МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………….

І БӨЛІМ. МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ, ҚОҒАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ…………………………………………………………………………………………………..

  • Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен отбасы бірлігінің педагогикалық негіздері…………………………………………………………………………..
  • Мектеп тәрбие жұмысының орталығы және қоғам байланысы оқушыларды дамытудың бірден-бір құралы ретінде……………………………….

ІІ БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА МЕКТЕПТІҢ  АТА-АНАЛАРМЕН  БІРЛЕСЕ ЖҮРГІЗЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ…..

2.1. Мектеп пен жанұяның бірлесе атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері…………………………………………………………………………………………………….

2.2. Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының формалары мен әдістемелері………………………………………………………………………………………………….

IІІ ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ…………………………………………………………………………

ІV ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………..

V ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………..

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір  адамның білім санасын,  қабілеттілік деңгейін, іскерлік мүмкінділігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып отыр, яғни адамның білімі мен біліктілігі қазіргі заманда мемлекеттердің бәкесеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналды.  Сондықтан көптеген елдер бәсекеге қабілетті қоғам үшін адам ресурстарын дамыту, әсіресе оның қабілетін арттыру сияқты арнайы бағдарламалар қабылдауға кірісті. Сондықтан да, үздіксіз білім беру жүйесінің басты міндеті – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл әлеуметтік педагогикалық міндетті орындау үшін тәрбие жұмысымен тікелей айналысушылардың жүргізетін тәрбие мазмұны қоғамның бүгінгі талабына сай болуы керек. Жалпы білім беруде мектеп өзінің міндетін толық атқару үшін, қоғамның оған қоятын әлеуметтік сұранысын ескере отырып, тәрбие мазмұнын жақсарту үшін мектеп пен жанұяның бірлігін  қамтамасыз ету қажет.

Қазақстан Республикасы Ата Заңының 27 бап 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе, «Қазақстан – 2030» бағдарламасында «әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымызбен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткенде қандай күйде көргіміз келеді» делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған. Демек, балаға дұрыс бағыт беретін үлкен мықты тәрбие ошағы – отбасы болып саналады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында: «…Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. Бүгіннен бастап, ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» деген болатын.

Келешек ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде,  жаңа заманда көкірегі ояу,   ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматты тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі үдеріс болып табылады.  Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып,  өз шешімін табуды қажет етіп отыр.  Аталмыш мәселені шешуде көптеген ойшылдар мен ғалымдар өз үлестерін қосқан.

Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.Иассауи, М.Қашғари, классик педагогтер Я.Коменский, К.Ушинский, И.Песталоцци, қазақ ағартушылары Абай Құнанбаев пен Ы.Алтынсарин еңбектерінде, кеңес педагогтері В.Сухомлинский, А.Макаренко, Н.Крупская, қазақ зиялылары М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов және т.б. еңбектерінде кеңінен орын алады. Бүгінде отбасы тәрбиесі мәселелері қазақстандық ғалымдар С.Ғаббасов, Р.Қоянбаев, Г.Байделдинова, В.Лысенкова, Р.Төлеубекова және т.б. тарапынан зерттелініп келеді.

Ал мектеп пен жанұяның бірлігі мәселесі бойынша Гиппенрейтер Ю.Б., Дереклеева Н.И., Карнеги Д., Кипнис М. , Минияров В.М., Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А., Хухлаева О. еңбектерін атап көрсетуге болады.

Зерттеудің мақсаты: оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігін теориялық тұрғыдан негіздеу, мүмкіндіктерін айқындау және практикада қолданыстағы олардың тиімді жолдарын белгілеу.

Зерттеудің міндеттері:

 – мектеп пен жанұяның ынтымақтастығы теориялық тұрғыдан негіздеу;

–  «мектеп пен отбасы, қоғам ынтымақтастығы» ұғымының мәнін ашу;

– оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігінің мүмкіндіктерін айқындау;

– оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысын ұйымдастырудың қолданыстағы тиімді жолдарын белгілеу.

Зерттеу нысаны: Оқушыларды мектеп пен жанұяның бірлігі негізінде тәрбиелеу үдерісі.

Зерттеу әдістері: педагогика бойынша оқулықтар мен әдістемелік – қолданбаларды талдап қорыту және жекелеп бөлу, салыстыру.

Зерттеу болжамы: егер оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен отбасы ынтымақтастығы теориялық тұрғыдан негізделіп және мүмкіндіктері мен қолданыстағы әдістері айқындалса, онда мектеп пен отбасы ынтымақтастығы негізінде оқушыларды жан-жақты дамыту мен тәрбелеу үдерісі жүйеленер еді.

І БӨЛІМ. МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ, ҚОҒАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  • Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен отбасы бірлігінің педагогикалық негіздері

Салауатты отбасы – өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Сонымен қатар отбасы сүйіспеншіліктің мектебі болғандықтан, онда әрбір адам: әйелі мен ері, әкесі мен анасы, қызы мен ұлы, ағасы мен қарындасы бола жүріп, сүйіспеншіліктің әр түрлі өлшемдерін танып біледі, адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ.

Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған талабы – жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де, берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік – шеберліктермен қолдана білу. Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана ата-анамен бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде шеше алады.

Мектепке барған бала еңбектің жаңа түрі – оқумен шұғылдана бастайды. Бірінші сынып оқушыларының көбінің оқуға деген талабы болады. Бұл бірақ алғашқы мектепке, оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан оқушының осы бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылығын қалыптастырмаса, оқу жылының соңында бірінші сынып оқушысының оқуға, тіптен мектепке бару талабы жойылады. Сол себепті ата-ана баласының оқып жүргеніне немқұрайды қарамауы тиіс. Амал жоқтықтан оқып жүрген оқушы өзіне жанұяға, мектепке де көптеген реніш әкеледі. Ата-ана осыған байланысты баласының мектепке барған күннен бастап оның оқуына, тәртібіне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап көмектесуі керек.

Бірінші сынып балаларына оқуға және алғашқы мұғаліміне деген сүйіспеншілік пайда болады. Ата-ана мұны әрқашан қолдауы тиісті. Мұғалім туралы айтқан дөрекі сөздер ол мұғалімнің абыройын төмендетіп, баласының мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызыушылығын жойып жібереді. Ата-ана баласының кейбір мәселені білмей, шеше алмай жатқан кезінде оны кекетпеуі керек, себебі ол баланың алғашқы қадамдары.

