Пәнің  аталуы «Балалар ауруы»  
Кредитер- 2 ЦӘК «Педиатриядағы мейірбике ісі»
Дәрістің тақырыбы: Педиатриядағы шұғыл жағдайлар. Емдеу-профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

Сабақтың мақсаты – дидактикалық , тәрбиелік, дамыту

 
 Оқытушы – Туменбаева М.Т  

Дәрістің кысқаша мазмұны:

                                                                        Дәрістің жоспары:

  1. Балаларға емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру
  2. Тыныс алудың және жүрек қызметінің тоқтауы Себептері даму механизмі клиникалық синдромы  диагностикасы шұғыл көмек көрсету принциптері
  3. Құрысу синдромы Себептері даму механизмі клиникалық синдромы диагностикасы шұғыл көмек көрсету принциптері
  4. Гипертермиялық синдром Себептері даму механизмі клиникалық синдромы диагностикасы шұғыл көмек көрсету принциптері
  5. Талып қалу Түсінік шұғыл көмек көрсету принциптері
  6. Коллапс Себептері даму механизм клиникалық синдромы диагностикасы шұғыл көмек көрсету принциптері
  7. Анафилактикалық шок Себептері даму механизмі клиникалық синдромы диагностикасы шұғыл көмек көрсету принциптері
  8. Құсу. Себептері даму механизмі клиникалық синдромы диагностикасы шұғыл көмек көрсету принциптері
  9. Іштің кебуі Шұғыл көмек көрсету принциптері
  10. Мұрыннан қан кету Шұғыл көмек көрсету принциптері

Дәрістің мәтіні:

     Балаларға емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру
Балалар ауруханасы, құрылымы. Балалар емханасы, құрылымы, қызметкерлер саны. Баларға медициналық көмекті ұйымдастырудағы учаскелік ұстаным мен диспансерлік тәсіл. Учаскелік бала дәрігерінен қызметін ұйымдастыру және оның мазмұны. Балалардың дамуын және олардың денсаулығының жағдайын профилактикалық бақылау және патронаж. Балалар емханасында эпидемияға қарсы жұмыс жүргізу, егу кабинетінің жұмысын ұйымдастыру, ҚР егу күнтізбесі. Сау және ауру балаларды қабылдауды ұйымдастыру, сүзгі кабинетінен жұмысын ұйымдастыру. Мамандандырылған көмекпен қамтамасыз ету, мамандардың жұмысын және қосымша емдеу диагностикалық бөлімдерді. Балалар емханасының құжаттары, есеп беру және қызметінің көрсеткіштері.
Балалар емханасының құрылымының ерекшеліктері, қызметкерлер саны. Қабылдау бөлімнің жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері. Санитарлық және эпидемияға қарсы жұмыс пен емдеу мен тыныштықты қорғау тәртібі. Ауру балаларды күтуде қамтамасыз ету және тәрбиелеу жұмысы. Ауру балаларды күтуге аналарды тарту түрлері. Балалар ауруханасының құжаттары, есеп беруі және жұмысының көрсеткіштері.
   Мектепке дейінгі мекемелерде және мектептерде емдеу-профилактикалық қызметі ұйымдастыру
Мектепке дейінгі мекемелерде және мектептердің түрлері. Мектепке дейінгі қызметкерлердің тізімі. Балалар емханасының және мектепке дейінгі мекемелердің жұмысының сабақтастығы. Мектепке дейінгі мекемелердің міндеттері және олардың профилактикалық жұмысты ұйымдастыру: егу жүргізу, эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық ағарут жұмысы. Мектепке дейінгі мекемелерінде емдеу-сауықтыру шараларды жүргізу. Мектепке дейінгі балаларға арналған мамандандырылған мекемелер, олардың жоғары дәрежедегі медициналық көмекті және қайта оңалту емін жүргізудегі міндеттері. Балалар үйі медициналық қызметте ұйымдастыру, медициналық қызметкерлердің жұмысының мазмұны және жұмыс түрлері. Балаларды мектепке дайындау ұшы медициналық құжаттарды толтыру реті. Мектеп дәрігерінің міндеттері, оның жұмысын ұйымдастыру. Оқушыларды медициналық тексеруден өткізу және диспансеризациялау. Балалар емханасының мектепке дейінгі және жарамсыздық қағазынке мектеп жасындағыларға арналған бөлімдер, олардың құрылымы мен міндеттері. Мектеп дәрігерінің тіркеу, есеп беру құжаттары жұмысының көрсеткіштері.

