысты. Оны таразыға тартып дұрыс анықтауға болады. Түйенің салмағын дұрыс анықтау үшін оларды таңертең суармайды, азықтандырмай тұрып өлшейді. Тірілей салмақ түйе денесінің көлемін сипаттаудағы неғұрлым объективті, жалпылама көрсеткіш. Тек қана малды таразыға тарту арқылы неғұрлым дәл анықтауға болады. Тірілей салмақ түйенің дене өлшемдері арқылы анықталғанда түсінікті болады. Түйелердің тірілей салмақ көрсеткішін анықтау үшін профессор А. Баймұқанов ұсынған келесі теңдікте қолдану ұсынылады: ТС Y ТКЖКх КО

мұндағы, ТС – тірілей салмақ, кг

КО – кеуде орамы, см

ТҚҰ – тұрқының қиғаш ұзындығы, см

ЖК – жастық коэффициент.

Тірілей салмақ көрсеткішін анықтау тәсілінің артықшылығы түйелердің жастық, жыныстық және тұқымдық ерекшелігінің ескерілмеуімен түсіндіріледі. Түйелердің өнімділік және басқа да шаруашылықтық-биологиялық қасиеттері тұқым қуалау, азықтандыру және бағып-күту, жеке даму ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Түйелердің өсу және даму қарқындылығын оқып-үйрену мақсатында тірілей салмақ көрсеткіштері кезеңмен анықталып тұрады. Тірілей салмақты анықтаудың ең тиімді тәсілі соңғы 3 сағат бұрын азықтандырылудан кейінгі өлшеу болып табылады. Түйелерді жиі өлшеудің қажеті жоқ, оның нәтижесі артық еңбек шығынын, малдың мазасыздануын тудырып, өнімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Өлшеу арасындағы ұзақ аралықта өзгерген тірілей салмақ көрсеткішін анықтау үшін түйелердің дене өлшемдерін қолданып есептеу тәсілімен шығаруға болады. Түйелердің өсуі мен дамуы тірілей салмақ көрсеткіштерінің өзгеру мәліметтері негізінде есептелетін абсолюттік, салыстырмалы және орташатәуліктік қосымша салмақ көрсеткіштерімен сипатталады. Тірілей салмақтың абсолюттік өсімі келесі теңдеу арқылы есептеледі: АӨ= ТСс- ТСб6, мұндағы, АӨ – абсолюттік өсім, кг; ТСс – соңғы тірілей салмақ көрсеткіші, кг; ТСб – бастапқы тірілей салмақ көрсеткіші, кг; Тірілей салмақтың салыстырмалы өсімі өсу энергиясын, немесе өсу кернеулігінің коэффициентін білдіреді, пайызбен өлшенеді. Бұл көрсеткіш келесі теңдеу арқылы есептеледі: W = АӨ/ТС*100, мұндағы, W – тірілей салмақтың салыстырмалы өсімі, %.

Тірілей салмақтың орташа тәуліктік өсімі келесі теңдік бойынша анықталады:

ОТӨ=АӨ*100/У, мұндағы, ОТӨ – орташа тәуліктік өсім, г; У – уақыт, күн.

  1. Қазақ түйе тұқымы. Қазақы түйенің ерекшелігі әрі артықшылыгы сонау ықылым заманнан табиғи сұрыптау арқылы жетіліп, яғни жергілікті жердің табиғатына бейімделуіне байланысты үш сүлеге бөлінеді; Орал-Бөкей, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан. Бұл сүлелер дене бітімдерінің мөлшеріне және өнімділік қасиеттеріне карай ажыратылады. Орал-Бөкей типі Батыс Қазақстан облысының далалық аймағы мен Атырау облысының құмды аудандарында щоғырланған. Бұл- қазақы тұқым түйесінің ішіндегі ең ірі типтегі түйелер. Қызылорда типті қазақы түйелер Орал – Бөкей типті түйелерден кішірек,денеқұрылысытыгызжәнепропорциялы, сирақтары біршама қысқа, кеудесі терең, тұрқы сәл ұзындау болып келеді. Бұл типті түйелер Қызылорда және Ақтөбе облыстарының шаруашылықтарында шогырланган. Оңтүстік Қазақстан типті қазақы түйелер жоғаргы екі типтен де кішірек, бойлары жатағандау, дене кұрылысыжеңілдеу, кеудесі тарлау, тұркы қысқа. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарының шаруашылыктарында өсіріледі. Қос өркешті қазақ Түйелері дене бітімдерінің ерекшеліктері, ірілігі, өнімділігі бойынша 3 тұқымдық типке бөлінеді: оралбөкей, Қызылорда және оңтүстік Қазақстан Түйелері. Орал-бөкей типінің басқаларынан тірілей салмағы мен жүн өнімділігі 5 – 10%-ға жоғары болғандықтан, асылдандыру жұмыстарында тұқым жақсартушы ретінде пайдаланылып келеді. Дара және қос өркешті Түйелерді бір-бірімен будандастырудан алынған будандар дене бітімінің беріктігі, ірілігі, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары мен ауыр жұмысқа төзімділігі бойынша таза тұқымды Түйеден айтарлықтай ерекшеленеді. Тірілей салмағы бойынша артықшылығы 20 – 25%-ға дейін жетеді. Будандардың үлектерін нар, інгендерін мая деп атайды. Нарлар тек жұмыс күші мен өнім алу үшін пайдаланылып, жұптастыруға жіберілмейді. Маялар әдетте қос өркешті үлектермен шағылыстырылып, аталық тұқымға ұқсас ұрпақ алынады. Түраралық будандастыру тек таза қанды дара және қос өркешті Түйелер пайдаланылғанда ғана жақсы нәтиже беретіндігі, будандардың асыл тұқымды мал ретінде маңыздылығы жоқ екендігі ескерілуі қажет.
  2. Түйе шаруашылығында асылдандыру жұмыстары және жоспарлау. Түйе шаруашылығындағы асылдандыру жұмыстары мал басының тұқымдық сапасын және өнімділік қасиетгерін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүйесінен тұрады. Бұл жұмыстардың мақсаты мал өсіруде түрлі сұрыптау, жұптау әдістерін пайдалана отырып, селекциялық қасиеті жоғары мал санын көбейту. Асылдандыру жүмыстары түйелерді қүнарлы жайылымда жаю мен күтіп-багуды талапқа сай ұйымдастырған жағдайда ғана ойдағыдай нәтижелерге қол жеткізеді. Малдың тұқымдық қасиетін жақсарту қосымша шығындар жүмсамай, саланың өнімділігін артгыруға мүмкіндік береді. Асылдандыру жүмыстары түйе өсіретін шаруашылықтардың түгелдерінде жүргізілуі тиіс. Шаруашылықтардың ерекшеліктеріне, тұқым түріне, өсіру мақсатына байланысты асылдандыру жүмыстарының тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін. Асыл тұқымды түйе шаруашылыктарының негізгі мақсаты – әр тұқым түйелерін таза өсіру, түқымдық және өнімдік қасиеттерін жетілдіру, жоғары сапалы мап басын көбейту, төл өсіру және қарапайым тауарлы түйе шаруашылықгарына әлита және 1 -ші класты асыл түқымды аталық және аналық түйелерді сату. Түйе шаруашыпығында мал өсірудің төмендегідей әдістері қолданылады:1) таза тұқымды немесе таза қанды мал өсіру; 2) әр түрлі тұқымаралық будандастыруларды пайдапану; 3) малды түраралық будандастыру (гибридтеу) жолыме өсіру. Таза тұқымды өсіру – бір ғана тұқымның малынжұптастыру арқылы олардан төл алу. Түйені таза тұқымды өсіруінің нәтижелі болуы төмендегідей маңызды мәселелерге байланысты. Өнімділік – биологиялык қасиеттері жергілікті табигат жағдайларына және шаруашылықтың негізгі багыгына сай келепн түие түқымының тандап алынуы;2.Түйелерді сұрыптау және жұптау жұмыстарының тұрақты жүргізілуі;3.Түйелерді азықтандыру бағу жұмыстарын олардың түқымдық ерекшеліктерінің толық дамуына жеткілікті деңгейде жүргізу. Асыл тұқымды түйе шаруашылықтарының негізгі мақсаты – дене бітімінің беріктігі мен өнімділігі жогары еркек және ұргашы қүнанша, дөненшелерді өсіріп, тауарлы шаруашылықтарға сату. Осыған орай асыл тұқымды мал құрамы таза тұкымды, мол өнімді, әлита және бірінші класты түйелерден тұруы тиіс. Асыл тұқымды інгендермен шағылыстыру үшін шаруашылық бураларымен қатар басқа да асыл түқымды шаруашылыкгардың осы түйе түқымының жогары класты буралары қолданылады. Асыл тұқымды шаруашылықтарда асыл тұқымды малдан басқа шаруа түйелері де болады. 

