Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жүйесін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті – ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз. Ұстаздың негізгі құралы – сабақ. Сабақ скрипка аспабы секілді: онымен жай гаммаларды ойнауға немесе Паганинише саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан ғажайып үн шығаруға да болады. Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз ұстаз болу кімнің де болса арманы. Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой – өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Ұстаздан дәріс алмаған адам қазір жер бетінде жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан да киелі.

Мен өзімнің болашағымды осы ұлы мамандықпен ұштастырамын. Қиялым, арманым, мақсатым, сол мақсатқа жетудегі әрекеттерім  болашақ өміріме бағдар беріп, кәсіби жолымды айқындайтын  жолдама іспеттес. Менің болашақ қызметім мен кәсіби өсуім, ақындағымды серік ете отырып, ұстаздық өмірден алшақ болмас деп болжаймын.

Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін – өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Сол үшін де осындай үлгілі ұстаз болу өмірлік мақсатым деп білемін. Мен Мағжанмын, Мен Ыбыраймын кесіп түссе қылыштанда өткір қазақ тілін дәріптеуші ұрпақпын. Ізімнен ерген өскелең ұрпаққа, жаңа буынға қазақ тілінің құндылығын жоғалтпауға, дәстүрін сақтауға өз үлсемді тигізсем, менен асқан бақытты жан жоқ.

Менікі жәй жаттанды сөз, жасанды тілек емес. Жалған көзқарас – адамды құлдырау деңгейіне түсіретін жаман дүние. Қоғамның қозғаушы күші деген жандардың санасы таяз болғаны дұрыс емес! Керісінше өзін білімге, өнерге, еңбекке баулыған жас – жарқын болашақтың негізін қалаушылардың бірі.  Абай атамыз айтқандай: “Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!”. Бұл қай уақытта болмасын, әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс сөз деп білемін. Себебі оқуда озат, білімді, саналы болып қана қоймай, өз кезегінде өнерім мен дарыным арқылы елімнің дамуына үлес қосқым келеді. Тұтас мемлекет мүддесі – халыққа қолайлы жағдай жасау арқылы, келер ұрпаққа мұра ету. Бұл уақыт көшіндегі прогресс. Мен осы елдің азаматы ретінде біліммен биікке ұмтыламын. Болашаққа бағыт алған жолымның алғашқы аялдамасы – колледж қабырғасындағы алғашқы жеңістерімді ұсынбақпын:

Шығармашылық бағыттағы жетістіктерім: 

  1. «Алатау шыңы» Республикалық балалар мен жастар шығармашылық конкурсының Гран-при иегері;
  2. Ақтөбе облысының жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облысындағы 29 жасқа дейінгі «Тәуелсіздік – тірегім, елім деп соғар жүрегім» атты мәнерлеп оқудан республикалық сайысының 2-орын иегері;
  3. IntOlimp оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ұйымдастырылған жалпы республикалық «Өлең – сөздің патшасы» атты байқаудың

1-орын жүлдегері;

  1. «Жеті өнер» Халықаралық шығармашылық фестиваль-конкурсында көрсеткен айрықша өнері, дарынды қабілеті және рухани өркендеу жолындағы еңбегі үшін 1- орын;
  2. Сонымен қатар көптеген аудандық, қалалық, облыстық сайыстар, мүшәйралар мен көркемсөз сайыстарының жеңімпазы атандым;

Облыстық телеарналарда бағарламаларға қатысып, шығармаларым бірнеше басылым беттерінен (газет, журнал, Халықаралық сайттар) жарық көрді. Қала әкімінің қолдауымен прозалық, поэзиялық туындыларым жыр жинақтарына кітап болып жарияланды.

Қоғамдық бағыттарғы жетістіктерім:

  1. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әс-қимыл агенттігінің (ANTIKOR) Қызылорда облысы бойынша департаменті грамотасы;
  2. «Jas Otan» ЖҚ-ның міндеттерін жүзеге асыру негізіндегі алғысы;
  3. Жыл Үздігі: 2019 жылдың қорытындысымен «Шығармашылық шабыт пен шеберлік» номинациясы және  т.б;

Білім мен ғылыми жобалар аясындағы жетістіктерім:

  1. «Қазақстан ұстаздары» қоғамы ұйымдастырған республиикалық қашықтық олимпиадалардың жүлдегері;
  2. «Ұлы дала – Мәңгілік ел тірегі» студенттер арасындағы ақпараттық-танымдық жобасының «Үздік баяндама» номинациясының иегері
  3. BILIMDILER Халықаралық веб порталының алғыс иегері;
  4. «Үздік спикер» номинациясы бойынша «Ел болашағы – дарынды жастар!» атты пікірсайыс турнирінің 2 дүркін жеңімпазы;
  5. Daulletten qory ұйымдастырған республикалық «Білімнің жұлдызы» жобасының жеңімпазы және грант иегері;
  6. Тағы басқа да жобалар мен пікірсайыс турнирлерінің жүлдегері;

Тынымсыздықпен терлеп тек,

Жастарым бәрін жеңбек кеп.

Қабылдаймын мен барлығын,

Халқыма сіңген еңбек деп!

Қанатты жайып кең ұштық

Көз алды байтақ кеңістік.

Елімнің өсіп, дамуы,

Мен үшін басты жетістік.

Асатын алда белес көп,

Келешек күндер елестеп.

Мендей жастардың көшімен,

Егемен елдің ертеңі,

Алпауыттармен теңеспек!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Қашықтықтан зондтау әдісінің даму тарихы

Ғарыштық кеңістікті меңгеру және ғарыштық зерттеулер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының…

Бейбітшілік- бақытымыз, сценарий

Тақырыбы: Бейбітшілік- бақытымыз.    Мақсаты: Оқушыларды білімділікке үйрету, кітапқа деген қызығушылығын ояту,…

«Бұзық балаларымен төбелесіп қалатын жағдайлар да болды» :Тараздық блогер әкесінің TIK-TOK түсіруде ойының қалай өзгергендігін айтып берді

 «Бұзық балаларымен төбелесіп қалатын жағдайлар да болды» :Тараздық блогер әкесінің TIK-TOK түсіруде…

Мұқағали Мақатаев поэтикасы

 Мұқағали Мақатаев поэтикасы. Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”,…