Ғарыштық кеңістікті меңгеру және ғарыштық зерттеулер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының біріне жатады. Ғарыштық қызметтің дамуы қазіргі заманғы кез-келген мемлекеттің саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық дәрежесін және қорғаныс қуатын едәуір анықтайтыны барлығына мәлім.

Мемелекет президенті Н.А. Назарбаева  бастамасымен 1991 жылдан бастап Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізгі бағаттары қаланған «Қазақстан-Ғарыш» мақсатты кешенді бағдармалар аясында белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде.  Соңғы 25 жылда Қазақстанда ғарыштық ғылым іргелі және қолданбалы зерттеулер  За прошедшие 25 лет космическая наука в Казахстане развивается в рамках различных  Государственных программах фундаментальных и прикладных исследований.

2011 жылдан бастап Қазақстанда 4 сілтемеден тұратын бірыңғай технологиялық тізбек негізі қаланған: ғылыми-технологиялық база, жоба-конструкторлық және өңдірістік база, ғарышқа шығару  және жерден басқару құралдары, сондай-ақ, ғарыш қызметының байланыс торы. Бүгінгі күнде Қазақстан ғарыш аппараттарының екі орбиталық тобы пайдалануға берілді: «Kazsat-2» екі байланыс спутниктен тұратын топ және Жерді қашықтықтан зондтаудың «KazEOSat-1»,  «KazEOSat-2» ғарыш аппараттарынан тұратын топ.

Бүгінгі жетістіктеріміз қазақстандық қызметке қызуғышылықты ғана тудырмайды, негізгі стратегиялық серіктестермен қатар ғарыш саласы дамыған елдер тобына қосылуға мүмкіндік береді.

Ғарыш саласының даму тарихы

Спутник-1 — Жердің алғашқы жасанды серігі, 1957 жылдың 4 қазанында орбитаға ұшырылған, кеңес ғарыш аппараты.  Ұшырылым КСРО қорғаныс министрлігінің «Тюра-Там» 5-ші ғылыми-зерттеу полигонынан «Спутник» зымыранымен жүзеге асырылған. Жердің жасанды жерсерігін, тәжіриблік космонавтика негізін қалаған С. П. Королёв және М. В. Келдыш, М. К. Тихонравов, Н. С. Лидоренко, Г. Ю. Максимов, В. И. Лапко, т.б. ғалымдар қатысқан.

žҰшырылым күні адамзат үшін ғарыш дәуірінің бастамасы болып есептелінеді. Осы оқиға құрметіне 1964 жылы Мәскеудегі Мира проспектіде ВДНХ метросы қасында 99 метрлі «Ғарышты бағындырған» деген ұшырылып жатқан зымыран бейнесіндегі ескерткіш орнатылған.

Жердің алғашқы жасанды серігі (Қарапайым Спутник-1)

Юрий Алексеевич Гагарин – Жер ғаламшарының алғашқы ғарышкері, ұшу уақыты 108 минут құрады

Ғарыш саласының қазіргі жағдайы мен мәселелері

     Қазақстанның Жерді қашықтықтан зондтау серіктері

DZZ-HR ғарыш аппараты – Қазақстан Републикасының серіктік зондтау Жүйесі үшін  Astrium компаниясымен құрылған жоғары рұқсатты ғарыш серігі. Ғарыш серігінің салмағы 900 кг және Жер орбитасына 2014 жылдың екінші кварталында Француз Гвианасында ArianeSpace’s Vega жүйесімен Гвиан ғарыш орталығынан 750 км биіктікке шығарылды.

Қазақстан Республикасының ғарыш агенттігі жер бетін бақылау саласындағы Astrium және SSTL компанияларының соңгы жаңа технологияларын  пайдаланып, мониторинг, ресурстарды басқару, экологиялық мониторинг, жерді пайдалану мәселелерінде  дұрыс саясат жүргізу мен  шешімдерді қабылдау үшін үкіметке көмек беретін ұлттық жүйе құрайды.

Қазақстандық жоғары және төменгі рұқсатты жерді қашықтықтан зондтау серігі

Спутник SSTL MRES серігі ҚР мен басқа да елдердің кең жолақты мультиспектралды суреттерін ұсынады.  Салмағы 200 кг, тәулігіне  1 миллион шаршы километрге дейін  түсіріс жасайды.

