Тақырыбы:

           «Е  дыбысы мен әрпі»

Әліппе

Сабақтың тақырыбы:  Е дыбысы және әрпі

Сабақтың   мақсаты:

1.Білімділік :оқушыларға  Е дыбысы мен әрпін  таныту, сөздегі  орны  туралы түсінік  беру. Ол берілген  сөздерді   оқу  және  жазуға үйрету.

2.Дамытушылық  : Балалардың сөйлеу  мәнерін,  байланыстыра  сөйлеу  дағдыларын  ,сөздік  қорларын ,жұмбақ  шешу,  сөз ойлау  арқылы тіл  байлықтарын  дамыту .

3.Тәрбиелік:  Балаларды  ұйымшылдыққа ,ұқыптылыққа  баулу,таза  ,сауатты  жазуға  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі :  аралас сабақ

Сабақтың  әдісі  :түсіндіру  сұрақ  жауап

Сабақтың  көрнекілігі: суреттер,кеспе  әріптер

Сабақтың  барысы:

1.Ұйымдастыру  кезеңі

1.Оқушылармен  амандасу,түгендеу

2.Психологиялық дайындық

Сыныбымыз тап-таза

Борда  дайын  тақтада

Денемізді  жинақтап

Отырайық  партаға.

  1. Өткен сабақты  қайталау

Әріптерді  қайталап  айту және дауысты ,дауыссыз   екенін  ажырату

Мұғалім :өткен  сабағымызда   қандай  дыбыспен  таныстық?  Оқушы:  М  дыбысы.  Мұғалім  М  дыбысы   қандай дыбыс?  Оқушылар :  дауыссыз  .  Мысық  суретін  іліп  ,дыбыстық  талдау  жасау.

Енді  сұраққа жауап  беріңіздер,білімдеріңізді байқайық.

Мұғалім :  балалар  біз  әліппеден  не  үйрендік?

Оқушы :  оқуды , жазуды.

Мұғалім  : дыбыс  дегеніміз не  ?

Оқушы:  дыбысты  естиміз, бірақ  көрмейміз.

Мұғалім:  әріп  дегеніміз не?

Оқушы  :әріпті  жазамыз ,көреміз ,оқимыз.

Мұғалім:  дыбыстар  нешеге  бөлінеді?

Оқушы  : дыбыстар  екіге  бөлінеді дауысты  және  дауыссыз.

Мұғалім: әріптерден  не құралады ?

Оқушы : сөз

Мұғалім:  сөзден  не құралады?

Оқушы  :  сөйлем

Мұғалім : сөйлем қандай  әріппен  жазылады ?

Оқушы:  бас  әріппен

Мұғалім: сөйлемдерден не  құралады?

Оқушы :  Мәтін.  Өте  жақсы оқушылар  жарайсыңдар.

 

III. Жаңа  сабақ.  Оқушылар  сабағымызды  жұмбақпен   бастайық.

Ти десем тимейді

Тиме  десем тиеді.              (ерін)

Келсең   жолды ашады,

Кетсең  жолды жабады.           (есік)

Мұғалім:  балалар  Ел  дегенде  қандай дыбыс  естіліп  тұр .Оқушылар  Ее  дыбысы.Мұғалім олай болса ,бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы  Ее  дыбысы және  әрпімен танысамыз.  Мұғалім :Ее дыбысы  ,дауысты дыбыс ,  сөздердің  басында  ортасында  кездеседі .

Ешкі  суреті.   Ешкі  үй жануары .Ешкі сөзінде төрт дыбыс ,төрт әріп  бар .Ешкі сөзінде екі дауысты ,екі дауыссыз  дыбыс  бар . Ешкі  сөзі екі буыннан тұрады  еш-кі.

Оқулық  пен   жұмыс :

Мынау не балалар      1.Ешкі

2.Елік

3.Емен

Сөздерді  оқып  буынға  бөлу.

Енді балалар  мына  сөздердің не екенін білейік.

Е-гін-егіс  алқабы ,бидай  егетін алқабы .

Е-геу –үйге  қажетті   қолданылатын құрал.

Е-гіз  -бірге  туған екі адам.

С-егіз  -сан :жетіден  кейін  келетін.

Ке-ре –ге  киіз  үйдің  бөлігі шаңырақ  ,уық ,кереге .

Бе-те-ге  шөптесін  өсімдік .

Ше-ге   күнделікті тұрмыста  қолданылатын,  ағашты   бір- біріне  біріктіру үшін  шеге қағады .

Не-ге –сұрақ

Шең-гел-тікенді өсімдік.

Мез-гіл-  уақыт, жылдың төрт  мезгілі .1 жылда неше  ай бар?  1 жылда  неше  мезгіл бар.

III.Дәптермен  жұмыс .Оқулықтағы  сөйлемді көркем ,қәтесіз  көшіру.

Мұғалім :Б.Ысқақов  Отан  өлеңі  О   дыбысынан  басталады .Отан   туралы өлең білесіңдерме?жаттадыдыңдарма?

Отан – менің   ата-анам,

Отан – досым бауырым.

Отан   өлке –  астанам,

Отан  туған  ауылым.

Бақыт елі – бұл  Отан,

Бәріне мен иемін .

Біздің   Отан –Ұлы Отан ,

Ұлы Отанды сүйемін.

IV .Сергіту сәті.

Орнымыздан  тұрамыз

Мойнымызды  бұрамыз

Қолымызды  көтеріп

Саусақты  ашып –жұмамыз

Онан  соң  төмен түсіріп

Алақанды соғамыз.

Ешкі мен түлкі  ертегісі  туралы  әңгімелеу

V.Шығармашылық  тапсырма

Ее  әрпін  ермексазбен  жазу.

VI.Жаңа сабақты  бекіту.

Дидактикалық  ойын .Кім шапшаң ойыны

Шарты :  Ее дыбысы бар сөздерді ойлап тауып  буынға бөлу.Е-лік ,е-ден , е-геу ,е-гіз ,ше-ге ,е –мен

VII.Жаңа  сабақты  қорыту .Мұғалім:қандай  дыбыспен таныстық.Е дыбысы қандай сөздерде кездеседі екен.

VIII.Мадақтау.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Тістегі тастан үй жағдайында қалай арылады?

Ауыз қуысы гигиенасының төмендігі, сапасыз тіс паста мен щетка, жұмсақ тағамдары жеу,…

Мінез-құлық туралы жалпы түсінік

   Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі…

Бруней туралы ақпарат

I деңгей Бруней Орналасқан жері ¨Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Калимантан аралында орналасқан және Малайзия территориясының 30 шақырымдық телімімен…

Табиғаттағы су, баяндама

                                         «Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат»         …