«Бұзық балаларымен төбелесіп қалатын

жағдайлар да болды» :Тараздық блогер әкесінің

TIK-TOK түсіруде ойының қалай

өзгергендігін айтып берді 

          Бүгінде жасөспірімдер арасында TIK-TOK түсіріп, онда трендке арналған билерді қайталау әдетке айналған. Тараздық колледж студенті Алмас Абубакиров Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы табыс табады. Блогермен Insta әлемі мен блогреліктің қыр-сыры туралы сұхбат жүргізген едік.

-Алмас келгеніне рахмет! Өзіңді және отбасынды таныстыра кетсең?

-Сәлеметсіз бе! Үйде екі баламыз. Әке-шешем бар. Олар жұмыс мәселесімен Нұр-Сұлтан қаласында уақытша тұрып жатыр. Өзім Таразда балалармен пәтер жалдап тұрамыз. Парасат колледжінің екінші курс студентімін. Мамандығым дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Бастапқыда парақшаны әуестікпен ашқанмын. Ол кезде біз сияқты блогерлер аз болды. Бәрі де жеке қызығушылықпен басталған дүние. 2017 жылдан бастап қысқа видеолар түсірдім. Шамамен сол кездері өз қызығушылығымды байқадым. Көбінесе жеңіл-желпі тағамдарды жарнамалап жүрдік. Пицца мен суши ғой. Сторисқа салып, егелерімен тамаққа бартер жасаймыз. Ең алғашқы қуаныштарымыз осылай болды. Қазіргі кезде Instagram желісінде 30 мыңнан аса жазылушым бар. Осы жылға қойған мақсатымның бірі оқырмандар санын 100 мыңға дейін жеткізу. Мақсатымыз тым көп. Енді тек іспен ғана дәлелдеу қажет. Өзіміздің достардан құралған командамыз бар. Арнұр мен Азиз деген достарыммен бірге контент дайындаймыз. Кейде қыздармен де видео түсіреміз. Өтірік айтпай-ақ, қояйын! Пәтер жалдап тұрған соң, үйдегілер арасында ақша жібереді. Бірақ үйдегілерге масыл болғым келмейді. Insta-ның арқасында күн көріп те жүрмін. Таразда анау айтарлықтай жұмыстар жоқ. Жұмыс болса да айлығы аз. Сол себептен осының барына шүкір!

-Сендерге хабарласып, қандай да бір үлкен ұсыныстарды айтқандар болды ма?  

-Ондай ұсыныстар да болған. Адамның емес, Алланың қалауы болады ғой! Бізге көбінесе тамақтанатын орындар ұсыныстар тастайды. Біз өзіміз авторлық контентті әлі таппадық. Қазіргі хит болатын нәрселерді түсіреміз. Алдағы уақытта өзіміз контент ойластырып жатырмыз. Заттыбек Көпбосынұлының әйгілі «Ақмаржан» әніне ремикс жасап TIK-TOK-қа салып жібердім. Осыны бірнеше адам  қайталап, трендке де айналып кетті. Осылай жақсы көтерілгенмін.

-Сендерге теріс пікірлер де жазылып жатады. Оларды қалай қабылдайсыңдар?

-Өзім енді аса бір мән бермеймін. Сабыр еткен дұрыс. Өзіме қалыпты дүние болды. Олай жазатындар өте көп. Еш эмоциямды көрсетпей, жай ғана өтіп кетемін. Виртуалды қырылып, жаға жыртысқаннан еш пайда жоқ. Олар тоқтаусыз жаза береді. Өзіміз оларды «хейтерлер» деп қоямыз. Instagram-ға күнделікті бір нәрсені салып отыру керек. Сонда актив түспейді. Бір аптада жеті бейнені салсақ, келесі апта ішінде нәтижесін көреміз. Көрушілердің саны артып, қызықты беттерге де шығып тұрады. Идея болса, түсіре берген жақсы. Оның барлығы да өзімізге плюс.

-Туысқандардан «мұны жасағанша, болатын нәрсемен айналыссайшы» – дегендері болды ма?

-Әрине! Біздегі менталитет мұндайға үйренбеген. Олай айтқандары да болды. Әкем қарсы болған. Анам «қарсы емеспіз, тек жақсы нәрселерді ғана түсір» деді. Кейін қаржы тапқан соң, әкемнің де ойы өзгеріп шықты. Отбасымызбен қалада жүрсек, оқырмандар танып менімен суретке түседі. Сонда әкем «мына баладан бірдеңе шығады екен ғой» – деп, өзінің айтқаны бар. Оларға да қазір күшті сезім. Видеоны түсіріп бастағанда, көп достарыммен араласпай қалдым. Бүгінде тек блогер достарым ғана қасымда. Көбісі біртүрлі қарайды. Қазір енді үйреніп, өздері араласқылары келеді. Instagram үшін ғана араласатындары да болды. Оларға көмектескім келмейді. Мен де өз шамаммен бастадым. Біздің контенттің барлығы қазақ тілінде. Қазіргі кезде TIK-TOK болсын бәрін де қазақша әндер хит болуда. Қазақ тілі желілер де енді-енді дамып жатыр. Әлемдік деңгейге шығып, трендке де айналып кеткендері бар.