Егер бала ата-анасының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шешуге көмектесетінін білсе, оларды сыйлаушылығы артады. Төмен баға алса, олардан ұялып қысылады. Сөйтіп, келесі жолы жақсы баға алып, ата-анасын қуантуға тырысады. Ата-ананың көп қателесетін мәселесі, ол мұғалімнің бірінші сынып оқушыларына қоятын баға жөнінде. Кейбір ата-ана баласын тек ғана «4» пен «5» алуы тиіс деп те айтады. Мұны естіген бала ата-анасының жазалауынан қорқып «2» немесе «3» бағасы тұрған күнделіктің бетін жыртуға, бағаны түзетуге немесе басқаша жолдар арқылы оларды алдауға барады. Сол себепті ата-ана баға баланың оқуындағы маңызды, бірақ басты мәселе емес екендігін білулері керек. Тек жақсы баға үшін оқыған балада танымдық қызмет пен қызығушылықтың жақсы дамуы екі талай. Сонымен қатар бала өтірік айтуға, тек өзіне пайдалы жаққа ғана әдістенуге, жағымсыз қылықтарға үйренеді. Ата-ана баласының сабақ дайындау барысында қиын мәселелерді шеше алмай жалғыз қалуына жол бермеуі керек. Егер баласы «2» алса, оның себебін біліп, оны тез арада жою шараларын қолдануы керек. Үштік бағамен де қанағаттанғаны дұрыс емес. Бұл баға да баланың біліміндегі олқылықты көрсетеді. Сол себепті «2» мен «3» деген баға оқушыға көмек керек екендігі жөніндегі хабарлама болып табылады. Ата-ана баланың үйде жасайтын өзіндік жұмысына қажетті жағдай жасауы керек. Бала өз оқуының туған-туыстары үшін аса маңызды екенін түсінуі тиіс. Ата-ана баланың бойына лайықты үстел, кітап сөре, оқу құралы, қалам, қара және  түсті қарындаш, өшіргіш тағы басқа да құрал-жабдықтары бар оқушы бұрышын жасауы керек.Оқуға барған күннен бастап бала үйге белгілі бір уақытта сабақ дайындауы үшін күн тәртібі болуы тиіс. Бала сабақ дайындағанда бөлмеде тыныштық болғаны жөн. Осыдан-ақ бала әке-шешесінің оның оқуына үлкен мән беретінін байқайды. Үйде сабағын тамақ ішетін үстелде дайындайтын балалар бар. Мұндай жағдайда ата-ана сабағыңды үстелдің үстінен басқа жаққа алып кет, не қоя тұр деп ұрсады. Тамақ ішіп болған соң ата-ана теледидар көреді, сабақ дайындауға қолайлы жағдайы болмаған бала да солармен теледидар көріп, ұйықтайды. Ертеңгі күні әрине сабақ дайындамаған бала «2» деген баға алып келеді. Сөйтіп, сабақ оқуына жағдай жасалмаған, мән берілмеген баланың сабақ оқуға қызығуы бірте-бірте азаяды.

В.Сухомлинский тәрбиені отбасы жағдайын зерттеуден бастайды. Ол баланың сабақ үлгерімінің жақсаруымен қоса денсаулығының мықты болуына, ой-өрісінің кеңеюіне көңіл бөлді және балалардың 3-4 сыныптарға дейін бірқалыпты, тәртіпті болып келіп, 4-сыныптан кейін біртіндеп өзгере бастайтындығын түсіндірді. Ересектік кезең – бала тәрбиелеудегі ең қиын кезең екендігін айта келіп, ата-аналарды балалармен сырласуға шақырады.

Л.Керімов қиын балалар тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулерінде «қиын» оқушыны зерттеуді, ең алдымен, отбасындағы тәрбие жағдайын білуден бастауды ұсынады. Баланың жетіліп қалыптасуында отбасының орны ерекше екенін түсіндіре келе, оқушыны қиын атануға алып келетін ата-аналардың балалармен, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасындағы бірнеше кемшіліктерді көрсетіп берген. Бұл қиындықты шешудің негізгі бірден-бір жолы – отбасындағы ізгілікті қарым-қатынастарды орнату. [13]

М.Жұмабаев «Педагогика» атты ғылыми еңбегінде «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» еңбегінде «Тәрбиенің түпкі мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде экономикалық және рухани дағдарыстарда жеңіп шыға алатын ізгілігі мен XXI ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру» деп айқын көрсетілген.

Бала тәрбиесі – өмірдің ең өзекті мәселелерінің бірі. Қай кезде болсын отбасы бала тәрбиесінің мәселелері назардан тыс қалған емес. Бұл туралы аса көрнекті педагог В.Сухомлинскийдің мына ойын айтуға болады: «Бала ата-ананың адамгершілік өмірінің айнасы».

Отбасы тәрбиесінде бала ата-анасының мінез-құлқы шешуші факторлардың бірі. А.С.Макаренконың балалар тәрбиесі жайлы «Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз, ата-аналардың өздеріне талап қойып, өз отбасын қадірлей білу, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы – тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі» дегені бекер емес. Сондай-ақ О.Кунц «Жақсы адам тек оны дұрыс тәрбиелегенде ғана қалыптасады» деп дұрыс тәрбиелеу үшін ата-аналардың мына жағдайды ескеру керектігін айтады: білім, отбасы ахуалы, педагогикалық такт және талап қоюшылық, ата-аналар мен балалардың идеялық тұлғасы, ата-аналар әрекет бірлігі.

В.И.Дальдің «Тәрбиеші тәрбиеленушісін қандай жасағысы келсе, өзі сондай болуы шарт» – дегеніндей, осы зор мұраларымызды ата-аналар балаларға үйрете жүріп, үйренгені дамыған елдің ұрпағын баулитын отбасының даналығының арта беретіні сөзсіз.Ал Пинттің пікірінше, ата-аналар балаға жақсы тәрбие беруі үшін оның мінез-құлқындағы әрбір ұсақ-түйектерді байқап білуге қабілетті болуы керек. Педагогтар секілді кез-келген ата-анаға педагогикалық  такт қажет. Олар балаларды суықтап қалудан, әртүрлі аурулардан қорғап, алдын алып жүреді де дөрекі сөздер мен әрекеттер арқылы олардың жүйке жүйелеріне кері әсер ететінін ескере бермейді дей келе, бала тәрбиесінде ата-аналардың бойында педагогикалық байқағыштық, елестету, педагогикалық такт және ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуын ұсынады.

Ұлы Абай атамыз «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп көрегендікпен ой түйген. Бала өміріне қажетті тәлім-тәрбиені ірге тасы ата-ана арқылы отбасында қаланады.