  • Балалардың физикалық дамуы, ерте жастағы көрсеткіштері.

Баланың өсуі және биологиялық жетілуі – баланың физикалық және психикалық дамуы деп аталады.

Баланың физикалық дамуын бағалау үшін төмендегілер қажет:

  1. Антропометрия жүргізу.
  2. Центиль аймағында орнын анықтап, бағалау.
  3. Психикалық дамуын жасына байланысты бағалау. 

Тыныс алу және жүрек соғуы тоқталғандағы көмек

Реанимацияның халықаралық деңгейдегі схемасы 4 бөліктен тұрады.

Бұл схема «Элементарлы ренаимация негіздері» деп аталады.

«А»  – келешекте сізге немесе балаға туатын қауіп барлығын тексеріңіз. Әр жағдайда әр түрлі қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, оларды сіз тез арада бағалауыңыз қажет.

«В» – ауа өткізгіш жолдарын тексеру(өткізгіштігі сақталған ба?)

«С» – тыныс алуын тексеру (бала тыныс алып жатыр ма?)

– кеуде қуысының қозғалысын іздеңіз

– тыныс алу дыбысын тыңдаңыз

– баланың тынысын өз бетінде тексеріңіз

«Д» – пиркуляцияны тексеріңіз – жүрегі соғама

-пульсін іздеңіз (иық артериясы, ұйқы артериясы)

Егер тыныс алуын анықтай алмасаңыз – «жасанды дем беру» өткізу;

Егер пульсін анықтай алмасаңыз – «жүрекке тікелей емес массаж»

Жүрек өкпе реанимациясы:

І. Клиникалық өлімнің белгілері:

  1.  үлкен тамырларда пульсацияның болмауы (ұйқы, шат, иық);
  2. сана-сезімінің болмауы;
  3. көз қарашығының кеңеюі;
  4. клиникалық және тоникалық тырысулар;
  5. тыныс алуының тоқталуы;

ІІ. Көмек көрсетудің негізгі принциптері:

  1. тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамту;
  2. өкпенің жасанды желдетуін және тыныс алуын қалыптастыру;
  3. жүрекке тікелей емес массажын жүргізіп, қан айналымын қалпына келтіру;
  4. пациентті тығыз жеріне жатқызып, кеудесін киімінен босатып, аузын ашып (протездері болса алып тастау), басын мүмкіндігінше артқа қарай шалқайту.
  5. асқазан құрамы аспирацияланғанда, аузын қуысын жақсылап тазартып, қысқыш салфетка арқылы тағам қалдықтарые тазалап алу. Ауыз қуысын электросорғыш арқылы тазартқан жөн. Соңынан тыныс алу жолдарының өткізгіштігін «кеудесінің экскурцясына» қарап бақылау. Реаниматор демін 3-5 секунд аралығында берген соң.

Жасанды өкпе желдетуін «ауызға-ауыз» әдісімен өткізу

І. Ем-шараға дайындық:

  1. пациентті тығыз тегіс жерге жатқызу;
  2. кеудесін босату;
  3. басын артқақарай шалқайту;
  4. иығының астына валикті қою;
  5. төменгі жағын алдыға қарай шығарып, аузын ашу;
  6. ауыз қуысын тазарту;
  7. сол қолдың қырымен маңдайға қойып, бас және сұқ саусақпен мұрынын қысу;

ІІ. Ем-шараны орындау:

  1. тереңірек демін алып тығыз өзінің аузын пациенттің аузына қысу;
  2. өкпесіндегі барлық ауаны пациентке жіберу;
  3. енжар демін шығару үшін үзіліс жасау;
  4. 3-5 демі берілген соң, кеуденін экскурциясын анықтау;

ІІІ. Ем-шараның соңы:

  1. жедел жәрдем келгенше немесе өзіндік демін алғанша, әлде биологиялық өлімі пайда болғанша минутына 12-18 рет ритмикалық демін беру.

