Интернет жүйесі арқылы қаражат табу

Қазіргі таңда интернет жүйесінде жұмыс істеп ақша табу толғандырарлық мәселе. Себебі, әр  үйінде интернет жүйесі іске қосылғандықтан бұл ой екінің бірін мазалайтыны рас. Ақпараттық жүйелерде де бұл мәселе көптеп айтылып жүр. Теледидардан да  бірнеше «ток-шоу» жүргізілген, тіпті жаңалықтардан да интернет жүйесіне жұмыс істеп, жастайынан милионер атанғандарды жиі көрсететеді. Кез-келген адамды ойландыратын осы мәселеден сұрақтармен бірге қажеттілік туындап, интернет жүйесі арқылы қаражат табу үшін әр түрлі деңгейдегі іздестірулер басталады. Алғашқы рет жұмыс істегелі отырғандарды мынадай сұрақтар мазалайды: интернет жүйесінде жұмыс істеп ақша табу шындық па? Егер шын болса, не істеу керек? Алаяқтардан қалай сақтану болады? Алданып қалмаймын ба? Сондықтан да, жалпыға ортақ сұрақ:  интернет жүйесінде жұмыс істеу арқылы қаражат табу шындық па, оның қандай жолдары бар және қалай алаяқтардан сақтануға болады деген мәселені қарастырамыз.

1.www.elkombiz.ru Сайттарды қарай отырып, сол сайттармен жұмыс істеп ақша тапқан мынадай пікірлерді кездестірдім.

Бір күні ойымда бір сұрақ туындады: «Интернет жүйесінде жұмыс істеп, ақша табуға бола ма? Осы сұраққа байланысты интернет жүйесінде өз іздестіруді бастадым. 4 күн іздестіре отырып www.advego.ru   сайтын таптым. Онда ақшаға мақалалар жазу және форум сайттарына жауап қалдыру керек екен екен. Жұмыс істей отырып бар болғаны екі күннің ішінде 5 $ таптым. Сонымен қатар, 6-күн іздестіргеннен кейін  www.weblancer.net/ сайтында жұмыс істеп көрмек болдым. Онда белгілі бір ақпарат тауып, соған озіннің ойынды жазу керек болды. 1000 таңбаға 1$ береді екен. Мұнда жұмыс істеп,120 $-ды WebMoney арқылы шығарып алдым. Одан кейін Photoshop т.б ақша табу жолында керек программаларды үйреніп, қазір айына 1500 $ таба алатындай дәрежеге жеттім.

2.www.isif-life.ru қандай сайттардан аулақ болу керектігін, қандай жұмыстарда және қалай ақша табуға болатыны туралы айтылған. Интернетте ешқашан ақша таба алмай қалу мүмкіндігі 80%. Оның барлығы сіздің еріншектігінізден немесе алаяқтардың сайттарына түсіп, көңіліңіз қалып қоыңыздан.

Интернетте табысты жұмыс істеудің мынадай түрлері бар:

  1. Өзіннің сайтында немесе блогта жұмыс істеу;
  2. Әріптестік бағдарламада;
  3. Файлообменникте жұмыс істеу;
  4. Торлық серіктестікте жұмыс істеу;
  5. Озіннің істеген жобанды интернет арқылы пайда көзіне айналдыру;
  6. Фрилансерлік жұмыс;
  7. Озіннің ақпараттық өнімдерің арқылы пайда табу.

Міне интернетте шынымен жұмыс істейтін адамдардың 7 әдісі. Қалған әдістер, мысалы: сайттарға жай ғана кіру, сұраулар арқылы, форумда, жарнамаларды көру, мақалаларды оқу және тағы басқаларында сіз өте аз пайда табасыз және уақытыңызды жоғалтасыз.