25 билет.

1.Қалмақ түйе тұқымы. Бұл тұкым аса ірі, бітімі мол, өркештері алшақ орналаскан, дене тұркы ұзын, құрсақтары жоғары көтерілген, сирактары ұзын және мойын астындағы, үстіндегі, жіліншік тұсындағы шудалары көп болады.Осы кездесетін үш тұқымның ішіндегі ең ірісі әрі салмақтысы қалмақ түйесі. Бұл тұқымның буралары өте ірі, тірілей салмағы ауыр, жүндес. Мысалы «Сабира» деп аталатын 6-жастағы бураның биіктігі 192 см, тұрқының ұзындығы 168 см, кеуде орамы 270 см және жіліншік орамы 28 см болған. Ал «Бек­ хан» деп аталатын бураның тірілей салмағы 1247 кг тартқан, «Толға» деп аталатын бурадан жылына 21 кг өте сапалы жүн түскен. Қалмақ түйелері климаты құрғақ және континентальды шөлейт аймақтарға өте-жақсы бейімделген. Қалмақ түйелерін Еділ өзенінің төменгі оң жағалауларындағы аймақтарға қалмақтар әкелген. Бұл тұқым аса ірі, бұлшық еттері қуатты. Басы кішкене, етсіз, мойны бұлшық етті орташа, кеудесі кең және терең, қабырғалары дөңгеленіп біткен, өркештерінің мөлшері биіктігінен және енінен қарағанда үлкен, құйымшағы қақпақ тәрізді, сәл салбыраңқы, сирақтары етсіз, жіңішке, тарамыстары жақсы жетілген. Түсі қоңыр және қара-қоңыр болып келеді. Сары және ақ түстілері де кездеседі. Қос өркешті қалмақ түйелері климаты құрғақ континенталды шөлейт аймақтарға өте жақсы бейімделген. Көктем, жаз кезінде жақсы семіреді.Түйелердің жүні біркелкі жақсы жетіледі, сапалы болады. Олардан жынысымен жасына қарай түрлі мөлшерде жүн алынады. Мәселен, бураларынан 6-14 кг, інгендерінен 4-8 кг, тайлақтарынан 3-6 кг жүн түседі. Сүттілігі қазақ інгендерне аздау келеді. Мысалы 18 ай сауын маусымы ішінде орта есеппен 1170 л (орташа майлылыгы 5,4 процент) сүт береді.

2.Түйелерді түраралық будандастыру.Түраралық будандастыру (гибридизация) деп екі түрге жататын жануарларды шағылыстыруды айтады.Түйе шаруашылығында бұл әдіс кос өркешті түйелерді бір өркешті түйелермен шағылыстыру жолымен жүргізіледі. Оныңекітүріболады.Қазақша-ондақазактыңқосөркештітүйе тұкымынын бурасын бір өркешті түркімен аруана маясымен будандастыру, түркіменше – туркімен аруанасынын қос өркещті қазақ түйе тұқымының інгенімен будандастыру жолымен жүзеге асырылады. Барлық буындағы түр аралық будандардың (гибридтер) ұрпақ беретін қабілеттіліктері бар. Дромедар мен бактриандарды будандастырудың негізгі себебі келесідей:бұл будандастырудың басты мақсаты I буындагы гибридті түйе алу, олардың барлық түрі, тұқымы түйелер ішіндегі ең мықты және төзімді жұмыс малы болып есептелінеді. Алынған будан еркек түйелер (буыршындар) шағылыс жұмысына пайдаланылмайды, ал ұрғашылары алғашқы аталыктардың бірімен шағылыска түседі. Будан түйелерді одан әрі өсіру, әрине сіңіре будандастыру әдісімен жүргізіледі. Қазақстанда қос оркешті түйелердің көп өсірілуіне байланысты будандар (габрндтер) бурамен шагылыстырылса аруана түйелер көп шоғырланған аймакта ұрғашы будан түйелер ұрпактан ұрпаққа үлекпен шағыстырылады. Будан гибридтердің өзара шағылысқа түсуіне тиым салынады, оның үстіне түйешілер де мұндай әдісті колдамайды. Қазақтар мен түрікмендер ерте заманнан қос өркепггі түйені аруана түйелерімен будандастырып алынған ұрпақ будандарына өздерінше жеке ат койып келген. Бурага сіңіре будандастыру аркылы алынған екінші буындағы буданды (3/4 бактриан) – балқоспақ, келесі буындағыларды қоспақ дейді. Үлекке сіңіре будандастыру аркылы алынган екінші буындагы буданды (3/4 дромедар) – түрікмеңдер еркектерін – кохерт, ұрғашыларын – кердәрі, келесі буындағыларды – сапалдырық деп атайды. Бірінші ұрпақ будандарының абайсызда өзара шағылысынан туған 2-ші буындағы будандар нәзік, тіршілік қабілеттері төмен, қисық-кыңыр болып келеді. Қазақтар мұндай будандарды жарбай (чучело) деп атайды. Бактриан мен дромедарларды будандастырғанда алынған будандардың гетерозистік құбылысы I будан ұрпағы – нарларда жақсы дамыған. Бұл нарлардың денесі ірі, күпггі, өнімділігі мол әрі өміршеңдік қабілеті өте жоғары болып келеді. Дене өлшемі жагынан да нарлар өз ата-енесінен әлдеқайда басымырақ келеді. 1-ші буындағы будандарды сіңіре будандастырудан алынған будандардың гетерозистік құбылыстары жақын арадағы будандарда сақталады, ал қашықтаған сайын ол күшін жоғалтады. Сол себепті шаруашылық жағдайында түраралық будан­ дастыру жұмысын 1 және II ұрпақ алудан асырмаған абзал, сол кезде ғана ең жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.

  1. Моңғол түйе тұқымы. Бұл түйе тұқымы Моңғол, Қытай Халық Республикаларында, Ресейдің Тува автономиялық Республикасында өсіріледі. Бұл түйелердің басы жеңіл, бұлшық еттері жақсы жетілген, өркештері қомдырақ. Ол жыл бойы бағылады. Монғолияда монғолдар түйеге кіре тартады, жүк артады және салт мініп, арбаға жегеді. Әр аймақтардагы түйе өлшемдері, ірілігі әр түрлі болып келеді. Қос өркеш түйелердің орташа өлшемдері мынадай: өркеш аралыгының биікгігі 164-171 см, тұрқының ұзындыгы 143-147 см, кеудесінің орамы 201-211 см. Ең ірі түйе тұкымы Монголияның оңтүстік шығыс жағындагы Сухә-Батор, Шыгыс Гоби және Оңтүстік Гоби аймақтарында, ал дене бітімі шағын түйелер солтүстік және батыс аймақтарында өсіріледі. Монғол түйелерінің басы жеңіл, мойны тік, көкірегі кең, сүйегі мықты, бұлшық еттері жақсы жетілген, жіліншіктері түзу, табандары жалпақ болып келеді, өркепггерінің биіктігі 40-50 см болады. Інгендерінің салмагы орташа есеппен 508 кг, буралары 500-550 кг, жекелеген түйелер 720 кг-га дейін тартады. Бұл түйелердің жүні қою және ұлпа болып келеді. Сүттілігі 18 ай сауын мерзімінде орташа 360 л болады. Ал 400-500 л сүт беретін інгендерді тұрғындар сауын сиыр ретінде пайдаланады. Монгол Халық Республикасынаң 1937 жылы № 125 түйе заводына 340 інген және 14 бура әкелінді. Сонан бастап қазақ түйесімен будандастыру жұмысы жүргізілуде. Алынған будандар ата-енесінен ірі болып, жүнді де көп береді.