Казахстанский спутник MRES Қазақстандық ғарыш серігі – бұл NigeriaSat-2 арналған ақпаратты қабылдау мен өңдірудің кеңейтілген мүмкіндіктері бар озық технологиялар. Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау жүйесін құру жобасы келесі мәселелерді шешуге мүмкідік береді:

– мониторинг және төтенше жағдайлардың салдарын бағалау;

– пайдалы қазбалар мен энергия көздерін өндіру мен барлау;

– мүлік пен инфрақұрылым жағдайын бақылау;

– экологиялық мониторинг;

– картографиялау;

– ауыл шаруашылық жағдайларын және орман алқаптарын бақылау.

Жерді қашықтықтан зондтау нәтижелерін пайдаланушылар мемлекеттік құрылымдар, ғылыми, коммерциялық  мекемелер болып табылады.

КазСат-2 (KazSat-2) —Қазақстан Республикасының  тіркелген спутниктік байланыстың ғарыш аппараты. КазСат-2 ғарыш аппараты Байқоңыр ғарыш айлағынан 2011 жылдың 16 маусымында ұшырылды.  ГСО бойынша тұру нүктесі 86,5° ш.б. Республикалық ғарыш байланысы орталығының жарлығы бойынша КазСат-2  ғарыш кемесінің қызмет көрсету аймағына Қазақстан Республикасының барлық территориясы, Орта Азия мен Ресейдің орталық территориялы кіреді.

Қазақстан мамандарының айтуынша жаңа ғарыш серігі Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қамтамасыздандырумен байланысты барлық мәселелерді шешуге көмектеседі. «КазСат-2»  Республикамызға қажетті ақпаратты қызмет көрсету саласын, оның ішінде электронды үкімет, интернет пен ұялы байланыс үшін кеңейтілген спектрлерді  кеңейтуге мүмкіндік береді.

 «KazSat-3» — «Қазақстан Республикасының ғарыш байланысы орталығы» АҚ берілген тапсыры бойынша «Информационные спутниковые системы» имени академика М.Ф. Решетнёва» ААҚ жасалынған коммерциялық геостационарлы телекоммуникациялық ғарыш серігі.

Ғаламдық ғарыштық бағдарламасы
 

žGPS (ағылш.  Global Positioning System ) — ара арақашықтық пен уақытты өлшеуге арналған және әлемдік WGS 84 координаттық жүйеде орналасуды анықтайтын серіктік навигация жүйесі.  Жердің қандай бөлігінде болмасын, ауа райына қарамастан және жер төңірегіндегі ғарыш кеңістігінде нысандардың жылдамдығы мен орналасу орнын анықтауға мүмкіндік береді.  Жүйе АҚШ қорғаныс Министрлігімен өңдіріліп қолданылады, сондай-ақ  азаматтық мақсатармен де пайдаланылады, тек навигатор немесе GPS қабылдағышы бар аппарат болса болды.

Ғаламдық навигациялық ғарыштық бағдарламасы (ГЛОНАСС) — ресейлік  серіктік навигация жүйесі, КСРО қорғаныс Министрлігімен әзірленген.  Қазіргі уақытта жұмыс жасайтын екі ғаламдық серіктік навигацияларының бірі болып табылады. ГЛОНАСС теңіз, жер беті, әуе және ғарыш тұрақтарын пайдалынатын сансыз тұтынушылармен қамтамасыздандыру үшін арналған. Жүйе негізі орбита биіктікгі 19400 км, орбитаның көлбеу жазықтығы 64,8° болатын үш орбита жазықтығында Жер беті үстімен қозғалатын 24 серік болу тиіс. Қазіргі уақытта ГЛОНАСС жобасымен Роскосмос және «Российская корпорация ракетно-космического приборостроения и информационных систем» ААҚ айналысады.

ГЛОНАСС ғарыш аппараттарының жүйесі, 8  серіктен құралған 3 орбита (сол жақта); подсистема космических аппаратов GPS ғарыш аппараттарының жүйесі, 4 серіктен құралған  6 орбита (оң жақта)

 «Бэйдоу» навигация жүйесі қытай серіктік навигация жүйесі. Ол геостационарлы орбитада орналасқан 20 серіктен құралған және Қтай мен көршілес аумақтардың географиялық координаталарын анықтауды қамтамасыз етті.  Келешекте «Бэйдоу» навигация жүйесі ГСО-да 5 серіктен және ГСО айрықша орбиталарда 30 серіктен құралады  деп жоспарлануда.

