Әнші болғым келеді…

Менің әжем әнді жақсы айтатын. Жан тартпаса да, қан тартады дегендей,әншілік дарыным осы кісіден дарыған болу керек,бала кезімнен ән айтуға құштар болдым. Жастайымнан әнге құштар болған жаным өнерге қарай ұмтылады.  Екі жасымнан ән айтқанымды, дарынымды байқаған ата-анам «Тілің шықпаса да, әуендетіп ән айтатынсың»- дейді.

2009 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылындағы №191 мектептің даяарлық сыныбына бардым. Бірінші сыныпқа Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепке бардым.Бастауыш сыныптарда түрлі іс- шаралар мен қойылымдарға қатысып, белсенділік көрсеттім.Көркем гимнастикамен айналысып,біраз жетістіктерге жеттім. 2014 жылы №11 мектеп-лицейіне ауысып келіп сонда тоғызыншы сыныпты бітірдім. Мектеп кезінде С.Майқанова атындағы мәдениет үйінің би үйірмесіне, ән үйірмесіне қатыстым. Спорттан да құр алақан жүрмей  коноэ-байдаркаға қатыстым.

Ән айтатынымды білетін музыка пәнінің ұстазы Қамаров Қайрат ағай, менің музыкамен айналысуыма көп ықпал етті. Қала, облыс, республика аймағындағы «Сыр жұлдызы», «Бала дауысы», «Дала сазы», «Бозторғай», «Біз бақытты баламыз» байқауларына қатыстым. Жүлделі орындарды жеңіп алдым. «Армансыз адам –қанатсыз құс дегендей » армандарыма ақ қанат бітірген ағайыма деген алғысым шексіз. Бүкіл әлемге Қазақстан елін, қазақ деген халықты танытқан Бибігүл Төлегенова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамбетқызы, Димаш Құдайбергеновтай опера әншісі болып әлемнің үлкен театрларында, сахналарында Астана, Италия, Франция, Берлин ән айтып, адамдардың жүрегіне жылылық, жүздеріне күлкі сыйлағым келеді. «Жақсы бала ата–анасын төрге сүйрейді»– дегендей ата–анамның мақтанышы болып, абыройларын асқақтатып, артымнан ерген бауырларыма үлгі болып, ата–анамның алдындағы қарызымды өтегім келеді.

Жүрекпенен сезініп,

Қағаздағы қазынаны

Жүректерге жеткізіп,

Ән жырлағым келеді.

Парақтағы әуенге

Жан бітіргім келеді.

Көрерменге бас иіп

Әнші болғым келеді–деп жүректен өлең шығарып, белімді буып, алға қарай ұмтылып 2019 жылы Қазанғап атындағы жоғарғы музыкалық колледжге түстім.Енді бар еңбегімді жұмсап, күн түн демей еңбек етіп, армандарыма қадам жасаудамын.Қазіргі жетістіктерім үшін колледж ұтаздарына алғысым шексіз,әсіресе алғашқы ұстазым болған Қаракөз Ақдаулетова апайымның сыныбында оқығаным мен үшін үлкен мәртебе болды. Мен әрқашан жан–жақты, әрі белсендімін. Осы қабілетерімнің арқасында мен көп жетістіктерге жеттім. «Өнер он пайыз талант,тоқсан пайыз еңбек» –деп айтқандай, еңбек етудемін.

Алда көп мақсаттарым бар.Алға қойған жобам да тікелей өнерге байланысты. Жоба атауы «Өнер– таусылмас қазына». Жоба мақсаты:мүмкіндіктері шектеулі жасөспірім балаларға концерт қою, сонымен қатар тегін сабақтар беріп түрлі аспаптарда ойнауға және ән айтуға үйрету. Жоба пайдасы: жастардың өмірге деген қызығушылығын арттыру.Сонымен қатар өнерге, өмірге, еңбекке, іскерлікке ынталарын арттыру. Үйірмелерге қатысып балалар өз уақытын дұрыс пайдалануды үйренеді және бойларында жатқан жасырын таланттарын шуы мүмкін.Өнер–мінсең ат,ұшсаң– қанат, кисең жанат,ішсең тамақ. Өнердің әрқашан пайдасы тиеді.Өнерліге есік ашық дегендей  өзгелерге де өз түйген білгендерімді үйреткім келеді.

Иә, бұл жауапкершілігі мол жоба және желмен ұшып ктетін бос сөз емес. Бұл жобаға әрине көптеген жастар көмектеседі. Жауапкешіліктің көбін өз мойныма алып, концерт қойып,түрлі тақырыптарды қозғап іс–шараларды өткізіп, түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсасақ, қоғамға пайдамызды тигіземіз. Бұл жобадан көшбасшылық қасиетімді жақсартамын.

Әншілік өнер атадан балаға мирас болып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады.Қазақта «Әу демейтін қазақ жоқ» . Кез келген қазақтың ән шырқап, сайын даланы әнмен тербететіні жайлы бұрынғы шетелдік саяхатшы- зерттеушілер өз жазбаларында жазып қалдырғаны белгілі. Демек әнші ретінде танылып, суырыла алға шығып даралану үшін асқан дарын, талант қажет.Қатаң сындардан сүрінбей, өзіндік сипатпен өзгешеленуі тиіс. Әнді кең тыныспен, асқақ үнмен, шыңына жеткізе шырқай білу – шеберліктің шырқау биігі, бұл – әншіге қойылатын қатаң талап.

Классикалықмузыкадажәнеоперададауысқамузыкалықаспапретіндеқараса.  «Құлақтан кіріп, бойды алар жақсы ән мен тәтті күй»- деп Абай атамыз жырлағандай. Ата-анамның, халқымның алдында әр әншінің дауысы -өзінің аспабы болып саналса. Осы даусым мен өнерімнің арқасында қазақ елінің жерінде,өзге елдің төрінде ән салып, қазақ халқының атын асқақтататын ел мақтанышы боламын деп сенемін.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Абсолютты сілтеменің көмегімен жалақы есептеу

Задание 4.2.    Мекеме қызметкерлерінің жалақысын есептеу кестесін құру. Тұрақтыларды абсолютты сілтеме түрінде…

Қалдықтарға екінші өмір сыйлау

Зерттеудің мақсаты: Тұрмыстық қатты қалдықтардың пайда болуының алдын алуды және оларды азайтуды,…

Ұйымның экономикалық қауіпсіздігін басқару глоссарий

«Автоматтандырылған жүйемен қолдану басқару» өндірісті ғылыми-техникалық ұйымдастырудың қай факторына жатадыТехникалық  факторы.                 адамдарды…

Физикадан есептерді шығару тәсілінде алгоритмді қолдану

Физикадан есептерді шығару тәсілінде алгоритмді қолдану    Есеп шығару физиканы оқыту процесінің…