Е.Ильиннің «…оқушылардың рухани дүниесін дамытпай, білім беру қажетсіз дүние. Мұғалімнің зерттеу нысаны – оқушының жеке жан дүниесін қалыптастыра отырып рухани адамгершілікке тәрбиелегенде ғана олардың өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасалады» дегені мәлім. Ал Макаренко: «Тәрбие – баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде»,- деген ғой. Сондай-ақ оның бала саны және бала тәрбиесі туралы ақыл ойларының әлеуметтік және педагогикалық мәні өте зор. Ол өзінің «Ата-аналар үшін кітап» атты еңбегінде қоғамдағы көкейкесті мәселелер қарастырылған.

Г.Песталоцци бала дамуындағы тәрбие жұмыстарының рөлін жоғары бағалап, отбасында және мектепте жоспарлы түрде тәрбиені ұйымдастыру қажеттілігін атап көрсеткен. Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтасын көздеді. Ежелгі грек ғалымы Платон «ұлды тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп тұжырымдаған.

В.Г.Белинский «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім – есуастың қолындағы қылыштай» деген болатын. Ал, Коменский «Тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттің және бүкіл әлемнің құруы»,- деген пікір білдірген.  Біздің мақсатымыз – оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу. М.М.Пришвиннің сөзін келтірсек «Оқушы – жастарымыз дұрыс тәрбиеге наннан да артық душар».

Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, қазақ халқында баланы тәрбиелеуде отбасы басты рөлді атқарған, оның негізі – ұлттық салт-дәстүрлер болған екен. Бұған ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезовтың «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген астарлы ойы дәлел.

Бүгінде тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлінген. Бүгінге дейін отбасы және ондағы бала тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері қазақстандық ғалымдар Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев, Л.Лысенко, Р.Төлеубекова, Г.Байдельдинова, Ж.Әбиев және т.б. тарапынан зерттеліп келді. Олар өз зерттеулерінде ұлттық ділді ескере отырып қоғам талабына сай бала тәрбиесін ұйымдастырудың жолдарын көрсетуге тырысады.

Бұл мәселені тиімді шешу үшін ата-аналардың педагогикалық білімін көтерудің бүгінгі күнгі бірден-бір ошағы – мектеп. Бұл, ең алдымен, ата-аналармен жұмыс жүргізуде олар білуге тиісті білімдерді өмір талабына сай насихаттап отыру бүгінгі сынып жетекшісінен терең білімділікті қажет етеді.

Бүгінгі отбасы тәрбиесінің барысын екі жақты қырынан байқауға болады. Біріншісі, отбасының мектеппен бірлесе әрекет етуге өте ынталы болып отырғандығы. Мұнда ата- аналар балаларының сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін оларды ең таңдаулы мектептерге оқуға береді. Оқушылардың ұлттық тәрбие алуымен қоса әлемдік тәрбие жетістіктерін пайдалану қолға алынуда. Мектеп пен отбасының өзара бірлігінің нәтижесінде ата-аналар тарапынан мектептің педагогикалық қызметіне әр түрлі көмектер көрсету, атап айтқанда, демеушілік жасау, тәрбие тәжірибелерімен бөлісу, кәсіби қызмет саласын кіріктіру және т.б. жүзеге асырылады.

Екіншіден, отбасының мектеппен ынтымақтастықты орнатуға немқұрайлылықпен қарауы орын алуда. Бұл күнкөріс жағдайымен отбасындағы балалар  тәрбиесіне көңілдің бөлінбеуі, тіпті, ата-аналардың жиналысқа келмеуі, мектеппен байланыс жасауға талпыныстың болмауы, бала тәрбиесіне қатысты аз оқитындығы және т.б. арқылы айқындалады.

Отбасы тәрбиесін жетілдіруде мектеп пен жанұя бірлігін тиімді ұйымдастыру мынадай қағидаларға негізделуі тиіс:

  • тәрбиені қалыптастыруда қоғам, мектеп, отбасы және басқа да арнаулы тәрбие институттарының тәрбиелік мүмкіндіктерін ықпалдастыру;
  • мектеп отбасындағы педагогикалық ұжыммен тығыз байланыс орната отырып, әрбір баланың қабілетін толық ашу мен дамытуға мүмкіндік жасау;
  • мұғалімдер мен оқушылардың және ата-аналардың белсенділігін, бастамашылдығы мен шығармашылдығын арттыруды демократияландыру.

Бұл қағидаларға сүйене отырып жұмыс жүргізу анағұрлым тиімді. Ресей ғалымы Ш.Амонашвили педагогикалық үрдісті ізгілік тұрғыда ұйымдастыра отырып, тәрбие отбасында өз жалғасын табуы үшін ата-аналардың педагогикалық сауатын көтеру мен тәрбие тәжірибелерін алмасуда ата-аналарды отбасындағы бала санына қарай топтап жинаудың тиімді екендігін айтады. Мұндағы ерекшелік- отбасында көп бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен жалғыз бала тәрбиелеп отырған ата-аналар арасында болатын әңгіменің бірдей болуы мүмкін еместігін және ондай отбасыларындағы мәселелер де әр түрлі болып келетіндігі дәлелденген.

Сынып жетекшісінің ата-аналар жиналысында оқитын тақырыптық дәрістері мынадай болуы мүмкін:

  • отбасы және оның бала тәрбиесіндегі рөлі;
  • отбасының негізгі функциялары және оның бала тәрбиесімен байланысы;
  • бүгінгі отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері;
  • балалардың өтпелі кезеңдегі психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері;
  • отбасындағы өзара түсінбеушіліктің тұрмыстық-адамгершіліктік негізі;
  • отбасындағы ата-аналардың абыройы және оның тәрбиедегі мүмкіндігі;
  • отбасында бос уақытты ұйымдастыру және демалыс;
  • бала тәрбиесіндегі ата-әженің, ана мен әкенің алатын орны;
  • отбасындағы қарым-қатынас және психологиялық ауан;
  • отбасындағы салт-дәстүрлер мен сенімдердің тәрбиелік мүмкіндіктері;
  • отбасында балаларды еңбекке дайындау;
  • балаларды отбасында салауаттылыққа тәрбиелеу және т.б.

Мектептегі білім беру мен тәрбие үрдісінің отбасындағы жалғасының бір көрінісі – үй тапсырмаларының орындалуы және тәрбие талаптарының сабақтастығының қамтамасыз етілуі. Осы тұста кездесетін негізгі қиыншылық әрбір ата-ананың отбасында бала сабағының дұрыс орындалуына бағыт беруге қабілетті еместігінде. Бұл қиыншылықты жеңу де сынып жетекшісі қызметінің шығармашылық сипатымен байланысты шешіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ата-аналар жиналысында пән мұғалімдерінің талаптарын тыңдау мен ата-аналарға үй тапсырмаларын орындауға бағыт беру бойынша кеңестер береді. Бұл, әсіресе, төменгі сынып ата-аналары үшін өте тиімді, оның үстіне бұл пән мұғалімдері мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып, екі жақты жауапкершілікті арттыра түседі.