Жүйе 2012 жылдың 27 желтоқсанында аймақтық позициялау жүйесі болып шығарылды және 16 ғарыш серігінен құралды.

Ғарыштық саласының инновациялық даму болашағы

ž«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамы 2005 жылдың 17 наурызындағы ҚР Үкіметінің № 242 қаулысымен құрылды.

ž«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік Қоғамы ұлттық экономиканың ғарыштық саласын құруға бағытталған келесі жобалар мен шараларды орындау арқылы Бағдарламаны іске асыруға үлес қосуда.

«Қазақстан Республикасының «Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін құру» Жобасы (ҚР ЖҚЗ ҒЖ).

Жобаға кіреді:

– екі ғарыштық аппараттарды құру және ұшыру: жоғары және орташа дәлдікті;

– ғарыштық аппараттарды жерден басқару кешенін құру;

– жердегі мақсатты кешенді құру, оның ішіне басты ақпаратты орталық, ақпаратты қабылдау, өңдеу және тарату станцияларының жердегі желісі кіреді.

ҚР бүкіл территориясында орнатылған 60 дифференциалды станциялардан тұратын желі құрылған және жұмыс істейді.

Каспий теңізінің жағалауында Теңіздік жергілікті дифференциалды станция орнатылған. Ол кемелердің портқа кірерде және кемежай айдынында маневрлер орындау кезінде қауіпсіздіктерін қамтамасыздандыру мақсатымен құрылған.

Қазіргі уақытта ғарышты игеру мәселесі өзекті болып тұр. Н.А. Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы» атты кітабінде атап кетті: «Менің ғарышқа деген көзқарасым, басқа да адамдардікі сияқты, ерекше болды және бүгін де солай қала береді. Бұл – бүкіл ғаламның, жерден тыс өркениеттердің кереметтей құпияларын бойына жинаған, ата-бабалар рухымен байланыстырып тұрған тылсым дүние. Ол мені қашанда қызықтыратын, жан дүниемді баурайтын.»

Қорытынды

Брошюрада алғаш рет адамның ғарышқа ұшуынан бастап Жерді қашықтықтан зондтаудың серіктерінен заманауи компьютерлік өңдеу бағдарламаларына дейінгі ғарышкерліктің даму тарихы көрсетілген.

Қазақстан ғарыштық мемлекет деп бекер айтылмаған, өйткені біздің республикамыздың территориясында әлемдегі бірінші, ең ірі және талап етілген Байқоңыр ғарыш алаңы орналасқан. Соңғы жылдары Байқоңыр зымырандарды ұшыру саны бойынша алда келе жатыр: орташа есеппен жыл сайын 20 дейін  тасығыш-зымырандар ұшырылады, ал екінші орындағы АҚШ Канаверал мүйісі ғарыш алаңынан бір жылда 10 тасығыш-зымырандар ұшырылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан ғарышкерлер саны бойынша да алда: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Аймбетов. Олар өсіп келе жатқан жасөспірімдер мен жастарға үлгі-өнеге болады. Авторлардың ойынша, олардың жаттықтырулары мен өзіндік даму жұмыстары бәріне үлгі болады, оларды мақтаныш етуіміз керек.

Жерді қашықтықтан зондтаудың және байланыс серіктері жылдан жылға мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен экономика салаларында өте маңызды орын алуда. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2 байланыс серігі мен орбитада 2 ЖҚЗ серіктері бар.

You May Also Like

Ұстаз -халық анасы, шығарма

Шығарма. Тақырыбы: Ұстаз -халық анасы!                                       Кіріспе:  Жақсы адам – елдің тірегі,…

Кәсіпорындағы жоспарлау 

Кәсіпорындағы жоспарлау  4.1. Кәсіпорындағы жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыру Кәсіпорын жоспары жоспарлық жұмыс өнімі…

Құрлық, су және әуе көліктерінің басты ерекшеліктері, құрамы және орналасуы

Құрлық, су және әуе көліктерінің басты ерекшеліктері, құрамы және орналасуы. Өндірістің қоршаған…

Открытие салона красоты «HOPE» проект

ОБОСНОВАНИЕ  ПРОЕКТА Согласно данным Казахского научно-исследовательского института онкологии и радиологии онкологические заболевания…