Қыз баласы ұлдарға қарағанда әлеуметтік желімен тез көтеріледі. Бастысы түрі болып, әдемі майысып билесе жетіп жатыр. Блогер қыздардың 80%-ында ер балдар жазылған. Менің аудиториямының көбісі қыздар. Бірақ көбісі мектеп жасындағылар. Бір тренд хит болса, оны басқаша түсіруге тырысамын. Адам өз стильін бірте-бірте табады. Уақыт өте келе бәрі көрінеді екен. Кейбіреулер оңай дүние деп қана ойлайды. Бірақ мүлдем олай емес. Өзінің қиыншылықтары бар. Шаршағаным сонша, кейде бір күн демаламын. Идея жағынан көп ізденіс керек. Күніге он шақты блогерді қараймын. Плюс жақтарын аламыз. Ендігі мақсатым шағын телехикаяларды түсірсем деймін. Кейіпкерлерді сөйлетпей, тек қана мәтіндермен жұмыс жасау да ойда бар. Қазір жұрттар вайндарды көп көрмейді. Колледждегі мұғалімдеріміз біздің жұмыстарымызды біледі. Олар жаман жақтарын түсірмеуге шақырады. Халықтың да пікірі әртүрлі. Аккаунтымыз бірқалыпты болған кезде, арнайы хайп жасауымызға тура келеді. Әлеуметтік желі болған соң, арасында хайп керек. Отбасылық тақырыптардың түсірілім көп қаралады. TIK-TOK сәл бір нәрсе болса болды, зомбылық деп аккаунтты жауып тастайтын жаман әдеті бар. Бүгін де қайтадан жаңа аккаунт аштым. Осымен бесінші рет парақша ашып жатырмын.

-Контент түсіргісі келетіндерге қандай ақыл-кеңес беретін едің?

-Адам өзі қай жағынан жақсы, сол жағын түсіру керек. Өзім қара жұмыс та істедім. Сол жағынан контент түсіріп, өзімді жақсы көтеріп алдым. Көп қаралымдарды да жинады. Қазір адамдар шынайылықты жақсы қабылдайды. Туысқандарымнан өтініш жасайтындар бар. «Бізді сторисына бөлісші» деп. Қазір ауырып жатқандар көп көмек сұрайды. Арнайы нақты ақпарат екендігін біліп, өзіміз де қор ұйымдастырсақ деген ниет бар. Жалпы бізге жақсы смартфон болса болды. Арнайы түрде студия ашудың керегі жоқ.

-Облыстағы бас әкімдікті көбінесе фонға аласыңдар. Мұның қандай да бір себебі бар ма? Әкімдіктен ақша төленеді ме?

-Бұл жерде әкімдікті жарнамалап жатқан жоқпыз. Ешқандай да қаражат алмаймыз. Таразда биік ғимараттар көп емес. Облыстық әкімдік алды күндіз-түні әдемі. Сондықтан жиі түсірілімге таңдаймыз. Қазір былай қарасақ, болмайтын дүние хитқа айналып кететін заман. Жай ғана билеп, бір-екі қозғалысты жасасақ жетіп жатыр.

-Болашақта осы маған нан болады деп ойлайсың ба?

-«Instagram бір-екі жылдан кейін жоғалады» – деген әңгіме бар. Бірақ та мүлдем олай емес. Қайта үздіксіз дамып жатыр. Қайта-қайта жабылғанына да үйреніп қалдым. Болашқта жабылып қалса, депрессияға түспеймін. Басында қиналған кездер болды. Тек әрекет етсек, бәрін қайтадан жасаймыз. Біздің де жүзімізді оқырмандар таниды ғой. Ай сайын оқырмандардың санын есептеймін. Менің кейбір жасымдағыларға қарап, өзімнің әлдеқайда дұрыс дүниені жасайтыныма қуанамын. Жақсы көретін нәрсемен ақша табу да керемет. Тараздың бұзық балаларын білесіз. Кейде көшеде бізді мазақтағаннан, төбелесіп кететін жағдайға дейін барамыз. Олар «типо блогер», «өтірік блогер» деп айтады. Қоғамда көреалмаушылық бар. Видеоны түсріп барып «енді айтыңдар» – десем ондай да үндемейді. Өзіміздің қатарластарымыз ғой. Өзіме басқа қалаларға қарағанда Тараз ұнайды. Осы жерде контенттерді дамытсам деймін. Қыздардан жиі хаттар келеді. Өздерінің сезімдерін білдіріп қояды. Колледжге барғанда 1-2 курстың қыздары суретке түсетін. Сонда басқа ұлдар қызғанышпен қарайды. Сізге де сондай болса, күшті сезімде болып қаласыз. Бұның өзі де жетістік!