Отбасы тәрбиесін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын жұмысты сынып жетекшісі отбасын зерттеуден бастайды. Өйткені, тәрбие мүмкіндігі әр түрлі отбасыларында жүргізілетін жұмыста әр түрлі ұйымдастырылуы тиіс.

Мәселен, отбасының әр түрлі ерекшеліктері, атап айтқанда, ересектер мен балалардың өзара қарым-қатынасы, ондағы психологиялық жағдай, қоғамдық пікірлер мен көзқарастар бағыты балалардың жеке басының қалыптасуына өзіндік әсер етеді. Ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жүргізу үшін ата-аналардың мінез-құлқы мен бала тәрбиесіндегі көзқарастарын білу де аса маңызды. Бала тәрбиесіндегі отбасы мүмкіндігін зерттеп білген соң біртіндеп олардың көзқарастарын зерттеуге жағдай жасау қажет. Бүгінгі күні мектеп пен отбасының немесе мектептің отбасына ықпал етуінің негізгі формалары: ата-аналар жиналысы, мектептегі ата-аналар күндері, әкелер мен аналар конференциялары және т.б. Отбасындағы баланың өмірін, тұрмыс жағдайы мен қарым-қатынас жүйесін зерттеуде әрбір ата-анамен жеке дара жұмыс жүргізілуі шарт. Ата-аналар жиналысында баланың жеке басының дамуына қатысты барлық ғылымдар саласы (психология, физиология, гигиена, педагогика және т.б.) интеграциялық бірлікте қарастырылып отыруы керек. Ата-аналар жиналысы мұғалімнің қолындағы маңызды педагогикалық құрал болып табылады. Көптеген ғалым-педагогтер (Т.Сангинова, И.Тилябова және т.б.) ата-аналар жиналысында тақырыптық баяндамалардың оқылуын, бала тәрбиесіне қатысты мәселелердің бірге талқылануын ұсынады. Онда ата-аналарға балалары туралы айтуға, белгілі бір орын алып отырған кедергілерді бірге жоспарлауға болады.

Қорыта айтқанда, мұғалім мен ата-аналардың арасында өзара түсінік пен өзара көмек болған кезде ғана ата-аналар жиналысы жақсы нәтиже береді. Осылайша біртіндеп педагогикалық оқулар ұйымдастыру арқылы олардың көзқарастарына әсер ете отырып, тәрбиеде ортақ мақсатқа қол жеткіземіз. Оларды мектепішілік жұмыстарға біртіндеп араластыра отырып, олардың көп жылдық бала тәрбиесіндегі педагогикалық тәжірибелерін жас отбасылары білімін жетілдіруде тиімді пайдалануға болады. Мұғалім кадрлардың отбасы тәрбиесі мәселері бойынша білімін жетілдіру мұғалім кадрлар біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институттарында оқытылып, ата-аналармен жұмыс жүргізудің әдістемесі насихатталуы тиімді болмақ. Өйткені мектеп пен отбасы және қоғамдық тәрбие мекемелері тәжірибелерін ықпалдастыру негізінде бірлескен шығармашылыққа жетуге әбден болады.

  • Мектеп тәрбие жұмысының орталығы және қоғам байланысы оқушыларды дамытудың бірден-бір құралы ретінде

Тәрбие дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін,дүниетанымын,өмірге деген көзқарасын жас ұрпақтың бойына сіңіру,соған сай  мінез құлық қалыптастыру.  Өсіп келе жатқан ұрпақтың ата-анасы осы ілкіден қалыптасқан тәжірибені қолға алса,ұлттық мінез қалыптасады,ата-баба дәстүрі сақталады деп ойлаймын. «Бала тәрбиесі бесіктен », « Әкені көріп ұл өсер,шешені көріп кыз өсер». Ата – бабамыз осы өсиетті сөздерді біз үшін қалдырған шығар,сірә?!

Бала тәрбиесі – баршаға ортақ. Жас ұрпақ бойында жақсы қасиет, адамдық құндылық, талғам мен талантты жетілдіру ата- ана мен мұғалімнің басты міндеті. «Тәрбие —  адам тағдырын шешетін ұлы  іс » деп В.Г. Белинский айтқандай, тәрбиеге, соның ішінде бала тәрбиесіне бейжай қарауға болмайды.

Әрбір ата — ана еліміздің болашағының жарқын болуы үшін, балаларын тәрбиелей отырып атсалысады.Ол үшін баланы тәрбиелеушінің өзі тәрбиелі болуы тиісті. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген ұлағатты сөз соның айғағы.Саналы тәрбие, сапалы білім баланың ертеңіне даңғыл жол ашады.Адам өмірінің алтын бесігі – мектеп қабырғасында өткен жылдар. Бұнда бала жаңа өмірдің заңдылықтарын үйренеді. Мектеп ұжымына ата- ананы көмегі ауадай қажет.Мектеп пен ата – ана арасындағы сыпайы сыйластық үндесіп жатса бала тәрбиесі жақсы болары сөзсіз.

Халқымыз: «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» дейді. Бүгінгі күні баланы әдепті де,саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрлерімізді, әдет – ғұрыптарды, дінімізді, ата – бабаларымыздан қалған насихат мұраларын балалардың санасына сіңіре білу ата-ананың басты  міндеті дегіміз келеді.Өмірден, халықтық   педагогикадан әр түрлі мысалдар  келтіріп, балаға өз уақытында тәрбие бермесе, арты орны толмас өкінішке соқтыратындығы түсінікті жағдай.   Яғни,   халқымыздың бай тәжірибесін  пайдаланбай,  іске асырмай жатсақ келер ұрпақ алдында ұятты боларымыз сөзсіз. Өз халқының тілін, дінін, тарихын, рухани мәдениетін біліп өскен адам біртіндеп, әлемдік мәдениетті де көреді.

Халықтық педагогиканың құндылығы ақылды да,әдепті,жан – жақты жетілген,адамгершілігі мол азамат тәрбиелеуде таптырмас тәрбие құралы екендігінде.

Ендеше, бұл қасиеттер бесік тербеткен ана әлдиімен, ақ жаулықты әже ертегісімен бірге өскелең ұрпақ бойына дарытылып, сіңірілуі керек. Осы орайда халық қаhарманы, абыз атамыз Бауыржан Момышұлының мына бір сөзін айта кетсем: «Менің үш қорқынышым бар. Біріншісі,  осы заманда бесік жырын айта алмайтын келіндердің көбейіп бара жатқанынан қорқамын.  Екіншісі,  балалары мен немерелеріне ертегі айтып бере алмайтын әжелердің көбейіп бара жатқандығы. Үшіншісі,дәстүрді сыйламайтын ұрпақтардың өсіп келе жатқанынан қорқамын.»  Тәрбиенің көзі ата- аналардың қоғам алдындағы үлкен міндеті десек те болады.