26 билет

 1.Түйені машинамен сауу техгологиясы.Інгендер көп жагдайда ботасы емгенде ғана сүт боле бастайды. Сол себеггтен де сауу аппараты інгеннің желіні мен емшек құрылысына сәйкес келуі, сүтгің көп бөлінуіне жагдай жасауы тиіс. Інген сауатын арнайы сауу аппараты элі жасалган жоқ. Оларды сауу үшін сериялап шыгарылган сиыр саууға арналған ДД-100, ДАС-2Б аппараттарын пайдалануга болады. Бүл аппараттармен інген сауу үшін сүт, ауа шлангілерін жэне сауу стакандарын, ягни сүт бөлінуге тікелей эсер ететін тораптарды сәл өзгертіп пайдаланады. Сауу стакандарын 50 мм-дей қыскартады. Сонда оның салмагы кеміп, емшек резеңкесі сыгу тактісі кезінде емшекті жақсы сылайды, яғни массаждайды. Сауу аппаратының коллекторын да жеңілдету қажет, өйткені оның салмагы сауу стаканының салмагына, емшектактісінің ара қатынасына тығыз байланысты. Вакуум күші мен салмақ теңгерілген жағдайда сауу стакандары емшекте жақсы ұсталады. Стакандар тым ауыр болса, жиі түсе береді. Сериялап шығарылатын аппараттарда сүт пен ауа шлангілері қысқа. Өйткені олар сиыр саууга арналған. Інгеннің желіні жерден 100-110 см биіктікте орналасқан, емшек аралықтары алшақ, сондықтан вакуум жэне сүт шлангілерін үш есеұзарту қажет. Мүның өзі сауу стакандарын кигізуді және аппаратпен жұмыс істеуді ыңғайлы етеді. Сауу аппараты қолайлы жұмыс істеуі үшін мынадай параметрде болуы шарт: жүйедегі вакуум – 0,6 мм сынап бағанасы, пульсация саны – минутына 50 – 60, такт ара қатынасы 65 -35%. Інгенді машинамен саууды ойдагыдай енгізу үшін тұрақты жұмыс істейтін фермаларды электр энергиясымен, ал маусымдық фермаларды тоқтаусыз жұмыс істейтін іштен жанатын двигательдермен (ЗИД – 4,5 т.б.) қамтамасыз ету қажет. Фермада жұмыс істейтін адамдар сауу қондырғысы мен аппаратгардың құрылысын, машинамен сауу технологиясын жетік меңгеруі, байқалған ақауларды түзете білуі тиіс. Сонымен қоса оларға дер кезінде техникалық күтім жасалуы, қосалқы бөлшектердің, жуу құралдарының ыстық жэне салқын суцың жеткілікті коры болуы қажет.

2.Түйе шаруашылығында інген сауу. Інген желінінің езгешелігіне, ботаны емізіп өсіруге және сүттің емшекте тез жиналмауына байланысты оны сауудың бірқатар ерекшеліктері бар. ^ Інгенді идіру – өте күрделі процесс. Оған малдың нерв жүйесі, ішкі бездерінің секрециясы үлкен эсер етеді. Інгендерді сауганда әдетге тез иіп, сүтті мол беруіне бота себепші болады. Інгеңдерді сауған кезде атқарылатын жұмыс тізбектері бір қалыпты жүргізілуі тиіс. Атап айтқанда інгендерді сауу алаңына айдап келу, сауыншының інгенге жакындауы, сау агрегатының дүрілі, тағы басқа жұмыстар. Мұның бэрі інгеннің сүтті иіп беруіне оң эсер етеді. Осылардың бэрінен де інгенді идірудің ең тиімді эдісі ботасын салу болып табылады. Інгендердің аналық (инстингі) мейірімі өте жақсы дамыған жэне бота енесін емгенде оның ауыз қуысыңца дүркін-дүркін вакуум пайда болады да желін және емшектегі жүйке жүйелері (рецепторлар) тітіркендіріліп, сүт бөлу процесі басталады. Қолмен сауу. Ботасын салып, інгенді қолмен сауу ежелден қалыптасқан ұрпақтан-үрпаққа жетіп отырған әдіс. Түйенің желіні жерден 104 – 110 см биіктікте орналасқандықтан,сауыншы оны түрегеп тұрып сауады. Сауар алдында түйе- ші сауын інгендерін сауылатын орынга айдап өкеліп, ашык корага камайды, содан кейін эр сауылатын інгеңді идіру үшін өз боталарын енесіне жамыратады, 30-40 сек. емгеннен кейін ботасын ажыратып, боталар түратьш аулаға камайды немесе сауын біткенше енесінің жанында ұстап турады. Енесі исінгеннен кейін сауыншы бір аяғын бүгіп, сол бүгіжен тізесіне шелекті қойып, ал тұтқасын білегіне іліп алып екі қолымен төрт емшекті сауьш шығады. Інген сауудың әр түрлі тәсілі бар: бір сауыншы бір інгенді, немесе екі сауыншы бір інгенді екі жағынан тұрып сауу. Емшекті бас бармак, жэне сұқ саусақпен кысу немесе саусақтарды бір жүмып бір ашып, емшектерді не жоғары, не төмен қысу арқылы саууға болады. Тэжірибелерге қарағанда бір інгенді қолмен сауу үішн орта есеппен 5-6 минут уақыт жұмсалады. Әрбір сауыншы күніне 15-20 інгенді жазда 3-4 рет, кыста 1-2 реттен сауады.

3.Түйенің жайылым режимі. Түйе- жайылым малы. Оның күндізгі азығы жайылым өсімдіктері. Ол күндіз жайылып, түнде  күйіс  қайтарады. Түйе  жайылымда  жақсы семіреді, өркештеріне май  жинайды, жол  жүргенде өз  майын өзі  қорек етеді. Қазірде түйе  ауыл шаруашлық жұмыстарына  және  жүк тартуға көлік ретінде  пайдаланылып  жүр. Сондықтан  түйені  қаншалық ауыр жүк  тарта алатынына, сүттілігіне, жасына  қарай дұрыс  азықтандыру маңызды  мәселелердің бірі.  Түйелердің  өнімділігі  желінген  азықтың  мөлшері мен  сапасына  тікелей  байланысты. Азықтың  құрғақ заты азықтың  желіну көлемін  сипаттайды. Орташа есеппен  ересек  түйелер  әр  100кг тірілей салмағына  1,7-2,0кг  құрғақ  зат  шығындайды.

27- билет

1.Түраралық будандар. Түйе шаруашылығы түйелерден алынатын өнімдерді көбейту және оның сапасын жақсарту мақсатында қазақтың айыр өркешті түйелерін түркіменнің аруана будандастыру арқылы бцдандар ерте заманнан алып келеді. Осындай әдіспен алынған түраралық буданның бірінші ұрпағының денесі зор, күшті болады. Ұрпақтың осындай артықшылықтарын Ч.Дарвиннің теориясы бойынша будан түйелердің жетілу барысында гетерозистік биологиялық құбылыстардың әсерінен екендігі түсіндіріледі.  Аруана мен қосөркешті түйелер климаты, азығы су жағдайнан бір бірінен көп айырмашылығы бар жерлерді мекендеген. Сол мекендеген жерлеріне байланысты оларда тұқым қуалаушылық қасиет пайда болған. Гетерозистік құбылыс бірінші ұрпақтың будан нарында жақсы байқалады. Бірінші ұрпақтың нар маясына бура немесе үлек шөгергенде туған будан гетерозис қасиетін аздап сақтайды, ал кейінгі ұрпақтарында бұл қасиет жоғалған, будандар негізгі тұқымға ауысып кетеді. Қос өркешті түйелер мен аруананы түр аралық будандастыру негізінен өндірістік будандастыруға жатады. Бұл будандастырудың негізгі мақсаты мейлінше төзімді, неғұрлым күшті бірінші будан тұқымын алу. Бірінші ұрпақтың еркек тайлақтарын,буыршындарын табиғи жайылым жағдайда семіртіп етке өткізгендіктен олар шағылыстыруға пайдаланылмайды. Ал ұрғашыларын шағылыс жасына жеткен кезде бура немесе үлекпен сіңіре будандастыру әдісімен түйе тұқымының біріне аударады. Будандарды өзара қайытуға болмайды.