  1. www.moneymaster.ru сайтында қандай алаяқтардың сайттарынан сақтану туралы айтылады, яғни интернет желісінде іздестіру барысында қандай алаяқтардан сақтану керектігі туралы. Мысалы:
  1. Моншақтарды құрастыру жұмысы;
  2. Мегафонға ақшаны тегін толтыру;
  3. Фотосуреттерді өңдеу;
  4. Этикеткаларды кесіп алу;
  5. Фишинг. Яндекс-ақшаларыңызды ұрлап алуға талпыныс жасайды;
  6. Webmoney оператормен жұмыс;
  7. Айырбастаушылар арқылы валюталарыңызды айырбастау;
  8. Сиқырлы әмиян;
  9. Мәтіндерден аудару; жаңадан шыққан алаяқтықтың бір түрі;
  10. Мәтәндік жиын бойынша жұмыс.
  11. WebMoney үлестері бойынша;
  12. Форекста сенімді басқарумен алдау;
  13. Хаттарды өңдеу;
  14. Webmoney, сиқырлы әмиян және т.б. бұзу;
  15. Реалити-шоуда алдау;
  16. Кенінен таралған әдәс: рунет арқылы алдау;
  17. Телефон арқылы теген сөйлесудің бірнеше түрі;
  18. Шет елдер арқылы алдаудың бірнеше түрі;
  19. www.zarabotokvinternete.kz сайтында жалпы интернет жүйесінде жұмыс істеп, ақша табуға болатыны туралы айтылған.

Қазіргі таңда, интернет жүйесінде жұмыс істеп, ақша табу деген жаңалық емес. Неге? деп сұрасаңыз мына сұраққа жауап айтып көріңіз: Неге интернет жүйесінде күннен күнге жаңадан сайттар көбейіп жатыр? Жауабы өте оңай себебі, сайттың пайдасы бар, ол арқылы көптеген қаражат табуға болады. Оның өзінің бірнеше түрі бар. Мысалға, адамдардың сол сайтқа кіруі, кәсіпкерлік бағдарламалар, жарнамаларды өз сайтында жарнамалау және т.б. жолдар арқылы. Интернетте жұмыс істеп пайда табуға болады, тек қана ерінбей, алға қойған мақсатына жете білу керек.

  1. www.zarabotok-vnete.ucoz.ru бұл сайтта интернетте сатылай жұмыс істеу әдісі туралы айтылады.

Сіз бірден көп ақша табуға ұмтылмаңыз. Әйтпесе, кейбір алаяқтарға жолығып қаласыз. Сіз, бірінші, почтовиктерде жұмыс істеп, кейін букстарда, одан соң букмекерский конторда, одан соң форексте, кейін инвистицияда және мұны бітіргесін өзіңіздің жеке бизнесіңізді ашыңыз. Бұның бәрі оңай көрінгенімен, бәріде бастапқы уақытқа қиын. Есіңізде болсын! Қаражатты тек қана еңбек арқылы табуға болады.

  1. www.aksha-zhasau.ru cайтында амиянның не үшін керектігі туралы жазылған.

Интернетте ақша жасау үшін, ең бірінші өзіңізге кошелек (амиян) ашуыңыз керек. Интернетте кошелектердің түрлері көп. Олар Gold-Ebank, NetPay, E-Gold, Paypal, Rbk money, Яндекс деньги, Webmoney және тағыда басқалары. Ішінде ең таңымалы және барлық жерде қабылданатынының бірі ол- Webmoney. Webmoney де кошелек ашу тегін және тез. Интернетте жасаған ақшаны өз төлем карточкаларына шығаруға болады. Сонымен қатар, интернетте тапқан ақшаны түрлі төлемдерді төлеуде пайдалануға болады, мысалы, интернет үшін, телефонға, Форексте сауда жасауға және т.б. Мына сайта интернеттен тапқан ақшаны Қазақстанда шығарудың түрлі әдістері көрсетілген alga.kz