Бала тәрбиесінде  ата- ананың жауапкершілігі үлкен орын алады.  Себебі,  ата- аналар баланың мінез – құлқын,  өмірге көзқарасын қалыптастырады.  Балалар үйде көрген тәрбиесін мектептен алған тәрбиесімен толықтырады. Отбасында күнделікті болып жатқан үлкенді кішілі оқиғалар,ата- ананың өмірге,еңбекке көзқарасы,туыстары мен достарына ықыласы, қонақ күтуі, демалыс күнін ұйымдастыруы, баламен қарым қатынасы, барлығы балаға өз әсерін тигізбей қоймайды.  Бала іс-әрекеті жағынан ата –анасына үлкендерге қарап еліктеп өседі.

«Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». Н.Ә.Назарбаев.
Бүгінгі күнгі педагогтардың, отбасы мен жұртшылықтың күш-жігерін үйлестіріп отыру – сынып жетекшісінің міндеті. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-ана десек, баланың көзқарасы және нанымы, мінез-құлық дағдылары мен әдеттері отбасында қалыптасады. Ал бала тәрбиелеуде, оқытуда мектеп шешуші роль атқарады. Мемлекет балаларды тәрбиелеуде отбасыға мектеп арқылы көмектесіп, отбасылық тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылуына әсер етіп отырады. Яғни мектеп мемлекеттік мекеме есебінде жасөспірімдер мен жастарды дұрыс тәрбиелеуде отбасына жәрдемдесуге, ата-аналар арасында педагогикалық насихатты белсене жүргізуге міндетті.

Мектеп пен отбасы бірлесіп күш-жігер жұмсамай отырып, жеткіншек ұрпақтың жан-жақты дамуына ат салысулары тиіс. Кемелденген ел жағдайында мектептің отбасы өміріне белсене араласудың үлкен маңызы бар. Бұл ең алдымен балалардың адамгершілік кемелдігін қамтамасыз ету үшін керек. Ендеше білім ордасының отбасымен және жұртшылықпен байланысы, негізінен, сынып жетекшілері арқылы жүзеге асады. Төменгі сыныптарда мұғалімдер ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен үнемі байланыста болады. Ата-аналармен кездескенді оларды мектептің талабымен таныстырып, оқушыларға әсер етудің формалары мен әдістері жөнінде келісіп алады. Олар көпшілікке педагогикалық білім таратып, ата-аналарға олардың жаңа адам тәрбиелеу жөніндегі өздерінің ізгі міндеттерін жақсы орындауына көмектеседі, барлық ата-аналардың өз балаларының қамқоршы ұстазы болуы үшін тырысады. Егер ата-аналар мұғалімдердің талаптарын жақсы түсініп, қолдап отырса, балаларының дұрыс тәрбиеленуіне ықпал етіп, сондай-ақ мектепке зор көмек көрсетеді. Бірақ кейбір ата-аналар өз отбасыларының аясынан шыға алмай, қоғамдық тәрбие талаптарына өзінің жеке бір ерекше бағытын, балалармен қарым-қатынастығы дара әдісін қарама-қарсы қояды. Кейбірі балаларын еркелетіп, шолжыңдандырып жібереді, барлық тілектерін орындауға тырысады, еңбектен қол үздіреді. Мұндай отбасыларда балалар тіпті жеңіл үй жұмысына да араласпайды. Бұл бірте-бірте оқу еңбегіне де теріс әсерін тигізеді. Нәтижесінде балалар нашар оқып, үйге берілген тапсырмаларды орындамайтын болады. Мұндай кемшіліктерді көрісімен сынып жетекшісі педагогикалық сипаттағы шаралар қолдану керек. Яғни балаларға сезімталдықпен қарау, олардың бастамаларын және дербестігін тұншықтырмау керек екенін ата-аналарға ескертіп отырған жөн. Кейде отбасы мен мектептің арасында келіспеушіліктер болып қалады. Бұл балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыру үрдісін қиындатады. Ал мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастығы талап пен тәрбиелік ықпалдың бірлігін қамтамасыз етеді. Бірақ отбасы бұрынғысынша тәрбиенің маңызды ұясы болып қала береді.
Ал мектептің отбасымен ынтымақтастығы оқушыға беретін тәрбие жұмысы ең алдымен оқушыны, оның отбасы жағдайын зерттеуден басталады. Ол сынып жетекшісі тарапынан төмендегідей жүйеде жүзеге асырылады.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен ынтымақтасқан бірліктегі еңбектерінің бағыттары іс жүзінде іске асырылса, онда тәрбиелеу тиімді болады, тәрбие сағаттары, кәсіптік бағдар, экскурсиялар, сайыстар, олимпиадалар мақсатымызға жете түсуге негіздеме бола алады.
Ата-ананың баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеу. Мектептің отбасы тәрбиесіне ықпалын арттыру үшін ата-аналарға мектеп есігін айқара ашып, балалармен өткізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-шаралар мен сабақтарға қатысуына мүмкіндік туғызуы қажет. Тіпті кейде ата-аналар арнай дайындықты талап ететін үйірмелерді басқаруға саяхаттар мен серуендерді ұйымдастыруға шақырылады. Оларға оқушылар тарапынан концерттер мен қойылымдар, көрмелер ұйымдастырылады. Мұғалімдер мен сынып жетекшілері қажет болғанда отбасына оқушы арқылы баласының сабақтағы үлгерім жетістіктері мен ұнамды әрекеттері жайлы хабарлап, хаттар жолдайды.

Мектептің ата-аналармен жүргізілетін негізгі мақсаты: ата-аналар мектепті балаларының шын жүрегімен қабылдайтын үйі деп санап, өздері де мектеп жұмысына көмектесуге дайын болуын қамтамасыз ету; ата-аналарды отбасында балаларымен өзара ынтымақты қарым-қатынаста болуға үйрету.
Осындай мақсатпен мектептің әдістемелік бірлестігі отбасы тәрбиесі мәселелері бойынша ата – аналар семинарларын ұйымдастырады. Онда ата – аналар балалардың дамуға, есеюге, бостандыққа ұмтылуының табиғатын және баланың бойында рухани байлықты қалыптастырудың маңыздылығын, ол үшін қоршаған ортадан сүйіспеншілік сезімін, мейірімділік пен сыпайылықтың қажеттілігін біледі. Ата – аналар балаларымен ынтымақты қарым – қатынас нақтылы әдістерін үйренеді, отбасында пайда болған өзара түсініспеушіліктерге байланысты жеке дара кеңестер беру ұйымдастырылады.
Отбасы-саналықпен ынтымақтастықтың және болашақтың бастау алар негізі.