Көрсетілімі: клиникалық өлім

Міндетті шарттар: жүрек-өкпе реанимациясының кезегін сақтау.

  1. тыныс алу орнына келтіру, соңынан тікелей емес жүрек массажы, жасанды өке желдетуімен бірлесуімен өтуі;
  2. әр 2 минут сайын ұйқы артериясының пульсін, көз қарашығының реакциясын бақылау.

І. Ем-шараға дайындық:

  1. жедел жәрдемді шақырту;
  2. тез арада жедел өкпе реанимациясын бастау;
  3. науқасты тығыз жерге жатқызу;
  4. науқастң басы жүрек тұсында немесе сөл төмен болу керек;
  5. дененің киімін босату;
  6. науқастың бір жағынан тізерлеп, кеуде қуысының жағынан орналасу;

ІІ. Ем-шараны орындау:

  1. төстің төменгі бөліміне алақанның проксимальды жағын қою;
  2. екінші қолды бірінші қолдың үстіне қою;

Ескерту! Қолды төстің өте төмен бөлігіне қоюға болмайды. Төс тез сынып бауырды зақымдауы мүмкін.

  1. білезік буынының көбелек тәрізді қатты керілуін қаматамасыз ету;
  2. шынтақ буынын тігінен қою;
  3. төстің төменгі бөліміне басқанда төстің бату тереңдегі 3,8-5 см дейін қозғалуы керек.
  4. «жоғары-төмен» бірқалыпты ырғақпен компрессия аралығында тоқтаусыз жүргізу;

Ескерту! Қатты басу қабырғаның, төстің сынуына, ал ақырын басу қан айналымына, қысымының аздығына акеледі.

  1. егер реанимацияны 1 адам жүргізсе,  9-11 секунд арасында 15 компрессиясы 2 дем берумен біріктіріп жүргізу керек;
  2. егер реанимацияны 2 адам жүргізсе, 4-5 компрессиямен 1 дем берумен біріктіріп жүргізу керек;
  3. тікелей емес жүрек массажының әсерлігін 1-2 минуттай бақылау;
  4.  пульстің пайда болғаны және көз қарашығы өзгерге дейін ұйқы артериясының пульсін және көз қарашығының реакциясын анықтау.

Ескерту! Көз қарашы кеңейтілген бұл жағдайда жүрек өкпе реанимациясын жалғастырады. Пульс пайда болғанда көз қарашығы тарылады, тыныс алуы пайда болғанда жүрек өкпе желдетуі жалғастырады.

ІІІ. Ем-шараның соңы:

  1. жедел жәрдем келгенше дем алысын, пульс бақылап қадағалау; 

Гипертермия 

Гипертермия – бұл компенсаторлық қорғаныш реакциясы, екінші белгісі соған байланысты ағзаның иммундық жауабы ауруға қарсы күшейеді, өйткені:

  • қанда бактериоциттер өседі;
  • лейкоциттердің белсенділігі көтеріледі;
  • эндогенді интерферонның белсенділігі көтеріледі;
  • метобализмнің қарқындылығы күшейеді;
  • ұлпаларға қоректі заттардың жылдам келуін қамтамасыз етеді.

Прогрессиялық дене қызуының көтерілуінде тыныс алуға және қан айналымға күш түседі (37° с дене қызуы әрбір градусқа көтерілгенде тыныс алу жиілігі 4 тынысқа көбейеді 1 минутта, пульс минуттына 10 рет соғуына күшейеді ал ол қанда оттегінің келуін күшейтеді. Бірақ бұл жағдай ұлпаларда оттегімен қамтамасыз етпейді. Одан соң ұлпалардың гипокциясы дамиды, одан ең бірінші ОНЖ зақымданады, фебрейлді тырысу дамиды. Бұл әсіресе температура 39-40° с болған кезде).

Гипертермияның дәрежесі нәресте ағзасының жеке ерекшелігіне байланысты болады.