2.Түйені жұптау. Сұрыпталған малдың еркектері мен ұрғашылары дене бітімі мен өнімділігіне сай шағылыстырып, жоғары сапалы төл алу. Мал тұқымын алуда сұрыптау мен жұптау әдісін үйлестіре отырып нәтижеге жетуге болады. Сұрыптау арқылы малды қалдыру, жұптау арқылы жоғары сапалы төл алуға болады. Туыстас малдалдарды жүйесіз шағылыстыруға жол берілмейді.  Малдарды бірнеше ұрпақ бойына бір бағытта жұптастыру олардың өнімділік сапасының жақсаруы мен тұрақталуына әкеледі. Жұптаудың ең маңызды қасиеті- әр келесі ұрпақтан тұқымдық және өнімділік қасиеті жоғары тұқым алу жеке жұптау- асыл тұқымдық шаруашылықтың селекциялық малына жүргізіледі. Бұл жұптауда келесідей шарттарға сүйену қажет:1. келешек ұрпақтың ата-аналық бағалы қасиеттерінің берілуі және оны қалыптастыру үшін інгендерге жоғары элита кластағы таңдаулы буралар тағайындау. 2. екінші класстағы інгендер үшін 1-ші немесе элита класстағы мықты буралар тағайындау. Мұндай жұптау жақсы дамыған төлдер алу үшін қажет.Tопты жұптау әр классқа жататын інгендер сондай классқа жататын буралар қолданып, өндірістік бағыттағы түйе өнімін көбейту үшін жүргізіледі.

3.Түйенің сырт пішіні (экстерьер). Экстерьер  тур алы  ұғым,  не  болмаса  малдың  сыртқы  пішіні  ежелден  белгілі.  Мал  экстерьерін  жанжақты,  әрі  терең  зерттеу  арқылы  оның  қасиеп  мен  ерекшеліктерін  аныкгауга болады.  Экстерьер арқылы  мал  конституциясын, денсаулығын және өнімділігін де анықтауға мүмкіндіктуады.  Мысалга, түйелердің күшкөліктік касиеті мен ет өнімділігін  анықтауға болады.  Бірақ та, сырттай қарап кейбір өнімділік  қасиеттеріне  (сүттілігі,  сүт  пен  еттің  химиялық  құрамы) баға  беру  мүмкін  емес.  Малдың  мұндай  көрсеткіиггері  әр түрлі факторларга, эсіресе зат алмасу түріне байланысты.Түйенің  өз  дене  құрылысы  бойынша  өзге  малмен,ягни  өзге  үй  жануарларымен  салыстырғанда  бірталай ерекшеліктері бар.Малдың  дене  тұрқы  сыртқы  көрінісі,  толыгымен  алғанда  сыртқы  пішіні  мен  әр  түрлі  дене  мүшелерінің  бөліктері (стати).Дене  тұрқы  малдың  сыртқы  пішіні  мен  олардың  шаруашылық  жэне  тұқымдық  багалылықтар байланыстарының болуына негізделген.Дене  бөліктері  (стати)  малдың  дене  мүшелерінің  әр бөлігі,  осылардың  көрсеткіштері  арқылы  дене  тұрқыныңзоотехникалық бағасы толықтырылады.Мысалга,  дене  бөліктерінің  бірі,  түйенің  желіні,  сұрыптау жұмысының негізгі көрсеткіші болып келеді.Түйенің дене тұрқына қарап селекциялык жұмыста мэні  зор төмендегі  мәселелерді анықтауга болады: – дене бітімге бага беру;- тұкымдык ерекшеліктерді анықтау; өзіндік жеке белгілерді айқындау; малдың жасын, жыныс ерекшеліктерін анықтау;малдың  әр  түрлі  сыртқы  орта,  багу  жагдайларынабейімділіктерін багалау.Малдың денсаулыгы мен қондылыгын анықтау. Түйенің Дене  тұрқын  багалау  кезінде  оның  жеке  мүшелерімен бөліктеріне  қойылатын  талап  деңгейі  өнімділік  багытына  байланысты жүргізіледі.Бас.  Барлық  өнімділік  бағытындағы  түйелердің  басы  тым ірі немесе үйлесімсіз кіші болмауы тиіс. Сүтті багыттағы  жалғыз  өркешті  түйелердің  басы  ұзын  да  арық,  етті- жүнді  бағыттағы  қос  өркешті  түйелердікі  жалпақта  қысқаболады.  Бастың пішінін малдың тұқымдық және жыныстык  ерекшеліктерінің  жанама  белгісі  ретінде  қарастыруға  болады.  Інгендермен  салыстырганда  буралардың  басы  салмақты  да  ірі  болып  келеді.  Тым  жіңішке  бас  малдың нәзіктігін, әлсіздігін көрсетеді.Барлық  өнімділік  бағытындағы  түйелердің  мойындары  бұлшық  етті,  жуан  жэне  жақсы  қозғалатын  болуы  қажет.  Аруана  түйелерінің  мойыны  ұзын  және  едәуір қозғалғыш,  бұлшық еттері жақсы дамыған.  Бактриан  түйелерінің мойыны қысқа, ирегірек болады. Қондылығы өте жақсы  түйелер  мойнының  жоғары  шеті  алдыңғы  өркештіжиектерімен  жалғасады  да,  шоқтығын  табуға  мүмкіндікболмайды.  Барлық  өнімділік  бағытындағы  түйелер  үшінтым ұзын, жіңішке,  қысыңқы  мойын үлкен кемшілік  болып  табылады.Көкірек қуысы.  Бүл жерде ең маңызды органдар өкпе,  жүрек, бас қан тамырлары шоғырланады. Сондықтан ол кең, әрі  терең  болуы  қажет.  Етті  жүнді  түйелердің  кеуделері  енді,  ал  сүтті  багыттағыларынікі  жіңішкелеу,  бірақ  терең  болып  келеді.  Кеуденің  жіңішке  эрі  таяз  болуы  барлық  багыттағы түйелер үшін де үлкен кемшілік болып есептеліп,  мал денсаулыгының нашарлыгын білдіреді.Шоқтық тек  қана  аруана  түйелерінен  байқауга  болады, онда ол өте қысқа, доға тәріздес болып бір жағынан  мойынның шетімен, ал екінші  жагынан өркеш жиектерімен  жалғасады.  Қос  өркешті  түйелердің  шоқтығы  алдыңгы өркештіңастынада орналасқандыктан, көзге көрінбейді. Арка,  бел  жэне  бөксе  –  барлық  малда,  әсіресе  тез жетілгіш етті-жүнді сүтті түйелерде енді болуы керек.Қайқы  немесе бүкір бел  қандай  өнімділік бағытындагы  түйелер  болмасын,  дене  бітімінің  үлкен  кемшілігін  көрсететін белгілер болып табылады.Бауыр   түйелердің  бауырлары  олардың  түрлері  мен  тұкымдарына  байланысты  көтеріңкі  немесе  түсінкі  болып  келеді.  Аруана  түйелерінде  ол  шабына  қарай  көтеріңкі  болса,бактриан  түйелерінде  төмен  орналасқан.  Сүттілігі  жоғары  інген,  маялар  қарынының  артқы  жагы  кеңдеу  және  салбыраңқы  болып  келеді.  Түйенің  бауыр  жүнінің  өскелендігі жеткілікті болуы тиіс.Аяқтар.  Аруана  түйелерінің  сирақтары  бактриан  түйелеріне  Караганда  ұзын  болады.  Алдыңгы  аяктарының  табандары  артқы  аяқтарынан  жалпақтау  келеді.  Артқы  сирагы  түлгага  бекімеген,  сол  себепті  мыкты  жэне  үзын  «тұтқа»  кұрайды.Аяқтарга  баға  бергенде  оның  еттерінің,  сіңірлерінің  жетілуін,  табандарының  беріктігін  мұқият  тексереді.  Түйелерде  тірсек  буындары  майысқан,  қайшы  аяқтылык, алшақ орналаскан, т.б.  кемшіліктер кездеседі.Желін.  Қос  өркешті  түйелердің  желіңдері  аруана  түйесінің  желінімен  салыстырғанда  шагын,  эрі  терең  шабының арасына орналасады. Желінінін формасы трапеция  тәріздес.  Тостаған  тэрізді  жэне  ешкі  желініне  ұқсас  болып  екітүрде  кездеседі.  Емшектері  негізінен  бірбірінен  алшак  сүйір  болады.  Алдыңғы  емшектері  артқысына  қарағанда кішілеу.Малдың дене тұрқына, өсіпжетілуіне бага беруде оның  дене  бөліктерінің үйлесімділігіне,  сырт пішінінің  сипатына  баса көңіл аудару қажет.

28 билет

1.Түйелердің дене құрылысында орналасқан сүйелдердің атқаратын қызметі. Түйенің жатқан кезде жермен түйіскен дене мүшесінің барлығында мүйізденіп кеткен күс тәрізді 7 сүйелді беріштері болады. Ол тӛс сүйегінің, тізелерінің және тірек буындарының үстінде болады.Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астыңғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бүл жануарларды көнтабандылар деп атайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдай төгіп жата бередіКеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады.