  • Балаға дұрыс тәрбие беру-ата-ананың моральбық қана емес, заң жүзінде міндеті.
  • Бала тәрбиесі мәселесіінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.
  • Бала бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін , оның үлгі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.
  • Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата – анасы үлгі болуға тиіс

«Отбасы мықты болса, Отан да мықты». Яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі – саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болары даусыз. Ендеше тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы екендігін әрбір тәрбиелі азамат өзінің өміріне талдау жасап, мол мәліметтер жинақтап байқайды. Ата-аналар мен мектептің бірден-бір мақсаты жан-жақты жетілген, үйлесімді дамыған, адамгершілігі мол парасатты, ұлтжанды тұлғаны қалыптастыру. Баланы тәрбиелеуде әр ана-ана өздері білімді болуы керек. Ол үшін ата-ана мұғаліммен тығыз байланыста болып, түсінбегенін сұрап, пікірлесіп отыруы керек. Осындай жағдайда ғана балалардың жағдайын түсініп, олардың адами қасиетінің дамуына ықпал жасай аламыз деп ойлаймын.

ІІ БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУДА МЕКТЕПТІҢ  АТА-АНАЛАРМЕН  БІРЛЕСЕ ЖҮРГІЗЕТІН ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

2.1. Мектеп пен жанұяның бірлесе атқаратын жұмыстарының мазмұны мен міндеттері

В.А.Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.

Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары, олардың өзара қарым – қатынасы, сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу технологиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім – оқушы – ата-анаға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым – қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым – қатынасты реттеп отыратын әкімшілік-басқару жүйе де ендігі жерде келмеске кетті.

Бүгінгі мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.

Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін тигізуде.

Қазақстан Республикасында сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырып, үйлестіріп, келістіріп, өткізетін педагог. Бастауыш сыныптарда сынып жетекшісінің қызметін сынып мұғалімі атқарады. Бүгінгі күні сынып жетекшісі – кәсіпкер – педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін:

Жалпы адамзаттық мәдениеті меңгеруде оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;

  • Сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында олардың өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы;
  • Оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау мақсатымен, олардың дамуын бақылаушы; тәрбие жүйесіне қажетті өзгерістер енгізуші; мектеп психологымен бірігіп оқушының қоғамдық өміріне кейбір түзетулер жасаушы;
  • Оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде – көмекші, кеңесші;
  • Сыныпта қолайлы, жайлы моральдік – психологиялық ахуал қалыптастыру үшін, сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы;
  • Оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын барлық тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.

Тәрбиеші – педагог өз назарынан тыс қалдырмайтын бірінші объект – тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар әрекет ұйымдастыру. Бұл бастапқы міндет. Себебі, ұйымдастыру қызметі болмаған жерде тәрбиеде болмайды, ал сонымен қатар, тұлғаның даму барысында кездейсоқ жағдайлар орын алады.

Ұжымды ұйымдастыру және дамыту – сынып жетекшісінің назарындағы екінші объектісі мен міндеті. Оқушы тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің  және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасау – сынып жетекшісінің тәрбиелік ықпалдарының үшінші міндеті.

Кейбір зерттеушілердің пайымдауы бойынша, сынып жетекшілері оқушылар және олардың ата-аналарымен қарым-қатынастар ұйымдастырғанда төрт түрлі міндеттер атқарады екен:

Бірінші топ міндеттері. Оларды әлеуметтік міндеттер деуге болады. Бұл баланы қорғау, көмек көрсету, әлеуметтік байланыстар жүйесіне енгізу, отбасымен және басқа да тәрбие институттарымен баланың дамуына және оның даралық қасиеттерін қалыптастыруға қолайлы жасау үшін байланыс орнату.

Екінші топ міндеттері. Диогностикалық-әдептік-этикалық деуге болады. Сыныппен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, сынып жетекшісі өз оқушыларын, олардың ерекшеліктерін, дара қасиеттерін білуі керек.

Үшінші топ міндеттері. Адамгершілік міндеттер деп атауға болады. Олар баланың жақсылық пен жамандықтың белгілерін ажырата алуына бағытталған, белгілі жағдаяттарды оқушының адамгершілік шешімдер қабылдай алуына мүмкіндік береді.

Төртінші топ міндеттері. Жеке-дара практикалық сипаттағы міндеттер деуге болады. Оларға оқушылармен жұмыс ұйымдастырудағы тиімді педагогикалық құралдары таңдап алуды, өз жұмысын жоспарлауды, талдап түзетуді және педагогикалық рефлекцияны жатқызуға болады.

2.2 Отбасының ата – аналармен жүргізетін жұмыстарының формалары мен әдістері

Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болуда. Ондағы көзделген мақсат ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай, ата-аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтан да олар мұғалімдердің ақыл-кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл-кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата-аналарға ғана қажет емес, сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата-аналарға да керек. Себебі, қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата-аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата-аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата-аналармен кездесуін, ата-аналар жиналысын ұйымдастыру, ата-аналар комитетін құру, ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата-аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.

Педагогика практикасында оқушылар ата-аналармен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының бірнеше түрлі қызметтері бар.

1-кезең: Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны және әдістемесімен таныстырады. Сынып жетекшісі өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады. Өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен, ата-аналар комитетінің жоспарлы атқаратын жұмыстарын, кезекті мәселелерді бірігіп талқылайды.

2-кезең: Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру. Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:

  • тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;
  • қызығушылық негізінде ата-аналарға сауалнамалар мен анкеталық сұрақтар беру;
  • сыныптық ағарту жұмыстары, тәрбие міндеттеріне байланысты оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеулер жүргізу;
  • психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер.

Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек. Осы арада өзімнің ата-аналар жиналысында таныстыруды қалай ұйымдастыратыныма тоқтала кетсем. Ата-аналар әртүрлі қиындыларды біріктіру арқылы жұптарын табады. Әркім өз жұбын таныстырады. Таныстыру әр түрлі формада: өлең, эссе, сурет салу, әңгіме жазу, т. б. Осылай танысу ата-аналарды жақындастыра отырып, ұйымшылдығын арттыруға көп көмегін тигізетініне көзім жетті. Сол секілді әр жиналыстың басында өткен жиналыс пен соңғы жиналыс аралығында өз отбасында қандай елеулі, қуанышты оқиғалар болғанын әңгімелейді. Бұл әрекет ата-аналардың бір-бірінің қуанышына ортақтасуға, жақындастыруға және ынтымақтастығын арттыруға арналады.

