Күні:

Тақырыбы: «Абай – қазақ әдебиетінің шамшырағы» атты поэтикалық марафон

Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін, қарасөздерін мәнерлеп оқу. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, қанатты сөздер, фотослайдтар, видео.

Ұйымдастыру бөлімі.

Кіріспе сөз

Жүрегін шырақ етіп жандырған,

Жырымен жан сусынын қандырған.

Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,

Мұра қып, кейінгіге қалдырған.

Ерте оянып, ойланып, ержеткен,

Талабын тас қияға өрлеткен.

Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен,

Үнінен әділдіктің лебі ескен – бұл балалар кім болды екен? (Абай атамыз)

Балалар дұрыс айтасыңдар бұл біздің Абай атамыз.

Кітапханашы:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Құрметті әдебиет сүйер қауым! Қазақтың бір туар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Абай – қазақ әдебиетінің шамшырағы» атты поэтикалық марафонға қош келдіңіздер!

Абай туралы слайд көрсетіледі

Кітапханашы:

– Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз – ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық!

Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар:

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жарияланып отырды?( Көкбай ).

  1. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім? (Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта жазған).
  2. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим).
  3. Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.(Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).
  4. Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)
  5. Абай Лермонтовтың қанша шығармасын аударған? (Жиырма жеті шығарма аударған).
  6. Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)
  7. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев» деп атаған кім? (Ахмет Байтұрсынов).

9.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата. (Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкіман.)

10.Абай өлеңдер жинағы қай жылы басылып шықты және қай қалада? (1909 жылы Петербургта).

  1. «Абай жолы» романын кім жазды? (Мұхтар Әуезов).
  2. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қойылды?(Алматы қаласында мүсінші- Х.Наурызбай)
  3. Шәкәрімнің Абайға қандай туыстық жақындындығы болды? (Абайдың ағасының баласы.)

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904) ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Әке үміті мен тәрбиесі босқа кетпей, ел билеу ісіне ерте іліккен Абай 12 жыл болыс, 6 жыл би болып қызмет атқарады.Ал, Абайдың поэзиясына көркемдік әлеміне үңілген сайын, адам жаны тебіреніп, сезім көкжиегі кеңейіп, бар болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай ләззат алады.

Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алған, адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды білеміз.Осыған орай, Абайдың өлеңдеріне кезек берсек.

«Желсіз түнде жарық ай»

 «Әсемпаз болма әрнеге»

«Ғылым таппай мақтанба»

«Сабырсыз, арсыз, еріншек»

«Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»

Абайдың келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналады. Олар: «Жазғытұры», «Қыс», «Күз», «Жаз»  Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі.
Бұл  өлеңдерде  табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі бейнеленген.

«Қыс»

«Жазғытұры»

«Жаз»

«Күз»

 «Қыс»

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті – басы ақ қырау, түсі суық.

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Демалысы үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

 «Жазғытұры»

«Жазғытұры» қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата – анадай елжірер күннің кһзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

 «Күз»

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспап,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаныма, тоңғаныма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Қарасөздері

Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер » деп аталады.Қара сөздер-көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық  сөздер, мақала,ғылымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Абайдың жалпы қарасөздерінің саны-45. Абайдың қарасөздеріне кезек берейік.

Кітапханашы:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырын, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

Өлмей тұғын артында сөз қалдырған.

«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс», – дейді Еліміздің алғаш президенті Н. Ә. Назарбаев.

– Орыстар үшін – Пушкин, ағылшындар үшін – Шекспир, грузиндер үшін – Руставели қандай ұлы құбылыс болса, қазақтар үшін Абай да сондай теңдессіз құбылыс (К. Кулиев).

Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы алуан өлеңдер үлгісін қалдырды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай дайындалған  «Абай–қазақтың шамшырағы» поэтикалық марафонды тамашалағандарыңызға алғысымыз мол.

You May Also Like

Жалбыз қосылған шоколадты шай

Қажетті өнімдер: – 50 г шоколад; – 2 шай қасық шай; –…

Баланы өтірік айтуға не итермелейді?

Баланың не үшін өтірік айтатындығы барлығымызды ойландыратыны белгілі. Өсіп келе жатқан балаға…

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекетін белсендіру үшін бірнеше дидактикалық ойындар жасаңыз. слайд

Денелер және заттар

СҰРАҚТАР 1.Дене деген не? 2.Дене нешеге бөлінеді? 3.Табиғи дененің қандай  атаулары бар…