Девиантты мінез-құлық және оның типтері

Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio – ауытқу) – жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]                                                                   Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды.

Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.

  • Девиантты мінез-құлық– әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету,алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.

  • Делинквентті мінез-құлық. Олзаң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
  1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық.Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
  2. Ашкөздік мінез-құлық(корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
  3. Нашасату және тарату.
  • Криминалды мінез-құлықзаң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

 

You May Also Like

Қорғасын өндірісінің шаңдарын электртермиялық балқыту әдісімен кешенді өңдеу, дәріс жоспары

6 дәрістің Қорғасын өндірісінің шаңдарын электртермиялық балқыту әдісімен кешенді өңдеу Дәрістің конспектісі:…

Бассүйек-мидың жабық жарақаты (мидың шайқалуы, мидың соғылуы, бассүйекішілік гематомалар)

 ЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК) Версия: Архив – Аурулардың диагностикасы…

Қазақстан Репспубликасынын нарықтық тауарлар өндірісінің қалыптасу жағдайлары

Тақырыбы: Қазақстан Репспубликасынын нарықтық тауарлар өндірісінің қалыптасу жағдайлары ҚР -ғы нарықтық экономиканың…

Қатпарлы қамыр мен пармезаннан дайындалған спиральдар

Қажетті өнімдер: – 250 г қатпарлы қамыр; – 70 г үккіштен өткен…