Гипертермияның жіктелуі 

Гипертермияның түрлері:

  1. Суборебрильді – 37-38° С;
  2. Қалыпты – 38-39° С;
  3. Жоғары – 39-41° С;
  4. Гиперпиретикалық – 41° С жоғары.

Гипертермияның түрлер

  1. Қызғылт гипертермия:

Механизмі – жылу өнімі жылу берілуге тең.

Клиникасы:

  • Тері шырышты қабаттары қызарған;
  • Жалпы жағдайы шамалы нашарлаған.
  1. Ақ гипертермия:

Механизмі – шеткері қан тамырлары тартылады, өйткені жылу өнімі жылу берілуін көп бөледі.

Клиникасы:

  • Қалтырауы, салқын сезімі;
  • Тері шырышты қабаттарының бозаруы;
  • Тырнақтары, еріндері көгерген;
  • Аяқ-қолдары саусақтарының салқындауы.

Гипертермия кезіндегі жедел көмек

  1. Нәрестені төсекке жатқызу;
  2. Қысып тұрған киімінен босату;
  3. Таза ауамен қамтамасыз ету;
  4. Гипертермияның түрін анықтау (ақ немесе қызғылт). Егер ақ болса қызылға ауыстыру (нәрестені жылыту, но-шпа енгізу немесе никотин қышқылы немесе папаверин, спазмолитин ретінде);
  5. Көрсеткіш бойынша шараларды өткізу.
    • 37,0-37,5° С көбірек сұйықтық ішкізу;
    • 37,5-38,0° С физикалық салқындатуды жүргізу;
    • 38,0-38,5° С энтеральды жолмен дене қызуын түсіретін препараттар (панадол, парацетамол, асперин, дене қысымын түсіретін балауыздар).
    • 38,5° С және одан жоғары бұлшық етке көктамырға литикалық қоспа енгізу;
  • Анальгин
  • Димедрол
  • Папаверин

Ескерту: асперин цефеконды балауыздарды дене қызуын түсіру үшін ерте жастағы нәрестеге беруге болмайды.

  1. Оттегі терапиясын жүргізу;
  2. 20-30 минут ішінде өткізуден бастап зәр шығару шараларын өткізу;
  3. 20-30 минуттан соң термометрияны қайталау;
  4. Термометрияның қайталану көрсеткіші болса, түзету шаралар өткізу.

Құрысып тырысу синдромы

  1. Құрысулар – дене және аяқ-қолдарының түр-сипатының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бұлшық еттердің жиырлуы;
  2. Фебрильді құрысулар – жоғары температура кезінде;
  3. Афебрильді – тууылу кезіндегі жарақаттарда, бас миының зақымдануына болады;
  4. Ырғақты құрысулар – көбіне Эпилепсия кезінде.

Тырысу синдромы жас нәрестелерде көптеген ауруларда жиі байқалады. Мұның өзі олардың нерв жүйесінің жетілмеуіне байланысты болады. Ол нейротоксикозбен гипертермия, қабаттасатын вирусты жедел инфекцияларында, менингитте, энцефалитте, эпилепсияда, спазмафилияда, туылған кезінде бас сүйек ішінде жарақат алғанда, жаңа туған нәресте миының қан айналысы бұзылғанда, коматоздық жағдайда нерв жүйесінің вакциналаудың әсеріне дағдылы реакция ретінде дамуы мүмкін.

Құрысулардың жергілікті және жайылған түрлері бар. 

Құрысу синдромының кезеңдері:

  1. Тоникалық:
  • сыртқы ортамен байланыстың кенет жоғалуы;
  • көзқарасы бір орнында тұрмайды, одан әрі жоғары және бір жаққа тігіледі;
  • басын артқа шалқайту;
  • қолдары бүгілген және аяқтары тік жазылған.
  1. Клоникалық:
  • басында бет, одан әрі дене, аяқ-қолдарының бұлшық еттері жиырлады және жылдам жайылады;
  • тері қабаттары бозарған. 

