СӨЖ
Тақырыбы: Мінез түрлері.
Мінез жөнінде түсінік
Мінез-жеке адамның өзіне тән құқық – әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы.
Мінез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңілділігіне орай сиптталмайды, аталған сапалар-әр түрлі жағдайларда көрініс беретін жеке адам қасиеттері. Адам мінезін біле отырып, оның алдағы ықтималды әрекеттері мен қылықтарын күні ілгері барластыруымен оларға тиісті реттеулер және түзетулер ендіруге болады. Мінезді адамның қандай әрекетке келетінін жаңылмай, дәл айтуға болады.
Мінез түрлері мен типтері
Мінез түрі өзінің құрамындағы бітістердің жалпы сипатына тәуелді келеді.
- Мінез бітістері
- Негізгі (жетекші)
- Қосалқы
- Негізгілері адамның бағыт-бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді.
- Қосалқы мінез бітістері негізгі бітістерді толықтыра түседі.
Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірлік объектердің маңызымен анықталады:
1.Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл-өтірікші, әдепті-дөрекі т.б)
2.Орындалатын іс қызметіне қарай (еңбекқор- еріншек т.б)
3.Өз басына болған қатынасына байланысты (шыншыл-өзімшіл т.б)
4.Заттарға қатынасынан (сақи-ашкөз, ұқыпты-салақ т.б)