Жоғарыда көрсетілген ақпараттарға қарап интернетте жұмыс істеп, қаражат табу шындыққа жақын екенін білуге болады. Бірақ жұмыс әстеу үшін тәжірибені қажет етеді. Бірақ та сол сайтта алаяқтармен кездесуге болады Олар алдайды. Қазіргі таңда адамдар көп және оңай жолмен ақша табу жолымен интернетте жұмыс іздестіреді. Бірақ та бұл оңай жұмыс болмағандықтан олардың көбісі сәтсіздікке ұшырайды. Алаяқтардың көбеюі және қаржысының артуы жеңіл жолмен тез байығысы келетін аңқауларға байланысты. Олар өздерінің емес, керісінше алаяқтардың қаржысын толықтырады. Себебі, көп және оңай жолмен ақша тапқысы келгендіктер оңай жолдарды іздестіре бастайды сол себепті де алаяқтардың сайттарына тап болады. Ал алаяқтар болса олардың салғырттын және жеңіл ойын пайдаланып, өздерінің қаражат қорларын көбейтеді. Ал шынымен де қаражат тапқысы келетін адамдар бұл саланың маңыздылығын түсініп, интернет және компьютер жүқарастыру арқыла ғана ой-өрісін көбейтіп, шынайы жолдарымен қаражат табудың саты сатысымен жоғары көтеріле алады. Себебі, бұл кәдімгі күнделікті жұмыс сияқты жұмыс істеу барысында үлкен табандылық пен шыдамдылықты және уақытты талап етеді. Айырмашылықтары жұмыс орны офисте емес үйде отырып жұмыс істейсің, жоғары дәрежеде істелген сайтына бірнеше жылдар бойы  сол сайты жүйелі түрде жұмыс істесе, жүйелі ақша түсіп тұрады.

Сондықтан да, естеріңізде болсын, интернетте жұмыс істеу үшін барлық керекті ақпараттарды жетік білу керек және интернет көзін дұрыс таңдай білу қажет.

Гипотеза: Егер интернетте қаражат табудың маңыздылығын түсінсе, онда қазір немесе болашақта интернет арқылы пайда табу жолын іздестіре бастайды.

Тәжірбиеге қатысқандар НЗМ 11 сынып оқушылар саны Сенім деңгейі Сенімділік коэффиценті Сұраққа жауап бергендер  саны
175 97% 3.65 58

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей сұрақ-жауап барысында интернетте жұмыс істеп, қаражат табуға болатындығы жайлы мынадай нәтижелерді шығардым. Яғни, сұралған 58 оқушының  51-і жасөспірімдердің интернет жүйесінде қаражат табуға болатындығына сенім білдірсе, оның 3-еуі болмайтындығына,  4-еуі білмейтіндігін айтқан.  Осы көрсеткіштерге қарай отырып интернет жүйесінде қаражат табу жолына жасөспірімдердің сенетіндігін байқауға болады. Дегенмен де, сенім білдірмейтіндер және ол жайлы ойланбағандар да кездестірілді. Нәтижесінде сұраққа қатысқандардың көпшілігі интернет жүйесі арқылы қаражат табуға сенімді екендігін айқындады.

Жоғарыда көрсетілген сұрақ-жауап нәтижелерінен мынадай нәтижелер шықты. Интернет қолданушылары  арасында сұрақ-жауап қатысқандардың 45-і интернетте қаражат табу кезінде алаяқтарды кездестіруге болатындықтарын нақтыласа, 1-жоқ,  4-еуі білмейтіндігін айтса, 8-і  мүмкін деп дүдәмал жауап берді. Әлеуметтік желілерді еркін меңгерген әккілер интернетті пайдалаушылардың қалтасын қағу жоларын алдын-ала ойластырып, жүйелі жоспарлар да ойластырып қойған. Оны осы көрсеткіштерге қарай отырып та байқауға болады.

Қажеттіліктерден туындаған әр түрлі жағдайға байланысты интернет  арқылы қаражат көздерін іздестіріп көргендер саны 25 болса, ал қалған 33-і жоқ деп жауап берді. Жоғарыда интернетте жұмыс істеу немесе оны қолдану туралы сөз айтылғынды, оның кейбір қызметтері ғана айтылды. Мәселен, интернет жүйесінде  қаражат табу жолдары желі клиенттері өздерінің мақсатына байланысты керекті қызметтерді ғана қолданады. Әр түрлі қызметтер әр түрлі құжаттарға ие. Оларды қолданбалы құжаттар деп атаймыз. Olimp.kz және surveymonkey.com сайттарын жасөспірімдер қаржы табу мақсатында жиі қолданысқа ие екендігін көреміз. Олардың жұмыс істеуін арнайлы бағдарламалармен бақылайды. Сол секілді интернет арқылы қаражат табу жолдары да бақылауға ие. Дегенмен алаяқтар саны азаймай отыр. Сол себепті де интернет желісімен қаржы табушылық та сенімсіздікке ие болып отырғандығын байқаймыз.