Жедел көмек алгоритмі

  1. Баланы тегіс, жұмсақ жерге жатқызу, жарақаттайтын заттарды алып тастау.
  2. Қысып тұрған тар киімнен босату.
  3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.
  4. Күрек тістерінің арасына шиыршықталған салфетка немесе мақтамен оралған шпатель салу.
  5. Құрысуға қарсы препараттар енгізу (көктамырға немесе бұлшық етке).
  • реланиум (седуксен) – 0,1 мл жасына (0,3-0,5 мг/кг) немесе
  • дроперидол – 0,2 мл/кг немесе
  • ГОМК 50-100 мг/кг (1 мл – 200 мг)
  1. Оттегі беру.
  2. Құрысудың себебін анықтау және жою. 

Анафилактикалық есеңгіру (шок)

Анафилактикалық шок – ол аллергеннің әсерінен бірнеше минуттан соң болатын жедел аллергиялық реакция:

Анафилактикалық шок – аллергенмен, антителла арасындағы аллергиялық реакция нәтижесінде бөліп шығаратын биологиялық активті гистаминнің көп бөліну арқасында болады.

Биологиялық токсикалық заттар:

  • Қан тамыры мембронаның өткізушілігі көбейеді, соның салдарынан шоктын клиникасы айқын дамиды.
  • АД – төмендейді, соның салдарынан науқас есінен танады, жүрегі соғады, терісі бозарады, пульсі әлсірейді.
  • Бронхоспазм – оның салдарынан ауа жетіспейді. Тыныс алу жетіспеушілігі ұлғаяды.
  • Ентігу, цианоз, қабырға арасындағы бұлшық еті демде қатынасады.

Себептері: Аллергияға бейім бала организміне әртүрлі аллергендердің (дәрі-дәрмектер, вакциналар, қан препараттары,тамақ аллергендері, химиялық заттар, жәндіктердің, гүлдер мен шөптердің әсері т.б) әсер етуінің жедел түрінде байқалады.

Белгілері:  Қатты әлсіреу, бозару, қатты терлеу, есін жоғалту, дем алысының қиындауы, кейде тоқтап қалуы, қатты басы мен ішінің ауыруы, қан қысымының күрт төмендеп кетуі, тері қабатында бөртпелер пайда болуы.

Жедел жәрдем: Әсер еткен дәріні егуді тоқтату; басын төмен,аяғын жоғарырақ етіп жатқызу; дәрі егілген жерден жоғары жгут салу, дәрі егілген жерді айналдыра 0,1% адреналиннен 0,15-0,75мл егу; науқастың ішін аяқ-қолдарын қатты уқалау; тыныс жолдарын тазалап тұру, басын бір жағына бұрып жатқызу; ылғалдатылған оттегін беріп тұру; демі тоқтап қалса, жасанды дем алдыру.

Естен тану (талып қалу)

Естен тану – өткір тамыр жетіспеушілігі, ми қан айналымының бұзылуымен және қысқа мерзімді есін жоғалтумен сипатталады.

Шұғыл көмек:

  1. Баланы тегіс жерге жатқызу және аяқтарын жоғары көтеру.
  2. Қысып тұрған киімдерін шешу.
  3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.
  4. Баланың бетіне және денесіне суық су шашу немесе мүсәтір спиртін немесе сірке қышқылын иіскету (мақта шаринімен).
  5. Тері астына енгізу: кордиамин – бір реттік дозасы = 0,1 мл – 6 айға дейін; 6-12 ай 0,1-0,2 мл; > 1ж. – 0,3-0,5мл.

Коллапс

Коллапс – өткір тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі. Коллапс көп мөлшерде қан жоғалту немесе тамыр жүйесінде қанның бөлінудің бұзылуының нәтижесі болып саналады (қанның басым бөлігі перифериялық тамырда және ішкі мүшелерде жиналады), соның себебінен қан қысымы күрт төмендейді.

Клиникасы:

  • Жағдайының аяқ астынан төмендеуі, есін жоғалту;
  • Тері қабатының бозаруы;
  • Суық жабысқақ тер;
  • Пульс жіп тәріздес жиі;
  • Қан қысымы төмен.

