1 жасқа дейнгі баланың дамуы

Жаңа туған нәрестені қарау кезінде: Салмағын Бойын Ішікі мүшелер қызметін тәбетін Ұйқысын Тері, шырышты қабаттар түсін бағалау керек. Балардың ай сайынғы даму көрсеткіштері:

1 ай. Ашық түсті заттарға көзін тоқтатаып қарайды, жымия бастайды.

2 ай. Ояу кезінде тыныш жатады, ілулі ойыншықтарды қызықтайды. Ересек адамдар сөйлегенде ұзақ жымияды, басын жақсы көтереді.

3 ай. Қатты күледі қуанғанын күлімдеп білдіеді. Басын жақсы ұстайды, қолына сүйеніп, етбетінен жатады.

4 ай. Арқасынан қырына аунап түседі, ілулі тұрған ойыншықтармен ұзақ ойнайды. Ұстап көреді.

5 ай. Өзінің жақын адамдарын таниды. Ұзақ гүілдеп өлеңдетеді. Қолына ұзақ шылдырмақты ұстайды, арқасынан етбетіне аунап түседі, қолтығынан демегенде бойын тіке ұстап тұрады.

6 ай. “ба” және “ма” буындарын айтады. Манежбен аздап еңбектейді. Қасықтан жақсы ішеді. Өз еркімен ойыншықты ала алады.

7 ай. Ұзақ былдырлайды, жақсы еңбектейді, ересектер екі қолынан демегенде тіке тұрады.

8 ай. Әртүрлі буындарды қайталайды. Өтініш бойынша “алақайды” жасайды. Өзі отырып жатады, бір заттан ұстап тұрады.

9 ай. Аяғының алдындағы кедергілерден аттап өтеді. Қолынан демегенде жүреді. Үлкендер өтінішімен “қолыңды бер” дегенді қайталайды.

10 ай. Бірнеше адамның атын біледі, үлкендердің ойнына жауап береді. Жасырынбақ ойнайды. Арбаның соңынан жүреді.

11 ай. “мама”, “бер” деген алғашқы сөздерді айтады. Болар болмас демегенде өзі тұрады. Бір затты екіншісінің үстіне қояды. Дөңгелекті кигізіп шеше алады.

12 ай. 6-8 сөз айтады. Өзі отырып, тұрады, ыдыстан өзі ішеді, жүреді.

Жаңа туған нәресте шамасыз болып көрінгенімен, оның табиғи туа біткен қабілеттері болады. Олар рефлекстер деп аталады. Рефлекстер күрт өзгерген тіршілік ету ортасына тез бейімделуге көмектеседі. Кейбір рефлекстер өмір бойы сақталса, кейбірі 3-4 айда өшеді. Бұл қысқа мерзімге қарамастан олар нәресте өмірі үшін маңызды болып табылады. Рефлекстің бар жоқтығын бағалау арқылы нәрестенің жалпы жай-күйін анықтауға болады.

Ему рефлексі жатырішілік дамуда қалыптасады, көптеген балалар өмірге бас бармақтың гмперемиясымен дүниеге келеді. Ему рефлексі ауыз куысын не оның айналасын тітіркендірген кез келген қоздырғышқа жауап ретінде пайда болады. Анасының омырау салуына, медициналық шпатель не емізік салса нәресте ритмді ему қозғалыстарын жасайды. Бұл рефлекс туғаннан өмірінің алғашқы жылына дейін сақталады.

You May Also Like

Балабақшада жаңа технологияларды қолдану әдістері

«Балабақшада жаңа технологияларды қолдану әдістері» Әдістемелік құралдабалабақшадағы жаңа технологиялар сипаттамасы және тиімділігі…

Қаржылық есеп І пәнінен лекциялық кешен

   1-тақырып.Ағымдағы активтердің есебі Ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің есебі 1.1   Ақша…

Көру қабілеті бұзылған оқушылардың ойын іс-әрекетін дамыту және көріп қабылдауын дамытуда қолданылатын көрнекіліктер

Көру қабілеті бұзылған оқушылардың ойын іс-әрекетін дамыту және көріп қабылдауын дамытуда қолданылатын…

Е дыбысы мен әрпі

Тақырыбы:            «Е  дыбысы мен әрпі» Әліппе Сабақтың тақырыбы:  Е дыбысы және…