Мінез-құлық — адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері. Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.

Мінез- бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелегі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарым-қатысынан көрініп отырады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам, әдетте, менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез-құлық амалына (жеке адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады.

Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мəнi адам араласып, байланысқа келген өмiрлiк объекттердiң маңызымен анықталады:

  1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл өтiрiкшi, əдептi дөрекi т.б.).
  2. Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер — ерiншек т.б.)
  3. Өз басына болған қатынасына байланысты (сыншылөзiмшiл т.б.).
  4. Заттарға қатынасынан (сақи ашкөз, ұқыпты — салақ т.б.).

Мiнез келесi типтерге бөлiнедi:

1.Үйлесімді (гармонический) мiнез типi қоршаған ортаға икемдiлiгiмен ерекшеленедi. Мұндай мiнездi адамда iшкi қарамақарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен iстеген iс бiрбiрiне сай келедi. Көпшiл, ерiк күшi мол, қайсар, бiр сөздi. Өмiрдiң барша қиын жағдайларында таңдаған бағытбағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсатмұраттары мен принциптерi үшiн күреске дайын. Бұл адамдардың өмiр сүру тəсiлi жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.

  1. Іштей қарамақарсылықты, бiрақ сырттай келісімді (внутренне конфликтный, но внешне согласованный) мiнез адамы. Бұл типтi адамның iшкi ниеттерi мен сырт əрекет қылығы арасында келiспестiк бола тұрып, өзiнiң қоршаған ортамен қатынасында əлеумет талаптарына ыңғай бередi, iсəрекетiн соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзiн ерiк билiгiнен бiрде босатпайды, жан, ой дүниесiн сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын iздестiруге дайын тұрады.

Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерiнiң ойпiкiрлерiн қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс iздестiру жəне əлеумет қолдамаған күнделiктi тұрмыс күйбеңiне берiлмеу жолдарымен шешуге бейiм келедi. Қоғам мүшелерi қабылдаған рухани құндылықтарды мойындайды, бiрақ сыртқы жағдайларды өзгертуге ынталы емес.

3.Икемі кем, қарамақарсылықты (конфликтный с пониженной адаптацией) мiнез адамы: көңiлкүй,
ниеттерi мен əлеуметтiк борыштары арасында үйлеспестiк орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тiлдесу қабiлетi нашар дамыған, iсəрекетiн ақыл сарабына сала бермейдi. Бұл мiнез
адамдарына тəн қасиет: қоршаған дүниемен арақатынасын нақты əрекетқылық жүйесiне келтiрмеген,
өмiр желiсi қарапайым бағытты тез өзгерiп тұратын қажеттерi, олар пiкiрiнше, қандай да күш жұмсамайақ
бiр сəтте қанағаттандырылуы тиiс.

Олар өмiр үшiн күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар шектен тыс мəпеленiп, төңiрегiндегiлердiң орынсыз артық қамқорлығынан дербестiк қалыпқа үйренбеген. Осыдан, əрқандай кедергiден қорқады, ойланып, жол iздестiруге шамасы жетпейдi. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нəтижесiз армандау) айналып өтуге тырысады.

  1. Тиянақсыз(вариативный) мiнездi адам бағытбағдарының тұрақсыздығынан, принциптiк бостығынан
    төңiректегi жағдайға ыңғайшыл келедi. Жеке адамдық деңгейi төмен. Тұрақты мiнезқұлығы қаланбаған,
    осыдан барша iсəрекетiнде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл
    адамның бойына сiңген мiнездiк көрiнiс.

Мұндай адамдардың iшкi жан дүниесi дөрекi қарапайымдылыққа негiзделген; тiршiлiк үшiн болған əрекетқимылы тiке, бiрбеткей. Күнделiктi күйбең мүдделерiне жетуде ойланыптолғануды бiлмейдi, өз мүдделерiн шектей алмайды. Олар үшiн кедергi бiреуақ сыртқы; iшкi сапалық, жандүниелiк қиыншылықтарды өлшестiруге ақылы жетпейдi, бар көздегенi мол, оңай олжа, бiр мезеттiк игiлiк. Бұл адамдардың барша ынтаықласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерiн мейлiнше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен iшкi дүниесiн тысқы жағдайларға бағындыру мұндайлардың негiзгi мiнездiк болмысы.

You May Also Like

Мәліметтер қорын басқару жүйесі, тесттер ЕТ

1. Дерекқор басқару жүйелерiнiң көмегiмен деректердi өңдеудiң артықшылығына қайсысы жатады: A) Деректердiң…

Қазақ әдебиетінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.

Ригельді есептеу және құралымдау

Ригельді есептеу және құралымдау Ригель есебiнде алдымен оның биiктiгiн , енiн   деп…

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік ертеңгілік

Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік ертеңгілік Зал мерекеге сай әдемі,әсем безендірілген.Көңілді әуенмен…