Бет терісіне түсетін пиграментті ұсақ дақтардың бір түрі секпіл деп аталады. Әдетте секпіл қол мен бет және иық терісінде көктем айларында пайла болады. Бұны мамандар тері жасушасында пигмент көбейіп кету салдары деп түсінеді. Секпілден оп-оңай құтылу мүмкін емес. Ыждақаттылықпен бет терісіне ұзақ уақыт күтім жасауыңыз керек.
Секпелмен күресу. Секпелмен күрескенде емдердің біразын сізде байқап көріңіз. Есте сақтаңыз, сепкілмен лимон белсенді күреседі. Сондықтан лимон қосылатын маскалардан бастайын. Жарты ас қасық лимон сөліне осындай мөлшерде газды минералды су қосыңыз. Мақтаны қоспаға малып, бет терісін сүртіңіз. Лимонды судың теріге сіңуіне мейлінше көңіл бөлген жөн. Екінші маска: 1 ас қасық лимон сөлі мен 1 дана жұмыртқаның ақуызын араластырып, бет терісіне жағыңыз. Қоспа құрғаған соң тағы да қайталап жағу керек. Жарты сағаттан соң жылы сумен жуыңыз.
Сонымен қатар, ақжелкен (петрушка) де бет терісіндегі секпілді кетіруге көмектеседі. Ақжелкенді ұсақтап турап, оның 1 ас қасығын жарты стақан(100г) ыстық суға салыңыз. 30 минут тұндырып, тұнбаға дәкіні малын бет терісін жеңіл ысқылап сүртіңіз. Одан кейін дәкені малып бет терісіне жағыңыз. 20 минуттан кейін салқын сумен шаю қажет