Ұзын сонар баяндама оқып тыңдау сияқты ата-аналар жиналысын өткізудің ескі формасын осы сияқты жұмыстармен алмастырып түрлендіруге болады.
Сынып жетекшісі, отбасы салыстырмалы түрде тәрбиенің тыйым институты, ал ата-аналардың тәрбиелік күш-қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ескеруі тиіс.

Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының табысты немесе табыссыз болуы оның таңдаған ұстанымына, қарым-қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.

Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөніндегі қазақ халқына жолдауында негізгі стратегиялық бағыт «Халықтың көптеген топтарының бірлігі жекешіл және қоғамдық негіздерін салиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі» деуінің өзі қоғамдық ұйым, бірлестіктердің дамуына мүмкіндік ашып отыр. Жас ұрпақты бір бағытқа бейімдеп, олардың іскерлік қабілетін тәрбиелеп жетілдіретін ерікті қоғамдардың бүгінгі ТМД елдерінде, тіпті Америка, Ұлыбритания, Франция сияқты өркениетті елдерде де өмір сүріп отырғанын жақсы білеміз.

Олай болса, жас ұрпақтың білім, білік дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін саясатын тысқары ерікті қоғамын құрудың мектептегі оқу-тәрбие ісін жүйеге келтіру де пайдалы екені сөзсіз.  Ата-аналардың өзіне мектеп тарапынан алға қойған мақсатымызды жүргізу үшін нақты педагогикалық көмектер ұйымдастырған абзал.

Бұл-тәрбие саласындағы аса бір қажеттілік. Тәлім-тәрбие беру барысында ата-аналардың да саяси сауатты, көкірегі ояу болғаны жөн. Осы мақсатта мектебімізде ата-аналар комитеті құрылып, оның мүшелері сайланды. Ата-аналар комитеті мүшелерінің өз алдына жұмыс жоспары құрылып, кездесулер өткізіліп тұрады.

Ата-аналар комитетімен бірлесе сынып жетекшісінің жүргізілетін жұмыс түрлері:

  • Топтың жиналыс әңгімесі, алғыс сөз.
  • Жанұямен жеке дара жұмыс.
  • Оқушының мінездемесі.
  • Қоғамдық негізде орындалатын жеке дара педагогикалық тапсырма беру.
  • Педагогикалық талап.
  • Қиын жанұялармен жұмыс.
  • Педагогикалық консультация, жеке әңгіме.

Қорытындылай келе, мектеп пен ата-аналар  ынтымақтастығы бала дамуында алатын орны ерекше, дегенмен оны тиімді ұйымдастыру сынып жетекшіге жүктеледі. Жоғарыда көріп отырғанымыздай бірқатар жұмыстың формалары мен атқарылатын міндеттері бар.

ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

Парктика өтілген жер.  Тәжірибе барысында 2 «а» сыныбы жүктелді. Сыныпта жалпы 21 оқушы.  Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігін теориялық тұрғыдан негіздеу, мүмкіндіктерін айқындау және практикада қолданыстағы олардың тиімді жолдарын белгілеу. Отбасы мен мектептіптің байланыс көзі ол оқушы. Ортақ нысан оқушы болуына сәйкес ең бірінші ата-ананың баласының қызғушлығыннан қаншалықты хабардар екендігін анықтау негізнде «Сіздің балаңыздың қызығушылығы» атты сауалнама алынды. Негізігі мақсаты баланың қызғушлығыннан қаншалықты хабардар және оның сынып жетекшісімен  ата-ананың пікірімен сәйкестігін анықтау. Сәйкестігін анықтау алдында сынып жетекшісінен әр балаға арналға жеке мінездеме алынған болатын. Сәйкес болаған жағдайда отбасымен жұмыс формалары анықталып, ынтымақтастық құру жолдары белгіленеді.  Ынтымақтастық байланысты құрудың бірінші құралы ата-аналар жиналысы. Осыған орай желтоқсан айының 18-і күні кезекті ата-аналар жиналысы өтті.  Жиналыстың негізі мақсаты тоқсанды қорытындылау. Жиналыс барысында аталмыш сауалнама алынды.   

Ата – аналарға арналған сауалнама

«Сіздің балаңыздың қызығушылығы»

Баланың аты – жөні, сыныбы __________________________________________

  1. Сіздің балаңыз немен айналысуды ұнатады? ___________________________
  2. Қандай ойындарды қалайды? ________________________________________
  3. Спорт ойындарының қандай түрлерін жақсы көреді? ____________________
  4. Кіммен жиі ойнайды (қыздармен бе, ұлдармен бе?) _____________________
  5. Балалар ұжымында өзін қалай ұстайды (белсенді, енжар, ұялшақ) _________
  6. Отбасында баланың тәрбиесімен кім айналысады?

_____________________

  1. Сізді бала тәрбиесінің қандай жақтары қинайды? _______________________
  2. Тәрбиелеудің қандай әдісін қолдайсыз (көндіру, түсіндіру, қатал талап қою, көтермелеу, жазалау т.б).

____________________________________________

Сауалнама нәтижесі бойынша 96% ата-ананың баласының қызғушлығыннан хабардар екендігі анықталды. Яғни сынып жетекшсінің пікірімен сәйкестігі көрсетілді.

Осы нәтижеге сәйкес сынып жетекшісі отбасымен ынтымақтастық құру мақсатында жұмыс формаларын белгілейді. Яғни бұл жерде үш жақты жұмыс жүргізіледі. Оқушының қызығушылығына байланысты жұмыс формалары таңдалады:

  • сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, сенбіліктер, жөндеу жұмыстары);
  • жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (сыныптағы іс-шараға қатысу және ата-аналар арасында әр түрлі жарыстар ұйымдастыру);
  • әр түрлі жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата-аналармен бірге жүргізу;
  • отбасылық ойын байқаулары;
  • оқырмандар конференциясы (ата-аналар жиналысының хаттамасына тоқталу);
  • жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбие түзету жұмыстарын жүргізу.

Яғни ата-анасы баласының қызығушылығын мән берумен қатар мектеп өміріндегі белсенділігін арттырады, сонымен қатар сынып жетекшісімен тығыз байланыс орнатады.

Сонымен қатар  ата-аналардан оқу жылының басында және соңында 3 түрлі сұраққа жауап алуға болады.

  1. Балаңыздың бойынан мектепке келгеннен кейін қандай өзгерістер байқадыңыз?
  2. Мұғалімнің және ата-ананың тарапынан қандай көмек керек?
  3. Ата-аналар жиналысына қандай тақырыптар ұсынасыз?.