2.Түйелерді ұрықтандыру барысындағы буралар мен інгендердің мінез-құлқы. Түйелер қаңтар – наурыз айларының аралығында күйлейді. Әрбір күйіті 8 күнге созылатын інген осы мерзімде 1-3 рет күйлейді. Күйіті келгенде інген, маялар бура және үлектерге жақындап, ыңырсып дыбыс шығарады. Олардың жаңына жата кетеді. Ал, бірінші рет шағылыстыруға қосылып отырған інгеннің күйіті сырт кәөзге нашар байқалады. Сондықтан күйіті келген інгенді кәөбінесе күйіттеуші бура арқылы табады. Етті-жүнді бағыттағы аталық түйелер қаңтар-наурызда, ал сүтті бағыттағылары – сәуірде қолдан шағылыстырылады.Бураның желтоқсан-мамырда жынысы қозып, мінез құлқы қатты әөзгереді. Аяғымен жерді теуіп, қар боратып, тіпті малшы-жолаушыларға айбат шегеді, шағылыстыру кезінде аузынан кәөбік шашып, тісін шықырлатып, басын артына қайырады, артқы аяқтарын талтайтып, сариды.Үлектің таңдайы ісініп, қатты боздағанда аузынан дәөңгеленіп шарана шығады. Бура мен үлектің жыныстық шабыты таңертең күн шығарда бәсеңдейді.Інгенге шөгерген бураның шыбығын тез арада бұрып қынапқа енгізуге көмектескен жөн. Бураның шағылысуы 8-15 минутқа созылады және эякуляттың бөлінуі бәсең келеді. Оны шыбығының төменгі жағындағы несеп-жыныс түтігін саусақпен басып бүкілдеуінен ажыратады. Ұрығын жібермеген бура қайта шөгуге ұмтылады. Бір шӛккенде шамамен 500 мл шәуіт шығарады. Шәуітін жібергеннен кейін інгенге қарамай өз бетіменжүріп кетеді. Бураның жыныстық қабілеттілігі (потенциясы) 5-9 жаста күшейіп, 15-18 жасында бәсеңдейді. Ал, кейбір тіпті тоқтамай қойған інген- аруаналардың сарпайының ішкі жағындағы жұқа қабатты дәрігерлік жолмен сылып тастайды. Тәжірибесі аз түйе өсіруші олардың тоқтап-тоқтамағанын дәл басып біле алмайтын болса, табындағы үлек бураларды үнемі назарда ұстап, олардың төңірегінен інген маяларды көз жазбай бақылайды. Күйіттеу белгілері байқалған інгендерге кешіктірмей бура шөктіреді. Егер інген күйіті 2-3 күнге созылса, оған бураны қайта шөгереді. Бура шөгеріп күйіті қайтқан күйіттеуші бура (пробник) салып, күйлеу белгілерін қосымша анықтайды. Күйіті ұзаққа созылған інгенге әрбір үш күнде бура шөгеріп тұрады.Інгеннің күйіттеуін келесі белгілері бойынша анықтайды. Күйіттелген інгеннің денесі қызып, тынышсызданады. Жыныс мүшелерінің қан тамырлары кеңейіп, ұлпалары ісініп, кілегейлі қабаты қызарады. Жатырының көлемі ұлғайып, қабырғасы жұқарады. Жатыр мен қынаптың кілегейлі қабатынан аққан созылмалы мөлдір сұйықтықтан тараған ұшқыш химиялық қосындыларды иіскеп сезген бура күйіттеген інгенді оңай тауып, шөктіреді.

  1. Сауын агрегаттары мен інгендерді саууға дайындау. Машинамен сауу түйенің желін кұрылысының ерекшеліктерін, сүт шығару және сүт беру физиологиясын ескере отырып ойлап шығарылған практикалық және ғылыми мәні бар процесс. Қазақ мал шаруашылығы және азық өндіру ғылыми-зерттеу институты 1970 жылдан бастап түйені машинамен сауу жӛніндегі мәселелерді шешумен айналысып келеді. Түйе саууға арналған сауын станогінің құрылысы басқа ауыл шаруашылық малдарына арналған станоктардан өзгеше. Түйе сауын станоктары тек сауу үшін ғана емес, оларды саууға үйрету үшін де қолданылады, сондықтан оларды берік және сауыншыларды қауіпсіздіктен сақтайтын етіп жасайды.Жұмысшыға қарағанда түйе бағушыға көп қауіп төнеді, өйткені түйе тек артқы аяғымен ғана емес алдыңғы аяғымен де тебеді немесе түкіріп не тістеп алуы мүмкін. Сондықтан сауыншылардың қауіпсіздігі үшін сауу станогі түйелерді жақсы етіп ұстап тұруы қажет. Станок төрт бағаннан тұрады, ол бағандарға төрт қалқан және екі көлденең тіреуіштер бекітеді. Станоктің ұзындығы 1,5 м ден кем болмайды, ені 0,7- 0,75 м. Станок бұдан ұзын болса түйе алыс қабырғаға таялып алады, ал бұл сауыншы жұмысын қиындатады. Қалқанды берік тақтайлардан жасап, сауыншыларды түйенің тебуінен сақтайтындай етіп және жұмысқа қолайлы етіп орналастырады. Төменгі қалқанды 1 метр етіп жасайды. Төменгі және жоғарғы қалқанның арасын 30 см етіп ашық қалдырады. Ол түйенің желіні көрініп тұруын қамтамасыз етеді. Жоғарға қалқанның оң жағынан түйенің ботасын иіскеуі үшін терезе қалдырады. Сауын станогінде түйенің денесін кӛлденең тіреуіштер бекітіп тұрады. Оның алдыңғысы 1 метр биіктікте, артқысы 1,2 метр биіктікте орналасады. Түйе сауу үшін арнайы сауын аппараты әлі жасалған жоқ, сондықтан бұл үшін ДА- ЗМ аппаратын өзгерістерімен немесе сүтті жылқы шаруашылықтарында қолданатын Бүкілодақтық түйе түлігі жөніндегі ғылыми- зерттеу институты екі тактілі аппаратты пайдаланды. Түйелерді 0,7 кг/см вакумде және минутына 60 пульсациямен сауады. Сауу кезінде сауыншының қасында станоктің оң жағында тұрып боталарды еміздіретін және түйенің емшек ұшына сауын станоктарын кигізуге көмектесетін көмекші болуы керек.Түйелер машиналы саууға және сауын алаңына өте кеш үйренеді, сондықтан 30 аналықты үйрету үшін 20-25 күн кетеді. Сонымен бірге боталарды да терезеден аналарын емуге үйретеді. Інгендерде сүттің цистерналық үлесінің болмауы мен жасырын сүт беру кезеңінің салыстырмалы ұзақ болуы себепті сауу алдында сүт берудің белсенді рефлексін дайындап алған жөн. Қолмен сауғанда бұл боталарды емізу арқылы жасалады, ал машинамен сауу кезінде бұл үлкен ауырлық туғызады. Інгендердің сүт беру рефлексін сауын аппаратымен туғызу жөнінде әрекет жасалынды, бірақ ол 10-15% аналыққа ғана әсер етті, ал көпшілік түйелер боталарын емізу арқылы сауылды, 30%-ға жуық аналықтардың сүт беру рефлексі боталарын емізгеннен кейін де тумады, сондықтан олардың сүт беруі сол жақ иығынан бұлшық етке питуитрин жіберу арқылы қалыпқа келтірілді. Машинамен сауу кезіндегі түйенің сүт беруін бақылау мынаны көрсетті: түйенің сүт беруі боталарын емізгеннен кейін анағұрлым жақсы жүреді. Бұл кездегі жасырын кезеңнің уақыты 25- тен 120 секунд аралығында ауытқиды, сүт беруі өте жылдам жүреді, бірінші минутта 50- ден 100%-ға дейін сүт беріледі, сүт беру жылдамдығы минутына1,3 л дейін жетеді.Сүт безіне тек уқалау немесе сауын аппаратымен әсер еткенде жасырын кезең 10- нан 58 секундқа дейін болады. Ал жақсы сүт жіберу кезеңі 1-2 минуттан кейін болады, бірінші минутта 51%-ға дейінгі сүт сауылады. Ал питуитрин жібергеннен кейін сауған кезде жасырын кезең 65 секундқа дейін созылады, сүт екі бөлініп шығады. Бірінші бӛліктегі сүт организмнің питуитринге берген реакциясы әсерінен болса, екінші үлестегі сүт гипофизден бӛлінген окситацинге жауап ретінде бөлінеді. Түйелерді машинамен сауғанда олардың сүт беруі өте баяу және үздікті болады. Сондықтан желінінде сүт қатпау үшін питуитрин инъекциясын қолдаған жөн.Қолмен cayy соңғы кезде түйе өсірумен айналысатын шаруашылықтардың бәрінде дерлік қолға алынған. Қолмен сауу техникасы малдың биологиялық ерекшеліктерімен байланысты.Аруана тұқымдас түйелерге қарағанда қос өркешті інгендердің cүтi аздау болады. Бірақ олардың сүтінің құрамында май мен белок мөлшері кӛп болып келеді. Айыр інгендерден жылына орта есеппен 880—1570 литр аралығында сүт сауылады. Түйенің бұл тұқымының cүтi, әcipece, сауылабастағаннан кейін үшінші айында өте мол болады. Қос өркешті түйелердің желіні өте үлкен емес, ол безді тканьдерге өте бай, сондықтан cүттi көп береді. Олардың желінінің максимальді сыйымдылығы 4 литр, ал орташа 2— 2,5 литр, сондықтан да түйелерді әрбip 3—4 сағат сайын сауып тұру керек. Қос өркешті түйенің желінi онша үлкен емес. Ол бөлек-бөлек сегіз жүйеден тұрады. Інгендер соңғы уақытқа дейін қолмен сауылып келеді. Інгендер қиындықпен сауылатын мал. Оны тұра қалып бірден сауу мүмкін емес, сондықтан әуелі ботасын салу керек. Ол тӛлін искеп, мейірленеді. Одан кейін барып исіне бастайды. Түйелердің cүтi иіген кезінде шартты рефлекс арқылы бӛлініп шығады, сондықтан інгендерді сауғанда ол ботасын көріп тұруы қажет.