-Иә, иә, жетістіктің бірі ғой! Мен де ондай сезім болмады. Бірақ саған қарап қызғанып отырмын. Әрине, қалжың! Бастапқы да оқырмандарды қалай жинадың?

-Басында тек қана 3000 оқырманым ғана болды. Соларға арнап видео түсірдім. Бір-екі блогердің гифына да қатыстым. TIK-TOK-ты пайдаланып, өзімнің Insta парақшамды жарнамалап жүрдім. Instagram мен TIK-TOK болашақта ауысады дейді. Басқа бір платформа шықса, бізге де шұғыл түрде секіру керек. Барлығын да пайдаланған дұрыс. Әрбір нәрседен бірінші болсақ, көтеріліп кетуімізге де көп мүмкіндіктер көп. Блогер болған соң, әртүрлі киім алуға тура келеді. Елдің алдына дұрыс имидж керек. Кейде киімді сауалнама арқылы оқырмандарыммен бірге таңдаймын. Бізге де көп ізденіс керек. Блогер болғысы келетіндер алдымен өздері көрген дұрыс. Өзім жарты жылдай еңбек еттім. Аккаунтты көтеру оңай шаруа емес. Адамға ұнаған іспен айналысқан дұрыс. Кейде оқырмандарым жазады «сені көрдім, барып амандасуға ұялдым» деген сияқты. Мен қайта араласып кетемін. Адамдар бір-бірімен араласудан ұялмасақ екен.

-Жарнама қаншалықты болып тұрады?

-Аптасына аз дегенде бір-екі рет жарнама жасаймыз. Өзіміз пәтер жалдам тұрған соң, жарнаманың да болғаны жақсы. Оған қайта шүкір! Жүріс-тұрысымыздың бәрі де ақша ғой. Instagram аптасына оң мың теңгедей түсіріп тұр. Қазір жарнаманың арқасында суши мен бургерлерге әбден тойдық. Арасында үлкен кафелерге, жаз мезгілінде бассейндерге де жарнама жасаймыз. Көптеген ойын-сауық орталықтарынан ұсыныстар да болады. Қарнымыз ашса, өзіміз ұсыныс айтамыз. Қазір бәрі жарнамаға келіседі. Өйткені біздің пайдамыз тиеді ғой. Құмар ойындарға қатысты жарнама жасамаймын. Ол жағынан да ұсыныстар әлі де бар. Қазір жаңалықтар Insta әлеміне тез тарайды. Мына еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктерден кейінгі жағдайларды көріп жатырмыз. Әрине! Дұрыс жағын айтып, халыққа ой-пікір білдіргіміз де келеді. Бір жағынан қорқамыз. Ата-анам да «әзірге жассын ғой» – деп, қарсылық білдіреді. Бірақ арасында дұрыс нәрсені бөлісіп қоямыз. Әйтпесе, біз де қызық болмаймыз. Қоғамдағы шынайы нәрсені де көрсету керек. Әскери қойма жарылғанда түнгі сағат бірде видео түсіргенмін. Шымкентке таксилер 30 мың деп тұрғанын да салдым. Бәрі бізбен бірге уайымдады. Өздеріңіз білесіздер ғой. Жаңалықтар да тек жағымды жақтарын ғана айтады. Ата-анам елордамыздағы жалдамалы жатақханалардың бірін де жүр. Оны да жұрттан ұялмай түсіріп саламын. Бәрі қызығушылықпен қарап, қайта көптеген қаралымдарды жинайды. Арасында қара жұмысқа да шығамын. Ел соны көріп риза. Өмірде «шаршадым» деп айтпасақ, көп нәрсеге шамамыз келеді екен.

-Сұхбаттасқанына рахмет! Арман-мақсаттарынның орындалуына тілекшіміз! Сау болып тұр!

-Қайта мені елегендеріңіз үшін сіздерге рахмет! Сау болыңыз!

Сұхбаттасқан: Қадірәлі САРЫПБЕК

You May Also Like

Интернет жүйесі арқылы қаражат табу

Интернет жүйесі арқылы қаражат табу Қазіргі таңда интернет жүйесінде жұмыс істеп ақша…

Салмақ функциясын есептеу

Салмақ функциясын есептеу ЖОСПАР: 1. Салмақ функциясы 2. Дискретті салмақ функциялары а)Жалпы…

Білім беру үрдісінде дуальді оқыту жүйесінің тиімділігі

Білім беру үрдісінде дуальді оқыту жүйесінің тиімділігі Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз –…

Емтихан және денсаулық, тренинг сабақ