Шұғыл көмек

  1. Баланы қатты тегіс жерге бас жағын төмен орналастырып немесе аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.
  2. Қысып тұрған киімдерін шешу.
  3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.
  4. Келесі препараттарды енгізу:
  • Мезатон – көк тамырға тамшылатып 0,1 мл/ жасына 5% глюкоза ерітіндісінде немесе
  • Норадреналин – 0,2% ерітінді көк тамырға тамшылатып; 12 айға дейін – 0,05 мл (бір реттік дозасы); 1-6 жас – 0,1-0,2 мл; 6 жастан жоғары – 0,3-0,4 мл немесе
  • Адреналин – 0,1% ерітінді тері астында, бұлшық етке немесе көк тамырға, бір реттік дозасы 6 айға дейін 0,1 мл; 1 жасқа дейін 0,15 мл; 1-6 жас – 0,2-0,5; 6 жастан жоғары – 0,5-0,7.
  1. Қан қысымын бақылап отырып көк тамырға тамшылатып қан алмастыратындар енгізу.

Құсу

Себептері:

  1. Ұшыну;
  2. Улану;
  3. Ас қорыту жүйесінің аурулары;
  4. ОЖЖ аурулары.

Шұғыл көмек

  1. Баланың жоғары көтеріп, басын бір жақ жанына бұрып жатқызу.
  2. Қысып тұрған киімдерін шешу.
  3. Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.
  4. Дәрігердің тағайындауы бойынша баланың асқазанын шаю.
  5. Келесі препараттарды енгізу (әр препаратты алдында енгізілген препараттың тиімсіз болуына енгізеді):
  • per os – новокаин 0,25 % -1 шай қасық, -1 дес. қас. -1 ас қас., жасына сәйкес;
  • бұлшық етке – церукал -1 мг/кг (1мл=5мг) немесе прозерин -0,1 мл/жасына;
  • қайталап үзіліссіз құсу болғанда – аминазин бұлшық етке 0,1 мл/ жасына.
  1. Құсудан кейін:
  • аузын қайнаған сумен шаю;
  • су – шай үзілісін сақтау 2-4 сағатқа;
  • керек жағдай – құсықтың зертханаға зерттеуге жіберу.
  1. Құсудың себебін анықтау және жоюға тырысу.

 Метеоризм

Метеоризм – ішекте жиналған газдардың себебінен іштің кебуі.

Жедел көмек алгоритмі:

  1. 1. Баланы арқасына жатқызып, денесінің төменгі бөлігін киімінен босату.
  2. 2. Таза ауаның болуына қамтамасыз ету.
  3. 3. Сағат тілінің бағытымен баланың ішін жайлап сипалау.
  4. Шара тиімсіз болған жағдайда – жел шығарып түтікше қою.
  5. Шара тиімсіз болған жағдайда келесі препараттарды енгізу(әр келесі енгізілетін препарат алдында енгізілген препарат тиімсіз болғанда енгізіледі):

а) карболен рег os(белсендірілген көмір) немесе смекта – 1мк/кг(1мл=5мг)

б) бұлшық етке – церукал немесе прозерин – 0,1 мл/жасына.

  1. 6. Газдың пайда болуына ықпал ететін тағамдарды алып тастау – сүт, қара нан, көкқністер, газдалған сусындар және т.б.

 Мұрыннан қан кету

Мұрыннан қан кету – лейкозда, геморрагиялық диатездерде кездеседі.

Жедел көмек алгоритмі

1.Баланың басын төмен қарай түсіріп отырғызу.

2.Қысып тұрған тар киімін босату.

3.Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.

4.Тыныштық жағдай жасау.

5.Қан ағып жатқан жақтың мұрын қанатын мұрын қырына басып ұстау.

6.Кеңірсек маңына, желке тұсына мұзды мұйық, аяқтарына жылытқыш қою.

7.Қан кетіп жатқан мұрын қуысына тампон қою:3%су асқын тотығымен, немесе суық сумен; мұрын қабырғасына орамалға мұз кесектерін қою.

8.Бұлшық етке енгізу.

-витамин К- жасына сәйкес дозада:

-10%Са глюканат – 1мл/жасына

9.Шара тиімсіз болған жағдайда артқы тампонада жасау қажет.

10.Қан кетудің себебін анықтау жіне қою

Глоссарий: 

Коллапс – өткір тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі

Метеоризм – ішекте жиналған газдардың себебінен іштің кебуі.