Осы арқылы отбасы мен мектеп ынтымақтастығы нәтижесінде оқушыларды жан-жақты дамытуға қол жеткіземіз.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қортындылай келе, қазіргі таңдағы мектеп пен отбасының байланысы нақты қай түрде көрінуі керек десек, бала тәрбиесінде мұғалім мен ата-ана ынтамақтастығы бір-біріне ауадай қажет. Себебі, жанұя-әрбір бала үшін алтын бесік болса, баланың жақсы өсуі -тәрбиеден болмақ. Баланың ата-анасы ең алғашқы тәрбиешісі болса, сол тәрбиенің дұрыстығы-тәрбиешісінен. Ал, ұстаз-бала бойына білім дәнін себетін тұлға.

Бүгінгі қоғам алдындағы басты мақсат өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін тұлға тәрбиелеу. Ол үшін бала тәрбиесімен айналысатын отбасы, мектеп, қоғам және жұртшылықтың тәрбие ісі кіріктіріліп, жүзеге асуы тиіс. Өйткені, отбасына мектеп тарапынан білікті көмек қажет. Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекетінің арқасында ғана оқушы тұлғасын дамыту мәселелерін табысты шешуге болады.

Мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек, себебі баланың бір жақты тәрбие алуы мүмкін емес. Үйде ата-ана баулыса, мектепте мұғалімдер тәрбие береді. Тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық бірлесіп жұмыс істегенжағдайда ғана үйлесімділік табады. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына: мұғалімге, ата-анаға, бірге оқыған құрбы-достарына, олардың күнделікті іс-әрекеттеріне байланысты.

Негізгі мақсатымыз- әр баланың мектепте, мектептен тыс уақытын дұрыс пайдалануын қадағалау және тәрбие жұмысында, алуан түрлі бірлескен іс-шаралар барысында оқушы, ұстаз, ата-ана арасындағы берік ынтымақтастықты қалыптастыру. Осы мақсатпен атқарылуға тиіс негізгі іс-шараларды міндеттедік.

Біріншіден:

  • ата-аналардың өзін-өзі басқару жұмысының қалыптасуын ұйымдастыру мен ұстаздық көмек көрсету;
  • мектеп пен отбасының біріккен тәрбиелік қызметін жоспарлау.

Осы міндеттерді шешу барысында мектепте жоспарлы түрде ата-аналар апталығы, ата-ана, ұстаз, оқушы атты айлықтар жүргізіледі. Ата-аналар ұйымы  ашық есік күндерінің кезекшілігін жасап, ата-аналардың мектеппен  жүйелі түрде байланыс жасауына және мектеп оқушыларының материалдық-әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілуіне көмек беріп отырады.Жетекшілер мен ата-аналар тығыз байланыста болып, сынып сағаттар мен сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысуға ықпал жасайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
  2. ҚР-ның «Білім туралы» Заңы.
  3. ҚР-да білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
  4. ҚР-дағы білім беру мекемелерінің 2006-2011 жылдарға арналған тәрбие жұмысыны кешенді      бағдарламасы.
  5. Н. Ә Назарбаев «Қазақстан -2030» Алматы «Білім»
  6. «Бастауыш мектеп» республикалық ғылыми әдістемелік және педагогикалық журнал № 09, № 10, 2005жыл.
  7. «Сыр мектебі» №18, 2008жыл.
  8. Б.И. Иманбекова. Тұлғаны тәрбиелеуде тәрбие субъектілерінің мүмкіндігін кіріктіру.
  9. Н.И.Болдыров. Сынып жетекші. – Алматы,2009.
  • Иванова Н.Д., Қозғамбаева М.Қ. Оқыту процесінің мәні. А., 2003
  • С.Б.Бабаев, Ж.К.Оңалбеков. Жалпы педагогика.Алматы-2005ж
  • Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2000. 213-2206.
  • Қазақстан. Ұлттық энциклопедия/ Бас ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы».
  • Жексенбаева У.Б. Компетентностно ориентированное образование в современной школе: учебно-методическое пособие – Алматы, 2009
  • Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология:Учебное пособие. Респ.изд.каб. Казахской академии образованияим. И.Алтынсарина. – Алматы, 2000.
  • Педагогикалық мамандыққа кіріспе: кәсіби құзіретті ұстаздарды даярлау негіздері: оқу құралы / А.Е. Берикханова; Абай атындағы қазақ ұлттық пед. ун-ті.- Алматы: Palitra Press, 2009.- 239б.

ҚОСЫМША

Сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысы
мақсаты
жағдайлары
мазмұны
формалары
әдістері
Оқыту үрдісінде
Сабақтан тыс уақытта
Сабаққа қатысады
Оқушыларға кеңес береді
Практикалық сабаққа көмегі
Ата-аналар жиналысы
Конференция
Әңгімелер мен дәрістер
Оқушының үйіне бару
Лекторийлер
Балаларды тәрбиелеуге деген ұмтылысы
Мотивтері
Бала тәрбиесіне қажетті компоненттер
Білімдері
Адамгершілік-борыштық
Іс-әрекеті
Бала тәрбиесіне қажетті білімдердің, іскерліктердің дағдылардың қалыптасқандығының деңгейі
Ата-анамен жүргізілетін жұмысты  ұйымдастырудың формалары
Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне тарту

·  Ата-ана жиналысы

·  Біріккен шығармашылық істер

·  Отбасылық байқаулар

·  Сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу

·  Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру

Ата-аналарды мектеп басқару ісіне қатыстыру

·     Сынып кеңесі, сыныптағы ата-аналар комитеті

·     Мектеп кеңесі

·     Қиын балалар мен жағдайы төмен отбасына шефтік көмек көрсету

·     Қоғамдық бақылау комитеті(қоғамдық ұйыммен өзара әрекет ету)

Ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімін көтеру

·      Сыныптың ағарту жұмыстарын өткізу

Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-анаға мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру

·      Педагогикалық білім университеті

Педагогикалық, психологиялық, медициналық, заң туралы кеңестер беру

·      Тренингтер

 

You May Also Like

Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың әдістері

Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастырудың әдістері. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі…

Абай қазақ әдебиетінің шамшырағы атты поэтикалық марафон

Күні: Тақырыбы: «Абай – қазақ әдебиетінің шамшырағы» атты поэтикалық марафон Мақсаты: Ұлы ақынның…

Тіс жегісі ағылшынша

Тіс жегісі өркениеттің ең таралған ауруы белгілі. Бұл қуыс жасау үшін эмаль…

The victims of Independence

Жеңіс Надежда Мадияровна Тақырыбы : «Тәуелсіздік күні» «Желтоқсан оқиғасы»          (The victims…