29-билет

  1. Түйе өркешінің биологиялық маңызы. Түйенің негізгі ерекшеліктерінің бірі – оның табиғи жайылым жағдайында тез қомдалып, өркештеріне 100- 150 кг мөлшерінде май жинау қасиеті. Бұл май қыстың катты боранында, әрі жаздың кұрғақшылык сәттерінде, сонымен бірге су болмаған кездерінде пайдаланылатын энергетикалык резерв көзі болып есептелінеді. Қысқа қарай түйенің жүні шудаланып, қою болып өседі де, оны қыстың қытымыр аязынан жақсы қорғайды. Көктемде жүні түлеп, сыпырылып түседі де, аптап ыстықта терлемейтін болады. Түйе организмінің су жоғалтуы оған қауіпті емес. Мысалға ылғал бөлінуінің арқасында салмағы 630 кг сақа кос өркешті түйенің өз салмағының 27% (160 кг-нан артык) жоғалтып тірі қалуына мүмкіндігі бар, себебі оның қаны едәуір сұйық фракциясын сақтап қалады. Жоғалтқан салмағын қалпына келтіру үшін түйе бір ретте 90- 135 литрге дейін су ішеді. Түйенің жұмысқа деген кабілеттілігі оның өз бойындағы энергиясын өте тиімді жұмсайтындығына байланысты. Салмағы жарты тоннадан тартатын сақа бактриан түйелері тэулігіне небәрі төрт азық өлшеміндей ғана жүмсайды, бүл жылқының осындай жұмыс атқарған кезде жұмсайтын энергиясынан үш есе кем. Мұндай энергия шығынын қалпына келтіру үшін түйеге небәрі алты сагаттык жайылым жетіп жатыр. Ал жылқыға бұдан екі-үш есе көп уақыт керек. Сондай-ақ бір центнер түйе етін өндіру үшін жұмсалатын азық шығыны осынша қой етін өндіруден екі есе аз.
  2. Түйелерді жайып семірту. Жайып семіртуді үйымдастырған кезде шамамен жасы, күйі, жынысы бір малдарды бір табынға бөледі. Шел жэне шөлейт аймақтарда табынның көп болуы өзін ақтамайды жэне оларды сумен қамтамасыз ету де оңайға соқпайды, салмагы орташа болады жэне нашар жайылады.Мысалы, Атырау облысында жайып семіртуге арналған табында түйелердің бас саны 60-тан аспайды. Мұндай табындар көктемде ұйымдастырылады. Көктемгі жайылыста жайып семіртсе, мал мамыр айына дейін жоғары салмақ қосады, ал өсіп келе жатқан төлді жайылымда қазан, қараша айына дейін ұстау керек. Мамыр айында етке сою үшін жыл бойы іріктеп алып отыруға болады ТМД елдері мен дүние жүзіндегі гылыми еңбектерге сүйенсек түйе малын жасына, жынысына және тегіне байланысты семірту негіздеріне талдау жасағанда онда айырмашылыктардың бар екендігі байқалады. Жайып семіртуге Қызылорда облысы, Арал ауданының «Құланды» ауылында таза қанды қазақы тұқымның 5 бас жарамсыз деп шыгарылган сака інгендері (I топ) мен 7 бас 2 жастагы еркек кұнаншалары (II Toп) алынды. Осы бақылау тобындагы мал 210 күн (көктем-жаз- күз) жайылымда болды. Бүл жайылымда эфемерлі-жусан- сораңды және астық тұқымдас аралас шөптер өседі. Орта есеппен тәулігіне сақа інгендер 20-25 кг, ал 2 жасар құнаншалар 15 – 18 кг жайылым шөбін пайдаланды. Бакылау тобыңдагы малдың абсолютгтік салмақ қосқа- нына тұжырымды анықтама алу үшін 210 күндік жайып семірткен кезеңді үш кезеңге бөлдік. I кезең – 60 күн, II кезең – 80 жэне III кезең – 70 күн. Біздің тәжірибемізде алгашқы 60 күндік жайып семірту кезінде 2 жасар жас қүнаншалардың абсолюттік тірілей салмақтары 27 кг, ал тәуліктік салмақ есімі 450 г құраса, сақа інгендер тиісінше 23 кг және 383 г қүрап, жас малдан әлдекайда кем болды. Жайып семіртудің 2 кезеңі жаз айларының ыстық мезгіліне сәйкес келіп, бакылау тобындагы малдың тірілей салмагының өсуі әлдеқайда баяулайды да, 3 кезенде (күздік жайылым кезінде) салмактарының өсуі қайтадан күшейеді. Осы кестеден аңгарарлық жай – жас қүнаншалардың күн жайып семірту кезіндегі тірілей салмагының тәжірибенің басындағы салмагымен салыстырганда 22,9% өсуі, немесе сақа інгендерге қарағанда 12,1% артықтығы.
  3. Буралар мен інгендердің тірі салмағының жасына байланысты өзгеруі. Желтоқсаннан көкекке дейін қалмақ тұқымды ересек түйелердің салмағы бастапқы салмағына қарағанда 19,7 процент, ал 4 жасқа дейінгі жас төлдерінің салмағы 10,1 процент, 3 жасқа дейінгі төл – 9,1 процент, 2 жасқа дейінгі тел 4,8 процент салмақ жоғалтады екен. Жасқа толмаған, енесінің қасында жүретін боталар, егер түйе жеткілікті мөлшерде сүтті болса өз салмағын ұстайды. Төлдің туған күнінен бастап 5 жасқа дейінгі салмақ динамикасын графикте кезең-кезеңімен көрсетсек, сатылы қисық шығады. Ол қыс түсер кездегі көбеюін көрсетеді. %Төлдің мұндай секірмелі дамуы малдың өсуіне жеткілкті жагдай жасалмағандықтан болады. Жайылым шөбі бітік болмай, немесе табынның күйі күрт төмендеп кетсе, түйелерге міндетті түрде қосымша азық беру керек. Бүкілодақтық жылқы түлігі жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының тэжірибе жүргізетін тірек бөліміндегі бір жылдық бақылау мынаны көрсетті. Көкек, мамыр айларында ересек түйелер қыста жоғалтқан салмағын қалпына келтіреді. Қыркүйек-қазан айларында ең жоғаргы дәрежеге жетіп, күйі ең жоғары кондициялы болады. Түйе етінің сапасын көтеріп өзіндік құнын азайтуды қамтамасыз ететін негізгі шара – бүл жайып семіртуді ұйымдастыру. Түйе өсіретін аудандарда көктемгі гидрометеорологиялық жагдай шөптін, қаулап өсуіне мүмкіндік жасайды. Жас азық тұқымдас эр түрлі шөптер жэне жайылымдагы көптеген эфермерлер көктемгі ауамен жэне орташа температурамен түйе күйінің қалпына келуіне және қосымша көп салмақ қосуына мүмкіндік береді. Түйелер 40-45 жылға дейін тіршілік ететіндігіне қарамастан, тістері түсіп, өнімділік қасиеттерінің төмендейтігіне байланысты негізінен 20-22 жасқа дейін ғана ұсталады. Осы түлік түрінің биологиялык, генетикалық ерекшеліктерін барынша толық пайдаланып, өндірілетін өнім көлемі мен сапасын үнемі арттыра беру түйе шаруашылыгымен айналысатын қожалықтар мамандарының және мекеме қызметкерлерінің басты міндеті болуы шарт.