Естен тану – өткір тамыр жетіспеушілігі, ми қан айналымының бұзылуымен және қысқа мерзімді есін жоғалтумен сипатталады.

Анафилактикалық шок – ол аллергеннің әсерінен бірнеше минуттан соң болатын жедел аллергиялық реакция

Құрысулар – дене және аяқ-қолдарының түр-сипатының өзгерісін тудыратын еріктен тыс болатын бұлшық еттердің жиырлуы

Гипертермия – бұл компенсаторлық қорғаныш реакциясы, екінші белгісі соған байланысты ағзаның иммундық жауабы ауруға қарсы күшейеді 

Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:

  1. Балаларға емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру?
  2. 2. Педиатриядағы шұғыл жағдайлар туралы түсінік?
  3. Тыныс алудың және жүрек қызметінің тоқтауы. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
  4. Құрысу синдромы. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
  5. Гипертермиялық синдром. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
  6. Талып қалу. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
  7. Коллапс. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
  8. Анафилактикалық шок. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
  9. Құсу. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
  10. Іштің кебуі. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?
  11. Мұрыннан қан кету. Себептері, даму механизмі, клиникалық синдромы, диагностикасы, шұғыл көмек көрсету принциптері?

Тарататын материал: тестер, ситуациялық есептер. 

Манипуляция алгоритмдері:

Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер, сөзжұмбақтар.

ЧЕК-парағы:

 Қолданылған әдебиет:

К.А. Святкина, Е.В.Белогородская, Н.П.Кудрявцева алматы – «Ана тілі» 1993 ж  «Балалар аурулары»

Сестринское дело в педиатрии Н. Соколова, В. Тульчинская, Шеховцева 2003г;

Сестринское дело в педиатрии Н. Соколова, В. Тульчинская, 2002;

Тестер: 

Мұрыннан қан кетуді тоқтату үшін қолданылатын ерітінді:

10% спирт

2% ас содасына

3% асқын су тотығы

2% калий перманганаты

2% бриллиант жасылы

Мұрыннан қан кеткенде көрсетілген көмек:

антибиотик ерітіндісімен алдыңғы тампонадасы

гипертониялық ерітіндісімен алдыңғы тампонадасы

хлорамин ерітіндісімен алдыңғы тампонада

хлоргексидин ерітіндісімен алдыңғы тампонада

новокайн ерітіндісімен дәруменді енгізу

Гипертермиядағы көмек:

димедрол беру

эуфиллин беру

декарис беру

мукалтин беру

парацетамол беру

Коллапс кезіндегі негізгі көмек:

бас жағын жоғарлатып жатқызу

басына мұзды мұйық қою

аяқ жағын жоғарлатып жатқызу

басын төмен қаратып отырғызу

басын артқа шалқайтып отырғызу

Естен тану кезіндегі негізгі көмек:

бас жағын жоғарлатып жатқызу

басына мұзды мұйық қою

аяқ жағын жоғарлатып жатқызу

басын төмен қаратып отырғызу

басын артқа шалқайтып отырғызу

Ситуациалық есептер:

1есеп Артерия гипотензиясы бар екінші сынып оқушысы мектепте, үзіліс кезінде есінен танып құлады, терісі ылғал, бозғыл.

  1. Сіздің диагнозыңыз?
  2. Емі?
  3. Алдын алу?
You May Also Like

Неге С дәруменін үнемі жеуіміз керек?

С дәруменін тұтынудың себептері Ең бастысы асыра сілтемеу. С дәрумені ағзамызға маңызды…

Шарлотка

Шарлотка Қажетті өнімдер: 250 г ұн, 3 жұмыртқа, шым-шым ваниль, 250 г…

Шайқурай мен қымыздық

Шәйқураймен (зверовой) үлкендер мен балалардың зәр тоқтамауын емдейді. 50 грамм құрғақ шәйқурайға…

Құрақ түрлері, символдық мәнге ие болуы, оның ұлттық болмысымызды бейнелейтін заттарда көрініс табуы

Бір ғұламаның айтқан: «Ынта болса, мақсатқа жеткізер жүз түрлі жол табылады, ынта…