Интернетте қаражат табудың қандай жолдары туралы сұрақ-жауап беру нәтижесінен интернет тұтынушыларының  көбінесе әр түрлі сайттарды қолдану барысын көреміз. Мәселен, онлайн-ойындарын қаражат көзіне айналдырғандар саны 23 болса, спорттық ойындарға ставка қою жолдарымен қаражат табушылар 21 болды. Ал инфро-бизнеспен 7, интернет-трейдингпен қаражат табушылар 7-еуді құрады.

Әр сайттың қаражат табу мүмкіндігі оның танымалдығы мен оның тұтынушыларына байланысты болып келеді. Ақпараттарға сүйенсек тәулігіне мың адам кіретін бір  сайт 500 мың доллар табыс түсіреді екен. Тіпті қаржы орталығынан ұзақ тұратын азын-аулақ қаражаты бар адамдардың өздері интернет интернеттің көмегімен үйде, кеңседе немесе шет елдік саяхатта жүріп-ақ табыс табу мүмкіндігіне ие. Соның ішінен әсіресе пайда түсірудің ең танымал  тиімді де жеңіл әдістерінің бірі интернет-трейдинг.

«Интернет жүйес арқылы  қаражат табу көзін қазір немесе болашақта қарасатырасыз ба?» деген сұраққа 12 оқушы жоқ, қарастырмаймын десе, 15-cі қазіргі таңда қарастырып жүрмін деп жауап берді. Ал болашақта қарастырамын дегендер –  20, мүмкін дегендер – 11. Қазіргі заман талабына сай интернет арқылы да қаражат табу жолдары өте көп. Оны дұрыс таңдай білу әр адамның еркінде. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей жасөспірімдердің көбісі қазіргі кездің өзінде бұл жолдарды қарастыра бастағынын көрдік.

Интернет арқылы сауда жүргізудің басты артықшылығы қарапайымдылық пен қолжетімділік. Ол ақша табудың тағы бір жолы. Біздің көпшілігіміз ақшаны тек жұмыс жасағанда ғана алуға болады деп ойлаймыз. Бұл ой бір жығынан дұрыс болғанымен оның басқа да жағы бар – көп қаражат табу үшін көп жұмыс уақытын жұмсау қажет. Ал егер жұмыс жасауға уақытыңыз жетпей жатса, өзіңіздің орныңызға ақшаңызды жіберуіңізге болады.мұндағы басты басымшылы сіз жұмыста немесе достарыңызбен демалыста жүрсеңіз де сіздің кірісіңіз тұрақты тұрде артады. Ол үшін дұрыс табыс көзін беретін интернет сайтын құра білу керек. Сонымен, қорыта келе, интернет жүйесінде жұмыс істеу арқылы қаражат табу шындық, оның бірнеше жолдары көрсетілді. Алаяқтардан сақтануға үшін сайттарды дұрыс таңдай алу және интернет сауаттылығын үнемі артыру керек.

Сілтемелер:

  1. http://www.elkombiz.ru/zarabotok/5-mozhno-li-zarabotat-v-internete.html
  2. http://isif-life.ru/vidy-zarabotka/pravda-o-zarabotke-v-internete-mogno-li-zarabotat.html
  3. http://moneymaster.ru/lohotron.php
  4. http://zarabotokvinternete.kz
  5. http://zarabotok-vnete.ucoz.ru
  6. http://aksha-zhasau.ru
You May Also Like

Обучение критическому мышлению – главный способ развития функциональной грамотности учащихся

Халықаралық қаржылық институттарының қызметі

Халықаралық қаржылық институттарының қызметі Қаржы институттары – қызметінің басты мақсаты қоғамдағы қаржы…

Тергеу әрекеттері

Сұрақтар Тергеу әрекеттерінің жалпы түсінігі Тергеу әрекеттерінің түрлері 1. Тергеу іс-әрекеттері —…

1 жасқа дейнгі баланың дамуы

1 жасқа дейнгі баланың дамуы Жаңа туған нәрестені қарау кезінде: Салмағын Бойын…