30 билет

1.Түйелерді бонитировкалау. Асыл тұқымды түйе малына қол жеткізудің бірден бір жолы түйелерді бонитировкадан өткізу болып табылады. Бонитировка асыл тұқымды шаруашылықтарда (фермаларда), тауарлы фермаларда түйелердің тұқымдық құндылығы мен пайдалану бағытын анықтау үшін қолданылады. Бонитировкалау алдында келесі дайындық жұмыстары атқарылуы тиіс: – бонитировка өткізу уақытын анықтау; – шаруашылық бөлімшелері бойынша ветеринарлық-санитарлық талаптарды сақтай отырып, бонитировканы жүргізудің күнтізбелік жоспарын құру; – малдың лақап аты мен нөмірлері тексеріліп, шығу тегі туралы мәліметтер жазбалармен сәйкестендіріледі, түсініксіз және жоғалған нөмірлерді қалпына келтіру; – екі күндік (лактацияның 3-4-айы) бақылау сауым негізінде немесе 3-айлық жастағы боталардың тірілей салмағын өшеу арқылы інгендердің орташа тәуліктік сүт өнімділігін есептеу; – жүн қырқымы туралы мәліметтерді нақтылау; – малдың тірілей салмағын анықтау үшін таразыда өлшеу немесе дене өлшемдері арқылы анықтау; – есепке алу мәліметтерінің негізінде тұқым мал карточкаларын толтыру (кешірек бонитировкалау мәліметтерінің қорытындысы енгізіледі). Бонитировка күзде қыркүйек – қараша айларында жүргізіледі. Бағалаудан 1,5 жылдық жастан жоғары барлық жас түйелер және негізгі табынның 6-7,5 жастағы ересек түйелерінің барлығы өткізіледі. Жас және ересек түйелер тұқымы, шығу тегі, экстерьері, конституциясы, қабілеттілік белгілері және жүн өнімділігі бойынша бағаланады. Сонымен қатар ересек түйелер ұрпағының сапасы бойынша, ал інгендер сүт өнімділігі бойынша бағаланады. Бонитировкалау 100-баллдық шкаламен жүргізіледі. Бір және қос өркешті түйелерді будандастырудан алған будандар, ауру және тым арық малдар бонитировкалаудан өткізуге жатпайды.

  1. Шұбаттың химиялық құрамы мен емдік қасиеті. Түйе сүтін ашыту арқылы шұбат алады. Шұбат деп – сүт қышқылды сусынды айтады. Шұбат та қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі. Сонымен қатар бұл сусынның дәрілік, шипалық қасиеті де бар. Осынау әрі сусын, әрі дәрудің химиялық құрамы, емдік қасиеті қандай екені жайлы биология ғылымдарының кандидаты доцент Қ. И. Дүйсембаев былай дейді: түйе сүтінің және одан дайындалатын өнімдердің қоректік, диеталық және емдік қасиеттері орта Азия мен Қазақстан халқына ежелден белгілі. Әйтсе де оны тағы бip қайталаудың артықтығы жоқ. Дәрігерлердің айтуынша үнемі шұбат ішетін, яғни түйе ұстайтын кісілер кұрт ауруымен аз aуырады екен. Шұбаттың емдік қасиеті құрамындағы сүт қанты, сүт қышқылы, алкоголь, көмір қышқыл газы, ақуыз, тұздар, витаминдер және антибиотик заттарға байланысты. Тамақтың құрамындағы ақуыздардың әдетте асқазан-ішек жолында тамақ қорытылған кезде ғана ыдырайтындығы белгілі. Ал шұбат құрамындағы ақуыздардың едәуір бөлігі ағзаға ыдыраған күйінде түседі. Шұбаттың жеңіл қорытылатындығы да сондықтан. Бұл сусынның асқазан жолының бездерінен мықтап сөл шығаратын қасиеті бар екендігі анықталды. Ол сондай-ақ қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп, ішектің моторлық қызметін жақсартады. Тәбет ашып, қарындағы ауруды басады, ішектeri тамақтың жақсы қорытылуына көмектеседі.Ашымалдағы ерекше микрофлоралық тіршілік әрекетіне байланысты түйе сүтінде түрлі биохимиялық процестер өтеді. Сүт қанты ыдырайды және сүт кышкылдарының, спирттің және көмip қышқылдарының жаңа түзілістерінің пайда болу npoцeci жүреді, витаминдік құрам көбейеді. Шұбаттың химиялық құрамы бастапқы сүттен анағұрлым айырмашылықта болады. Шұбат өзіне тән сүйкімді иісімен 80 градус шамасына жеткен шақта оны 8—10 сағаттай 7—10 градус температурада ұстап барып iшуге пайдаланады. Мұндай шұбаттың дәмі, қасиеті және сапасы қажет нормада, яғни майлылығы – 5%, ақуызы – 6,2%, минералдық заттары – 0,86% болады.
  2. Түйе етінің химиялық құрамы және қасиеті. Түйе етінің химиялық, морфологиялық құрамын сипаттайтын және басқа да ерекшеліктерін көрсететін мәліметтер жеткілікті. Бүгінгі таңда түйенің ет өнімділігін дамытудын, заңдылықтары мен ерекшеліткері, оларды өсіру технологиясы және түйе етінен азық-түлік шығару кеңінен зерттеліп, жолға қойылып отыр. Түйе шаруашылықтары мен бригадалары мал түрін ұстамайтын жайылымды ұтымды пайдаланғана және түйе басын үнемі өсіргенде ет өнімін арттыруға болатындығын дәлелдеп отыр. Салыстырмалы есептеулер бойынша шамамен алғанда түйе өсіруші аймақтардың қазіргі жағдайын еттің тірілей салмағын жылына 18-20 тонна өсіруге болады.Түйе шаруашьшығында түйе басын жыл сайын 4-5 процент өсірген кезде бұл саланың ет өнімділігінің жалпы өндірісі үздіксіз өседі. Отандық түйе тұқымдарының еттік қасиеттері сипаттау үшін олардың салмағына байланысты өзгерістерді ірі қараның мамандандырылған етті түқымдарымен салыстырамыз. Түйе мен ірі қараның етті түқымдарының тірі салмағының салыстырмалы өсуі төмендеу. Қазақстанның шел және шөлейт өңіріңде ет өндірудің үлкен резервінің бірі түйе шаруашылыгы болып саналады. Бұған егіншілікке және малдың түйеден басқа түлігінің жайылуына жарамайтын жайылымның көптігі, жергілікті жемшөп пен ауа райы жағдайына жақсы көндіккен түйелердің болуы және жергілікті халыктың түйені жыл бойы жайылымда бағып өсіру жөніндегі тарихи тәжірибесі мен дағдысы мүмкіндік береді. Аса және орташа семіз түйе етінің химиялық кұрамы және оның калориялыгы ірі қара етінен ешбір кем түспейді. Оның кұрамында 17-22% белок, 12% және одан да көп қоректік май бар. Түйе етінің бөтендей иісі болмайды. Бураның етіне қарағанда сака түйелер, атан мен қүнанша, дөненшелердің еті әрі дәмді, әрі нәрлі келеді. Түйе еті құс еті секілді адам организмінде тез қорытылады.Еттің кұнарлылық касиеті оның кұрамында түгелдей қажетті белоктардың (глобулин, альбумин, миозин және т.б.)болуына байланысты. Етгің қорытылуы өте жоғары – 95%. Әр тұқым түйелері етінін өнімділігі олардың морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен есептелінеді. Мұндай ерекшеліктері малдьщ өсіп-жетілу кезеңіндеттұқым қуалау, азықтаңдыру және бағу жағдайына байланыстыболып қалыптасады және одан ары дамиды. Ет өнімділігі мал ұшасының сандык және сапалық керсеткіштерімен сипатталады. Ал, енді ет өнімділігінің сандық көрсеткіштері дегеніміз тірілей және сояр алдындағы салмағы, сойыс шығымдылыгы болып табылады. Сапалық көрсеткіштеріне ұшаның бөлшектенген құрамы және бұлшық ет, май, сүйек, сондай-ақ дәнекерлік тканьдерінің ара-қатынасы, сонымен қатар еттің химиялық құрамы мен калориялығы жатады. Малдың ет өнімділігін бағалаған кезде оның 1 килограмм салмағына жұмсалған жемшөпті және өсімталдық, не болмаса жас төлдердін тез өскіштігін анықтаудың өте орасан зор маңызы бар.Етті неғұрлым көп алу және оның аса сапалы болуы үшін түйе сою мерзімін анықтау мақсатында оның өсімталдығы ескеріледі. Еттің сандық көрсеткіштері малдың азықтандырылуына және бағып-күтуіне байланысты. Сапалық көрсеткіштеріне осы жағдайлармен қатар, малдың тұқымдық ерекшеліктері, жынысы және жасы айтарлықтай әсерін тигізеді. Түйе сойылғанда, одан ет пен майдан басқа қосымша тағамдық өнімдер, техникалық және ішкі органдарының шикізаты алынады. Ішкі орган тағамдары олардың құнарлылық қасиеттеріне байланысты екі қатегориягабөлінеді. Құнарлылығы жоғарылау тағамдық өнімдер 1-ші категорияга (бауыр, бүйрек, тіл, жүрек, желін және т.б.), ал 2-ші категорияга – құндылыгы нашарлау қарын, өкпе, көк бауыр және басқалар жаткызылады. Техникалық шикізаттары (тері, қан, жүн, сүйектері) жеңіл өнеркәсіпте кеңінен пайдаланса, ішкі секреция бездері (қарын асты, қалқанша бездері, гипофиз және баскалары) – емдік мақсатта пайдаланылады. Қан мен сүйектері – қан және ет-сүйек ұны,желім және сүйектен әсемдеп әр түрлі сувенирлер жасауға пайдаланылады. Түйе етінің негзгі бөлігі бұлшық ет тканінен тұрады, бұл оның жалпы етінің 60-67 пайызын құрайды. Бұлшык еттер ткані – еттің ең құнды бөлігі, өйткені ол жеткілікті амин қышқылды құрамы бар аса бағалы белоктардың қайнар көзі болып табылады. Дәнекерлік ткань клеткалардан, талшыктар мен негізгі заттардан тұрады. Осындай тканьдар көп болған жағдайда еттің тағамдық касиеті күрт төмендейді. Дәнекерлік тканьдар кәрі түйелерде, әсіресе күш-көлік ретінде пайдаланылатын түйелерде көбірек болады. Жас түйенің, сондай-ақ етке сою үшін арнайы жайылымда өсірілген түйе тұқымының етінде дәнекерлік тканьдар шамамен алғанда оның жалпы етінің 5-18 пайызынан аспайды.Майлы ткань белгілі бір дәрежеде тамшылар толған жинақтаушы клеткалар болып табылады. Тканьның бұл түрі түйелердің өркеш кабатында 100-150 кг деңгейінде құралып, жемшөп қоры азайған кезенде қорек және жаздың сусыз, ыстык аптабында су қоры қызметін атқарады. Бұл ткань бүлшық еттер арасына тарай отырып, оған мәрмәр сиякты түр береді. Жалпы еттің майлық мөлшері түліктің қондылық дәрежесіне және жасына байланысты болып келеді, ал семіз және сақа малдың майы да мол болады. Түйе семіз болған сайын оның етіндегі құнды белоктар да соған қарай молая түседі. Жас түйенің де (5-10%), сақа түйенің де (9-13%) жалпы етінің майлылығы олардын қондылығына тікелей байланысты. Сүйек ткані түйенің жасына қарай оның етінің 18-24 пайыздай мөлшерін құрайды. Жас түйелердің (тайлақ, қүнанша) еті (22 – 24%) кәрі түйелерге (18-21%) қараганда сүйектілеу болады. Сүйек, май, бүлшық ет пен дәнекерлік тканьдардың ара-қатынасы түйенің жасына байланысты. Бота, тайлақтын алғашкы жылы қаңка сүйегі жылдам өседі, сондықтан олардың етінде сүйек тканінің үлес салмағы өте көп болады. Жас түйе 3 жаста, келеге қосылатын ксзінде ғана физиологиялык жағынан жетіле бастайды.Түйе 5-6 жасында өсіп-жетіліп, әбден тоқтайды. Жастүйенің етінде бұлшық ет, май мен дәнекерлік тканьдардың ара-қатынасы бір деңгейде қалыптасады да, сойган кезде олардың етінде бірінші сортты еттің мөлшері мол болады. Сақа түйелердің еттілік коәффициенті 3,95 және ет-сүйек арақатынасы 3,13 болса, жас түйелерде ол тиісінше 3,43 және 2,88 болады. Түйе етінің химиялық құрамы онын тұқымына, жасына, қондылық дәрежесіне, түйенің күтіп-бағу тәсіліне, жылдың маусымына, сондай-ақ тағы басқа жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Жас шамасына қарай түйе түлігі мынадай топтарға бөлінеді. – сақа – 4 жастан және одан жоғары; – жас – 2 жастан 4 жасқа дейін; – бота-тайлақ – тірілей салмагы 250 кг кем болмайтын 2жасқа дейін. Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының түйе шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері жасаған стандарт бойынша түйе еті (жас және кәрі түйелер) қондылығына қарай екі топқа – I және II категорияға бөлінеді, ал бота – тайлақтар етке тек I категориямен ғана өткізілетінін есте сақтау керек. Түйелер қоңдылығы жөнінен осы кестеде көрсетілген талаптарды қанағаттандырмаса, онда ол арық түйелер қатарына жатқызылады. Оларда бұлшық еттер нашар жетілген, қуйымшақ, бел омыртқа, қабырғалары айқын білініп түрады, өркештерінде май болмайды, ол тері кыртысы сияқты бос құлап жатады.Түйе етін республиканың шөл және шөлейт аймақтарында орналасқан шаруашылықтарда жасы келіп қатардан шығарылған түйелерді және сол сияқты түйе келелерін толықтырғаннан асқан еркек буыршындарды (кұнанша, дөненше) табиғи жайылымда семірту жолымен жүргізуге болады. Етті түйе шаруашылығын ең алдымен шүбат өндіру ісімен ұштастыра жүргізу қажет. Түйе етін көп өндіру үшін кемінде 500-1000 түйесі бар ірі түйе шаруашылыктарын құрған жөн. Мұндай шаруашылықтарда жергілікті ауа райына және жыл бойы жайылымда бағуға көндіккен түйелер алынады. Ет өндіретін түйе шаруашылыктарында қазақ түйе түқымынан, олардың қалмақ және түркімен аруана түйе түқымының қанымен жаксартылған будан түйелерін пайдалануға болады.
1 comment
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

«Өнеркәсіптік кәсіпорындарды элетрмен жабдықтау» пәнінен — оқу жылына арналған тест сұрақтары мен тапсырмалары

«Өнеркәсіптік кәсіпорындарды элетрмен жабдықтау» пәнінен — оқу жылына арналған тест сұрақтары мен…

Екіншілік минералды ресурстар – косымша резерв, дәріс

Дәріс №9. Екіншілік минералды ресурстар – косымша резерв Сонымен өнеркәсіп пен түрмыс…

Медициналық этика және командада тиімді жұмыс істеу 

Медициналық этика және командада тиімді жұмыс істеу  Медициналық этика түсінігі. Медициналық этиканың…

«ФИТОЛЕУМ» ЖШС өндірісінде ошаған майының өндірісін техникалық қайта жабдықтау, дипломдық жұмыс

 «ФИТОЛЕУМ» ЖШС ӨНДІРІСІНДЕ ОШАҒАН МАЙЫНЫҢ ӨНДІРІСІН ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАЙТА ЖАБДЫҚТАУ 1 Жоба тақырыбы:…